МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ - ОҚУЛЫҚ


Жоспар
Кіріспе . . . 31
1 МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Оқулық- оқытудың негізгі құралы . . . 5
1. 2 Математика пәнінің мазмұны мен құрылымы . . . 12
2 МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ - ОҚУЛЫҚ
2. 1 Математика оқулықтарының ерекшеліктері . . . 17
2. 2 Қазіргі кездегі бастауыш сыныптарда математика сабағын оқыту кезінде қолданылатын инновациялар . . . 19
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Қазіргі уақыттың талабына сай бастауыш сыныпта балалармен жұмысқа аса көңіл аударылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері елімізде білім саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. 1992 жылы "Білім туралы заң", 1993 жылы бастауыш сыныптық базистік бағдарлама, жалпы орта мектепке арналған көп вариантты оқу бағдарламалары, тәрбиеге байланысты "Атамекен", "Кәусар бұлақ", "Елім-ай" бағдарламалары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамалары, 1999 жылы "Білім туралы" жаңа заң жарық көрді.
Осындай өзгерістер жалпы оқу орындарының оқу жоспарларын, бағдарламаларын жаңадан құрып, оқулықтар, оқу құралдарын жазуды ұйымдастыруға өз септігін тигізуде. Соның нәтижесінде кейінгі кезде мектеп оқушылары төл оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жоғары оқу орындарының ғалым ұстаздары колледж оқушыларына арнап оқулықтар мен оқу құралдарын жазып шығаруда.
Соңғы жылдары педагог ғалымдар педагогика пәнінен оқу құралдары мен бағдарламалар жазды. Педагогика гуманитарлық колледждерде білім алатын болашақ ұстаз шәкірттерімізге арналған негізгі оқу пәні болып саналады. Сондықтан олар педагогиканың негізінен, оның методологиясынан, тәлім тәрбиенің теориясынан және әдістерінен, дидактикадан, мектептанудан дәріс алып, психологиялық педагогикалық ғылымдардан, пәндерден сусындап, жасөспірімдердің мінезқұлқын, іс-әрекетін, қабілетін айқындап, бақылап, зерттеп оқушыларға оң ықпал жасауы керек.
Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында, “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” “Білім берудің басты мақсаты - оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып, дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”, - деп көрсетілді. Мұндай өмірлік дағдылар, математика пәнінде оқушыда логикалық ойлау дағдылары мәтіндік есептерді шығару негізінде, білім мен біліктерді меңгерту нәтижесінде ғана қалыптасатыны сөзсіз. Бұл математика сабақтарында логикалық ойлау дағдыларын, мәтіндік есептерді шығару жолдарын ғылыми негіздеу білім беру жүйесін реформалау талаптарымен де ұштасып жатқанын көрсетеді.
Білімнің нәтижеге айналуы - қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже. Сол себепті нәтижеге бағдарланған білім моделін енгізу басты міндет етіп қойылды. Жаңа модель бойынша білімнің мәні оқушының өмір қажетін өтеуінде деп саналады. Бұл тұрғыдан алғанда да ойлау мәдениеті мектеп түлегі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып саналады. Өйткені мектепте оқушының математикадан меңгеретін білімдері логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады. Бұл дара тұлғаның мәтіндік есептерді шығара білуі- білім нәтижесі ретінде зерделеп зерттеудің көкейкестілігін бекіте түседі.
Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі - пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін ғылымның даму бағытымен үйлесімділігі. Ғылымдағы осындай жаңа бағыттарды оқыту үрдісіне енгізу тұрғысынан қарағанда да логикалық ойлау дағдыларын, мәтіндік есептерді шығаруды білімнің тұтқасы ретінде ұстану, оны білім мазмұнында қамту математиканы оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан логикалық ойлау дағдыларын мәтіндік есептерді шығару негізінде дамыта меңгертуді, мектептегі математикалық білімді ғылым дамуымен тығыз сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы ретінде зерттеу де күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келгенде, математиканы оқыту барысында адамның рухани жетілуі мен көп қырлылығының белгісі саналатын, адам болмысы мен өміртанымы тоғысатын есеп шығаруда логикалық ойлауды дамыту мәдениетіне оқушыны мектеп қабырғасынан бастап баулу - бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған өзекті мәселе. Оған қоса қазіргі таңда өріс алып отырған дара тұлға дамуына мүмкіндік жасауды талап ететін мемлекеттік стратегиялық бағыт пен білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы, қоғамдық-әлеуметтік сұраным мен оқыту нәтижесі арасындағы қайшылықтар да есептерді әр түрлі тәсілдермен шығаруды меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін бекіте түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сыныптарда математика оқулықтарының ерекшелігі тақырыбын ашу. Жан-жағынан сараптап, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру;
Бастауыш сыныптарда математика оқулықтарының ерекшеліктері және олардың ролі туралы түсініктеме беру.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: бастауыш сыныптарда математкика оқулықтарының ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: берілген тақырыпта көптеген ғалымдар, филологтар жұмыс істеді. Берілген тақырыпта көптеген еңбектер жазылынып, берілген тақырып жан-жақты сараланды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде бастауыш сыныптардағы математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері қарастырылған, жан-жағынан сараланған.
1 МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 Оқулық - оқытудың негізгі құралы
«Математика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Базалық бiлiмнiң негiзгi компонентi ретiндегi математиканың мәнi практикалық iс-әрекетте қолдану үшiн қажеттi, басқа оқу пәндерiн зерделеу үшiн, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi нақты математикалық бiлiмдi игерту арқылы оның адамзат өркениетiн, ғылыми-техникалық прогрестi дамытудағы, қазiргi ғылымдағы және өндiрiстегi рөлiмен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы математикалық бiлiмнiң маңыздылығымен анықталады.
Оқулық - білім беру мазмұнын айқындайтын және нақтылайтын негізгі оқу құралы.
Оқулықтың ерекшеліктері:
- онда әр сабаққа сәйкес келетін материалдар беріледі, яғни оқулықты құрастыруда сабақтық принцип сақталады
-жаттығулар білімді жүйелі түрде меңгертуге, білік пен дағдыны жетілдіруге бағытталған:
а) жаңа материалды окытуға дайындау бағытындағы жат-
тығулар;
ә) жаңа материалмен таныстыруға арналған жаттығулар;
б) білімді тиянақтау және игерілген материал деңгейін тексеруге арналған жаттығулар.
Жаттығулар жүйесі бастауыш мектеп математика курсының нақты мәселелерін оқыту әдістемесін анықтайды; Жаттығулардың әр түспен берілуі мұғалімге тапсырманы орындауға қатысты талаптарды айқындауға және сабақта оны тиімді түрде қолдануға көмектеседі:
а) кызыл түс - жаңа ұғым және онымен байланысты материалдарды игеруге арналған жаттығулар;
ә) қара түс- қайталауға арналған жаттығулар;
б) көк түс -дамыту сипатындағы жаттығулар;
в) жасыл түс- шығармашылық сипатындағы жаттығулар;
г) белгілеулер: -жасырын сан; > - жасырын амал таңбасы; * -жасырын =, > немесе < таңбасы;
Тапсырмаларды орындау ретін мұғалім өзі анықтайды, өзіндік жұмысқа, топтық және дербес жұмысқа арналған тапсырмаларды мұғалім өзі талдайды, яғни оқулық материалдарын іріктеу мен оны үйлестіру шығармашылық тұрғыдан жүзеге асырылады:
-жаттығуларды механикалық және бір сарынды (үлгі бойынша) орындаудан бас тартуға негіз болатын, бақылау, салыстыру, қорытынды жасау және бірнеше альтернативті шешу нұсқаларын іздестіруді талап ететін дамытушылық сипаттағы жаттығулар жүйесі арқылы дамыта оқытуды жү-зеге асыру;
-шығармашылық жаттығулар арнайы жүйе құрайды, олар ерекше, дәстүрден тыс ойлауды, зейінділікті және ой тұжырымдай алуды талап етеді, сондықтан мұндай жаттығуларды орындау нәтижесі бағаланбайды, тек мадақталады (жасыл қоршаудағы жаттығулар) ;
Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі - оқыту мен тәрбиелеуді өзара байланыста жүргізуге арналған материалдарды тиімді таңдап алуды ескеру:
а) сурет мазмұнының қоршаған ортамен байланысы;
ә) окушыларды еңбектің қарапайым түрлерімен таныстыру, еңбек әрекетіне оқушылардың араласуына ықпал ету;
б) өз халқына, туған жеріне, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
в) ұлттық өнер, салт пен дәстүр, мәдениетті сүю және бағалауға баулу;
г) географиялық және экономикалық мәліметтер мен деректер, этнографиялық факторларға көңіл бөлу;
ғ) оқулықтың әліппемен (сауат ашу) пәнаралық байланысы, нақты біліктілік деңгейі мен оку жылдамдығының сәйкестігі;
д) тәрбие тақырыбында әңгіме құрастыруға болатындай мүмкіндік жасау мақсатымен оқулықтың қосар бетіндегі сурет мазмұнын ортақ тақырыпқа сәйкестендіру; сурет мазмұнының жыл мезгілдеріне сәйкестігі, пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
ОӘТ құрамына тағы мынадай құралдар енеді:
математиканы бастауышта оқыту бағдарламалары - үш бөлімнен тұрады: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сынып аралық бөлінуі; оқушылардың математикалық дайындығына қойыла-тын талаптар.
Баспа негіздегі «Математика дәптері», оқулықпен тығыз байланыста және онымен бірлікте болады, практикалық білік пен дағдыларды дамыту, білім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған «Математикадан дидактикалық материалдар», мұнда жаттығулар күрделілігіне қарай төрт деңгейде беріледі: Мемлекеттік стандарт бойынша білімге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес тапсырмалар; білім біршама өзгерген күйде, өзгерген жағ-дайда қолданылатьн тапсырмалар; білім жаңа деңгейде, жаңа жағдайда қолданылатын тапсырмалар; шығармашылық әрекетті талап ететін, дәстүрлі емес түрде берілген тапсырмалар.
«Дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» -түсіндіру, берілген білімді нақтылау, білім, білік, дағдыларды қайталау және бекіту, сонымен бірге, білім, білік, дағдылар деңгейін анықтауға арналған бағдарлама мен әр сыныптың (I-IV) оқулығына сәйкестендіріле іріктелген.
«Математика» оқулығына әдістемелік нұсқау әрбір сынып үшін дайындалған, онда математикалық білім мазмұны; математика курсының материалдарын оқу жылының тоқсандары мен жеке сабақтарға шамамен бөлу; сабақтарға нсқаулар; сабақтың үлгі мазмұны келтіріледі.
ОӘТ құрамына енетін әр түрлі оқу кұралдары оқытудың қорытынды нәтижелеріне жетуге бағытталған нақты сабақтың мазмұнын анықтауда колданылады. Осының негізінде мүғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін.
1. Сабақтың такырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сыньш оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты анықталады.
Білімділік мақсаттары: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.
Дамытушылық мақсаттары: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.
Тәрбиелік мақсаттары: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына - Қазақстан Респуб-ликасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеуге және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жүмысты орындау кезінде ұқыптылықка тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мүғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, екі-екіден жұмыс, жарыс) ; еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т. б.
Практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және косымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.
2. Сабақтың құрылымын анықтау:сабақтың кезеңдерін анықтап, әр кезеңге тыңғылықты дайындалу. Сергіту сәтінен бастап баланың қызығушылығын ояту арқылы сабаққа белсене қатысуын ұйымдастыру.
3. Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім оқу-әдістемелік топтаманы (ОӘТ), сабақтың жоспарын шығармашылық тұрғыдан дайындауды жүзеге асыру үшін қосымша әдебиетті пайдалануы тиіс.
4. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды. Оқушылармен жұмыс формасын ойластыру, ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.
Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.
Жұмыс формаларын біріктіруге болады, мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады. Сабақтың сапасын көтеру үшін бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойластырылуы қажет. Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру (өзара тексеру, өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т. б. ) жұмысына ерекше назар аударылады.
5. Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне, сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруға себепші болатын қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолдануды, кіші жастағы оқушылардың зейіні 5-7 минут қана тұрақтанатындығын ескеріп, олардың жалығып кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау, жаңа материалды қарастыру әдістемесін ойластыру- оны түсіндіру, оқулық-пен, дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізу яғни қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша орындалуы қажеттігін шешу қажет.
6. Сабақтың көрнекілігін дайындау - алдын ала дайындау, қажет материалдар өз уақытыңда көрсетіліп, артық зат баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді орналастыруды ойластыру.
Тақтаға жазуды ойластыру- қандай жазулар алдын ала жазылып, жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазылады және оларға арнайы орын қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру. Дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін дайындау және олардың сапасына назар аудару: әдемілігі, ұқыптылығы, көркемдігі, қол жетерлігі, әсерлілігі.
7. Жұмысты қорытындылау:сабақтың әр кезеңінің соңында қандай қорытынды (мұғалім өзі қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;
сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші сұрактарына жауап бере отырып, оқушлардың қорытынды жасауы: Жаңа не үйрендік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Нені қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдындар?
8. Сабақтың нәтижесін хабарлау:қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын ала ескеріледі, мадақтау түрлерін: (мақтау, жүлде беру және т. б. ) анықтау.
9. Үй тапсырмасын ойластыру:сабақ тақырыбымен қалай байланысты екендігі(өтілетін материалдың күрделілігі мен оны игеру деңгейіне байланысты), тапсырма қандай мақсатпен берілетіндігі, балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет екендігі, нені қайталау керек екндігі ойластырылады. Кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.
Мұғалімнің тәжірибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары жасалады:
а) сабақ жоспары - мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен, оқушылардың шамамен беретін жауаптарымен жазылған толық жоспар;
ә) ашық жоспар - оқшылардың жауаптарынсыз, әлде қайда қысқа жоспар;
б) қысқаша жоспар- мұнда мұғалімнің сұрақтары мен олардың жауаптары жоспарланбайды.
Математиканы оқыту:
-есептеу мәдениетiн және есептеудiң практикалық дағдыларын дамытуды;
-формальды-оперативтiк алгебралық аппаратты және оны әртүрлi мәселелердi шешуге қолдана алу бiлiгiн меңгертудi;
-статистикалық мәлiметтердi ұсыну мен талдаудың негiзгi тәсiлдерiмен, нақты болмыстағы статистикалық заңдылықтармен таныстыруды, қарапайым ықтималдық бойынша түсiнiктердi берудi;
-планиметрияның негiзгi фактiлерi мен әдiстерiн игертудi және кеңiстiктiк түсiнiктердi дамытуды қамтамасыз етеді.
Соған байланысты оқу бағдарламасында оқушыларға бiлiм алу тәсiлдерiн үйрету сияқты математиканы оқытудың барынша нақты дидактикалық мiндеттерi жүзеге асырылады.
Математикадан оқу материалы мазмұнындағы негізгі бес мәселені бөліп көрсетуге болады.
1. Арифметикалық материал математиканың бастауыш курсының негізгі мазмұнын құрайды.
а) Сандар номерациясы:
-натурал сан және нөл саны туралы түсінік;
-теріс және оң сандар туралы түсінік;
-сандарды шығарып алу тәсілдері және салыстыру;
-натурал сандар қатары, оларды құру принциптері туралы түсінік;
-сандар разряды (бірліктер, толық ондықтар, толық жүздіктер, толық мыңдықтар және т. б. ) және олардың қатарлары;
-сандарды оқу және жазу, сандарды жазудағы орындық принцип;
-санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
ә) Арифметикалық амалдар:
-теріс емес бүтін сандармен амалдар орындаудың мән-мағынасы туралы нақты түсінік;
-арифметикалық амалдардың негізгі қасиеттері мен алгоритмдері;
-қосу мен азайтудың, көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екендігі, сондай-ақ көбейту мен бірдей қосылғыштарды қосу, бөлу мен бірдей сандарды азайту арасындағы байланыс;
-қосу мен көбейтудің кестелерін құру және жаттығу, сондай-ақ азайту мен бөлудің сәйкес жағдайлары;
-есептеу тәсілдерін (ауызша және жазбаша) қалыптастыру;
-сандардың дәрежелерін табу: көбейткіштің квадраты және кубы;
-санның бөлігін (үлесін) және бөлігі (үлесі) бойынша санды табу.
2. Алгебралык материал арифметикалық материалмен табиғи байланыста, бірақ математиканың бастауыш курсының негізгі тарауы болып табылмайды.
а) Өрнектермен таныстыру:
-қарапайым өрнек атаулары (сандардың қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі және бөліндісі) және өрнектердің мәні (қосындының мәні, айырманың мәні, көбейтіндінің мәні және бөліндінің мәні) ;
-санды және әріпті өрнектермен, сондай-ақ олардың мәндерін табумен таныстыру;
-жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындаудың тәртібі;
-арифметикалық амалдардың қасиеттеріне негізделген қарапайым түрлендірулерді пайдаланып, күрделі өрнектерді ықшамдау;
-әріпті өрнектің анықталу облысы (терминсіз) жөніндегі
түсінік.
ә) Санды теңдікпен және санды теңсіздікпен, тура және тура емес санды теңдік пен санды теңсіздік туралы түсінік;
-санды теңдіктерді және санды теңсіздіктерді құру мен
оқу.
б) Теңдеулермен таныстыру:
-құрамында әріппен белгіленген белгісіз бар теңдік түріндегі теңдеу;
-теңдеуді шешу тәсілдері;
-теңдеудің шешімі, теңдеудің түбірі;
-теңдеу құру арқылы (алгебралық тәсілмен) есепті шы-
ғару.
3. Геометриялық материал да бастауыш курстың негізгі тарауы емес, бірақ арифметикалық және алгебралық материалдармен табиғи байланыста.
а) Қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру:
-түзу және қисық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар;
-нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді;
-осы фигураларды сала білу және тану;
-берілген ұзындық бойынша кесінді салу;
-кесінділердің қосындысын және айырмасын табу.
ә) Геометриялық фигуралармен таныстыру:
-сынық, параллель, перпендикуляр сызықтар, тік, сүйір және доғал бұрыштар;
-тұйықталған сынық сызықтан құралған фигура түріндегі көпбұрыш;
-олардың элементтері: қабырғалары, бұрыштары, төбелері;
-көпбұрыштардың түрлері: үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш және т. б. ;
-тік төртбұрыш және оның түрлері, шаршы;
-сызықты және сызықсыз қағазда тік төртбұрыш пен шаршыны салу;
-тік төртбұрыштың, шаршының және тік бұрышты үшбұрыштьң периметрін табу ережелері;
-геометриялық фигураларды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілеу;
-дөңгелек, шеңбер және олардың элементтері: радиус, диаметр, центр;
-сызба және өлшеу құралдарын: сызғышты, үшбұрышты сызғышты, циркульді және бұрышты градустық өлшеммен (1°) өлшейтін транспортирді қолдана білу.
б) Геометриялық денелермен таныстыру:
-текше және тік бұрышты параллелепипед;
-олардың элементтері: төбелері, қырлары, жақтары;
-жақтарының атаулары: алдыңғы, артқы, төменгі, жоғарғы, бүйір (сол жақ және оң жақ) ;
-текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу.
4. Шамалар сандардың номерациясымен және сандарға арифметикалық амалдар қолданумен, яғни арифметикалық материалмен, сондай-ақ алгебра және геометрия элементтерімен тығыз байланыста оқытылып үйретіледі:
-шамалар туралы түсінік: ұзындық, масса, сыйымдылық, аудан, көлем, уақыт;
шама бірліктері және олардың арақатынасы;
-шама бірліктерін түрлендіру - шаманың ұсақ бірліктеріне немесе ірі бірліктеріне көшу;
-шамаларды салыстыру және шамалармен арифметикалық амалдар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz