Ойынның ақыл – ой дамытудағы маңызы


Мазмұны
Кіріспе .
І. Балалардың ақыл ойын дамытудағы ойынның алатын орны
1. 1. Балалардың іс-әрекетің ұйымдастырудағы және оқытуда тәрбиеші-
1. 2. Баланың ой өрісін дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлі.
1. 3. Балалардың ойын арқылы ақыл-ойын және шығармашылығын
дамыту.
II. Ойынның ақыл - ой дамытудағы маңызы
2. 1. Констатациялық эксперименті ұйымдастыру.
2. 2. Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамутуға бағытталған іс шаралар
2. 3. Ой өрісін дамытуда арифметикалық есептерді шығару
2. 4. Ойын арқылы уақыт туралы түсінік беру
2. 5. Ойын барысында алынған зерттеу нәтижесі
Қорытынды .
Қолданған әдебиеттер .
Кіріспе
Көкейтестілігі. Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл түсінік баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның психикасының қалыптасып, даму ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу" түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз орнын дұрыс таба білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс қалыптастыра білу.
Дұрыс сөзбен айтқанда, педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың негізгі объектісі -баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі мақсат - әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу.
Ойын - бала іс-әрекетінің бір түрі болғандықтан, ересек адамдар оны тәрбиелеу мақсатында қолданады. Ойында бала тұлға ретінде дамиды, оның әлеуметтік және тұлғалық тиімді бейімделуі тәуелді болып келетін психикасының барлық жақтары дамиды.
Ақырғы онжылдық ішіндегі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде, жеке дара және жас ерекшеліктерін білуде емес, балалардың жеке сипаттамалары мен мүмкіндіктерін ескеру қажетігі ең маңызды болатыны көрсетілген. Ал ол болса ойында ғана айқын анықталады. Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үрдісінде ойынның маңызы зор. Ойын баланың мінез-құлқына, физикалық және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.
К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: "Ойын - балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады".
Ойын баланың мінез-қүлңының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Бір ойын ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын ойлау қабілетін, ал үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.
Ойындар сюжетті-рөльдік, қимыл-қозғалысты, ойын-жаттығулар және дидактикалык, ойындар болып бөлінеді.
Дидактикалың ойындарға сабак, материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалык, ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Кәдімгі мектеп жағдайында оқушының белсенділігі сұрақ-жауап, әңгімелеу, өздерінің ойларын жеткізе білу кезінде көрінеді. Тәжірибеден байқағанымыз дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.
Зерттеу мақсаты : Ойын арқылы баланың ой-өрісін кеңейтіп дамыту.
Зерттеу міндеттері : 1. Отбасында, балабақшада ойынның маңызын қарастыру;
2. Ойынның түрлерін қарастыру;
3. Әр түрлі ойындар қолдана отырып констатациялық эксперимент өткізу.
Зерттеу объектісі : 5-6 жастағы балалар.
Зерттеу пәні : Балалардың ойын арқылы ақыл-ойын дамыту.
Зерттеу базасы : Бестөбе кентіндегі № 1 орта мектебінің даярлық сынып оқушылары.
Ғылыми болжам : Дұрыс ұыймдастырылған ойын арқылы баланың ой-өрісін дамытып, мектепке дайын етіп шығаруға болады.
Курстық жұмысының құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдібиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде мәселенің мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы көрсетілген. Бірінші бөлімде баланың негізігі әреттерін ұыймдастыру, ойынның маңызы, рөлі қарастырылып кетекен. Екінші бөлімде ойындарды қолдана отырып констатациялық эксперимент жүргізіліп, одан шыққан нәтиже көрсетілген. Қорытындыда, ғылыми болжамның дәлелдену, әдебиеттер тізімі беріліп, қосымшада қандай ойындар өткізілгені жазылған.
І Бөлім: Балалардың ақыл ойын дамытудағы ойынның алатын орны.
1. 1. Балалардың іс-әрекетің ұйымдастырудағы және оқытуда тәрбиеші- педагогқа қойылатын қәсіби талаптар.
Болашақ ұрпақтың танымдық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпeктici баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей баланысты. 6-7 жастағы баланы оқу-тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты және ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық, белсенділігі атқарады. Ғалымдар С. Л. Рубинштейн, Д. П. Годовикова, Т. А. Куликова, А. И. Сорокинаның еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың білуге құштарлығының, танымдық қызығушылығының, коммуникативтик сұрақтары, танымдық сипатының дамуы, танымдық белсендінінің көрсеткіштері ретінде атаған. А. П. Усова өзінің «Балабақшадағы оқыту» атты еңбегінде мектепке дейінгі балалардың оқу әрекетіндегі танымдық белсендінгіне байланысты үш денгейге берілген теориясын басшылыққа алуды ұсынды.
6-7 жастағы балалардың танымдық белсендінін дамыту балабақшадағы педагоггардың үлесіне тән, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педагог мамандарына түпкісінен білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көніл бөлуде. Оның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасыньщ Білім туралы заңының 22-бабында (1999), Балаларды міндетті мектепалды дайындау тұжырымдамасында (2000) кадрларға қойылатын талаптар атап көрсетілді.
Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну. Балабақша педагогі өзін жәй ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігін қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өздігінен позициясы қалыптасып және ой қажеттіліқ арқылы сипатталады: танымдық қажетілігі; белгілі бip әлеуметтік қатынасқа байланысты қажеттілігі.
Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрган ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерің (түйсін, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелікті ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жүргізу қажет.
Тәрбиеші-педагог - мектепалды жастағы балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда, оның кезін ашуда басты тұлга. Kaзipri таңда мектеп оқушыларының танымдық белсендінгін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологияларының енгізіп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Ал балабақшада бұл өзекті мәселе қандай деңгейде шешілуде және тәрбиеші-педагогтар қандай әдістемелер қолданып келеді деген сұрақ, кез келген маманды ойландырады. Әрине, казіргі оқыту технологияларын балабақшаға лайықты түрлерін ipiктеп оқу-тәрбие процесіне енгізіп, балалардың таным белсенділігі мен балашақтағы оқу әрекетіне деген ынтасын арттыруда маңызы зор. Кейбір, балабақшаларда жаңа технологиялар қолданылмай жүр дегеннен аулақпыз, ойын арқылы оқыту, дамыта отырып оқыту технологиясы қолданылып келетіндігін тәжрибе көрсетіп отыр. Ғалым С. Жиенбаеваның 6-7 жастағы балаларды қол еңбегіне баулуда саралап оқыту технологиясын қолдану тәжірибесі де нақтылай түседі. Дегенмен, жаппай тәрбиеші-педагогтардың балалардың таным белсендінгін дамьггуда тиімді әдістерді қолдануы өзінің білімін жетілдіруіне тығыз байланысты. Өзінің білімін жетілдіру дегеніміз - жеке басының кәсіби шеберлігін шындауы, педагогикалық, әрекетін шығармашы-лықпен ұйымдастыра білуі.
Педагог мамандығының әлеуметтк мәні - тәрбиеленушілердің қазіргі қоғамның өзгермелі әлеуметтік мәдениетіне беймделуіне, оларды ереже, заң бойынша өмip сүруге жол ашып, кейін олар үшін идеяға айналдыру. Тәрбиеші-педагогтың педагогикалық әрекеттерінің компоненттері: педагогикалық мотиві, мақсаты А. Н. Леонтьев, қарым-қатынасы (субъект-субъект), педагогикалық техника, біліктілігі, өз еңбегінің нәтижесінде талдауы. Мекгепке дейінгі мекеме мамандарының кәсіптік бағыттары, педагогикалық epeжелері туралы Е. А. Панько, Л. Г. Семушина, В. И Логинова, Р. С. Буре, К. А. Аймагамбетова, Б. О Арзанбаева зерттеулеріндегі педагог-тәрбиешілердің қызметі, профессиограммасы мәселелері туралы атап кеткен. Профессиограмма - бұл ғылыми негізделген педагогтың жеке тұлғалық кәсіптк сапаларына та-лаптар, дуниеге көзқарасы, жалпы мәдениеті, психологиялық-педагогикалық, арнаулы білімі, сол сияқты педагогикалық біліктілігі мен дағдысы.
Қорыта айтканда, бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беруде, оның рухани байлығы мен мәдениетін арттыруда танымдық белсендінілігін дамытудың маңызы зор. Басты мәселені шешуде тәрбиеші-педагогтың орны ерекше дей отырып, терең зерттеуді талап ететін күрделі мәселе аспект .
1. 2. Баланың ой өрісін дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлі.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық, педагогикалық зерттеу нәтижелері осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларга білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы түсініктерін жетілдіріп, еңбекке деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеудің маңызы өте зор. Ата-аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиелеуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады. Сәби шағынан бастап, отбасы мүшелерімен үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасау секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу - ата-аналардың ардақты борышы.
Балбөбек бағдарламасында баланы мектепке дайындау жөніндегі негізгі міндеттер атап көрсетілген. Сол міндеттердің ішінде он көлемінде санай, есептей білуге, ауызша қосып, азайту тәсілдеріне жаттықтыруға, математикалық ұғымдар туралы алғашқы мағұлматтарды меңгерту ісіне, геометриялық пішіндерді оқытуға көңіл бөлінеді. Жаңа бағдарлама бойынша 3-4 жастағы балалар тобында дөңгелек, шаршы, үшбұрыш туралы түсінік беріледі де, 4-5 жастағы балалар тобында жұмыс түрлері біршама күрделене түседі. Мысалы, шар, текше, цилиндр сияқты геометриялық денелермен танысады. Ал, 5-6 жастағы балалар тобында бағдарлама бойынша үйретілетін ұғым көлемі әрі қарай күрделеніп, үшбұрыш, төртбұрыш, цилиндр, шаршы, сопақша, дөңгелек т. б. геометриялық пішіндер мен денелер туралы жан-жақты толык түсінік беріледі.
Бағдарламада геометриялык пішінмен таныстыру, санауды үйрету, 10 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен елшемдер жүргізу, сусымалы және сүйык заттардың көлемін анықтау, балалардың көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жетілдіру, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі, төрт бөлікке бөліп үйрену секілді мәселелерге назар аударылады.
Математикалық алғашқы ұғымдарды дамытудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы және басқа ұғымдарды неғұрлым терең түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру еді. Ол үшін тәрбиеші балалардың білім, дағды деңгейін, жалпы даму ерекшелігін алдын ала анықтау қажет. Ол үшін ата-аналар төмендегідей жұмыстарды іске асыруға тиісті.
Балаға ең алдымен математикалық түсінік отбасында беріле бастайтыны мәлім. Сәбиіне жеміс ұсынған ата-анасы; "Құлыным, саған бір алма, бір алмұрт берейін, екеуін де жей ғой" дейтіні үйреншікті жағдай. Осылай айта салудан бала білім ала алмайды. Белгілі жүйеге келтірілмеген мұндай білім мектепте математиканы тез игеру үшін де сенімді бағдар бола алмайды. Сондықтан балабакшасында карапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы сабақтар өтіледі. Ал карапайым математикалық ұғымдарды меңгерту жұмыстарын үй жағдайында ата-аналар атқарады. Әрине, осының бәрі ата-аналардың мақсатты, табанды, әрі жүйелі жұмыс жүргізуін, ол үшін біршама әдістемелік даярлығы болуын қажет етеді. Бұл айтылғандар, әсіресе, 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау ісіне тікелей қатысты. Тіпті, балабакшаға барып жүргеннің өзінде де, ата-аналар тәрбиешінің тапсыруы бойынша жұмыстың белгілі бөлігін үйде жүргізгені жөн болады.
Ата-аналар ең алдымен бес жастағы баланың математика жайында нені білуге тиіс екенін, олардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ үйретудің әдіс-тәсілдерін білулері керек.
Баланың отбасындағы математикалық даярлығы дегеніміз не?
Бес жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады . Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезенде баланың оқуға икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу кабілетін одан әрі жетілдіре түсудің маңызы зор. Баланың меңгерген білімін пысықтап, нактылай түскен жөн. Алты жаста-ақ баланың алғашкы ондық туралы түсінігі қалыптасады. Ол 10-ға дейін санап, реттік сандарды салыстырып; 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды атап, айта білетін болады.
Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бала апта күндерінің ретін, тәулік мезгілдерін ажыратып, бүгін, ертең, кеше ұғымдарын сөзбен дұрыс айта білуі керек.
Алты жастағылар әдетте балабақшаның даярлык тобына барады. Солай бола тұрса да, оған математикалык білімді меңгеруі үшін ата-аналардың көмегі қажет. Балалардың нені үйренгенін, нені қайталап, пысықтауы және тереңірек меңгеруі керектігін ұдайы қадағалап отыру баланың мектепке қиналмай оқуына берік негіз қалайды.
Бала алты жасқа келгенде 10-ға дейін жақсы санай алуы; есептеу материалын пайдаланып, ауызша косу, азайту сияқты арифметикалық амалдарды орындай білуі; әр түрлі шама өлшемдері (ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы) бойынша түрлі заттарды салыстыруы, көпбұрыштар мен басқа да геометриялық пішіндер туралы кейбір мәліметтерді саналы түсініп, айналадағы заттарды, дәптер мен кітап жазуларын жақсы айыруы; ай аттары мен апта күндерін атап, сағат бойынша мезгілді анықтай білуі тиіс.
Бұл кезеңде баланың ойлау кабілетінде де айтарлыктай өзгерістер туады. Оның талдау, жинақтау, корытынды жасау, өз әрекетін дәлелдей білу қабілеті дамиды.
Баламен сабақ өткізу алдын ала дидактикалық (көрнекті) материалды даярлауды қажет етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды, ойыншықтарды, баламен бірге серуендеу және демалу кезінде жиналған табиғи материалдарды пайдалануға болады. Сонымен катар, иллюстрацияларды, суреттерді, фотосуреттерді, жануарлар, кұстар, жәндіктер, көкөністер, жемістер бейнеленген картиналарды, құрылымы әр түрлі есепшотты, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек. Өлшеу үшін лента, таяқша, банка, касық, текше сияқты материалдар қажет болды. Ол үшін дүкеннен "Санай біл" деген ойынды сатып алуға болады, онын ішінде есептеу таякшалары, геометриялық пішіндер, сонда-ақ сюжетті картиналар бар. Біздің мақсатымыз - осы материалдарды пайдаланып, отбасында баланы санауға қалай үйретуге болатыны жөнінде ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.
1. 3. Балалардың ойын арқылы ақыл-ойын және шығармашылығын дамыту.
Мектепке дейінгі педагогикада «Ақыл-ой тәрбиесі» деген тақырып бар. Педагогика ғылымы академиясының эксперименталдық программасында бұл тақырып бойынша сенсорлық тәрбиеге және көрнекілік, практикалық, сөздік әдістері ойынмен тығыз байланыстыруға басты назар аударылған. Сабақ кезінде алты жасарлардың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуін арттыруда, әсіресе практикалық әдіске ерекше көңіл бөлу сөз болды. Енбек тәрбиесіне байланысты даярлық тобында және сыныпта өзіне-өзі қызмет ету, қоғамдық мәні бар жұмыстарға белсенді қатыстырылуы көзделген.
Дидактикалық, творчестволық ойындар арқылы, әсіресе, сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысы олардың өзін қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтуге, кітапты сүюге, еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа баулуға бағытталған. Алты жасарлармен жұмыс жөнінде дайындық топтағы мұғалімдер ғылыми баяндама, рефераттар, курс жұмыстарын қарастырады. Мынадай тақырыптарға байланысты мәселелер қарастырылуда:
- Алты жасарлардың сабақ кезіндегі психологиялық, физиологиялық және өзіндік ерекшеліктері туралы;
- алты жасарлардың сабақ кезінде жұмыс қабілетін арттырудың жолдары мен әдістері;
- алты-жеті жастағы тіл дамыту жұмыстары;
- жай қарапайым заттардың көлемі мен ұзындығы туралы түсінік беру;
- қарапайым арифметикалық есептер шығару арқылы алты жа-сарлардың ойлау қабілетін арттыру және тілін дамыту;
- мектепке даярлауда бейнелеу өнері арқылы графикалық дағдыларын қалыптастыру;
- алты жасарларды оқытудағы ойынның ролі;
- мектептің даярлық тобында балалардын, тәртіп мәдениетін тәрбие-леу;
- алты жасарлардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиешілерді, мұғалімдерді, практиканттарды кеңінен қатысты-ра алты жасарлармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады: сұрақ, жауап, диспут, ауызша-журнал, пікір алысу, т. б.
Студенттердің ғылыми қоғамында, ғылыми-практикалық конферен-цияларда, үйірме жұмысында алты жасарлардын. психологиялық, фи-зиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес көрнекі құралдар, методикалық ұсыныстарға байланысты мынадай проблемалық мәселелерге назар ау-дарылады:
-Алты жасарларды оқыту және тәрбиелеудің теориялық, методикалық негізі;
- мектеп және жоғары оқу орындары реформасына сәйкес алты жастағылармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жетілдіру;
- бала бақшаның даярлық тобындағы адамгершілік тәрбиесі;
- дидактикалық ойындар арқылы алты жастағылардың белсенділігін арттыру, т. б.
Біздің балабақшада мектеп алды алты жасарлармен жүргізілетін жұмыс туралы методикалық бұрыш ұйымдастырылған. Онда бұл тақырыпқа жа-зылған студенттердің рефераты, ғылыми-методикалық нұсқаулар, әдебиеттердің тізімі, баспасөзде жарияланған мақалалар бар.
Жоғарыда айтылған ғылыми және методикалық бағыттағы жұмыстың барлығы, негізінен, педагогикалық практика кезінде балабақшалардың даярлық тобында және жалпы білім беретін мектептерде орындалады.
Балаларды мектепке даярлау туралы арнаулы курс оқылады.
Ал алты жасарларды мектепке қалай даярлау керек? Бұл - тың тақырып.
Алты жасарлардың жалпы даярлығы туралы сөз болғанда олардың интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесіне назар аудару қажет. Тәрбиеші бұл кезеңде әрбір баланың психологиялық, физиологиялық жағынан дамуы қалай? Интеллектуалдық жетілуі тоқтап қалмай ма, тоқыраушылық кездеспей ме деген мәселелерге көңіл аударуы керек. Бұл мәселелер еш-уақытта күн тәртібінен түспеиді. Себебі біздер, оқытушылар, тәрбиешілер озат тәжірибені кеқінен пайдаланып, өмір ағымына ілесіп оты-руға тиіспіз.
Балалардың денсаулығы туралы айтқанда, яғни алты жасарларға медициналық тұрғыдан қойылатын талаптарды (биологиялық дамуы, денсаулығы қалай, бұрын әр түрлі аурулармен ауырған жоқ па, т. б. ) тәрбиеші ескеруі керек. Ең басты мәселе - алты жасарлардың психо-логиялық, физиологиялық дамуының қалай екенін анықтау. Бала психологиялық, физиологиялық тұрғыдан әрбір дыбысты қалай айтады?
ІI. Ойынның ақыл - ой дамытудағы маңызы
2. 1. Констатациялық эксперименті ұйымдастыру.
Зерттеу орны Бестөбе кенті № 1 орта мектебінің даярлық сынып оқушылары
Топты екіге бөлдім: контрольдық топта 6 жастан асқан 8 бала, экспериментальды топқа, 5 тен асқан, бірақ алтыға енді толатын 12 балалар қатысты.
Констатациялық эксперимент барысында, мектеп алды даярлық бағдарламасы бойынша арнайы ақыл ой өрісіне бағытталған ойындық тапсырмаларды қолдандым.
Алты жастағы балалар, контрольды топ болғансоң, олар әдеттегі бағдарлама бойынша жүргізілді, де экспериментальды топтармен арнайы қарқынды жұмыстар жүргізілді. Эксперимент басталмай тұрып бес жастағы балалр мен алты жастағы балалардың зейінің, ой ұшқырлығын, жұмыс қабілетін тағы да басқа параметрлерін салыстырып қарастырдық. Көрсеткіштер алынғаннан соң бес жасар балалармен арнайы ойындық тәсілдегі жұмыстар өткізіді. Бұған отбасында қатырстым, яғни балабақшада алынған ептіліктері, білімбері үйде де бекітіліп отыруы қажет.
Арнайы жұмыстарыма, белсенділікті жоғарлатуға бағытталған ойындар болды, бұл сергіту ойындары. Сергіту немесе спорттық ойындардың жетіліп келе жатқан бала ағзасына маңызы зо екені бәріне мәлім. Ағза оттегімен жақсы көректелінеді, баланың бас миының жұмысын жақсартады, қимыл ептілігі, байғақыштығы дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz