Табыстар мен шығыстардың есепте көрініс табуы, қаржылық нәтижені анықтау
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-тарау. Банк
табыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5
1.1 Табыстар мен шығыстарды мойындау әдістері мен
өлшемдері ... ... ... ... ...5
1.2 Банк табыстарының
жіктемесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..9
ІІ-тарау. Банк
шығыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
2.1. Банк шығыстарының

.12
2.2. Табыстар мен шығыстардың есепте көрініс табуы, қаржылық нәтижені
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Қазақстанның Банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық
стандарттарына жауап береді, елде дамыған инфрақұрылымды қаржы нарықтары
қызмет етеді. Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибені
салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикада экономикалық
реформаларды іске асыру үшін нарықтық экономикасы дамыған елдерде банк
ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет. Экономикалық жағдайлардың өзара
салыстыруға келмейтіндігі себебі банктік технологиялар және олардың
әдістерін көз жұма отырып, қаз қалпында көшіріп алу мүмкін емес. Сондықтан
аталған курстық жұмыстағы барлық материалдардың студенттерге экономикалық
категориялардың нақты өмірімізбен шаруашылық тәжірибемізге қолдануға
қаншалықты сәйкес келетінін өз бетінше теориялық тұрғыдан ой елегінен
өткізіп барып талдап, түсіндіруге мүмкіншілік тудырады.
КСРО құлағаннан кейін біздің мемлекеттердің алдында көп қиыншылықтар
блоды. Жаңа банк жүйесін құру және сол сияқты мәселелер туды. Біздің
мемлекетіміз жаңа болғандықтан, серпінді дамуында болғандықтан біздің
экономикалық жүйені құру үшін алдында өте көп қиыншылықтар болды. Басқа
дамыған елдерге қарағанда біздің банк жүйесіміз төмен жағдайда болды.
Қазіргі уақытта осы мәселе өте актуалды деп санаймын. Біз қиыншылықтардан
өтсек те, мемлекетіміз алдында тағы да көптеген қиыншылықтардан өту керек.
Сонымен Қазақстан Республикасының банк жүйесі осы күнге дейін баяу дамыған,
өйткені біздің мемлекетіміз дамушы елдердің қатарына кіреді.
Банк секторының ішіндегі барлық қатынастар жүйесі Орталық банк
тарапынан басқару және клиенттерімен арасындағы қатынас орнату
қағидаларының сипаты жайлы сөз қозғалады.
Жаңа банктiк механизмдi кұру өркениеттi елдерде қабылданған нарықтық
қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжiрибелерiне сүйенетiн коммерциялык
банктердiң кызметтepiн калпына келтiрудi талап етедi. Сондықтан да
шаруашылықтың әр түрлi жағдайында бейiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн әлдеқашан
байқаған әрi қатаң бәсекелiк күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемici болып
табылатын: ақша каражаттарын жұмылдыру, несиелеу және есеп айырысу
түрлерiне қатысты шетелдiк тәжipибелердi зерттеудiң маңызы аса зор.
Несие теориясы бiр орталықтан жоспарлау жүйесiнен - нарықтық
қатынастарға өту кезеңiндегi ақша айналымы және несиелеудi ұйымдастыру
тәжipибелерiмен тығыз байланысты. Несиенің өзiндiк ерекше белгiлерiн,
олардың қоғам мен экономиканы кайта құрудағы рөлi мен қызметiн, сондай-ақ
басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетiн танып бiлудің өзi
қаржы-несие мекемелерiнің несие саясаттарының ғылыми негiзiн анықтайды.
І-тарау. Банк табыстары
1.1 Табыстар мен шығыстарды мойындау әдістері мен өлшемдері
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты - табыс табу болып
табылады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі - осы
мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау
және есептілікті көрсету. Пайда - шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі
капитал өсімі; бұл толық табыстан толық шығыстарды шегергенге тен. Бірак
бұл анықтамалар әр түрлі қабылдануы мүмкін. Бухгалтерлер бөлінбеген пайда
немесе таза табыс терминдерін колданғанды жөн көреді.
Таза табыс = табыс - шығыс.
Егер шығыс табыстан асып кетсе, онда жабылмаған шығын жайлы сөз
қозғалады.
Шығындар - бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі келісімшарттар
және оқиғалардың нәтижесінде, сонымен қатар шығынның немесе акционерлік
капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын қоспағандагы субъектіге
әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер, оқигалар мен жағдайлар
нәтижесінен капиталдың азаюы.
Табыс және шығыс ұғымдары әр түрлі анықталады. Жиі қол-данылатындары:
Табыс - есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе
банк қызметінің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын
түрлерінің нәтижесінде орын алғаң, жалпы қабылданған есептілік қағидаларына
сәйкес өлшенген және мойындалған несиелік қарыздың азаюы нысанындағы
экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралығындагы экономикалық табыстың активтердің
кері ағыны немесе пайданылуы түріндеғі азаюына әкелетін қарыздардың пайда
болуы, бұлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндерінен
ерекше болады.
Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ,
табыссыз банк жоқ. Табыстың мәнін аныктау, бағалау және табысты уақытпен
байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері.
Табыстар екі түрге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет
түрлеріне байланысты.
Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын,
оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі анықтайды және каржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
талаптарына сәйкес банкті баскару және оған салық салу үшін жеткілікті
деңгейде түсінікті болуы қажет.
Бухгалтерлік есептің жалпы кағидалары тануды субъектінің қаржылық
есебіне бап енгізу үрдісі ретінде анықтайды. Тану іске қосылған соманың
есептің қорытынды көрсеткіштерінде көрініс табуынан тұрады.
Табыс және шығыс баптарын қанағаттандыру өлшемдері мынадай:
- бап өлшеу үшін сәйкес негізге және іске қосылган сомаға саналы
бағалау жүргізу мүмкіндігіне ие;
- болашақта экономикалық пайда алуға немесе жоғалтуға негізделген
баптар үшін осындай пайдалар алынуы немесе алынбай қалуы мүмкін ықтималдық
кездеседі.
Табыстар әдетте мәміле орындалған және түсімді алу және оны өлшеу
мүмкіндіктеріне қатысты катаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс
немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы
экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.
Өнімді сатудан түскен табысты мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі -
сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі
тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оны өзінде қалдырса, онда
ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.
Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды
тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін:
- өткізгенге дейін;
- өткізу кезінде;
- өткізгеннен кейін.
Өнімді өткізгенге дейін танылған табыс
Екі әдіс арқылы жүзеге асырылады:
1) аяқталған мәміле, яғни мәміле аякталған кезде табыс және шығыс
шоттарымен бірге барлык шоттар жабылады және жиынтық табыс мойындалады
(әдетте құрылыс кезінде);
2) аяқталу пайызымен - табыс, шығыс, жиынтық табыс әр есепті кезеңде
құрылыс жобасының аяқталуын бағалау пайызы негізінде мойындалады.
Өткізу кезінде мойындалған табыс
Табысты мойындау үшін жағдайлар - мәмілені орындау және түсім алу
мүмкіндігі әдетте өнімді немесе қызметті өткізген кезде орындалуы мүмкін.
Бұл сату кезеңі деп аталатын әдіс.
Өткізгеннен кейін танылған табыс
Бұл жерде екі әдіс қолданылады: ақысын біртіндеп төлейтіндей етіп сату
және шығындардың орнын жабу.
Бірінші жағдайда табыс сату кезінде емес, тек ақша алынған жағдайда
ғана мойындалады. Екіншісі табыстардың немесе пайдалардың ақырғы өткізуін
мойындауға болмайтын жағдайда.
Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге
асады:
- нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені
үшін алынған табыстар есепке алу үшін қолданылады);
- үйлесімді орындалу (көп сатылы табыстарды мойындау үшін
қолданылады);
- аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табысты есепке алу
үшін қолданылады - орындалудың бірдей немесе бірдей емес кезеңдер сериясы,
олардың қорытынды актісі қызмет көрсету бойынша жалпы операцияларға
байланысты айтарлықтай маңызды);
- инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі
белгісіздік өте жоғары).
Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиі-мділік
деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есеп кұру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай
сәйкестілік қағидаларына сай топталады.
Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген
жағдайлар мыналарды қамтиды:
• тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің таза кұнына дейін,
ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының - қалпына келтіру құнына дейін
төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;
• банк қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымның өзгеруі бойынша
шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;
• жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;
• ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
• үзілген операциялар;
• сот үрдістерін реттеу;
• резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.
Әрбір үзілген операция үшін келесідей ашылулар жүргізіледі:
- үзілген операция сипаттамасы;
- есепке алу мақсатында операциялардың нақты үзілу күні;
- үзу әдісі (сату немесе бас тарту);
- операцияны үзуден түскен табыс немесе шығын және оларды өлшеу үшін
қолданылатын есептілік саясаты;
- әр есепті кезеңде күнделікті қызметтен сәйкес сомалармен түсетін
түсім, табыс немесе шығын.
Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие табыстар мен
шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің
басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі.
Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет
көрсетуге пайдаланыла алады. Ол үшін валюталар шегінде ақпарат алуға
мүмкіндік беретін жайғасымдар (позиция) қарастырылған.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банк шығындары - бұл есепті кезең ішінде
меншікті капитал (дивидендтен басқа) үлесінің иелері арасында бөлінетін
түрінен өзгеше, капиталдың азаюына алып келетін активтердің жылыстауы
немесе пайдаланылуы не болмаса қарыздардың пайда болуы түрінде экономикалық
тиімділіктің азаюы.
Экономикалық шығындарды табыс алу үрдісінде банк қызметтерін және
өнімдерін пайдалану және тұтыну ретінде анықтауға болады. Шығыстар тек банк
өнімдері немесе қызметтері табысты қалыптастыру үрдісінде қолданылған кезде
пайда болады. Шығыстардың бухгалтерлік есепшоттарында және қаржылық
есептілікте көрініс табуы есептілік кезенде не кешігіп, не мерзімінен бұрын
орындалады. Есепті кезең қабылданған табыс тұжырымдамасымен анықталады.
Шығыстар өнімдердің немесе қызметгердің құны төмендеуі орын алғанда немесе
болашақта бұларды пайдалану есебінен құн өсімі ұсынылмаған жағдайда көрініс
табады. Ақша қаражаттарының келіп түсуіне негізделген табыс тұжырымдамасы
шығыс шегу кезеңіне уақыты бойынша шекті жақындатылып көрсетілуі қажет.
Шығыстар есепте сәйкестілік қағидасы бойынша себеп-салдарлық байланыс
негізінде көрсетілген табыспен мойындалады. Сәйкестілік тек табыстар мен
шығыстар арасында негізделген байланыс бекітілген жағдайда орын алады.
1.2 Банк табыстарының жіктемесі
Банк табыстары есептеу әдісі бойынша төңгемен есептеледі және
мыналардан тұрады:
- төмендегілер бойынша сыйақы (мүдде) алумен байланысты:
• Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
• Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер;
• ¥лттық банк қайта қаржыландыруы үшін жарамды қазынашылық
міндеттемелер мен басқа да өтімділігі жоғары бағалы қағаздар;
• сатуға арналған бағалы қағаздар;
• басқа да бағалы қағаздар;
• басқа банктерге орналастырылған салымдар;
• басқа банктер ұсынған қарыздар;
• клиенттерге берілген қарыздар;
• капиталға және бағынышты борышқа инвестиция;
- банктің келесі қызметтері бойынша комиссиялық табыстары:
• аударым операциялары;
• бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
• шетел валюталарын сату-сатып алу;
• сақтандыру операциялары;
• сенімгерлік операциялары;
• берілген кепілдіктер;
• шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу;
• басқалары;
- пай, акция және басқа да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
- клиенттердің банкке есеп айырысу және кассалық қызмет көрсеткені
үшін төлемдері, клиенттердің телеграфтық (пошталық) және тағы басқа
шығындардың орнын жабуы;
- шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алудан түсім;
- шетел валютасын, бағалы металдарды және бағалы қағаз-дарды қайта
бағалаудан түскен табыс;
- кәсіпорындарға, ұйымдарға, банктерге халыққа көрсетілген басқа да
қызметтер үшін, соның ішінде инкассация үшін төлем;
- банк активін сатудан түскен түсім;
- банк шығындарының орнын жабу сомалары;
- есепті кезенде шыққан өткен кезендер табыстары (өткен жылдар
қателерін анықтау нәтижесінде): өткен жылдарда алынған алдын ала
есептелінген пайыздар және комиссия, өткен жылдары банктің клиенттерге
артық төленген талап етуге дейінгі сыйақы және комиссиялық ақы, алдында
үмітсіз деп есептен шығарылған қарыздардың келіп түсуі, егер олар күмәнді
қарыздар бойынша резервті көбейтуге бағытталмаса;
- банк қызметкерлерінің олардың кінәсі есебінен банктің төленген
айыппұлдарының орнын жабуға түсімдердің түсуі;
- алынған айыппүлдар, өсімпүл, тұрақсыздық төлемі және басқа да
экономикалық санкциялар, соның ішінде есеп айырысу операцияларын орындау
ережелерін бұзғаны үшін клиенттерден алынатын айыппұлдар, сонымен қатар,
мерзімінде жеткізбеу, корреспонденцияны жоғалтқаны үшін байланыс
кәсіпорынынан алынған айыппұлдар;
- банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін табыс, сонымен қатар
мәмілеге сәйкес факторингтік және форфейтингтік операцияларды жүзеге
асырудан түсетін түсім;
- банк алатын басқа да түсімдер: сатылған макулатура, металл сынығы,
өңделген пломба, банк көлігін пайдалану, істен шыққан материалдарды қалдық
заттар ретіңде өткізуден түскен табыс, негізгі қорларды жоюдан түсімдер,
жұмысшыларға еңбек кітапшасын және оларға қосымша бет (вкладыш) беруден
алынатын сомалар, түгендеу кезінде анықталған артық негізгі қорлар,
баланстан балансқа ауыстыру тәртібі бойынша қабылданған инвентарь қүны
(сыйға тарту) және т.с.с.
- күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да күтіл-меген
табыстар.
ІІ-тарау. Банк шығыстары
2.1. Банк шығыстарының жіктемесі
Ақша айналысы саласында атқаратын қызметі және негізгі шаруашылық
қызметімен байланысты банк қаражат жұмсайды. Олар екі бөлікке бөлінеді:
операциялық және әр түрлі шығындар және басқару аппаратының шығындары.
Операциялық және әр түрлі шығындар құрамында ең үлкен үлес салмағы
банкаралық несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар
бойынша есептелінген және төленген пайыздар алады.
Басқару аппаратына кететін шығындар барлық қызметкерлердің, соның
ішінде басқару аппаратының жұмысшыларын қоса алғанда, еңбекақысын және
әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарын қамтиды.
Банк шығыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және
мыналардан тұрады:
- алынған несиелер, депозиттер, бағалы қағаздар мен форвардтық,
лизингтік операциялар бойынша сыйақы төлеумен және комиссиялық төлемдермен
байланысты, соның ішінде:
• клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шоттары бойынша;
• кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтердің депозиттері және
салымдары бойынша, азаматтардың және әскери қызметкерлердің салымдары
бойынша;
• шетел корреспонденттерінің, фирмалардың, басқа да ұйымдар мен шетел
азаматтарының шетел валютасындағы шоттары бойынша;
• азаматтардың, ұйымдардың, ортақ меншіктегі кәсіпорындардың ағымдағы
шоттары және салымдары бойынша;
• басқа банктерден уақытша пайдалануға алынған несиелік ресурстары
үшін;
- шетел валютасын және бағалы қағаздарды кайта бағалаудан;
- басқа тұлғалар көрсеткен әр түрлі қызмет көрсетулерден;
- банктің есеп айырысу-кассалық операциялары қызмет көрсетуі бойынша
басқа да қызметтеріне төлемдер;

қызметтеріне комиссиялық ақы;
- клиент операциялары бойынша нақты пошталық және телеграфтық
шығындар;
- шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алу жоғалтулары;
- банк активтерін сату кезіндегі жоғалтулар;
- банк активтерін сатудан шеккен шығындары;
- басқа тұлғалардың шығындарының орнын жабу шығындары;
- есепті кезеңде анықталған өткен кезең шығындары (кеткен қатені табу
нәтижесінде), соның ішінде:
• өткен жылдары клиенттерден артығымен алынған, қайтарылған сыйақы мен
комиссиялық ақылар;
• өткен жылдар операциялары бойынша алдын ала есептелінген сыйақы мен
комиссиялық ақылар;
- банк қызметін қамтамасыз етумен байланысты әр түрлі шы-ғындардан,
мыналарды қоса:
• әр түрлі қосымша төлемдерді қоса алғандағы банк қызметкерлерінің
еңбекақысы;
• жыл сайынғы және қосымша демалысты (пайдаланылмаған демалыс айына
өтемақы) заңға сәйкес төлеу;
• банк жұмысшыларына оның қайта құрылуы, жұмысшылар санын қысқартуына
байланысты босатылатын қызметкерлеріне төленетін төлемдері;
• қызметкерлерге заңға сәйкес берілетін оқу мақсатында босату
төлемдері;
• кадрларды даярлау;
• белгіленген нормалар шегіндегі іс-сапар шығындарының орнын жабу;
• банк штабында тіркелмеген жұмысшылардың келісілген азаматтық-
құқықтық сипаттағы мәмілелері бойынша орындаған жұмыстары үшін (егер
жұмысшымен есеп айырысуды тікелей банк өзі жүзеге асырса);
• мәжбүрлі бос жүрген уақытына ақы төлеу;
• негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес
активтердің тозуы, негізгі қорлардың жалға берілген бөлек объектілері
бойынша амортизациялық аударымдар (негізгі қорлардың материалдық емес
активтерді жоспарлы қолдану мерзіміне байланысты), егер мәміле шарт-тарына
сәйкес амортизациялық аударымдарды жалға беруші жүзеге асыратын болса, онда
негізгі қорлардың жеке объектілерінің жалына есептелген сома жалға берушіге
тиесілі;
• қызмет ғимараттарының, құрал-жабдықтың барлык жөндеу түріне кеткен
шығындарды қосқандағы банк құрал-саймандарының істен шығуы;
• жылуға, жарыққа, өрттен қорғау және күзетті қамтамасыз ету
төлемдері;
• активтердің жіктелуіне және банктің баланстық емес мінде-ттемелеріне
сәйкес мәжбүрлі шығындар құру;
- бланкілерді дайындау, сатып алу және аударып жіберу шығындары, соның
ішінде магниттік ленталардың қатаң есептілік бланкілері, есептеу
техникаларына шығысталатын материалдар, қағаздар, қораптау материалдары;
- құжаттарды және құндылықтарды тасымалдау және сақтау үшін
қолданылатын сөмкелерді, қаптарды сатып алу, жөндеу және жаңарту шығындары;
- ақша қаражаттарын, кұндылықтарды, банк құжаттарын тасымалдау және
сақтаумен, сонымен қатар басқа да банктің негізгі кызметін жүзеге асыруға
байланысты шығындары;
- жұмысшылар жинауды ұйымдастыру бойынша көтерме шығындары;
- кепілдік жөндеу жұмыстарын жүргізу және банктің жарғылық қызметін
жүзеге асыру үшін қолданылатын негізгі қорларға қызмет көрсетулер, байланыс
қызметтеріне және есептеу орталықтарының қызметтеріне ақы төлеу;
- жарнамаға кететін;
- өндірістік қызмет пен кеңсе пошталық-телеграфтық, операциялық,
іссапар шығындары;
- кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеу;
- банк қызметімен байланысты өкілеттілік шығындары:
• шетел банктерін, ұйымдарын қоса алғандағы басқа банктер мен
ұйымдарды ресми қабылдауды жүргізу шығындары;
• банк штабында тіркелмеген аудармашылар қызметіне ақы төлеу;
• мәдени, ойын-сауық іс шараларға бару және жұмыс бабына байланысты
болған:
- қызмет автокөлігін ұстау шығындары және қызмет бабына байланысты
іссапарларға өз көлігін пайдаланғаны үшін өтемақылық төлемдер;
- акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды шыгарумен
және орналастырумен байланысты шығындар (бағалы қағаздардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz