Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
Негізгі бөлім:
І бөлім. Сөйлем, оның зерттелуі.
1.1. Атаулы сөйлем, оның зерттелуі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-9
1.2. Атаулы сөйлемнің жасалуы, құрылымдық ерекшелігі ... ... ... ... ... 9-
20
II бөлім. Бір құрамды сөйлем,оның жасалуы.
2.1. Бір құрамды сөйлемдердің жасалу жолдары.
... ... ... ... ... ... ... ... .20 -27
2.2.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...27-29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе
Синтаксис саласы сөйлемді зерттейтін басты сала. Сөйлем белгілі бір
тиянақты ойды білдіретіні анық. Ол белгілі бір дәрежеде хабарды жеткізу
үшін қарым-қатынас қызметін атқарады. Сөйлемнің қолданысын зерттелуін
саралау, теориялық пікірлерді айқындау, сөйлем құрылымы өзекті мәселе болып
табылады. Синтаксистегі басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем –
пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың
біртұтас бөлшегі. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін
айқындайтын басты белгілері мыналар:
- сөйлем өзара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады;
- сөйлем біршама ойды, модальділікті білдіреді;
- әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады.
- сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты
білдіреді;
Тіл – адам қоғамы туындылары ішіндегі асылдың асылы, қымбаттың
қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі. Ол қоғам тарихының барлық
дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл
мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы
ғана қалыптасып, тіл арқылы ғана жарыққа шығады.
Тіл – адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды.
Өйткені тіл – қарым-қатынас құралы. Оның басты қызметі –
коммуникативтілігі.
Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу,
хабарласу, байланыс деген мағыналарды білдіреді. Ал тілдік коммуникация –
тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы , қоғамдық, ұлттық тіл арқылы
ұғынысуы, түсінісуі, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз.
Тілдік қатынас – адамдарға тән. Ол – ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі
бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі. Сөйлем тілдік
қатынастың орындалуына тікелей себепкер болады. Өйткені сөйлем –
коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін жұмсалатын тұлға. Тілдік
тұлға ретінде сөйлем біршама тиянақты ойды білдіреді, әрі адамдар
арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесу құралы болып табылады.
Курстық жұмысының өзектілігі.
Атаулы сөйлемдер жайлы теориялық тұжырымдарды бір арнаға тоғыстыру
өзекті мәселе болып табылады. Атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми көзқарастарды
жүйелеу, жасалуы мен құрылымдық ерекшеліктері сонымен қатар, бір құрамды
сөйлемнің жасалу жолдары негізгі мәселе болып табылады. Құрылымдық
грамматикада жай сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары жайлы
айтылғанмен, сөйлемдердің динамикаға түскендегі күйі жайлы сөз қозғала
бермейді. Сондықтан да атаулы сөйлемдердің теориялық тұжырымдарын бір
негізге түсіру менің курстық жұмысымның өзектілігіне айналып отыр.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі атаулы
сөйлем түрлерін, жасалуын, зерттелуін, құрамын анықтау. Сондықтан, менің
мақсатым – жай сөйлемдердің сөйлеу синтаксисіндегі орнын анықтау,
коммуникативтік қырларын ашып көрсету.
Сөйлемге коммуникативтік тұрғыдан қарау дегеніміз – оны сөйлеу единицасы
ретінде қарау екенін білеміз. Ал сөйлеудегі сөйлем – контекстегі сөйлеммен
анықталады. Демек, тіл тұрғысынан алғанда біз оқшау алынған сөйлемдерді,
олардың семантикалық құрылыммен берілуін қараймыз.
Жай сөйлемдердің барлығы дерлік коммуникативтік қызмет атқара бермейді.
Атап айтсақ, атаулы сөйлем қарым-қатынас құралы ретінде жұмсалмайды, яғни
коммуникативтікке қызмет етпейді. Олай дейтін себебіміз, синтаксистегі
сөйлемдерде, басқа да жай сөйлемдерде іс-әрекет , я болмаса белгіді бір
оқиға суреттеледі. Ал атаулы сөйлемдерде оқиға суреттеу сипаты жоқ, демек,
атаулы сөйлем бір ғана сөзден, немесе бір ғана сөз тіркесінен жасалып
табиғат құбылыстарын, қалыпты жағдайды тек суреттеуі ғана мүмкін. Мысалы:
Түн. Көкшетау қаласы. аталған сөйлемдерде ешқандай іс-әрекет суреттелмеген.
Тек статикалық күйде жұмсалатын атаулы сөйлем динамикаға түскен реплика
мәнді сөйлемдермен салыстырылады.
Жоғарыдағы мәселелердің барлығы сөйлемдердің коммуникативтілік қырларын
зерттеудің өзектілігін айқындай, дәлелдей түседі:
- атаулы сөйлемдердің мағыналық тобын айқындау;
- бір құрамды, атаулы сөйлемдердің жасалуын айқындау.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
туындайды:
- жай сөйлемдер туралы теориялық көзқарастарды жинақтап, атаулы сөйлемді
ғылыми негізде тұжырымдау;
- қазақ тіл біліміндегі атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми еңбектерді саралау;
- атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипатын айқындау;
- атаулы сөйлемнің көркем шығарма тілінде қолданысын талдау;
- коммуникация, тілдік қатынас терминдерінің мәнін ашу;
- сөйлемге қатысты толық мәліметтерді жинақтап, жүйелеу;
- соңғы кезде атаулы сөйлемге байланысты айтылып жүрген пікірлерді
қарастыру;
Зерттеу нысаны. Курстық жұмысының зерттеу нысаны атаулы сөйлем. Жай
сөйлемдердің бірі – атаулы сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері, оның
коммуникативтілікпен ара-қатынасы, атаулы сөйлемнің жасалуы құрылымдық
ерекшелігі, бір құрамды сөйлемдер сияқты мәселелер курстық жұмысымның басты
нысаны болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, М.Мағауин,
С.Мұқанов, Б.Майлин, Ш.Мұртаза, Ғ.Мүсірепов, Б.Нұржекеев, А.Нұрманов,
С.Сейфуллин, Н.Сералиев, Б.Соқпақбаев сияқты жазушылардың шығармалары
пайдаланылды.
І бөлім. Сөйлем, оның зерттелуі.
1.1Атаулы сөйлем, оның зерттелуі
Тіл - қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас
жасауда адамның ойын айтудың негізгі формасы.
Сөйлем - тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең
қажетті тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын
қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның (қабылдаушының)
қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші де болып табылады. Тілдік тұлға
ретінде сөйлем біршама тиянақталған ойды білдіреді, әрі адамдар арасындағы
қарым-қатынасты жүзеге асырушы - сөйлесу құралы.
Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация
беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті
атқара алмайды. Сөз де, сөз тіркесі де өз алдына, өз сапаларында пікір
алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана
жұмсалады, ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде,
солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай болғандықтан сөйлем де
сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлем - өзіне тән грамматикалық
құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. [1; 49].
Тіл білімінде сөйлемге берілген анықтаманың саны 300-ге жетіп қалады.
Мұның басты себебі зерттеушілердің сөйлемді әр түрлі категорияның қатарынан
түсіндіруінде.
Тіл білімі - философия мен логиканың қойнауынан шыққан ғылым.
Сондықтан да бұлар сөйлем сипатын ашуда логикалық категорияларға сүйенеді.
Аристотель заманынан бастап XX ғасырдың соңғы шеніне дейін сөйлем логикалық
байымдаумен тығыз байланыста қаралып келеді. Бұл екі ұғымды теңестіре қарау
да орын алған. Неміс тілі синтаксисінің маманы К.Ф.Беккер, орыс тілі
синтаксисінің көрнекті маманы Ф.И.Буслаев сөйлемге осы тұрғыдан келген.
Ф.И.Буслаевтың бұндай көзқарасы оның өзінен кейінгі синтаксис мамандарына
үлгі болып келді. Сөйлемді логикалық байымдаумен тікелей байланыстыру түркі
тіл білімінде де бар. Мәселен, Н.К.Дмитриев сөздердің тобы, байымдауды
білдірсе, сөйлем, байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі болатынын жақтайды.
Айта кету керек, мектепке арналған оқулықтарда Сөйлем дегеніміз
аяқталған, тиянақты ойды білдіреді дейтін анықтама осы күнге дейін бар.
Бұған дәлел ретінде 2004 жылы Ү.Ә.Асылов, Ә.Е.Жұмабаеваның авторлығымен
шыққан 4-сынып оқулығын келтіруге болады. Онда сөйлемге мынадай анықтама
берілген: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем
дейміз. [2;46]. Бұның нышанын жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі
оқулықтарынан да, тіпті, академиялық грамматикамыздан да көруге болады. Тек
бұл аталған еңбектерде сөйлемнің аяқталған, тиянақты ойды білдіретініне
қосымша біршама деген мөлшер айтылған.
Тіл білімінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында сөйлемді
түсіне білуде психологиялық бағыт көрініс тапты (Ф.Ф.Достунтов,
А.А.Шахматов). Бұл екі бағыттың өкілдері де сөйлемге анықтама беруде оның
өзіне тән айырым белгілерін ескеріп жатпады. Сөйлемді таза тілдік,
синтаксистік категория ретінде қарастыру кейінгі жылдарда жүзеге асты.
Соның нәтижесінде сөйлемнің тұлғалық және мағыналық жақтарынан тығыз
байланыста зерттеліп, оның өзіне тән заңдылықтары әр түрлі әдістің
негізінде жан-жақты ашылуда. [3; 365].
Атаулы сөйлем тарихи жазбалар мен фольклорлық шығармаларда өте сирек
кездесетіні фактілермен дәлелденді. Дегенмен, орын тәртібінің көне
замандағы алғашқы грамматикалық тәсілдерінің бірі екенін еске алсақ Атаулы
сөйлем шығу жағынан бірінші пайда болған деп қарауға болады. Әуелде сөйлем
бір-ақ сөзбен айтылған, ол диффуздық сөйлем бір қадірлі заттың атымен
айтылатын болған. Ол мифологиялық объектінің көрнісі еді. Әуелде бұл
сөздің, сөйлемнің мағынасы көп болған. Кейін сөйлем мүшелері көбейген
кезде, олар бір-бірінен ажырамаған. Осы күндері атаулы сөйлем мағынасы
тұтастығы жағынан инкорпорациялық құрылысқа жақын. Соңғы кездері әр рудың
ұраны да соның қалдығы - деген пікір ойлантпай қоймайды. [4;170].
Сөйлем – синтаксистің басты зерттеу объектісі, сан қырлы, көп
аспектілі, өте күрделі құрылымды тілдік бірлік. Сөйлем түрлерінің қайсысы
бұрын, қайсысы кейін пайда болғаны туралы пікір ғалымдарды ойландырары хақ.
Түркі тілдерін тарихи – салыстырмалы тұрғыда зерттеуші ғалымдардың
қайсысы да түркі тілінде есімді (номинативті) сөйлемдер қолданылғанын жоққа
шығармайды. Мұндай пікір есімді сөйлемдер қалыптасқан құбылыс ретінде
қолданылатын көне түркі жазба ескеркіштері арқылы дәлелденді. Осы айтылған
пікірді бір құрамды сөйлемдер үшін де қолдануға әбден болатынын
Е.Ағмановтың мына сөзінен байқауға болады: Сөйлемдер жүйесінің тарихын
айтқанда мына мәселені есте сақтау керек: біздің тіліміз де тілдік
элементтердің номинативтік және коммунативтік қызметтердің сараланбаған
көне бір кезеңін бастан өткізсе керек. Ол кезде сөздердің, сөз
тіркестерінің, сөйлемдердің бір-бірінен ара жігі ажырамауы толық мүмкін,
яғни бір тілдік бірлік (сөз) ұғымның атын да, аяқталған ойды да білдіру
үшін жұмсалған.
Қазіргі тіліміздегі атаулы сөйлемдердің болуы, кейде субъекті-
предикаттық қатынастардың бір ғана сөйлем мүшесі арқылы берілуі (айттым)
осыны дәлелдейді. [5; 35]. Егер ғалымның осы ойын шындыққа жақын дейтін
болсақ, онда барлық сөйлемдердің қалыптасу негізі атаулы сөйлемдер деуге
болады. Шындығында, адамдар ойының қарапайым да, балаң кезінде
сөйлемдердің осындай құрылымда келіп-ақ қатынас құралы болу міндетін атқара
алуы әбден мүмкін. Ал күрделі құрылымды сөйлемдердің қалыптасуы адамдар
ойының, қоғам дамуының күрделенуімен байланысты екені автордың мына
пікірінен байқалады: Кейін адамдардың өзін қоршаған сыртқы дүниені тануы
кеңейіп, ой өрісі дамыған шағында істі істеуші мен сол әрекетті білдіретін,
олардың істің объектісін ажырататын тілдік бөлшектер қажет болды, ол
бөлшектердің қызметін саралау қажеттігі туды. Бұл жағдайлар сөйлемдердің
осы күндегі құрылымдық элементтерінің қалыптасуына (бастауыштық,
баяндауыштық, толықтауыштық, пысықтауыш және анықтауыштық) тікелей әсер
етті. Сөйтіп, ғалымның пікірінше, атаулы сөйлемдер сөйлемнің ең алғашқы
құрылымдық үлгісі болып табылады да, сөйлемнің қалған құрылымдық түрлері
кейінірек пайда болған. Міне, осы пікірді қуаттау бізді түркі халықтарының
ең көне ортақ мұрасы болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштерінің өзі
халықтың ақыл-ойы әбден толысып қалыптасқан дәуірде жазылған деген
қорытынды жасауға мәжбүр етеді. Себебі бұл мұрада сөйлемнің барлық
синтаксистік мүшелері толық қатысқан әржақты құрылымда келген түрлері мол
кездеседі. Ғалым Ғ.Айдаров айтқандай, көне түркі жазбаларында бірлі -
жарым атаулы сөйлемдер кездесетін болса, оны қазіргі атаулы сөйлемдердің
пайда болуының басы деп түсінген орынды .[6; 56].
Қазіргі орыс және басқа түркі тілдеріндегі зерттеулерде бір құрамды
есімді сөйлемдердің түріне жатқызылатын атаулы сөйлемдер жай сөйлемнің
ерекше құрылымдағы түрі ретінде қазақ тілінде алғаш С.Аманжолов пен
С.Жиенбаевтардың еңбектерінде сөз болды. 1940 жылы жарыққа шыққан Қазақ
әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы деп аталатын оқулық еңбегінде
С.Аманжолов жай сөйлем жүйесін зерттеуге, тануға елеулі үлес қосты. Жай
сөйлемнің грамматикалық түрлерін толық тануға себепші болды. Сөйлемді тұтас
тұлға ретінде танып, оның грамматикалық сипатын тануда да Сәрсен Аманжолов
жасаған құнды, әрі бүгінде бағасын жоғалтпаған тұжырымдар бар. Жай сөйлем
жүйесін тануда С.Аманжолов ілгерілеткен жағдайдың тағы бірі – атаулы
сөйлемдердің аталуы. Бұл сөйлемдердің грамматикалық белгілері көрсетілген,
негізгі түрлері де аталған. [7; 135].
Синтаксисті зерттеген ғалым М.Балақаев. Атаулы сөйлем түрлеріне
өзіндік көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады.
1954 жылы қазақ тілі мамандарының көп жылғы зерттеу жұмыстарының
қорытындысы іспетті алғашқы академиялық грамматика жарыққа шықты. Бұл
еңбекте де жай сөйлемнің құрылымдық түрлері ретінде атаулы сөйлемдер
аталды. Еңбекте сөйлемдерді жіктеуде олардың негізінен синтаксистік
ерекшеліктері ескерілгені байқалады.
1967 жылы шыққан академиялық "Қазақ тілі грамматикасында" атаулы
сөйлем бөлек қаралып, А.Әбілқаев атаулы сөйлем құрылымы мен мағынасы
жағынан жай сөйлемдердің бірде-бір түріне ұқсамайды деп, мынадай белгілерін
атап көрсетеді:
а) тұрлаулы мүшелерге талданбайды;
ә) баяндау қасиеті болмайды;
б) өзіне тән айырым интонациясы бар сөйлем деп атайды. [8; 89].
Бұл сипаттамаларға қарағанда, сөйлем мүшеленбейтін немесе сөз-сөйлемге
жақындатылатын сияқты. Бірақ бұл жағы анық көрсетілмейді.
Жазылуы осы еңбектпен тұстас келетін О.Төлегеновтың "Жалпы модальді
және мақсат мәнді жай сөйлем типтері" еңбегінде тіл білімінің көз аясына
түскен сөйлемдерді мағыналық, құрылымдық формаларын түгел қамтитын, әрі
саралап танытатын топтау принципін атады. Құрылымына қарай жай сөйлемдерді
екі бас мүшелі (екі кұрамды) сөйлемдер, бір бас мүшелі (баяндауышты)
сөйлемдер, мүшеленбейтін сөйлемдер деп, негізгі үш топқа бөлген.
Мүшеленбейтін сөйлемдер деп автор "қалыпты құрылымды емес", яғни
сөйлем мүшесіне талдауға келмейтін құрылымды атаған.
Мүшеленбейтін сөйлемдерді лексикалық-грамматикалық жасалу
ерекшеліктері жағынан қарағанда үш топқа бөледі: есімдерден құралған
(атаулы) сөйлемдер, арнаулы модальдік сөздерден құралған сөйлемдер және
одағайлардан жасалған сөйлемдер. Одан кейін автор бұл жіктеу түрін
негіздейтін фактілерге немесе аталған сөйлем түрлеріне тоқталмайды. Бірақ
бір байқалатын нәрсе - сол тұстағы ғалымдар атаулы сөйлемді мүшеленбейтін
сөйлем қатарына жатқызады. [9; 42].
1.2. Атаулы сөйлемнің жасалуы, құрылымдық ерекшелігі.
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы жағынан,
мағынасы жағынан жай сөйлемдер жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды,
толымсыз сөйлемдердің бірде-бір түріне ұқсамайды:
1. Атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды;
2. Оған ұйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп айта
алмаймыз;
3. Тірек мүше зат есімнен болып, атау септікте тұрған соң ғана, оны
бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деуге болады;
4. Бірақ оны сыртқы ұқсастығына қарап бастауыш ыңғайындағы сөйлем
дегеніміз болмаса, бастауышпен тең мүше бола алмайды;
5. Атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құбылысты, болмысты атап қана
көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті
болмайды;
6. Атаулы сөйлемде интонация бар;
7. Шаққа қатысты мағына бар.
Атаулы сөйлемнің жасалуы.
Атаулы сөйлемнің жасалуын сөз еткенде, алдымен, оған ұйытқы, тірек болатын
сөздің қай сөз табынан болатындығын қарастырамыз.
1. Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз — негізінде зат есім. Ол
әрқашан атау септік формасында айтылады. Алайда кез келген зат есім
атаулы сөйлем жасауға қатыса бермейді (мысалы, кісі аттары,
дерексіз зат атаулары т. б. көбінесе мекен, мезгіл, табиғат
болмысы, нәрсе, бұйым атауларын білдіретін зат есімдер атаулы
сөйлем жасауға арқау болады.
Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басын ала тұлымшақтай болып өскен
шоқ-шоқ ағаш. Осы бұйрат-адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап.
(Мұстафин). Серуен көңілді болды. Сұлу көктем. Көк масаты тау. Жұпар ауа.
Әндетіп, сайрап жатқан бұлбұл. Алуан бояулы әсем гүл. Қала тәртібін көп
көрген Нұрғали Бағилашына гүл жұлып беріп, көтертіп қойды. (Әбілев).
Алынған мысалдағы атаулы сөйлемдердің қай-қайсысында болсын оның
жасалуына арқау болып тұрған сөздер— бұйрат, адыр, ағаш, көктем, тау, ауа,
бұлбұл, гүл деген сияқты конкретті зат атаулары.
Зат есімдердің ішінде дербес тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те
атаулы сөйлем түрінде айтылуға бейім сөздер болады. Олар: қыс, жаз, көктем,
күз, түн, кеш деген мезгіл мәнді зат есімдер мен ай, күн аттары: аяз, жел,
боран, тұман, дауыл деген сияқты табиғат құбылысын білдіретін атаулар:
қала, ауыл, өндіріс және басқа да мекен мәнді білдіретін жер-су аттары т.
б. Алайда бұл сияқты дербес тұрып, атаулы сөйлем бола алатын сөздердің
толық тізімін беру, тек осылар ғана болады деп үзілді-кесілді айту мүмкін
емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей сөздер тобының үнемі дерлік
атаулы сөйлем жасауға қатысатынын айтпай кетуге тағы да болмайды.
Мысалы: Жаз. Қар кеткеннен кейінгі қара жер жасыл желек жамылған сұлу
келіншекше жасарған. (Сейфуллин). Тамылжыған ыстық жаз. Шағырмақ көк
аспанда селдіреп ақша бұлттар қалықтайды. (Соқпақбаев). Кеш. Ымырт жабылып
барады. (Майлин). Күзгі кеш. Әлі ымырт жабылмаған кез. Терезе алдындағы,
жапырағы сарғайып, тербелген сайын, түсіп сұйыла бастаған селдір ағаштардың
ішінде төрт-бес бала ойнап жүр. (Лекеров). Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен
оянып, далаға шықтым. (Жансүгіров). Жалпақ дала. Ұзын жол. Әскер жүріп
келеді. (Есенжанов). Көктем. Ауыл Достық дөңіне кеп үй тігіп жатыр.
(Мұқанов).
Алынған мысалдарда жаз, кеш, дала, түн, көктем деген сөздер дербес
тұрып та, тамылжыған ыстық жаз, күзгі кеш, жалпақ дала деген сияқты басқа
сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем жасауға арқау болып тұр.
Кейбір зат есімдер дербес тұрып, өздігінен атаулы сөйлем бола
алмайды, тек басқа сөздермен тіркесіп, атаулы сөйлемге арқау болады.
Мысалы, түн деген сөз дербес тұрып, атаулы сөйлем жасаса, оның антонимі күн
деген сөз өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, басқа сөзбен тіркесіп
барып, атаулы сөйлем жасайды. Сол сияқты жыл, ай, уақыт, мезгіл, шақ, кез
деген мезгіл мәнді зат есімдер де басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда,
атаулы сөйлемге арқау болады.
Мысалы: Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Колхозда
ұйықтамаған үй кемде-кем. (Мұстафин). Күн кешкірген мезгіл. Жаңа салынған
үйлердің біріне шаңданған бір автомобиль келіп тоқтады. (Сейфуллин). Май
айы. 1918 жыл. Петрконың күйген кірпіштен салған екі қабат тас болат үйі.
Үстінде Совдеп, астында Жас қазақ ұйымы. (Талжанов). Ымырт жабылған кез.
Ауыл тағы да үрпиісіп отыр. (Сейфуллин).
2. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі көмекші есімнен де болады. Бі-
рақ көмекші есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байла-
нысып, тәуелдік формада тұрады. Арқау сөзі көмекші есімнен болған
атаулы сөйлемдер оқиғаның болған мекені мен мезгілінің тұтас қал-
пын емес, оның бөлшегін, белгілі бір кезеңін, шегін көрсетеді.
Мысалы: Май айы. Таң алды. Ауыл Нұра бойында. (Сейфуллин). Мамыр
айының басы. Көк әлі шыққан жоқ. (Жансүгіров). Июль айының жуан ортасы. Мал
базарында халық сапырылысып жүр. (Талжанов). Қараңғы. Шахта асты. Сүлеймен
етпетінен түсіп жатыр. (Ерубаев). Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы
көлшіктің қасы. Көлшіктің жағасындағы көк ала қамыс,көлшік судыр құрақтар —
айнаның жиегіне салған әдемі өрнек сияқты. (Сейфуллин).
Алынған мысалдардағы таң алды, мамыр айының басы, июль айының жуан
ортасы деген көмекші есімді атаулы сөйлемдер мезгілдің белгілі бір жуық
шамасын көрсетсе, шахта асты, Көкшетау маңы, айнадай тұнық сулы көлшіктің
қасы деген атаулы сөйлемдер мекен-орынның жуық шамасын білдіреді.
3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен
болады. Бұл да көмекші есімдер сияқты, өзінен бұрынғы сөзбен
матаса байланысып, тәуелдік жалғауда тұрады; көбінесе мезгіл мәнді
сөздермен тіркеседі және мезгілдің болжалды, белгісіз шегін
көрсетеді.
Мысалы: Октябрь айы еді. Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай
аулы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді.
(Сейфуллин). 9 май. Соғыстан кейінгі жылдардың бірі. Өзіміздің Алматы.
Көгілдір аспанда жүзген күннің шұғыласында да ерекше бір жылылық бар.
(Лекеров).
4. Кейде атаулы сөйлем мезгіл мәнді үстеуден, шылаулы сөз тір-
кесінен де болады.
Мысалы: Қыстыгүні. Сақылдаған сары аяз. Бес төсектің иелері бәріміз
де қазір үйдеміз. (Соқпақбаев).
Сонымен, атаулы сөйлемнің жасалуында оның арқау сөзі болып,
негізінде, зат есім, одан соң көмекші есім, бір деген белгісіздік есімдік,
кейбір мезгіл мәнді үстеу мен шылаулы сөз тіркесі қатысады.
Атаулы сөйлемнің құрылымы.
Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден, негізгі сөз бен көмекші сөздің
байланысынан немесе сөз тіркесінен болады. Бұлай деуіміз, бір жағынан,
атаулы сөйлемнің қандай жолдармен жасалатындығын аңғартса, екінші жағынан,
оның өз ішінде бір-бірінен құрылымдық (структуралық) айырмашылығы болатынын
да аңғартса керек. Ол айырмашылық сыртқы түр-тұрпат, ішкі мазмұн-мағыналық
жақтан да анық көрінеді. Негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан болған
атаулы сөйлемде көмекші сөз негізгі сөзге грамматикалық мағына
үстейтіндіктен, оның лексика-грамматикалық мағынасы бір сөзден болған
атаулы сөйлемге қарағанда күрделірек, ойдың саралануы басымырақ болып
келеді. Ал, сөз тіркесінен болған атаулы сейлемде лексикалық та,
грамматикалық та мағыналардың бірдей қатысатындығынан зат, болмыс туралы
кеңінен түсінік беріледі, сипаттау, суреттеу сияқты бейнелік әсер күшті
болады.
Мысалы, март деген сөздің қатысуына байланысты атаулы сөйлем мына
құрылымда кездеседі: март— марттың іші (басы, ортасы, аяғы) — март айы,
март айының басы — март айының бас кезі — 10 март т. т.
Бұлардың бәрі мезгіл мәнді атаулы сөйлем болса да, сол мезгілдік
мағынаның берілуі бәрінде біркелкі емес: март және март айы дегендер
оқиғаның басқа айда емес, тек сол айда болғанын жалпы көрсетеді; март
айының іші — мағынасы жағынан март, март айы дегенге жуық келгенмен, оның
тұтас қалпын емес, бөлшектелетін қалпын көрсетіп тұр; марттың басы —
марттың аяғы — марттың ортасы дегендер марттың іші деген бөлшектелетін
мезгілдік ұғымның нақты бөлшегін атайды; март айының басы — март айының бас
кезі дегендер мағыналық жақтан марттың басы дегенмен тең түседі; 10 март
деген атаулы сөйлем мезгіл мәнін тұспалдап айтпай, нақты көрсетеді.
Мағыналық жақтан осындай өзгешелік болса, олардың құрылымында сол мағынаға
әсер ететіндей тағы да ерекшеліктер бар: март — март айы дегендер мезгілді
көрсетуі жағынан ешбір айырмасы болмаса, март айы тіркес түрінде
болғандықтан, олардың арасында жекенің жалпыға қатысы, жалпылық ұғымды
анықтау, нақтылау сияқты грамматикалық мағына беріледі.
Марттың басы — марттың бас кезі дегендерде мезгілдік мәнде беруде
айырма жоқ, бірақ олардың құрылымында сөздердің өзара байланысуы жағынан
айырма бар: марттың басы — матасу жолымен байланысып тұр; марттың бас кезі
дегенде де матаса байланысу бар, алайда ондағы матасу ілік септік пен
тәуелдік жалғау жалғанған сөздердің жалаң өздері арқылы болмайды, бас деген
көмекші есімді де қоса қамтиды; демек, бұл байланыста кез деген сөз
өздігінен март сөзімен байланыспай, бас деген сөз арқылы ғана, яғни бас
кезі деген түрде ғана байланысады.
Атаулы сөйлем негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан немесе сөз
тіркесінен болғанда, оның құрамындағы сөз саны екіден бастап әлденеше сөзге
шейін жетеді.
Мысалы: Май айы. Таң алды. Түнгі Москва. Октябрь вокзалының алды.
Паровоздың гүрілі. Трамвай жүре бастаған. (Ерубаев). Жаздың бір желсіз
күні. Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол. Бір
автомобиль бұрқыратып, дүрсілдете зымырап келе жатыр. (Сейфуллин). Алынған
мысалдарда май айы, таң алды, түнгі Москва, паровоздың гүрілі дегендер екі
сөзден болған атаулы сөйлем болса, жаздың бір желсіз күні деген атаулы
сейлемнің құрамында төрт сөз, Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп
шұбалған қара жол деген атаулы сөйлемнің құрамында тоғыз сөз бар.
Кейде атаулы сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлем де болады. Мысалы:
1919 жылдың көктемі. Қар жаңа ғана еріп, ала сапыран болып жатқан уақыт.
Екі жігіт Есіл өзенінің жар қабағын жағалап келе жатырмыз. (Мұқанов). Күн
суытып, солтүстік участоктардың бойына қар жауа бастаған кез. Түн тастай
қараңғы. Қатты жел ышқына соғып тұр. (Тыныкин).
Алынған мысалдардың ішінде уақыт деген сөзге аяқталған атаулы
сөйлемнің құрамында қар жаңа ғана еріп деген бағыныңқы сөйлем, кез сөзіне
аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында күн суытып деген бағыныңқы сөйлем
қатысқан. Атаулы сөйлемнің бұл сияқты көп құрамды түрі, яғни құрамында ырду-
дырду әлденеше сөзі бар түрі бір сөзден не екі сөзден болған түріне
қарағанда контекске онша тәуелді болмай, өздігінен сөйлем бола береді.
Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бірыңғайласып, шоғырланып та келе береді,
мысалы: Жер барактың іші. Әйел мен баласы. Сүлеймен отыр. (Ерубаев). Салқын
кеш. Мәдениет сарайының алды толған халық, ырду-дырду, шат-шадыман
өмір... Пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт. (Мұқанов). Кең алаңда
митинг. Толқыған халық теңізі. Теңіз толқынында жүзген желкендер — қызыл
тулар. Жиылыс. Парад. Митинг. Ту, топ, қару, халық. (Жансүгіров).
Келтірілген мысалдардың ішінде әйел мен баласы, пар-пардан
қолтықтасқан қыз бен жігіт деген атаулы сөйлемдердің арқау сөздері мен, пен
жалғаулық шылауы арқылы байланысып, бірыңғай мүше түрінде айтылған. Ал,
басқа атаулы сөйлемдердің кейбіреулері жалғаулық шылаусыз байланыспай,
іргелес топтала, шоғырлана орналасып, бірыңғай мүше интонациясымен айтылса
(ту, топ, қару, халық), енді бірлеулері өз алдына жеке айырым интонациямен
айтылған (Жиылыс. Митинг. Парад.).
Атаулы сөйлемнің мұндай шоғырланған түрлерінің арасына жазуда нүкте
не үтір белгілерін қою — олардың ұласпалы интонациямен немесе айырым
интонациямен айтылуын аңғартады. Кейбір атаулы сөйлемдер шоғырлана, топтала
айтылғанда, соңғылары алдыңғысының мағынасын айқындау, дәлдеу, нақтылау
үшін тұрады, мысалы: Түн. Айлы емес, қараңғы түн, жаз түні. Кейде ақырын
ғана желпіп өткен жел айқара ашық терезеден болар-болмас білініп қалады.
(Райымқұлов). 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы — августың бас кезі. Қалың
жаңбыр жауып ашылған.(Сейфуллин).
Атаулы сөйлемді мағыналық түрлеріне қарап үш топқа бөлуге болады:
мекен атаулы сөйлем, мезгіл атаулы сөйлем және зат атаулы сөйлем.
1. Мекен атаулыға жалпы және жалқы есімді мекен атаулары:
жер, су, орман, тау атаулары және қала, ауыл, мекеме, ұйым, завод,
фабрика, үй, бөлме тағы басқалар жатады. Мысалы:
Қалың тоғай. Күркіреп таудан аққан өзен. Кешкі тау қойынынан салқын леп
келеді. (Лекеров). Міне, тағы да жаз. Нұра өзенінің бойы. Танабай ауылы.
Танабай ауылында едәуір өзгеріс болған. (Сейфуллин). Институт директорының
кабинеті. Көзілдірікті директор отыр. Кабинетке Рахмет кірді. (Ерубаев).
Сегіз қанат үй. Жабыққа тіреле жиналған жасау жүктің астында Баянның
шеберлері жасаған сүйекті, оюлы, сырмайлы жүк аяқтар сіресіп тұр.
(Жансүгіров).
2. Мезгіл атаулыға мезгіл мағынасын білдіретін күн, ай, жыл
атаулары және мезгілдің белгілі бір мөлшерін білдіретін шақ, кез,
түс, түн, қараңғы, кеш, күз, жаз, көктем, қыс, қарсаң, қара көлеңке
уақыт, бейуақ деген сияқты атаулар жатады. Мысалы:
Февраль, 1917 жыл. Күн шытымыр суық. (Әбдіқадыров). 10 июнь. Бүгін
тіптен қуанышты күн. (Ерубаев). Іңір әлеті. Үй іші қара көлеңке. (Майлин).
Түн. Ай сүттей жарық. (Шашкин). Шаңқай түс. Саяси бөлім бастығының кабинеті
лық толы адам. (Тыныкин). 1913 жылдың көктемі. Ауылдың Досқа келіп, жаңа
үй тіккен кезі. Нұртазаның үйіне қонақ келді. (Мұқанов).
3. Зат атаулы сөйлемдер өзінің мағынасы жағынан алуан түрлі
болып келеді. Әсіресе көркем шығармаларда зат атаулы сөйлемдер жиі
қолданылады. Олар:
а) Табиғат құбылысының түрлі көрінісін білдіреді. Мысалы:
Түн. Ысқырып соққан жел. Бұрқыраған боран. Екі жақта да, тырс
еткен мылтық даусы жоқ. (Лекеров). Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл.
Қопарып ұшырғандай Кавказ тау. (Мұқанов).
ә) Үй жиһазы, оқиғаға байланысты басқа да зат атаулары қолданылады.
Мысалы:
Ойымызды дәлелдеу үшін төмендегі мысалдарды келтірсек. Олар:
"Бұқпа" газеті. Мақаланың тақырыбы "Алланың назарында табысқан
тағдырлар".
1. Қала. Көліктер мен адамдар араласқан ағым. Көше. Аспан түстес мешіт.
Алланың үйі. Адасқандар пана табатын жер. Жаның жай табатын жер. Сұрақтарға
жауап табылатын жер. Жайылған алақан. Садақа. Санаусыз уақыт. Сілкінген
жұрт. Иә, аллам, кешіре гөр құлыңды!
..Мешіт. Қасиетті Құрбан айт мерекесі. Адамдар. Ойлар. Дұға- тілектер.
Жаюлы алақандар. Кешірім сұраушылар мен кешірім етушілер және кешірім...
2. Бұл мәтін зат атаулы сөйлемдерге құрылған.
3. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz