Барсакелмес қорығындағы омыртқалылардың әртүрлілігі


Барсакелмес қорығындағы омыртқалылардың әртүрлілігі

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1Негізгі бөлім

1. 1 Барсакелмес қорығы . . . 5

1. 2 Барсакелмес қорығында кездесетін омыртқалылардың әр түрлілігі

1. 2. 1Құлан( Equushemionus ) . . . 8

1. 2. 2 Қасқақұлан . . . 11

1. 2. 3 Қарақұйрық . . . 13

1. 2. 4 Ақбөкен ( Saiga tatarica ) . . . 13

1. 2. 5 Қазақ жылқысы . . . 15

1. 2. 6 Шиебөрі . . . 16

1. 2. 7 Тоғай кермаралы( Cervus elaphus bactrianus) . . . 16

1. 2. 8 Қарсақ( Vulpes corsac ) . . . 18

1. 2. 9 Қамыс мысығы( Felis chaus ) . . . 18

1. 2. 10Батпақ тасбақасы( Emys orbicularis ) . . . 19

1. 2. 11 Балпақ . . . 20

1. 2. 12 Кесіртке(Saurіa) . . . 20

1. 2. 13 Көптісті жертесер( Suncus etruscus ) . . . 22

1. 2. 14 Гептнер ергежейлі қосаяғы( Salpingotus heptneri) . . . 23

1. 2. 15Ергежейлі боз қосаяқ( Salpingotus pallidus) . . . 24

1. 2. 16Егеуқұйрықтар ( Rattus ) . . . 25

1. 2. 17Нағыз саламандралар ( Salamandridae ) . . . 26

1. 2. 18 Құм қоян ( Lepus tolai ) . . . 27

1. 2. 19 Қабыршақтылар отряды . . . 27

1. 2. 20 Балықтар . . . 29

1. 2. 21 Құстар (Aves) . . . 33

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 38

Кіріспе

Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми - зерттеу жұмыстарын сондай - ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт - насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Қазақстанның бірнеше табиғи - географиялық аймақтары - солтүстігінен оңтүстігіне қарай орманды - дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден - бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу - маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен - өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екенін өмір көрсетіп отыр. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің «биосфераны қорғау» заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі» жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

Жұмыс өзектілігі: Жануарлардың географиялық қабықтағы рөлі алуан түрлі. Олардың тіршілік әрекеті бүкіл биосфера мен оның жеке экологиялық жүйелерінің тіршілік етуі үшін ғана емес, сонымен қатар территориялық және аквальдық комплекстердің қалыптасуы мен дамуы үшін де маңызды. Жануарлар ландшафтардың ажырамастай бір бөлігі болып табылады. Сондықтан жануарлар әлемін қорғау кез - келген ұрпақтың міндеті деп санаймын. Туған өлкенің жануарлар әлемін зерттеу - кейінгі ұрпаққа туған жердің экологиясын қорғап жүруге, ұмытпай жадында сақтап жүруге мүмкіндік береді және туған өлке тарихы туралы деректердің қатарын толтырады деп ойлаймын.

Жұмыс мақсаты : Барсакелмес қорығында кездесетін омыртқалылар туралы ақпарат беру, олардың түрлерін анықтау.

Жұмыс міндеті: Барсакелмес қорығындағы омыртқалылар түрлерін зерттеу, оларға әсер ететін факторларды анықтау, оларды қорғау.

Негізгі бөлім

1. 1 Барсакелмес қорығы

Барсакелмес қорығы
Барсакелмес қорығы:
Барсакелмес қорығы:

Барсакелмес қорығы: Орналасқан жері
Үлгі:Қазақстан байрағы Қазақстан, Қызылорда облысы
Барсакелмес қорығы: Координаттары
45. 635278, 59. 908333 45°38′07″ с. е. 59°54′30″ ш. б.  / 45. 635278° с. е. 59. 908333° ш. б. (G) (O)
Барсакелмес қорығы: Көлемі
160 826 га
Барсакелмес қорығы: Құрылған
1939 жылдың желтоқсанның 10
Барсакелмес қорығы: Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Барсакелмес қорығы:
  1. Кесте.

Біздің республикамыздағы табиғаттың «Қызыл кітабына» енген жануарларды қамқорлыққа алып, олардың өсіп-өнуіне жағдай жасап отырған қорықтың бірі - Арал теңізінің ортасында орналасқан Барсакелмес аралығындағы қорық.

Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіне көлбей созылып жатқан аралды жұрт ежелден Барсакелмес деп атаған. Жерінің аумағы 20 мың га. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған табиғатқа бейімделуін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақ бөкен мен қарақұйрықты қорғау болды. Қорық жерінің негізі - құммен қоршалған саз топырақты сортаң шөл. 1830 жылға дейін мұндай аралдың бар -жоғын дүние жүзіндегі ешбір географ білмеген және картаға да түсірілмеген. Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХIX ғасырдың тұсына қарай басталды. Алғаш 1831 жылы орыс ғалымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай аралдың бар екендігін хабарлап, оны картаға түсіріп, жергілікті қазақтардың айтуы бойынша Барсакелмес деп атапты. Патша үкіметі 1848 жылы Арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып оған басшы етіп әскери теңізші Алексей Иванович Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Ол аралдың табиғатын, өсімдіктерін, жан - жануарларын зерттеп, баға жетпес мол мұра қалдырды. Бұдан кейін аралға 1900 жылы академик Л. С. Берг сапар шекті. Берг экспедициясының құрамында ұлы ақын, әрі суретші Т. Г. Шевченко да болып, ол Арал теңізінің жағалауын суретке салған. Айдынды арал зерттеушілерді өзінің керемет табиғатымен таңғалдырады. Оның табанын түгел жасыл желек жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар мен бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездері бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды. Қорық ашылғанға дейінгі 10 жылдың ішінде, демек 1929 жылы бұл аралда аңшылық шаруашылығы ұйымдастырылған болатын. Осы шаруашылыққа 1929-1931 жылдар арасында зорман, ор қоян, қырғауыл, сұр кекілік, ақбөкен, және қарақұйрық әкеліп жіберген. Бұлардың ішінен қырғауыл, сұр кекілік және ор қоян табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзе алмай жойылып кетті де, ал қалғандары жаңа жерге тез жерсініп, өсіп-өне бастады.

Барсакелмес қорығы Қызылорда Облысы Арал ауданының территориясында, Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі Барсакелмес аралында орналасқан. Оның негізгі мақсаты - жер бетінен құрып бара жатқан және халықаралық табиғатты қорғаудың «Қызы кітабына» жазылған құланды, саны сиреп бара жатқан қарақұйрықты сақтап, келешекте олардың санын көбейтіп, еліміздің басқа жерлеріне кеңінен тарату және олардың табиғат комплексін терең зерттеп білу. Ол 1929 жылы тапсырма беруші сияқты негiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күні мемлекеттік қорықтың мәртебесiн алды. Теңіздің құрғауына байланысты судың тұздылығы нормасынан шектен шықты. Тұщы судың жоқтығы малдың өмір сүруін қиындатады. 1982-1991 жылдар аралығында 260 астам құландар республиканың басқа қорықтарына ауыстырылған. 137 бастардағы жемiсi қалған 50 ерекше қиырлар. Қазіргі таңда жылдық қорытынды бойынша құлан саны 20-25 басқа көбейді. Барсакелмес қорығында флора және фаунаның сирек кездесетін түрі бар. Балықтар саны жылдан жылға өсуде. Жуырда Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары студенттермен бірлесіп экономика, экология және ботаниканы жаңартуда. Қорық бай кітапхананы арқасында өз оқырмандары және оны табады жануартану және өсiмдiктануды табиғи лабораторияға айналып кетеді. Бүгінгі күннің басты мәселесі: 100-150 000 га. және 400 000 га. жерді сақтап, өсімдіктерді көбейту. Барсакелмес - республикадағы 9 қорықтың ішіндегі ең ерекшесі және оның өркендеуіне барлық қазақстандықтар қызығуы керек. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қазақ КСР Халық Комиссарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін баратын. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. Өйткені, теңіздің шығыс жағалауы құрлықпен қосылып кетіп, қорықтың елден ерек ерекшелігі естен шықты. Соған қарамастан осындағы өз істеріне ерекше берілген жайсаң жандардың жанқиярлық еңбектерінің арқасында атақты қорық жай тіршілік етіп қана қоймай, алғы күнге асқақ міндеттер тұрғысынан қарауда. Жер бедері мен ауа райы. Барсакелмес қорығы орналасқан ұзынша келген аралдың жағалауы аз тілімденгендіктен, қолтық, қойнау шығанағы көп емес. Бұл арал - сазды, тақырлы, ал қалған жері құмды келеді. Биіктігі 100 метрдей үстіртті келген оңтүстігі теңізге тік жарқабақ болып тіреледі, солтүстік - батысы ойпаттау. Жері көбіне белесті, сирегірек төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде көптеген өсімдіктер өседі. Мұнда өсетін өсімдіктердің көбі хайуанаттардың сүйіп жейтін қорегі болып саналады. Төбелердің биіктігі 6-7 метрге жетеді. Қыс айларында мұндай төбелердің арасы әр түрлі хайуанаттардың паналауына қолайлы келеді. Бұл аралда тұщы су өте тапшы. Жер асты суы көбінесе ащы келеді. Ауыз суды құдықтан алады. Сонымен бірге, аралдың тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету үшін қыс айында теңіздің жоғарғы бетіндегі мұзы дайындап, оларды арнайы қазылған шұңқырларда сақтайды. Ал жабайы тұяқты аңдар жаз айында суды теңізден ішеді. Мұның өзі осы жердегі мекендейтін жабайы жан-жануарлардың теңіздің ащы суын ішуге бейімделгенін көрсетеді. Аралдың ауа райы республикамыздың солтүстігіндегі қоңыржай шөлді аймақтар секілді. Жазы өте ыстық, қысы суық болады. мұндай қыс 2-2, 5 айға созылады. жылдық жауын-шашыны 100-200 мм мөлшерінде түседі. Қыста ауаның жоғары температурасы - 30 0 болса, ең ыстық июль айында +38 0 , +39 0 болады. Қараша айынан бастап ауа райы суыта түседі де, ал ақпанның аяғында қар ери бастайды. Мартта орташа температура - 3, 5 0 болады. Қыс айында жауған қар жерде көп жатпайды, оның себебі түскен қарды көбінесе солтүстік-шығыстан соққан жел ұшырып алып кетеді. Қорыта айтқанда, Барсакелмес аралы - өзінің жер бедері, климаты, топырағы жөнінен аймақтық ерекшелігі бар және бүтіндей, тұтас бағалы объектілерді қорғауға және терең зерттеуге өте қолайлы орын. Жануарлар дүниесі. Жануарлар әлемінен құлан, ақбөкен, қарақұйрық, ор қоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген “қазақ құланы” деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болғанға ұқсайды. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жеткен екен. Сол уақыттан бастап бұл жерден ұзын саны 250 қаралы құлан көшіріліп әкетіліп, негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе, тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығуға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Барсакелмес қорығындағы хайуанаттардың тіршілік ету жағдайы шөлді аймаққа ұқсас. Мұнда аңдардың 12, құстардың 200-ге жуық, жыландардың 8, қосмекенділердің 1 түрі кездеседі. Ал Арал теңізі жағасындағы шөлді аймақтарды мекендейтін жануарлар дүниесімен салыстырғанда Барсакелмес аралында бауырымен жорғалаушылардың 27, құстардың 95, сүтқоректілердің 30 проценті ғана кездеседі. Мұндағы шөлді өңірде кездесетін аңның бірі - құлан . Бұл - сымбатты жануар. Құлан есектен үлкендеу, жылқыдан аздап кішілеу келеді, салмағы 320 кг-ға дейін болады. Құланның биелері екі жасында үйірге түсіп, жылына бір құлын туады.

1. 2 Барсакелмес қорығында кездесетін омыртқалылардың әр түрлілігі

1. 2. 1Құлан( Equushemionus )

Құлан (лат. Equus hemionus ) - тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де ( басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік ), жылқыға да ( жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын ) ұқсайтын ерекшелігі бар [4] . ХТҚО және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген [5] . Дене тұрқы 210 - 240 см , шоқтығының биіктігі 112 - 126 см , салмағы 190 - 260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Жыныстық жағынан 2 - 3 жасында жетіледі. Маусым - шілде айларында күйлеп, 11, 0 - 11, 5 айдай буаз болып, мамыр - маусым айларында құлындайды[6] . 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір - үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау - оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 - 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағына, Андысай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Қазір Қазақстанда 2, 0 мыңдай құлан бар (2004) . құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген[3] . Құлан - біздің елімізде кездесетін жабайы жылқының бір түрі. Дәмді еті мен терісі үшін талан-таражға салып, аулаудың салдарынан тұқымы азайып, саны кеміп кеткен. Қорықта құландар мекендейтін аймақтан қарақұйрықты да кездестіруге болады. 1930 жылы қорыққа тоғыз қарақұйрық жіберілген болатын. Олар жерсініп, өсіп-өніп көбейеді. 1976 жылы оның қорықтағы саны 350-370-тей болды. Өткен ғасырда құлан Қазақстанның ұшы - қиыры жоқ жазық даласында үйір - үйірімен топтанып жүрген. Аса сымбатты жануарды Түркмениядағы Бадхыз қорығынан Барсакелмес аралына жерсіндіру 1953 жылы басталды. Қазірде онда жіберілген құландар жақсы өсіп келеді, қоры 100-ге жетті. Жалпы дүние жүзінде соңғы жылдары саны азайып құрып бара жатқандықтан құлан дереу қорғауға алынып, халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Қазірде бұл жылқы түрі сақталып қалған елдерде оның қоры мынадай мөлшерде: Иранда - 2000, Индияда - 860, Батыс Пакистанда - 10-ға жуық, Тибет тауында бірнеше мың, Монғолияда - бірнеше жүздейі ғана қалған. Сөйтіп, соңғы уақыттағы бүкіл дүние жүзіндегі құлан саны шамамен 15 - 20 мыңнан аспайды.

Құлан шөл - шөлейтті аудандарда мекендейді. Қатты жел немесе қыста боран болар алдында құландар ықтасын іздеп сай - жыра, қыраттар ығына, бұта тасасына келіп қалады. Ауа райының бұзылатындығын олар 10 - 12 сағат бұран біледі. Құлан да жылқы сияқты өсімдіктердің 100-ге тарта түрімен азықтанады. Олардың ішінде әсіресе астық тұқымдас шөптер, жусан, және күйреуікті ұнатады. Қыс айларында қар аз түсетін жерлерді тебіндеп жайылады. Тәуілікті ішінде 13 - 15 сағатты құлан жайылуымен өткізсе, 2 - 5 сағатты жүруімен, 5 - 8 сағатты тұрып демалуымен өткізеді. Тіршілік етуіне қолайлы жағдай болғанда, құлан 15 жасқа дейін құлындайды, құлындары ширақ туып, 8 - 10 айдай енесінің сүтімен қоректенеді. Олар тәулігіне 5 - 7 литрдей сүт емеді. Дәмді ет, дәрі - дәрмектік шикізат беретін осы құланның ғылыми, мәдени және шаруашылық маңызын есек алып отырып, оның бізді республикамыздың шөл - шөлейтті аудандарына қайта жерсіндіру мәселесін қолға алатын уақыт жеткен тәрізді. Барсакелмес қорығында бағылып жатқан құлан қорына ондағы жемшөп қорының азаю да әсерін тигізіп отыр [2] .

Құлан
Құлан:

Түрікмен Құланы

Құлан: Амандық күйі
Құлан:
Endangered (IUCN) [1]
Құлан: Ғылыми топтастыруы
Құлан:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Бөлімі:
Жануарлар
Тип:
Хордалылар
Класс:
Сүтқоректілер
Отряд:
Тақтұяқтылар
Тұқымдасы:
Equidae
Кіші тұқымдасы:
Equus
Туыс:
Asinus
Түрі:
E. hemionus
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан: Екі-есімді атауы
Құлан: Equus hemionus
Паллас, 1775
Құлан:
Құлан:
Құлан:
Құлан:

2 - кесте.

1. 2. 2 Қасқақұлан

Қасқақұлан - Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бұрынғы арал. Теңіздің шығыс жағасындағы Жыңғылтүбек телімінен батысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Аумағы 0, 93 мың га. Арал «Үлкен тау» және «Кіші тау» деп аталатын екі қыр төбеден тұрады. Мұндағы байырғы шөгінділер олигоцендік құмдақ, мергель, аздаған әктастан түзілген. Аралдың солтүстік жағындағы жарқабақ мүжіліп, аласарған. Өсімдігінің басым көпшілігі жусан. Теңіз суы бар кезінде тау етегі мен теңіздің жағасында жыңғыл, ақтікен қалың өскен. Сиректеу сексеуіл болды. Бұрын Қасқақұланда балық ұжымшары, балық қабылдайтын және өңдейтін зауыт, орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, пошта бөлімшесі, аэродром болды. Қазір Қасқақұланда халық тұрмайды. Жағалауымен ұласып кеткен Қасқақұланда суы жылы, кермек татитын екі ұңғыма ғана қалды [3] .

1 - сурет. Қасқақұлан

1. 2. 3 Қарақұйрық

Қарақұйрық - Балқаш, Зайсан, Алакөл, Мойынқұм, Бетпақдала, Қызылқұм, Арал, Үстірт, Маңғыстау аймағында таралған. Өте сымбатты аң, бірақ саны аз, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстірт, Барсакелмес қорықтарында, Андасай қорықшасында, өзге де жерлерде қорғауға алынған. Өзбекстанда Бұқара маңында арнайы тәлім бақта қарақұйрық қолдан өсіріледі. Сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұп тұяқты жануар денесінің ұзындығы 1 м, шоқтығының биіктігі 60-75 см. Аталығының басында ұзындығы 40 см жіңішке мүйізі болады, аналығы мүйізсіз. Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді, күзге жақын, қыста үлкен үйір бірнеше жүздеген бас болып жиналады. 5-6 ай буаздықтан кейін, әдетте мамырдың басында, аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Төлі алғашқы күндері суық пен бөтен көзден бұталардың ығы мен ой-шұңқырларға тығылады. Қарақұйрықтың жаулары - қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, дегенмен ең үлкен қауіп - мылтықты адам. Әсіресе түнде машина жарығымен қарақұйрықты аулау, кең таралған браконьерлік аң аулау әдісі, жарыққа көздері шағылысқан жануарлар дәрменсіз болып, бір орнында тұрып қалады. Осылай қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді. Соңғы жылдары Қазақстанда бұл жануарлар саны жайлап өсіп келеді. Бұл 30 - 40 кг-ға дейін сапалы ет беретін, қуыс мүйізді тұяқты жануар, Иран, Ауғанстан, Батыс Пакистан, Оңтүстік Монғолия және солтүстік - батыс Қытайдың шөлді аймақтарында таралған. Тәуелсіз Мемлекеттер достастығында Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркмения, Өзбекстан және Қазақстан шөлдерінде кездеседі. Осы аталған аудандардың барлығында да қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Шөлді аймақтың сәні - қарақұйрық топырағы сазды, ұсақ тасты, құмды жерлерді мекендейді. Ол астық тұқымдас шөптер, жусан, сораң өскен далаларда қоныстануды сүйеді. Құмда сексеуіл арасын паналайды. Қыс айларында суықтан қорғану үшін және азық табуына қолайлы шөлейтті өзен, көлдегі бойындағы бұталы тоғайларда жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғалжын қорығында кездесетін омыртқалылардың әртүрлілігі
Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Мемлекеттік табиғи қорық қоры
Қазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасы
Барсакелмес қорығы туралы
Алматы қорығындағы қосмекенділер (Amphibia)
Ақсу - Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды
Табиғи қорықтар
Қазақстанның Қызыл кітабы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz