Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Мазмұны:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I тарау.
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау
1.1. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2. Үлгермеушіліктің себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.3. Үлгермейтін оқушылардың типтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
II тарау.
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары
2.1. Үлгермеушілікті болдырмау жолдарының теориясы
... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Үлгермеушілікті болдырмау жолдарының методикасы
(жасалынған жұмыс түрлері, зерттеу әдістері)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Зерттеу тәжірибелік жұмысының нәтижесі ... ... ... ... ... ... . 23
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Зерттеу пәні. Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептерін
болдырмау.
Үлгермеуші балалардың педагогикалық-психологиялық аспектілері –
оқушының өзін-өзі бағалауының төмен болуы, ақыл-ойының артта қалуы,
зейінінің нашар дамуы, көру, есту, т.б. қабылдау қабілеттерінің дұрыс
жетілмеуі, сабаққа ынтасының аз болуы мен сабаққа ден қоймауы. Осыған орай
ең алдымен оқушылардың үлгермеу себептерін анықтап алған жөн. Осыдан кейін
ғана оның шешілу жолдарын, зерттеу әдістерін анықтауға болады. Және оқушыға
белгілі бір көмек түрін де ұсынуға болады. Егер себебі айқын болған болса,
онда үлгермеушілікті түзету жолы да анықталады.
Себептері зерттеу әдістері арқылы айқындалғаннан кейін, түзетуге
байланысты жұмыс түрлері қарастырылып, жүргізіледі. Үлгермеушілікті
болдырмау жолдарының бірі және ең маңыздысы – профилактика, яғни алдын алу.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас баланың көңіліне сабақ оқу міндетін
қадап тұрып жеткізу керек. Өз бетінше жауапкершілікке тәрбиеленуіне жол ашу
– мұғалімнің басты міндеті. Оқудың керектігін түсінген немесе сезінген бала
алдағы уақытта сабаққа селқостық танытпайды. Және әр өткізілген пән
оқушының жас және жеке бас ерекшелігін ескеріп жоспарланған болуы, оқушыға
қызықты әрі танымды болуы шарт.
Зерттеудің мақсаты. Үлгермеушілік дегеніміз – оқушылардың білім
мазмұнын игеру деңгейінің оқу бағдарламасында көзделген деңгеймен
салыстырғанда неғұрлым төмен болуы. Стандартқа сай берілген білімді толық
қабылдамауы. Осы біз сөз қылып отырған үлгермеушілік қайдан пайда болады?
Оның түрткісі не?
Себебін анықтау – басты мақсат. Өйткені анықталмаған себеппен жұмыс
жүргізу мүмкін емес. Оқушылардың ойлау қызметінің ерекшеліктерін анықтау.
Ал негізгі мақсаты – проблемалық-тапсырмаларды орындау процесінде шешу
амалдарын іздеуге байланысты ойлаудың ерекшеліктерін анықтау көзделді.
Сонымен, зерттеудің мақсаты зерттеу объектісінің пайда болу себебі
(осы жағдайда), мотиві, одан шығатын салдарын талдау, қарастыру. Жұмыс
жасап, жақсы нәтиже көрсету үшін осылар қажет.
Зерттеу нысаны. Бұл пәннің зерттеу нысанына үлгермеушілік пен
үлгермейтін оқушылар жатады. Екеуін бөліп жармай бірге қарастырған дұрыс
болар еді. Үлгермеушілік–оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі
елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс.
Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың
қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.
Зерттеу әдістері. Себептерді айқындау жолында зерттеу әдістері
қолданылады. Зерттеу әдістерінің өзі екі топқа бөлінеді: теориялық және
практикалық. Теориялық зерттеу әдістеріне сұрау, әңгімелесу, анкета-
сауалнама, интервью, тест, бақылау, анализдеу т.б. жататын болса,
практикалық зерттеу әдістеріне сандық-статистикалық, шкалалық,
социометриялық әдістер жатады.
Сырттай бақылау әдісі де практикамызда жиі қолданылған әдістердің
бірі. Бірақ оның өзіне тән кемшіліктері де бар. Мысалы,
• Сырттай бақылауға ұзақ уақыт жұмсалатыны;
• Сирек жағдайда шыққан нәтиженің көңілге қонымды болмауы;
• Нақты білгің келген жақтар кейде ашық көрсетілмейді, т.б.
Осымен салыстырғанда эксперименттік зерттеу әдісінің біршама тиімді
жақтарын көреміз. Мысалы,
• Аз уақыт ішінде қалаған нәтижеге қол жеткізуге болады;
• Әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып нәтижеге қол жеткізу және
жаңалықтар ашу мүмкіндігі;
• Нақты білгің келген жайттарды толық зерттей алу, т.б.
Дәл осылайша, мысалға келтіріп отырған екі әдіс-тәсілдің де бір-
бірінен өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мұнымен айтқым келгені,
бақылау әдісінің де эксперименттік әдіске қарағанда өз артықшылықтары бар
екенін айта кету еді.
Зерттеу әдістерінің түрлері өте көп және әрқайсысы өзінше тиімді.
Зерттеудің жолдары. Мақсаты мен міндеттерін айқындаудан басталады.
Одан кейін зерттеу әдістері таңдалынып алынады. Зерттеу жолдарына
диагностикалау, сауалнама, тест, тренингтер арқылы жинақталған деректерді
өңдеу, оларды сараптау мен саралау, диаграмма құру, сондай-ақ зерттеу
кезеңдерінде маниторинг, рейтинг жүргізу, т.б. жатады.
Зерттеу нәтижесі. Зерттеу жұмысының нәтижесінде байқағанымыз,
үлгермеуші оқушыларды мектеп жасына дейінгі кезеңде дамыту процесі дұрыс
іске аспаған немесе еш нәтижесіз қалған. Зерттеу кезінде алынған
ақпараттарға қарағанда осы оқушыларда логикалары, көріп есте сақтаудан гөрі
естіп есте сақтаулары баяу дамып келе жатқаны байқалды. Оқушылардың
үлгермеушіліктерінің басты себебі - өз-өздеріне деген сенімсіздіктері. Оған
үй жағдайындағы ата-анадан қысымшылық көру, сыныпта балаладың алдында
өздерін кем санау сияқты ішкі психологиялық қайшылықтар жатады. Бір
мектептен екінші мектепке ауысу да балаға кері әсерін тигізеді. Сонымен
қатар, мұғалім тұрақсыздығы, яғни бірнеше мұғалімнің ауысуы, олардың
сабақты ұйымдастыру формаларының әр түрлілігі балаға психологиялық тұрғыдан
кері әсерін тигізеді. Жаңа келген мұғалімге енді үйреніп келе жатқанда
басқа бір мұғалімнің ауысуы, т.б. факторлар оқушыларда үлгермеушілікті
болдырып жатады.
Зерттеу қорытындысы. Зерттеу кезінде шыққан себептерге орай әр түрлі
жұмыстар жасалынды. Мысалы, сынып жеткші ретінде моральді көмек көрсетілді,
пән мұғалімі ретінде сабаққа байланысты жұмыстар жүргізілді. Осы ретте
мектеп психологының да жасаған жұмысы аз болған жоқ. Әр түрлі тренингтер,
ойындар жүргізу арқылы балалардың психикасына оң ықпал етті. Үй жағдайында
ата-аналармен де тығыз байланыс жасап отырдық. Үй тапсырмасын жасаудағы
қатаң баылауды ата-аналар өз қолдарына алды. Сонымен қатар, репетитор мен
мұғалімнің қосымша сабақтары да жүргізілді.
Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде үлгермейтін оқушылардың екеуі
екпінділер қатарына қосылып, тағы бірнешеуінде алға қарай басушылық
байқалды.

1. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық мәні
Үлгермеушілік дегеніміз–баланың беріліп отырған материалды
қанағаттанарлықсыз меңгеруі, білім стандартына сай берілген білімді толық
түрде алмауы.
Үлгермейтін балаларда әр түрлі және көптеген себептер кездесіп жатады.
Солардың бірі – 1-сыныптағы бейімделе алмау қиыншылықтары.Жиі кездесетін
бейімделу кезіндегі қиындықтардың пайда болу себебіне әлеуметтік-
педагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен кетушіліктің
дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға
байланысты. Ата- аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте
баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім
қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды
орындай алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі
жағдайларға бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме-дәл анықтама беру
сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды. Мұндай балалардың
жетіспеушілігі – вербалды сферасының қалыптаспағандығы болып тұр. Сонымен
бірге олар талаптанғыш, адал, мектеп ережелерін жақсы орындайды,
эмоционалды бір қалыпты. Осы оқушылардың тәрбиесіндегі басты қателік:
мектепке дейінгі жаста интеллектуалды дамуы үшін стимулдары жеткіліксіз
болған. Олардың өмірлерін ұйымдастырғанда бәрінен бұрын практикалық іс-
әрекет (мысалы, үй жұмысын орындаудағы көмек) жағымды бағаланды. Ата-
аналардың берген жоғары бағасы өзіне сенімділігін, ұқыптылықты, адалдықты
қалыптастырып, бірақ ең маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып
қояды.
Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық
дамудың кешеуілдеуінен мұндай балалар мектепке үлгермейтін топтағы
оқушыларға шарасыз енеді. Оқу материалын меңгерудегі пайда болған
қиындықтар олардың толығымен бейімделу жолдарына кедергі жасайды. Мұндай
балалар мектепке келгенде оқу сабақтарына үлкен қызығушылықпен қарап,
мұғалімді көңіл қойып тыңдайды, қажетті білімді меңгеруге тырысады, яғни,
мектептік мотивацияның жоғарылығымен көрінетіндігін атап өтуге болады.
Мұғалімдердің мейірімді және сезімді қарыс-қатынасы оларды пайда болған
қиындықтарды жеңуге көмектесіп, біртіндеп мектепке бейімделе бастайды,
бірақ та басқа бірінші сыныптастарына қарағанда, бейімделуі ұзақ мерзімде
жүреді.
Мәліметтер бойынша бұл топтағылар бейімделуі кешеуілдегендерге (2 топ)
кіреді.
Кейбір жағдайларда ата-аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз
қалуы, отбасы ішіндегі дау-дамайлар, алкоголизм сияқты жағымсыз әлеуметтік
факторлар жатады.
Мұндай отбасындағы балаларға мінез-құлықтың қарапайым дағдылары
сіңбеген, оларда танымдық мотивтері қалыптаспаған және өз жұмысын дербес
ұйымдастыру дағдысы жоқ, интеллектуалды кешеуілдікке тұлға дамуының
дисгормониялығы қосылады. Осындай отбасынан шыққан қыздарда тұлға типінің
инфантильдігі бар болатындығын айтып өту қызық, олар өздеріне сенімсіз,
өзінің міндеттерін түсінудің болмауына байланысты сәтсіздіктерге
қобалжымайды және мектептік мотивацияның төмендігімен сипатталады. Оларға
мына сұрақтарға жауап беру қиын: Сен сыныпта кіммен достасасың?,
Үлкейгенде кім болғың келеді? және т.б. Мектептік тақырыптағы суреттерде
оларда ойындық сюжеттер басым. Мәлметтер бойынша, бұл қыздарда 1-ші сыныпта
бейімделу процесі болмайды. Сондай балалардың суреттері орындаудың
ұқыпсыздығымен ерекшеленіп, ұсынылған тақырыптан басқа олар өздерін көбірек
қызықтыратын заттарды (мысалы, машина, ұшақ т.б.) салады. Олардың вребальды
сферасының жетіспеушілігіне тежелу типі бойынша интеллектуалды әрекеттің
динамикасының бұзылулары қосылады. Бірінші оқу жылының барысында олар
мектептік ережелер мен талаптарды меңгере алмайды. Зерттеулер мәлметтері
бойынша мұндай балалар бейімделмеген оқушылар тобына жатады. (3-топқа).
Баланың мектепке бейімделу қиындықтарының пайда болуына әкелетін
факторлар, яғни, жағымсыз тұлғалық сапаның қалыптасуы бәрінен бұрын
тәрбиелеу амалының дұрыс еместігінен көрінеді. Мұндай балалардың ата-
аналарының білім деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл
бөліп,баланың танымдық сферасын дамытумен шұғылдануы мүмкін. Бірақ та
оларда балаға жағымсыз әсер ететін ата-аналарының арасындағы дау- дамайлы
қарым-қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі, қорқынышты жағдайда болуы
тұлғаның эмоционалды, бір қалыпты емес типінің қалыптасуына әкеліп соғады:
оларға алаңдаушылық, шиеленіс, әлеуметтік жасқаншақтық, өзіне де
сенімсіздік сияқты сапалар тән.
Оларда жоғары қызығушылық бар. Бірақ кейбір оқу тапсырмаларын
орындағанда орынсыз асығыстық көрсетіп, көп қателер жіберіп, өз-өзін нашар
бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер мектеп тапсырмаларын орындағанда тікелей
әсер етіп, орынсыз асығыстық жауап беруіне әкеліп соғады. Алдыңғы атап
өткен тұлғалық сапалар сыныптағы ұжымға кіруге кедергі жасайды. Бұл балалар
бейімделуі кешеуілдеген топтың мүшелері (екінші топтағылар).
Кейбір жағдайда жағымсыз тәрбиелеу әсері ата-аналар жағынан гиперопека
түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда балаларда тұлғаның инфантильді бітістері
қалыптасады немесе өзін-өзі жоғары бағалау және доминантты болуға
бейімділік пайда болады. Инфантильді балалар жасқаншақтығымен, тұйықтықпен
ерекшеленіп, сыныпта “изоляцияланған” топтағыларға жатады. Социометриялық
мәліметтер бойынша, сыныптастары оларды таңдамайды және олар өздері де
қарым-қатынас жасауға ұмтылмайды.
Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар жаңа ұжымға келгенде
айналасындағылар жағынан ерекше көңіл бөлуді талап етеді, көш бастаушылық
позицияны алуға ұмтылады, сондықтан да құрдастарымен әрдайым дауласып,
келіспей қалады. Басқа оқушыларда көбіне оларды қабылдамайды және өзінің
жағдайына қанағаттанбаушылық оларда жағымсыз эмоцияларды, сыныптастарына
деген қарым-қатынастың агрессивтілігінің пайда болуына әкеледі. Бұл
оқушылар әеуметтік жоспарда ұзақ уақыт бейімделе алмай, ұжыммен қарым-
қатынас бекітуде қиындықтар сезінеді.
Бала өзара белсенді әрекет ететін әлеуметтік ортаның психологиялық
дамуының көзі болып қызмет ететіндігі белгілі. Индивидуалды-типологиялық
ерекшеліктері, морфо-функционалдық пісіп-жетілуінің сипаттамасы,
генетикалық нышандар – мұның бәрі оның дамуының жағдайлары болып табылады.
Кейбір балаларда биологиялық алғышарттары жалғыз болуы мүмкін. Бала
ағзасының жалпы әлсіреуі, дүниеге келген кезде жарақат алуы, балалық
шақтағы аурулар және басқа да жағымсыз биологиялық факторлар интеллектуалды
дамудың кешеуілдеуіне әкеліп, оның бейімделуіне әсер етеді. Жүргізілген
зерттеулердің нәтижелерінде 75 % оқушылар соматикалық әлсіреген және
астеникалық симптоматикасы бар, интеллектуалды әрекеттің темпі баяулағаны
белгілі болды. Орталық жүйке (нерв) жүйесінің микроорганикалық зақымдалуы
симптомы бар балалар немесе мектепке дейінгі жаста миы шайқалған балаларда
69% қысқа мерзімді естің бұзылуы, кеңістік операциялардың бұзылуы, жоғары
зейін алаңдауы, моториканың жетіспеушілігі болып табылады. Мұндай
балалардың ата-аналары бұған көп мән бермегендіктен, дәрігерге
қаратпағандықтан, баламен арнай түзету сабақтарын өткізбегендіктен, режимге
қажетті көңіл бөлмегендіктен, баланың еңбек пен демалысын дұрыс
ұйымдастырмағандықтан балалар оқу мен мектепке бейімделуде маңызды
қиындықтарға кезікті. Бұлардың көпшілігінде аурулары жиілеп, невротикалық
арыздары пайда болып, шаруашылық басыңқы болып, мінез-құлқында ауытқулар
пайда болды.
Оқушылардың біраз пайызы мектепке икемделу процесінде қиындықтар
сезінетіндігінен міндетті түрде олардың алдын алу шараларын өткізу қажет:
психикалық дамуының кешеуілдеуі бар балаларда өз уақытында анықтау қажет,
әсіресе, балалық шақтағы олардың денсаулығын нығайту шараларын жүзеге асыру
керек. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасына көбірек көңіл бөлген жөн.
1.2. Үлгермеушіліктің себептері.
Бала мектеп өмірін 1-сыныптан бастайды. 1-сынып оқушыларына мектепке
бейімделу кезеңі үлкен қиындықтар туғызады. Әдетте ол 4-7 аптадай уақытқа
созылады. Бейімделу кезеңінде кейбір балалар шулайды, айғайлайды, коридор
бойымен жүгіріп жүреді, сабақта алаңдап ойлары бөліне береді, мұғаліммен
дөрекі, әдепсіз болуы да мүмкін, ал енді кейбіреулері керісінше ұялшақ,
жасқаншақ болып, көзге түспеуге тырысады. Егер оларға бір ескерту жасаса,
бірден жылайды, тіпті ұйқылары, тәбеттері бұзылады, қыңыр мінез пайда
болады, ауыра бастайды. Функционалдық деп аталатын бұл ауытқулар бала
организмінің кенеттен өзгерген кезеңіне байланысты және оның психикасына
үлкен әсер етеді. Әсіресе, бұрын балалар бақшасына бармаған, қарым-
қатынасқа көп түспеген балалардың мектеп өміріне бейімделуі қиынға соғады.
Мұндай жағдайларда мектеп психологі мұғалімдер мен ата-аналарға баланың
мектепке тез үйренуіне көмектесетін тәрбие жұмыстарының әдіс-тәсілдеріне
бағытталған кеңестер береді.
Мектеп өміріндегі кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның
үлгеріміне әсер етіп, жүйке-психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі
Мектеп психологінің бастауыш сыныптар мен жұмысындағы маңызды орын,
көбінесе мектеп бағдарламасын меңгере алмайтын, үлгерімі нашар балаларға
бөлінеді. Үлгермеушілік себептері әр түрлі болып келеді.
1. Ақыл-есі кем, психологиялық дамуы тежелген балалар кез келген
сыныпта кездеседі, оларға ыңғайлы бап табу үшін психолог психоневрологпен
немесе дефектологпен кеңесіп алуы керек.
2. Дефектологиялық және патопсихологиялық кемістігі бар балалар;
3. Балалардың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы сөйлеудің, санаудың,
маториканың, ақыл-ойдың бұзылуына әкеліп соғады.
4. Ақыл-ой енжарлығына ұшыраған балалар да психолгтың зейін бөлуін
қажет етеді.
5. Денсаулығы нашар балалар тез шаршайды, ұйқылары бұзылады, ызақор
болады, осының бәрінің оқу үрдісіне кері әсерін тигізеді.
Оқудағы қиындық төменгі сынып оқушыларына еркіндік дамуының
жетіспеушілігінен, оқу іс-әректтің қажетті элементтерінің
қалыптаспағандығынан, сонымен қатар ес, зейін деңгейінің төмендігінен,
кейбір жеке ауытқушылықтардан пайда болуы мүмкін.
Мектеп психологі мұндай қиыншылықтарды жеңе білу барысында
психологиялық шаралардың арнайы жүйесін құрастырып, оларды қолдануда және
іске асыруда басшылық жасауы тиіс.
Зерттеулер мектептегі үлгермеушілік себептерінің үш тобын анықтады:
Әлеуметтік-экономикалық - отбасының материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-аналардың
педагогикалық жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі. Балаларға жалпы қоғамның
жағдайы, бірақ көбінесе отбасы жағдайы үлкен әсер етеді.
Биопсихологиялық – бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер, мінез-
құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие және отбасы
жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары жақсы болып туған
сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері бірдей.
Педагогикалық – мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде педагогикалық
орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалімнің кәсіби
әрекеті, баланың дамуында жетекші фактор.
Әлеуметтік-экономикалық себеп толық және толық емес отбасыларда бірдей
кездесе береді. Ондай себепке жұмыссыздық, отбасы бюджетіне келген кірістен
гөрі шығыстық көп болуы, т.б. жағдайлар әсер етеді. Мемлекет тарапынан
мұндай отбасыларға көмек түрлері көрсетіледі. Мұндай отбасылар ретінде көп
балалы отбасы, аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы түрлері жатады.
Биопсихологиялық себептерге биологиялық (яғни туа біткен, тұқым
қуалаушылық қасиеттер мен мүмкіндіктер) және психологиялық ( мінез типтері,
темпераменті, сезімі мен эмоциясы, оқушының жеке бас ерекшелігі)
ерекшеліктер жатады.
Ал педагогикалық себептерге мұғалім мен ата-ана жауапты. Мектеп
жұмысының төмендігі, яғни мұғалімнің беріліп отырған материалды толық
меңгертпеуі, ашпауы, кейбір элементтеріне көңіл бөлмеуі, қызықты етіп
өткізбей, бірсарындылығы сияқтылар жатады. Сонымен қатар, үйдегі оқушының
жұмысына ата-анасының салғырт қарауы, материалдық-моральдік жағынан көмек
көрсетпеуі болып табылады.
Оқу процесі барысында да үлгермеушіліктер туындайды. Олардың белгілі
бір себептері бар. Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты
үлгермеушілік себептерін атап өтетін болсақ:
• қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін,
барлығына бірдей білім мазмұны;
• оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-
күйді ескермеу;
• оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді
бақылаудың болмауы.
Үлгермейтiн оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал
Л.С.Славинаның Үлгермейтiн және тәртiпсiз оқушыларға жеке ықпал ету
кiтабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтiн оқушылардың топтары,
үлгермеушiлiктiң негiзгi себебi анықталған.
Л.С.Славина үлермейтiн оқушылардың бес тобын көрсеткен.
1. Оқушыларды оқуға деген ықыласының болмауы;
2. Материалды қиындықпен игеретiн оқушылар;
3. Оқу процесiнiң дағдылары мен түрлерi қалыптаспаған оқушылар;
4. Еңбек ете алмайтын оқушылар;
5. Танымға, оқуға деген ынталары жоқ оқушылар.
Мұндай оқушылардың үлгермеушіліктерін болдырмау үшін себеп түрлеріне
байланысты жұмыс түрлерін анықтау қажет және жекелей отырып (немесе топтық
түрде) нақты түрде жұмыс жасау.
3. Үлгермейтін оқушылардың типтері.
Оқушы үлгермеушiлiгiнiң типiн анықтау тек теориялық жағынан ғана
емес, сонымен қатар практикалық жағынан да алғанда ең маңызды мәселе деп
қарастыру қажет. Сонда ғана үлгермеушiлiктi болдырмау және алдын алуа
болады.
Үлгермейтін оқушылар өзара бірнеше типтерге бөлінетінін педагог
ғалымдар дәлелдеген. Олар зерттеу барысында үлгермеуші оқушыларды әр түрлі
типтерге бөліп қарастырған. Мысалы, П.П.Блонский өзiнiң Қиын оқушылар
атты еңбегiнде үлгермейтiн оқушыардың типтерiн физикалық және психикалық
даму ерекшелiктерiне байланысты бөлiп қарастырған. Блонский оқушылардың
үлгермеушiлiгiнде физикалық әлсiздiктi бiрiншi орынға қойған едi.
Үлгермейтiн оқушыларды типтерге ажыратуда, олардың тұлғалық негiзгi екi
комплексi анықталды:
Бiрiншiсi – ойлау әрекетiнiң ерекшелiктерi
Екiншiсi – оқушының оқуға деген iшкi позициясын көрсететiн тұлғалық
бағдары.
Үлгермейтiн оқушылардың бiрiншi типiне оқу үлгерiмдерi төмен, оқу
материалын игеру олар үшiн қиындықтар туғызатын оқушылар жатады. Олар
бiрден Мен тапсырманы орындай алмаймын немесе Маған қазақ тiлiнде оқу
өте қиын т.б. пiкiрлерiн айтады. Осы позициялар оқушының позициясын
сақтайтын және оқуға деген талабы бағытының қалыптасуына керi әсерiн
тигiзедi.
Оларға таным мүмкiндiктерiнiң болмауы тән. Болашақтағы жоспарларын,
армандарын оқумен байланыстырмайды.
Үлгермейтiн оқушылардың бiрiншi типiнiң құрамы бiр тектi емес, оның
екi тобы бар.
Екеуiне де мына белгiлер тән:
• Оқушылардың оқуға деген сәтсiздiк жағдайлары
• Келешектегі белгiлi бiр қызметке бағытының болмауы
Бiрiншi тобына практикалық қандай да бiр қызметтiң көмегiмен оқу
процесiндегi сәтсәздiктерiне ие болатын оқушылар жатады. Ол қызмет баланың
ойлауында қандайда бiр iз қалдырады. Тапсырманың шарты, шешу жолдарын
анықтауда әлсiз ойлаудың болуы. Осы тенденция арқылы баланың оқу қызметiнде
кейбiр сәттiлiктерге жетуге жол берiледi.
Оқу материалын игеру олар үшiн қиындық туызады. Ол талдау процесiнiң
әлсiз болуы.
Екiншi топ оқушылары оқу процесiндегi барлық қиындықтардан алшақ
болғысы келедi. Олар оқу процесiнде кейбiр сәттiлiктерге жету үшiн оқушының
тәртiп нормаларына жатпайтын iс-әрекетке икемдi болып келедi (көшiрiп алу,
айтылғанды қайта лау т.б.)
Олар тек қана оқу қызметiн ғана емес, басқа да қызметтерден алшақ
болғысы келедi. Келешектегi қандай да iске, қызметке деген бағыт-бағдары
бұл оқушыларда жоқ деуге болады. Сыныптағы кейбiр оқушылар өз күштерiне
сенбей бағаларын төмендетсе, бұл оқушылар өздерiн жоғары бағалауға
тырысады.
Үлгермейтiн оқушылардың екiншi типiндегі оқушылар мектепке жақсы
дайындықпен және жақсы оқимын деген тiлекпен келедi. Бiрақ, оқу
қызметiнде олар тек өздерiне ұнайтынымен ғана айналысқысы келедi, бұл
оқушының дамуына керi әсерiн тигiзедi. Оқу процесiнде өзiн-өзi
ұйымдастыру, бұл оқушыларда мына пән ұнайды ма, әлде басқа пән ұнайды ма
деген пiкiрлерге байланысты болып келедi.
Бұл оқушылардың өз-өзiне баға беруi тұрақты емес. Ол оқушының өмiрлiк
позициясына байланысты.
Бұл типтiң бiрiншi тобындағы оқушылар мектептегi оқу процесiмен
байланысты емес интеллектуалды қызметпен айналысады. Оқу олар үшiн толы
сәтсiздiктер. Кейбiр оқушылар оқу пәндерiнiң кейбiреуiнен жетiстiктерге
жете алады, бiрақ ол оқушының оқуға, мектепке деген терiс қылығын жоя
алмайды.
Екiншi топтағылар тәртiптi бұзады және мектептен тыс орындарда өздерiн
тәртiптi ұстай алмайды.
Үлгермейтін оқушыларды зерттеген соң, мынадай қорытындыға келуге
болады. Бірінші типтегі үлгермейтін оқушылармен жұмыс барысында, білімді
өзгерту көзделуі қажет.
Ал екінші типтегі үлгермейтін оқушылармен жұмыс барысында олардың
тұлғалық қасиеттерін өзгерту мақсатында тәрбиелік жұмыс қажет.
Менің өз сыныбымда үлгермейтін оқушылар санатына жатқызуға болады
дейтін 7 оқушы бар. Олар өзара бір-біріне ұқсамайды. Мысалға Манарбек
Болатты (4 В) алатын болсақ, ол аз қамтылған отбасынан шыққан бала.
Сыныпта өзімен бірге араласатын достары жоқ, сабақты себепсіз жиі босатады.
Тіпті сабаққа келген күннің өзінде үй жұмысын жиі орындамайды, сабақ
үстінде белсенділік танытпайды, балалардан ұялады, ойын ашық айтуға
қысылады, балалар оны кемсітеді деп санайды.
Ал Бақытбек Айгерімді салыстыра қарасақ, оның сабаққа ынтасы жақсы, үй
жұмысын да жақсы орындайды, көмек көрсетсе ғана ойын жинақтап жауап береді.
Өз бетінше жұмыс жасай алмайды. Мәтіннің мазмұнын жаттап айтып береді.
Қосымша сабақтардың біреуінен де қалмай келеді, оқуға барын салады, бірақ
жаңа тақырыптарды 100 % қабылдай алмайды. Умеров Марленді алсақ, оның
қабылдауы жақсы, бірақ сөздік қоры аз, математикадан көмек көрсетілсе,
жұмыс жасайды, өз бетінше жұмыс жасай алмайды. Меніңше, оны сабақтан гөрі
ойын көп қызықтыратын сияқты. Сабақтағы тәртібі де нашар, өзін-өзі ұстап 5-
7 мин қана отыра алады, әрқашан ескерту жасауды талап етеді.
Тағы бір үлгермеуші оқушылардың бірі – Садвакасов Қанат. Оның арнайы
анықтамасы бар. Ақыл-есі кемдеу, ден саулығы жағынан ақаулар бар (ЗПР). Ол
баламен арнайы жеңілдетілген жұмыстар жасалынады.
Үлгермеуші оқушылар қатарына қосылып жүрген Мұқтар Айдархан мен
Нұрбаев Арыстанбек басқа сабақтардан екпінді, тек математикадан ғана
үлгермеушілік танытады. Олар өз деңгейлерінде сабақты жақсы оқиды, бірақ
одан да жақсы көрсеткіштерге ие болуға тырыспайды.
Міне, үлгермейтін оқушыларды осындай әр түрлі деңгейлерге жатқыздым.
Соған байланысты оларға көрсетілетін көмек түрі де әр түрлі болуы шарт.
II тарау.
Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
2.1. Үлгермеушілікті болдырмау жолдарының теориялық мәні.
Үлгермеушілікті болдырмау мәселесі бойынша көптеген мектептер мен оқу
орындары жұмыс жасауда. Мектеп оқушыларының сабақтағы үлгермеушілігі
олардың жеке дара ерекшеліктеріне және даму жағдайларына байланысты болып
келеді. Сонымен қатар олардың өз өздерін төмен бағалаулары да алға қарай
талпынуға кедергі келтіреді.
Л.И.Божович (1951) және П.Р.Чамата (1960) басшылығымен төменгі сынып
оқушыларының өзін-өзі бағалауы зерттелген.
Бұл зерттеуде төменгі сынып оқушыларының қабілеті оқу-тәрбие процесінің
жұмысында мұғалімнің басшылығымен оқу қызметінің қорытындылары және өзінің
тәртібін бағалау көрсетілген.
Б.Г.Ананьев Сан алуан әртүрлі мотивтердің ішінен оқушылардың оқу
қызметінде олардың білім игерудегі мұғалімнің баға беруі үлкен әсер етеді,-
деп атап көрсеткен. Өзінің қызметінде жетістікке жету мотиві мен өзіне
талап қоя білу деңгейлері тығыз байланысты, осы арқылы ол үлкен нәтижеге
жетуін қажет ететінін психологиялық зерттеу көрсеткен.
В.С.Мерлин (1959) Жеке тұлға психологиясының очеркі еңбегінде былай
деген: Адам өзінің қоғамындағы қоршағандардан мақұлдауды қажет етеді.
Бірақ, ол әр адамда әртүрлі болып келеді. Кейбір оқушыға, мына жұмысты
жақсы орындадың деген жеткілікті. Ал басқаның жұмысын осы түрде бағалау
жеткіліксіз, оған үлкен баға қажет екенi анықталады.
Үлгермеушілік тек педагогика ғылымымен ғана шектелмейді, басқа да
ғылымдармен зерттелу үстінде. Мысалы, педагогика ғылымының бір саласы
дидактиканың басты міндеті – білім мазмұны және мақсаттарына байланысты
үлгермеушіліктің пайда болу себептерін анықтау.
Үлгермеушілікті зерттеу адам, тұлға, индивид туралы барлық ғылымдардағы
әлеуметтік мәселелермен байланысты болып келеді.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші
сыныптағыларға (2-3-топтағы балалар) бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей,
онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық
жағымсыз факторлардың болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып
көбінесе психологиялық дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.
Үлгермеушілікті қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz