Бастауыш сыныпта ойын технологиясының тиімділігі
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1.1. Төменгі сынып оқушыларының ойындарының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . . 4
1.1.1. Алты жастағылар
ойыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 7
1.1.2. Халық ойындарының педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
ІІ. 1. Бастауыш сыныпта ойын технологиясының тиімділігі
... ... ... ... ... . 11
2.1.1. Ойын арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1.2. Модульдік оқыту технологиясындағы ойындары арқылы оқушыны
жан-жақты дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Кіріспе
Тақырып: Төменгі сынып оқушыларын оқытудағы ойын технологиясының
тиімділігі.
Өзектілігі: Бастауыш сыныпта сабақ беру барысындағы болатын
қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі – ойын технологиясы. Себебі, бастауыш
сынып балаларының негізгі іс-әрекеті – ойын. Біз бұл технологияның тиімді
екенін өз практикамызда қолдану арқылы жүзеге асырдық.
Зерттеудің объектісі: Ойын технологиясының қаншалықты тиімділігі мен
оның қандай түрлері бар. Қай ойынды қандай сабақта және оны қалай
пайдаланған тиімді екенін бақылау.
Зерттеудің пәні: Оқу сапасын көтерудегі тиімді технологиялар, ал
зерттеу бұйымы – ойын технологиясының тиімді жақтары.
Зерттеудің мақсаты: Ойын технологиясының тиімділігін зерттеу. Осы
мақсатқа сай төмендегі міндеттер туындайды:
- ойындарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүйелеу;
- ойынды пайдалану мақсатын анықтап алу;
- қазақ тілі пәндерінде грамматикалық ойындардың тиімділі жақтарын анықтау;
- логикалық жаттығулардың бала ойының дамуына әсерін анықтау;.
Қорғауға ұсынылатын тақырыптар:
1. Бастауыш сыныпқа келген балалардағы кездесетін кейбір
кемшіліктерді (р-л; с-ш; л-у әріптерін айырып айта алмау сияқты)
қалай шешуге болады.
2. Ана тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қоры мен тіл байлықтарын
қалай дамытуға болады.
3. Математика сабағындағы сөзді есептерді шығаруда қандай ойын
түрлерін пайдаланған тиімді.
4. Қазақ тілі пәнінен грамматикалық қате жібермеуге қандай тәсілмен
үйреткен тиімді.
1.1. Төменгі сынып оқушылары ойындарының тарихы.
Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын алғаш рет
қағаз бетіне түсіріп, әлем жұртшылығына паш еткен бізге белгілі Италия
саяхатшысы Плано Карапини ХІІІ ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде
болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары
жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинап, жазып қалдырған.
Одан кейінгі кезеңде біз тағы да сол Италия жұртының аяулы ұлдарының
бірі Марко Полонның, орыс саяхатшысы П.И.Рычковтың, орыс ғалымы
П.С.Паластың, венгер зерттеушісі А.Вамберидің, неміс этнографы Р.Карчуктың,
неміс ғалымы А.Гумбольдтың, поляк халқының зиялы өкілдері А.Янушкевич,
С.Гросс, Б.Зеленский және басқалардың түрлі деректерді жинап тасқа
бастырып, жүрек жарды ниеттерін білдіргендерін зор ілтипатпен еске аламыз.
Солай бола тұрса да тіпті, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін
халқымыз жасаған басқа да рухани байлығы секілді ұлт ойындары да өзінің
баға жетпес қызметін, орындап, ел есінде сақталып келді. Содан бері жаңа
ұрпақпен жаңарып, дамып, толысып бізге дейін жетті.Кейінгі жаңа толқын,
жастар және әр ұлт және әр ұлт зиялылары халықтық ойындар бойынан өзгеше
бір қасиет тауып, өркен жайып келе жатқан елдің керегіне жарату, әлем
жұртшылығына таныту мақсатында сол кезде шығып тұратын күнбе-күнгі басылым
беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп тұрады. Солардың арасынан
Е.А.Покровскийдің, А.И.Ивановскийдің, Н.И.Гродековтың, Е.А.Алекторовтың,
Ә.Диваевтың, А.Левшиннің, Н.Пантусовтың, Ф.Лазеровскийдің, П.И.Пашиноның,
Г.С.Загряжскийдің, А.Шиленің, О.Әлжаноывтың т.б. еңбектерін атап өтуге
тиіспіз.
Әр ұлт өкілдерінің кезінде көшпенділер атанған елдің тұрмыс-
тіршілігі, мен ойын-сауықтарына көңіл бөлуі, оны зерттеуі, тегін еместі.
Біздің пікірімізше оның себебі, біріншіден, ойын атаулының ешкімді де, еш
уақытта да жайбарақат қалдыра алмауынан болса, екіншіден, ойынның шекара
дегенді білмей, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен
орайлас келіп, тілі біреу болғандықтан әр халықтың сәбилік кезеңімен
орайлас келіп, рухани жақындастыра түсетіндігінде, үшіншіден, ойын арқылы
халықтар арасында түсіністік орнап, өзгелерді танып білуге деген ынтасын
арттыруында, төртіншіден, ойын-интерноционалдық тәрбиенің жаршысы, халықтың
психологиялық ахуалын білудің, зерттеудің құралы, ұлт ойындарының
этнографиялық материал ретінде пайдаланатынынан да болса керек.
Олай дейтініміз халықтың ұлт ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар
мен оның жеке нұсқаларын жинаушылар, көшпелі халықтан өздерінің мынадай
өрелі өнерді күтпегендерін сөз етеді. Неміс ғалымы А.Гумбольдтың достарына
жазған бір хатындағы пікіріне көңіл аударып көрейік: Мен қазақ ауылында
болған кезім өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі,
көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын-сауықтары естен
шығатын емес... мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде үлкен тарихтан
осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында
болғандықтан да солай болуы керек, - деп ағынан жарылған.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының
өкілі А.Янушкевич қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып,
олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айта келіп былай
деді: Кешкісін біздің үйде бір қазақ болды. Ол әр түрлі аңдар мен
құстардың, әсіресе түйенің, құланның, бүркіттің дауысын айныптай салады.
Бұны одан артық айнытпай салу ешкімнің де қолынан келмес еді.
Халық жасаған рухани мұралар сан алуан. Солардың ішінде тіл дамыту,
ой-өрісін кеңейту, ойлау мүмкіншілігін байыту тілегінен туындайтын
жаңылтпаш, балалар ертегілері, балалар ойыны, ойын-сауық жоралғыларын
туғызады. Осылардың бәрі, сайып келгенде, тәрбие мүмкіншілігін арттырып,
оның ауқымын кеңейте түседі.
Осыдан болар, кезінде М.О.Әуезовтың қазақтың ұлттық ойындары туралы
айтқан мына сөздер ойға орала береді: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ
жылдарында өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің
түсінуім ше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана
емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған. М.Әуезовтың бұл
пікірімен толық келісе отырып, қазақ өмірінің өткеніне көз жіберсек, әрбір
күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған
аңшылықтан соң, немесе ел шетін басып кірген жаудан кек алып, жеңіске
жеткенде, ас бергенде, халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізген.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі іс-әрекеті –
ойын. Оқытып-үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-
әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын
дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және
дағдылар жайлы түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту,
қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның
міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай,
іріктелініп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибелерінде
пайдаланылып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың бәрі
дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының
өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың (негізінен 7 жасарлар) жас және
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан белгілі ойын
түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген
дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін және пайдалану
әдістерін әртүрлі дидактикалық тұрғыда жүзеге асырамыз.
Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және
шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды
қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-
келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ
ойын процесі мен оқу процесі бір-біріне етене ұластырып, ұйымдастырған жөн.
Бала ойын іс-әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу
процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда
ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік
және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған дидактикалық
ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Ойынды ұйымдастырудың өзі қандай да бір дидактикалық мақсат пен
міндетке бағындырылуы керек.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны
мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға оны қолданудың теориясы мен
практикасының мұғалімнің жетіп игеруіне, шеберлік танытуына ойынға қажетті
материалдың жиыниығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды
белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықтанған ойынды алып, тек қана орындай алатын іс-
әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың
сипаты мен жолдары да жан-жақты ойластырылуы керек. Мәселен, ойынды жарыс
түрінде өткізу, аралық және ауытқу нәтижелерін көрсету үшін сигналды
карточкаларды, т.б. әртүрлі шартты белгілерді; кеспе цифрлар мен
таңбаларды, жұлдызшаларды және т.б. пайдалану. Сонымен бірге, ойын
түріндегі көрнекі құралдарды да сабақтың қай кезінде өткізілуіне орай
өзгертіп тұру керектігін ескерткен жөн.
Мысалы, жаңа материалды баяндау кезінде ұйымдастырылатын ойындарды
оқушылар нақты заттар мен заттар тобын немесе олардың суретін пайдаланып,
практикалық тұрғыдан жұмыс істеу керек болса, ал өткенді тиянақтау кезінде
ұйымдастырылатын ойындарда көрнекіліктің шектеулі болуы мүмкін, ендеше
есептеу тәсілдерін дауыстап айтуға немесе оны іштен қайталап отыруға баса
көңіл бөлінеді.
Дидактикалық ойындар жайында жоғарыда келтірілген пікірлер, ұсыныстар
мен нұсқаулар бастауыш сыныпта пәндерді оқыту әдістерін жетілдірудің
негізгі бағыттарының бірі дидактикалық ойындардың сабақ процесінде тиімді
пайдалану үшін негізгі қорытындылармен мұғалімдердің танысуына және сол
бағытта олардың шығармашылық ізденісіне бағыт-бағдар сілтеуге, жалпы
алғанда, пәндерді оқытудың әдістеріне ерекше мән берудің қажеттілігін
сезінуге мүмкіндік береді. әрине оны қолданудың нәтижелі болуы, мұғалімнің
ойының мазмұнын анықтауға қажетті түрлері тақырыптар бойынша оларды
пайдалану әдістемесімен келтірілген. Алайда олардың кейбіреулерін мектепте
қажетті материалдардың тапшылығынан өткізу мүмкін болмаса, мұғалімдердің
тәжірибесінде жинақталған немесе басқа әдістемелік әдебиеттерде келтірілген
және ұстаздардың шығармашылық ізденістерінің жемісі болып табылатын
басқадай практикалық ойындармен алмастыруға болады. Беріліп отырған
ойындардың міндеттілік сипаты жоқ. Олардың мазмұны мен түрлерін және ең
тиімділігін ұстаздардың өздерінің таңдап алуына толық еркіндік беріледі.
Тұжырымдай келе, бастауыш сыныпта оқытуда ойын технологиясын пайдалану
өте ерте кезден басталғанын байқаймыз. Бірақ біздің ендігі мақсатымыз, ол
ойын техологияларын жаңаша өмірге лайық етіп, өзгертіп, әр сабақта
пайдаланудың тиімділігін анықтау.
1.1.1. Алты жастағылар ойыны
Алты жасар бала ойынға психологиялық дайындықпен кіріседі. Ол қайсыбір
ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті ойластырып,
ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері белгілеген ереже
бойынша әрекет етеді. Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын
туғызады, ол баланың сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді.
Ойын үстінде бала өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне
бөленеді, жеке адам ретінде қалыптасады.
Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық
процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай
талаптардың қамтылуын көздейді: бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып
отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс, ол қайсыбір кішкене тастың (ағаш
жаңқасы, титімдей қағаз, т.б.) нені білдіретінін есте сақтауы тиіс, ол аяқ
астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез
байыптауы тиіс; ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете
отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның
ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп,
ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің
ырықтылығы қалыптасады.
Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге
жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы
мақсатты (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) шұғыл және оңай жүзеге
асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын
көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын
жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса оны
құрдастары ойыннан шеттетеді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі,
олардың эмоциялық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін
қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді. Мақсаткерлік, ерік күшін бағындыра білу
– жеке басты дамытуға қажетті қасиет. Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп
уақытқа созылатын, баланы қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, бұғалық
тастау, допты секіру сиқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін
береді. Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар
арқылы іс-әрекетті игеру міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала қаншама күш-
жігер жұмсайды десеңізші!
Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі
ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып,
оны дәл сол жерде дұрыс шеше білу тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың
орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс. Орын басатын зат ойлау үшін
тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды
үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі
жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтатады да, заттар туралы
ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп,
ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.
Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара-
қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі
басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез-құлқын
болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік
береді. Бұл арада әңгіме рефлексиялық ойлау жөнінде болып отыр.
Рефлексия – бұл адамның өзінің жеке іс-әрекеттерін, қылықтарын,
мотивтерін талдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, сондай-ақ
басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру
қабілеті. Мұны адамдардың әдеттегі тілімен айтсақ, былайша тұжырымдауға
болады: Мен жайында сенің не ойлайтыныңды білемін немесе Сен жайында
менің не ойлайтынымды сен білесің. Бұл тұжырымдарда қалжың емес, басқа
адамның бойындағы мотивтерін, сезімін, жай-күйі мен ниетін ұғуға деген және
осыларды өз мінез-құлқында қатеріне алуға деген адам қабілетінің шынай
сипаттамасы бар. Рефлексия адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал
жасайды.
Рефлексияның дамуында ойынның ықпалы күшті, өйткені ойында адамдармен
араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуын бақылауға нақты
мүмкіндік жасалады. Айталық, ауру бала рөлінде ойнай отырып, балдырған ауру
кездегідей жылайды, азап шегеді, артынша бұл рөлді ойнаушы ретінде
өзіне-өзі риза болады. Рөлді ойнау кезіндегі екі жақты позиция – орындаушы
мен бақылаушы - өз мінез құлқын өзіне әрекеттес басқа біреудің жеке
тәжірибесімен, әлдекімнің бейнесімен салыстыру қабілетін дамытады. Рөлдік
ойында адамға тән шынайы қабілет ретінде рефлексияны дамытудың, өзіндік іс-
әрекетті, қажеттерімен салыстырудың орасан зор мүмкіндіктері бар.
Рефлексияға қабілеттілікте басқа адамда түсіну, сезіну мүмкіндігінің сыры
жатыр.
Бала ойын үстінде бір затты екінші бір затпен жиі алмастырады. Орын
басушы зат жоқ заттың белгісі ретінде көрінеді. Сонымен бірге, бала өзіне
әр түрлі роль жүктеуді үйренеді. Заттардың орнын алмастыру мен өзіне әр
алуан ролдерді жүктеу қабілеті қиялы дамудың негізін қалайды. Мектеп жасына
дейінгі сәби шағында ойынды орын алмастырудан және орындайтын ролден бастай
отырып, 5-6 жасар бала енді іс-әрекетті нақты жоспар арқылы емес, қиялдағы
жоспар арқылы жүзеге асыруға кіріседі. Бес-алты жастағылар өз қиялында әр
алуан жағдайларды туындатады. Ойын бұл жағдайда ішкі планда өтеді. Бала
көңілін алаңдататын құрбыларынын оқшауланады, оңаша бір жерге тығылып
алып, ниеті ауған, жүрегі қалаған жаққа қиял құсы жетегінде кете барады.
Қиялдау қабілетін дамыту баланың пайымдауына жатпайтын нәрселерді,
басқалардың не жөнінде айтқаны туралы көз алдына жақсы елестетуіне
мүмкіндік береді. Қиялдау балаға естігенін ұғынуға және оны көз алдына
елестетуге көмектеседі.
1.1.2. Халық ойындарының педагогикалық негіздері.
Ұлттық ойындар - халық педагогикасының құрамдас бөлігі. Ұлттық
ойындар пайдалану арқылы оқушыларды тәрбиелеу процесін жетілдіру және оның
ғылыми-педагогикалық негіздері туралы айту үшін, ұлт ойындарына қатысты
мәселені анықтап алуды жөн деп білеміз.
Ұлттық ойындар – халық педагогикасының ажырамас бір саласы. Сондықтан
ол халық педагогикасын толықтырып, мазмұн жағынан бірін-бірі байытып
отырып, қос өзеннің бір жерге келіп тоғысқан екі арнасы іспеттес. Ұлт
ойындары халық педагогикасының аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп
отыратын өмірге үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жалғасып, жаңара
беретін құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан оның атқарар қызметі де
кең өрісті, ауқымды. Ол – салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі
мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән нәрсенің бәрін қадір тұтатын, дара
тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы.
Ұлт ойындары ұжымдық ой – қиялдан бас құрап, жеке адамдардың
игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын, тұтас ұлтқа тән атадан
балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына. Олай дейтініміз, ұлт
ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысындағы ұзақ жолда пайда болып, оның
сан мыңдаған ұрпағының рухани азығына айналған, қиялын қозғап, ұлттық
болмысы мен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізген дәстүрлі
құбылыс.
Осы тұрғыдан қарағанда, ұлт ойындары сол ұлттың ғасырлар бойы жасаған
мұраларының заңды бір саласы, халқының игілігіне қызмет ететін, оның жас
ұрпағын жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншілігі зор
тәрбие құралы.
Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамды бір бөлігі бола тұрып,
өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл-ойының толысып, қалыптасуына,
олардың өмірге құштарлығының артуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып
жетіле түсуіне әсерін тигізеді. Ұлт ойындарының осындай қасиетін жақсы
танып білген адам баласының алдыңғы қатарлы ақыл-ой, парасат иелері оны
жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, қағаз бетіне түсіріп отырды.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу,
алтын қабақ ату, жамбы ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік
маңызға ие болды. Бұл ойындардың бәрі де ойналатын ойын болғандықтан,
оларға күн ілгері орасан зор әзірлік, мұқият даярлық керек болды. Сол
даярлықтың басы-қасында болған жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт
ағалары, атбегілері мен ауыл ақсақалдары болып, түгел қатысатын. Жоғарыда
аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған
мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатындар қыз
бен жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы
бойынша қатынасуға мүмкіншілік алатын болған. Бұл, бір жағынан, халықтық
тәлім-тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат
пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді үйретеді, үшіншіден, жеңіске
деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің
үмітін ақтауғадеген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде,
ұлт ойындары халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ретіндегі өзінің
маңызды қызметін осы күнге дейін жүйелі атқаруда. Егеменді елге айналған
жалпы халықтық және әлемдік маңызы бар Абай мен Мұхтар Әуезовке арналған
тойларда қазақтың ескі дәстүрі бойынша балалардың ұлт ойындарына белсенді
қатынасуы ескі дәстүрді қайта жаңғыртып, жастарға деген сенімділік пен
талапты арттыра түсті.
Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагогикасына ұласып, қабысып
келетін бір тұсы ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі. Әсіресе, ақындар
айтысында ойын туралы пікірлер, оның адам өмірінен алатын орны туралы
пікірлер көп болса, ақындар айтысының үлгілері мен балалар айтысы халық
арасында көп болған. Бұл – ойын арқылы баланы әлеуметтік өмірге ерте
араластыру, ақыл-ойын шыңдау қамымен үлкендердің үлгі-өнегесін олардың
бойына ерте сіңру ниетінен туған. Мысалы, Айтыс ойыны, Қыз бала мен ұл
баланың айтыс ойыны, Сан айтысы, Бала мен шілдің айтысы т.б. секілді
неше алуан ойын өлеңдері де кездеседі.
Қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлең құрап айтпайтын адамды табу
қиын. Олай дейтініміз, бүгінгі қазақ мектептерінде бастау алған бұл өнер
баланың шығармашылық талабын шыңдап, өнерге деген құштарлығы мен
бейімділігін ерте оятып, талантын елге танытады. Егемендігін алғаннан кейін
мектептердегі тәрбиенің жаңа бет бұрсысы елімізде жиі өте бастаған ақындар
айтысында кейінгі жылдарда мектеп бітірген жас талап ақындардың жүлделі
орындарды жеңіп алуынан айқын көрінеді.
Алайда біз халықтың ділі (менталитеті) туралы сөз еткенде мұны көп
ретте еске ала бермейміз. Бұл халқымызды өзге жүрттардан ерекше көрсететін
дәлелді мәселе екенін білдіреді. Олай болса, тарих қойнауынан бастау алып,
бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тәрбиесінде әлі де өзіндік орыны бар тәрбие
құралы екенін айқындай түседі.
Ойнап өспеген бала ойлап өспейді, - деп ой түйген Мұзафар Әлімбаев
бала тәрбиесінде ойындардың, әсіресе, ұлттық ойынымыздың маңызы зор
екендігін терең білген. Ол сандаған ғасырлар бойы өзіндік үрдіс дәстүрін
жоймай, сақталып келе жатқан қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы –
балалардың ойын фольклорын әрі қарай дамытуға үлес қосты. Оған
М.Әлімбаевтың творчествосынан орын алған Санамақ, Ақ серек те, көк
серек сияқты т.б. ойын жырлары дәлел бола алады.
Халық ойындары тәрбие құралы ретінде туған. Тәрбие – сан-салалы.
Демек, ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқаратын қызметіне
қарайойын жұмбақ, жаңылтпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым, ою-өрнекқозғалыс,
жаттығу және дидактикалық болып бөліне береді. Бұлардың әрқайсысы да
жіктеледі. Мысалы, тарихи қалыптасқан жұмбақтар қоғамының талаптарына сай
мағынасы кеңейіп, ребус, шарада, анаграмма, чайнворд, крассворд, метаграмма
т.б. болып өзгеріске енді.
Дүниежүзілік мәдениеттен сырт қалып, томаға-тұйыққа қалмау үшін
оларды да орнымен, құрылымын пайдаланып, салт-дәстүрлік мағына беріп, оқыту
процесіне пайдалану діт дегеніңе дәл тиіп, көмегін беретіндігіне күмән жоқ.
Білім мен тәрбие – егіз. Қазақ халқы баланы тәрбиелей отырып, танымын
кеңейткен. Білім бере отырып, тәрбиелеген. Сондықтан болар ғұлама ұстаз Әл-
Фараби білім мен тәрбиені қатар ұстап, тәлім сөзін пайдаланған. Мұның да
жанды себебі бар. Халық математикасы практикалық қажеттіктен туған. Осыдан
да қазақ халқының ауыздан –ауызға тараған есептері оның тыныс тіршілігін,
табиғатпен, қоғаммен қарым-қатынасын, ойлай жүйесін білдіреді.
Оқушының бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын,
елестетуін, зейінін, ...) өрбітетін ойын, Абай сөзімен айтсақ,
дүниеніңкөрінетін һәм көрінбейтін сырын түгедеу арқылы жүргізілуі тиіс.
Басқаша айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция,
талдау мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе арқылы
жүргізілуі тиіс. Оқушыларды ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы
таным әдістеріне баулуымыз керек. Сонда ғана тәлім - әрі сәнді, әрі мәнді
болады.
Балаға әрбір ойынның алдына қоятын мақсаттары айтыла отырып, ойын
ережесі түсіндіріледі. Сондай-ақ, пайдаланылатын құрал-жабдықтары айтылады.
Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен ойлана береді. Олай болса,
оның дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім
даярлай алады.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу
болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген
сұрақтың жауабы болуы мүмкін.
Адамның ой-өрісінің өзгеруіне сай, ұғым мазмұны да бірте-бірте
ашылады. Демек, бұрын қарастырылған мәселе-ойындар, есептер қайта қаралып,
толықтырылып отырылса ғана өз деңгейіне жетеді. Мұны біз ұлы Абайдың қара
сөздерінен үйренуіміз керек. Ғылыми көзқарас та осы.
2.1. Бастауыш сыныпта ойын технологиясының тиімділігі.
Оқытуды технологияландыру және орта мектеп оқушыларының даму
мониторингі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта
білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары
жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, академик
В.М.Монаховтың оқыту технологиясы; Дьяченконың жұмыстарында айтылатын
оқытудың ұжымдық тәсілі.
Профессор Ж.А.Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген мектептерінде
қолданылып жүрген:
- оқытудың дербестендіру мен деңгейлік дифференциялау;
- Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне
негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет
зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың
педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың
жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізілген болсақ, онда:
- Білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,
- Оқытудың сапасын арттыруға,
- Басқару тиімділігін жетілдіруге,
- Оқушылардың дамуына бақылау жасауға,
- Оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық тезнология – компьютерлік техниканың тиімді
пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде
жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік-сынақ жұмыстарымыздың міндеті – дәл
осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу
болып табылады.
Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын,
белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты –
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру әдістемелік жүйенің басты
компоненті – оқыту мақсаты болып қалады.
Бірақ, ол мақсат - өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны
қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір
дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйенің
қалған бөліктерінің олардың өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін
талап етеді.
Осы талаптарды орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп
санаймыз:
1. Жаңаша өзгерген мақсат – оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-
әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің –
мұғалімдердің күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Демек, біздң жағдайымыздағы оқыту
әдістемесі - деп отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз
байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында
оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса
назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып,
өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Оқытудың фронталды түрі,
көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
3. жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет
деп отырмыз ғой. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да
өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары
оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай
құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол
оқулықтардың, біздің ойымызша, қандай болу керек екендігі төменде
айтылады. Осы жерде компьтерлік техникааның да функциональдық
мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі
компьтерлік техника – оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын
жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz