Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Балабақша участоктарында өткізілетін сабақтан тыс жұмыстар.
Табиғи бақылаулар жүргізу.
1.2 Табиғатта және тірі табиғат бұрышында жүргізілетін сабақтан тыс
жұмыстар
1.3 Сабақтан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
1.4 Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
1.5 Тірі табиғат бұрышы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі

Кіріспе
Қазіргі кезде балабақша тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі
түрлерінен басқа, дәстүрсіз де түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның
жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз
байланысты іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз
түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат
әрбір сабақтың оқу тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенің көрсете отырып,
оны жаңа сапалық сатыға көтеру 1.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу,
бақылау, және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген
жағдайда қу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін тәрбиеші
баланың оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап
отыруы тиіс. Бұл бағытта балалардың сабақтар жүйеснде білім, білік,
дағдыларын есепке алу, бақылау, бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың
көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының
қалытасу дәрежесі анықталады. Бұл мәселеде теориялық және практикалық
талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Күнделікті бақылау оқыту процесінде
күнделікті қолданылады және сабақ барысында балалардың оқу танымдық
әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланыстарды жан жақты
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінд оқушыардың келесі оқу
әрекетіне ықпал жасайды 1.
Күнделікті бақылау тәрбиешінің жеке немесе жекелеген балалардың
жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегмен жүргізіледі. Бақылаудың бұл
түрі балалардың тапсырманы өз бетінше орындауға деген ниеттері мен
берілген тапсырманы орныдауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік
сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.  Балаларды еңбекке оқыту мен
тәрбиелеудің мақсаты төмендегідей:
• баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып – жетілдіру, еңбекті сүюге
баулу;
• баланы еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен
шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
• еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге
үйрету, еңбекке қызығуын арттыру;
• баланың бойындағы талант пен дарынды зерттеу және оны дамыту;
• баланың өзін-өзі даму қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау;
• баланың ұлттық санасын қалыплтастыру, адамгаршілікке тәрбиелеу;
• білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және
кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу;
• атамұраны, ата кәсіпті қалыптастыру және дамыту;
• баланың білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру, дәрежесін және
толықтығы мен тереңдігін, саналылығын жақсарту, оқыту жүйесін
жетілдіру;
• баланың өзіне деген сенімін арттыру;
• бала еңбегін ынталандыру және насихаттау;
• еңбектің нәтижесін арттыру.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін өз бқылауы өте қажет. Өзін өзі бақылау,
олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлегі және дағдысының
беріктігі жайлы ақпарат алуын қатамасыз етеді. Өзін өзі тексеру арқылы
балалардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару
және тәжірибе нәтижесін бақылайды 2.
Курстық жұмыстың мақсаты.

1.1 Балабақша участоктарында өткізілетін сабақтан тыс жұмыстар. Табиғи
бақылаулар жүргізу.
Балабақша учаскесінде жұмыстарды педагогикалық жағынан дұрыс
ұйымдастыру, балаларды оқыту мен тәрбилеуге үлкен мүмкіндік тудырады.
Сабақта алған білімді практикалық жағынан шешуге және одан әрі
тереңдетуге болады. Осыған байланысты тәрбиешілер балаларға табиғатты
қалай қорғау керектігін, оған қандай іс шаралар қолдануға болатының
үйрету керек.
Балабақша учаскесі деп сабақтарды ашық далада өткізуге арналған
биологиялық лаборатория және практикалық сабақтар тәжірибе бақылау табиғи
көрнекі құралдар таратпа материалдарды дайындаудың негізгі көзі болып
саналады. Балабақша участогін балалардың тәрбиелікке, еңбекке тәрбиелеудің
негізгі көзі деп қарастырады. Балабақша участогінің биологияны оқыту үшін
педагогикалық оқу тәжірибелік маңызы бар балабақша оқу тәжірибе участогі
екіге жүктеледі;

1. Операциялық жүйе. Тәрбиешінің түсіндіру көрсетуінен кейін балалар
жаппай немесе командамен жұмыс істейді.

2. Пәндік жүйе. Балалар бөлінген тақырып бойынша топпен немесе жеке
жұмыс істейді. 2
Балалардың балабақша участогінде дамитын икемділігі мен қабілеттіліктері.
1. Жоспар бойынша жұмыс: жоспарды құру және жерге масштаб бойынша
орналастыру,
2. Есептеу. Белгілі алаңға тыңайтқыш және себілетін тұқым мөлшерін
есептеу.
3. Тану және анықтау: кейбір тыңайтқыштарды тұқымдарды жабайы және
мәдени өсімдіктердің сорттарын анықтау.
4. Өсімдік тіршілік құбылысын бақылау: өсімдіктің дамуы бақылау және
өнімділігі мен тәжірибе нәтижесін есептеу.
5. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды басқару: топырақты
өндеу, тұқымды егу, көшетке отырғызу, бақылау өсімдіктерінің
биологиялық ерекшелігін ескеру жоғару өнімді алуда әсер етуші
факторларды қолдану.
6. Өсімдіктердің көбеюі: жасанды тозаңдандыру және тұқымға ең жақсы
жемістерді таңдау, өсімдіктерді атпа тамырлары қалемше арқылы
көбейту, өсімдіктерді телу.
7. Жұмыстың сапасын бағалау: топырақтың құрылымы, оны өңдеу,
өсімдіктердің күйін және өнімділігін бағалау.
8. Жұмыс нәтижелерін өндеу: Тәжірибе және бақылау нәтижелерін есептеу
кесте толтыру, график құру, есептер жазу, гербарий жасау.
Мектеп алды топ балалары табиғатқа фенологиялық бақылауды қарапайым
жүйелі түрде жүргізеді. Бұлардың назарына биологиялық және кейбір
гидрометеорологиялық объектілер жатады.
Гидрометеорологиялық бақылаулар көп емес. Алғашқы және соңғы үссіктер,
көл бетіннің мұз басуы, қардың биіктігі, жауын шашын мөлшері, ауа
температурасы, маусымдық өзгерістер, жел қозғалысы (оның күші мен бағыты),
ауа райының ерекше құбылыстары есепке алынады.
Биологиялық бақылаулар өсімдіктердің даму фазаларын бақылаудан
тұрады. Бұл алма, өгейшөп, таңқурай, шие, қарақат, бақ – бақ, бредина т.б.
сияқты өсімдіктердің көктеуінен басталады. Балалар алғашқы жапырақтардың
пайда болуы, жапырақ түстерінің өзгеуі және ағаштардан жапырақтардың түсуін
бақылап отырады. Сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстарда бидай дәндері мен
картоп сияқты өнімдерін егу, өңдеу мен жиналуын бақылайды. Қойбүлдірген,
қарақат, шие және тағы басқа жемісті культуралардың жемістерінің пісуінің
кейбір бақылаулары бар.
Зоология пәнінен оқушылар қыстың басында, күзде, жаздың соңында түрлі
жәндіктерге, жануарларға, құстарға, қосмекенділерге, балықтарға бақылаулар
жүргізеді. Табиғаттың өзгерістерін бақылайды 3.
Мысалы, Тәрбиешілер мен балалар құрттарды бақылаған кезде, шұбалшаңның
топырақтағы әрекетін бақылауға арналған төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
1) Біркелкі қабаттап террариумның ішіне құм, қарашірік, саз салу

2) Пайда болған қоспаны екіге қақ бөлу. Ол үшін террариумның тең ортасына
ағаш, шыны немесе темірден бөлгіш тақташа салу.

3) Террариумның бір жағына қоспаны қопырып алмай бірнеше шұбалшаңды
жіберу

4) Бірнеше күні бойы құрттардың әрекетін бақылап, террариумның екінші
бөлігіндігімен салыстыру.

5) Жұмыс барысын, бақылаудың нітижесін жазу. Шұбалшаңдардың топырақтағы
іс әрекеті туралы қорытынды құрастырып, дәлелдеу.

Суда мекендейтін ұлуларды бақылау кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:
(тәрбиешінің жетекшілігімен)
Табиғи су қоймасынан әр түрлі бауыраяқты былқылдақденелілерді аулау
1) Әр түрлі әдебиеттерді, анықтамаларды пайдаланып, олардың түрлерін
анықтау.

2) Шыны ыдысқа кәдімгі тоспа ұлуын отырғызып, оның жылжығаның бақылау.

3) Ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып, аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын, аузын,
қармалаыштарын тауып, қарау.

4) Қандай былқылдақденелілер су үстіне көтерілетінін, қайсысы
көтерілмейтінің бақылау.

5) Суда мекендейтін өкпелі былқылдақденелілерді бір жарым сағат ішінде
бақылап, қанша уақытта өкпесіне ауа толтырып отыратынын анықтау.

6) Бақылау нәтижесін талдй отырып, келесі кестені толтыру.

Суда мекендейтін өкпелі былқылдақденелілердің тыныс алуы.


Былқылдақ Су бетіне көтерілетін Судың ішіне Тыныс алуына
денелілердің уақыты түскен уақыты жеткілікті болған
түрі уақыт мөлшері


7) Суда мекендейтін өкпелі былқылдақденелілердің ауамен тыныс алуға

бейімделгені туралы қорытынды жасап, дәлелдеу.

Жәндіктер тақырыбы бойынша сүңгуірді бақылау.

1) Шыны ыдысқа сүңгуірді орналастыру

2) Сыртық құрылысын қарау. Артқы аяқтарына назар аудару.

3) Қоңыздың суда жүзгенің бақылау. Дене құрылысымен аяқ құрылысындағы
суда жүзуге байланысты ерекшеліктерін байқау.

4) Үш жұп аяқтарының суретін салу. Маңызын көрсету.

5) Қоңыздың тыныс алуын бақылау. Судың астында қанша уақыт болғандығын
анықтау.

6) Су бетіндегі қоңыздың денеінің қалпына назар аудару.

7) Суға батқан кезінде судан шығып тұрған дене бөлігіне назар аудару

8) Акварумға шұбалшаңды тастап, қоңыздың әрекетін бақылау.

9) Жұмыс барысын және бақылаудың нәтижесін жазу. Қоңыздың суда өмір
сүруіне бейімделгіштігі, тыныс алу мен қоректенуінің ерекшелігі туралы
қорытынды жасау.

Балықтың тіршілігін бақылау..
1) Аквариумде жүзіп жүрген балықты бақылау. Денесі неш бөліктен тұратының
анықтау.

2) Балықтың басында қандай мүшелер орналасқаның қарау. Балықтың көздері
қалай орналасқанын қарау.

3) Балықтың тұлғасын қарау. Денесі немен қаталған? Қабыршқтар балықтың
денесінде қалай орналасады? Неге?

4) Балықтың денесіндегі бүйір сызығын, ұсақ шұрықтар тізбгін қарау.

5) Жүзбеқанатарын қарау. Олардың саны қанша? Қайда орналасқан? Қандай
жүзбеқанттары жұп, қандайары тақ?

6) Балықтардың судағ өмірінде жүзбеқанаттарының рөлі қандай?

7) Балықтың сырқы құрылысының судағы өмірге бейімделгіштігітуралы
қорытынды жасау.

Балықтарды табиғатта бақылау.
1. Өзеннің таяу жерінде тұрып, балықтарды бақылау. Шошынған балықта
кедергелі арасында жылдам қозғалатынына назар аудару. Балықтар неге
жүзген кезде еш нәрсеге соғылмайды деген сұраққа жауап беру.

2. Балықтардың топтарын қарау. Олардың қимылдарының біркелкілігіне,
әсіресе бәрі бір мезгілде шошынғанда қалай бұрылады, жан жаққа бытырап
кете ме? Неліктен балықтар ұйымдасқан түрде біркелкі қимылдар жасай
алмайды деген сұрақтарға жауап беру.

Өзенде құрбақаларды бақылау.
Бақылау барысында кестені пайдалана отырып, оны толтыру керек.

Бақаның түрі Қыстаған Уылдырық тастағанИтшабақтар Қыстауға кеткен
жерлерінен шыққануақыт пайда болған уақыты
уақыты уақыт


Жұмыстың барсын, бақылаудың нәтижесін жазу. Бақаларға еркін тіршілік ететін
жануар түрінде қорытынды жасау.
Сонымен қатар тағы басқа да жануарлар немесе жәндіктердің түрлерін
бақылап.
Үй қоянының дамуын бақылау.
1. Көбейер алдыңдағы қоянның мінез қылығын бақылау

2. Көжектер туғаннан кейін үш күнде бір рет індеріне қарап.

3. Бақылаудың барысы мен нәтижесін сараптау

4. Үй қояндарының дамы туралы қорытынды жасау.

Мектепке дейінгі балалардың бақылаулары құстардың келіп кетуін бақылайды.
Құстарды табиғатта былай бақылауға болады:
1) Қарда сауысқан, алақарғаның іздерін ажыратуға үйеніп, іздерінен
құстардың не істегенің анықтау.

2) Қыста әр түрлі құстар қандай кезекпен оянады, қандай кезекпен
үйқыға кететіндігін анықтау.

3) Қатты аязда, жылы уақытта, қар жауар алдында құстарды бақылау.
Олардың мінез қылығы мен ауа райының байланысын анықтау.

4) Күнде жемі бір уақытта, бір жерге салып, торғайлардың ұшып
келгенін бақылау (топпен немесе жеке дара).

5) Бақылау барысын, нәтижесін жазу.

Жыл құсы мен құстама құстарды бақылау.

1) Өздеріне бақылау жүргізуге арнайы бағыт алу

2) Кемінде аптасына бір рет таңдаған бағыт бойынша бақылау жүргізу:

1. Кездескен құстардың түрлері

2. Жиі кездесетін жерлері

3. Кездескен құстардың мінез қылығы (демалуы, қоректенуі, ауада ұшуы
т.б.)

4. Құстардың жемі

5. Кездескен құстардың саны

6. Тіршілігіндегі сан алуандығы

7. Жыл құстарының қоңыс өзгеруінің ерекшелігі

8. 30 минут ішінде құстардың қоректенген кезіндегі бақыланған ағаштар
саны

6) Бақылау барысында сараптама жасап, бақылау нәтижесін жазу.

Осындай бақылаулардың барлығы оқушылар арқылы жүзеге асады. Фенологтар
секциясы тұрақты 10 – 12 адамнан тұрады. Көп жағдайда секция отырыстарында
және оның жұмысында басқа да оқушылар қатысады. Олар өздеріне ұнаған
бақылауларды жүргізеді 3.

1.2 Табиғатта және тірі табиғат бұрышында жүргізілетін сабақтан тыс
жұмыстар
Тірі табиғат бұрышында және табиғатта сабақтан тыс жұмыстар, күз және
қыс, ерте көктемде жүргізіледі. Ал жыл маусымының басқа уақыттарында,
балабақшаның оқу тәжірибе участогінде жүргізіледі. Көбінде мұндай жұмыстар
ботаника саласы бойынша алынады. Бұл жұмыста баланаң жасына оның спорттық
жағдайына байланысты беріледі. Ботаника курсы бойынша сабақтан тыс
жұмыстар әрбір тақырып бойынша беріледі. Мысалы, тұқым тақырыбы бойынша
балалардың тұқымның ісінуін, өскіндердің өсуін және тұқымдардағы өнімділік
процентің анықтайды. Ал тамыр бақылау бойынша тамыр жемістілердегі судың
сіңуін анықтайды. Жапырақ, сабақ тақырыптарынан да осындай жұмыстар
жүргізуге болады. 3
Жас натуралистер үйірмесі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.
Топтық эпизодты жұмыстардан айырмашылығы үйірмеде жүйелі бірнеше жыл
немесе жыл бойы жұмыс істейтін балалар болады. Натуралистер үйірмелеріне
тәжірибелерде және бақылау табиғатқа экскурсия жүргізу, табиғатты қорғауға
қатысу, көрнекі құралдар даярлау. Жас натуралистер үйірмелері жаппай
сыныптан тыс жұмыстардың барлығын үйымдастырушы. Жаппай жұмысқа балалар
көптеп тартылады, бірнеше сынып кейде барлық балалар түгелдей қатысады.
Жаппай сыныптық жұмысқа қоғамдық пайдалы бағыт тән. Мектептерде жаппай
жұмыстардың құстар күні, орман аптасы, ауылшаруашылығы зияенкестерімен
күрес, балық шабақтарын құтқару, дәрілік өсімдіктерді жинау, орман
шаруашылығына көмек, алтын күз кешін өткізу, жануарлар мен құстар,
өсімдіктер әлемі, жалпы табиғат жайлы әңгімелер ұйымдастырады.
Аталған табиғи сабақтан тыс жұмыстардың барлық түрлері мен формалары
өзара байланысты және толықтырып тұрады. Осылардың өзара байланысының
туындауы мен дамуында белгілі бір педагогикалық заңдылық бар. Тірі
ағзалармен жұмыс істеуге деген қызығушылық әдетте балалардың тәрбиешінің
тапсырмасы бойынша жұмыстарды орындау барысын туындайды.
Сыныптан тыс жұмыстар түрлерінің балығының нәтижелері сабақтарда,
олардың бір қажетті құрам бөлігі сияқты пайдаланып, барлық балалар иелігіне
жаратылған. Биология сыныптан тыс жұмыстар тіршілікті оқып, зерттеуші ғылым
ретінде, оқушылардың дербес зерттеулері сияқты жұмыс түрлерін қамтыған,
оларға алғашқы жаңалық ашушы жағдайын сезетіндей, сөйтіп тірі табиғатты
тануға нағыз қызығушылық танытатындай дәрежеде болуы тиіс 4.
Жас натуралистер үйірмелері гүл күтуші, құс қорғаушысы, жас эколог,
жас аквариум күтушісі деген бағыттарда топтарды ұйымдастыруға болады.
Кейбір балбақшаларда дербес және топтық эпизодтық сабақтан тыс жұмыстармен
шұғылданбаған балалар қатысады. Үйірме жұмыстарына табиғатқа немесе басқа
жерлерге ұйымдастырылған экскурсия әсер етеді. Ол сол кезде туындаған
балалар қызығушылығы негізінде ұстаздың ұсынысы әсерінен болады. Балалардың
үйірмелерге қатысу ықыласы көбінесе қызықты ұйымдасқан жаппай сабақтан тыс
жұмыстардан соң мысалы, орман мерекесінен кейін туындайды. Сондықтан
осындай іс – шаралар жоғары деңгейде өткізілуі маңызды. Жас натуралистер
үйірмесі балалардың ерікті ұйымы оның негізгі мақсаты болып, балаларды
табиғатқа қызықтыру, білімдерін кеңейту, тереңдету және бақылау
біліктіліктерін табиғатты түсінушілікке тәрбиелеу. Бұл үйірмені жүргізу
үшін арнайы жоспары және әрбір сабақ бойыша сәйкес үйірмелер болу. Мысалы,
мектеп алды топтарда жалы жас натуралистер үйірмесі, ал 6-7 жасар балаларда
әрбір топ бойынша өтілген тақырыптарға байланысты жіктелуі. Осы үйірмеге
кірген бала белгілі бір ережені сақтауы тиіс, ол натуралистердің алғашқы
отырысының бірінде қабылданады. Оның мазмұны үйірмеге бірдей жастағы
балаларды таңдау. Үйірмеде әр түрлі топ баласы, гүл күтуші, құс қорғаушысы,
жас эколог, жас аквариум күтушісі кезекшілігіне тұрады. Егер балабақшада
бір тәрбиеші болса, онда бір ортақ натуралистер үйірмесі деп ашып, жас
ботаниктер – гүл өсірушілер, жас зоологтар – жануар өсірушілер, жас
физиологтар деген топтарға бөледі. Немесе балбақша бір үйірмені ашып, оны
жұмыс мазмұны мен қиындығына қарай бірнеше топшаларға бөледі. Үйірмелерде
топшаларда 5-7 баладан аспай олардың жұмыстары нәтижелі болады. Бұл
мөлшерден көп болса, үйірме жетекшісі балалардың әрқайсысына көңіл бөле
алмайды.
Үйірме жұмыстарында жұмыс жоспарын құру маңызды. Жоспар бір жылға,
жарты жылға, тоқсанға құрылуы қажет. Онда үйірменің барлық жұмыс түрлері
беріледі. Осы кезде жетекші баланың мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын,
дамуын ескеру қажет. Жоспар жасауға үйірме белсенді қатысады да, ол жоспар
кезекті отырыста талқыланып, алып қосар ұсыныстарымен толықтырылып
отырылады, бекітіледі. Үйірмелердің кез келген жұмыстарын қандай да бір
тақырыпқа келтіруге болады. Мысалы, бір аңды сатып алу оған үйшік дайындау
керек болса, онда ата – аналарының көмегіне жүгінеді.
Егербалабақшаны, бөлме өсімдіктерімен безендіру керек болса, бөлме
өсімдіктерін көбейту және оны күту тақырыбын алу керек 4.
Жоспардың кез келген тақырып бойынша жұмысты ұйымдастыру ретін былай
көрсетуге болады:
1. Кіріспе сабақ, негізінен теориялық сипата болады.
2. Үйірмелердің өздік жұмыстары. Негізінен зерттеушілік сипатта
болады.
3. Қабырға газеттерін, журналдарды шығару. Жұмыс нәтижесі көрме
түрінде.
Кіріспе сабақ ұстаз алдына мақсат қояды, оның мазмұнын ашады. Ол
үшін оқу фильмдерін, бейнетаспалар, дыбыс таспаларын пайдаланып қажетті
әдебиеттерді көрсету. Осындай жұмыстардан соң үйірмелер арасында дербес
топтық тапсырмалар, нұсқаулар беріледі.
Кейбір тәжірибелер мен бақылау жұмыстары сабақтан тыс жұмыстар үшін
мектепке дейінгі топтың өсімдік топтарымен байланысты болады.
Жануартану бойынша сабақтан тыс жұмыстар жүргізу. Балалар тірі
табиғат бұрышында қарапайымдарды өсіріп, оларды ұлғайтқыш арқылы бақылайды.
Сонымен қатар жауын құрттары, саңырауқұлақтарды, мүктерді, қыналардың әр
түрлі ұлу түрлеріне бақылау жұмыстарын жүргізуге болады. Ерекше бақылау
ретінде өрмекшілерді қадағалауға болады. Көктем кезінде ауа райының күрт
өзгеруі, алғашқы өсімдіктердің пайда болуы, жануарлардың оянуы, құстардың
қайта оралуы, бақа, инелік, маса т.б. бақылауға болады.
Тірі табиғат әлемі бойынша органикалық әлемнің заңдылықтары
қарастырылады. Сонымен қатар әр түрлі өсімдіктерге экологиялық факторлардың
әсері қарастырады. Мысалы, картоптың өсуіне жарықтың әсері, температура
т.б. қарастырылады.
Табиғат өсімдіктердің ылғалды, құрғақ, жарық, қарағы сүйгіш
өсіміктерді қолдануға да болады. Су жәндіктерін бақылау үшін аквариумда
бақыланады. Яғни су өсімдіктері, гидра, молюса, аквариум балықтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер тіршілігіне негізгі жағдайлардың әсер етуін тәжірибелер жолымен анықтау
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
ХХі ғ. мектебінде оқу – тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалар мен оларды шешудің мүмкіндіктері
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Оқыту процесіне сипаттама
Ми-жұлын жарақаттары жайлы ақпарат
Пәндер