Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым – қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе3
I тарау. Әскери қылмыстар4
1. 1 Әскери қылмыстардың ұғымы мен түрлері. 4
1. 2 Әскери қылмыстардың субъектісі ұғымы10
II тарау. Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым - қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар19
2. 1 Бұйрыққа бағынбау19
2. 2 Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы24
Қорытынды28
Қолданылған әдебиеттер тізімі29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Әскери Қылмыстар». Әскери қылмыстар арнайы субъектілі қылмыстарға жатады. Сондықтанда азаматтық тұлғалар аталған қылмыстардың орындаушылары бола алмайды, бірақ та олар көмектесуші, айдап салушы, ұйымдастырушылары болуы мүмкін.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері: Әскери қылмыстарға нені жатқызуға болатының көреміз. Көзделген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:
- Әскери қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
- Әскери қылмыстардың субъектісі ұғымы.
- Әскери бұйрыққа бағынбау.
- Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметін міндеттерін бұзуға мәжбүр ету.
- Әскери сот төрелігі ретінде қарастыру.
Зерттеу пәні: Әскери қызметші командирге оның қызметтік талаптарына өшігіп оған күш қолдануға азаматтық тұлғаларды тартса, онда ол ҚР ҚК 369 бабы бойынша қылмыс орындаушысы ретінде, ал күш қолданған азматтық тұлғалар - жәрдемдеуші нысанында ҚР ҚК 28 бабынын 5б және 369 - бап бойынша жауапқа тартылады.
Бұйрық дегеніміз бастықтың бағыныштыға белгілі бір әрекеттері орындауы немесе орындамауы бойынша талабы. Бұйрық әскери қызмет мүдделері шеңберінде заңды әрі бастықтың қызметтік өкілдігінен туындайды.
Әскери қызмет атқару тәртібі ҚР заңдарында, әскери антта және әскери жарғыларда, басқа да әскери заңдарда бекітілген әскерлердің күнделікті қызметінде пайда болатын қоғамдық қатынастар, мүдделер мен игіліктердін жиынтығын құраса керек.
I тарау. Әскери қылмыстар
1. 1 Әскери қылмыстардың ұғымы мен түрлері.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 16 тарауы ҚК Ерекше бөлімінің әскери қылмыстардың нақты құрамдарымен бірге әскери қылмысьардың ұғымын біріктіретін бірден - бір тарау екендігін атап өткен жөн. ҚР ҚК 366 - бабында: Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай - ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады.
Әскери қылмыс ұғымы ҚР Қылмыстық кодексінің 9 - бабында анықталған қылмыстың жалпы түсінігіне негізделген, сөйтіп оның барлық міндетті белгілерін - қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлілік пен жазалылықтарды қамтиды.
Әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери заңдылықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға, мүдделер мен игіліктерге қол сұғушылықпен анықталады, осы қатынастарға зиян келтіріп, әскери тәртіп пен әскерлердің жауынгерлік дайындығын әлсіретеді.
Әскери қылмыстардың құқыққа қайшылығы қоғамға қауіпті іс - әрекеттердің әскери қылмыстық заңның баптары мен талаптарына қайшылық тудыратындығымен сипатталады.
ҚР ҚК 19 - бабында сәйкес кез келген қылмыстың, яғни, әскери қылмыстың да, қажетті белгісі болып кінә табылады. Кінәлілікті тұлғаның қылмысты қасақана немесе абайсыздықта жасауы деп түсінеміз. Ол дегеніміз адам өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс - әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады. ҚР ҚК 19 - бабында 2 - бөлігінде «объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді» деп көрсетілген.
Жазаланушылық - бұл қылмыстың мәнін емес, оның мүлтіксіз зандық зардаптарын сипаттайтын белгісі, яғни айыпты қоғамдық қауіпті әрекет жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін деген сөз.
ҚР ҚК 366 - бабы әскери қылмыстың мына ерекшеліктерін көздейді (арнайы белгілерін) :
- әрекеттің бекітілген әскери қызмет атқару ережелеріне қарсы бағыты (арнайы объект) ;
- әрекетті әскери қызметшінің не әскери міндеттілердің жиындардан өту кезінде жасауы (арнайы субъект) :
- әрекеттің әскери қылмыстар үшін жауаптылық көздеуші Қылмыстық кодекс бойынша жазалануы (әскери - қылмыстық құқыққа қайшылық) .
«Кез келген әскери қылмыс осы үшін арнайы белгілердің жиынтығы бойынша сипатталады. Олардың тек біреуінің ғана болмауы әрекетті әскери қылмыс деп бағалау негізін жоққа шығарады».
Мысалы, әскери қызметшілердің бекітілген әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын, яғни дәл соларға қол сұқпайтын қоғамға қауіпті әрекеттері әскери қылмыстарды құрамайды (мысалға, азаматтардың мүліктерін ұрлау, олардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық) . Олар жалпы қылмыстық әрекеттер ретінде ҚР ҚК сәйкес баптары бойынша сараланады (ҚК 175 - бабы - ұрлық, ҚК 96 - бабы - адам өлтіру, 120 - бап - зорлау) .
Қызмет бойынша ҚР Қарулы Күштерінің жұмыскерлері мен азаматтық қызметкерлерінің әрекеттері де әскери қылмыс болып танылмайды, олардың әскери бөлімдері мен мекемелердің мүдделеріне зиян келтіру әбден ықтимал, бірақ та әскери қызметте тұрмайтын адамдармен жасалғандықтан әскери қылмыстар қатарына жатпақ емес. Сонымен қатар, әскери қызмет атқару тәртібін бұзатын әрі әскери қызметшілерімен жасалатын қылмыстар да кездеседі, десе де олар әскери - құқықтық заңмен көзделмеген әрекеттер ретінде әскери қылмыстар болып таныла алмайды (мысалы, қызмет бабы бойынша пайдалануға берілген қаруды әскери қызметкердің ұрлауы) . Ондай қылмыстар үшін жауаптылық ҚР ҚК сәйкес баптары негізінде туындайды (ҚК 255 - бабы - қаруды, оқ - дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу), яғни қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ретінде қарастырылады.
Заң әдебиеттерінде заңгер ғалымдар арасында әскери қылмыстардың топтық объектісі туралы аса талас пікірлер жоқ.
З. О. Ашитов пен Б. З. Ашитовтердің пікірінше барлық әскери қылмыстардың топтық объектісі болып ҚР Қарулы Күштерінде орнатылған әскери қызметті атқару тәртібі табылады.
Профессорлар И. И. Рогов пен С. М. Рахметовтардың оқулығында әскери қылмыстың тек өзіне тән (топтық) объектісі - ол ҚР заңдары, әскери жарғылар, олардың дамуы үшін шығарылған бұйрықтар және үкімдер бекіткен әскери қызмет атқару тәртібі, әскери құқықтық қарыс - қатынастар делінген.
ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты қылмыстық құқық және криминология кафедрасының авторлар ұжымы барлық әскери қылмыстардың топтық объектісі ҚР Қарулы Күштерінде бекітілген әскери қызмет атқару тәртібі деп санайды.
ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 1 - тармағында: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызметті өткеруді белгілейтін тәртібі әскери қылмыстар объектісі болып табылатыны соттарға түсіндірілсін, деп көрсетіледі.
Әскери қызмет атқару тәртібі ҚР заңдарында, әскери антта және әскери жарғыларда, басқа да әскери заңдарда бекітілген әскерлердің күнделікті қызметінде пайда болатын қоғамдық қатынастар, мүдделер мен игіліктердің жиынтығын құраса керек. Мұндай тәртіп барша әскери қызметшілерді бірдей міндеттейді әрі оны дер кезінде және нақты орындау әскери тәртіп ретінде ҚР Қарулы Күштерінің үнемі жауынгерлік дайындығының маңызды алғышарты болып табылады.
Әрбір әскери қылмыс әскери қызмет атқару тәртібінің бөлігін құраушы нақты бір қатынасқа, мүдде мен игілікке қол сұғады. Ол дегеніміз қызмет бабы бойынша бастықтар мен оларға бағынушы әскери қызметшілердің, әскери шені бойынша үлкен шенділер мен кіші шенділердің, бір - бірінің арасында бағыныштылық қатынастары жоқ әскери қызметшілердің өзара қарым - қатынастары; әскери қызмет өтеу тәртібі; әскери мүлікті пайдалану және техниканы жүргізу тәртіптері; әскери және мемлекеттік құпияларды сақтау тәртібі; жауынгерлік кезекшілік, қарауыл және өзге де арнайы қызмет атқару ережелері.
Әскери қылмыстардың тікелей объектісі - ол нақты қоғамдық қатынастарға, мүдде және игілікке қарсы бағытталған қол сұғушылық. Мысалы, бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамаудың (ҚК 367 - бабы) тікелей объектісі бағынушылық тәртібі; бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372 - бабы) мен қашқындықтікі (ҚК 373 - бабы) - әскери қызметті өтеу тәртібі; әскери мүлікті жоғалтуда (ҚК 389 - бабы) - әскери мүлікті пайдалану тәртібі болады.
Тікелей объектінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктеріне сай барлық әскери қылмыстарды мына топтарға біріктіруге болады:
1. Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым - қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар. Бұл топты мына баптар құрайды: ҚК 367 - бабы - бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау; ҚК 368 - бабы - бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету; ҚК 369 - бабы - бастыққа қатысты күш қолдану іс - әрекеттері; ҚК 370 - бабы - бір - бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым - қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 371 - бабы - әскери қызметшіге тіл тигізу.
2. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар: ҚК 372 - бабы - бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету; ҚК 373 - бабы - қашқындық; 374 - бабы - дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару.
3. Арнайы қызмет атқару тәртібіне қол сұғушы қылмыстар: ҚК 375 - бабы - жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу; ҚК 376 - бабы - шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу; ҚК 377 - бабы - қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 378 - бабы - ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 379 - бабы - қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу.
4. Әскери лауазымды қылмыстар: ҚК 380 - бабы - билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі; ҚК 381 - бабы - қызметке селқос қарау.
5. Әскери басқарудың қалыпты қызметіне және Қарулы Күштердің престижіне қол сұғушы қылмыстар: ҚК 382 - бабы - құрып бара жатқан әскери кемені тастас кету; ҚК 386 - бабы - әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту.
6. Соғыс заңдары мен ережелеріне қарсы ұрыс аймағында жасалатын қылмыстар: ҚК 383 - бабы - жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету; ҚК 384 - бабы - тұтқынға өз еркімен берілу; ҚК 385 - бабы - тонаушылық.
7. Әскери мүлік және әскери техниканы пайдалану, сақтау және жүргізу ережелеріне қарсы қылмыстар: ҚК 387 - бабы - әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру; ҚК 388 - бабы әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру; ҚК 389 - бабы - әскери мүлікті жоғалту; ҚК 390 - бабы - айналадағыларға қауіп туғызатын қару - жарақты, сондай - ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу; ҚК 391 - бабы - машиналарды жүргізу немесе пайдаоану ережелерін бұзу; ҚК 392 - бабы - ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу; ҚК 393 - бабы - кеме жүргізу ережелерін бұзу.
Объективтік жағынан барлық әскери қылмыстар әрекет арқылы да немесе әрекетсіздік арқылы да жасалынуы мүмкін.
Әрекет адамның белсенді әрекеттері арқылы танылады, мысалы, ҚК 370 және 373 баптарында көзделген қылмыстар әрекет арқылы жасалса, ал әрекетсіздік адам мінезінің пассивті нысанын аңғартса керек, мысалға, ҚК 367 және 381 баптары.
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 16 тарауында көзделген әскери қылмыстарды сараптау барысында біз мынандай түйінге келдік: әскери қылмыстарды олардың объективтік жағының құрылысына байланысты материалдық, формальдық және формальды - материалдық қылмыстарға бөлуге болады:
- материалдық - ол дегеніміз аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптардың келуімен байланысты әскери қылмыстар, мысалы, ҚК 377 және 378 баптары қарастыратын қылмыстар. Аталған қылмыстар қылмыстық іс - әрекеттер қарауыл (вахта) күзететін объектілерге зиян келтіруге әкеп соқтырса және бөлімнің тәуліктік наряд құрамына кіретін әскери қызметшілердің ішкі қызметтің жарғылық тәртіптерін бұзу арқылы зиянды зардаптарға әкеп соқса ған аяқталған болып саналады;
- формальдық - мұнда қоғамға қауіпті зардаптардың келуі міндетті емес, тек қылмыстық әрекетті немесе оның бір бөлігін ғана орындаса жеткілікті (мысалы, ҚК 371 - бабында көзделген қылмыс тіл тигізетін әрекеттер жасалынған сәтттен бастап аяқталған болып есептеледі, сондай - ақ ҚК 382 - бабы қарастыратын қылмыс көрсетілген әскери қызметшілердің құрып бара жатқан кемені құқыққа қайшы тастап кетуі сәтінен бастап аяқталған саналады;
- формальдық - материалдық құрам - қоғамға қауіпті зардаптардың келуі де келмеуі де мүмкін, мысалға, ҚК 375 және 376 баптары қарастыратын қылмыстар, олардың диспозициясына сай, бұл әрекеттер мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтіруі немесе келтірмеуі де мүмкін.
Қылмыстық құқықтың міндетті талабы жауапкершілік қоғамға қауіпті зардаптардың сол әрекеттерді жасаған адамның қылмысымен себепті байланысы болған жағдайда ғана туындайтынын атап өту қажет.
Егер де кінәлінің әрекеттері мен келтірілген зардаптардың арасындағы себепті байланыс болмаған жағдайда ол әрекеттер кінәліге айып тағуға негіз бола алмайды.
Әскери қылмыстардың объективтік жағы қылмыс жасаудың уақыты мен орнын сипаттайтын белгілерді жиі қамтиды. Қылмысты соғыс уақытында, ұрыс жағдайында, соғыс аландарында жасау оның өте қауіптілігін аңғартады.
Қылмыстың объективтік жағының мынадай факультативті (қосымша) белгілері орны - қылмыс жасалған аумақ, жер; уақыты - қылмыс жасалған белгілі бір уақыт аралығы; жағдайы - қылмыстық әрекеттің сыртқы қоршамы, шарттары; тәсілі - сыртқы нысаны, қылмысты жасауда қолданылған әдіс - тәсілдер жиынтығы; құралы - тікелей қылмыс жасауда қолданылатын нәрсе; сайманы - қылмыс жасауға көмектесуші нәрсе, осылардың бәрі әскери қылмыстарға қатысты маңызды роль атқарады.
Қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері қылмыстық - құқықтық норманың диспозициясында көрсетілмесе де үлкен мәнге ие: олар қылмыстық жауаптылықты не ауырлауды не жеңілдетуі мүмкін.
Егер де қылмыс құрамының объективтік жағының факультативті белгісі баптың диспозициясында орын алған болса, онда оны негізгі, ауырлатушы белгі ретінде қарыстырғанымыз жөн, мысалы, ҚК 370 - бабында бір - бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым - қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып - соғу арқылы бұзу - ұрып - соғу осы қылмысты жасау тәсілі болып тұр. ҚК 371 - бабында әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екігшісіне тіл тигізу бойынша қылмыс жасау уақыты көрсетілген. ҚК 373 - бабының 3 - бөлігі - соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет (қышқындық), яғни қылмыс жасау уақытына аса көңіл бөлінеді.
Сөз жоқ, көрсетілген ҚР нормативті-кұқықтық актілерінде әскері қызмет міндеттерін атқару түсінігіне қатысты бірқатар сәйкессіздіктер орын алған. Мысалы, демалыстағы, әскері бөлім аумағында мереке немесе демалыс күндері өткізілетін мәдені-бұқаралық шараларға қатысушы, түнгі демалыс кезінде әскері қызметші әскері қызмет міндеттерін атқара ма әлде жоқ па деген сұрақтар туындайды.
А. Ж. Кемелханов әскери бөлім аумағында болу қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қарастырғанда барлық уақытта әскери қызметтің міндеттерін атқарумен байланыстырмайды. Оңың пікірінше, әскери қызметкер әскери бөлім аумағында болса да әскери қызмет міндеттерін атқара бермейді (мысалға, түнгі демалыс кезінде) .
Биздің ойымызша, мұндай пікір талассыз емес. Себебі ҚР Қарулы Қүштерінің ішкі қызмет Жарлығы әскери қызметшінің өзінің қызметтіқ мәртебесіне қарамастан құқылы: - демалұға, оған заңмен бекітілген жұмыс уақыты, демалыс және мереке күндері кепілденеді. Әскери қызметші апталық бекітілген жұмыстан артық уақыт қызмет атқарған жағдайды, сондай-ақ демалыс, мереке күндері қызмет атқарса, оған аптаның басқа күндері демалыс берілуі тиіс.
Тәжірибе көрсеткендей, әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық ережелер көбіне үйқыға жатқан соң бұзылатыны белгілі (мерзімді әскері қызмет өтеуші әскерилердің ерте шақырылғандары жас толықтыруларды төсегінен тұрғызып, өздерінің қылмыстық әрекеттерің жүзеге асырады) .
ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 4- тармағында: « Әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығарылған күн әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін әскери кызметті өткерудің аяқталған уақыты болып табылады» деп айқындалады.
Субъетивтік жағынан әскери қылмыстар қасақана не абайсызда жасалуы мүмкін, мысалы, ҚҚ 372-бабы - бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету мерзімді шақыру бойынша қызмет өткеруші әскерилер жасайды, ал сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен мерзімінде қызметке қелмеу тікелей қасақаналықпен және әскери қызметтен жалтару арнайы мақсатымен сипатталады. Сонымен бірге әскери қылмыстар абайсызда жасалуы мүмкің, мысалы, ҚК 388-бабында көзделген қылмыс - қару - жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құралдарын не әскери техника заттарын абайсызда құрту немесе бүлдіру ауыр зардаптарға әкеп соқса.
Ниет пен мақсат әскери қылмыстардың формальді белгілеріне жатады, бірақ та кейбір жағдайларда олар қылмыстың міндетті белгілері ретінде қарастырылады.
Айтар болсақ, ҚР ҚК 374-бабында көзделген қылмыстың міндетті белгісі ретінде арнайы мақсаты қарастырылады: әскери қызметтің барлық немесе кейбір түрлерін өткеруден уақытша немесе тұрақты жалтару мақсатымен сипатталады, мысалға нарядка, қарауылға түсуден жалтару. Бұл жағдайда ниеті мақсатымен салыстырғанда қылмыстың сарастырғанда қылмыстың саралануына әсер етпейді, дегенмен де жаза тағайындау барысында есепке алынуы мүмкін.
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бабы) мақсаты қылмыстың міндетті белгісі ретінде әскери қызметті атқарудан жалтарумен сипатталады. Сонымен бірге, аталған қылмыстың қашқындықтан айырмашылығы әскери қызмет міндеттерін атқарудан мүлдем жалтарып кету мақсатын білдірмейді, ҚК 373-бабы көздейтін қылмыстың мақсаты - әскери қызметтен мүлдем жалтару болатының атап өткен жөн. Бұл жағдайда қылмыс ниеті әртүрлі болады: әскери қызметтің ауырлығың көтермеу ниеті, жасалған тәртіп бұзушылық не қылмыс үшін жауаптылықтан қорқу. Қашқындықтың ниеті әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен қылмыскердің жеке тұлғасын, сондай-ақ дурыс жаза тағайындау үшін маңызы зор екендігін атап өткеніміз дұрыс.
1. 2 Әскери қылмыстардың субъектісі ұғымы
Әскери қылмыстардың субъетісі арнайы болады, себебі ол жалпы субъетіден өзгеше бірқатар тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. Әскери қылмыстың арнайы субъетісі жалпы субъектінің барлық белгілерін, яғни есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толуы және тұлғаның қылмысты жасау сәтінде әскери қызметте немесе әскери жиында болуын көздейтін арнайы белгісін қамтуы тиіс.
ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес: «Әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер ғана, сондай-ақ запастағы азаматтар әскери жиындардан өту кезінде, әскери қылмыс субъектілері болып табылады.
Егер қылмыстық әрекеттер әскери қызметті өткеру кезінде жасалса және қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімдері өтпеген болса, адам әскери қылмысы үшін әскери қызмет аяқталған соң да қылмыстық жауапқа тартылуға жатады».
ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңы Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттілігіне және әскери қызметіне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл занда әскери қызметшілердің ҚР әскериміндеттілік және әскери қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылығы анықталады:
- Әскери қызметшілер, әскери атағы мен лауазымына қарамастан, заң алдында бірдей.
- Әскери қызметшілер қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағыны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
- Әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту тәртібі әскери жарғылармен белгіленеді.
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz