Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің

пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы . . . 6

1. 1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні . . . 7

1. 2 Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде . . . 8

1. 3 Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның

атқарымдары . . . 10

2. «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау . . . 11

2. 1 «Еуразиялық банк» АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,

банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне баға беру . . . 13

2. 2 Банктің несиелік қызметі және белгіленген пайыздық

мөлшерлемелері көлемін талдау. 16

2. 3 Банктің таза пайыздық табысын талдау . . . 19

3. Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері . . . 27

3. 1Коммерциялық банкте пайыз саясатын жетілдіру шаралары

жүйесінің баға белгілеу механизміне әсері . . . 28

3. 2 «Еуразиялық банк» АҚ-ның тарифтік саясатын құрудың

қағидалары . . . 29

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысы қоғамдық өміріміздің қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.

Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т. б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын.
Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан еліміздегі коммерциялық банктер қызметінде оның негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша, несиелеу қызметі халықтың салымдарын қабылдау қызметі, инвестициялық қызметтері аясында көрсеткіштердің төмендеу тенденциясы байқалуды. Осы орайда, коммерциялық банктердің қызметін егжей-тегжейлі зерттеу, банктер қызметін оңтайландыру тұрғысында оның пайыздық саясатын тиімді қалыптастыру мәселелері маңызды.

Банктің қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауарлардың бағасы сынды пайыздық мөлшерлемеге әсерін тигізеді. Егер ұсыныс сұраныс артық болса, мөлшерлемелер төмендейді, және керісінше сұраныс ұсыныстан артық болса, олар өседі. Соңғы жылдары несие нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңесуі орын алуда, бұл пайыз мөлшерлемсінің деңгейіне әсерін тигізуде. Олар баяулап төмендей бастады.
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне әсер ететін басқа маңызды фактор инфляция деңгейі болып табылады. Инфляцияның күшеюі кезінде мөлшерлемелер өседі, осыған байланысты банктік тәжірибеде номиналды және нақты (инфляция деңгейіне түзетілген) мөлшерлемелер ажыратылып қарастырылады.
Осы факторлардың әсерінен банктің пайыздық саясаты соңғы жылдары қалыптастырылып келеді. Осы орайда коммерциялық банктердің қазіргі орын алған жағдайларда пайыздық саясатын қалыптастыру мәселелері өзекті болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты. Банктік пайыздың экономикалық мәні, рөлі, әдісі мен тәсіліОсы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер орындалады:

- Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің пайыздық саясатының теориялық сипаттамасын қарастыру;

- «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау;

- Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері

Зерттеудің пәні - коммерциялық банктердегі пайыздық мөлшерлеменің мәні.

Зерттелу дәрежесі:

коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздерін зерттеу;

несие пайызының мәні мен мазмұнын қарастыру;

банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері мен пайыздық табыстарын талдау;

банктің инвестициялық қызмет тұрғысындағы пайыздық саясатын талдау;

банктің несие беру қызметін және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау;

дағдарыс жағдайында банктің пайыздық саясатын оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Зерттеу обьектісі «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамы Тараз филиалы болып табылады. Филиал мәліметтері қол жетімсіздігі себебінен талдау жұмыстары банктің жылдық есеп беру құжаттары негізінде жасалды.

Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында Қазақстан Үкіметінің банк және банк қызметі туралы заңдары мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агентствасының мәліметтері, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері мен оқулықтар, экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылды.

Курстық жұмысының тәжірибелік негізі. Зерттеу жұмысында анықталған мәліметтер банктердің есеп айырысу жүйесін дамыту үшін қолдануға болады. Арнаулы семинарлар өткізуде, дәріс беруде, тренинг жүргізуде пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші бөлімде ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің

пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы қарастырылады.

Екінші бөлімде «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау жасалды.

Үшінші бөлімде Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері ұсынылған.

Курстық жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда қарастырылған.

1. Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы

1. 1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні

Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.

Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді. .

Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті [1] .

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті [2] .

1. 2 Банктік ссудалық пайыз экономикалық категория ретінде

Ссудалық пайыз тауарлы өндіріс жағдайында және қоғамда несие қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жағдайда ссудалық пайызболмайды.
Ссудалық пайыздың өзінен қарыз алушының несиені өнімді пайдалануына оның ссудаға берілген құнды пайдаланудың нәтижесінде алған пайда жатады. Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы несие мен оны пайдаланатын қарыз алушының арасындағы экономикалық мүдделердің ұдайы болып тұрады.

Несиелік қатынастар пайызы дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың усбъектілері-қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен аралауға болмайды[3] .

Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:

  • қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
  • несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
  • қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
  • несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.

Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын фокторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді [4] .

Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.

Пайыздық мөлшерлеме тұрақты және өзгермелі, номиналды және нақтылы, дисконтты болуы мүмкін.

Тұрақты пайыздық мөлшерлеме қарызды пайдаланудың барлық мерзімі бойынша өзгеріссіз қалады.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасатын ақша нарығының жағдайына байланысты, сонымен қатар экономикалық және қарыз алушыны қаржыландыру жағдайында несиелік немесе депозиттік шарттың барлық әрекет ету мерзімі бойында банк арқылы өзгертілуі мүмкін.

Номиналды пайыздық мөлшерлеме екі факторға байланысты қалыптасады: несиелік ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және инфляция қарқынына қарай [5] .

Нақты пайыздық мөлшерлеме есептеу жолымен табылады - номиналды мөлшерлемеден инфляция қарқыны алынып тасталынады. Кредитордың көзқарасы тұрғысынан нақтылы пайыздық мөлшерлеме табысының көзі - несиелеу және инвестициямен байланысты шығындардың орнын толтырудың негізі болып табылады. Нақтылы пайыздық мөлшерлеме мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: ағымдық шығындар (тартылған қаражаттар құны, әкімшілік және заңды шығындар, төлем қабілетсіз қарыз алушылардан келетін шығындар), салық, тәуекел үшін төлем, пайда.

Экономикалық ғылымда номиналдық және нақтылы пайыздық мөлшерлемелер арасындағы өзара байланыс И. Фишердің формуласымен өрнектеледі, яғни

i=r+r*U+U (1)

мұнда:

i - несие (депозит) үшін номиналды пайыздық мөлшерлеме;

r - несие (депозит) үшін нақтылы пайыздық мөлшерлеме;

U - белгілі бір кезен (бір жыл) ішіндегі инфляция деңгейі.

Бұл формулада [r*U+U ] сомасы инфляциялық шығынның орнын толтыру үшін нақты пайыздық мөлшерлемеге қосылатын шама болып табылады. Бұл шама инфляциялық сыйақы деп аталады.

Банктік тәжірибеде барлық пайыздық мөлшерлемелер номиналды шамада белгіленеді.

Математикалық пайыздық мөлшерлеме қарызға берілген құннан келетін табыстың осы құнның шамасына қатынасы ретінде анықталады. Мысалы, 1995 жылы 18 мамырда Ұлттық банк бекіткен пайыздарды есептеу тәртібі және олардың Қазақстан Республикасы банктерінде бухгалтерлік есеп шоттарындағы орналастыру туралы Ережеге сәйкес пайыздарды есептеудің келесі техникалары пайдаланылады:

Жай пайыздарды есептеудің техникасы. Жай пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына есептелген пайыздар. Жай пайыздарды есептеу үшін төмендегідей формула қолданылады:

I=i*P*n/360*100% (2)

мұнда:

i - жылдық пайыздық мөлшерлеме;

P - берешек (депозит) қалдығы;

I - қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;

n - пайыз есептелетін кезендегі күндер саны.

Күрделі пайызды есептеу техникасы. Күрделі пайыздар - бұл қарыздық берешек (депозит) сомасына ғана емес есептелген пайыздан келетін табыс сомасына да есептелген пайыздар.

Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық төлемдер сомасын есептеу үшін келесідей формула пайдаланылады:

I= P[(1+ i/1200) n -1], (3)

мұнда:

i - пайыздардың жылдық мөлшерлемесі;

P - қарыздың (салымның) алғашқы сомасы;

I - қарыздың (салымның) барлық мерзімі үшін есептелген пайыз сомасы;

n- қарыздың (салымның) ай мерзімдеріндегі (ай үлестеріндегі) ұзақтығы.

Егер несиелеу мерзімі бойынша қарыздық берешектің бөлігі ұзартылған қарыз есебіне жатқызылса, онда ұзартылған қарыздық берешекке есептелген пайыз сомасын анықтау үшін төмендегідей формула қолданылады:

I g =Q*[(1+ i g /1200) t1 -(1+ i g /1200) t2 ], (4)

мұнда:

I g - ұзартылған берешек бойынша есептелген пайыздар сомасы;

Q - ұзартылған берешек сомасы;

i g - ұзартылған берешек бойынша пайыздық мөлшерлеме (айып-пұлдық) ;

t1 - несиелеудің басталуынан ұзартылған берешек бойынша пайыз есептелген күнге дейінгі уақыт кезеңі;

t2 - несиелеу басталған күннен ұзартылған қарыздың пайда болған күніне дейінгі уақыт кезеңі.

Пайыздарды есептеген кезде айдағы күндер саны шартты түрде 30 күн, ал жылдағы күндер саны - 360 күн деп қабылданады. 31 күндік айларда 31 күн есепке алынбайды, ал ақпанда соңғы санға дейінгі қалдық 30 күнге қанша жетпесе, сонша қайталанады [6] .

Қазақстан Республикасында несие жетімсіздігі құбылысының дамуы, әсіресе, 1994 жылдың бірінші жартысында айқын байқалды, бұған белгілі бір дәрежеде мемлекеттік рестриктивтік ақша-несиелік саясаты жағдай жасады. Бірақ, депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеде көрінетін жеткілікті түрде жалпы сипаттағы факторларға, сонымен қатар, ресурстарды тарту мерзімі несиеге деген сұраныс жағдайы, несиелік ресурстар нарығындағы жағдайлар (төлем шамасы, ұсыныстың болуы), клиенттердің мінез-құлқы (құрылтайшылар, үлескерлер, сала кәсіпорындары, т. б. ) оның сенімділігі, салық саясаты және инфляциялық тенденциялардың қатысы бар. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерді сатып алушы несиелік операциялардың ерекше формасы ретінде қарастыруға болады, онда қарыз алушы болып бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы министрлігі, ал кредитор болып олардың сатып алушылары табылады. Сондықтан МКМ бойынша жылдық табыстылықты келесі фомула бойынша анықтауға болады:

Т=(НК*ДБ/ДБ) *(365*100/Т), (5)

мұнда:

Т - жылдық табыстылық, %;

НК - МҚМ-нің номиналдық құны;

ДБ - МҚМ-нің дисконтталған бағасы;

Т - МҚМ-нің айналыс кезеңі, күндері.

1. 3 Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның атқарымдары

Несие пайызы қоғамда тауар өндірісі мен кредит қатынастарының даму жағдайында пайда болады.

Несие пайызы кредит ретінде-уақытша пайдалануға берілген құнның бағасы болып көрінетін объективті экономикалық санат. Несие пайызының мәні мыналарды көрсетеді:

a) несиеге берген құнды пайдаланғаны үшін төлеуді;

ә) кредитке қосылған үстемені;

б) кредит берушінің шығынының орнын толтыруды.

Кредитті қарызға алушы өндіргіш ретінде пайдаланғанда несие пайызының көзі болып оның несиеге берген құнды пайдалану нәтижесінде алған пайдасы есептеледі. Сондықтан кредит берушінің несие берген құны мен оны өндірісте пайдаланатын қарызға алушының арасында тұрақты түрде экономикалық қайшылықтар болады. Бұл қайшылықты шешу үдерісінде кредитті пайдаланған пайданы табыс пен несие пайызына бөлу жүреді.

Несие пайызын төлеу қажеттілігі қарызға алушыны несиеге алған құнды барынша тиімділікпен пайдалануға, жұмсалған капиталға пайданы арттыруға мәжбүр етеді.

Несие пайызы мәселесі бойынша экономикалық қатынастар айрықшалықты, оларды кредит қатынастарымен шатастыруға болмайды.

Несие пайызы мәселесі бойынша қатынастар кредит қатынастарымен шектелмейді. Егер кредит құн қозғалысын қайтарылымдық негізінде білдірсе, онда пайызды төлеу баламасын алмай-ақ құнды табыстауды сипаттайды. Кредитті пайдаланғаны үшін пайыз қайтарылмайды, оның сомасы қарызға алушыдан кредит берушіге толық ауысады, ал сол кезде меншік құқығы кредиттегі сияқты берілмейді, құн қарызға алушыға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткен кезде заңды бастапқы нүктесіне қайтарады.

Кредит беруші мен несие пайызы арасындағы экономикалық және құқықтық даму кредит келісімінде, кредитті қайтару мен пайыздарды төлеу міндеттемесінде білінеді. Кредит үшін қаражатты авансылау тән, ал сол кезде пайызды төлеу құн ауыспалы айналымның аяқталғанын және кредиттің пайызға үстемесімен қайтарылуын білдіреді [8] .

Несие пайызы өзінің ең қарапайым көрінісінде кредитті пайдаланғаны үшін төлем ретінде білінеді. Біздің көзқарасымызша, несие пайызының мәнін ашамыз, егер, біріншіден, оны кредитті пайдалану нәтижесінде жаңадан құрылған құнның бір бөлігі ретінде, екіншіден, қарызға алушыдан кредит берушіге ауысатын кредитті пайдаланғаны үшін төлем ретінде, үшіншіден, кредит берушінің табысы ретінде қарастырсақ, ол оны несие қорын жылжытуға ынталандырады (ол экономика мен халыққа кредит беруге мүдделі) .

Несие пайзының бөлу атқарымы барлық құнның емес, жаңадан құрылған құнның (пайданың), бөлінуін білдіреді.

Пайданы пайыз арқылы бөлу меншік иесін ауыстырумен бірге жүреді, яғни қарызға алушы пайызды кредит берушіге береді және меншік құқығы оған ауысады.

Пайданы бөлу үдерісінде несие пайызын алушы (кредит беруші) және төлеуші (қарызға алушы) орындарын ауыстыра алады. Кредит беруші несие алушы бола алады, пайыз қозғалысы өз бағытын өзгертеді-пайданың бір бөлігін қарызға алушы кредит берушіге аударады. Сонымен бірге кредит беруші банкілер өз пайдалары - пайызының бір бөлігін кредитті қарызға алушы болған клиенттеріне төлеуші бола алады [9] .

Пайыз арқылы пайданы бөлу салалық емес, қоғамдық сипатта болады. Халық шаруашылық деңгейінде несие пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты.

Несие пайызы қарызға алушыны алған кредитін өзінің кәсіпкерлік қызметінде тиімді және толық пайдалануына және кредитті пайызымен уақытылы толық көлемде қайтаруына ынталандырады, яғни пайыз өзінің екінші атқарымын орындайды.

Несие пайызының атқарымы және несие капиталының сақталуы мен ұлғайтылуы кредит беруші ретінде банкінің кредит әлеуетінің сақталуы және көбеюімен байланысты. Қарызға алушыны банк берген кредиті толық және уақытылы өтеуге экономикалық ынталандыра отырып, несие пайызы несие қорын сақтайды және тіпті оны ұлғайтады. Банкінің қарызға алушыдан алған пайызы мен оның депозиттерге төлеген пайызы арасындағы айырмашылық несие қоры мен оның кредит ресурстарының арту көзін құрайды.

Банк пайызы банк кредит беруші ретінде болған кезде пайда болады. Пайыз инвестор-кредит беруші және қарызға алушы арасында делдалдық қызметтерге өтемақы ретінде болады. Мұнда қарызға алушының банк алдындағы кредитін қайтару жөніндегі өз міндеттемелерін арттырмау қауіп-қатері пайда болады. Нәтижесінде банкінің салымшылар алдындағы депозиттер бойынша өз міндеттемелерін орындамау қаупі пайда болуы мүмкін, ол оларға депозиттер бойынша пайыз төлейді. Сондықтан кредит бойынша банк пайызы депозиттік пайызға және кредитке қызмет көрсету жөніндегі комиссиялық шығынға қарағанда кем дегенде бір маржаға жоғары болуы керек.

Ең жалпы түрде маржаның өзі несие мөлшерлемесі мен депозит пайызының айырмашылығы болып табылады. Нақты қалыптасқан маржа мөлшері пайыздар бойынша таза табыстың (есептелген пайыздар минус төленген пайыздар) кредит жұмсалымдарының орташа көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

Пайыздық маржаның мөлшеріне әсер ететін негізгі факторлар болып кредит жұмсалымдары мен олардың көздерінің көлемі, құрамы мен құрылымы, сондай-ақ банкінің активті және пассивті операциялары бойынша мөлшерлемелердің өзгеруі есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз капиталы немесе несиенің құрылымы
Коммерциялық банктердің несиелік потенциалы
Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның атқарымдары
Ссудалық пайыздың мәні
Несие капиталы
Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Несиенің мәні мен қажеттілігі
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы
Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
Банк несиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz