Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Қазақ тілі пәні және оны оқыту
1.1. Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту әдістемесі
2. Фонетиканы оқыту
3. Сөз тақырыбын оқыту
2. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
1. Сөйлем тақырыбын оқыту
2. Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары.
Қорытынды
Қолданған әдебиеттің тізімі

Кіріспе
Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту
методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының
лға қойған мақсаты - өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып біл,
заңдылықтарын ашып айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз
белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін
объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады,
бірінші – қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші – жиналған факті
немесе материалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде
теориялың тұжырымдар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу
процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында
да негізгі кезеңдер болып саналады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі
жүйесі бар. Ғни, ол қазіргі тіл ғылыми жаңалықтарын, педагогика, психология
пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми ретіндегі дамуының басты шарты
– методикалың зерттеулерді әрі қарай дамыту, жітілдіру, эксперименттік
тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу;
методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту
методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психоллогиялық әдістерге де көңіл
бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқытужүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау
жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің
жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ
беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып
саналады.
Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.
Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі – мұғалімдердің
күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі.
Мұғалімнің қазіргі методикадағы ьолып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды,
психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың
өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін
ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл
мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту
методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді де. Мысалы, жеке
мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы
оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды
оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі
практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі – бұл әдіс те
методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе
бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда,
тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе
методикалық нұсқауларды, таблица, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-
тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ
алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына
өндіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар
жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.
Оқу процесі бақылау әдісі – бұл да методикада шешуші роль атқарады.
Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-
тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен
грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас
ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу
қажеттігін білуге пайдасы бар.

1. Қазақ тілі пәні және оны оқыту

1.1. Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту әдістемесі

Қазақ тілі – бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің ішіндегі жетекші
басты пән. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пен
дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалын жақсы меңгеріп, алған
білімдерін практикада қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ
тілі пәнін өткенде жүйелілік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік
сақталуы қажет. Бірінші сыныптағы тақырыптар ұстанымдары берік
сақталуы қажет. Бірінші сыныптағы тақырыптар бастауышта
одан әрі жалғасып, өзара тығыз бірлікте болуы шарт.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты бағдарламаға сай терең, күрделі және
аумақты болуы да, сонымен бірге әр сабақтың мақсатына қарай нақтылы, шағын
немесе тапсырманың ыңғайына қарай орай қысқа, дара болуы да мүмкін. Ең
бастысы, қандай жағдайда болсын, тілді оқыту белгілі бір нақтылы мақсатқа
бағытталып, соған жету міндетіне қызмет етуі керек. Әр сабақтың,
тапсырманың және жаттығудың басты мақсатқа жету талабы айқын болса,
оқушының да оны түсінуі тез болады.
Бағдарлама оқулықтар мен оқу құралдарына болатын өзгерістерді қамтиды.
Өмір талабына сай оқу құралдарын күнделікті тез өзгертіп, шығару қиынырақ
болса, бағдарламаны қайта қарап, сабаққа, мақсатқа сай толықтырып отыруға
болады. Сондықтан мұғалім бағдарламаның негізгі ұстанымдарын қалдыра
отырып, тіл үйретуде оқушылардың талабы мен тілегін, әр түрлі жағдайларды
ескере келіп, өз тарапынан оны жетілдіріп отырады.
Қалай болғанда да, бағдарлама оқытудың негізгі мақсатына жетудегі
жетекші құрал болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда тақырыптардың іріктеліп алынуы басты назарда
болғаны жөн. 2-сыныпқа арналған Қазақ тілі оқулығында тақырыптар барынша
іріктеліп, оқушының жас шамасына лайықталып берілді.
Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету не туралы айту керек екенін, қалай
айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады. Сол себепті
тақырыпты басты белгі ретінде алып, сол тақырыптың төңірегінде әңгімелесу
оқушыға оған қатысты өмірлік жағдайларды меңгеруге жәрдем береді.
Бұл ретте тақырыппен қатар сөздік, грамматика, дыбыстардың айтылуы,
тілдік ережелер мен заңдылықтар – бәрі кешенді түрде бірге жүргізіледі.
Егер тақырыпты меңгеру сыныптың аумағынан аспай, сыртқы өмірде қолданылу
аясы шектеліп қалса, сабақ қанша жақсы өткенімен, іс жүзінде сөйлеудің
болмағаны. Мұндай жағдайда оқытудың мақсаты да орындалмайды.Сондықтан да
қазақ тілін оқыту үшін қандай мәселеге байланысты назар аудару керек, нені
оқыту керек, соларды анықтап алу қажет.
Осы тұрғыдан келгенде, ұстаздар мен әдіскерлер мынадай сұрақтарға жауап
іздейді: тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөйлеуді үйрету керек пе?
Олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар неде? Тілді оқыту әдістемесінде
бүгіндері оқушыға тілден бұрын сөйлесуді үйрету керек деген пікір тұрақтала
бастады. Өйткені тілді меңгеру – тілдің лингвистикалық ережелерін жинақтап
білу емес, ол тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін, жинақтап білу емес, ол
тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін, тұлғаларын дұрыс пайдалана білу, сол
арқылы сөйлесетін дәрежеге жету. Сондықтан алдымен сөзді, сөйлеуді негізгі
ала келіп, содан соң тілді үйретуге көшкен жөн. Яғни бүкіл оқыту жүйесі
тілмен түсінісуді қамтасыз етуге бағытталған сөйлесімді үйретуге қатысты
жүру керек.
Тілді оқыту дегеніміз – оқушылардың басты назарын тілдің жүйелік
ерекшелігіне аудару. Мұнда тілдің жүйелік сипатын көрсететін фонетика,
лексика, грамматика - әрқайсысы жеке-жеке талданып отырылады. Тілді осылай
лингвистикалық күрделі құбылыс ретінде оқыту оқушыға ғылыми тұрғыдан
жүйелі, терең білім бергенімен, оны қарым-қатынас құралы есебінде қолдануға
мүмкіндік жасай алмайды. Мәселен, оқушы дыбыстарды, олардың айтылуы мен
жазылуын; жеке сөздерді, олардың аудармасын, сөздің түбірі мен қосымшасын,
сөз таптарын ажырата алғанымен, грамматикалық ережелерді өте жақсы
білгенімен, сол тілде сөйлей алмайды. Тіптен белгілі жағдайға байланысты
жеке фразаларды, тіркестерді жатқа білгенімен, қажет жерде оны қолданудың
амал-тәсілдерін жетік меңгермегендіктен, сөйлеу кезінде іске асыру
мүмкіндігі кем соғып отырады.
Дыбыс, әріп, сөз, сөйлемдер тілдік тұлғалар ретінде тілді оқытудың
жүйесіне енеді. Тілді оқыту немесе үйрету тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл
ғылымының салалары мен өзіндік заңдылықтарын, тілдің ішкі құрылымы мен
тұрақталған бүтіндігін, олардың барлық ерекшеліктерін сақтап оқытуды
көздейді.
Сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық,
фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынады.
Олардың барлығы сөйлеуді меңгеруге тікелей қатысы бар жағдаяттар болып
табылады.
Көлемі жағынан ойды білдіретін үлкенді-кішілі сөйлемшелер, әр түрлі –
бәрі алдыңғы айтылған минимумдармен, материалдармен ұштасып, кешенді түрде
беріледі.
Сөйлеу түзіліміне қажетті жинақталған тілдік құралдар, лексикалық,
грамматикалық тақырыптар өзара тығыз байланыста, оқушының өз орындауымен
оқытылады. Сонда сабақтың мазмұнының іс жүзінде қолданылу аясы кеңейеді.
Оның бірден-бір маңызды шарты – үйреткен материалды оқушының бірден іс
жүзінде қайталап, жедел іске асыруы.
Бұл берілген сабақ үлгісімен оқушының жаттығулар мен тапсырмаларды,
сұрақ-жауаптарды, тілдік қатысымды тікелей өз күшімен бірнеше қайыра
орындап, күнделікті тіршілікте қолдануға бейімдеп, өз қажетіне жарата
білуне жалғасады.
Осыған орай тілдік материалдар біртұтас сөйлемдік (айтылымдық,
сөйлесімдік, сөздік) материалдарға айналады да, жеке күйіндегі
дербестігінен айырылып, бір - бірімен тығыз байланыста жұмсалады. Барлық
тілдік құралдар мен амал-тәсілдері ұтымды жұмсамаса, оқутыдың мақсатына
жету қиын. Сонымен қатар түрлі сөздіктер, оқу құралдарын, грамматикалық
анықтағыштарды дұрыс пайдалана білмей, сөйлесу де жүзеге аспайды.
Демек, оқытудың мазмұны бірнеше құралдарға сүйенеді:
1.Лингвистикалық құралдар 2.Әдістемелік құралдар
3.Машықтық құралдар 4.Техникалық құралдар
Лингвистикалық құралдар барлық тілдік тұлғалар мен сөйлеуді
қалыптастыруға қатысты материалдардан тұрады. Олар сөйлесудің, тілдесудің
ең басты негізін құрайды, сөйлеу кезінде бірігіп қолданылады,
лингвистиканың барлық салаларына байланысты болады.
Әдістемелік құралдар оқыту мен үйренуге қатысты амал-тәсілдерді, оларды
жетілдіру жолдарын, осы амалдарға, тәсілдерге, жолдарға байланысты
жұмыстарды біріктіреді. Сөйлеудің жүзеге асуы, адамдардың күнделікті өмірде
қажетіне жарауы, бірінің ойын екіншісінің дұрыс түсінісуі осы әдістемелік
құралдарды жете меңгерудің тәжірибесіне сай болады.
Машықтық құралдар оқушының сөйлесімді меңгеру жолындағы жинаған
тәжірибесінен, қалыптасқан дағдысынан, дағдысын дамыту ерекшеліктерінен
және сөйлеудегі тілдік шеберліктен, жетілдіру іс-әрекетінен құралары.
Техникалық құралдар сөйлеуді үйренуде қолданылатын аудио, видео
техникаларын көрумен қатар, оқылым, тындалым кезеңіндегі ой-мақсатты жүзеге
асыратын материалдарды, олардың түрлерін, жасалу, пайдалану ережелері мен
тәртіптерін, жалпы барлық қажетке жасалу, пайдалану ережелері мен
тәртіптерін, жалпы барлық қажетке жаратылатын техникалық, іскерлік
материалдарын топтастырады.
Сөйлеуге үйретуде әрбір құралдардың алатын өзіндік орны бар.
Бұл құралдар әрқайсысын жете білу және меңгеру – оқушы үшін ең қажетті
шарт.
Демек, қазақ тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту әдісінің
мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан
дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты.
Сонымен тілді оқытудың мазмұндық құрамы мыналар:
- тілдік материалдар;
- сөйлеу дағдылары мен шеберліктері;
- қатысымдық тұлғалар;
- ана тілінде жоқ тілдік ұғымдар;
- үйренетін тілдің өзіне тән айрықша ерекшеліктері.
Оқытудың мазмұндық құрамына қарай жүргізілетін әрекеттер:
а) қабылдау;
ә) түсіну;
б) материалдарды есте сақтау;
в) жағдаятқа байланысты жаттығуды өзгертіп, өзіне атқарту;
г) тапсырмаларды дамытып, өз бетімен орындау;
ғ) меңгерген сөз үлгілерін өмірде пайдалану.
Оқыту әдісінің мақсаты, мазмұны, кезеңдері – бәрі ортақ бір мәселеге
келіп тіреледі: ол – тілдік материалдар мен құралдар, олардың қолданылу
ерекшеліктері. Ең басты тілдік материалдар – тілдесімді қарым-қатынаста
жүзеге асыратын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық единицалар
(тұлғалар, бірліктер) мен олардың сөйлеуде алатын орны, ойды жеткізу
барысындағы байланысу жолдары, қолданылу амалдары. Осы тұрғыдан келгенде,
практикалық фонетика, практикалық лексика, практикалық грамматиканың сөйлеу
түзілімінде алатын орны ерекше.
Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұлғалар (единицалар) тілді
үйретуде лингвистикалық ереже тұрғысынан емес, сөйлеу мен тілдесімге
қатысты негізгі материал ретінде, тілдік қарым - қатынастың қажетті құралы
есебінде оқытылады. Сондықтан олардың әрқайсысының тілді меңгертуде алатын
өзіндік орны бар.
Қазақ тілді меңгерудің негізгі материалдық базасы оның фонетикалық,
лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру дағдыларымен
тығыз байланысты болғандықтан, қазақ тілін осы салаларға қатысты оқытудың
басты-басты белгілеріне тоқталған жөн.
Фонетика, лексика, грамматиканы оқыту барысында оқушылардың білім
дағдысын қалыптастыру мен жетілдірудің өзгешелігі бар. Бұл тілдік салалар
мен материалдарды тізбектеп оқыта берумен емес, керісінше, олардың ішінен
сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалдарын
танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана
білумен ерекшеленеді.
Сөйлеуге үйретудегі негізгі мақсаты тілдік материалдарды оқушыларға
таныстыру емес, оларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу
кезеңінде дұрыс жұмсауға дағдыландыру екенін естен шығармау керек.
Оқытылуға тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар
сөйлеуді және тілдік қатынасты іске асыратын бағытта алынуы керек.
Сондықтан тіл білімінің салаларына қатысты барлық тақырыптар жоспарға түгел
енуі шарт емес.
Кіші жастағы мектеп оқушыларының жан-жақты есейіп, жалпы дамуына,
олардың ақыл-ойы мен рухани байлығының еселеп жетілуіне ана тілі тікелей
әсер етеді. Өйткені барша таным процесі сөйлеу арқылы жинақталып
жалпыланады, яғни тіл арқылы түсіндіріледі. Ана тілі қатынас құралы ретінде
де мектепте жүйелі оқыту арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, дұрыс қарым
- қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту
әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін атап айтқан жөн.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының арнайы бір
саласы. Ол Ана тілін оқытудың мазмұны мен принциптерін, әдістері мен
тәсілдерін анықтайды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым ретінде
қарастырылады. Олай дейтініміз, оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен
оқытуда, сондай-ақ жас ұрпақтың ой - өрісін дамытуда, шын мәнінде, аса
қажетті практикалық міндеттерді жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты оқыту
нәтижесінде оқушыларға ана тілі негізін тиянақты меңгерту болып табылады.
Оқыту әдістемесі дербес ғылым ретінде басқа ғылымдармен, әсіресе,
лингвистика, психология, логика және педагогика ғылымдарымен тығыз
байланыста дамып отырады. Мұның өзі, ең алдымен, мұғалімнің аталған ғылым
негіздерін жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін талап етеді. Өйткені
мұғалім – білімнің қайнар бұлағы, оқыту мен тәрбие берудегі басты тұлға.
Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу
материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабаққа шебер қолдана
білу үшін мұғалім кіші жастағы оқушылардың, ең алдымен, психологиялық
ерекшеліктерін (жас ерекшелігі, нақты фактілер негізінде ұғымдылық
ерекшелігі т.б.) тікелей санасу керек. Сол сияқты, логикалық талаптарға да
баса назар аударған жөн. Тіл ойлаумен тікелей байланысты, сондықтан тілді
ойдан бөліп алып дамыту мүмкін емес. Бала нақты ойланады, ол қоршаған
өмірді көру, есту, иіс т.б. сезім мүшелері (анализаторлар) арқылы
қабылдайды. Талдау мен жинақтау, нақтылау мен жалпылау т.б. ойлау түрлерін
кіші жастағы оқушылар арнайы жүргізілетін логикалық жаттығулар негізінде
біртіндеп үйрене бастайды.
Бұл айтылғандармен қатар, қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен
тікелей байланысы ешқашан да назардан тыс қалдырылмайды. Қазақ тілі
сабақтарында, әсіресе, жалпы дидактикалық принциптер орынды пайдалануды
қажет етеді.
Оқыту әдістемесі өз пәнінің мазмұнына тәуелді, соны ғана үйретеді.
Әдістемелік ғылым алдында өз пәнін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін
анықтау проблемасы ғана тұрады. Осыған орай, пән мазмұны жетіліп дамыса,
оның оқыту әдістемесі де жетіліп дамиды, пән мазмұны көнерсе, әдістеме де
ескіреді. Демек қазақ тілін оқыту деген сөз – оның теориялық мазмұнын жете
меңгеру деген сөз.
Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдардан ерекшеленетін негізгі бір
ерекшелігі – ондағы барша оқыту процесі екі жақты бірліктегі қарым-
қатынасты керек етеді. Атап айтқанда, бірі – мұғалім, екіншісі – оқушылар.
Мұғалім оқытады, үйретеді, тәрбиелейді; оқушылар оқиды, үйренеді,
тәрбиеленеді. Осыған орай, аталған жақтардың өзіндік міндеттері
белгіленеді. Ортақ мақсат – терең білім мен тәлімді тәрбиені қалыптастыру.
Казіргі мектеп тәжірибесінде жиі қолданылатын оқыту әдістерің негізі
үш түрі қалыптасқан. Олар: мұғалім сөзі, әңгіме әдісі, өзіндік жұмыс.
Бірінші сыныпта қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқу
бағдарламасында мына тұрғыда белгіленген:
1. Сөйлем, сөз, дыбыс және әріп.
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер.
3. Қазақ алфавиті.
4. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптер.
5. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.
6. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
7. Буын.
8. Тасымал.
9. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы.
10. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
11. Бас әріппен жазылатын сөздер.
12. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
13. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
14. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
15. Сөйлем.
16. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
17. Мәтінмен жұмыс істеу.
Аталған бағдарламалық тақырыптар әдістемеде оқу мазмұнына қарай
жүйеленіп, мынадай тармақтарға топталып қарастырылады:
1. Дыбыс пен әріп тақырыбын оқыту.
2. Сөз тақырыбын оқыту.
3. Сөйлем тақырыбын және сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту.
Бастауыш мектеп оқушыларының, әсіресе, 1-сынып оқушыларының жас
ерекшеліктері мен логикалық ойлау деңгейіне қарай әрбір әдістеме
тарауларында қазақ тілінен берілетін теориялық оқу материалдарының
фонетикалық, грамматикалық ережелер арқылы емес, практикалық тұрғыда
мейлінше ұғымды, жеңіл тілмен түсіндірілетінін мұғалім қазақ тілінің
алғашқы сабағынан бастап-ақ ескереді.
Қазақ тілі өзіндік дыбыс жүйесі қалыптасқан, мейлінше анық та ашық
дыбысталатын дүние жүзіндегі дамыған бай тілдердің қатарына жатады.
Ананың ақ сүтімен берілген туған тілдің дыбысы сәбидің өмірге келген
алғашқы сәтінен бастап, оның жан дүниесіне дариды.
Дыбыс деген ұғым оқушыларға сауат ашу кезеңінен-ақ таныс. Сауат ашу
кезеңінде оқушылар дыбыс деген ұғымды және алфавиттегі барлық әріптерді
жеке – жеке танып, дыбыс арқалы буын жасалатынын, буыннан сөз жасалатынын,
сөз құрамында бірнеше дыбыс болатынын біледі.
Сауат ашқан соң, оқушылар жеке сөздерді, сөйлемдерді және шағын
мәтіндерді өз бетінше оқи да, жаза да алатын дағдыға көтеріледі. Оқу
жылының екінші жартысында оқушылардың дыбыс туралы алған білімі одан әрі
жетілдіріліп дамытылады.
Бірінші сыныпқа арналған Ана тілі оқулығында дыбыс пен әріп бір -
бірінен ажыратылмай, қатар оқытылады. Әріп дыбыстың жазудағы таңбасы
екендігі түсіндіріледі. Бұл тұрғыда мұғалім қазақ тіліндегі әрбір
дыбыстың (кейбір тілдердегідей емес) жеке – жеке әріптермен таңбаланатынын
ескеру керек. Қазақ тілінің мұндай өтімді ерекшелігі дыбыс пен әріпті
ажыратпай оқытуға мүмкіндік беретінін, оның оқу мен жазуға аса тиімді
екендігі түсіндіріледі.
Дыбыс пен әріп туралы оқулықта сөйлеу органдары, артикуляция туралы
мағлұматтар берілмейді, өйткені ондай ұғымдар кіші жастағы оқушылардың
түсінуіне ауыр да күрделі.
Сондықтан қазақ тілі оқулығында дыбыс пен әріп туралы:
1. Сөз дыбыстардан құралады.
2. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады.
3. Дыбыстарды айтамыз, естиміз.
4. Әріптерді көреміз, жазамыз деген практикалық анықтама беріледі.
Сауат ашу кезеңінен кейін оқушылардың сөйлемдер мен мәтіндегі
сөздерді жүгіртіп, тұтас сөзбен оқуға және қатесіз дұрыс жазуға машықтануы
барша оқу процесінде жетекші мәнге ие болады.
Осыған орай, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне тән жеке әріптермен
таңбаланатынын түсіндіру және әрбір әріп арқылы таңбаланған дыбыстарды оқу
арқылы естіп, оны бұзбай, дұрыс дыбыстауға дағдыландыру мәселелері баса
назар аударуды қажет етеді. Бұл процесс бақылау тәсілі арқылы жүзеге
асырылады. Бақылау тәсілін қолдана отырып, алуан түрлі жаттығуларды
жүргізуге болады. Ондай жаттығулардың аса тиімді бір түрі – сөздегі
дыбыстардың орын тәртібін айқындау. Ол үшін жеке сөздерге дыбыстық талдау
жасалып, дыбыстар нөмірленіп жазылады. Мысалы: балық сөзінде бес дыбыс
бар. Б-а-л-ы-қ; 1) б – дауыссыз, 2) а – дауысты, 3) л- дауыссыз, 4) ы –
дауысты, 5) қ – дауыссыз. Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау сөзді дұрыс
оқуға да, қатесіз жазуға да көмектеседі. Сөздегі дыбыстардың орнын анықтау
арқылы сөзден әріп тастап кету, басқа әріппен алмастыру, артық әріп қосып
жазу сияқты кіші жастағы оқушылардың жазба жұмыстарында жиі болатын
қателерді жібермеуге болады.

1.2. Фонетиканы оқыту

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы
зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты.
Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.
Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы
дыбыстарды дұрыс айта және жазылған әріптік таңбаларды тілдік дұрыс қолдану
арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Яғни бұл дұрыс
сөйлей білу мен сөйленген сөзді дұрыс түсіне білу дағдыларын меңгеру
дегенді білдіреді. Тілдік қарым-қатынаста фонетикалық дағдыларды меңгеру
екі жақты болуы керек. Сөйлеушінің (не оқушының) фонетикалық дағдыларды
білуі; Тындаушының фонетикалық дағдыларды білуі. Сөйлеуші не оқушы
дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын жеткізе алады.
Тындаушы дыбыстардың дұрыс айтылуын білсе, айтылған ойды дұрыс қабылдай
алады, түсіне алады. сонда ғана адамдар арасында тіл қарым-қатынас құралы
ретінде жұмсалып, сөйлесу, тілдесу жүзеге асады, бір адамның айтар сөзі
екінші адамға ұғынықты болып, қабылданады және оған жауап беріледі.
Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де
бірдей, ортақ. өйткені әрбір тілдің дыбыстық материалы мен оның жазылуы,
айтылуы сол тілде сөйлеушілердің барлығына бірдей. әр тілдің дыбысталу
заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған,
табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс. Оны жеке адамдар өзгерте алмайды.

Тіл үйретушінің мақсаты – оқушыға дұрыс дыбысталуды игерту,
игергендерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тіл үйренушінің мақсаты – сөйлеу кезінде дыбыстарды өз қажетіне қарай
дұрыс пайдалана білу және мүмкіндігінше дауыстап ауызша түсінікті етіп
айтуға қалыптастыру. Тіл үйренуші тілдік қарым-қатынаста бірде сөйлеуші,
бірде тыңдаушы болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеушіге болсын, тыңдаушыға болсын
фонетикалық дағдыларды меңгерудің маңызы зор. Себебі, фонетикалық
материалдардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші
үшін, тыңдаушы үшін де ортақ.
Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына сәйкес келеді:
тілдік дыбыстардың айтылуы; тілдік дыбыстардың естілуі. Осы екеуінің
бірігіунен дыбысталу түзілімі жүзеге асады. Дыбысталу түзілімі ауызша
сөйлеумен тікелей қатысты. Демек, ауызша сөйлеуді үйрену үшін, сөздер мен
сөйлем құрамындағы дыбыстардың айқын және дұрыс дыбысталуын білу керек.
Тілдік дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын меңгеру қажет. Фонетикалық
бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен
дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады.
Әдіскерлер тілді үйретуде дыбыстарды түгел оқытып коймай, сөздер мен
тіркестерді қатар оқытқан дұрыс па, бұрыс па деген мәселеде екіге бөлінеді.
Біреулер дыбыстарды, сөздерді, тіпті сөйлемдерді бірге алғашқы сабақтан
бастап оқыту керек десе, екіншілері ең алдымен дыбыстарды, алфавитті
үйретіп алу қажет дейді. Ал енді біреулер дыбыстан емес, бірден сөзден
бастап үйретіп, фонетикалық және грамматикалық материалдарды арасында
кіріктірген жөн дейді. Соңғы жылдары көптеген тілші - әдіскерлер
тәжірибелер мен зерттеулердің арқасында фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық материалдардың қатар оқытылуы әлдеқайда тиімді екенін
дәлелдейді.
Бұл тілдік материалдардың қайсысы бірінші оқытылу керек деген
сұраққа жауап берді. Мұнда материал сабақтың тақырыбы мен мақсатына сай
алынған жоспарға қатысты беріледі. Сабақтың мақсаты сөздік минимумды
меңгеру болса, бірінші сөз оқытыла келіп, одан кейін оның құрамындағы
дыбыстардың айтылуына мән беріледі немесе керісінше болуы да мүмкін т.б.
Дыбыстардың айтылуы басқа материалдан жеке дара бөлініп, ұзақ уақыт
оқытылса, тіл үйренудің сапасы кемиді. Сондықтан тіл үйренуде апроксимация
қағидасын ескертуге тура келеді. Дыбысталудан кеткен кейбір қаталер не
кемшіліктер жалпы сөздің түсінікті болуына кедергі келтірмесе, онда оған
онша мән беріп, тіл үйренушіге артық жүктеме берудің қажеті шамалы.
Тілдік дыбыстарды үйрету барысында жазылған әріп пен жазбаша сөзден
гөрі, айтылған дыбыс пен ауызша сөз әлдеқайда тез есте қалады және ойда
ұзақ сақталады. Басында сөздердің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс
үйретілмесе оны кейін түзету өте қиын. Ол сөйлемдегі әдетке айналады да,
оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық
дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, кейіннен тоқтап
қалмай, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Фонетикалық
дағдыларды игеруді күн сайын, сабақ сайын жетілдіріп отырған жөн.
Қазақ тілі дыбыстарын үйрету, айту барысында фонетикалық дағдыларды
меңгеру үшін әр түрлі ерекшеліктерді, дыбыстардың жасалуына қатысты
артикуляциянық базаны игеруді, дыбыстарды айтылуына байланысты
ерекшеліктерді білуді, дыбыстардың естілуіне қатысты өзгешеліктерді тануды,
дыбыстардың қолдану ережелеріне қатысты ерекшеліктерді меңгеруді білуге
тура келеді.
Дыбыстардың жасалуына қатысты ерекшеліктерге фонетикалық тұлғалардың
пайда болуы, олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу
мүшесінің қимыл қозғалысы жатады. Оқушы дыбыстарды айту үшін, қандай сөйлеу
мүшесі қалай қозғалатының білуі қажет. Бұл мәселелер әсіресе сөйлеу кезінде
анық байқалады. Сондықтан сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тындалым
түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты
болады.
Мысалы, қазақ тілінің дыбыстарының жасалуы ауыз қуысы мүшелері мен
көмейге байланысты. әсіресе, ерін, тіл, тіс, дауыс шымылдығының белсенді
қимыл-әрекеті қызметі дауыстылар мен дауыссыздарға бірдей әсер етеді.
Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктер фонациялық ауаның қозғалысына
қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап жеткізу фонациялық
ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді. Мысалы, қазақша а,
о т.б. дыбыстарын айтудың созылыңқылығы, басқа тілдергі осы дыбыстардың
айтылуымен тепе - тең емес. Сол себепті оларды өзара салыстыра отырып, әр
қайсысының айтылу ерекшеліктеріне ден қоюға тура келеді.
Мұғалім оқушылардың өздеріне алдымен іштей, сонан соң дауыстап қ
дыбысын айтқызып, өзі бұл дыбысты айтқан кездегі еріннің, тілдің
жағдайларын тағы да қайталап түсіндіреді.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мұғалімнің
шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет
етеді. өйткені сабақты оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе,
сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондықтан ұстаз дыбыстардың
ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып,
жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің
жинақтық әдісін пайдаланады.
Дыбыстардың естілуіне қатысты ерекшеліктер олардың жасалуы мен
айтылуынан келіп шығады. Дыбыс алдымен жасалып, сонан соң айтылғаннан кейін
барып естіледі. Естілген дыбысты дұрыс қабылдағанда, оның айтылу
ерекшелігін білгенде ғана сөз түсінікті болады.
Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы,
әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде
талданып көрсетілген. Жоғарыда атап өтілген тілді үйретудегі дыбыс
белгілерінің барлығы сайып келгенде оның ең басты ерекшелігін – дыбыстарды
сөздің, сөйлеудің құрамында дұрыс қолдана білу ережелерін меңгерудің алғы
шарттары болып табылады.
Қазақ тілін жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының бәрі түбір мен
қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буындар арқылы жалғануына байланысты
екенін мұғалімдер білуі қажет.
Тілдік материалдың ішінде дыбыстарға қатысты ережелер мен заңдылықтарды
оқыту мен үйрету – тіл білімінің жеке саласына айналған, жан-жақты сөз
болған мәселелердің қатарына жатады.
Дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу, қолданылу қасиеттерін меңгеруге сай
фонетикалық дағдылардың дамуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1. Айту және есту дағдыларының қалыптасуы.
2. Айту және есту дағдыларының сақталуы.
3. Айту және есту дағдыларының жетілуі.
Фонетикалық дағдылардың сақталу, тұрақталу кезеңіне байланысты
жүргізілетін жұмыстар:лексика-грамматикалық материалдарды қоса отырып,
фонетикалық жаттығулар орындату, ауызша оқыту және айтқызу, мәтінмен,
суретпен фонетикалық жұмыс жүргізу.
Фонетикалық дағдылардың жетілу, даму кезеңіне орай жүргізілетін
жұмыстар:фонетикалық тапсырмаларды өз бетімен орындау, ауызша ойды жеткізу
барысында дыбыстардың айтылуын жаңа сөздермен байланысты қарастыру, тың,
жаңа тілдік материалдармен жұмыс істеу.
Фонетикалық дағдылардың қай кезеңі болсын оқылым, жазылым, тындалым,
сөйлесім әрекетімен және олардың негізгі ерекшеліктерін игерумен қатар
жүреді. Оқыту алғаш жеңіл сөйлемдерден басталады. Алдымен жеке-жеке сөздер
тізбегі беріледі де, олардың ішінен мағынасы сәйкес келетіндерін тауып,
сөйлем құрау тапсырылады. әрине, әзірге түбір күйінде орын тәртібі арқылы
байланысады. Мысалы: кеше, жақсы, жылы, қазір, келді т.б. Мен қазір
дәрігермін, Сен кеше келдің, Менің әкем келді, Сенің бөлмең жылы
т.б. Енді осыларға ұқсас алғаш тіркестер, кейін сөйлемдер ойлап табу
тапсырылады.
Сабақ осы ретпен қайталанып, ауызша-жазбаша түрде пысықталып, бекітіліп
жалғаса береді.
Фонетикаға қатысты орфографиялық материалдар

Фонетиканы оқи отырып оқушылар әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларымен
танысады. Бұған дауысты мен дауыссыз дыбыстар, олардың жуан, жіңішке, үнді,
ұяң, қатаң түрлері негіз болады.
Орфоэпиялық кемшілік сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алмаушылықтан, өте
шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден, белгілі бір дыбысты айта алмағандықтан
болады. Бала көбінесе р, л, ш, ж, ч, щ, с, ц, э дыбыстарын дұрыс айта
алмайды. Соның әсері жазуға да тиіп, бар сөзін бал, жоқ сөзін соқ деп
жазады.
Кейбір диалектілік сөйлеу ерекшеліктігі бар оқушылармен орфоэпиялық
жұмысты байыпты жүргізуді есте ұстау керек. Оқушылардың сөзіндегі
диалектілік қателерді түзету үшін мына сияқты жұмыстар жүргізуге болар еді:
1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін сөздерін таблица
ретінде жазып, сыныпқа іліп қою қажет. Таблицадағы сөздермен танысып, дұрыс
айтуға төселу керектігі оқушыларға алдын ала ескертіледі.
2. Дыбыстық алмасуда кезесетін сөздерді оқушыларға жаздырып, алмасып
естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.
3. Көркем әдебиет шығармаларынан арнаулы мәтіндер оқып, қажетті
дегендерін жаттатады.
4. Көркем сөз шеберлерінен жазылып алынған грампластинкалар мен
магнитофон тыңдалады.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады.
Орфографияны берік меңгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен
әріп ара қатынастарын аша біліуне негізделеді. Тілде әр түрлі фонетикалық
құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында фонемалар өзінің естілу
ерекшелік сипатын сақтауы да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.
Фонетика бастан-аяқ орфографиялық мақсатты көздейді. Мұнда орфоэпиялық
та ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы
буынның жуан я жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке
болып үйлесуі шарт.
Бұл ережені оқушылар жеңіл меңгере алады. Алайда тіліміздегі барлық
сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен жалғана бермейді. Міне, осыған
байланысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді
жағдайлар жасалуы керек.
–мен, -бен, -пен, паз, қор, -қой, -кеш, -гей, -гер, -хана, -тал, -дар,
-нікі, -дікі
қосымшалары сөздің соңғы буынның жуан я жіңішкелігіне қарамастан осы
күйлерінде ғана жалғанады (қолмен, өнерпаз, өсімқор, әзілқой, күлекеш,
сәуегей, саудагер, шілдехана, өсімтал, білімдар, колхоздікі т.б.) деген
ережемен ғана шектелу жеткіліксіз. Бұлардан басқа да бірсыпыра
ерекшеліктерді қамти кетуге тура келеді.
Дыбыс үндестігі, негізінен, мынадай ережеге бағынуы тиіс:
а) оқушылар білімінің жалпы ережесін ескеруге тиіс;
ә) оқу материлдарын логикалық жағынан дұрыс және балалардың шама-шарқына,
жас ерекшеліктеріне лайықтап баяндау керек;
б) оқулық пен қоса орфографиялық сөздік,көрнекі құралдар пайдаланып отыру
керек;
в) сыныпта жүргізілетін жұмыстар мен үй жұмыстарында творчествалық пен
әрекет етуін ұйымдастыра отырып, балалардың белсенді түрде ойлай білуін
дамытуы қажет.

3. Сөз тақырыбын оқыту

Сөз тақырыбын 1-сыныпта қазақ тілін оқытудың алғашқы лексика-
грамматикалық тақырыбы болып табылады. Бұған дейін оқушылар қазақ тілінің
фонетикалық жүйесінен бастапқы мағлұматтар алды, яғни сөздің
дыбыстық–буындық құрамымен танысса, енді сөздің лексика – грамматикалық
мағыналары туралы қарапайым практикалық мағлұматтар алатын болады. Алдымен,
оқушыларға сөздің адам мен қоғам өміріндегі маңызы туралы қарапайым
түсініктер берілуі керек. Сөз арқылы адамдар өзара сөйлесіп, қарым–қатынас
жасайды. Сөз - сөйлеудің ең кішкентай мағыналық бөлшегі. Әрбір сөз өзінше
дыбысталады, өзіндік дербес мағынаға ие болады, сөйлемде бір–бірінен бөлек
жазылады т. б. сөз туралы деректер берілген соң, оның мынадай практикалық
анықтамасы нақты мысалдар арқылы түсіндірілуі тиіс.
Сөз дегеніміз айналаны қоршаған заттар мен құбылыстарды және олардың
алуан түрлі қимыл, іс-әрекетін, сан - сапасын өзара бір–бірінен ажыратып
тану үшін қойылған шартты атау. Бұл тұжырымнан соң оқушыларға заттың өзін
нақты көрсете отырып, әр заттың өзіне тән түр–түсі (ақ, қара, қызыл, сары
т. б.), түрлі сапасы (жақсы, жаман, әдемі т.б.), қимыл, іс-әрекеті
(жүгірді, оқыды, жазды т. б.) саны (бір, біреу, екі, екеу т.б.) туралы
түсінік беріліп, зат та, оның түсі де, қимылы да, саны да – бәрі де белгілі
бір дыбыстармен айтылып, әр түрлі мағыналық ұғымдарды білдіретін атауларға
ие болатындығы, мұндай атауларды сөз деп айтайтындығымыз туралы түсініктер
берілуі тиіс.
Бірінші сыныпта сөз тақырыбы бойынша зат есім, етістік, сын есім
және сан есім сияқты негізгі сөз таптары оқытылады, дәлірек айтқанда,
аталған сөз таптары туралы бағдарлама талабына сай алғашқы мағлұматтар
беріледі (Оқушыларға аталған зат есім, сан есім, сын есім, етістік, сөз
таптары терминдері айтылмайды).
Сөз таптары бойынша 1–сыныпта берілетін қарапайым грамматикалық
мағлұматтарды оқыту процесінде мұғалімнің шеберлігімен қатар оның қазақ
тілі теориясын, әсіресе, морфология мен синтаксиске қатысты білім
деңгейлерінің жоғары болуы оқу сапасын арттыруда елеулі нәтижеге
жеткізбек. Өйткені кіші жастағы оқушыларға мұндай бастапқы берілетін білім
негіздері өзінің мазмұны мен көлемі жағынан да, оқыту әдістері мен
тәсілдері жағынан да оқу материалдарының шынайы ғылыми тазалығын әрі
мейлінше түсінікті болуын талап етеді. Бірінші сыныпта сөз тақырыбын
оқытудың аса тиімді бір тәсілі – грамматикалық сұрақтардың қатысымен жұмыс
істеу. Ондай жұмыстар сұрақтардың көмегімен сөздің лексикалық мағынасын
жете түсінуге бірден-бір мүмкіндік береді. Грамматикалық сұрақтар беру
арқылы әр топтағы сөздердің мағыналары анықталады, атап айтсақ, заттың
атын, қимыл, іс-әрекетін, әр түрлі сыны мен сапасын және санын білдіретін
сөздер айқындалады. Осыған орай оқулықта мынадай анықтамалар берілген:
Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның,
жануарлардың және заттардың атын білдіреді. Айсұлу, қоян, кітап: Не істеді?
Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-
әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді, жүзді, жылтырады.
Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынып, сапасын
білдіреді: қызыл, үлкен, таза, жеңіл, биік. Қанша? Неше? Нешінші?
сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың санып білдіреді: бес, он, отыз,
жүз, екінші т.б.
Сөз ұғымын түсіндіру 1-сыныпта сөздерді сөйлем ішінде емес, жеке
сөз, лексикалық атау ретінде қарастырылады. Өйткені сөйлем құрамына енген
сөз-дер өзінің коммуникативтік қызметін атқару үшін алуан түрлі
грамматикалық формаларды қабылдап, әр түрлі мағынада қолданылады. Сөздерді
түбір күйінде алып, атау тұлғада қарастыруға қазақ тілінің морфологиялық
құрылысы да кө-мектеседі. Олай дейтініміз қазақ тілі агглютинативтік тілдер
қатарына жатады.
Агглютинативтік тілдерде түбір морфема өзінің лексикалық мағынасын
өзгертпейтіндігі белгілі. Мысалы: басшы, басшылық, басқарма, бастама,
бастық
Грамматикалық сұрақтардың енгізілуі мұғалімнің сөздерді, оның
лексикалық мағынасы тұрғысынан ғана емес, енді грамматикалық категория
ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді. Грамматикалық сұрақтардың екі
түрлі сөз топтары арқылы жасалатыны мұғалімдерге мәлім. Атап айтқанда,
қазақ тілінде сұраулы сөздер сұрау есімдіктері (кім? Не? Кімдер? Нелер?
Қандай? қанша? Неше? Қайда? Қашан? т.б.) мен сұраулақ шылаулар арқылы (ма-
ме, ба-бе, па-пе) жасалады. Сұрау есімдіктері өзі ауыстырған сөз қандай
грамматикалық формада тұрса, сондай формада жұмсалады, басқаша айтқанда,
сұрақ қандай грамматикалық тұлғада келсе, жауап болатын сөз де сол тұлғада
айтылады. Мәселен, кім? деген сұрау есімдігі атау септігінде тұр. Демек
оған жауап болатын сөз де атау септігінде келген (мен, сен, біз, Мұрат,
дәрігер т.б.) сөздер ғана болу керек. Не? деген сұрау есімдігі де атау
септігінде тұр. Олай болса, Не? сұрағына жауап беретін сөздер де (қалам,
қағаз, кітап, ағаш, қозы, лақ, қоян т.б.) атау септігінде тұруға тиіс.
Ал сұраулық шылаулар болса, олар грамматикалық формаларды
қабылдамайды, кез келген формадағы сөздерге қатысып, сұрау мағынасын
тудырады. Мысалы: Жаз ба? күз ба? Ақ па? Қара ма? Екеу ме? Үше ме? Оқыдым?
Жазды ма? Барды ма? келді ме? т.б. Демек грамматикалық сұрақтар жасайтын
аталған сөз таптарының мұндай ерекшеліктері сөздерді жеке алып, атау
тұлғада қарастыруға мүмкіндік береді.
Сөздерді жеке қарастыру дегеніміз әр сөздің жеке өзіне тән мағынасын
білу деген сөз. Алайда, бұл орайда, әрбір сөздің жалпы мағына беретіні
ескерілу керек. Мысалы: қалам деген сөз бір ғана қаламды білдіріп
қоймайды, сол сияқты толып жатқан қаламды білдіреді. Сондықтан сөздерді
мағынасына қарай бірнеше логикалық топтарға бөліп оқу керек. Сөздерді ондай
логикалық топтарға бөлудің грамматикалық сұрақтар негізінде берілгенін
жоғарыдағы оқулық анықтамаларынан көрдік. Онда 1-сыныпта оқылатын сөз
таптары кім? не? кімдер? нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті? Қандай? Қай?
Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беруіне қарай төрт түрлі мағыналық
топтарға бөлініп берілген. Мұндай бөлу нәтижесінде заттың атын, қимылын,
сынын және санын білдіретін сөздер сұрыпталған.
Әрбір топтағы сөздер белгілі сұраққа ғана жауап беріп, өзара бір-
бірінен ажыратылған. Мұндай әдістемелік жүйе мұғалім жұмысынан да кең орын
алуға тиіс, өйткені логикалық жаттығу жеке сөз мағанасын дұрыс түсінуге де,
оқушылардың лексикалық байлығын арттырып, тіл ұстартуына да тікелей
көмектеседі. Аталған фактілерге қарағанда, бірінші сыныпта сөз тақырыбын
оқытудың негізгі бір тәсілі сөздерді логикалық топтарға бөліп оқыту екенін
байқаймыз.

1. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
1. Сөйлем тақырыбын оқыту

Сөйлем тақырыбын оқыту кіші жастағы балаларға аса қажетті де қиын.
Сөйлемнің қыр–сырын жете танымаған оқушы сөйлемді де, байланыстырып
жазуды да біле бермейді. Бұл тақырып алдымен оқушыларға жеке хабарлы
сөйлемдерді үлгі арқылы практикалық жолмен үйретуді керек етеді. Бұл
тұрғыда, сауат ашу кезінде тапсырылған сөйлем үлгілері еске түсіріледі.
Ондай сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан құрылған мынадай жалаң сөйлемдер.

1. Баяндауышы кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін зат
есімнен жасалған жалаң сөйлемдер:
Мынау–қарындаш. Асқар – оқушы. Әсет - әнші. Сен бишісің. Баяндауышы
зат есімнен болған жалаң сөйлемнің бастауыштарын үш жақта келген бұл,
мынау, ол, анау деген сілтеу есімдіктерінен және адам аттары мен басқа зат
есім болатын сөздерден, сондай–ақ мен, сен, ол, біз, сендер, сіздер, олар
сияқты жіктеу есімдіктерінен жасауға болады.
Аталған сөйлем түрін құрастыруды жеңілдету үшін мұғалім тарапынан
сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға оқушылар жауап қайтару керек, яғни мұғалім
диалог тәсілі арқылы ондағы сұраулы сөйлемдерге тікелей жауап болатын
хабарлы сөйлемдерді жасатуды да, оларды жеке алып (жаздырып) қарастырады.
Мысалы:
- Бұл кім? – Бұл – Асқар. Мынау кім? – Бұл – Сәуле.
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Тіл дамыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын талаптар
Әріптерден сөз жасау
Сауат ашу әдістемесі. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Ана тілі пәнін оқыту әдістемесі
Пәндер