Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І. Кіріспе . . .
3
І. Кіріспе. . .:
3:
І. Кіріспе. . .: ІІ. Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі . . .
3: 5
І. Кіріспе. . .:

2. 1 Аңыз-әңгімелер халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімі . . .

2. 2 Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері . . .

3:

5

6

І. Кіріспе. . .: 2. 3 Ана тілі сабақтарында аңыз-әңгімелерді оқыту жолдары . . .
3: 15
І. Кіріспе. . .: ІІІ. Қорытынды . . .
3: 28
І. Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 29

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.

Халық ауыз әдебиетінің асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, аңыз әңгімелер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес.

“Халқым қандай десең, салтынан сынап біл” деген екен. Ұлттың салт-дәстүрі арқылы сол ұлттың менталитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен даралығынан хабардар етіп тұрады.

Елбасымыз болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, - деген болатын.

Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық ауыз әдебиетін жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа, қиялын дамытуда, мәдениеті мен ой-өрісін өсіруді, сөздік қорын молайтуда халық ауыз әдебиеті жанрларының маңызы зор.

Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштың, аңыз-әңгімелер мен ертегі, дастандар және лиро-эпостық жырлар - оқушыларды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, жамандық пен жақсыны, шындық пен өтірікті айыра білуге, батырлық пен батылдыққа тәрбиелейді.

Осылай оқушылардың ынтасын және танымдық қызығушылығын артттырып, олардың өз бетінше ізденуіне жол ашу.

Зерттеудің мақсаты: Аңыз әңгімелерді оқыту арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.

Зерттеу міндеттері:

1. Аңыз әңгімелер бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу, талдау жасау.

2. Аңыз әңгімелер жанры арқылы оқушылардың қабылдау белсенділігін анықтау.

3. Аңыз әңгімелердің мазмұнына байланысты сабақта қолдану жолдарын анықтау.

4. Бастауыш мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, аңыз-әңгімелерді қабылдау белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.

Зерттеу объектісі:

Аңыз-әңгімелер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық белсенділігін арттыру үдерісі.

Зерттеу пәні:

Ана тілі сабақтарында оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларының қабылдау белсенділіктерін арттыру әрекеттері.

Зертеудің болжамы: Аңыз-әңгімелер тілі түсінікті, қанатты сөздермен бейнелі тіркестерге бай болып келетіндіктен, оқушының өз халқының асыл қазына мұраларымен танысуына, сол арқылы қазақ халқының тәлім-тәрбие элементтерінің озық үлгілерімен сусындауына мүмкіндік тудырады деп есептейміз. Қазақтың аңыз-әңгімелеріне классификациялық талдау жасау, аңыз жанрының оқушылардың жас ерекшеліктерімен дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оның тәрбиелік мәнін дұрыс ашып, олардың оқу-танымдық белсенділіктерін арттыруға, яғни тәрбиеші немесе оқытушы алдына қойылған мәселелерді шешуге көмек береді деп есептейміз.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту барысында жасалынатын мұғалім жұмысына көмегі тиеді деп санаймыз.

Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, бір тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі

2. 1 Аңыз-әңгімелер халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімі

Әңгіме , әдебиетте - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

Аңыз, ертегі, жылнама, шежіре қай елде болса да бар. Оларда тарихи оқиға, жеке кейіпкер, жүйрік ат, алғыр құс, жер-су, ай мен күн, жұлдыздар жайында айтылады. Осы сипаттарына қарай оларды мифтік және тарихи аңыздар деп білеміз. Көп жағдайда ертегі, аңыз, эпос бір-бірімен сабақтас. Ертегінің аңыз, аңыздың эпостық жыр түрінде айтылуы да мүмкін.

Мифологиялық аңыздардың басты сипаты - көршілес жатқан түрлі елдер мен халықтарға ортақтығы. Мысалы, Мәди (Модэ) аңызы бүкіл Орта Азия, Алтай, Сібір, Кавказ тайпаларына ортақ. Өйткені ол замандағы тайпалар нанымы да ортақ болған. Нұх топаны жайындағы аңыздар Таяу Шығыста ғана емес, Қытай, Орта Азия фольклорында да бар. Ертедегі марқа аңыздар адам сипатында емес, күн, ай, жер, кеме, топан, Адам ата, Хауана түрінде жасалған. Келе-келе солар жеке герой, адам атына көше бастайды. Бұл аңыздарды космологиялық, антропологиялық деп бөліп, бір ізге келтіру қажет. Бізге антропологиялық мифтер аса жақын. Осы мифтік фольклорымызды тереңірек зерттер болсақ, бұл тарихқа жақындау арна болар еді. Сонда фольклор ғылымын өзінің табиғи сипатында алып, байытқан боламыз. Мұны тарихи танымға келудің бір жолы дейміз. [14]

Бастапқы мифология ақбоз ат, жеті қарақшы, Үркер, Зухре жайында айтылса, ІХ ғасыр жазба ескерткіші «Оғызнама» - этногенездік миф болып көрінеді. «Шаһнама», «Рамаяна», «Мың бір түн», «Манас», «Қорқыт ата кітабы», Орхон жазуларында аңыз, ертегі, жылнама, шежіре қым-қиғаш араласып келеді. Көп жағдайда мұндай сюжет атаулының басы аңыз ба деп ойлаймыз. Онда мифтік аңыздарға Үнді, Мысыр, Рим елдері бай болған. Кейін аңыз адам, аң, жан-жануарлар жөнінде айтылған. Өйткені қандай ертегі, аңыз, эпос болмасын басында бір реалдық мәні бар өмір суретінен, соның санадағы тұнбасынан туған. Бірде образдық, бірде логикалық ойлау формасында жасалған аңыздар - адамзат баласы қиялының ғажап табысы.

Шығыс патшаларының сарайында туған аңыздар жылнама деп аталған. Сол жылнамалардан «Фархад - Шырын», «Жеті сұлу» тағы да басқа көптеген дастандар туған. [4]

Аңыз ерте ме, жылнама ерте ме? Бұл мәселе төңірегінде пікір таластыруға болады. Алайда белгілі бір сюжетке келгенде оны кесіп айту қиын. Мысалы, Орта Азия халықтарында «Шахнама» туралы аңыздар көп-ақ. Сонымен бірге бұл жыр бізге үлкен эпостық мұра ретінде де мәлім.

Аңыздың осындай шежірелік, жылнамалық, эпостық формалары келе-келе тарих ғылымына жол салған. Рәшид-Әддиннің «Монғол шежіресі» тарих, «Алтын топшы» жылнама болса, Рабат Оғұзидің «Қиссасул-Әнбиясы» - тарихи адамдар өмірбаянына құрылған роман. Орхон жазбаларын біз жылнамалық эпос деп жүрміз. Сияуыш, Афрасиаб, Зохақ, Наушаруан, Ақсақ Темір, Петр патша, Иван Грозный жайындағы аңыздар қаншама!

Ертеде жазу мәдениеті туа қоймаған көшпелі елдерде халық тарихы аңыз, ертегі, поэзия, эпикалық жыр түрінде сақталған. Мұны батырлар жыры да анықтайды. Академик А. С. Орлов бір кездері қазақ эпосының өмірге жақындығын айта келіп, «Едіге» жырының тарихи-жылнамалық сипатының басымдығын көрсеткен еді. Өйткені Едіге өмірде болған адам. Шоқан да қазақ эпосының Ер Көкше, Ер Қосай, Шора батыр сияқты кейіпкерлерін өмірде болған адамдар деген ғой. Олай болса қазақтың бір ғана тарихи жырлары емес, басқа да эпостық жырлары әр түрлі заманның шежіресі болып шықпақ. Фольклор шығармаларының осы сипатын ескере отырып, бір кездері қазақ шежіресін Шәкәрім мен М. Тынышпаев зерттеген еді.

Қазақ аңыздарының түп-тегі сақ, хұн, үйсін, Туран, Түрік қанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлы дәуірлеріне кетеді. Солардың мазмұнына көз жіберсек, онда матриархат, патриархат, феодализм дәуірлерінің таңбасы бар. Өзінің сипатына қарай қазақтың тарихи аңыздары қала және дала туындылары болып екіге жіктеледі. [19]

2. 2 Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері

Ертегі -халық шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт - арманы, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсада өзінің дамуында қилы - қилы жолдардан өтеді. Сол жолдардың кейбір көрінісін ертегі арқылы қалдырады. Ертедегі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әдет те ертегілер «Ерте, ерте, ертеде . . . » немесе «Баяғы заманда . . . » деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады. Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатына «Ертегілер еліне саяхат» апталығы өткізілді. Апталыққа I - IV сынып оқушылары түгел қатынасты. Аптаның бірінші күні «Ертегі сабақта» тақырыбымен өтті. Бұл күні I - II сынып мұғалімдері ертегі желісі бойынша сабақ көрсетті. I сыныптағы математиканы «Есептің мәнді белгісі» тақырыбын мұғалім Ешібаева

«Бай мен бала» ертегісі бойынша, I сыныптағы Ана тілінен «Жіңішке қария» ертегісі бойынша, II сыныптағы Қазақ тілінен «Сөз құрамы» тақырыбын мұғалім Нұрқадірова «Шалқан» ертегісі бойынша, II сыныптағы «Жұрнақ пен жалғаудың» сөздерге байланысу жолдары» тақырыбын мұғалім Тәменова «Ана мен бала» ертегісі бойынша ұйымдастырды. Сабақта жасалған жұмыстар ертегі бөлімдерімен байланысып, сабақ жүрісінде ертегі желісі қорғалып отырылды.

Аптаның екінші күні оқушы шығармашылығына арналды. Бұл күннің мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, оқушылардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін дамыту мақсатында өз ойларын ертегі құрастырып айтуға арналды. II - IV сыныптағы әр сыныптан қатысқан бір оқушы өзінің құрастырған ертегісін суреті бойынша айтып қорғады. Оның ішінде балалар құрастырған «Жеті күн», «Алиданың тапқырлығы», «Бауырлар» ертегісі жоғары бағаға,

«Малдыбый, «Ала лақ», «Айсұлу» ертегілері жақсы бағаға ие болды.

Аптаның үшінші күні «Ертегіні кім көп біледі?» сайысы өтті. Оған I - IV сынптардан әр сыныптан бір оқушы қатысып, ертегі туралы білетіндерін ортаға салды. Бұл сайыс төрт бөлімнен тұрады.

I бөлім «Кім тапқыр?» деп аталады. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетілді, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін білетін оқушы жұлдызша белгісін көрсету арқылы жауап берді. «Қаңбақ шал», «Алтын балта», «Көбсек пен сәбіз, «тамақтың исі мен ақшаның сылдыры» ертегілері көрсетілді.

II бөлім «Кім шапшаң?» деп аталды. Ертегіден үзінді үн таспадан оқылды. Шарты ертегінің атын табу және жалғастырып айту. «Ұр тоқпақ!» «Алтын сақа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»ертегілері тындалды.

III бөлім «Кім ойшыл?». Кез келген ертегіден үзінді айтылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

1) орманда бауырсақ түлкіге кездеседі.

Жауабы: Бауырсақ, кемпір, шал, қоян, қасқыр, түлкі.

2) Мысық тауыққа барады.

Жауабы: мақта, қыз, сиыр, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

3) Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі алынды.

IV бөлім «Кім білгір?»деп аталады.

Шарты: Ертегі сурет арқылы бейнеленген, сол суреттегі ертегінің аты мен қай халықтікі екенін табу керек. «Қызыл телпек», «Айлалы арыстан», «Қасқыр мен түлкі» ертегілері бейнеленді. Бұл шараға қатысқан оқушылар тапқырлығымен, ойшылдығымен сынға түсті. Қортысындаертегінің үзінді атағын 2-сынып оқушысы Жұмағалиев Ерасыл емденді. күні

Аптаның төртінші күні. Ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау күні деп аталады. Бұл шарада әр сыныптан бір оқушы шығып, салған суреті бойынша сөйлеп ертегі мазмұнын айту «Ұйқыдағы ару» IV «а» сыныптың, «Сыбызғы сыры» III «б» сыныптың, «Сауысқан мен көкек» II сыныптың ертегі-суреттері өте сәтті шықты.

Аптаның бесінші күні. Ертегі бойынша көрініс көрсету. Ертегіні баяндайтын оқиғасы мен түпкі мақсатын айқындайтын сәтті «Қырық бір өтірік», «Шалқан, «Алтын құс» «Ақымақ тышқан», «Алма ағашы» ертегілері көрініс берді шара көрермендер көңілінен шығып лайықты бағасын алды.

Аптаның қортындылаушы күні шынайылықтың бірліктің нышанын көрсеткен. Ертегілер еліне саяхат жасаудың шешуші күні болып аталды. Ертеден атай қонаққа келіп, ертегі туралы оқушылардың білетіндерін тыңдап, өзіінң қатысуымен «Адамның тапқырлығы»ертегісін көрінісін көрсетті.

Апта бойынша өткен істер қортындыланып, үздік шыққан оқушылар мен сыныптарға бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі атынан дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Қорыта айтқанда ертегі түрлері мен сусындаған, тәлімі мен тәрбиесі мол осынау апталық балалар үшін ерекшк есте сақталатын шара екендігіне көз жеткіздік.

Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері

Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдырының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнына халықтың тыныс - тіршілігі, әдет - ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым - қатынастары мен мінез құлықтары, адамдардың еңбек сүйгіштігі, өз халқына, отанға, туып өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері белгіленген. Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім - тәрбиелік рухани маңызы жөнінде айта келіп «Ертегі - рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түсіне алатын , материялдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді.

Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлуметтік мәні жағынын қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мамұны абективті болмыстың көрінісі болып табылады.

Негізінен ертегілер оқушылардың ой - өрісін жетілдіріп отанын сүюге халқын қорғауға және өнерді игеруге, ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағалардын іздеп табу үшін жер астына түсіп, шойын құлақпен жекпе - жекке шығып жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары - Көл таусар, Тау соғар т. б жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады. Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді, Айдахармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетіміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалдығы, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтарға әсірелеп беріледі. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге ұл - қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. «Өнер мұратқа жеткізеді» демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат - мұратына жетеді. Осы мұрат - мақсатқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленуіне ықпал етіп қызығувшылығын тудырады.

Ертегілерде батырлардың түр - тұлғасын « жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұрар» т. б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық - әлеуметтік жағдайға байланысы өзгерістеріне байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбіне «батырлар»мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Ағайынды екі жігіт», «Ер Төстік»т. б ертегілерде басты кейіпкер-батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды, осы жолда ол жын -перілермен күресіп жүреді. Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады. Мысалы, «Ер Төстік»ертегісінде: «Ол өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді», -дейді. Бұл жерде кейіпкердің тұлғасы елін, жерін қорғайтын, ерлік жасайтын батыр кейпінде көрінеді. Шынында, кейін Ер Төстік Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Осындай кедергілермен күресе отырып, мұрат-мақсатына жетеді. Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екндігі соншалық, олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екнін байқаймыз.

Ал «Керқұла атты Кендебай»ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: «Ай сайын емес, күн сайын өсіпті. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты, сондай күшті болыпты, алысқанда алып ұра беріпті, күрескенді жыға беріпті, шыңырау құддыққа құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті, аң аулау әкесіне жәрдем беріпті, құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді, мыстан кемпірді өлтіреді, алтын құйрықты, күміс жалды сегіз құлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады».

Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес, елді, халықты жаулаған дұшпандармен күреседі. Оның астарында ел, жер үшін күрес, кек алу жатыр. Ертегінің негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру, шынайы ғашықтық, батырдың айнымас серігі-тұлпардың бейнеленуі байқалады. Мысалы, «Әлібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер Тарғын», «Көрұғлы», «Нарық батыр», «Ер Көкше және Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс»т. б ертегілерде көбіне ерлік көрсету, қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ, мысалы, Әлібек батыр «туғанында алты қарыс селебесімен туылады, ай сайын емес, күн сайын өседі», -деп айтылады. қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «селбес»сөзіне «ұшы үшкір, үлкен өткір пышақ»деп түсінік беріледі.

Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн. себебі халықтың арман-тілегі бойынша осындай батырлар елді, Отанды қорғайтынын ұғынуға болады. Сондай-ақ «Қазанбай батыр» ертегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз: «Өзінде алпыс ердің қайраты бар, дұшпанына кекшіл, бағынған дұшпанына кешірімшіл», -десе, ал оның жеке басының қасиеттерін былайша сипаттайды: «Қазанбайдың ұрыс кезіндегі тағы бір айласы арқанға ілмектеп, қашып бара жатқан жаудың мойнына лақтырып дәл түсіру және қанша жау болсада сескенбестен қарсы бару. Ол көп, аз демейді өзіне жұмсалған жаудың қаруын бойына жинайды.

Ертегі әлеміне саяхат

2-сынып

Сабақтың мақсаттары: 1) Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру: 2) Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту: 3) Оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегілер тақырыбына байланысты суреттер, ертегілер кітабынан көрме, бейнетаспа, ертегі кейіпкерлері.

Сабақ барысы

Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Біз «Ертегілер әлеміне» саяхатқа шығамыз. Мұндағы мақсатымыз ертегі және ертегі кейіпкерлерімен танысу, сөздік қорымызды, тілді дамыту, ертегіні сүйіп оқуға баулу .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аңыз әңгімелерді оқыту әдістері
Аңыз-әңгімелердің танымдық және тәрбиелік мәні
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы
Мифологиялық ертегілер
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Көне жазба әдебиеті пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Балалар ауыз әдебиетін жасаған –халық
Халық ауыз әдебиеті туралы
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz