Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба жұмыстары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық
колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

_Педагогика, психология және
     жеке пәндер кафедрасы
(кафедра атауы)

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба
жұмыстары

Шифр __0105000_______ мамандығы _Бастауыш білім беру________

Пәні__Қазақ тілін оқыту әдістемесі_________________________

Орындаған: М.Кожакова ______

(аты-жөні)
Ғылыми жетекшісі:
Қ.Мұқышева____

(аты-жөні)
Курстық жұмысты қорғаған
бағасы ______
Хаттама № ______
_____
_________________ 20 ____ ж.

Ф.14 ПК-05 КПК СМЖ. Курстық жұмыстың мұқаба бетін толтыру үлгісі. Басылым 1

Мазмұны

I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

IІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ
2.1. Шығармашылық дербестік қалыптастыруда жазба жұмыстарының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.2. Бастауыш сыныптағы диктант, оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарын жүргізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
IІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 31
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

I. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі қоғам талабына сай білімді де, саналы
да тәрбиелі сай білімді де, саналы да тәрбиелі адамзаматтарды тәрбиелеу
білім беру жүйесінің басты мақсаты болып табылады. Осыған орай, әр пәнді
соның ішінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың ғылыми дәрежесі,
неғұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің берік игерілуін, тәрбие
жұмыстарының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар
жүргізуге болады. Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет
бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан, әсіресе бастауыш сыныптарда
оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып
қолдану керек - дейді К.Д.Ушинский.
ХХІ ғасырдағы адамның руханилығы, оның шығармашылық интеллектісі,
жаңалықтарға ашықтығы қоғамның негізгі капиталы ретінде бағаланады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес адамның тұлғалық және кәсіби
шыңдалуына қол жеткізу мақсатында білімнің компетенттілік бағытын жүзеге
асыруға қолайлы жағдайлар жасалуда.
Бастауыш мектеп оқушысы – тұлғасы мен санасының дамуы қуатты
жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім -
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни
сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс
айтуға, салыстырып айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта
оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан
– жақты дамыту.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын
табуға көмектеседі. Ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты – баланы бастауыш
сыныптардан бастап, шығармашылық ойларға, практикалық әрекеттерге дайын
болуға, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру
кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып балаларын қазақ тілі сабақтарында
сауатты, ұқыпты, тиянақты жазу дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері: балаларды орфографиямен таныстыру және оның
түрлерімен таныстырып, сол бойынша жұмыс жүргізуге үйрету.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба
жұмыстары

II. Негізгі бөлім
2.1 Шығармашылық дербестік қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.
Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарың тәрбиелеу бағытындағы
білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты үстанымдарының бірі. Осы
ұстанымға жетудің бірден – бір жолы: әлемдік білім кеңістігінен орын алу,
өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың
инновациялық технологияларын пайдалана отырып білім сапасын арттыру, сондай
– ақ рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу – осы
ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін,
қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар
ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
міндеті тұр.
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту деп
атап көрсетеді. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір
пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін
дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің тетігі – оқшыны өз
әрекетінің иесі деп тану, тілді ұлттық құндылық, ділді қалыптастырудың тіні
деп санау секілді жаңа парадигмаларды оқытуүрдісінде ұстану. Мектептегі
оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау
қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық
қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен
ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтер шығармашылық
қабілетті дамытуды – тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде
қарастырады, өйткені шығармашылық іс – әрекеттің нәтижесі оның
қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.
Психологиялық сөздікте Шығармашылық іс – әрекет нәтижесінде жаңа
материалдық және рухани байлық пайда болатын әрекет. Осының негізінде
мәдени – тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық
аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің
жаңалығымен, бөліктігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті
қабілеттердің, білімнің икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді
деп берілген.
М.Махмутов шығармашылықтың келесі анықтамасын ұсынған:
Шығармашылық – эвристикалық қызмет, оның мәнін тез түсінуден, негізгі
идеяны, ұғымның мәнін аңғара қоюдан, күтпеген жерден әрекет тәсілін тауып
алудан тұрады. Шығармашылықпен ойлаудың белгісі үйреншікті нәрседен
аулақтап, одан дер кезінде қол үзе білу, басқаша емес, солай ғана ойлау –
әдет күшін жеңе білу.
Л.Выготский Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс - әрекетті
атаған. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я. Понамарев оны даму
ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық
тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді. Шығармашылық сөзінің түп
төркініне орыс ғалымы М. Потшник былай анықтама береді: жаңа өнім жасау
немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру; іс – әрекеттегі қайталанбайтын,
өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.
Шығармашылық қабілеттің дамуыәр қилы шығармашылық әрекет барысында
жүзеге асады. Оқушының шығармашылық әрекеті - оның мұғаліммен бірлесе
отырып, білім үрдісіндегі материалдық және рухани мәдени нысандарын жаңаша
сапалық тұрғыдан тануға, жасауға, өзгертуге бағытталған әрекетінің өнімді
түрі.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде
жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары - оқушының іс – әрекетіне
негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол
жеткізу – мұғалімнің шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс. Оқушылардың
дербес ізденісіне үнемі бағыт – бағдар беріп отырудың маңыздылығы туралы Т.
Ладыженская былай дейді: Очень важно дать ученикам конкретную установку,
нацелить их поиск, сделать его осмысленным.
Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым
әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының
бірнеше түрлері қолданылады.
Жазба жұмыстарының түрлері:
• жаттығулар,
• түрлі мәтіндер,
• диктант,
• мазмұндама,
• шығарма, т.б. жатады.
Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырытың ыңғайы мен
мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту
мақсатында жүргізіледі. Яғни жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық
материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл – ой әрекеттері
арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады. Жазба жұмыстарының қай – қайсысы да
тиісті сыныптың бағдарламасына, оқушының білім көлеміне, дағды деңгейіне
сәйкестендірілетіні мәлім.
Оқушылардың шығарашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда
мәтіннің алатын орны ерекше. Әдеби шығарманы оқып – үйренуде оқушы өзінің
шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой –
тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады.
Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын
жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың
оқиғаға қатысты, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аудару
емес, өз бетімен дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін толықтыру,
белсенді болу.
Бұл жөнінде ғалым А. Жапбаров былай дейді: Жазба жұмыстарын шын
шығармашылық жұмыс деп қараған шәкірттің ғана логикалық байымдауы тереңдеп,
топшылай, болжай білуі, сөздік қоры молайып, тіл мәдениеті артады.
Тіл пәнінен оқушылар орындайтын жаттығулар әдістемелік еңбектерде былайша
анықталады: ... – оқушылардың оқу әрекетінің түрлері, оқушылар жаттығуды
орындау барысында алған білімдерін түрлі жағдайлар мен түрліше
байланыстарды бірнеше рет және вариациялармен қолданады. Жаттығуды орындау
үрдісінде оқушы әрдайым ізденіс үстінде болып, алдына қойылған міндеттер
мен мәселелерді шешудің өзіне таныс жолдарына сүйене отырып, жаңа жолдар
табуға ұмтылысын қалыптастырады.
Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін
қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол – оқушылардың
шығармашылық еңбегі. Шығарм а жазуда оқушылардан сөйлемдегі сөздерді бір –
бірімен дұрыс байланыстырып, орнын тауып қолдануы, бір сөзді немесе бір
ойды орынсыз қайталамауы талап етіледі. Оқушының шығарма жазудағы ой
жүйесінің айқындылығы, сөз қолданысы, тіл көркемдегі де ескеріледі. Оқушыға
шығарма жазғызудағы мақсат – оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты
жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой – өрісін
кеңейтуге машықтандыру.
Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін
арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы,
эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау,
қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып
тұруы қажет.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының қай түрі болсын, ең бастысы,
берілген білімді бекіту, қорытындылау, жинақтау, оқушы білімін коррекция
жасау, тексеру мақсатында жүргізіледі. Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен
ойлау қабілеттерін дамытуда жазба жұмыстары пәндік білім, білік, дағдыларды
қалыптастыруға бағытталады.
Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және
білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сондықтан оқыту
әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің
педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға,
үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз
тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы
ғана шығармашылық әрекетін қалыптастыруға болады. [ - Әділханова М.
Қазақстан мектебі, 82011, 38 б]
Біздің мектептерімізде ана тілін оқытушының міндетіне оқушыларды жазба
тілге үйрету ғана емес, сонымен қатар ауызша тілге де үйрету кіретіндігін
әрқашан дерлік ұмытып кетіп отырады, мұның үстіне, жақсы жазба сөз ең
алдымен көркем ауызша тілге негізделетіндігін естен шығарады.
Шын мәніндегі көркем тілдің, бос мылжың еместігін, тиянақты мазмұны
жоқ мылжыңды балаларға үйретудің ешбір қажеті жоқтығын мойындау бізде әлі
де болса нашар.
Білдіретін ойды не асырып жібермей, не кемітіп жібермей дәлме – дәл көрсету
– тілдің шын жетіктігін дәлелдейді. Тілді мазмұнына қарай қалай болса солай
мәнерлеу оны бүлдіреді.
Сондықтан балалармен әңгіме өткізу үшін олардың өздері байқауға жеңіл
және қолайлы келетін заттар, яғни өмірдің өзінен балаларға ұғымды, байқауға
болатын заттар таңдап алынады. Бұл байқаулармен олардан туатын әңгімелер
ретсіз, байланыссыз болмауы керек және олардың орналасуы жаңа әңгіменің
өткен әңгімелерді жаңа әңмеге қосымша түсіндіруші құрал ретінде қызмет
етуіне сай келген.
Жазба жаттығулардың мақсаты:
I. Емле жазуы бойынша дұрыс жазып және таза жазу бойынша көркем жазып,
өзіңнің немесе біреудің ойын жазба түрде білдіру;
II. Жазылған сөздің маңызы түсінікті болуын, яғни оның айтайын деген ойды
түгел беріп, баянды анық және жеңіл болуын көздеу.
Бірінші мақсатқа екіншісінің көменгінсіз жетуге болады, шынында да
балалар біреудің сөзін жазғанда бірінші мақсат жеке орындалады: бала
кітаптан көшіреді. Жаттағандарың жазады немесе жатқа жазады. Екінші
мақсатқа ешуақытта жеке жетуге болмайды және өз ойыңды немесе әрі кеткенде,
өз сөйлемдеріңді емле жағынан қатқысыз және мүмкіндігінше таза көркем етіп,
өте түсінікті жазу керек. Педагогтардың біреуі бұл мақсаттарға жекелеп
жетуге, кейбіреулері бірігіп жетуге ақыл береді. Біз егер бала дауыстап оқу
әдісі бойынша ең алдымен алғашқы оқуға және жазуға бірлестіріп үйретуден
бастап, дұрыс тәрбиеленіп келсе, өз ойыңды жазбаша білдіру жөніндегі
жаттығуды емлемен, тіпті жиі байланыстыруға болады деп ойлаймыз.
Шығарма жазу, егер бұл арада сөз қабілетінін жаттығуын ойласақ, ана
тілін үйретуде ең басты сабақ болуы қажет, бірақ бұл жазу шынында да
жаттығулар болғаны жөн, яғни мүмкіндігінше оқушылар өз күшімен, бірақ
біреудің сөзін айтып беру емес, ауызша яки жазбаша ойын білдіре білуі
керек.
Бірақ бұған қалай жетуге болады... меніңше, бұл үшін ең таңдаулы және
бірден – бір жақмы құрал – оқушының айтайын деген пікірінің көрнекілігі,
бұл алғашқы жаттығулар кезінде өте қажет.
Балаға аз таныс, бірақ оның есінде көмескі сақталған зат туралы немесе
баланың көзіне көрінбей тұрған, бірақ оның есінде белгілері айқын сақталған
зат туралы айтқызу мен жазғызуымыздың арқасында үлкен айырмашылық бар.
Мұндай зат балаға өзінен – өзі сұрау тудырады, оның жауабын түзейді,
жүйеге келтіреді және бала мұғалімнің аузынан немесе кітаптың беттерінен
алып сөйлем құрамай, өз бетімен ойлайды, айтады және жазады. Мәселен, атты
әбден көруге көңіл қоймаған баланың есінде бұл малдың кескіні оның есінде
қаншалықты айқын сақталар еді; аттың неше аяғы бар, мойнында несі бар,
тағы басқа осындай сұрақтарға қай бала ешбір әзірліксіз жауап берер еді?
Егер бір маңызды белгісі балаға көрінбей қалса, онда тәрбиеші суретті
көрсетеді немесе егер сурет жоқ жағдайда сол белгіні балаларға соншалықты
таныс малдармен салыстырып есіне салу қажет. Егер бала аттың тұяқ
құрылысына көңіл аудармаған болса, онда сиырдың тұяғын көрсету керек, бала
ат тұяғының сиырдың тұяғынан айырмашылығын өзінен – өзі есіне түсіреді,
өйткені ат пен сиырдың кескіндері оның есінде қалған болатын.
Жаттығулардың үзілмей, біркелкі болуы мұғалімнің балалардың шамасына
қарай олардың жаттығу жұмыстарына көп немесе аз қатысуынан да болады.
Баланың өз қабілеті арқан сайын, мұғалімнің оған аз көмектесуі керек және
ол жаттығу жұмысын өз бетімен атқаратын болсын. Алғашқы жаттығу
жұмыстарында тәрбиеші балалық аңғарғыштыққа, балалық ойға, балалық сөзге
жетекші болуы керек және егер баллар мына заттың басқа бөлігі не деп
аталады, түсі қандай, тағы басқа осындай нақтылы сұрақтардың өзіне дұрыс
жауап берсе риза болып отыруы керек. Мұнан кейін ол құрастырмалы
сөйлемдермен жауап қайтаратындай етіп, өзінің сұрақтарын біріктіре алады,
мәселен: немен қоректенеді, оның түсі қандай, т.б. Мұнан әрі сұраудың
мазмұны, оған қайтарылатын жауап бірнеше сөйлем болуындай етіп, кеңеюге
тиіс, мәселен: сиыр мен ат шөпті қалай жейді? Есектің атқа және сиырға
ұқсастығы бар ма? Мұнан кейінгі сұраулардың жауабында бірнеше сөйлемдер
енгізілуге тиіс, мәселен: мына малдың дене мүшелерін атап шық, оның сырт
бейнесін сипатта, оның тіршілік күйі қандай, немен қоректенеді, қай жақта
өмір сүреді? Сол сияқты сұрақтармен кітапта өз бетімен сипаттап жазуына
бірте – бірте жетуге де болады.
Сөз қабілетіне жаттығу ауызша және жазбаша болады, алдымен жазбашадан
бұрын ауызша өтуге тиіс. Біздің мектептерде балаларды ауызша тілге
жаттықтыруға тіптен аз көңіл бөлінеді. Балалар мектепте сөйлемейді немесе
жауапқа шыққанда сабақты жатқа айтады, немесе мұғалімнің сұрақтарына бас –
аяғы жоқ үзінді, байланыссыз сөздермен жауап қайтарады.
Сұрақты ауызша берген уақытта шағындау, бірақ өте маңызды бір ережені есте
сақтаған жөн. Сұрақты бір оқушыға беруге, тіпті болмайды. Сұрақ жалпы
сыныпқа берілуі қажет. Сұраққа жауап қайтара алатын оқушылар қолын
шынтағынан көтереді, осыдан кейін ғана мұғалім сұраққа жауап беретін
оқушының есімін атайды. Бұл жағдай әуелі сабақ беруді баяулататын сияқты,
бірақ көп ұзамай сабақ көңілді, тез және айғай – шусыз өтеді. Бұл әдісті
тәжрибеде қолдану өте қолайлы: біріншіден, бір ғана оқушы емес мұғалімнің
сұрағын бүкіл сынып болып тыңдайды да оған жауап әзірлей бастайды... және
екіншіден мұғалім көтерілген қолдың санына қарай сыныптың қалай
түсінетіндігін бағалайды...
Сөз қабілетіне жазбаша жаттығу балалардың жасына, олардың дамуына,
жазу үстіндегі бейімділігіне және олардың өз ойын жазбаша білдіре алатындай
қарай біртіндеп ауызша жаттығудан кейін болғаны жөн.[ , 293-297б ]

2.2. Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлері.
Диктантты есту факторына негіделген жаттығу жұмыстарының бірі деп атау
керек. Бастауыш сыныптарда диктанттың есту, түсіндірмелі, терме, еркін,
бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал
жаздырылатын материалдың сипатына қарай 1 – сыныпта әріп диктанты, буын
диктанты, сөз диктанты дейтін түрлер де пайдаланылады. Бұл балардың әріп
жазуды қалай үйреніп келе жатқанын белгілі буындардың құрамында неше әріп,
қай әріптер бар екенін, буын жасап тұрған не әріп екенін, қалай
түсінетіндігін байқау үшін, кемшіліктерін диктанттардың оқушылар білімін
байқау, бақылау, үйрету мәні бар.
Диктантқа қажетті қағидалар
Мәтінді таңдағаңда, мынадай қағидаларға сүйену керек: Диктант тексі
мазмұны жағынан оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің
талаптарына сай болуы керек.
Екінші, бақылау диктанты әр түрлі жанрдағы шығармалар үзінділерінен
құрастырылуы қажет. Егер белгілеген мәтін үзіндісінде сөз саны мөлшерден аз
болса, онда мәтінге мөлшерге сәйкестендіріп бірнеше қосымша сөйлемдер
қосуға болады.

Тоқсандар

I тоқсан II тоқсан III тоқсан IV тоқсан
2 – сынып 20 – 25 сөз 25 -30 сөз 30 -35 сөз 35 – 40 сөз
3 – сынып 40 – 50 сөз 45 – 50 сөз 50 – 55 сөз 55 – 60 сөз
4 - сынып 60 – 65 сөз 65 – 70 сөз 70 – 75 сөз 75 – 80 сөз

Диктант мәтінінің құрамындағы сөздердің бәрі оқушыларға түсінікті
болуы керек. Егер түсініксіз және сирек қолданылатын емілесі қиын сөздер
ұшырасып қалса, ондай сөздер түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
Диктант мәтінінің емле қиындығы орташа дәрежеде болады. Мәтін
құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем құрылыстары өтілген бағдарлама
материалына сай сұрыпталады.
Диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2-3
орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуға тиіс.

Жазба жұмыстарының нормалары
Жұмыс 1 – сынып
түрлері
I тоқсан II тоқсан III тоқсанIV
тоқсан
Граммати- - 1
калық
тапсырма
диктанты
5 Қатесіз Қатесіз 1 әріп Қатесіз Қатесіз
1 қате қатесі
каллиграфия
4 2 қате 1-2 қате 1 қате 1 қате
1-2 түзету1 түзету 1 түзету 1 түзету
3 3 қате 3 қате 2 қате 2 қате
2-3 түзету1 түзету 1 түзету 1 түзету

Ескерту: 1-сыныпта шығарма, мазмұндама берілмеген, бірақ бұл
жұмыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуге болады.
1-сыныптың аяғында оқушы 15-17 сөз жаза алатындай болуы керек.
Қатемен жұмыс
Есепке алынбайтын қателер. Бағдарламада көрсетілген
ережелерден жіберілген қателерден өзге осы сыныпта орфография мен тыныс
белгісінің ережелері оқытылуына байланысты жіберілген қателер есепке
кірмейді.
Бастауыш мектептерде және осы сыныпқа арналған оқулықтың жаттығуларында
кездеспеген сөздерден жіберілген қате есепке алынбайды.
Байқаусыздан жаңсақ жазылған сөздердегі қате есепке кірмейді: келмейді-
кемейді, болыпты-бопты, т.б.
Алайда, қателерді жаңылып жазылған дей беруге болмайды. Оқушының жаңылып
жазған сөзін оның дұрыс жаза алатынын көз жеткенде ғана қатеге есептемеу
керек. Егер де жаңылып жазылған жағдай үштен асып кетсе, онда оларды емле
қатесі деп санайды.
Екі түрлі жазылып жүрген сөздердің бір түрі жазылса, немесе екі түрлі
қойылып жүрген тыныс белгісінің біреуі қойылса, оеда диктант тексіндегі
жазуға дәл келмей тұр деп, қатеге есептеуге болмайды. Мысалы: қазір-кәзір,
өйткені-үйткені, т.б. Егер де диктантта қате жазылған сөз не тыныс белгісі
қайталанып келсе, онда олар бір қатеге есептеледі.
Өрескел қателер. Орфография мен тыныс белгісінің өтілген
ережелерінен жіберілген қателер.
Игеріп алуы қиынға соқпайтын ережелерге байланысты жіберілген қателер.
Сөздерді тасымалдаудан жіберілген қателер. Дефис арқылы жазылатын сөздерден
жіберілген қателер. Мысалы: қос сөздердер, демеулік шылаулар, қысқарған
сөздерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалар.
Жеңіл қателер. Диктант өткізген кезде оқытылып бітпеген және
әлі өтілмеген ережелерге байланысты. Күрделі жалқы есімдердің бас әрпін
дұрыс қолданбау, сол сияқты әріптерді дұрыс таңбаламау.
Үтір, тырнақшаларды дұрыс қолданбау (сөзді, сөз тіркестерінің
үтір, тырнақшаларын бір жағына ғана қойып, екінші жағына қоймай кету)
Төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан, сызықшаның алдынан үтірдің
орнына нүкте қойып қою.
Бір ережеге байланысты жіберілген бірнеше қате (үш және оннан
да көп қате) болса, онда оқушының бір ғана ережені нашар білетінін ескерту
қажет. Тыныс белгісінен де бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет.
Тыныс белгісінен де бір ған ережені білмегендіктен, жіберілген қатені
жеңілге жатқызған жөн.
Орфографиялық талдау. Бұл қазақ тілі сабағында жүргізілетін
басқа жұмыстармен қатар жасатылады. Ол әсіресе, грамматикалық талдау және
диктант жұмыстарына байланысты жүреді. Емлелік талдау (және диктант) үш
жолмен жасалады. Баспа мәтінді талдау.Мұғалім тексеріп берген оқушылардың
жұмысын талдау. Мұғалім берегн тапсырманы талдау. Бірінші түрде талдау
жасағанда, оқушыларға – Неліктен осылай жазылған?, екінші түрде Неліктен
осы түзетілгендей етіп жазу керек?, сұрақтарын қою үшінші түрде де тиімді.
Емлелік талдау әр сабақ сайын біршама уақыт жүргізіліп отырылады. Бұл жұмыс
оқушылардың дәптерін тексерумен де байланысты жүргізіледі. Оның да әдісі
түрліше: мұғалім оқушы дәптерін тексеріп, қателерін түзетіп береді де
олардан осылай түзеп жазудың дұрыстығын түсіндіріп беру талап етіледі. Егер
мұғалім оқушының жібереген қателерін түзетпей, оларды түрліше белгімен
(астын сызу, т.б.) көрсетіп қойған болса, онда оқушылардан қате жіберген
сөзді қалайша дұрыс жазуға болатынын сұрап, дәлелдеткізеді. Осындай
міндеттерді орындау оқушының әуелде шала түсінген ережелерді қайта
ойланып, толық түсінуіне пайдалы мүмкіндік туғызады.
Қатеден сақтандыру жұмысы. Бұл оқушыларды сауатты жазуға үйретудің тиімді
тәсілдерінің бірі. Бұл жұмыстың кейбір жолдары мыналар: Оқушы өзін мұғалім
алдында еркін сезінуі.Оқушы өз бетімен жазужұмысын орындап отырғанда өзіне
түсініксіз ұғымды, не жазылуы қалай екенін кәміл біле алмай отырған объект
туралы мұғалімнен қысылып-қымсынбай сұрап алуы тиіс.
Оқушылар түрліше,әсіресе орфографиялық сөздікті пайдалану арқылы көптерен
емлесіқиын сөздердің дұрыс жазылу жолдарын біледі.
Емлесі қиын сөздердің дұрыс жазылу үлгісі сынып қабырғасына ілініп
қойылады.
Оқушыларды сауатты жазуға үйрету жаттығулары ауызша және жазбаша тілді
дамытып, байланыстырып сөйлеуге дұрыс жазуға үйретуде ұтымды пайдалануы
тиіс. [241-247]
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге
тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, отпен судан сақтан
мысалдарының арасында қандай айырмашылық бар? пен қайсысында бөлек,
қайсысында бірге жазылуы тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін
сабаққа жұмылдырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Инновациялық педагогикалық техналогиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінде жаңа техналогияларды қолданудың шығармашылық жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Каллиграфиялық дағдыны қалыптастыру
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері
«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»
Бастауыш мектептің 2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Пәндер