Мұхтар Әуезов – балалар жазушысы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бӨлім

1. М.Әуезовтің көркемдік стилі мен поэтикалық
тілі ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Мұхтар Әуезов – балалар
жазушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Кіріспе

Болашақ ұлы жазушы 1897 жылы қыркүйектің жиырма жетісінде Шыңғыстау
өңірінде дүниеге келеді. Атасы Әуез немересін бауырына басып, әлпештеп
тәрбиелейді. Мұсылманша, түркіше үлкен оқуы бар, айналасына қадірлі Әуез –
Құнанбай аулымен жазғы-қысқы көші-қоны бір, Абаймен көңілдері жақын, қатты
сыйласқан адамдар екен. Сондықтан да Мұхтар – данышпан ақынды сыртынан
немесе есіктен сығалап көрген бала емес, Абай алдына отырғызып, маңдайынан
иіскеген, деректердің айтуынша, әлдебір үлкен үміт күткендей, мейірлене
қараған бала. Мұхтар арабша хатты да атасының үйретуімен Абай өлеңдерінің
қолжазба көшірмесін Әліппе ғып оқып таниды. Табиғат жан дүниесіне ғасырда
бір кездесетін талант пен ақыл-парасат ұрығын ұялатқан балдырғанның тұтқыр
зердесіне қазақ көркем сөзінің шұғылалы күні осылай қонады.

Мұхтардың оқу-білім жолындағы алғашқы сапары он бір жасынан басталады.
Немере ағасы Қасымбектің жөн сілтеуімен 1908-1913 жылдары Семейдегі орыс
гимназиясында оқып, одан кейін осы қаладағы мұғалімдер даярлайтын төрт
жылдық семинарияны бітіріп шығады. Сол жылдары әлем білімпаздарының орыс
тіліндегі кітаптарын сарыла ақтарып, дүние жүзінің классикалық әдебиетін
құмарта зерттеп оқиды. 1922 жылы Ташкент мемлекеттік университетіне түседі.
1923 жылы Санк-Петербург мемлекеттік университетіне ауысып, 1928 жылы
бітіреді. 1929-1930 жылдары Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік
университетінің аспирантурасына түседі.
1917 жылы Абайдың жары Әйгерімнің аулында “Еңлік-Кебек” қойылады.
М.Әуезовтің драматургия саласында қалдырған әйгілі пьесалары: “Қарагөз”,
“Айман-Шолпан”, “Түнгі сарын”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Бәйбіше-
тоқал”, “Тартыс”, “Тас түлек”, “Шекарада” т.б.

М.Әуезов жиырмасыншы жылдары көптеген әңгімелер жазып таныла бастады.
“Қорғансыздың күні”, “Жетім”, “Барымта”, “Жуандық” “Ескілік көлеңкесінде”
секілді шағын әңгімелерде жазушы реалистік көзқараспен көбінесе жетімдер
мен қорғансыздар проблемасын сюжетке арқау етті. Мысалы, 1921 жылы жазылған
“Қорғансыздың күні” атты әңгімеде панасыз жетім қыздың тағдыры суреттеледі.
Онда бас кейіпкер Ғазиза адамдардың қорлығына шыдамай боранда үсіп өледі.
Жазушының “Жетім” деген әңгімесінде Қасым атты жетім баланың қайғылы өмірі
жазылған. Бұл байғұс адамдар ішінде пана таба алмай, қорлыққа шыдамай
тоғайға кетіп адасып өледі.

М.Әуезовтың жиырмасыншы жылдары жазған қабырғалы шығармалары: “Қараш-
қараш” пен “Қилы заман” повестері. “Қараш-қарашта” қазақтың ескі феодалдық
қоғамындағы бай мен жарлы арасындағы әлеуметтік тартыс суреттелсе, “Қилы
заманда” 1916 жылғы маусым жарлығынан кейінгі қазақ елінің хал-жағдайы
баяндалады. Парақор би, опасыз болыс, тойымсыз тілмаштардың көкпарына
түскен бейшара халықтың трагедиясы суреттеледі.
Отызыншы жылдар ішінде республиканың әдеби-мәдени, театр саласы өміріне
белсене араласып, сол кездің көкейкесті тақырыптарына арналған біраз
прозалық, драмалық шығармалар жазады. Л.Толстойдың “Той тарқар”, “У”,
Шекспирдің “Отелло”, “Асауға тұсау”, В.Гогольдің “Ревизоры”, М.Тургеновтің
“Дворян ұясы” сияқты классикалық туындыларын нәрлі аударып, бұл өнердің де
үлгі мектебіне мықты негіз қалады.
Бүкіл қазақ әдебиетінің жетістігі саналған “Айман-Шолпан” либреттосы,
“Түнгі сарын”, “Хан Кене”, “Абай” трагедиясын дүниеге әкелген суреткер енді
Абай атты шұғылалы заңғара кеуде тұсындағы құзар биіктен құмарта, ойлана
көз тігеді. 1942 жылы өзінің классикалық роман – эпопеясының бірінші
кітабын, 1947 жылы екінші кітабын жариялады. 1949 жылы оған осы екі кітабы
үшін КСРО-ның сол кездегі ең үлкен сыйлығы – Сталин атындағы (кейін
мемлекеттік деп аталған) бірінші дәрежелі сыйлық беріледі. “Абай” әлем
тілдеріне аударыла бастайды.
“Абай жолы” – Әуезовтің бас кітабы. Ол өзінің осынау ұлы шығармасын
жазып үлгеріп кетті. Оның суреткер ретінде бақыты да осында еді”,- дейді
әдебиетші-ғалым З.Қабдолов 1,18 . Бұл қазақ мәдениетінің таихында бұрын-
соңды болмаған оқиға, өйткені, “Абайдай шығарма бұл күнге дейін бүгінгі
қазақ әдебиетінде болған емес”,-дейді жазушы Ғ.Мүсірепов. Мұхтар Әуезов
өзінің төрт том “Абай жолы” арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді –
отандастарына , керек десеңіз тіпті – қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім
екенін танытты. Қазақ халқының ұлылығын, оның өткен өмірін, тарихын,
тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезін, шығармашылық дәуірлерді
ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып ашып, жан-жақты айқындап, терең
түсіндіріп берді. “Абай жолында” біздің дәуірге дейінгі қазақтардың
тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап тұр. Өткен ғасырдың екінші
ғасырындағы қазақ өмірінің бұл төрт кітаптан тыс қалған қалтарысы жоқ.
“Абай жолының” мазмұн жағынан алғанда жалпы жұрт мойындағаны,
энциклопедиялық сипаты, жанр жағынан алғанда қазақтың тұңғыш эпопеясы
екендігі де осында жатыр.
М.Әуезов – 1945 жылы ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш толық
мүшелерінің (академиктерінің) бірі. Ол Ғылым академиясы мен жазушылар
одағында үлкен істерге ұйытқы бола жүре, өмірінің ақырына дейін Қазақ
мемлекеттік университетінде алдымен әдебиет тарихынан, одан кейін негізін
өзі салған Абайтану курсынан дәріс оқыды. Мәскеу мемлекеттік
университетінде де біршама уақыт кафедра басқарып, дәріс берді. Оны ғылыми
әлем КСРО халықтары, соның ішінде түркі тілдес елдер әдебиетінің ерен
білгірі деп таниды.
Задында Мұхтар Әуезов әдеби шығармашылықпен ерте айналысқан. Оған
әрине, тума қабілеті, өмірлік тәжірибе және өзі оқып-тоқып, үлгі тұтқан үш
сала өнеге мектебі (қазақтың төл әдебиеті, орыс және еуро-азия классикасы)
шешуші рөл атқарады.
Гимназист Мұхтар, семинарист М.Әуезов каникул кездерінде қаладан далаға
өзінің туған аулына келіп жүреді. Жай келіп жүрмейді, ауыл өмірін де әр
қырынан байқап, байыптап, зерттеп жүреді. Шынында да бұрынғы қазақ
даласының тіршілігі мен тағдыры – Әуезовтің жан-жақты зер салып, терең
таныған дүниесі. Феодалдық-патриархалдық қоғамдық қазақ елінің мінезі,
құлқы, сыры мен сипаты, ру аралық алыс-жұлыс, күштінің әлсізге көрсетер
зәбір-жапасы, байлардың кедей қауымға үстемдігі мен өктемдігі, қалың мал,
барымта, қыз алып қашу, көп әйел алу, күндестік, құн, жер дауы, жесір дауы
– осылардың бәрі Әуезовтей ойлы, білімді, мәдениетті қаламгердің қиялын сан
қиялға салып ойландырады, толғандырады. Кейбір оқиғалар жекелеген көркем
туындыларға қолма-қол мазмұн, сюжеттік желі, идеялық арқау болып тартылады.
Тұңғыш жарық көрген тырнақалды туындысы – “Адамдық негізі – әйел”
(1917) деген көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені
қозғайды. Тақырыпты талдау мәнерінен, түрлі жайды топшылау, толғау
машығынан оның өз ортасынан озған білімі мен мәдениеті саз береді.
Әуезовтің пайымдауынша әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы тек бір
әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйел негіз болып отырған бүкіл
адам қауымының тағдыр-тіршілігі үшін қажет.
Әуезов алған тақырыбының ілкі астарына, түпкі тамыр-тереңіне сүңгіп
барып, тарихи талдаулар жасайды. “Отан от басынан басталады” дегендей,
әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде танытады. Ерлер жағы өздерімен-
өздері, салт ат, сабау қамшымен бет-бетінде жүргенде төңірегін уыздай
ұйытып, “балаларын баулып, асырап, үйлік ұйымының басын құраған – әйел”.
Осы әйелге теңдік бермей күйкі халде күң ғып ұстау тек бір адамға ғана
емес, барлық қоғамға жасалған қиянат екенін түйіп айтады. Өйткені адам
қоғамындағы адамгершілік – ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал “өмірде әділет,
мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың” адамды адамдыққа
тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ? Демек, адам бойындағы жаман қылық, жат
мінездің бәрі бас бостандығы жоқ, сондықтан екі үйдің арасындағы пыш-пыш
өсек-ғайбаттан әрі асып ешқайда бара алмай қалған бұйығы, рухани мүгедек
әйелдің сорлылығына байланысты екенін дәлелдей келе: “Әйел басындағы тұман
айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал қазақ, мешел
болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе!” - деп өзінен бұрынғы
ілгерішіл ағартушы-демократтар тұрғысынан озат идея, ойшыл тұжырым ұсынады.
Драматургия – Әуезов мұрасының орасан бай саласы, туған әдебиетіміздің
аса құнды асыл қазынасы. Оның ішінде, әсіресе, “Еңлік-Кебек”, “Қарагөз”,
“Айман-Шолпан”, “Түнгі сарын”, “Абай”, “Қарақыпшақ Қобыланды” секілді
пьесалары бүгінде тіпті осы жанрдың бүкіл дүние жүзілік классикалық
үлгілеріне айналып кетті. “Еңлік-Кебек” трагедиясынан кейін Батыс Еуропа
мен орыс драматургиясынан аударған сегіз пьесаны (Шекспирдің “Отеллосы”,
мен “Асауға тұсауын”, Н.Гогольдің “Ревизорын”, Н.Погодиннің “Ақсүйектерін”,
А.Кронның “Флот офицерін”) өз алдына қойғанда, М.Әуезов осы жанрда отыз екі
шығарма (драма, комедия, трагедия, киносценарий, опера, либреттосын) жазды.

Таланттар тарихы мен тағдырыны қарап отырсақ, басты жазушылардың бәрі
ғұмыр бойы өзінің бас кітабын жазу мақсатында әрекет еткен және солардың
талдап жазып үлгере алмай кеткен. Туған халқына мәңгілік мұра болғандай
ғасырлық туынды тек қадау-қадау ұлттардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі
– Мұхтар Әуезов. 1961 жылғы мамыр айында жарияланған “Қазіргі роман және
оның геройы” деген мақаласында М.Әуезов былай деп жазды: “Аяулы Абайыммен
қош айтысқаныма міне екі жыл: Содан бүгінгі шындықтан шығарма жазсам деген
ойдан бір күн ажырап көрген емеспін.” Бүгінгі шындыққа Әуезов сонау
отызыншы жылдардың өзінде шұғыл бет бұрғанын, қазіргі ауыл өмірінен бірнеше
әңгімелер жазғаны анық. Сол тұстан бері қарай ол тіпті “Абай жолын” жазу
үстінде де жаңа тақырыпқа дүркін-дүркін оралып отырады. Соғыс кезінде, одан
кейінгі жылдарда дүниеге келген пьесалары, киносценарийлері, опералық
либреттолары өз алдына, 1958 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде пәлсапа
мазмұны, нұсқалы фантастикалық пішінді де бір түрлі соны – “Дос – Бедел –
дос” драмасын жариялады. Еліміздің күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі кезек
күттірмейтін ең бір зәру мәселелерін көсемсөз арқылы жиі-жиі қозғап, жүйелі
түрде күн тәртібіне қойып отырды.
1954 жылы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жорығы басталған
тұста дереу “Түркістан содан туған” 1955 жылы атты көлемді көркем очерк
жазып, осынау оқыс оқшау оқиғаға ізін суытпай үн қосты. Сондай-ақ жазушының
Үндістанға, Америка Құрама Штаттарына барып қайтқан сапарларынан туған
“Индия очерктері” (1958), “Америка әсерлері” (1960) де оның әрі қаламгер,
әрі қайраткер ретінде азаматтық келбетін танытатын мәнді дүниелер еді. Дей
тұрғанмен, М.Әуезовтің жазушылық жоспары бұлардан әлдеқайда кең терең және
биік жатты: ол енді туған халқының осы ғасырдағы елу жылдық тағдыры мен
тұрмысынан бес томдық жаңа эпопея жазбақ болды. 1961 жылы дүние салғанда
қолжазбасы жазу столының үстінде қалған “Өскен өркен” романы сол эпопеяның
бірнеше кітабы еді.
1946 жылы қазақстан Ғылым академиясының іргетасын қалаушылардың бірі
академик М.Әуезов ғылыми академиялық жұмысты жазушылықпен қоса ғұмыр бойы
бірге атқарып келді. Оның қазақ фольклорына, қазақ әдебиетінің өткен тарихы
мен қазіргі даму процесіне, қырғыз халқының атақты “Манас” жыры мен ұлы
ақынымыз Абайға, күллі туысқан халық әдебиетіне арналған терең терең
түбегейлі зерттеулері жалпы әдебиет туралы ғылымға қосылған асыл қазына.
Ал, жазушылыққа, ғалымдыққа қоса, профессор Әуезовтің жарты ғұмырын жоғары
оқу орындарындағы ұстаздық қызметке арнау – тағы да ұлылығы. Өйткені
М.Әуезов өзі айтқандай, “Ұстаздық – ұлы нәрсе!”

1. М.Әуезовтің көркемдік стилі мен поэтикалық тілі

Мұхтар Әуезов алғашқы шығармаларының көбін әңгіме түрінде жазды.
Көркем прозаның осы шағын түріне жас жазушының айрықша көңіл аударуы,
әрине, тегін емес. Әңгіме жанры көлемі шағын болса да, мағыналық
сыйымдылығымен жазушының өз идеялық және эстетикалық бағыт-бағдарын
айқындауға, өзіндік стиль қалыптастырып, суреткерлік шеберлігін жетілдіруге
бірден-бір қолайлы еді. Әңгіме – көркем прозаның ықшамды түрі, бірақ жеңіл
түрі емес. Оның қиындылығы да сол ықшамдылығында, аз сөзге көп терең мағына
сыйғызып, негізінен, бір оқиғаны баяндау арқылы мол өмір шындығын ашып
беру қажеттілігінде.
Әңгімеде кейіпкерлердің көп болмайтыны негізгі геройлар екеу-үшеуден
аспайтыны да олардың мінез-құлқын, характерін солардың бірнеше нақтылы, бас-
аяғы жинақы іс-әрекеттер арқылы ашып беруге үлкен суреткерлік шеберлік
қажет екенін аңғартады. Әңгіме – көркем прозаның жазба әдебиетінде
қалыптасқан түрі., ауыз әдебиетіндегі әңгімелеп айту үлгілерімен тамырлас-
жалғастығы болса да, мүлде жаңа, соны жанр. Басты ерекшелігі – қалыптасқан
дәстүрлі баяндау тәсілдердің шеңберінде қалмайтын еркіндігі, шығармашылық
ізденістерге жол беретіні, әңгіме жанрында тақырып таңдау, өмір шындығын әр
жағынан қамту десек, оқиға желісін еркін өрістету, шығарманың композициялық
құрылысын неғұрлым ұғымды, ширақ етіп келтіру ерекшелігі жағынан сан алуан
түрлері болады да, мұның өзі әр қилы суреттеу тәсілдерін қолдануға да
жағдай туғызады.
Мұхтар Әуезовтің әңгімелерінен осы жанрды бірден жақсы игергенін, оның
өмір шындығын жан-жақты терең бейнелеу мүмкіндіктеріне терең пайдалана
білгенін анық байқаймыз. Алғашқы әңгімесі "Қорғансыздың күнін" алсақ, соның
өзінен оқырманға естен кетпейтін әсер қалдыра алатын жас жазушының
көркемдік шеберлігін көре аламыз. Ал онан кейінгі жылдарда жазылған "Оқыған
азамат", "Қыр суреттері", "Кім кінәлі", "Қыр әңгімелері", "Үйлену", "Сөніп-
жану", "Ескілік көлеңкесінде", "Кінәмшіл бойжеткен", "Жетім", "Қаралы сұлу"
секілді әңгімелерінің қай-қайсысынан да жазушының ауыл өмірін, елдің тұрмыс-
жайын, әдет-ғұрпын жетік білетіні айқын танылады. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің
осы кездің өзінде-ақ барған сайын суреткерлік, баяндаушылық шеберлігі арта
түсіп, сан түрлі адамдардың мінез-ерекшелігін, психологиясын, ойлау-сөйлеу
мәнерін тап басып тани білетін көрегендігі мен сезімталдығы назар
аудартады. Сол замандағы қоғамдық өмірде орын алған әр түрлі мәселелерді
ауыл адамдарының өмір тұрмысы, күн көрісі, үйлену, семья құру және
құдаласу, күйеу келуі, қыз көру сияқты ескі әдет-ғұрыптар, оқыған
жігіттердің мінезі, іс-әрекеттері – осының бәрі адамгершілік идеялары –
әйелдің бас бостандығы, әділеттілікті жақтау тұрғысынан ашып көрсетеді.
Аталған әңгімелерінде жас жазушының панасыз, қорғансыз адамдардың жанашыры
болуға ұмтылып, қайғы-қасіретке душар болған жетім-жесірлердің ауыр халін
тебірене бейнелеуінен оның шығармашылығындағы гуманистік сипаттың пафосы
сол кездің өзінде аса күшті болғаны анық байқалады.
М.Әуезов әңгімелерінің басты ерекшелігі қандай десек, алдымен
айналадағы өмір құбылыстарының бейнелеудегі шыншылдық, реалистік суреттеу
әдісін шебер қолдана білетіндігі дер едік. Әңгімелерінде баяндалатын
оқиғалардың бейнелейтін кейіпкерлердің бәрі өмірден алынған, сол ортада
болатын оқиғалар, іс-әрекеттерді бейнелейтін типтік мінез, типтік
характерлер. Әрине, кейбір жайлар әсірелеп көрсетілген. Тіпті айналадаға
табиғат көріністері – даланың қысы, желі, бораны, айлы түні, тау-тасы –
бәрі нақтылы дәл, анық суреттелген. Және олар – құр жай сурет, адамдар өмір
сүретін орта ғана емес, әңгімеде кейіпкердің көңіл-күйі, қайғысымен үндес
келетін, кейде оның тағдырымен ажырамас бірлікте көрінетін дүние болмыстың
нақтылы ақиқат белгілері. Поэтика тұрғысынан қарасақ, табиғат суреті
көркемдік символ бейне де бола алады, ол қуаныш сезімін де, не қауіп-
қатерден қорқыныш сезімін де күшейте алады. Жазушының оқиға желісін
суреттеуінен күтпеген, оқыс жай-жағдайға тап болып, таңырқағандай әсер алу
да кездессе, ол оқырманның сол жағдайды, іс-әрекетті қалай қабылдайтынына
да байланысты.
Мұхтар Әуезовтің көркемдік стиліне оқиғаны асықпай, байсалды түрде
баяндау тән. Оны оқиғаны баяндауында кейде суреттеп көрсету жағы басым да,
ал автордың атынан кейіпкердің жай-күйін түсіндіру жағы азырақ болатын
кездері де бар. Мұның оқырманға әсері күштірек болады. Оның өзі сезініп
ойлап, өзінше түсінуге мүмкіндік туғызады. Бірақ Мұхтар Әуезов оқиғаны
баяндай отырып, әр түрлі жай-жағдайларға, кейіпкерлердің әр қадамының
дәлелді болуын құнттап, түсінік беретін тұстары да аз емес. Оқиғаны осындай
баяндаған кезде бұл тәсілді көбірек қолданылады. Мұхтар Әуезов
әңгімелерінде жазушы оқиғаны өмірде болған қалпында баяндағандай етіп
көрсетуі жағынан Антон Чеховқа ұқсаса, автордың өзі араласып болған жай-
жағдайда түсіндіруге бейімділігі жағынан Лев Толстойға көбірек ұқсайтын
сияқты. Әрине, жазушынының оқиғаны өз атынан баяндауы бар да, кейде басқа
айтушының, айтушы кейпіндегі персонаждың атынан баяндауы бар. Мысалы, “Қыр
суреттері” деп аталатын бірнеше әңгіме жазушының баяндап суреттеуі арқылы
берілсе, сондықтан да оларда табиғат көріністері , кейіпкерлердің хал-
жағдайын, көңіл-күйін көрсету мейлінше нақтылы, көрнекті болса, ”Қыр
әңгімелері” деген топқа жататын екі әңгіме автордың өзі емес, айтушының
атынан баяндалады.
Мұхтар Әуезовтің бұл саладағы идеялық, көркемдік ізденістері жарқын,
өнімді екенін, тақырыбы, жанрлық ерекшелігі, көркемдік стилі, баяндау,
суреттеу тәсілдерінің қай жағынан алсақ та жаңалығы мол екенін байқаймыз.
Жас жазушы қоғамдық өмірді әр қырынан бейнелеуге әңгіме жанрының, оның әр
алуан түрлерінің ұтымды, оңтайлы келетін жақтарын көре білген және соны сан
алуан адамдардың жан жүниесін, мінез-құлқын, іс-әрекеттерін адалдық,
адамгершілік, әділдік секілді биік гуманистік принциптер тұрғысынан
бейнелеуде ұтымды пайдаланған. Әңгімелерінің поэтикасы бейнелеу әдістері
жағынан алсақ та, өмір құбылыстарын суреттеуге әсіресе, кейіпкердің
характерін, мінез-бітімін ашып көрсетуде жазушы үлкен шеберлік танытады.
Портрет пен авторлық сипаттау, пейзаж, монолог, кейіпкер сөзі және диолог
кейіпкерлердің іс-әрекетінің сюжеттік қақтығысы арқылы көрінуі, оқиғаны
баяндау тәсілі (автордың немесе кейіпкердің атынан) – осының бәрін
орнымен, керекті жерде пайдалана отырып, Мұхтар Әуезов сан алуан адамдардың
бейнесін типтік дәрежеге көтере сипаттап бере алған. Жазушының қолданатын
көркемдік әдісі жағынан келсек, ол осы жанрда орыс, Еуропа дүние жүзі
әдебиетінде жинақтадған құнды көркемдік тәжірибеге сүйене отырып, сан-алуан
бейнелеу тәсілдерін өз суреттеу мәнеріне орайлас пайдалана алған.
Негізінен, реалистік әдісті қолданған дейміз. Реалистік көркемдік әдісті
кең мағынасында алып, өмір құбылыстарын жан-жақты, терең танып-білу,
тексеріп талдау негізінде бейнелейтін көркемдік әдіс деп қарасақ, оған
символика да, романтикалық сарын да, басқа да көркемдік әдістерге тән деп
саналатын бейнелеу тәсілдері жат емес екені біздің пайымдауымызша талас
тудырмайды.
Мұхтар Әуезовтің 1921-1925 жылдары жазылған әңгімелері оның көркемдік проза
саласындағы алғашқы ізденістерінің өте жемісті болғанын айғақтай алады.
Олар жазушының суреткерлік шеберлігінің кейін бара-бара шырқау шыңға
көтерілуіне жол ашқан бастапқы биік белесі болады.
М.Әуезов отызыншы-қырқыншы жылдарда бір топ әңгімелер жазды.
“Іздер” (1932), “Білікке білек” (1933), “Қасеннің құбылыстары” (1933), “Үш
күн” (1934), “Құм мен асқар” (1935), “Шатқалаң” (1935), “Бүркітші” (1937),
“Асыл нәсілдер” (1947). Бұлардың бәрі дерлік төңкерістен кейінгі өмірді,
колхоз тұрмысын суреттеуге арналған.
Шын мәніндегі көркем сөз ұсталары қашан да болсын өзі өнер
туындысына айналдырып отырған өмір шындығын бетінен қамтымайды, тереңнен
қамтиды, жалаң алмайды, ішкі қыртыстарымен қоса, қопара көрсетеді, қолдан
бояп, жасандылыққа апармайды, өз түр-түсімен табиғи қалпында кескіндейді.
Әуезов те солай, Қазақстандағы колхоз құрылысының, әсіресе алғашқы
кезеңіндегі қиыншылықтарды, кедергілерді, кеселдерді орағытып өтпейді,
қайта соларды әр әңгімедегі тартысқа арқау етіп, адам характерін сол
қиындықтармен, кедергі-кеселдермен күрес үстінде қалыптастырады. Мәселен,
“Шатқалаңдағы” Самат, Айша секілді жаңа адамдардың бейнелері жаңа өмірдің
жаулары Сүгірдің зиянкестік әрекеттерін әшкерелеу үстінде жарқырап ашылады.
Сондай-ақ “Бүркітшідегі” Бекбол, Сәтбек сияқты “Іздердегі” Несіпбай мен
Құлжатай колхоз малын Жұматай секілді залымдардан аман сақтап қалады.
Адамды адам еткен – еңбек. Кісінің кісілігі еңбекке көзқарасынан,
еңбекке ара қатынасынан танылады. Мұхтар Әуезовтің отызыншы жылдардағы
әңгімелері – дәл осы рухтағы шығармалар. Әуезов өзінің осы мақсатын біршама
орындап та шықты. Бақташы Несіпбай (“Іздер”) мен сауыншы Мақпал (“Білекке
білек”) образдарын жазушы жаңа қоғам өсірген жаңа сананың адамдары ретінде
бейнелеген. Азамат соғысында партизан болған Несіпбай кезінде революция
жеңісін қалай жан сала қорғаса, енді ауыл тұрмысын жақсарту үшін де жан-
тәнімен күресіп жүр. Ал Мақпал болса, ұжым меншігіне тура өз мүлкінше
қарайды, колхоз малын меншігіндегі өз малынан артық бағып күтеді, еңбек
майданында көрінген осы адалдығы мен белсенділігінің арқасында ол өз
ортасындағы биік беделге, атақ-абыройға ие болған. Осының бәрін жазушы
ұтымды детальдармен, нанымды психологиялық дәлелдермен жарқын, жақсы
суреттеп көрсеткен. Осының бәрі – жазушының шығармашылық ғұмырнамасында
ақиқат болған шындық. Әуезов әңгімелерін сөз еткенде оның бұл жанрдағы
адымдарын кезең-кезеңге бөліп, жиырмасыншы жылдарда төңкеріске дейінгі
өмірді бейнелеп, отызыншы жылдарда кеңес дәуірін суреттеуге көшкен. Жазушы
қадамынан төгілген өрнектер біздегі сөз өнеріне жаңа сапа дарытып, өзгеше
бояу, ішкі қасиет сіңіргені сөзсіз.

2. Мұхтар Әуезов – балалар жазушысы

Әдебиеттің басқа да салалары тәрізді балалар әдебиетінде де
М.Әуезовтің де өзіндік орны бар екені белгілі. Осы орайда алдымен
суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында арнайы пікір айтқаны атап
айтқымыз келеді. Мәселен, “Ертегілер” еңбегінде халықтық шығармалардың
қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап берсе, “Әр жылдар
ойлары ”кітабында жастар мен жас өспірімдердің оқитын кітаптары тобына
жататын шығармаларға біршама назар аударылады 6, 38 . Қаламгер балалар
әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлуімен қатар, өзі де
балаларға арнап бірнеше әңгімелер жазды. Олардың қатарына “Көксерек”,
“Жетім”, “Бүркітші”, “Қорғансыздың күні” әңгімелерін және “Қараш-қараш
оқиғасы “ повесін де жатқызуға болады.
“Жетім” әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада
он жасар Қасымның қиын да , күрделі тағдыры, аянышты тағдыры, аянышты халі
берілген. Әжесі дүние салған сәттегі Қасымның қайғысын жеткізгенде,
суреткер баланың өзіндік психологиясын, ұғымын, сөйлеу тілін шынайы
бейнелеген: “Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Менің неге ала кетпедің?
Мені шынымен сорлы, шынымен жетім болғаным ба?” Бұдан кейін ағайыны Исаның
босағасында жүрген күндеріндегі жетімнің хал-күйіне көңіл бөлейік: “Толық
ажарлы Қасым аппақ болып қуарып, жүдеп, ылғи қабағы түйіліп, қайғы
сызыменен түнеріп алды. Күз күніндей жабырқап, жүдеп, қабағы қатқан
қайғыда... Түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп барады.” Қасымның тағдыры
енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалады. Ол жалаң аяқ,
жалаң бас, сидақ қағып қой бақты. Тезек терді. Кешкілікте малмен бірге бір
арқа отын арқалап қайтса да Хадишаныңғ қарғысы мен Исаның таяғын жеп өлексе
болуға айналды. Қасымның бойын жетімсіреген жауыздық пен дүниеге
сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық жайлады. Өйтпесіне шара жоқ.
Қасымның әке-шешесінен, әжесінен қалған отыз шақты қой, он шақты ірі қараға
ие болған Иса мен Хадиша дереу оларды талан-таржға түсіріп, шетінен құрта
беруге асықты: “Әне бір көк саулық пен қарабас қойды соғымға жібереміз.
Қасқа сиырды сойып, үй ішіне, бала-шағаға саудагерден пұл аламыз”,- деп
тегін түскен олжадай бөлісе бастады. Малын жайғап болған соң, енді Қасымның
керегі жоқ, көжеге ортақ қылғанша деп, ұрып-соғып, аштан-аш қаңғытып
жіберді.
Осы нақты нақыштар жетімнің жаны жаралы, жүрегі қаралы екендігіне,
ағайыннан көрген қорлығына дәлел бола алады. Өмірден, жарық күннен күдерін
үзген кішкентай Қасымның ендігі бар ойы әке-шешесінің қабірін құшақтап
жылау екені де бала ойына сай шынайы берілген. Мәселен, табиғаттың түнгі
көрінісі жалғыз қалған жас бала көзімен суреттеледі. “...Қазіргі уақытта
қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған сайын Қасымның
жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп келе жатты. Оның үстіне алыстағы бұлт жиі-
жиі күркіреп күн жарқылдайды. Түнгі тау, қара жар, тас алыстан перілер
мекеніндей болып жарқ етіп қайта қараңғылыққа батып жоғалады... Осы сияқты
ауыр мезгілде Қасымды тау ішінде жетімдік қайғысы жан ұшыратып алып келе
жатты... Бір мезгілде Қасым қорқып дірілдеген жүрекпен маңайына жалтаңдап
әр нәрседен үркіп келе жатқанда, күн жарқ етті. Бір мезгілде бетіне
құтырып, ысқырып келіп ұйтқыған бір құйын соққандай болады. Жасқанып көзін
жұмды. Қайта ашса – қараңғы түнде оттай жанған ала көз ашумен тікейіп қарап
тұр”. Әрине бұл әңгіменің тек балаларға емес, алдымен бала тағдырын ойлауға
тиісті үлкендер үшін де жазылғаны белгілі.
Біздің көңіл бөлетеніміз – бұл шығармасында туындыгердің бала
ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденісі бар екені, атап айтқанда, жетім
психологиясын дәл беру шеберлігі балалар өмірін жазу бағытындағы үлкен
ізденіске апарар жолдың басы деуге болады.
“Қорғансыздың күні” – әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның
тағдырына құрылған. “Сыпайы нәзік қана өскен Ғазиза жіңішке, сұңғақ бойлы,
аз ғана секпілі бар, дөңгелек ақ сұр жүзді. Ғазиза – көрген көзге алғашқы
жерден-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғы шытынған, кірбіңдеген
қабағында қалың уайымның салған ізі бар”. Осы үзіндінің өзінен-ақ оқушы
Ғазизаның жас та болса өмірдің қиындығын көргендігін тани алады. Ғазиза
Қандай? Біріншіден, шыдамды, төзімді ер адам істейтін шаруаны өзі тындырып,
анасы көзінен айырылып қалған күнде үй шаруасын қоса атқарады. Екіншіден,
қамқорлығы, анасы мен әжесіне деген ілтипаты бар. Бұл сипатын әжесінің
әңгіме барысында... “Қарағым, бүгінгі дүниеге ие болып, қалқиып осы азын-
аулақ шаруаны ұстап отырған Ғазиза ғой”,- деген сөздерінен аңғаруға болады.
Аяқ астынан үлкендер қатыгездігін, зорлығын, ұятсыздығын көрген, ары
тапталған жас қыздың қайғысы да жас ерекшелігіне сай дәлме-дәл берілген:
“Ғазизаның көңілін бұл қиял кернеген сайын үйге кіру керексіз бола бастады.
Көңілінде қалған таусыншық сезімнің ойлатқаны енді үйге кіріп қайтемін,
үйде мен көретін не қызық қалды. Бишара болған шешелерім ақырғы қайғымды
көрмей-ақ, білмей-ақ қойсын. Қайғылы бір сыр көрге бірге алып кетсін
дегендей болып, тысқа шықты. Күн әуелгі қалпынша ақ түнек боп борап тұр.
Біресе өкіріп, біресе гуілдеп құтырынып, ұйытқып соққан қатты жел Ғазизаға
“жүр, жүр” дегендей болып дедектетіп алып жүріп кетті. Ғазиза кетіп бара
жатып ойланып, артына қарап, бейшаралықтың кебін киген кішкене ескі қорасын
көрді. Ұйытқып аспанға ұшқан ұсақ қар жүрген сайын ол қораны жасырып
барады. Үстінен үскіріп соққан қатты жел қарды айналасына төгіп, оны да
көмбекші. Бейшаралық, иесіздіктің таңбасы басылған ескі лашықтың ішінде
Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, қасіреті қалды. Ғазиза енді
суық, қатал табиғаттың еркінде, өмірдің ақырғы қалған жанары қай жерде, қай
уақытта сөнері белгісіз. Суық жел жұқа киімнің ішіне кіріп, кеулеп ығын
кетіріп, жауратып, ықтыра бастады. Ғазизаның көңілінде қалған ойдың ең
ақырғы бұйрығы – әкесі мен бауырының бейітіне барып, екеуінің арасында
отырып зарлау”. Міне, осы үзіндіде, “біресе өкіріп, біресе гуілдеп
құтырынып, ұйытқып соққан қатты жел” тіркесінің суық түнде жалғыз қалған
бала сезіміне сай берілгені анық. Оның үстіне сол желдің “жүр, жүр”дегендей
болып, дедектетіп алып кетуі бала ұғымына, қабылдауына лайық. Сондай-ақ
Ғазизаның ең соңғы тілегін “әкесі мен бауырының бейітіне барып, екеуінің
арасында отырып зарлау” екендігі де – балалық ойдың жемісі. Бір үйдің
жанына да, шаруасына да, малына да бас-көз болып отырған кішкентай Ғазиза
озбыр Ақанның жат қылығының салдарынан қазаға ұшырайды. Шығармада жас бала
Ғазизаның арын таптаушы Ақанның сырт келбеті де бала қабылдауына лайық
түсінікті жеткізілген. “Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды,
шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен
кішілеу өткір көзінде және түксиген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Мұхтар әуезов шығармаларындағы қорғансыздар бейнесі
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Пәндер