Суреттегі композиция қолдану жолдары



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Бейнелеу өнері туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
2. Негізгі бөлім
2.1 Бейнелеу өнеріндегі
композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
0
2.2 Суреттегі композиция қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Бейнелеу өнеріндегі композиция
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...17
3. Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .23
4. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .25
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Бейнелеу өнері окушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие
береді.
Сурет салуға баулу бейнелеу өнерінің әліппесі болса, живопись бояу
түстерін кабылдаудың заңдылықтарын үйретеді. Түс тану ерекшелігі түстердің
өзгеруіндегі жарық пен реңдердің әсерін зерделі зерттей білуге баулиды.
Затқа карап сурет салу оқушылардың байқағыштық әдістерін калыптастырады.
Үйлесімдік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен
талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту
оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады.
Тәжірибе жүзінде жүргізілген сабақ барысында окушылардың меңгеретін
дағдылары сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік,
талғампаздык, т. б.
Есте сақтау, киялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы
оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түседі. Оқушылар акварель
тәсілін жете меңгергенде ғана олардың бояу түрлерімен тиімді жұмыс істеу іс-
әрекеті қалыптасады.
Бастауыш сыныптың бейнелеу өнері оқулықтарында сурет салу әліппесінің
әдіс-тәсілдері жіктеліп, сараланып қарастырылса, оқушының шығармашылық
қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын арттыру көзделген.
Сурет салудағы ең күрделі нәрсе адамның келбеттік тұлғасын және олардың
қимыл-қозғалыс сәттерін бейнелеу болып табылады. Сонымен қатар оқушыларды
бейнелеу өнерінің тарихымен таныстыра отырып, мүсін, колөнер, сәулет,
дизайн енері әдістерімен таныстыру да негізге алынған.
Бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсінік беріліп, кітапта көрсетілген
шығармаларға талдау жасалады. Талдау барысында мүғалім оның өнер
шығармасының қандай түріне жататындығын түсіндіреді.
Кез-келген суретті салу үшін, мүсінді жасау үшін, ағашты ою үшін
композициялық құрастыру кажет болады. Бұл оқушылардың композициялық
құрастыру қабілетін дамыту болып табылады. Мәселен, натюрморт құрастыру
(құмыра, алма, тостаған, қасық); геометриялық денелерден композиция
құрастыру; ою-өрнектерден композиция кұрастыру, т.б.
Осы ерекшеліктерді ескере отырып, композицияларды құрастырудың жолдары
үйретіледі. Өйткені композиция құрастыру сурет өнерінің ерекше өзегі болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бейнелеу өнеріндегі композиция түрлері және
оларды салу жолдары тақырыбын ашу. Жан – жағынан сараптап, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Бейнелеу өнеріндегі композиция және оның түрлері туралы түсінік
беру;
Бейнелеу өнеріндегі композиция салу жолдары туралы түсінік беру;
Оқушыларға бейнелеу өнері сабағында түрлерін оқытудың рөлі туралы
түсініктеме беру.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Бейнелеу өнеріндегі композиция
және оның түрлері, композиция салу жолдары.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Берілген тақырыпта көптеген
ғалымдар жұмыс істеді, көптеген еңбектер жазылынып, жан-жақты сараланды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан
тұрады. Негізгі бөлімде бейнелеу өнеріндегі композиция, оның түрлері және
салу жолдары туралы және де композиция үйретудің тиімді жолдары
қарастырылған.

1.1 Бейнелеу өнері туралы түсінік

Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды
деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу
тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу,
саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі,
адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол өзара қарым-қатынас
нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени
қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ
қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі
дамуда болады.
Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің
дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы
тікелей байланысты.
Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында тарихтағы
адамзаттық тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.
Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты
дамуды бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз
үшін басымдық танытушы идеяға айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық
қиындықтардан, әртүрлі тарихи кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын
сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылу болып табылады. Бұл жерде
мәдениеттің гуманистік-адамгершілік принциптеріне сүйену, рухани бағдарды
ұстануы терең мағынаға ие болды. Өйткені мәдениеттің құлдырауы адамның
рухани дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан ауытқуына әкеліп
соқтырады. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне әсер ететін
құбылыс болып табылады.
Өмірдің заңына сәйкес мәдениет үнемі жаңғыруды қажет етіп отырды.
Өзен өзінің мөлдірлігін суы ағып жатқан кезде сақтайды, тазалығымен адамды
тәнті етеді, әлемділігімен табиғатты құлпыра түседі. Сол сияқты кез-
келген мәдениет жаңа толқынға, жаңа мағынаға ұмтылады, оған зәрулік
танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар сынағынан өткен дәстүрлі
құндылықтарды түбегейлі жоққа шығару деген сөз емес. Өйткені, тарихи
сабақтастықтың логикасына сәйкес мәдениеттің ілгері үлгілері болады, онсыз
ұлттық мәдениеттің қабырғасы сөгіледі, іргесі шайқалады. Міне, сондықтан
жаңа үлгілерге жаппай бетбұрыс жасаудың өз қисыны, өз ырғағы, өзіндік
келбеті бар. Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени өзгерістерінен дәстүрлік пен
жаңашылдықтың ерекше синтезін, симбиозын іздеуіміз қажет сияқты. Әрбір жаңа
нәрсені ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып қабылдаған абзал.
Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық,
объектілік және идеалдық, рационалдық және эмоционалдық – осылардың бәрі
өнерде жігі бұзылмай, бірлесе, біте қайнасып жатыр.
Өнер – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың
басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым
мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау
болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.
Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас
балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар
үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан
жасалған мүсіндер де қалдырған.
Батыс социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді адам жанының
құпия қасиетінен немесе адамның туысынан бірге болатын тамашалау
сезімінен. Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі
философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес.
Кейбір батыс теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап
айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан
тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп
түсіндіреді.
Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?
Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім
оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да
саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін
білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі-бір мінез-құлық сапалары, мысалы
табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш
сапалары – күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың
бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды
тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді
тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және
екіншіден, адамды тәрбиелеу.
Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек:
біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы;
екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы.
Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең
алдымен оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.
Өнер дүниені адамның нақты сезімдік формада бейнелендіру қабілетіне
негізделеді.
Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім
мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай
ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы
білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды
қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді
ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді
Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында
емес, жинақталған жеке образ формасында немесе өнер тілімен айтқанда,
типтік образ формасында бейнелендіріледі. Шындықта жалпы типтік образ жеке
нәрселерде ғана өмір сүруде, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді.
Сондықтан өнердегі типтік образ дегеніміз - жинақталған, жалпыланған
образ. Бірақ ол жалпыланған типтік образ жеке образ арқылы бейнелендіріп
көрсетіледі.
Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі - ол көркем образ
болып табылады.
Көркем образ дегеніміз - ең маңызды, типтік образды жеке образ
арқылы көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс
формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.
Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп
қарауға болмайды. Көркем образдың ерекшелігі ол - жалпыны жеке арқылы
танып білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт
белгілерін бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
Өнер – қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеологиямен екі
тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол белгілі-бір таптың мүддесіне қызмет
етіп, оның саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық және тағы
басқалардың көзқарастарының насихатшысы және, екіншіден, ол адамдардың
қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары
сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді.
Өнердің келесі ерекшелігі ол – қоғамдық сананың эстетикалық сезім
тудыратын формасы. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық
сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда өмір белгілі-бір
эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни өнер шындық нәрселері мен
құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы
немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп, баға береді.
Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор рөл атқарады.
Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен
өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, әдемілік
заңы бойынша да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К.Маркс.
Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан
құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да
өнерді мәдениеттің айнасы деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар
шеңберінде белгілі-бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол
мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз.
Өнер мәдениеттің айнасы деп бекерде-бекер айтылмаған. Ол
мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның
дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына,
суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері
қалыптасады.
Өнер деп - адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер
етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін
айтамыз. Өнер – адами ақиқат, адамдандырылған екінші әлем. Өнер, көркем
бейне және жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты
категориялар.
Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады.
Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық
сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді
қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі-бір қоғамның даму нәтижелерін
көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне
әсер ететіндігін білдіреді.
Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына
негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы
түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде,
ешнәрсеге тәуелсіз мақсатсыз мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл
сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл
тұста таза өнер мен кәсіпөнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс
философы И.Кант таза өнер мен кәсіпөнерді ажыратып қарастырды да,
біріншісін – еркін өнері, екіншісін – табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант
бұл жерде еркін өнер деп адамның өзінің рухани болмысынан шыққан образды
шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, саудасаттық
мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы
талғамына, сұранысына ыңғайластырып жасалынады.
Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін
білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін
пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу
өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс
табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына
жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем
дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам,
табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу
өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін
жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары
өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл
өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді.
Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино)
қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен
ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі
қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып,
заманның тірлік тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу
өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен
көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан
дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр
жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі-түсті
бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын,
мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады.
Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай
монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер,
галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады.
Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда,
мекеме ғимараттарының қас беті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу
өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж,
натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

2. Негізгі бөлім
2.1 Бейнелеу өнеріндегі композиция
Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция
деп аталады.
Графикалық сурет пен кескіндемелік сурет салуда сызықтық, форманы
құруда құрылымдық, тепе-теңдік (пропорция), көлем, жарық пен көлеңке, көңіл
күй мен жайжапсарды беру жүйеленеді, әсіресе композициялық қарекеттер жайлы
ерекше айтуға болады. Өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды
толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
Кез-келген суретке назар салып караңдаршы, шығарма композициясы
симметриялық па, әлде асимметриялык па?
Кез-келген суретті салу композициядан басталады. Композициялық
әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу аркылы іске
асырылады.
Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір
қалыпты қозғалыссыз түрған қалпын көрсетуге жол ашады.
Композиция - салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара
байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу,
шығарма көлемін табу, т. б. шешімдерді дүрыс беру композициялық құрылым
элементтеріне байланысты. Кең, жазық далада теңіз жағасында түрғанда, біз
көкжиек сызығын көреміз.
Сурет салғанда, кекжиек сызығын әртүрлі, кез-келген биіктікте
белгілеуге болады. Бүл бейнеленетін заттар мен нәрселердің сурет салып
отырған адамның көзінен жоғары немесе төменде түруының композицияға енген
бөліктеріне байланыстылығында.
Композициялық жұмыстарды жасауда заттың өзіне карап мүмкіндігінше көп
жұмыс жасау кажет. Өздеріңді коршаған ортадағы айшықты, әсерлі сәттерді
айқындай білу, көріп, есте сақтау қабілетін, қиялдану мен
аңғарымпаздықтарын дамытуға тырысу қажет. Сурет салу үшін шағын альбомды
әрқашан бірге алып жүру шарт. Композициялық шешімі жағынан күрделі
картиналар үшін міндетті түрде катты қағаз дайындап алған жөн.
Сурет салуға кіріскенде альбом парағын калай орналастырған дұрыс екенін
(тік немесе жатық), суреттің үлкендігі қандай болу керектігін,
композицияның жалпы тепе-теңдігін сақтау үшін кағаз бетінде оны кай жаққа
және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн. Қағаз бетіне
түскен заттар ауада асылып, ілініп түрғандай болмай, оларды әлдененің
үстіне кою, яғни олар түрған негіздің қандай да бір бәлігін және олардың
айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған көлеңкелерді қайсыбір
бөлігін ауырлау немесе жеңілдеу етіп беру керек. Қағаз бетінде заттың
өзінің сыртқы тұрпаты белгіленіп болған соң жарықтың, жартылай реңктің,
көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп керсете отырып, жарык пен
келеңкені жүргізеді.
Бөлме ішінің керінісін салуда ең алдымен көкжиек сызығын анықтауымыз
қажет. Мұны анықтау өте оңай. Ол үшін көз деңгейінде сызғыш немесе кітапты
жатық түрде ұстап тұрып, салынатын затқа қарау керек. Сол кезде көкжиек
айқындалып, натураны қай биіктікте қиятыны белгілі болады. Егер көкжиек
сызығы салынған суретте өте биік орналасса, көрермен салынған суретті
биіктен қарап түрғандай болады.
Ал көкжиек сызығы төменнен белгіленген болса алыстаған фигуралар
алдыңғы пландағы ірі денелермен, заттармен кезектесіп түскендей керінеді.
Композициялық шешімде симметрия жөне асимметрия үлкен рөл аткарады.
Суреттің композициясында оның түстік, реңдік катынастары өте маңызды..
Өрнектерді құрудың композициялық негізі
Өрнектер, арабеск, гротеск, оюлар ырғақты үйымдасу мотиві негізінде
құрылады.
Ою-өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Жануарлардың терісінен,
ішектерінен, өсімдік сабағынан тоқу, өру жұмыстары тоқымашылык өнерінің
келіп шығуына, әртүрлі өрнекті суреттер мен бейнелердің пайда болуына әсер
етті.
Өрнектер бүйымның материалы, пішіні, функциясымен байланысты, сонымен
катар көркем бейнені өзінің тілімен, өзіндік заңдыльщтарымен, композициялық
принциптерімен бере алатын ғажайып қасиеті бар.Кейбір жағдайда ернек
өзіндік құндылығы бар көркемдік феномен болып табылады.
Өрнек түрлерінің бірқатар тобын карап көрелік.
Біріншісі фактуралық топ бұл өрнек түрлерінің ең карапайым табиғи,
табиғатта кездесетін (ағаштың, тастың табиғи фактурасы), техникалық топ
бұл технологиялық қарекеттердің нәтижесі (қамшы өру, арқан есу, жіп иіру),
сондай-ақ суретшінің калауымен заттын, нәрсенің бетін көркемдеп әрлеу
(ағаш, металл, керамика, тас, терінің фактуралық өңделуі).
Символикалық өрнектер қазіргі заманда өте шапшаң дамып келе жатыр, бұл
фирмалық белгілер эмблемасы, сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі
және т. б.
Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл
өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құраушы топ. Геометриялық
топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттерімен шектеледі. Ә
Әрбір халықтың өзіне тән, өзіне ғана түсінікті бейнелі
хабарлау тарихы болған. Ежелгі өнер тарихында меандраны бейнелеу бір өзен
ағысының бұралаң арнасын көрсетуге бағышталған.
Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып
табылады. Өсімдік өрнегін өнер шығармасы үшін ағаштар немесе өсімдіктердің
шешек атып, гүл жарған шағы, оны құрылым негізі деп түжырымдауға болады.
Бүйымдық өрнек түрлеріне кайта дәуірлеу кезеңіндегі барокко,
классицизм, белгілі өрнекті натюрморт жатады: астральды өрнек түрлеріне
галактика Күн, Ай, жүлдыз, комета, Жер ғаламшары жатады;
Гротеск деп бірнеше өрнек түрлерін аралас түрде бейнелеуді айтады.
Суретші палитрада бейнелі және композициялық мүмкіндіктерді пайдаланып
жүмыс жасайды.
Қазіргі заманның компьютерлік графикасы мен теледидар көрсетілімдері
бұрын сонды болмаған аралас өрнек пен көркемдік оюларды іске асырып
жатқандығы мәлім.
Гротеск жұмысында өрнектер мотивінің біреуі басты рөл атқарып,
қалғандарын иерархиялық жолмен орналастыру шарты орындалуы тиіс.
Айналадағы қоршаған ортадағы заттар мен бүйымдарды мүқият бақылаған әрбір
адам заттардың бізден қанықтаған сайын кішірейе түсетінін жақсы біледі.
Кеңістік перспективасы.
Сурет салғанда фронталь сызықар алыстан көрінген заттарды жақындағымен
салыстырғанда кішірейтіп көрсету ғана маңызды емес, сонымен қатар ол қағаз
бетінде үлкен де, кіші де болмауы керек.Мысалы, текшенің формасын нақты
түрде беру үшін көрудің жалпы бір нүктесін, яғни оның барлық қыры
көрінетіндей нүктені таңдау қажет.
Бөлме ішінің бір бөлігін таңдап алып салу үшін, біріншіден, бөлме
ішінің аумағы жақсы керінетін жерді іздеп табу кажет; екіншіден, бөлме ішін
тақырып бойынша немесе көз алдыға елестете отырып салу үшін бөлме ішінің
кеңістігін бере білу ережесін білу, оның едені мен қабырғасының бір-біріне
қатынасын анықтауда олардың перспективалық қысқаруын ескерген жөн.
Сызықтық перспективасы
Салынған суретке параллель түскен сызықтар деп аталады.
Бұйым жазықтығы. Жердің жатық жазық беті, еденнің немесе үстелдің беті
бұйым жазықтығы деп аталады. Оның бетінде бейнеленген объектілер
орналасады.
Сурет салу жазықтығы. Бөлме ішінде отырып, терезеден сыртқа қарасақ,
әртүрлі арақашықтықта орналасқан үйлер мен ағаштарды және тағы басқа
объектілерді көреміз. Егер олардың сыртқы сызықтарын терезе бетіне сызып
түсірсек, бүйымдардың шектелген бейнесін алуға болады. Бұл жерде терезе
шынысы сурет салу жазықтығы болып есептеледі.
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс
орналастыру, бәрі де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте
музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең үғым бар. Түсініктірек
болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.
Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары
басында пісіп жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары,
жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз
орындарын тапқанша, талай өзгерістерге үшырап, сан рет қайта сүзгіден
өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі-бір
ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі
пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.Міне, алдын- ала
атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым турде жоспарлау деп
атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір
дүниеге айналдыру.
Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген
мағынаны білдіреді) шығарманын, құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің
орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция көркем
құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып
бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын,
нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан
бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас
етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары
соған байланыстылығын үмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны
қойып, өз орнын белгілеген соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі
орналастыруды ойластырады.
Композицияның негізгі талабы шығарманың көркемдік бірлігін табу.
Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, со
лардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету
немесе әрқилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған
шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу
керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.
Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын
алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе
күңгірт түсті, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен
ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың
тобын) деп атаймыз.
Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз
қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай,
композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның
композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға
болмайды. Көп жағдайда сөйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық
тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық,
тақырыптың орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың
классикалық үлгісінен мысал келтірейік.
XVI ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір
сүріп, жүмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол "Құпия кеш" атты үлкен картина
фреска жасаумен айналысты.
Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімінің жақындағанын сезген соң,
соңғы рет шәкірттерін жинап сұхбат құру сәті еді. Леонардо да Винчи үшін
фрескадағы тақырыптық орталық Христос тұлғасы. Бұл бейнені жасауға ол
бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фрескасының қатаң да ұлы
қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді.
Христостың түлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.
Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспективалық түйісу
де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын
тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістіреді.
Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялық жана
емес, сонымен бірге фресканың геометриялық орталығы болып табылады.
Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы
дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді
өзге мысалды білмейміз.
Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет,
өйткені композицияның негізгі мұраты — суретшінің идеялық ойын көрсету.
Осыдан композициялық орталық көркем шығарманың композициялық құрылымының
түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге
қызмет етуі керек.
Композицияның өрнектелу күші композициялық орталық бір уақытта
тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.
Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның
композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз. Суретте
композициялық орталық не болатынын ойша болжағаннан кейін, сол зат немесе
дененің шамамен сұлбасын, орнын қағаз бетіне түсіру керек. Өзге жүмыс осы
нүктеден таралып, біздің қарындашымыздан туындаған, қалған сурет сол
орталыққа бағындырылады.
Суреттегі денелердің көлемі, пішіні және орналасуы, композициялық
орталық деп саналатын заттың немесе түлғаның көлеміне, пішініне жөне
орналасуына көп тәуелді. Бұл тәуелділікті композициялық ырғаұ деп
атауымызға болады. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық
шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзінен бұрынғы дыбыстық
табиғи жалғасы. Осынау дыбыстардың сан түрлі гаммасы бірігіп, жалпы
үндескен гармонияға ұласады. Жалғыз жалған нота осы бірлікті бұзған уақытта
гармония ыдырап, берекесі кеткен дыбыстарға айналады.
Өйткені, қандай да көркем шығарманың композициялық орталығы оның басты
бөлімі болғандықтан, яғни бір суретте екі немесе бірнеше композициялық
орталық болуға тиіс емес. Неге десеңіз, олар бір-біріне кедергі жасап,
композициялық орталықтың көрерменге әсерінің күшін жояр еді.
Суреттегі композициялық ырғақ композициялық орталықтың басқа
бөліктерімен арасындағы байланысқа ғана емес, сол бөліктерінің бір-бірімен
байланысына да тәуелді. Композициядан алатын толық әсері, оның құрылымының
қалыптасуында. Суретші өз шығармасында жекелеген заттардың орналасуымен
олардың бір-бірімен тығыз байланыстыруын қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны оқытудың жолдары
Естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесі
Бейнелеу өнері сабағын өткізуде кезеңдер бойынша сурет салуда барлық заңдылықтарды меңгерту
Бастауыш сынып бейнелеу өнері
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Бейнелеу өнерінің маңызы
Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Модернизм дәуірінің өнері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көмірмен сурет салу
Пәндер