Асық ойындары



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын
кәсіби мектеп-гимназиясы

Есенова Тамила

Асық ойындары

Ұлттық ойындар бағыты
бойынша

Жұмыс жетекшісі: Мәлік Ғабдуллин атындағы
№3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-
гимназиясының
бастауыш сыныбының бірінші
санатты
мұғалімі Жадырасынова Сәуле Есмырзақызы

Көкшетау – 2012

МАЗМҰНЫ

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1. Асық ойындарының тарихына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Асық ойындарын спорттық жарыс ойындарының қатарына енгізу ... ... ...
7
1.3 Асық ойынының сан қилылығы мен алуандығын, көптеген
қимыл-тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 9

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Асық ойындарының түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 15
2. Үйде ойналатын асық ойындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24

Аннотация

Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ
халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген.
Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары
да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының
көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт
ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады.
Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке,
ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда
төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында
да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген
баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз солардың ел
есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз.
Осы бағыттаа келешек ұрпаққа асық ойындарының тәрбиелік мәнін зор
екендігінің, мергендікке, шапшандыққа ептілікке және қырағылыққа
жекелейтінін дәлелдеу мақсатында орындалған жұмыс.
Жұмыс қазақ балаларына асық ойынының дене бітіміне, қан айналымына
қимыл-қозғалыс әрекеттері анық айқындалып айтылады. Қорытынды бөлімінде
асық ойындарын спорт жарыс ойындары қатарына енгезіліп бүкіл Қазақстанда
қалалық, облыстық, республика көлемінде өткізілсе деген өзекті мәселелерге
тіреледі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі:
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қыймылына тигізер әсері мол. – Ойын
барысында: жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу,
лақтыру, ату т.б, жатады.
Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі. Баласының
ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған. Асық атаулары: Құлжа - арқардың
аталығының асығы.
Сақа - арқардың асығы. Жабайт – еліктің асығы. Асық - қой мен ешкінің
асық жілігінен. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы.
Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық
жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге
сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман-есен, босанса екен
деп тілек тілеуінің бір тәсілі. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын,
тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын-көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар,
болсын дегені. Қыз баланың бесігіне- еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар
көркі болсын дегені. Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай
ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау
жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі
болады. Жылы сөз бен мейірім. Айналайын деген құдіретті сөз. Биологиялық,
психиологиялық және гендік энергия, күш-қуатқа бай екендігін ғалымдар
дәлелдеп отыр.
Қазіргі тәрбиедегі балаға дауыс көтеріп сөйлеу, ұрып жібу қашықтықтан
басқаратын роборт секілді айтқанымды орындай қоймадың - деген дұрыс емес.
Қабақпен басқарып отыр, тұр жылама деген бұйрықтар нәрестеге кері әсер
етеді. Бұтына памперске зәрін жинақтауы ананың ластығы. Сәби шаңсорғышта,
боқшық та емес. Жас аналарға айтарымыз- нәрестені омырау сүтімен
қоректендір, тәнін таза ұста, ертегі айтып ұйықтат, ән айтып оят.
Мейірленген ананың омырау сүті нәрестенің тәбетіне ерекше әсері болады.
Ертеңгі азамат еліне, жеріне халқына, туған-туысына, досына деген ниеті ақ,
көңілі таза болары даусыз.

Мақсаты:

Қазақтың ұмытыла бастаған ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын қазақ
балаларының арасында жандандыру. Осы мақсатқа жету барысында алдымызға
мынадай міндеттер қойдық.
Міндетері:
- Асық ойынының сан қилылығы мен алуандығын, көптеген қимыл-
тәсілдерімен таныстыру;
- Асықпен ойналатын ұлттық ойын түрлерімен таныстыру ;
Зерттеу нысаны.
Асықпен ойналатын ұлттық ойын түрлері
Зерттеу әдістері.
Жұмысты жүргізу барысында зерттеудің кешенді әдістері: спорттық,
тарихи, зоологиялық әдістері пайдаланылады.

1. Зерттеу бөлімі.
1.1 Асық ойындарының тарихына шолу.

Ертеде қазақ халқы асықты бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап
ойнай бастайды. Тіпті бала тумай жатып, жас нәрестеге арнап асық
жинайтындар да болған. Асық ойынының ерекшелігі және оның сан қилылығы:
асықпен үйде де, далада да ойнауға болады. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері
де асық ойнаған. Сондай-ақ бұрынғы аға буын өкілдерінде асық ойнамай өскен
бірде-бір адам жоқ.
Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі.
Ауылдан шыққан қай-қайсымыздың да бала күнімізде құмартып асық
ойнамағанымыз кемде-кем. Өкінішке қарай, бұл күнде асық ойнайтын бала
азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып
барады.
Ал негізінде асық ойыны халқымыздың тұрмыс-салтының ажырамас бөлігі,
ұрпақ тәрбиесінің бір құралы іспетті емес пе еді?!
Асықтың қазақ халқының өмірінде өзіндік орыны бар.
Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта асығың алшысынан
түссін деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе,
сол бірінші атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді.
Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын білдіреді.
Асық тұла бойы құдiретке тұнған күш іспетті де. Сол себептен ертеде
бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған.
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Жоғарыда
жазғанымыздай, ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Өйткені
асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Мысалы, асық ойыны ептілікке,
мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны өзінің түрлеріне
қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін
және қырағылығын жетілдіреді.
Балалар, түрлі-түсті түске боялған асықтармен ойнағанды ұнататын, 6-7
асықты алақанына алып, жоғары қарай лақтырып, қолының сыртымен қағып алып,
қайтадан жерге түсіріп, қайтадан жерге түсіріп, қайтадан қағып алып сөйтіп
түрлі-түсті, бағыттарда ойнайтын дейді, әртүрлі бағыттарда.
Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың
намысын жанып, қатарымнан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып
сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-
қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын
жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу,
жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын
ауруларының алдын алады.
Асық ойындарының кейбір түрлерінде сақа таңдап алу керек болады. Үйде
ойналатын асық ойыны түрлерінде асықтың әдемісін сақа қылып алуға болады.
Ал тақыр жерге шеңбер сызып, соның ортасына қаз-қатар тігілген асықтарды
шеңберден атып шығару мақсат болып табылатын ойындарда асықтың мықтысын,
салмақтысын сақа қылып алу керек. Сақа таңдаудың өзі – өнер. Алыстан атқан
кезде асыққа тиген сақа орнында қалып, асықтардың бірнешеуін шеңбердің
сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған зерек
балалар, қажет болса, сақаны асықпен қоса шеңбердің сыртына шығарып та
жібереді, кері де қайтара алады. Тіпті қажетті траекториямен сақасын
шеңбердің ортасындағы (кондағы) асықтардың жанына жеткізеді-де. Бұл тұрғыда
асық ойнау өнерінің кейбір сырлары (техникасы) бильярд ойынымен ұқсас та.
Содан соң сақаға қорғасын құю деген болады. Бұл – сақаны күшейтіп, ұту
мүмкіндігін арттыру үшін жасалатын қарекет. Негізі, мүмкін болса, дала
тағысы арқардың асығын сақа ретінде пайдаланған дұрыс. Арқардың асығы қой-
ешкінікіне қарағанда үлкендеу әрі шымыр болады.
Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші, алыстан (бірнеше метр
жерден) көз ұшында түймедей болып бұлдыраған асыққа сақаңды дәл тигізу
нағыз мергендіктің белгісі емес пе?! Сондықтан болар, ерте заманда қазақтан
небір құралайды көзге атқан мергендер шыққан. Садақ тарту болсын, найза
лақтыру болсын, қазақ жауынгерлері ешкімге дес бермеген.

1.2 Асық ойындарын спорттық жарыс ойындарының қатарына енгізу.

Халқымызда асығың алшысынан түссін деген жақсы тілек бар. Асық
ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа
ие болады. Яғни, асықтың алшы тұруы оның иесіне (балаға) сәттілік жолдас
болып тұрғанын білдіреді. Сондықтан, аталарымыз белгілі бір оқиғаға,
болмаса жағдайға байланысты мерейлі болғанын қалайтын адамына осындай тілек
айтқан. Бұл сөз қандай да бір даулы мәселеде, айтыс-тартыста, бәс тігілген
сәттерде мерейі үстем шыққан немесе бастаған ісі игі жалғасын тапқан
азаматтарға қарата: асығы алшысынан түсті деп те қолданылады.
Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой. Бұл нақыл да
қазақтың болашағынан үмітті балаға қаратып айтылатын сөзі. Бала деп
жасытпай, сеніммен қарасаң, тәжірибеңмен бөлісіп, тәліміңді берсең, ол да
ертең елдің жүгін арқалар азаматың деген мағынадағы үмітті меңзейді.
Обьективті болу үшін асыққа қарсы мысалды да келтіргенді жөн көріп
отырмыз. Қазақта асық ойнаған -азар, доп ойнаған -тозар, бәрінен де оқу
оқып, білім алған озар (ертеректегі нұсқасында қой бағып, құйрық-бауыр
жеген озар) деген нақыл да бар. Оның балаларды білімге шақырған насихат
тұрғысынан айтылғаны мәлім. Баланың асық ойынына құмартып, оқу-білімді
естен шығармасы үшін айтылғандықтан, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ біздің
қоғамның қазіргі даму деңгейінде бұлай қауіптенуге ешқандай негіз жоқ деп
ойлаймыз (қайта қазіргі қоғам балаларымызды компьютер ойындарына деген
құмарлық дертінен қалай қорғау мәселесіне шындап бас қатыруы керек
секілді).
Сонымен, бильярдты былай қойып, еуропа жұрттары мұз үстімен сырғаната
лақтырған кеспек тасының алдын үйкелеп, нысанасына жеткенше ақ тер-көк тер
болатын кёрлингі мен 20-30 қадам жерден домалатып жіберген добын ойлы
-қырлы жазықпен діттеген жеріне дәл жеткізуді көздейтін, біздер үшін
түсініксіз спорт түрлеріне тұтастай бір стадиондарды толтырып, тікелей
эфирден таратып жатқанын көргенде, біздің асық оған қарағанда әлдеқайда
қызықты ойын екен деген байламымыз беки түседі. Тек тиісінше көңіл бөліп,
ұлттық ойынымыздың осы бір түрін ауыл баласының ғана еншісіне қалдырмай,
республикалық дәрежедегі қызықты спорттың түріне айналдыру ісіне көп болып
атсалысу керек. Бұл үшін асықты ұлттық ойынның түрі ретінде бір жүйеге
келтіріп, ережелерін бекіту арқылы мектепішілік спорт ойындарының қатарында
насихаттауды ұсынамыз. Өйткені асық - қимыл-қозғалыстың ойыны. Ендеше оны
салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да насихаттауға болады.
Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың мергендігін, шапшаңдығын,
ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала
ойнайтындықтан, қатарынан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып
сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-
қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын
жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу,
жиырылу, ширығу аяқ-қолдың буын ауруларының алдын алады.
Егер оны мектептерде спорттық ойынның бір түрі ретінде ұйымдастырып,
дамыта алсақ, балаларға патриоттық тәрбие беріп, ойынға қатысқан өзге ұлт
балаларының құлағына қазақ тілін де шым-шымдап сіңіре беруге болады.
Бұл үшін асық ойынын мектеп ішінде ұлттық спорт түрі ретінде
насихаттауға (Білім және ғылым министрлігінен, білім департаменттерінен)
рұқсат етілуі тиіс. Осыдан кейін бастапқыда бір-екі мектепте дене
тәрбиесімен айналысатын мұғалімдерге асық ойынының бірнеше түрінің ережесі
мен өткізу тәртібі жазылған арнайы нұсқаулық кітапшалар таратып, семинар-
тренинг өткізу керек. Сосын дене тәрбиесі сабағында балаларға асық ойынының
ережелері үйретіліп, тоқсандық бағдарламаның 1-2 сағатын асық ойынына арнау
қажет. Балалар ережені үйреніп, асық атудың әдіс-тәсілдерін меңгерген кезде
Наурыз және ҚР Қарулы күштері мерекесі, сондай-ақ Жігіт сұлтаны секілді
мектепішілік шаралардың бағдарламасына енгізілуі тиіс. Бұл оның қан
қыздыратын жарыс түрі ретінде мектеп ішінде кеңінен танылуына септігін
тигізеді. Келесі қадам - асық ойындары бойынша мектепішілік жарыс болуы
тиіс.
Бұл жерде асық ойыны мектепішілік ауқымды спорттық шараға айналғанда,
патриоттық тәрбие де оның ажырамас бөлігіне айналады. Мұндай іс-шараның
міндетті түрде жүргізушісі (оқушылардың өз ішінен сөзге жүйрік бір-екеуі
немесе қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) болады. Патриоттық
насихаттың негізгі салмағы да осы жүргізушілерге түседі. Жүргізушілер ойын
бағдарламасын халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстырып, жарыстың көрігін
түрлі мақал-мәтелдермен, шешендік сөздермен өрнектей отырып қыздыруы тиіс.
Қандай мектеп болмасын, осындай іс-шараға икемді оқушылар міндетті түрде
табылады.
Таяуда Президентіміз Қазақстан Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің төрағасы Талғат Ермегиевке бұқаралық спорт түрлерін тарату
туралы тапсырма берді. Спорт кешендерін салуда Астанада ғана емес,
еліміздің барлық өңірінде қолға алынғанын. Жастардың спортпен шұғылданулары
үшін көптеген аудандар мен ауылдарда қолайлы жағдай жасалған. Көптеген
заманауи нысандар салынды. Олардың барлығы қазақстандықтардың игілігіне
қызмет етуі маңызды. Адамдарды спорттың кең таралған түріне тарту керек,
деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемді таң қалдыратын ұлттық ойындарымызды
жаңартар, жаңғыртар уақыт. Ата-ана, бала бақша тәрбиешілері және мұғалімдер
мен зейнеткер ата-әжелер қолға алса жақсы болар еді. Ұлтым дейтін ұлттық
дәстүрім дейтін, халқым жаппай бет алайық. Шенеуініктер мен әкімдер өздері
ойнауға кірісетін кез де алыс емес. Асық ойынының - баланың күн ұзақ
қыймылына, тәрбиесіне тигізер әсері мол.

3. Асық ойынының сан қилылығы мен алуандығын, көптеген қимыл-
тәсілдері

Ертеде Атырау мен Алтайдың арасындағы ұшы-қиырсыз сардаланы мекендеген
бабаларымыз кезекті жорыққа аттанар алдында соғыс тактикасын, стратегиясын
тақта тастың үстіне асықтарды шашып жіберіп түсіндірген екен. Соның әсері
шығар, қазақтың баласы ес біліп, етегін жабар-жаппастан асық ойынына ден
қояды. Әбден машықтанған соң, жерде тізіліп тұрған асықты көздемей-ақ атып
түсіреді. Көпті көрген көнекөздердің айтуынша, қазақ баласын көңіл
мергендігі ашылсын деп асық ойнатыпты. Себебі, дала заңы бойынша, атқа
қонған аламан шауып келе жатып жауына жебесін дәл тигізе білуі тиіс еді. Ал
бойыңда мұндай қасиетің болмаса ат үстінде қозғалып отырып көздеу мүмкін
емес. Мүлт кетесің.

Асық өзінің формасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ешкіден алынған
асықты кентай деп атайды. Себебі, оның формасы симметриялы емес, бір
жағына қарай қисықтау әрі кішкентай болып келеді. Ондай асықтар не сақаға,
не хан болуға жарамайды. Ал асық құлағанда қандай жағымен түскенін
анықтау үшін, төрт қырының да арнайы атауы бар.

АСЫҚ АТУ

Тәйкі

Алшы

Шік

Бүк

Асық иірудің өз атаулары бар.

Асықтың біз әзірге Үш табан, Шеңберден шығару, Көтеріспек
(тигізбекіл) сынды атып ойнайтын түрлерін ғана қарастырып отырмыз. Оның
себебі - асық ойынының осы түрлерін мектептің спорт залдарында, жаздыгүні
спорт алаңқайында ойнауға мүмкіндік бар.
Үш табан, Шеңберден шығару, Тигізбекіл немесе көтеріспек ойындарындағы
бірінші шарт - кезек анықтау. Кезекті төреші анықтайды.
Төреші - ойынның әділ жүруін қадағалаушы адам. Мектепте ол дене
тәрбиесінің мұғалімі немесе асық ойынын жақсы білетін кез-келген адам болуы
мүмкін.
Кезек анықтау былай жүзеге асады: Төреші ойынға қатысушылардың
сақаларын бір қолға жинап, шиырып шашу арқылы анықтап алады. Кімнің сақасы
бірінші болып алшысынан түссе, асықты сол бірінші, ал егер бір сақа -алшы,
тағы бір сақа тәйкі түссе, тәйкі түскеннің иесі екінші болады. Мысалы,
қатысушы 4 бала болса, сақаларды шиыра шашқанда бір алшы, бір тәйкі түссе,
олар сәйкесінше бірінші, екінші кезекті алады да, қалған екі сақа тағы
шиырылады. Қайсысы бірінші алшы не тәйкі түссе, сол үшінші болады.
Бір ескеретіні: сақаларды шиырып шашқанда, біреуі ғана тәйкі тұрып,
қалғандары бүк не шік түссе, бірінші кезекті тәйкі тұрған сақаның иесі
алады. Ал егер екі сақа бірдей тәйкі не алшы түссе, онда сол екі сақа жеке
иіріледі. Қайсысы алшы не тәйкі тұрады, кезек соныкі, ал екеуі де тұрмаса,
қалған сақаларға қосып, қайта иіріледі. Сақасы тұрмаған соңғы бала түпте
қалады. Түп - атуға тізілген асықтардың (түбі) жаны деген сөз.
Үш табанды - 2 немесе 3-4 бала (мектеп залында төрттен көп болмағаны
жөн) 1 (2) асықтан тізіп ойнайтын ойын.
Кімнен кейін кім екені жоғарыдағыдай амалмен анықталғасын, бірінші
бала тізілген асықтардың бір жақ бетіне шығып, қашықтау (тізілген асықтан
есептегенде 2,5 -3 метрден алыс болмауы керек) жерге сақасын иіреді. Сақасы
алшы немесе тәйкі тұрса, тізілген асықтарды атады. Атқанда асыққа тигізіп
қана қоймай, оны табанмен санағанда (адым емес) 3 табан қашықтықтан асыра
ұшыруы тиіс. Сонда ғана ол ұшырған асығын алады және ойынды жалғастырып,
сақасы тоқтаған жерден тағы атады. Егер тигізе алмай қалса, сақасы тоқтаған
жерінде тұрады. Кезекті екінші бала алады. Ол біріншіге қарама-қарсы жаққа
барып, сақасын иіреді, (сақасы тұрса, асықты атады) немесе түптен, яғни
өкшесін асық тізілген сызықтан қойып тұрып, бірінші баланың сақасын көздеп
атуына болады. Егер ол біріншінің сақасына тигізіп, 3 табан өлшемнен
асыра ұшырса, бірінші бала ойыннан шығады да, ортаға тізілген асықтардың
біреуі екінші балаға тиесілі болады. Ол да ойынды сақасы тоқтаған жерден
жалғастырып, тізілген асықтарды атады. Тиген асығын тиісті қашықтыққа
ұшырса, алады. Тигізе алмаса, бірінші сақаны күйдірген ақысына бір асығын
алады. Үшінші бала да қаласа, екіншінің сақасын атады. Қаламаса, екіншінің
сақасына қарама-қарсы, тізілген асықтардың екінші жағына 2,5-3 метр
қашықтықта сақасын иіреді. Алшы не тәйкі тұрса, тізілген асықты атады.
Сақасы тұрмаса, түскен жерінде тұрады. Енді алдыңғы екеудің бірінің сақасын
ату құқығына түптегі бала ие болады. Бірақ оның таңдау құқы бар. Қаласа,
түптен үш табан салып, санайды да сол жерден әлгі сақаны атады. Қаламаса,
түпке сақасын иіреді. Егер алшытәйкі тұрса, түптегі асықтарды шертуге
құқық алады. Бұл іс жүзінде ұтысты білдіреді. Өйткені, асық ойынында шерту
ең оңай тәсіл саналады. Егер сақасы тәйкі не алшы тұрмаса, ойыннан шығып
қалмаған балалар кезек ретімен асықты атады. Бұл кезде де жоғарыда айтылған
тәртіп ереже-сақталады. Тек бірінші атқан бала асыққа тигізе алмай қалса,
сақасы барған жақта тұрған екінші бала қаласа, әлгінің сақасын күйдіреді,
қаламаса ортадағы асықты атады. Ал түптегі бала екі жақтағы сақаның жақын
түскенін өзіне сенсе, атуына болады, бірақ бұл жолы үш табан салмай, түптен
тұрып атады. Ойын осылай тізілген асық біткенше жалғаса береді. Мұндайда
бірінші не екінші бала мерген болса, ойын кейде 2-3 минутқа ғана жалғасады.
Шеңберден шығару. Ойын шарты бойынша диаметрі 1,5-2 метрлік, кейде
одан да үлкен шеңбер сызылады. Қатысушы балалар шеңбердің дәл ортасына (5-6
бала болса, бір-бірден, 2-3 бала болса, екі асықтан) бір-бірден асық
тізеді. Тағы да сақаларын бір қолға жинап, шиыра шашады. Шарт бірінші
ойындағыдай. Ату кезегі сақаларының алшытәйкі тұруына қарай анықталады.
Сосын шеңберден ортасында тізілген асықтан есептеп, екі жаққа қарай адыммен
4-5 қадам жасап, белгі сызады да, сол сызықтан тұрып кезегімен шеңбердің
ортасында тізілген асықтарды атады.
Шарт бойынша ортадағы асықты шеңбер сыртына атып шығарған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асық ойынының түрлері және мәні
Асық ойынының бүгіні
Асық ату ойынының ережелері
Дене мәдениеті және спорт
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Ұлттық ойындар - рухани мәдениетті қалыптастыру жолы
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Ұлттық спортық ойындар
Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру
Пәндер