Көкшетау қаласының экологиясы
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Негізгі бөлім
1. Атмосфера құрамы және
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Қазақстандағы экологиялық
ахуал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Атмосфераның
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 26
II.Зерттеу бөлімі
2.1 Көкшетау қаласының
экологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 32
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 33
Қосымша
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміздегі аса күрделі мәселелердің бірі-ол экологиялық
проблемалар екені анық. Экологиялық проблемалардың әлемдік тұрғыда
глобалдық масштабты қамтуы мемлекет пен бұқра халықтың назарын өзіне
аударуда.
Евразия материгінің ортасында орналасқан тәуәлсіз Қазақстан жеріндегі
бүгінгі ахуал уақыт өткен сайын нашарлай түсуде.Оған дәлел ретінде Арал
теңізінің ауыр халі мен табиғат ресурстарын тиімсіз һәм сауатсыз
пайдаланған көптеген кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізіп жатқан зиянды
әректтерін айтсақ жеткілікті. Әсіресе, Каспий теңізі бойындағы жер
қойнауынан мұнай өндіруші кәсіпорындардың Теміртау,Өскемен,Балқаш
қалаларындағы ірі кен орындары мен кәсіпорындардың атмосфера мен гидросфера
қабаттарын аяусыз ластап жатқаны-қоршаған ортаға үлкен қауіп
төндіруде.Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы жаңа технологиялардың пайда
болуына зор ықпалын тигізді. Ол үрдіс экономикалық дамудың
модернизациялауыңа әкеліп соғуда.
Дегенмен, аталмыш экономикалық реформалардың белең алуы заңды құбылыс
екенін атай отырып, болашақта шикізат пен өнім өндіру барысында, жаңа
технолгияларды енгізумен қатар экологиялық қауіпсіздік мәселесін ескеру
қажет екенін естен шығармаған абзал.Осындай жауапты кезеңдерде баршамызға
экологиялық білім мен таным аса қажет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Қазіргі Жер планетасында қалыптасып отырған экологиялық күрделі
жағдайлар әлем мемлекеттерінің бірлесе,ынтымақтаса күш-жігер жұмсауын талап
етеді.Осыған орай келісілген халықаралық конвенцияларда экономика мен
экологиялық байланыстарға зор маңыз берілген.Қазақстандық тұрақты даму
бағдарламасына, Орхусс конвенциясында жұртшылыққа,әсіресе жас
ұрпаққа,оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру,осы сала бойынша
халықты нақты ақпараттармен қамтамасыз ету ісін жақсартудың шаралары
белгіленген.
Экологиялық білім мен тәлім-тәрбиенің алғашқы әліппесін біз өзіміздің
тұрғылықты жеріміздегі табиғи ортамызда болып жатқан әр алуан экологиялық
құбылыстарға терең назар аударудан бастағанымыз дұрыс деп санаймыз.Бүгінгі
әр жас ұрпақ өкіліне заман талптарына сай жаңа ақпараттар һәм танымдық
технологиялар жетістіктерін игерумен бірге экологиялық білім алу
қажеттілігі туып отыр.Бұл орайда,Ақмола өңіріндегі астықты алқаптардағы
галофиттілігі жоғары дәнді-дақылдардағы агроэкологиялық мәселелер жөнінде
зерттеу жүргізу қажет деп санаймыз.
Өнеркәсіп мекмелерінің энергетика жүйелері мен трнсопрттардың
тмосфераға су қоймалары мен жер қойнауынан шығарындыларының бөлінуі
әсерінен жер шарының ейбір аудандарының ластануы санитарлық нормадан әлде
қайда көп болып отыр.
Атмосфера өнеркәсіптің қалдықтарының құрамындағы азот, көміртегі,
күкірт қышқылы шаң тозаңдармен араласып қатты ластануда.
Өзендер мен су қоймалары мұнай және олардың қалдықтары органикалық
және минералды заттармен, топырақтар болса шлак, күл, өнеркәсіп қалдықтары,
қышқылдар, металдардың ауыр тұздары тағы басқа қосындылармен араласып
экологиялық апат әкелуде.
Адам тұратын мекен жай-қоршаған ортаның физикалық,хииялық және де
биологиялық факторлардың әсерінен адам денсаулығы мен оның қызметіне
тікелей немесе жанама әсер етуде Атмосфералық ауа адам өмірінің, өсімдік,
және жануарлар әлемнің,заттардың табиғи айналамының негізінің көзі ғана
болып қоймай, сонымен қатар энергия алу мен өнім және шикізаттың өңдеу
материалдарымен байланысты технологиялық процесс болып та қызмет етеді.
Атмосфералық ауаны сақтау және сапасын жақсарту, оны адамның
экологиялық қауіпсіздігін қаматамсыз ету үшін қалыпқа келтіру. Табиғат-
бәріміздің ортақ үйіміз.ол шекара таңдамайды.Сондықтан оны аялап,байлығын
тиімді пайдалану да бүкіл адамзаттың ортақ міндеті. Табиғаттың бермесін
тартып аламыздеп тасыр мінез танытудың ащы зардабын тартып отырғандардың
бірі осы,өзіміз ғой. Арал мен Балқаш,Нарын мен Семей жаралары созылмалы
дертімізге айналды емес пе?Оның салдары қашанға дейін барарын әлі ешкім
болжап білмейді.
Демек, табиғатты аялап сүйе білумен бірге оның байлықтарын қорғап
арттыра беруге де мықтап көңіл бөлуіміз керек. Ол үшін халқымыздың
экологиялық білімін жетілдіре түскеніміз жөн. Экологиялық сауаттылықтан
салауаттылыққа бастайтын тәрбиені жетілдіру-қазір кезек күттірмейтін
мәселелердің біріне айналып отыр.
I. Негізгі бөлім.
1. Атмосфера құрамы және маңызы
Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті
болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегімен сирек
кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан
тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ
молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера
бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км
биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды.
Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып
отырады.Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп
аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Атмосфера —салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып,
қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі
газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі
бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми
деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген
күйде болады.
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы
болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан онын сапасы,
тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі.
Оның массасы 5,157-1011 т. тең.
Атмосфераның жоғарыдан көрінісі
Атмосфераның қырынан көрінісі. Бұл көрініс атмосфераның қабаттарын
көруге мүмкіндік береді
Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты
ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т
шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан
тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Шамамен 100
км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%,
оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл
газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы
криптон, ксенон, неон, гелий және с утек газдары өте аз мөлшерде болады.
Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты
болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл
газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде
қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек
басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде
болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен
турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі
бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді,
ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді.
Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен
тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын
пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының
химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты
Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі
организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай
көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп
шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады.
Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері
(температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан
атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп
аталатын қабаттарға бөледі.
Атмосфера қабаттары
Тропосфера — атмосфераның ең төменгі және тығыз қабаты, мұнда ауаның 4
5 бөлігі шоғырланған. Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер
мен жыл мезгілдері бойынша өртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа
есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10—12 км-
ге, ал экватор үстінде 15—17 км-ге дейін созылады. Бұл қабатта атмосфера
құрамындағы су буының барлығы дерлік шоғырланған, мұнда бұлттар мен
тұмандар пайда болып, ауа райы қалыптасады. Тропосферада ауа температурасы
шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы
бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте — 55°С болса,
экваторда бұл көрсеткіш — 70°С-қа төмендейді.Ол атмосферадағы барлық су
буларын қамтып, өте-мөте мөлдір боп келеді де, жерден шыққан жылудың
едәуірін өзіне сіңіреді. Бұл жағдай осы қабаттағы су булары мен бұлттардың
болуына байланысты. Сондыңтан тропосфера көбінесе жер беті арқылы қызады.
Оған температураның жоғарыдан төмен қарай тез ысуы (шамамен әрбір километр
биіктікке +5°) дәлел. Температураның мұндай өзгеруі ауаның вертикалды
бағытта араласуына, су буларының қанығуына, бұлттардың түзілуіне, жауын-
шашынның жаууына және басқа да ауа райымен байланысты құбылыстарға әкеп
соғады да, климат пен ландшафтының вертикальды зоналарын құрайды.
Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қальцдығы 1—2
км) арқылы атмосфераның келесі қабаты — стратосфераға ауысады. Стратосфера
шамамен 50—55 км биіктікке дейін созылып жатыр. Ауа құрамындағы озоттың күн
радиациясын сіңіруіне байланысты бұл қабатта температура биіктеген сайын
артады. Шамамен 25 км биіктіктен соң ауа температурасы күрт жоғарылай
бастап, 50 км биіктікте максимум шамасына (ГС) жетеді. Шамамен 15—70 км
биіктікте оттектің біраз бөлігі ультракүлгін сәулелер әсерінен атомдарға
ыдырайды. Бос атомдар құрылымын сақтап қалған оттек молекулаларына қосылып,
озонның үш атомды молекулалары түзіледі. Стратосферада бұл процеспен қатар
керісінше реакциялар, яғни озонның қайтадан ыдырауы қоса жүреді. Озон
негізінен 25—30 км биіктікте шоғырланады, бұл қабатты озотты деп те атайды.
Қазіргі кезде озон қабатының жұқаруы шешімін ташаған ғаламдық экологиялық
проблемаға айналып отыр.
Стратосфера
Тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера
қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің
ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына
байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км
биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады,
ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке
барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы
мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера
деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі
қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.
Мезосфера
Мезосфера (грек. mesos — ортаңғы және sphaіra — шар) — атмосфераның 50 —
80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты)
мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада
жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С
шамасында.
Атмосфераның ең жоғарғы қабатында өте жоғары температура (1000—
1500°С) байқалады, сондықтан бұл қабатты термосфера деп атайды. Термосфера
өз кезегінде зарядталған бөлшектерден (иондар) тұратын ионосфера мен
"сыртқы атмосфера" деп аталатын экзосфераға жіктеледі. Термосферада
газдардың температурасы ете жоғары болғанымен, ауаның сиректігіне
байланысты осында орналасатын Жердің жасанды серіктеріне қызып кету каупі
төнбейді.
Ионосферадағы иондалу Күннен келетін ультракүлгін радиация әсерінен
жүреді. Ионосферада ғарыштың бөлшектердің ауа бөлшектеріне соқтығысуынан
айрықша жарқырау пайда болады. Жоғары ендіктерде байқалатын бұл электрлік
құбылыстар полярлық шұғыла деп аталады. Экзосферада ете жоғары жылдамдықпен
қозғалатын жеңіл газдардың бөлшектері ғарыш кеңістіғіне шашырап кетеді.
Соңғы кезге дейін экзосфера, сонымен бірге жалпы Жер атмосферасы 2000—3000
км биіктіктен соң таусылады деген үғым бар болатын. Қазіргі заманғы
ғарыштық зерттеулер бойынша экзосферадан шашыраған сутектің Жердің
айналасында шамамен 20 000 км биіктікке дейін созылатын жер тәжі деп
аталатын түзілісті құрайтыны анықталып отыр. Қазіргі кезде ғарыштық
техниканың көмегімен атмосфера қабаттары қарқынды түрде зерттеліп
жатқанымен, оның жоғары қабаттарының адамзатқа түсініксіз құпиялары әлі де
болса жетерлік.
Атмосфераның жылынуы. Күн энергиясы — Жер шарындағы тіршіліктің арқауы
және көптеген табиғи процестердің қозғаушы күші. Жер шары Күннен жылына
5628 -1021 Джсм2 энергия алады, бұл жалпы күн энергиясының 2 миллиардтан
бір бөлігі ғана. Соған қарамастан бар болғаны 36 сағ ішінде Күннің Жерге
беретін жылуының мөлшері дүниежүзіндегі барлық электрстансыларының жыл бойы
өндіретін энергиясына пара-пар болады.
Сендер өткен сыныптардағы география сабақтарынан күн радиациясының
тура, шашыранды түрлері болатының және олардың жиынтық радиацияны
құрайтынын білесіндер. Шашыранды радиация үлесіне, шамамен, Күннен келетін
радиация мелшерінің 25%-ға жуығы тиесілі. Жиынтық радиацияның жылдық
мөлшері күн сөулелерінің жер бетіне түсу бұрышына, атмосфераның
мөлдірлігіне және жарық түсу ұзақтығына тәуелді. Жалпы алғанда, жиынтық
радиация мелшері экваторлық және тропиктік ендіктерден полюстерге қарай
азаяды.
Жер бетінің күн сәулесін кері шағылдыруы альбедо деп аталады, оның
көрсеткіші жердің төсеніш жамылғысының сипатына байланысты болады. Мәселен,
жаңа жауған қар күн радиациясының 90%-ға жуығын шағылдырса, құм 35—40%,
өсімдік жамылғысы 10—25%, ал ылғал топырақ 5%-ын ғана кері қайтарады
(жиынтық радиацияның жер бетіне жұтылған бөлігін не деп атайды?). Шағылу
есебінен күн радиациясының 5—20%-ға жуығы жоғалады. Шағылған радиацияның
басым бөлігі әлем кеңістігіне сіңіп жоқ болады.
Атмосферада күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су
тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін
радиацияның 15—20%-ы жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы
атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез
келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу
атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен
жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін радизциялық
баланс немесе қапдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері
экватордан полюстерге қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде
радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктер
аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.
Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онъщ үздіксіз өзгерістері
атмосфераның жылу режімі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта
арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған
радиация тәулігіне ауа температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады.
Сондықтан атмосфераның жылу режімінде атмосфера мен жер беті арасындағы
жылу мен ылғал алмасуы маңызды рөл аткарады. Ауа температурасының өзгеруіне
Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де
әсер етеді. Бұл туралы келесі тақырыптан таныса аласыңдар.
Атмосфера құрамындағы ылғал. Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың
км3 болатын су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріл отырады.
Ауаның ылғал сыйымдылығы оның температурасына байланысты болады.
Температурасы неғүрлым жоғарылаған сайын ауа өзінің құрамында соғұрлым көп
су буын ұстай алады, ал суық ауа ылғалға қанығу шегіне аназғұрлым жылдам
жетеді. Жылы, ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суының,
конденсацияланады. Яғни, ауа құрамындағы су буы бөлінен шығып, тамшы күйіне
өтеді. Су тамшылары мен мұз кристалдарының тұтасуынан бұлттар пайда
болатынын білесідцер. Су буынын конденсациясы жүзеге асатын ауа
температурасын шық нүктесі деп атайды. [2]
Физикалық қасиеттері

Химиялық құрылымы
Құрғақ ауа құрылымы[3]
Газ Құрғақ ауа құрылымы
Көлемі
бойынша, %
Салмағы
бойынша, %
Азот
78,084
75,50
Оттек
20,946
23,10
Аргон
0,932
1,286
Су
0,5-4
—
Көмірқышқыл газ
0,0387
0,059
Неон
1,818×10−3
1,3×10−3
Гелий
4,6×10−4
7,2×10−5
Метан
1,7×10−4
—
Криптон
1,14×10−4
2,9×10−4
Сутек
5×10−5
7,6×10−5
Ксенон
8,7×10−6
—
Азоттың шала тотығы
5×10−5
7,7×10−5
Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін
бөлігі:
Су буы (H2O)
~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%
Жоғары көрсетілген газдардан басқа атмосферада
SO2, NH3, СО, озон, HCl, HF, Hg, I2,
және NO газдары құрамында бар.
Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы мен климаттың
ең маңызды сипаттамаларының бірі. Абсолют және салыстырмалы ылғалдылығы,
ылғал жеткіліксіздігі, су буының серпінділігі, шық нүктесі, меншікті
ылғалдылық, қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу
массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.

атмосфераны тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера деп
аталатын қабаттарға бөледі.
2. Қазақстандағы экологиялық ахуал
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі
де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт
дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде.
Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп
жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын
мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи
процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам
арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн.
Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай
көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған
ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге
шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы
мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты
белгілі фактілерден құралмауы
Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер, село, қала
тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және
сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология
саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді.
Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте
майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге
адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған
километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат
түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де,
тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды
жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі
жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер
тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік
көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып
тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.
Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы
Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін
дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды,
аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні
Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық
шаруашылығымен қайта айналыса бастады АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан
(Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде,
Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды
антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен
53,0 м биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1
мың км2 (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең
терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2
болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж.
теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға —
Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі.
Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе,
А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп
атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т.,
Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед
ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-
Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т.
туралы деректер кездеседі. 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды.
Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А.
Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге
майысуы нотюкесінде қалыптасқан. Табанының бедері жота-жоталы жазық болып
келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы
ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған,
кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған. А. т-не
Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты
континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 -
13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи
жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-
шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал
60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан,
булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы
жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа
мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде
маусымдық кұбьшмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші
тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С,
қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының
тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 —
30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге
болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А.
т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде
камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі
кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Арал. т-нің жағалауында халық аз
тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен
айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау
аумағы кіреді. Балық өндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында,
Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы
және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау
тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған. Арал теңізінің
экологиясы.
Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір
көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2,
тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы
балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-
150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі
игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-
экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз
өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2
балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін
игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан
Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге
өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар
аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік
те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су
мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі
өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап
дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша
дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты.
Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл
көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды.
Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су
айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін
артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен
химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті.
Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар
Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл
сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп,
желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: -
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл
шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп
қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді
игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің
ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал
теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл
жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне
белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар
нышаны жыл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы
жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде
балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды.
Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн
көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен,
тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл
шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %,
Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын
тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи
ландшафтарьш бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге
қарай ығыстыруда. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы
тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер
етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа
аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың
денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша
туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы,
жұқпалы аурулар рсспубликаның басқа өңірімен салыстырғанда жоғары
көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халықтарын
толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана
емес көптегнн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал
әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар,
антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10
шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар
туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.
Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия
республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар.
Олар: Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Әмудария мен Сырдария
өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай
сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер
асты суларын пайдалану. 6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе
толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы
оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы
адамзат кауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі
кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде
жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап
қалу
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң,
күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе
артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент,
Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда
лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе
артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да
байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін
ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің
ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені
ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен
суында дизентерия, паратиф, гепатит , сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте
қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына
жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері
ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық
заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар,
тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті
заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы,
электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы,
гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы
- осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге
тырысады.
Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық
бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде
қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың
ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар
экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен
қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу
да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы
күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың
көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы
сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына
зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды,
содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да
кесірі бар. Радикация да солай.
Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны
күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен
тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы
мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.
Ауаны таза ұстаудың шаралары
Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи
байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа
тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада
тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында
ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен
қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен
Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын
лабораториялар көптеп құрыла бастады.
Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің
қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар
жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды
фильтр-сүзгіш Нитрон іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес
косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру
арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға
мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын
зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу
арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш
жойыл-са, оның 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84
жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте — 7 пеш газбен
жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда
республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш
газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында,
автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген
тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында
Қазақавтотехникалық қызмет көрсету ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап
қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы
керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын
тигізетін газдардың мөлшері азайды.
Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды
шаңдар 54,2% корғасын —68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш кен-
металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа
шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға
шығатын цемент мөлшері — 10 есе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында
ауаға шығатын хлордын, мөлшері 1,8 есе қыс-қартылды.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында
ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп,
практикаға беруде.
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға
шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың
қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.
Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе
асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық ендіріс
орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін темендеген.
Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да
тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша
ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды.
Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және
тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс
істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде
барлығы 144 кәсіпорынның жұмысына жақсы деген баға берілді. Республикада
сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске
қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ
пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын
жүйелер орнатыл-ы. Ал, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz