ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Мазмұны.
КІРІСПЕ
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
І.1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру мәселесі
бойынша жалпы теориялық шолу.
ІІ.2 . Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдылырын қалыптастыруда мұғалімнің
алатын орны.
ІІ. ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
ІІ.1 Оқу дағдысын қалыптастыруда көрнекіліктің алатын орны
ІІ.2 Оқу барысында мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ
Жалпы сипаттама. Мемлекеттік мәртебеге ие болған алғашқы жылдардан-ақ
қазақ тілінің қоғамдық маңызы артып, дамудың жаңа белесіне қадам басты.
Бұл Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді оқыту үрдісінде де жаңа
серпілістер туғызды. Білім беру сатыларында мемлекеттік тілді меңгертудің
біртұтас мазмұндық-құрылымдық жүйесі жасалды. Тілді үйретуде отандық
ғылымда қалыптасқан үздік үрдістер мен әлемдік озық үлгілер ұштастырылып,
пәнді оқыту сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Көп жылдық тәжірибе мемлекеттік
тілді дамыту оның қолданылу аумағын кеңейтумен бірге тілді қарым-қатынас
құралы ретінде талапқа сай пайдалану нәтижесінде жүзеге асатынын дәлелдеп
отыр. Әлемдік білім кеңістігіне ұмтылған жаңа кезеңнің талаптары
мектептегі әрбір пәннің оқушы мүмкіндігін дамытып, оның дара тұлға ретінде
қалыптасуына оң ықпал етуде. Оған Қазақстан Респуликасының Білім туралы
Заңында, Қазақстан Республикасының білім беру саласының мемлекеттік
тұжырымдамасында, Жалпы білім беретін орта мектепті дамыту
тұжырымдамасында және басқа да мемлекеттік құжаттарда жеке тұлғаның
шығармашылық әлеуетін көтеру басты мақсат ретінде белгіленгені дәлел бола
алады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында айқындалған міндеттер мен Қазақстан Республикасының Тіл туралы
Заңдарында нақтыланған бағыттар сабақтастырыла отырып, жалпы білім беретін
мектептердегі оқушылардың білімдері тұғырнамалық негіздеріне алынды.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген дүние жүзінің дамыған елу елінің
қатарына ену бағытындағы келелі міндеттерді жүзеге асыру мен
өркениеттілікке қол жеткізу ісі де білім саласындағы жаңаруларды қажет
етуде [1,36].
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2008-жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын
арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына
жолдауында: Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруг мен бастауыш
сатыға баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және
интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен
қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған
ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен
шығармауымыз керек. деп атап көрсетті.
Демек, аталған жолдауда стратегиялық міндеттердің бірі білім, ғылым
беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай
бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім беруді талап етеді. Ендеше,
бастауыыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда, кеңейтуде,
танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық
мәні зор деген сөз.
Білімді ұрпақ тәрбиелеу мәртебесі-қазақ елінің мәртебесі. Өйткені,
балаларға білім мен тәрбие беріліп, осы өмірге бейімдеп қана қоймай, жалпы
адамзаттық және ұлттық құндылықтарды сақтап қалу бүгінгі мектептердің
өзекті мәселесі болып отыр. Демек, бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық қабілеттерін дамытуға басты назар аударуымыз қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісінде
әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың оқу дағдыларын
қалыптастырып дамыту.
Зерттеу міндеттері.
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастырып дамытудың
ғылыми негіздерін анықтау.
2. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырып дамыту үшін материалдарды
іріктеу және жүйелеу.
3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастырып дамыту
арқылы оқыту кешенін қамтитын жаттығуларды анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш сынып оқушыларының оқу
дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал ететін әртүрлі озық педагогикалық
технологиялардың негізінде,оқу барысында ұлттық педагогиканы қолданылса,
онда оқушылардың оқу дағдыларының дамуына қол жеткізіледі және олардың
пәнге ынталылығын арттыру мүмкіндігі толық жүзеге асырылады. Өйткені оқу
дағдылары оқушының алған білімін күнделікті өмір тәжірибесінде қолдана
білуіне мүмкіндік береді, оқушыны сауатты жазуға, пікірін дұрыс, түсінікті
айтуға дағдыландырады және оқуға қызығушылығын арттырады.
Зерттеу әдістері:
– педагогика, психология, әдістеме саласындағы әдебиеттерді талдай
отырып, олардағы зерттеу мәселесіне қатысты негізгі ұғымдар, оқу
дағдыларының мәні, мазмұны, түрлері, оқыту әдістері мен талаптары контент-
анализ (материалдардың мазмұнын талдау) әдісін қолдану арқылы анықталды;
– мектептердің бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
негізінде оқушылардың оқуларын анықтау мақсатында педагогикалық бақылау
әдісі қолданылды.
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын
қалыптастырып, дамытудың мәселесі оқушыларды сауаттылыққа, білім мен
біліктіліктің дамуының алғы шарты болып отыр. Сондықтан мен өз курстық
жұмысымда аталған тақырыпты таңдап алдым.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: Сабақ беру үйреншікті жай ғана
шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - деген екен. Сондықтан
педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту
мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
А.Байтұрсынов мұғалім балаға білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтауға
жағдай жасап, тілді тез үйренуге қарай үнемі бағыт-бағдар сілтеп отырудың
қажет екенін көрсетіп, оқушыны ойландыруға жетелеу, олардың өзіндік әрекет
етуіне мүмкіндік жасау міндетін жүктеген. Баланың өз тәжірибесі деген
ұғым тілдік жағдаят ұғымына барабар, өйткені сабақ үстінде ұсынылатын
жағдаят оқушы үшін өмірлік тәжірибе жинақтаудың қайнар көзі болып саналады.
Ж.Аймауытовтың материал бала ұғымына сәйкес болып, өмір кітапқа қарай
емес, кітап өмірге қарай бейімделіп жазылу қажеттігі туралы пікірлері
тілдік жағдаятқа негізделген оқытудың тиімділін көрсетеді.
Білім игеруге деген ынталылық оқушының оқуға деген талпынысының
көрсеткіші, яғни уәжділігі болса, уәжділіктің бір белгісі түрткі
болатындығын ғалым Б. Қасым арнайы атап көрсетеді [3,153]. Оған сырттан
ықпал ететін фактор – ұтымды ұйымдастырылған жұмыс. Адамның оқуға,
сөйлеуге мүдделілігін туғызуға ықпал ететін – тілдік жағдаят, тілдік
әрекет жасауға түрткі болатын – ынта. Профессор С.Рахметова оқушылардың
әңгімелесуі олардың сабаққа ынталылығының көрсеткіші деп бағалайды [4,
97]. Олай болса, нақты оқу дағдыларын қалыптастырса, бір жағынан,
ынталылықты арттырса, екінші жағынан, сол ынтаның жүзеге асуының кепілі
болып саналады.
Ынталылық оқушының өз іс-әрекетінің мән-маңызын білу арқылы
қалыптасады.Психологтар Қ.Жарықбаев, Р.Қоянбаев, Ж.Қоянбаев, М. Мұқанов,
Р.Рахымбаевалар оқушыны осыған үнемі жаттықтыру қажеттігін айтады. Джон
Б.Уотсон адамның бүкіл әрекетінің қайнар бұлағы ынтада жатыр дейді.
Сондықтан эмоционалдық әсер ынталылық тудырудың бір шарты болып саналады.
Сол себептен оқу үрдісінде туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыруда ой-
сана мен сезімге әсер ететін эмоциялық әсерді қолдану шарт. Яғни, адам кез
келген ақпаратты қазір немесе келешекте керек болады деп санағанда ғана
оған қызығушылық байқата алады.
Оқушының білім алу қажеттілігін қанағаттандырып, ынталылығын арттыру
мәселелерін жаңа уақыт талабымен сәйкестікте зерделеуде А.Дреер,
Г.Оверстрит, И.П.Подласый, П.Г.Постников, И.А.Зимняя, А.К.Маркова,
Т.А.Матис, А.Б.Орлов, т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі идеялар бастауыш
сынып оқушыларына оқу дағдыларын ынталандыра отырып үйрету үрдісінің
психологиялық негіздерін анықтауға мүмкіндік берді.
Аталған авторлар еңбектеріне сүйене келіп, оқушылардың оқу дағдысын
қалыптастыру барысында әлеуметтену мүмкіндігіне себеп болатын ынталандыра
оқытудың мынадай уәждері анықталды:
1. Оқушыларды оқуға дағдыландыратын материалдарды табиғи жағдаймен
үйлестіріп, тартымдылығын арттыру – қызықтыру.
2. Оқушыларды қызығушылық байқататындай тақырыптар мен тапсырмалар
арқылы оқу дағдыларын қалыптастыруға құлшындыру – ықыластандыру.
3. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды меңгеру нәтижесінде қоғамдық
ортаға ену мүддесін қолдау – ниеттендіру.
Бұл ұсынылған уәждердің оқу дағдыларын қалыптастырып дамыту
арқылы ана тілін бастауыш сынып оқушыларына ынталандыра үйрету үшін тиімді
деп танылып отыруының себебі:
– келешектен үміт күткен әр адамның болмысында басқалармен араласуға
деген ұмтылыс, өмірде өз орнын иемденуге деген ниет жатады;
– жүйелілік талабымен іріктелген сабақ тақырыптарының игерілуі
барысында оқу әрекеттері толық қамтылады. Олардың әрқайсысы бойынша
тапсырмаларды орындау үшін оқушылар тек мазмұндық жағынан емес,
ұйымдастырылу қалыбына да қызығушылық байқатады, бұл олардың оқу дағдыларын
меңгеруге деген ынтасын арттырады.
Бұл психологиялық қажеттілікті қолдайтын авторлар дәлелдемесі бойынша,
қарым-қатынас жасау құрылымында негізгі үш құрамдас бөлікке назар
аударылады. Олар: 1) аффективтік (эмоционалдық), 2) когнитивтік (танымдық),
3) конотивтік (мінез-құлықтық) іс-әрекеттік. Н.В.Бордовская және А.А.
Реанның пікірлерінде берілген осы мазмұндық және мінез-құлықтық әсерді
ескеру оқу әрекеттерінің нәтижелілігіне ықпал ететініне дәлел болды.
Оқу әрекеттеріне түсу оқушы үшін қызығушылық тудыратындай, аффективті
формада ұйымдастырылғаны дұрыс. Ал тақырып игерілуге байланысты
материалдардың мазмұндық іріктеуден өткізу талаптарының ішінде оқушының
қабылдау деңгейіне сай келуі мен өмірлік қажеттілігін өтеуі басты назарға
алынады. Бұл когнитивтік әсер ету мүмкіндігіне сай келеді. Осы аталған
қарым-қатынас жасау құрылымының екі аспектісі дұрыс сақталған жағдайда ғана
қатынас нәтижесі тиімді болып, болашақта да оқушы өз еркімен жүзеге
асырады.
Мектеп оқушысының оқу дағдыларын меңгертуді дұрыс ұйымдастырып, оқу
белсенділігін арттыра оқытудың арнайы әдістемелік жүйесін бүгінгі күн
сұранысына орай іске асыру қажет. Яғни оқытудың айқын мақсаты, оны жүзеге
асырудың нақты міндеттері, сол міндеттерге лайықты білім мазмұны, бастауыш
сынып баласының даму кезеңіне сай оқыту қалыптары мен әдістері –
педагогикалық үрдістің негізгі компоненттері. Осы оқу үрдісін құрайтын
әдістемелік жүйенің өзара сабақтастықта өрілуімен және ұтымды
ұйымдастырылуымен білім нәтижелілігі көзделеді.
Сабақта қолданылатын оқу материалдары – оқушының оқу дағдыларын
дамытудың мазмұндық негізі. Сондықтан да тілді оқытуға қажетті
материалдарды таңдап алудың талаптарын айқындап алу маңызды. Оқушының оқу
дағдыларын меңгеру мүмкіндігін кеңейтетін оқу материалдарын іріктеуге
қойылатын талаптар:
• бастауыш сынып оқушыларының қоғамдық ортаға ену қажеттілігіне
лайықталған тақырыптарды жүйелеу;
• оларды өмірмен байланыстыру;
• ынталандыра оқытуға лайықтау;
• лексикалық және грамматикалық материалдарды өзара байланыстыру;
• тіл бірліктерін сатылап, тиімді меңгеруге бейімдеу;
• сабақта қолданылатын сөйлесім әрекеті түрлерін кешенді қамту;
• оқушының тілдік, танымдық, тәлімдік әрекеттерін өзара бірлікте
ұштастыру.
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушысының оқу дағдыларын жетілдіруге
оң ықпал ететін тілдік жағдаятты саралап қолдану оқушыны өз әрекетінің
тілдік тұлғасы деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ете отырып, нәтижесінде
пәннің түпкі мақсатын саналы игертуге жол ашады.
Оқу дағдылары табиғи жағдайлармен лайықталған материалдар негізінде,
оқушыны оқу әрекетіне ынталандырып, тілдік қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыратындай болуы керек. Сонымен бірге оқушылардың қызығушылығын
туындатып ынталандыра оқыту әдістерін таңдау оқушының жас ерекшелігіне сай,
табиғи жағдайда қолданылатын білімі мен бейімін қалыптастыруға бағытталған
болуы тиіс.
Сондықтан оқу барысында бастауыш сынып оқушыларына тілдік жағдаят
негізінде ынталандыра үйретудің талаптарын сақтау мұғалімнің нәтижелі жұмыс
жасауының басты кепілі болып саналады
Оқу дағдыларын ұйымдастыруға негіз болатын оқу материалдары оқушының
әлеуметтік рөліне орай күнделікті өмірде, оқу әрекетінде, т.б. қарым-
қатынаспен байланысты пікірлесім жасай алуына ықпал етеді, ұсынылатын
тапсырмалар да оқушының өз өмірімен сабақтас беріледі.
Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырып дамыту, материал ұсыну жолы да
сыныбына қарай өзгертіліп отырады. Тақырыпқа сай оқудың түрі ұсынылады.
Оқушы табиғи жағдайға сәйкес оқу барысы аясында берілген жаттығулар
негізінде білім, білік, дағдыларын қалыптастырады
Сонымен, зерттеу қорытындысында мемлекеттік тілді бастауыш сынып
оқушыларына нәтижелі үйрету үрдісінде тілдік жағдаят арқылы оқушының
сабаққа ынталылығын қалыптастыруда аффективті, когнитивті, конотивті
сипаттағы жағымды әсерлердің ықпалы зор екені айқындалды.
Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі – оқу дағдыларын
қалыптастырып, дамыту. Ал,дағды қалай пайда болады? Көпшілік дағдының
жаттығуға машықтану нәтижесінде қалыптасатынын жақсы
біледі.Дегенмен,дағдының пайда болуы,негізінен,сананың,ойдың қатысымен
меңеріліп,әрекеттерді қайталаудан пайда болады деп түсіну керек.
Оқушы осы әрекеттерді орындау кезінде дағдыларға төселеді және
дағдыланудың салдарынан, бұрын қиын деп саналатын істер үйреншікті іске
айналып, оны орпындау жеңіл келеді.Міне, осы қасиетті дағды деп атайды.
Жүргізілген зерттеулерге қарағанда дағдының қалыптасу жолы белгілі үш
кезеңнен тұрады:
а) талдау кезеңі; ә) біріктіру кезеңі; б) автоматтану кезеңі;
Дағдыланудың бұл кезеңдері баланың мектепке алғаш келгенкүнінен
басталады.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастырып, оқуға үйрету, білімді саналы
меңгерту – оқу сабақтарындағы басты талап. Оқу сабақтарында оқудың екі түрі
пайдаланылады.Олар:дауыстап оқу және іштей оқу.Оқудың бұл түрлерінің
екеуіде дұрыс оқу және шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға
тиіс.
Осыған сәйкес бастауыш сыныптың жалпы білім беретін мектеп
бағдарламасында оқушылардың оқу дағдысына қойылатын талаптар
көрсетіледі.Оқушылардың оқу дағдысына қойылатын бағдарламалық
талаптар.Қосымша №1.
Осы аталған бағдарламалық талаптардың ішінде оқушылардың мәнерлеп оқу
дағдысын қалыптастыру жұмысы – ең маңызды.
Мәнерлеп оқу – оқушылардың тартымды, әсерлі сөйлеуінің бір түрі,
өйткені ол дұрыс айтуды (орфоэпия) және байланыстырып сөйлеуді еске
түсіреді де, сөздіңғ неғұрлым түсінікті болуын қарастырады, -
деп,А.Әбілқаев өзінің еңбегінде көрсетті.[1.97]
Ал,әдіскер – ғалым С.Рахметова өзінің еңбегінде: Мәнерлеп оқу дегеніміз
– дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру,мазмұндық ой екпінін дұрыс
қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне білу,
-деп көрсетеді.[2.51]
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысы төмендегі іскерлік пен дағдыларды игеру
нәтижесінде жүзеге асады:
1.Оқушылардың тілдік дыбыстың жүйесін меңгеріп, әрі дыбысты жеке
тұрғанда да, басқа дыбыстармен тіркесте тұрғанда да, әдеби тіл нормаларын
сақтап айтуы.Бұл іскерлікті оқушылар фонетика,орфоэпиямен шұғылдану арқылы
игереді.
2.Сөйлегенде барлық сөзді,қосымшаларды саралап айту іскерлігі.
3.Сөйлемде логикалық екпінді дұрыс сақтап айту іскерлігі.
4.Интонацияны дұрыс қолдану дағдыларын игеру,сөйлеу қарқынын анықтау
іскерлігі.
Оқушыны осы айтылған іскерліктерге үйретуде фонетика, орфография,
орфоэпия,синтаксисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың
айтылуындағы ерекшеліктерді , қатаң, ұяң, үнді дыбыстардың айтылу
ерекшеліктерін меңгерту,сөйлем соңына қойылатын (сұраулық, лептік, нүкте,
сызықша) тыныс белгілерін, дауыс ырғағын айтылуына қарай дұрыс екпін
түсіріп айта білуге үйретуіміз керек.
Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының
дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы,
ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу тәрбие процесі
нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу
тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Ал
мұндай іргелі мәселенің қабырғасы бастауыштан қаланатыны өздеріңізге
белгілі. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры
мен сырын жетік меңгеруі тиіс.
Ал, тіл әдістемесі ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы
білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық
ғылым.
Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына:
1. Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал.
2. Оқу жұмысын ұйымдастыру.
3. Оны үйрету әдістері жатады.
Оқушының сөздік сапасын молайту жұмысы оқу сабақтарында, сурет
бойынша әңгіме айту, грамматика және мазмұндама жазу сабағының барлығында
да жүргізіліп отырылады.
Қиыстырып сөйлем құрап үйрену, сөйлемнің, сөздің
байланысын табу, суретке қарап байланыстырып әңгіме айту
грамматика сабағы мен сурет сабағында көбірек жүргізіліп
отырылады.
Көркемдеп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру жұмысы өлендер жаттау және оқу
сабақтарында көп қолданылады.
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық
мөлшерін, сөздің лексикалық мағынасын мектепке дейін-ақ меңгере бастайды.
Ал мектепке келгеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту,
ана тілінің сан алуан, грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп,
тіл байлықтарын арттыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай
болу керек. Сонда ғана заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды
түсінеді, ойлауға үйренеді. Осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп
шығады.
Мұғалім методикалық принциптерді дұрыс іріктей алғанда ғана бұл
байланысты жүзеге асыра алады. Ал методикалық принцип төмендегідей
методикалық ережелерді сақтауды талап етеді.
1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.
2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.
3. Балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.
4. Ұштастыра оқыту.
5. Қайталау.
6. Өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Бұл принциптерді бастауыш сыныптарда іске асыру үшін ең алдымен
бағдарламалар тиянақты жасалынып, дидактикалық материалдар іріктеліп, оқыту
әдістері белгіленеді. Яғни оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді
әдіс-тәсілдерін таңдау сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Олай болса
сөзімізді сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыс түрлерінен бастайық. Бала
мектепке алғаш келгенде мұғалім ең алдымен балалардың білім дәрежесімен
танысады, арнайы әр баланың даму картасы толтырылады. Яғни олардың қалай
сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады. Дәл осы
кезеңде мынадай жұмыстарға баса назар аудару қажет.
□ Балалардың сөздік қорын қалыптастыру
□ Балаларға қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойын айтып беруге
дағдыландыру.
□ Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару.
□ Тіл мүкістері бар кейбір дыбыстарды айта алмау жақтарын жою
мақсатында жекелеген оқушылармен жұмыстар ұйымдастыру.
□ Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру.
Міне осындай жұмыстармен қатар әліппе кезеңінде сөйлем, сөз, буын,
дыбыс туралы ауызша түсінік беріледі сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды
дыбысқа жіктеуге дайындық жүргізіліп, ол жазуға дайындықпен ұштастырылады.
Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты талдау
жинақтау, оқу жазу әдістері кең түрде қолданылады.
Әліппеден кейінгі кезеңде оқушылар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа
сөйлемдерден құралған мәтіндер, ертегілер, өлеңдер оқиды. Бұл кезде
оқушылардың оқу дағдысы мен жазу дағдысын қалыптастыру басты назарда
болатындықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі
кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Енді осы әліппеден кейінгі сабақ жүйелерінің кейбір түрлеріне тоқтала
кетейік. Мысалы: оқу бағдарламасында көрсетілген әңгіме немесе ертегі оқу
сабағын алатын болсақ;
1. Оқытылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе
дайындық әңгіме жүргізіледі.
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп оқушыларға
оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын
қысқаша баяндап, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар
зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса сұраулар қояды.
4. Мұғалім әңгімені мәнерлеп оқиды (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты
бәсеңдету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т.б,).
5. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойларды оқушылар өздері анықтайды.
6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы: мәтіннен табиғатты суреттеген
жерлерін тауып оқыңдар немесе көңіл күйді суреттеген жерді табыңдар
т.б.).
7. Оқу түрлерін пайдалана отырып тексті оқушыларға оқытады.
Мәтінмен жұмыстың осындай әдіс тәсілдері тілді оқыту методикасында
бірінші сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.
Ал енді өлең оқу сабағына келетін болсақ
□ Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме жүргізіледі
□ Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады
немесе жатқа айтады.
□ Өлең шумақтары бөлініп, әр бөлім әр оқушыға оқытылады. Мұнда оқушы
ең болмағанда бір жол оқыса да мәнерлеп, анық оқуына баса назар
аудару керек.
□ Өлең мәтінін оқушыларға тұтас хормен мәнерлеп, дауыстап оқытады.
□ Өлең жолдарын талдап кейбір кездесетін таныс емес сөздердің
мағынасын ашып түсіндіреді, мүмкіндігінше жаттатады.
Осы жұмыстар нақты жүзеге асу үшін оқушыда оқу дағдысы қалыптасуы қажет.
Олай болса оқудың түрлеріне тоқталайық. Жалпы оқудың түрлері екіге бөлінеді
дауыстап оқу, іштей оқу. Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән.
Оқудың бұл екі түрі бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Оқушылардың
дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштей оқуға тасымалдана береді. (ІІ-ІІІ
сыныптан бастап дауыстап оқыған материалдар іштегі оқуға беріледі. ІІІ
сыныпта жаңа материалдар алдын-ала дайындық жұмыстарынан кейін іштей оқуға
тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін
түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу,
бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-IV сыныптарда іштей оқылған текстерге сұрақтар
қойып жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты
түсінгендігін айтқызу арқылы, мәтіндегі кейбір ойларды, суреттеулерді
тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл екі түрінде де дұрыс оқу,
шапшаң оқу, түсініп оқу талаптары орындалуы тиіс. Дауыстап оқуға бұларға
қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз
байланыста іске асады. Өйткені мәтінді түсінбей мәнерлеп оқи алмайды, ал
дұрыс оқымаса түсінбейді.
Дұрыс оқудың негізі алғашқы оқу, жазуға үйрету кезінде-ақ қалана
бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаға әріптеп оқытпай,
буындап оқуға жаттықтырған жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін
ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан
сақтандыру керек. Бала буындап оқуға қателессе, оған қиын тиген сөздерге
талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.
Енді осы оқу дағдысына қойылатын талаптарға жеке тоқтала кетейік.
Түсініп оқу дегеніміз – оқушының оқыған мәтіннің мазмұнын анық терең ұғыну
болып табылады. Оқиғаны толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра
алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен көрінеді.
Түсініп оқуда оқушылардың назары шығарманың идеялық мазмұнына аударылуы
тиіс. Түсініп оқудың алғашқы кезеңін балаларға жеңіл, өздері түсіне алатын
сюжетті мәтіннен бастаған жөн.
Ал шапшаң оқу дегеніміз мәтіндегі сөздерді оқығанда түсінетіндей
қалыптағы шапшаңдықпен оқу. Мәтінді тым баяу оқығанда оқушы мәтіннің
мазмұнына түсінбек түгіл бір сөйлемнің өзінде не айтылғанын аңғара алмай
қалады. Шапшаң оқу барысында әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі. Осыған орай,
олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды көпті болып келеді.
Шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты
болғандықтан, дұрыс түсініп белгілі бір қарқынмен оқығанда ғана шапшаң оқу
талабы орындалады деуге болады.
Шапшаң оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана
нәтижеге жетуге болады. Енді мәнерлеп оқуға тоқталатын болсақ, мәнерлеп
оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық
ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл
күйін сезіне оқи білу.
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, содан соң
оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада
адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына
жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай
мағынаны, қандай көңіл-күйді білдіретінімен алдын-ала таныс болуға тиіс.
Міне осы сияқты мәселелерге көңіл бөліп, дайындық жұмыстарын жүргізген
мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.
Енді мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарға, мәтінмен
жұмыс түрлеріне тоқтала кетейік. Оқушылар оқыған материалдардың мазмұнын
дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан
түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың
сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану
дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін
негізінен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі.
□ Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
□ Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік
жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер
мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқуға
дайындық кезінде, шығарманы оқу барысында, оқып болғаннан кейін. Осы жерде
ескерте кететін жәйт өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді.
Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың келесі түрі-
шығарманы оқу. Онда көпшілік шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ
болмаса мұғалім оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Шығарманы бірінші рет
оқығанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер
бөлініп оқылса балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан
шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны дұрыс. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ
тыңдаушылардың көкейіне қондырып санасына жеткізу үшін, ол нақышына
келтіріле, мәнерлеп оқылуы керек. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды
немесе оқу техникасын жақсы меңгерген оқушыға оқытуға болады. Мәтінді
оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез-келген жерден үзбей, әр бөлімнің белгілі
бір аяқталған ойды білдіргені жөн. Шығарманы бір рет оқып шыққанда
балаларда жалпы ұғым қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте
оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет.
Келесі жұмыстың түрі – шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығарманың
мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі
түрлі жолмен іске асады.
1. Әңгімені бөлімге бөлу.
2. Бөлімдерге ат қою, оны тәртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлуі үшін, ондағы басты ойды және қосымша
мәселелерді анықтайды. Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та терең
түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет оқып
шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады.
Шығарманың мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады.
1. Толық.
2. Ішінара.
Көлемі шағын мәтіндерді жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық
баяндату қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және
бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде
іске асады. Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға
тоқталатын болсақ, бұл жұмыстар біріншіден оқылған материалды тереңірек
меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден балаларды өз беттерімен ойланып
жұмыс істеуге талаптандырады.
Сонымен шығарманың мазмұны, яғни мәтінмен жұмыс бойынша жүргізілетін
жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл-ойы
мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
Енді осы айтылған барлық методикалық әдіс-тәсілдерді тұжырымдай келе,
оқу дағдысы қалыптасқан жеке тұлға тіл дамытудың әрбір кезеңінде қандай
жұмыстар атқаратынын нақтылайық. Оқу дағдысын қалыптастыру технологиясы 4
кезеңге бөлінеді. Оқуға дейінгі кезең, оқу кезеңі, оқудан кейінгі кезең,
проблема тудыру кезеңі.
Әр кезеңде бала нені білу керек немесе балалармен қандай жұмыс түрі
жүргізілуі тиіс;
Оқуға дейінгі кезеңде
□ баланың қабылдау, ойлау, зейінінің қалыптасуын байқау негізінде
жұмыстар жүргізу, яғни психологиялық ахуалын тексеру.
□ оқу кезеңіне жаттығулар дайындау,
□ бала қиялымен әңгімелер құрастыруға дағдыландыру,
□ кейіпкерлердің дауыс ырғағы мен іс-әрекеттерін бейнелей білу,
□ тіл мүкісін жою мақсатында жаңылтпаштар айтқызып дағдыландыру,
□ ауыз әдебиетінің сөз өнері мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, өтірік өлең,
санамақ түрлерін жаттату,
Оқу кезеңі:
□ оқушыларды өз бетімен оқуға дағдыландыру,
□ сөйлемдегі негізгі ойды білдіретін сөздерді, мәтіндегі негізгі ойды
білдіретін сөйлемді таба білу,
□ көрініс, композиция, салынған сурет және атауына қарай бөлім немесе
тарау мазмұнын таба білуі,
□ оқу дағдысының түрлерін меңгеру, мұғалімнің оқу мәнеріне мән беру,
оқу кезеңінде осы жұмыстар бақыланып, түзетілуі керек.
Оқудан соңғы кезең:
□ шашылып берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру,
□ иллюстрацияларға, жоспарға, пікірге сүйене отырып, әңгімені жүйелі
баяндау,
□ әңгімені бөліктерге бөлу, бөліктерге ат қою,
□ мәтін бөлімдерін жаттау,
□ әңгімені әрі қарай өрбіту, берілген мәтінді қайта құрастыру,
□ сюжетті шығарманы, композицияны сөзбен бейнелеу,
□ әңгімені жүйелі түрде суретпен бейнелеу.
Проблемалық оқыту кезеңі:
□ әдеби шығарманы талдау, яғни мәтінмен жұмыс түрлерін жүргізу,
□ әңгімедегі негізгі ойды таба білу, кейіпкерлерге мінездеме беру, т.б.
□ шығарма авторы жайлы қосымша деректер жинау,
□ өзіне ұнаған бағытта кітапша жасап, оның мұқабасын әрлеу,
□ кейіпкерге мінездеме жазу, шығармаларды салыстыра отырып талдау,
өзгерту, толықтыру, өз ойын, пікірін білдіру, сын айту.
Міне, біз білім беруде қойылатын талаптың бірі оқу пәнінің мазмұнын
айқындап оның оқытылу жүйесін айтып өттік. Сөзімнің соңында білім берудің
мақсатын анықтайтын білім мазмұны мен құрылымы әрбір шәкірттің бойындағы
қабілетіне сай білімін тереңдетуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне
мүмкіндік беретіндей болуы шарт екендігін әрбір ұстаз ұмытпаса екен деймін.
І.2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің
рөлі.
Егемендікке қол жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалық
өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты
адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр. Тәлім–тәрбие берудің бастауы–
бастауыш сыныптағы тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту, еліміздің ертеңін
баянды ету болуы керек. Бастауыш мектепте сыныптан тыс оқу -оқушыларды
саналы түрде түсініп және мәнерлеп оқуға үйретудің бір жолы.
Ғылыми-әдістемелік еңбектерде А.Байтұрсынов,Т.Шонанұлы, М.Жұмабаев,
Ш.Сарыбаев, А.Әбілқаев, Ә.Исабаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, Н.Оралбаева,
С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Р.Шаханова, Ә.Әлметова, Л.Ф.Федеренко,
А.В.Текучев, Е.А.Баранова, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин т.б. ғалымдар әдісті атқаратын міндетіне қарай: білім алу,
дағды мен іскерлікті қалыптастыру, білімді іс жүзінде қолдану, шығармашылық
әрекетті бекіту, білім, дағды, іскерлікті тексеру мазмұнында қарастырады.
Орыс данасы Лев Толстой бала оқытып тәжірибе жасаған адам):
Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі
бір ғана әдісті болу: шеберліктің белгісі – түрлі дәстә болу: керек
орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп бәлуге
тырысу керек: оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану
керек дейді.
Ғылыми еңбекте нәтижелі білім беру мәселесі әдіс түрлеріне, олардың
қолданылу тиімділігіне байланысты екендігі анықталып, оқушылардың оқу
ждағдыларын қалыптастырып, дамытуда іске асырылатын тиімді әдістер
сараланып көрсетілді. Әдісті білім беруде мақсатқа жетудің жолы, амалдың
жиынтығы ретінде түсінуге болады. Педагогикалық еңбектерде әдісті мұғалім
мен оқушының ұйымдасқан әрекетіне жатқызады. Мұғалімнің әрекеті – оқыту,
білім беру әдісі де, оқушының әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып
табылады. Екеуінің бірлескен әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі
тәсілмен тығыз байланысты, тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік
әрекет. Әдістәсілдердің жиынтығы.
Зерттеу жұмысында оқушылардың оқу дағдыларын дамытудағы ең ұтымды
әдістер ретінде жаттықтыру әдісі, сұрақ-жауап әдісі, ойын әдісі, қатысым
әдісі, көрнекілік әдісі, саяхат (экскурсия) әдістері сұрыпталды.
Оқу дағдыларын дамытуда жаттықтыру әдісі ерекше орын алады. Оқу
дағдыларын дамытуда қолданылатын ең қажет әдіс – жаттықтыру әдісі. Тілдік
материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, ережелері мен
анықтамаларын игертіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың алған
теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады. Оқушылардың мәнерлеп
оқуын дамытуда мәтінді қатесіз дұрыс оқу, мәтінді толықтыру,
көрнекіліктерге негізделген тапсырмаларды орындау сияқты жұмыс түрлері
жүргізіледі.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын қабылдауы
дамытылады. Жазба жұмыстарының ішінде мазмұндама, шығарма жұмыстарын
орындауда мәтін сұрақ-жауап әдісі арқылы талданады. Сұрақ-жауап негізінде
мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау жеңіл. Бұл әдіс арқылы алғашында
оқушылардың мәтін мазмұнын қабылдауы дамытылады.
Оқушылардың оқу дағдыларын дамытуда қатысым әдісінің маңыздылығы
ерекше. Қатысым әдісі оқушының оқу дағдысын дамытуда жүргізілетін
әдістермен байланысты. Әдістің бұл түрі оқушының оқу әрекетінің барлық
түрлеріне жаттықтырылады. Қатысым әдісі оқу әрекетін дамыту жұмысында,
содан соң жазбаша сөйлеу тілін дамытуда атқарылатын жазба жұмыстарында
кеңінен қолданылады. Қатысымдық әдіс оқу дағдыларын дамыту әдістерін
бірлікте іске асырып, жазбаша тіл дамытудың сапасын жақсартады.
Мұғалім сабақтарында қолданылатын көрнекілік әдісі оқушылардың
қызығушылығы мен ынтасын арттырады. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда
графикалық көрнекілік түрлеріне қарағанда иллюстрациялық көрнекіліктер
(фотосуреттер, открыткалар, сюжетті суретте
Мектепте ана тілі сабағы баланы саналы түрде оқуға, жазуға және
сөйлеуге үйретеді. Бастауыш сыныпта ана тілі бағдарламасы 3 құрамды
бөліктен тұрады: сауат ашу, тіл дамыту, оқу дағдысын қалыптастыру.
Дұрыс, саналы түсініп және мәнерлеп оқу дегендердің үшеуі де бір-
бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан оқушыны жаттықтыру үшін әр сабақта
үшеуін де іске асырып отыру керек.
Мәтінді бөлікке бөлу және әр бөлікке ат қою 1-сыныптан басталады. Бұл
тапсырма ең оңай, қарапайым түрде жүргізіледі. Ал қалған сыныптарда
күрделене түсіп, ол жоспар құрумен ұштасады.
Мәтінді оқып шығып, оның мазмұнын толық айтқызу, қысқартып айтқызу
жұмыстары жүргізіледі. Мәтінді оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын,
дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыру керек.
Біріншіден, оқушының оқып тұрғанда сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не
жеке бір сөзді қалдырып кетпей оқуы.
Екіншіден, кейбір буынды не жеке бір сөзді қайталамай оқуы. Үшіншден,
кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы.
Төртіншіден, қате жібермей оқуы.
Бесіншіден, мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс
ырғағын, интонациясын сақтап оқуы.
Осы талаптардың бірі орындалмаса, мәтіннің сөзін дұрыс қабылдай
алмайды. Оқушы мәтінді оқып жатқанда мұғалім оқушының жалпы оқу сарынына
құлақ тігіп, әр сөзді, әр дыбысты дұрыс оқуына зер салып отыру керек.
Сөз аралығында жиі кездесетін да-де, та-те, мен, бен, пен сияқты шылау
сөздердің оқылуыңда қате жіберіледі. Шылаулардың күшейткіш мағынасын
беретін дауыс ырғағымен оқуға мән беру керек.
1-сыныптарда "ы мен і, "а мен ә",."ү мен ө", "ұ мен ү"-ні шатастырады.
Әріптердің таңбасын танып, дыбысты әбден ажыратып, одан буын құрап оқи
алмай жатқан кезде жіберілетін қате.
Әліппе кезеңінде баланың әріпті көріп, дыбысты естіп және жазып
жаттықтыру керек. Үйренуде естудің, көрудің және тілдің атқаратын қызметі
зор.
Сөйлем соңындағы тыныс белгіге қарап дауыс ырғағымен ажырата оқуға
үйретіп, жаттықтыру керек (хабарлы, сұраулы, лепті). Қате жіберген жағдайда
қайталап оқытып, дұрыс оқуға дағдыландыру.
Оқушы бір сөзді қайталап оқи беретін кездер жиі кездеседі. Сондықтан
мұғалім қадағалап қарап, қайталанған жағдайда "кітабыңа қарашы" немесе
"оқыған сөзің кітапта неше рет жазылған екен, байқап көрші" деген
ескертулер жасап отыру керек. Сонда оқушы қайталамауға тырысады.
Мәнерлеп оқу - қандай мәтінді болмасын дұрыс, сөздерді бұзбай, сөз
қалдырмай, сөз аяғын жеп қоймай, әрбір сөзді анық, дұрыс оқу.
Мәнерлеп оқуды үйретуде паузалардың орындалуына мән беру керек.
Мысалы: тыныс белгілеріне байланысты және тыныс белгісіне байланыссыз
паузапар да болады. Мәнерлеп оқуға үйретудегі тағы бір нәрсе - оқу
қарқынының бір қалыпты болуы. Егер тез, жылдам оқыса, түсініксіз, әрі
құлаққа жағымсыз естіледі.
Көркем шығарманың негізгі ой тірегін анықтап болмайынша, мәнерлеп оқу
мүмкін емес.
2-3-сыныптарда оқушылардың бірінің қатесін екіншісіне тапқызу тәсілі
тиімді. Таспаға жазылып алынған көркем сөзді тыңдату, кейде жақсы мәнерлеп
оқылған мен нашар оқылған мәтінді қатар жазып алып салыстырудың пайдасы
бар.
Әңгіме, ертегі, мысалдарды рөлге бөліп оқытқанда балалар қызығып
оқиды.
Сыныптан тыс оқудың түрі мен әдісі әр турлі. Бірде кітапты талдау, бірде
бірігіп кітап оқу, өздері ұнаған үзінділерін оқыту, бірде ойын, бірде
инсценировка -ертеңгілік түрінде болып келеді.
Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы
қарамай‚ жан–жақты дайындалуы керек. Мәнерлеп оқуды ұйымдастыру үшін‚ оқушы
сөйлемді немесе мәтінді оқығанда‚ қалай дем ала білу керек дауыс қалай
шығуға тиіс дикция қандай болуы қажет осының барлығын мұғалімнің өзі айқын
білгені жөн. Мұғалім көбнесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыға үйрете
алады. Сондай–ақ мәнерлеп оқуды радио мен теледидарды, магнитофонды кең
пайдалану арқылы да үйретуге болады.

жұмысы сабақтың өң бойынан орын алады. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер
мен ұғымдарды түсіндіру үш кезеңде жүргізіледі. Яғни шығарманы оқу
барысында оқып болғанан кейін. Осы жерде ескере кететін жәйт, өлең оқу
барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғақ, дауыс
мәнері бұзылып тыңдаушыға әсері азаяды.
Мысалы, 1−сыныпта мәтінмен жұмыстың ең қарапайым түрі мәтінді бөліке
бөлікке бөлу, әр бөлікке лайықты ат қою түрінде жүргізілсе, екінші
сыныптарда жоспар құрумен ұштасып, 3-4 сыныптарда бұл жұмыстар күрделене
түседі. Бөлінген бөліктерге шағын жоспар құру, оған сүйене отырып толық
мазмұндау, қысқаратып айту, жаққа шаққа қойып айту т.б.жұмыстарды жүйелі
ойластырған жөн. Бұл жұмыстар оқушының мәтінді толық түсінуіне, қайталап
оқуына тірек болады және оқу техникасын жетілдіріп қана қоймай, кітап оқуға
ынтасын арттырып, жалықпай оқуға дағландырады. Бастауыш сынып оқушыларының
оқу дағдысын қалыптастыруға қойылатын талаптарды төмендегіше топтастыруға
болады.
Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздердің мағынасын бұзбай,
дыбысталуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz