Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту жолдары және Әдіс- тәсілдері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Ертегілер туралы түсінік және зерттелу тарихы . . . 4
- Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі . . . 4
1. 2. Ертегілердің зерттелуі . . . 9
ІІ. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту
жолдары және Әдіс-тәсілдері . . . 11
2. 1. Ертегілердің дамыту функциялары . . . 11
2. 2. Ертегілердің оқытылу жолдары . . . 13
2. 3. Ертегілерді оқыту әдіс тәсілдері . . . 15
2. 4 Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту барысында
оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу . . . 16
Қорытынды . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер . . . 33
Кіріспе
Халықтардың ежелгі педагогикасы мен бала тәрбиелеу дәстүрі олардың ауыз әдебиетінен айқын көрініп тұрады. Қай ұлт болмасын, халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлең, жыр, ертегілер, әңгімелер балаларға, тәрбие мәселесіне арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан.
Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын: балалар бақшасы, мектеп болмасада, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастапақ халықтық жырлар мен әңгімелер, ертегілер арқылы бере бастаған. Олар өскен соң, өздерін қоршаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, адаспай кете беретін болған. Жастайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Оқу, сызу өнеріне машықтанбаса да, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар сондықтан да қызық-қызық ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, өтірік өлеңдер, ертегілер бәрі де баланы қызықтырып, мәз-мейрам етеді. Сонымен қатар көркем шығармалар ішіндегі әр-жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады.
Тақырыптың өзектілігі: Ертегілерді оқыту жолдары және әдіс тәсілдері. Бұларға ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау. Мұнда әр оқушы салған суреті бойынша сөйлеп, ертегі мазмұнын айтады. Ертегілер бойынша қойылымдарды сахыналау, ертегілерден үзінді жатқа айту, ертегі құрастыру, ертегілер еліне саяхат ұйымдастыру.
Зерттеудің мақсаты: Ертегілерді оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері, жолдары арқылы оқушыларға жалпы ертегі туралы кеңінен мағлұмат беру. Бастауыш сынып оқушыларына ертегілерді қызықтыра оқыту.
Зерттеудің әдістері : жинақтау, топтастыру, түсіндіру, бақылау әдістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен ол екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
І. Ертегілер туралы түсінік және зерттелу тарихы
- Ертегілер түрлері және оларды оқыту әдістемесі
Алғашқы рулық қоғам ыдырай бастаған кезде туған қиял-ғажайып, батырлық ертегілер көне болып есептеледі. Адам баласы білім - жүзінде өнер болған уақытта маңайындағы дүниені жан сырын білмегендіктен, өзіне белгісіз заттың барлығына "құдай" деп табынған. Сол табынған нәрселері көп болғандықтан әрқайсысы туралы арнаулы әңгімелер болған, осындай құдайлар әңгімелері ескі грек халқында көп болады.
Заман өткен сайын, ақыл - білім өткен сайын олар табиғат нәрселерінің құдай емес екенін білген. Сондықтан олар жойылып, бұрынғы мағыналарынан айырылып, кейінгі айтушының аузында ертегі болып кеткен.
Ертегілі сөздің белгісі болады. Бірақ, барлық ертегі сөзін түгелімен ойдан шыққан деп есептеуге келмейді. Оның ішінде белгілі бір шындық болған. Кейбір ертегілер ескілікті дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді, ескілік әңгімесін - "әуез" дейді.
Екінші бір түрі: сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі өсиет шығаратын да ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді.
Қазақтағы "Құла Мерген" сондай салт пен үлгі ертегісі деп саналауға болады. "Құла мергеннің аңшылық кәсібі, өзге елден бөлек жалғыз өмір сүріп, ылғи мергендікпен күн көруі оның салтын білдіреді. Құла мергенге қас болған жалмауыз кемпір барлығы да адам баласының өміріне қастық қылатын қараңғы сырлы заттар болады. Құла мергеннің кегін алушы баласы Шүйе мерген мергеннің ісі ақ, сондықтан ол жеңді. Қас болған қатыннан кек алды. Жалмауызды өлтіреді. Бұл яғни "аққа зауал жоқ", "қараның ісі оңға баспайды" деген ұғымның белгісі. [19. 98]
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: 1) мифологиялық ( қиял - ғажайып) ертегілер
2) хайуанаттар ( жан - жануарлар) жайындағы ертегілер
3) реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер.
Енді осы ертегілер түрлеріне кеңірек тоқталсақ:
Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Ол дәуірдегі адамдардың топ-топ болып орман, тау-тастықта жүрген кезеңнен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от, судың жойқын күштерінің сырын түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған.
Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң, құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым - нанымдары болмақ.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реальдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері "Ер Төстік", "Еділ - Жайық", "Құла мерген", "Аламан мен Жоламан", "Күн астындағы Күнекей қыз", "Алтын сақа", "Керқұла атты Кендебай" т. б.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой - нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұндағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән желісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын өмір мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілеріне: "Алтын сақа", Күн астындағы Күнекей қыз", "Жерден шыққан Желім батыр", "Ұшар ханның баласы", "Аламан мен Жоламан" т. б. жатады. [20. 97]
Хайуанаттар туралы ертегілер: Хайуанаттар туралы ертегілер өте ерте кезде туындаған. Бастапқыда олар алғашқы қауым адамдарының бүкіл өмірі мен тағдыры өзінің аң аулаудан тапқан олжасына тәуелді балықшылар мен аңшылардың қам қаракетіне байланысты болды. Мұндай ертегілердің қаһармандары - хайуанаттар еді, ал ертегілердің өзінде алғашқы қауымдық сенімдердің іздері, атап айтқанда, адам мен хайуанаттардың етене байланыстарына сенімге негізделген тотоизм іздері сақталып қалды. Алғашқы адам төңірегіндегінің бәрін рухтандырып, өзінің қабілеті мен қасиеттерін бірдей бөліскен, аңдарды "адам" еткен. Сөйтіп, олар ертегілерде өзара бір-бірімен әңгімелесіп, адамның сөйлеген сөздерін түсінеді.
Көптеген аңыз-әңгіме желісіндегі ертегілер де сақталған. Олар әрине ертегі түрінде аңдармен ұрыс-жанжалды және достасуды, сан алуан жайларды, қызықты оқиғаларды - хайуанаттар денесінің кейбір мүшелерінің неліктен жоқтығын, мысалы олардың құйрығының, танауының формасы неліктен өзгеше болатындығын, олардың неліктен соншалық боялатынын және т. с. с. түсіндіреді.
Көптеген ертегілерде үлкен де күштірек хайуанаттар мен кішкентай, әлсіздеу жануарлардың арасындағы ұрыс-керіс пен жарыстар туралы баяндалады. Мұндай ертегілер, әлбетте әлеуметтік әділетке талпынысты өзек етеді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. Мысалға: "Мақта қыз бен мысық" пен "Қотыр торғай" оқиғалары еңбек процесімен тікелей байланысын жатыр. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шығады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкі қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет иесі болмақ.
Әрине, хайуанаттар да ертегі кейіпкерлері - өздерінің сөзімен де тәртібімен де осы ертегілер өмір сүріп отырған елдің адамдарын еске түсіреді. Өйтпеске амалы жоқ, өйткені ертегі халық тіршілігінің серпінідегі оның әрдайым бейнесі, халықтың сана-сезімнің өзіндік айнасы болады.
Халықтың меңзеп отырғаны бір ғана аңдар арасындағы жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу - күнкөріс, өмір сүрудің шарты дейтін мәжбүр болмақ . [21. 8]
Реалистік (тұрмыс-салт) ертегілер. Бұл ертегілер - өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір, хан болып келеді. Ал, қазақ халқының шыншыл - реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал. Көптеген ертегілердің рухани сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарғанын біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
"Жақсылық пен жамандық" "Үш ауыз сөз" ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құралған жамандық жаяу келе жатып, жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемденіп, мұратына жетсе, ал ақылсыз жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
Шыншыл - реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аяз би.
Салт ертегісінің бір түрі - мысқыл, мазақ ертегілер. Бұдан да ұрыстық пен терістіктің тартысы көрсетілетін болады. Бірақ жамандық иесі мазақ, күлкі болып көрсетіледі. Мысалы: қу шал мен жалмауыз диюлар әңгімелері бұлай болғанда ертегі деп баяғы замандағы елдің көз қарасын білдіретін, я сол көз қарастың белгілі бір ізін көрсететін, онан соң белгілі бір елдің салтын білдіріп, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтатын, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Тұрмыс-салт ертегілерінен басқа кейде өзінің сипаты жөнінен ертегіге; жақындай түсетін новеллалық ертегілер, авантюристік ертегілер (оқиғалар туралы) және авантюристік - новеллалық ертегілер түрлері де болады.
Негізінен ертегіде сюжет жұмыр болады. Оның мәнісі - ертегі әңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірінен саналады. Қазақ фольклорындағы эпизм формаларында ертегі, аңыз, эпос, ал лиро-эпостық үлгілерге ғашықтық жырлары жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық және реалистік болып келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді. Мысалы: біреу туа батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кәсібі, жас ерекшеліктері де өзгермейді. [22. 3]
А. Кенжеғұлованың "Қазақ балалар әдебиеті" деген әдістемелік еңбегінде осы ертегілердің түрлеріне кеңірек тоқталған.
Енді, осы ертегілердің түрлеріндегі ерекшелікке мән беретін болсақ, қиял-ғажайып ертегілерді ертекші айтқан кезде мына ерекшеліктерді сақтап айту керек.
Бірінші ерекшелік: Ертектің басталуы, яғни құлағы. "Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен", " Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен", "Баяғы ерте заманда, дін мұсылман аманда" немесе "Есте жоқ, ескі заманда" деп келеді.
Екінші ерекшелік: Ертегі ортасында құбыжық пішінді жат жандар туралы айтарда "Абалақтай анам-ай, қайдан келдің балам-ай?" немесе "Адамзат иесі шығады!" деген сөздер айтылады.
Үшінші ерекшелік: Ерте бітер кезде "Барша мұрат басына жетіп, сақалы, сирағына жетіп, бір жан өтіпті" деген тәрізді сөздермен аяқталады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілердің екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез -құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа мысқыл ретінде қолданған. Екінішісінде хайуанды анық хайуанның өзі ретінде суреттейді.
Хайуанаттар жайындағы
ертегілер
Қиял-ғажайып ертегілері мен хайуанаттар жайындағы ертегілерден шыншыл ертегілер мүлде басқаша, ерекше болып келеді.
Бұл ертегілерді оқи отырып, пайдалы өсиет, ақыл үйренесің. Кейіпкерлерді ақылды жігіт, асыл қыз, елін асырайтын шебер, әке мен бала болып келеді.
Сонымен қатар батырлық ертегілер бар. Ол ертегілер екі топқа бөлінеді:
- Көне заманда пайда болған ертегілер. Мысалы, ондай ертегілерге "Ер Төстік", "Керқұла атты Кендебай" ертегілері жатады.
- Батырлар жырларынан туған ертегілер. Мұндай ертегілерге "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр" туралы жырлардан шыққан ертегілер жатады. [23. 23]
Осы ертегілер арқылы адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі адамды жағымды мінез тудырады. Адам осы сезімі арқылы жауыздықтан безу, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке ұмтылу керек екенін түсінеді. [24. 134]
Халық әдептілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы өте зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады. Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі керек:
- Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, балықтың жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
- Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме үйретудің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, айқын түсінікті болып келеді.
- Қара сөзбен жазылған ертегілер текстке жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді.
Ертегі балаларға жоспар жасау үшінде өте қолайлы. Оларды бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т. б осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал, 4 сыныпта, ертегіге өз беттерімен жоспар жасауға тапсырылады.
- Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
- Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптантыс сабақтарда балаларға орындауға болады.
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бір қатар ертегілерді жалпы оқығанда идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға болады. [25. 73]
Негізінен оқулықтарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерінде берілген. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
- ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту, яғни әдеби-теориялық ұғымдар бермеу.
- Сюжет пен композициядағы ұжымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерін білдіру.
- Тіл құрылысы ұйқаспен, тақырыппен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, тілінің жатықтығы. Ертегінің бай тілі-халқымыздың ғасырдан-ғасырға кележатқан байырғы тарихи тілі екендігі. Қай ертегі болмасын халықарманына, тілегіне сай тек жақсылықпен бақытқа жетумен аяқталады.
- Ертегілерді оқытуда қандай әдіс-тәсілде, оқу формалары, сабақ типтері тиімді саналады?
Ең алдымен оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек.
Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген ой туралы сөз қозғау.
Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны толық сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырма жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу. [26. 114]
1. 2. Ертегілердің зерттелуі.
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнеленген.
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі енгізілген болуы мүмкін.
Ертегілердің құрылысы . Ауыз әдебиетінің басқа эпостық түрлері секілді, ертегілердің де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы, аяқталуы болады.
Ертегілер ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған әрбір ертекші айрықша мән береді, әңгімесін мәнерлеп айту, тыңдаушыны қызықтыра түсу жағын ойлайды, кейде ертекші әңгімесін:
Ертек ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға жығылған екен,
Сирағы сынған екен, - деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен…-
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізі әңгіме оқиғасына кіріседі. Ал кейде ертекшілер айтатын әңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге қатысатын басты кейіпкерлермен бірден таныстырады («Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» . . . т. б. ) . Ертегілерде айтылатын оқиғаларды осы негізде баяндау-ертегінің құрылысына тән басты ерекшелігі болып табылады.
ІІ. Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту жолдары және
оқушыларды қайырымдылыққа тәрбиелеу
2. 1. Ертегілердің дамыту функциялары
Ертегілердің бала дамуындағы танымдық-адамгершілік және эстетикалық міндеттерінің маңызы жоғары, олар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ертегілердің танымдық -адамгершілік қызметіне бала қиялын дамыту және оны белсенді етуге, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсерін, әлемдік ұғымдарын кеңейту дүниені қабылдау қатарында, құбылыстар арасындағы уақыт және себеп-салдарлық байланыстарды ұғынуды, түрлі жағдайлардағы адамдардың әрекеттерін, шынайы жағдайларға орай қалыптасқан эмоционалды құнды бағыт-бағдарды үйретуді айтуға болады.
Ертегінің қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі баланың рухын, қиялын тәжірибелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3. Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz