Жазушы қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері


Жоспар
- Кіріспе
1-бөлім. Сәкен жүнісов өмірі мен шығармашылығы . . .
2-бөлім. Негізгі бөлім Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай»
повесінің жазушы шеберлігі
2. 1 «Заманай мен Аманай» - сезім тереңдігімен суреттелген соны туынды . . . 7-8
2. 2 Жазушы қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері . . . 8-18
2. 3 «Заманай мен Аманай» повесіндегі образдар әлемі . . . 18-19
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 21
Кіріспе
Көкше жері өзінің сұлу табиғатымен ғана емес, дарынды азаматтарымен де әйгілі екені аян. Соның бірі әрі бірегейі - әдебиетке өзіндік үні, айшықты кестелі тілі, ауқымды тақырыбымен әдебиет сүйер қауымды елеңдете келген салиқалы қаламгерлердің шоқ жұлдызында жарқырай танылған Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов.
Қазақ әдебиетінің қос тізгіні - проза мен драматургияны қатар ұстаған талғампаз суреткер Сәкен Жүнісовтің шығармашылық болмысы туған мекені Көкшетаудай асқақ, Оқжетпестей дара оқшау көзге шалынады. Есімі де, шығармалары да халық арасында аңызға айнала бастаған текті де мінезді жазушы өмір сырын тереңнен қамтитын зерделі суреткер.
Жазушы өзінің шығармашылық алғашқы қадамдарын балалар жазушысы болып бастап, бұл тараптпа өнімді еңбек етті. Атап айтар болсақ жазушының қаламынан «Сонарда», «Әжем мен емші және дәрігер» ( 1961 ж) «Кімнің мекені жақсы» (1962 ж) , «Алдыңғы вагон » (1984 ж), «Сақау бәтеңке» (1983 ж) сияқты көркем дүниелер туып, балар жүрегінен кеңінен жол тапты.
Кемелденген қазақ прозасының маңдайалды шығармаларының қатарындағы жазушының «Жапандағы жалғыз үй» романы, «Ақан сері» роман-дилогиясы, «Заманай мен Аманай » хикаяты оқырман қауымының ортасынан жылы орын тауып, үлкен әсерге бөлеген шынайы халықтық туындыларға айналды.
Жазушының шығармашылық тұрғыдағы үлкен құнарлы өрісі - драмалық шығармалары деп білеміз.
Драмалық жанрдың сыр-сипатын, ішкі динамикасын, композициялық құрылымын, драмалық тартысы мен шиеленісін шебер сомдаған драмарург қаламынан туған «Ажар мен ажал», «Тұтқындар», «Жаралы гүлдер», «Әр үйдің еркесі», «Қызым, саган айтам», «Өліара», «Қысылғаннан қыз болдық», «Махамбет» секілді драмалық шығармалары еліміздің театр сахналарынан ұзақ жылдар түспей келе жатқан қойылымдар.
Қазақ халқының өнер тарихында өшпес із қалдырған дара тұлғалардың бірі, әйгілі әнші, композитор Ақан серінің аңызға бара-бар қым-қуыт тағдыры Сәкен Серіні о бастан-ақ қызықтырған. Сөйтіп жазушы ізденісінің, зерттеулерінің өзекті арнасына айналған, өзі де сал-серіге тән қадір-қасиетті бар бойына құйған Сәкен сері Жүнісовтің қаламынан оқырмандары күткендей, қазақ әдебиетінің қорына інжу маржан болып қосылған «Ақан сері» атты дилогиясы осынау көп ізденіс, көз майын тауыса, шабыт қиялын шарықтата төккен тердің жемісі. Әнімен, жырымен адамдарды ғасырлар бойы әсемдік әсеріне, сұлулық шұғыласына бөлеп, халқымызға рухани қызмет етіп келе жатқан мұзбалақ Ақан серінің бейнесі көркем әдебиеттен сүбелі орын алуы кездейсоқ емес. Бұған дейін де ірі ақын Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» дастанын, аса көрнекті жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясын жазғанын білеміз. Сәкен Жүнісов Ақан сері образын эпикалық планда, сол өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи-әлеуметтік қат-қабат оқиғалардың аясында алып көрсеткен. Ақанның жеке басындағы қызығы мен қиыншылығы, қуанышы мен қайғысы жеке-дара суреттелмей, күрес пен тартыстың бел ортасында, сол дәуірдің ақиқат шындығымен астаса суреттеледі. Ақан сері образы арқылы әнді, күйді, жырды болмысынан жақсы көретін халқымыздың сұлулыққа деген іңкәрлігі, азаматтық тіршілік-тынысы суреткерлік барлау негізінде шынайы көрініс тапқан. Сөйтіп, сол заманның әлеуметтік болмысын суреттеу арқылы бүгінгі күннің тұрғысынан алып қарағанда, сан алуан салиқалы ойлары түйінделген. Өнер адамы мен кертартпа қоғам арасындағы қайшылықты қарым-қатынастарды жазушы роман желісінде шебер өрген.
Жазушының ұлттық әдебиет әлемінде үлкен із қалдырған туындылардың бірі «Жапандағы жалғыз үй» романы. Роман қазақтың сайын даласына тың игеру сынды ұлы дүбір, қызу науқанның келген тұстарын суреттейді. Ғасырлар бойы тылсым тыныштықта жатқан жер-ананың құйқалы қыртысына ұстара түскен, кең даланың еркесі ақбөкен мен киікті үркітіп, мөлдір айна көлдерді қанатымен аялаған аққу-қазды бездіріп жіберген. Даланың айбарлы сақшысы ит-құсты бездіруге мәжбүр еткен, ал адамдардың санасында түбегейлі өзгерістер жасап, жазира келбетін түбірімен өзгерткен тыңның мәні мен мағынасын әркім әрқилы бағамдайды. Қаламгер Сәкен Жүнісов те уақыт шындығын суреткерлік таразының ақиқат безбені тұрғысынан келістіре таразылаған. Басты тұлға Қарасай бейнесі кезінде талай қызу әңгімеге арқау болғаны аян. Жан-жақты сурет тапқан бұл образдан қазақ шаруасы өз арасында жүрген тағдыр-талайы қиын замандастарын көрді. Тың көтеруге келдік дегенді желеу етіп, жергілікті халық арасында сойқанын салып баққан кейбір бас-бұзар, бұзақылардың бейнесін романға кіргізіп, ащы шындықты алғаш айтқан да қарымды қаламгер Сәкен Жүнісов болды.
Жазушының көптеген шығармалары ТМД елдері халықтарының және шет ел тілдеріне аударылғанын білеміз. Орыс әдебиетінің алыбы Л. Н. Толстойдың, Стефан Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, украин жазушысы О. Гончардың «Көк адыр» романдарын қазақша сөйлетіп қалың қауымға тарту еткен көсемсөздің көксемсері - Сәкен Жүнісов еді.
І-бөлім. Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашлығы
Әдбиетке өзіндік үні, айшықты кестелі тілі, ауқымды тақырыбымен әдебиет сүйер қауымды елеңдете келген салиқалы қаламгерлердің шоқ жұлдызында жарқырай танылған таланттардың бірі Сәкен Жүнісов.
Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетінің қос тізгіні-проза мен драматургияны қатар ұстап, бұл орайда қапталына жанды ертпей келе жатқан кең тыныстыдуаты мол, қарымды, дарынды қаламгер.
Халқы сүйіп Сәкен сері деп еркелеткен дарын иесі Қызылту ауданының орталығында 1934 жылы 1 ақпанда өмірге келген. Зиялы отбасында дүниеге келіп, әдебиетке, өнерге ерте бейімділік аңғартқан Сәкен 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдады. Республикадағы ордалы шаңырақта алған тағылым-тәрбиесі, талантты ортаның ұлағаты, ұлы Мұхтар Әуезов сынды тұлғалардан алған үлгі-өнегесі оның бойындағы таланттың қайнар көзін ашып, құтты сапарға жетелеген. Университетті бітіргеннен кейін қолына қалам алып, өмір шындығын көңіл көзімен саралап-салмақтауға, сөйтіп қағаз бетіне түсіруге тырысты. Жас жазушының "Сонарда" деп аталатын балаларға арнап жазған алғашқы кітабы 1959 жылы жарық көрді. Бүдан соң жас жеткіншектер үшін жазған "Әжем мен емші және дәрігер" (1961 жыл ), "Кімнің мекені жақсы" (1962 жыл ), "Сақау бәтеңке" (1983 жыл), "Алдыңғы вагон" (1984 жыл) тағы басқа кітаптары жарық көрді. . Ал 1968 жылы бүгінгі өмір тынысын өзек еткен "Өшпейтін іздер" атты повесі жарияланды. .
Қазақ халқының өнер тарихында өшпес із қалдырған дара тұлғалардың бірі, әйгілі әнші, композитор Ақан серінің аңызға пара-пар, әрі қиын тағдыры Сәкен серіні о бастан-ақ қызықтырған. Сөйтіп жазушы ізденісінің, зерттеулерінің өзекті арнасына айналған. Өзі де сал-серіге тән қадір-қасиетті бір бойына құйып алған. Сәкен сері Жүнісовтің қаламынан оқырмандары күткендей, қазақ әдебиетінің қорына інжу маржан болып қосылған "Ақан сері" атты дилогиясы - осынау көп ізденіс, көз майын тауыса, шабыт қиялын шарықтата төккен тердің жемісі іспетті. Енді осы дилогияның жарық көрген басылымдары туралы айта кетейік. Ақан сері: Роман. -Алматы: Жазушы, 1971, 1977, 1981, 2002 ж. ж. Орыс тілінде 1979 жылы жарық көрген. Әнімен, жырымен адамдарды ғасырлар бойы әсемдік әсеріне, сұлулық шұғыласына бөлеп, халқымызға рухани қызмет етіп келе жатқан мұзбалақ Ақан серінің бейнесі көркем әдебеттен сүбелі орын алуы кездейсоқ емес. Бұған дейін де ірі ақын Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер"дастанын, аса көрнекті жазушы, драматург Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқты" трагедиясын жазғанын білеміз. Сәкен Жүнісов Ақан сері образын эпикалық планда, сол өзі өмір сүрген дәуірдің тарихи-әлеуметтік қат-қабат оқиғалардың аясында алып көрсеткен. Ақанның жеке басындағы қызығы мен қиыншылығы, қуанышы мен қайғысы жеке-дара суреттемей, күрес пен тартыстың бел ортасында, сол дәуірдің ақиқат шындығымен астаса суреттеледі. Ақан сері образы арқылы әнді, күйді, жырды болмысынан жақсы көретін халқымыздың сұлулыққа деген іңкәрлігі, азаматтық тіршілік-тынысы суреткерлік барлау негізінде шынайы көрніс тапқан. Сөйтіп сол заманның әлеуметтік болмысын суреттеу арқылы, бүгінгі күннің тұрғысынан алып қарағанда, саналуан салиқалы ойлары түйінделген. Өнер адамы мен керітартпа қоғам арасындағы қайшылықты қарым-қатынастарды жазушы роман желісінде шебер көрсете білген.
Сәкен Жүнісовтің ұлттық әдебиет әлемінде үлкен із қалдырған туындыларының бірі "Жапандағы жалғыз үй" романы (Алматы:Жазушы, 1973, 1990 ж. ) Роман қазақтың сайын даласына тың игеру сынды ұлы дүбір, қызу науқанның келген тұстарын суреттейді. Ғасырлар бойы тылсым тыныштықта жатқан жер-ананың қүйқалы қыртысына ұстара түскен, кең даланың еркесі ақбөкен мен киікті үркітіп, мөлдір айна көлдерді қанатымен аялаған аққу қазды бездіріп жіберген, даланың айбарлы сақшысы, топ-тобыменен жан иесін тегіс үркіткен, ит, құсты бездіруге мәжбүр еткен, ал адамдардың санасында түбегейлі өзгерістер жасап, жазираның өмірін түбірінен өзгерткен тыңның мәні менен мағынасын әркім әрқилы бағамдайды. Қаламгер Сәкен Жүнісов те уақыт шындығын суреткерлік таразының ақиқат безбені тұрғысынан келістіре бейнелеген. Басты кейіпкер Қарасай бейнесі кезінде талай талас-әңгімеге арқау болғаны аян. Жан-жақты сурет тапқан бұл образдан қазақ шаруасы өз арасында жүрген тағдыр талайы қиын замандастарын көрді. Тың көтеруге келдік дегенді желеу етіп, жергілікті халық арасында сойқанын салып баққан кейбір басбұзар, бұзақылардың бейнесін романға кіргізіп шынайы суреттеген.
Сәкен Жүнісовтің "Заманай мен Аманай" повесі (Алматы: Жазушы, 1985 ) коллективтендіру дәуірінің қилы кезеңдері жайында әңгімелейді. 1928 жылғы ұлы кәмпескеден қалған азын-аулақ малды талғажау етіп отырған ауылына Голощекиннің әйгілі ("Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын") ұранымен келген дүрбелеңнің таяп қалған кезі. Бұл тықырдың аяғы ушығып, кейін зор-зобалаңға ұрындыратынын сезе бастаған Жоңғар Алатауының етегіндегі біраз ел қалған-құтқан малын айдап, бала-шағасын, кәрілерін түйеге, ат-арбаға отырғызып, шекарадан аспақ болады. Бірақ Атымтай бастаған ГПУ адамдары, шекарашылар мылтықпен, қылыштың күшімен бәрін кейін қайтарады. Сол жолғы жол-жөнекей атыста талай адам қаза табады. Олардың ішінде повестің басты кейіпкері Балзияның әкесі Сәлімгерей де бар. Бұл қорлыққа шыдай алмаған байдың жалғыз қызы Балзия өз ішіндегі Есет сияқты азғыннан амалын асырып, елді қайта көтереді де, арғы бетке өтіп кетеді. Осы орайда басты кейіпкер Балзияны әдебиетімізге келген тың тұлға деп бағалайды. Ақыл мен айланы, намыс пен ерлікті бір басына тағдыр үйіп-төгіп берген қазақ әйелінің трагедиясы оның сұлу жан-дүниесінің жарқырай танылуына себеп болғандай. Басын бәйгеге тіксе де, қазақ қызы зерек ой, жүйрік көңілімен ақ-адал ізгіліктің бүгін болмаса да ертең жеңіп шығатындығына кәміл сенеді. Туған елге қарғыс тілемеген тек, немересі Аманайды Отанына аманат етуді ғана көксеген Балзия ана ақтық сапар үстінде ұрпағы үшін өз жанын қиюға барады. С. Жүнісовтің "Заманай мен Аманай" повесі өмір құбылыстарын ой-сана батылдығымен, сезім тереңдігімен суреттеуде соны шығармашылық серпінін, қажырлы ізденісін танытқан туындысы болып табылады.
С. Жүнісовтің драматургиясы тақырыбының сонылығымен, көтерген мәселелерінің оқиға байлығымен, шұрайлы тілімен ерекшеленеді. "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар"(1970), "Қызым, саған айтам" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қос анар"(1974), "Әр үйдің еркесі"(1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд немесе масханадағы маскарад" (1981) тағы басқа пьесалары облыстық, республикалық театрлардың репертуарларынан берік орын алған. 1986 жылы "Өліара" пьесасы үшін Сәкен Жүнісов Қазақ ССР Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Мұнда Петропавл-Көкшетау- "Петрокок" теміржол тармағын салған жұмысшылардың жан қиярлық еңбегі суреттеледі. Ал "Кемеңгерлер мен көлеңкелер" драмасында әдебиетіміздің алыптары М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов тұлғаларын сомдай отырып, олардың пендешілік, кейде қызық кезеңдерін қаз- қалпында суреттеген. "Молодая гвардия" журналының 1990 жылғы бірінші санында В. Солоухиннің аударуымен жарияланған "Заманай мен Аманай" романы қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылысқа айналды. Ол роман- әлем әдебиетінің бар құнарын бойына сіңіре білген, озық үлгідегі шығарма. Жазушының 65 жасқа келуіне, творчестволық қызметінің 45 жылдығына орай "Сәкен Сері-Ел жайында, Ел Сәкен Сері жайында. Көркемсөз, ой толғаныстар мен арнау өлендері. - (Алматы: ҒОПбк "САUНАR", 2000. - 460 б. ) жарыққа шықты.
ІІ. Негізгі бөлім. Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі жазушы шебері.
2. 1. «Заманай мен Аманай» сезім тереңділігімен муреттелген соны туынды
Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесі (Алматы: Жазушы, 1985) коллективтендіру дәуірінің қилы кезеңдері жайында әңгімелейді.
1928 жылғы ұлы кәмпескеден қалған азын-аулақ малды талғажау етіп отырған ауылына Голощекиннің әйгілі «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранымен келген дүрбелеңнің таяп қалған кезі. Бұл тықырдың аяғы ушығып, кейін зор-зобалаңға ұрындыратынын сезе бастаған Жоңғар Алатауының етегіндегі біраз ел қалған-құтқан малын айдап, бала-шағасын, кәрілерін түйеге, ат-арбаға отырғызып, шекерадан аспақшы. Бірақ Атымтай бастаған ГПУ адамдары, шекарашылар мылтықпен, қылыштың күшімен бәрін кейін қайтарады. Сол жолғы жол-жөнекей атыста талай адам қаза табады. Олардың ішінде повестің басты кейіпкері Балзияның әкесі Сәлімгерей де бар. Бұл қорлыққа шыдай алмаған байдың жалғыз қызы Балзия өз ішіндегі Есет сияқты азғыннан амалын асырып, елді қайта көтереді де, арғы бетке өтіп кетеді.
Өрлігі мен ерлігі арқасында басты кейіпкерге айналған Балзияны әдебиетімізге келген тың тұлға деп бағалау керек. Ақыл мен айланы, намыс пен ерлікті бір басына тағдыр үйіп-төгіп берген қазақ әйелінің трагедиясы оның сұлу жан-дүниесінің жарқырай танылуына себеп болғандай. Басын бәйгеге тіксе де, қазақ қызы зерек ой, жүйрік көңілімен ақ-адал ізгіліктің бүгін болмаса да ертең жеңіп шығатынына кәміл сенеді. Туған елге қарғыс тілемеген тек немересі Аманайды Отанына аманат етуді көксеген Балзия-ана ақтық сапар үстінде ұрпағы үшін өз жанын қиюға барады.
Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесі - өмір құбылыстарын ой-сана батылдығы, сезім тереңдігімен суреттеуде сонылық танытқан туындысы.
Жерлес жазушы, қарымды қаламгер, көсемсөздің көксемсері Сәкен сері Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінің көркемдік тілі, ондағы бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері, лексикалық қат-қабаттары, грамматикалық формалардың қолданылу еркешеліктерін жан-жақты зерттеуді курстық жұмысты жазуда өзіме мақсат етіп қойдым.
2. 2. Жазушы қолданған бейнелеу - мәнерлеу тәсілдері
Атқаратын қызметі жағынан алғанда, тіл-адамдарды бір-бірімен байланыстыратын қатынас құралы, адамзат қажетінің бірі.
Көркем әдебиет те тіл арқылы ғана жүзеге асады, «тіл әдебиеттің бірінші элементі» -дейтініміз сондықтан. Автор көздеген мақсатын, айтар ойы мен берер сезімін лайықты образ арқылы бейнелеуі тиіс. Сондықтан көркем тілмен жазылған әдебиет қана көркем дүние болып табылады. Шығарма тілінің көркемдігі суреткердің сөзді аз-көп қолдануында емес, әр сөздің көркемдік «сырын» тауып жұмсай білуінде. Демек, жазушы сөздің қиюын тауып қиыстырып, тиісті жеріне тетігін тауып қолдана білуі керек, осы ретте ойдың түсініктілігін, айқындығын дәлдей түсу үшін, сөз мағынасын сан саққа құбылтып жұмсайды.
Шығармаларын жазу үстінде Сәкен Жүнісов те сөз аясын кеңітіп, әр-түрлі эмоционалды - экспрессивтік бояу, бейнелеу-мәнерлеу сияқты стильдік, шеберлік тәсілдерін ұтымды пайдаланады.
Жазушы шығармасында өз ойын барынша көрнекті, мейлінше мәнерлі түрде беруді көздейді, сондықтан да ол шығармаларында көркемдеудің ең кең тараған түрі - теңеу, салыстыру құралдарын көп қолданады. Теңеу - ауыз әдебиетінде де, Сәкенге дейінгі ақын-жазушылар шығармаларында да кеңінен тараған әдіс болып саналатыны белгілі. Сондықтан оның шығармаларында теңеудің жиі кездесуі де заңды болса керек. Бірақ, басын ашып айтуға тиісті нәрсе - Сәкеннің бұл тәсілді өмір шындығына сәйкес келетіндей етіп дұрыс қолдануында.
Мысалы : Ерте-ерте ертеде осы өңірде ғаламат өнерімен атақтары бүкіл елге жайылған екі ұста өмір сүріпті. Ағаш пен ағашты бір-біріне кендірдей матап, арқандай күрмеп, түймедей түйетін, білектей темірді сағыздай созатын, ағаштың да, темірдің де асқан шеберлері, қайрақ тасты қамырдай илейтін мүсінші, шыныдан меруерт, қайыршақтан ақық жасайтын зергер өнерпаздар екен. Біреуінің аты Сәннат та, екіншісінің аты Зеннәт екен ( С. Жүнісов «Заманай мен Аманай», 11-бет) .
Бұрын күлімсірей қарағанда, жадыраған жүзінен мейірбан жылы леп есетін Балзияның көзі қазір шарасынан шығып, лезде мөлтілдеп келе қалған жастан ба, әлде булыққан ашудан ба, шам жарығында тура сілеусіннің айбарлы көзіндей жалтылдап, тұла бойы қалтырап, дір-дір етеді (58-бет) . Көзін кеңірек ашып, жан - жағына қарайын деп еді, басынан құйқа тамырынан жыланша жыбырлап, ирелеңдей сорғалаған жылы су көзіне құйылған ащы тер болса керек (171-бет) .
Жетісу өңірі жер жәннаты десе дегендей - Жетісу алқабының түгел гүлденіп, түрленіп, масатыдай құлпырып, үлде мен бүлдеге оранған ұзатылатын қалыңдықтай жастығымен, сұлулығымен малынып тұрған кезі (30-бет) .
Алып жартастың бетіне үймелеп қонған мың атбас шегірткедей құжынаған ғаскер күні-түні шақылдатып, шыңдап ғаламат шебер қолдан шыққан ғажайып мүсіннің бетін шұрқ-шұрқ тесіп, айғыздай береді. (14-бет)
Осы жоғарыда келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, Сәкен ертеден келе жатқан әдіс-теңеу арқылы өзінің айтпақ ойын заттың не құбылыстың бойындағы қасиеті арқылы екінші бір затты не құбылысты образды, әсерлі етіп бере білген.
Сөз алды-артында анықтайтын, айқындайтын сөздермен келіп те, жеке тұрып та образ жасай алады. Демек, образды айқындап, оны әр қырынан танытар өрісін кеңейтетін көріктеу құралын әдебиеттану ілімінде эпитет деп атайтынын білеміз.
Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т. б. ) білдірсе, эпитет өзі анықтайтын белгіні бейнелеп (образдап) көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың табиғи, қалыпты белгісі емес.
Эпиттер тұрақты, тұрақсыз немесе тавтологиялық (үйреншікті, көп қайталанатын) және метафоралық, синкреттік болып бөлінетіндігі белгілі. Тілдердің қай-қайсысында да бір нәрсенің (адамның, заттың, құбылыстың, ұғымның) белгілерін бейнелеп, әсерлі түрде атайтын әрі сол атаумен үнемі бірге қолданылатын эпитеттер болады. Олардың көбі өздерінің тура мағынасында келеді, бірақ анықтап тұрған сөзімен тіркесіп, белгілі бір образ үшін жұмсалады. Бұлар тұрақты, тавтологиялық эпитеттер болып саналады.
Мысалы : Келесі жылы, жаздың бір шуақты күні , Мидің жаршыларынан құлақтанған дәмелілер жан-жақтан ағылып, тау бөктеріндегі ат шаптырым кең алаңға жиналыпты. Көктемдегі қара қарғаларша , өлімтікке жиналар құзғындарша қаптаған өңкей әумесер байлар мен саудагерлер, төрелер мен әкімдер алқа-қотан отырғанда жер қайысыпты. Тап ортада, биік сәкіде, қабығы аршылған тұттай жанды қуыршақ Тәтәй. Тал шыбықтай бұралған мүсініне көз тоймайтын, сұлулығынан көз ұялатын Гүлсәнәның . . . (18-бет)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz