Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын жүргізу жолдары
1.1. Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер
1.2.Мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытудың әдістері
2. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
2.1. Ойын арқылы дамыту
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту
2.3. Сөз әдебін қалыптастыра отырып дамыту
2.4. Шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту
2.5. Сөздік қорын молайту арқылы дамыту
2.6. Көркем әдебиетті оқу арқылы дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі.
Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді.
Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту,
пікірлесу т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса
маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту
арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін
дамыту – баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға
жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге
үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу
тілін дамытудың жұмыстары
Курстық жұмыстың өзектілігі: Баланың сөйлеу тілін дамыту
балабақшадағы, мини-орталықтардағы педагогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру
шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог
мамандарына баланы мектепке әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту, осы орайда әдіс-
тәсілдерді көптеп меңгеру, практикада қолдануда ерекше маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін
дамытуға, құзыреттілікті меңгертуге бағытталған теориялық материалдар
жинақтау, практикалық әдіс-тәсілдерінің тиімділігін тексеру.
Курстық жұмыстық міндеттері : Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын
жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- сөйлеу тілі сөйлеу мәдениеті ұғымдарының теориялық сипатын
анықтау;
- ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және
негіздеу;
- мектепалды даярлық тобы сабағында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуға
байланысты жұмыс түрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Ғылыми болжам: балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін
дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса
төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-балалардың сөздік қоры кеңейеді;
-өз бетімен мәдениетті сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;
-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;
-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
-интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
-сөз мәдениетін қалыптастырады.
Ғылыми жаңалығы: мектеп оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту
жұмыстарының алатын орны ерекше, сонымен қатар тәрбиеші осы жұмысты
жасаушы, әрі дамытушы қызметін атқарады.
Зерттеу объектісі : Мектепте оқуға әзірленетін балалар
Зерттеу заты : Педагог, тәрбиешінің қызметі.
Зерттеу әдісі:
- педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың озық іс-тәжірибелерімен танысып,зерттеу,
байқау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу;
- әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгіме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- педагогикалық эксперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
Теориялық және практикалық маңызы: Педагогикалық журналдарға
әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, мектеп басшысының нысанына алуын
қарастыру, болашақ ұстаздарға дәріс ретінде (талдап, оқуға) семинарларға
ұсынуға болады.

Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың
тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы
белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби
шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың
тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та,
оқыту, үйрету үрдісін қамтиды.
Балалардың ақыл – ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір
жолы - өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере
отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым
– қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді
кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы
балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық
климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз
себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту,
күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу
тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген
сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің
жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін
жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс –тәсілдерді атап өткім келеді.
Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі - жеткілікті
дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге,
сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта
отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту.
Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана
білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге,
өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның
ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың
балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы
түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс. Осы арқылы
айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін,
сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз
қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт
өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте
қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау,
есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән
беремін де балалардың сөйлеу тілін дамытуды үйретуде мынадай талаптар қоюға
болады:
Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;
сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек;
әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;
сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға
дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Баланың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында іс-
тәжірибеге сүйеніп, мынандай тәсілдер қолдануға болады:
сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет
бойынша әңгімелеу );
көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т.б.);
ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік, логикалық, ұлттық
т.б.). Осының бәрі баланы мектепке даярлауда негізгі жетекші әдістер болып
саналады. Сондықтан, балаларды мектепке әзірлеуде жоғарыдағы тәсілдерді
пайдаланудың маңызы зор.

Мектепке дейінгі кездегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер
тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі,
әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуіде бір сөзді, бірақ
әртүрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден көрі бір
шама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын
мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайда да, қайталайды, оның сөзіне
еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстың артикулиациясымен
модулиасиясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т.б.
көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыстырады). Мұндайда тәрбиеші
үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне
еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды.
Бұл әдісті қолдану мектепке дейінгі жаста ғана емес, мектепте, тіпті
есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде,
айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде де еріксіз
түрде болуы мүмкін.
Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі
іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-
әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.
Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:
айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау жоғарыда айтқан
жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе
қайталайды, оның сөзіне еліктейді;
ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа
лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де
байиды (электр монтері, қонаққа бару ойынында балалар зат есімді
меңгереді, Қызыл Телпек пен сұр қасқырды ойнағанда, балалар диалог
сөздерді байланыстыруға үйренеді);
сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету): тәрбиеші айтқан сөзді балалар
қайталайды (Су, су, менің бетімді жу!).
Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен
таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді
ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді. Жоғарыда еліктеу
әдісін орындайтын тәсілдер ,келтірілді. Бірақ кез келген әдісті іске
асырудың тәсілдері көп-ақ: творчестволық пен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші
әдістің өзін бұзбастан әрдайым өзіндік тәсілдер жасайды. Мысалы, еліктеу
әдісі, айтылған тәсілдерден басқа, суреттерді, тірі объектілерді
(жануарларды, өсімдіктерді), диафильмді, магнитофонды және басқаларды
пайдалану тәсілдері арқылы орындалуы мүмкін.
Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны оның тілін үйрету әдісі — сөйлеу
әдісі, мұны қосымша сұрақ пен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.
Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен
тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес (еліктеу
әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың
өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер
тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әңгімелеп беру)
әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз
бетінше құрастыруын, олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды
әңгімелеп беруін, көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын,
картинкаларды, нақты объектілерді — заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді —
суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

Болашақ мектеп оқушысының танымдық белсенділігін дамыту бүгінге дейін
күн тәртібінен түспей келеді. Баланы оқуға әзірлеу жолындағы іс-әрекеттер
баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің
дамуына тікелей байланысты. Мектеп жасындағы баланы дамыту мәселесінде
басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі
атқарады. Ғалымдар С.Л. Рубенштейн, Д.П.Годовикова, Т.А.Куликова,
А.И.Сорокинаның еңбектерінде 5-6 жастағы балалардың білуге құштарлығының,
танымдық қызығушылығының, коммуникативтік сұрақтары, түрткісінің дамуы
танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде атаған. А.П.Усова өзінің
Балабақшадағы оқыту атты еңбегінде мектепке дейін балалардың оқу
әрекетіндегі танымдық белсенділігіне байланысты үш деңгейге бөлген
теориясын басшылыққа алуды ұсынады.
5-6 жастағы балаларды мектепте дайындау балабақшадағы педагогтардың
үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан
бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар,
кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық
біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.
Ең басты талап балаға жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық,
психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагог өзін жай ғана
тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін, және кәсіби біліктілігі мен
даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі
қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып
келеді.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен,
ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай
жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі
мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез құлқын, сана-сезімінің жетілу
дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу,
зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру
керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін
жүргізу қажет.
Тәрбиеші - педагог - мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін
дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп оқушыларының
танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың
жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда
сөйлеу тілін дамытуда ойындар қолданудың маңызы зор.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін
көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты,
ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің
көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық
қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді
әдістерінің бipi. Сондықтан, ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану - үлкен
нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен
мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің
бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны
шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының
толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлеу
мәдениетінің қалыптасуына, тілін дамытуға да пайдасын тигізеді.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты
дамуы да жоқ. және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын,
білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған
мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп
отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз eту үшін
ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді -
деп қарастырады.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес,
философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі
саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-
танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жұмбақ, сөз
тізбек, крассворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер,
тренинг, тест, т.б Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене
түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруға, білімін
шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген
сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі. Ал мектеп оқушысы болуда ойынның
әсері баланың таным белсендігі мен дүниеге көзқарасына қоса, сөйлеу тілін
жетілдіретіні сөзсіз.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-
қайсысы да адамға, оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды
мәдени игіліктердің бipi- ұлт ойындары.
Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына
байланысты туып, дамығанына қазақ, халқының ұлттық, ойындарымен таныса
отырып, көзімізден әбден жетеді.
Уақыт мұғалімдерге мектепке дайындық үстіндегі баланы жаңа заман
талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipгe әзірлеу
секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне
деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін
Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы деп тауып айтқан. Еңселі ел болып,
ана тілін, ата-салтын, дәстүрін қайта түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл
заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша
көзқарасты ұрпақ; тәрбиелеуді талап етуде.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егежей-тегежейлі білуді
баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес,
бала отбасы тәрбие және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана
тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан алғаш аттайтын балаларға ана тілін
оқыту мен сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс.
Сөйлеу тілін дамытуда ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады.
Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағанасында қолдануға, тез,
жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.
Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау - жалпыдан жекеге қарай, яғни
жеке тұлғаны дамытудың, баланың тіл мүкістігін танып түзетудің, баланың
жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін кеңейте отырып, өзара қарым-
қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалаған
мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың
сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген.
Саусақ ойының ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ол, әрине, сөйлеу мәдениетімен сөзсіз байланысты. Мектепке
дейінгі мекемедегі сабақ уақытында пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу,
сергіту сәттері, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық
ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар баланың сөздік қорын жан-
жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы
ойындар. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық
әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
a) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен сөздік жарысын қалыптастыра білу;
в) ойын барысында балаға жаңа сөздердің мағынасын түсінуге жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік,
дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың сөздік қорын, сөйлеу
тілін дамытуда маңызы зор. Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері
қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше.
Өйткені, өздері ойын барысында жаңа сөздермен танысып, олардың сөз
мәдениеті дамиды.
2.2. Байланыстыра сөйлеу арқылы дамыту
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден,
естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін,
сөздерді, морфемаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан сөз ағынынан
бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру–оның
компоненттерін–сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін – даралап айыру
қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Баланың осы қабілетін дамытуға
көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуі жеңілдету үшін
дидактикалық тілдік материалдарды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын
сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу
қажет.
1. Тілдік белгілердің байланысуы осы тіркесте қолданылған тілдік
белгілердің әрқайсысының мағынасынан өзгеше жаңа мағынаға ие болады.
Морфемалардан сөздер, сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем
жасау кезінде жеке сөздердің мәні, элементтердің мағынасы интеграцияға
ұшырайды (тұтас бір бүтінге сіңіседі).
Мысалы, баға деген түбір морфемаға сөз тудырушы –лы, -ла қосымшалары
қосылса, жаңа сөздер (бағалы, бағала) пайда болады. Көрсетілген морфеманың
тіркестері лексикалық мағынасы жағынан бір-бірінен өзгеше үш түрлі белгі
жасайды: жалпылауыш сөз (баға) сапа (бағалы), әрекет (бағала).
Бұл сөздердің әрқайсысы (баға, бағалы, бағала) көп мағыналы, олар
өздері қатысқан сөз тіркесі мағынасының бір ғана бөлігін құрайды. Сонымен,
баға сөзі сөз тіркестерінде мынандай мағыналарды білдіруі мүмкін: 1) баға –
товардың сапасына қойылатын өлшем, 2) баға – білім сапасына берілетін
өлшем, 3) баға – істелген еңбектің сапасына берілетін өлшем және т.б.
Байланыстыра сөйлеудің екі типі бар: диалогтық (немесе диалог) және
монологтық (монолог).
Диалог–екі не одан да көп адамның әңгімесі. Әңгіменің мақсаты, әдетте,
бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі
болуға шақыру.
Монолог–бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты –
белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Л.В. Щерба ауызекі өзара қатынасқа түскен екі индивидтің бір-біріне
жасаған реакциясынан, белгілі бір ситуациямен немесе сөйлеушінің айтуымен
анықталған әдеттегі ішкі себептерден пайда болған реакциядан тұрады. Диалог
– бұл шын мәнінде жауап беру тізбегі, - деп жазды.
Монолог, әдетте, кітап (жазу) стилінің тілі.
...Әдеби тілдің негізінде, - деп жалғастырады Л.В. Щерба, - монолог,
әңгіме, диалогқа қарама-қарсы болып келетін ауызекі сөйлеу тілі жатады.
Монолог – бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып
саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе. Монологтың
барлығы да көркем шығарманың нышаны....
Диалогқа қатысушының әрбір жекелеген репликасында аяқталған ой жоқ,
тек олардың бәрі диалогтық бірлікте деп ұғынылады.

Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің
де мақсат — мүддесі біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ
тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы. Жас сәбидің өмір
табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні
анасының аялы алақаны. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер немесе Әке
көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер деген де осының айғағы. Яғни, ата —
әженің, әке - шешенің өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай
игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас
қазына болары сөзсіз.
Десек те, жеті жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін
мектепке дейінгі мекеме айқындап, ата — аналармен бірлескен ынтымақты
тәрбие жүйесін қалыптастыру тиянақты жұмыс болып табылады. Көрнекті ақын,
ойшыл философ Ғұмар Қараштың Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді деген
тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір,
пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып,
олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір
тәрбиеші, педагог, ата-ананың міндеті деуге болады.
Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz