СӘНДІК – ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР. ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БИСЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. БИСЕР ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Бисер шығу тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1.2. Бисер түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...9
1.3. Бисермен салынатын ою -
өрнектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
1.4. Түстер
үйлесімділігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16

ІІ. СӘНДІК – ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР. ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1. Еңбекке баулудың негізгі қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Еңбек пәні бойынша оқытудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан
өміршең өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындаларын халықтың
өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел
тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптаған
адамға қолөнер бұйымдарына салынған түрлі-түсті ою-өрнектерден адамзат
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-
қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Қолөнер шеберлері табиғат
сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бет-бедеріне
ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр
шертетіндей. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл – халық қазынасы,
ғасырлар мұрасы. Соған орай әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына,
тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері
өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтатын болсақ оның
өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен
қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жайт – көп ғасырларға созылған көшпелі
өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп – қонуға
ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің
талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен нақышталып беріліп отырған. Алдымен
бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылды десек те, олардан бояуы,
әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.
Адамзат дамуының қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері
әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір
тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан
қолөнері де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Қазақстан
территориясында археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде
жасалған қолөнер бұйымдары соны дәлелдейді. Осы бұйымдардан ғасырлар бойы
жинақталған тәжірибе, халықтың даналығы мен таланты байқалады.
Мектептің жаңа бағдарламалары арқасында, оқушылар қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнерінің тарихымен; оның дамуы мен жаңғыруы жайлы
біліктіліктерін толықтырады, бұл бұйымдарды жасаған ұлы шеберлер аттарымен
танысады.
Халық шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып, оны өңдеуде
техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең қолайлы
жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді.
Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер
үлгілерінің бірі – терме тоқу ісі.
Шебер өнебойы ізденісте болады: өз-өзін әрқашан да дамытады, халық
қолөнері жайындағы біліктіліктерін толықтырады, қазақ халқының мәдениетінің
ерекшеліктерін зерттейді, өзіндік көркемдік ерекшеліктерінің өрістеуіне
талпынады.

І БИСЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ. БИСЕР ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Бисер шығу тарихы және бисер түрлері
Бисер деген сөз ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ,
домалақ, сопақша, әр түрлі шыны, металл, керамикалы материалдардан жасалған
моншақтарды бисер деп атайды. Одан үлкендері кәдімгі моншақ деп аталады.
Бисердің түрлері, өлшемдері әр алуан, сондықтан тоқылатын бұйымға
байланысты бисердің қандай түрін қанша мөлшерде алуды, қандай түсін алуды,
ине-жіпті тандай білу керек.
Бисерді ең көп шығаратын жерлер - Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.
Бисердің ерте кезде дайындалған түрлері мұражайларда кездеседі. Олардың
сапасы өте жоғары болған. Қазіргі кезде өндіріс орындары сол сапаны
жоғалтпауға тырысуда.
Қолөнер шеберлерінің шығармасының қандай түрі болса да халық
өмірімен, сол халықтың өткен қоғамдық тарихымен, мәдениетімен тікелей
байланысты.
Оқушы шығармашылығы қабілетті үнемі дамуды, жетілдіруді қажет етеді,
олардың шығармашылықтарын түрлі сипатта көруге болады.
Бисердің шығу тарихы
Бисер тоқу өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық
шығармаларының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай
суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа,
тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер де әшекейлер тоқуга
болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары
бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармаларының осы түрі жаңа өрлеу үстінде,
дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілі шыдамдылықты жэне фантазия
мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады.
Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жогары болып, түстерді айыра
білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің
шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан
пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың
ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялык
көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған
олар
кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады.
Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық
әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе эйнек дүниеге
келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен
жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяктар біздің заманымызға дейін VI ғасырда
ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу
арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұлдай
әшекейлерді еркектер ді әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы Бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы
арабты Бусра немесе Бусер деген сөзінен шыққан мағынасы жалған
маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне
өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды
түрік жауынгерлерді жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа
тарап элемге танымал болды.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды
жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды
ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде бисерді калай орналастыруды ойластыру
кажет. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді жастықшаға үқсас
төрт бүктеп, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайда өте терең
емес (5-10 мм) тәрелкелерге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке
тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар
пайдалануға болады.
Бисермен жүмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен
жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп
согады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау
қажет.
Бір кездері моншақ ортасында тесігі бар ұсақ тастардан жасалған
болатын. Ал ұсақ тастарға тесік жасау алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары
үшін де онша қиынға түспеді. Олар тескіш ретінде –лтірілген аңдардың немесе
жаудың тісін, ұсақ сүйектерін, түйіршік дәнді пайдалануы мүмкін. Кейіннен
моншақтарды саздан илеп жасауды үйренген болар.
Ұсақ моншақ тастардан жасалған бұйымдар алғаш Ежелгі Мысыр және
Үндістан елдерінде пайда болды. Ол елдерде алғаш (мөлдір емес) шыныны ойлап
тауып, одан жасанды інжу даярлаған, арапша бусра, бусер деп аталады.
Ежелгі Египет пен Сириядан моншақ өндірісі Греция, Рим империясына,
Галлияға, Германияға және Византияға тарады, кейәннен Венециямен барша
Еуропаға жетті. Венеция көп ғасырлар бойы моншақ –ндірісінің орталығына
айналған еді. Ол Шығыс пен Батысты түгел моншақпен қамтамасыз етіп тұрды.
Моншақты алтынға, үнді заттарына, қытай жібегіне айырбастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Бөгем шеберлігі (Солтүстік Чехия) шыны
жасауды үйренді. Сөйтіп уақыт –те бөгем моншағы Венеция моншағымен
бәсекелестік жасар сапаға көтерілді.
Біздің эрамызға дейін Еділ мен Жайықтың даласын жайлаған сақ және
сармат тайпалары әйел киімдері мен аяқ киімін моншақтармен безендірілген:
мұндай дәстүр ежелгі славяндарда да болған. ХІ - Х ғасырда Киев Русі
кезінде әйелдер мен балалар шыныдан жасалған моншақ және білезік таққан.
Шыны жасау өнері Киевте Х ғасырда пайда болған. Кейінірек шыныны
Владимирде, Рязаньда, Полоцкіде және басқа қалаларда жасай бастады, алайда
моншақтарды Германиядан, әсіресе Венециядан әкеелу таластаған жоқ. Х
ғасырда сырттан әкелінген моншақтар інжу мен басқа да қымбат тастармен
қатар жоғары бағаланған.
1752 жылы атақты Ломоносов басқа әуестіктерден бөлек химиямен, атап
айтқанда химиялық технологиямен айналасқан. Ол Араниенбаум (қазіргі
Ломоносов қаласы) жанынан өзі ойлап тапқан түрлі түсті шыны жасау, одан
моншақ, түрлі шыны бұйымдарын жасау фабрикасын салдыруға рұқсат алады.
Кейінірек моншақты түрлі тоқымалар мен сәндік бұйымдар да кеңірек
пайдаланған. Оны қолөнерде гөбелен, панно, жастық, картинада, сөмке мен
көшелектерде көп пайдаланған, сонымен қатар темекі трубкасын өрнектеуге
(бұл әдіс Ресейдің оңтүстік өңірінде әлі де қолданылады) сиясауыт қорапшаны
өрнектеуге пайдаланған. Моншақ шаруа киімін әшекелеуге де, қалалық ақсүйек
киімін әшекелеуге де жұмсалған.
Әйелдер мен қыздар өздерінің бүрмелі жағалары мен көйлектерінің ұзын
салпыншақтарын, шашбауы мен бұйымдарын, белдігі мен сырғасын, бас
киімдерін, оның жиектері мен желкелігін моншақпен әшекейлеген. Мұндай
әшекей міндетті түрде мерекелік салтанаттық ажырамас бөлігіне айналған.
Бұл өнер құлдырау кезді де бастан кешірді, алайда қазір екінші –мірге
келгендей болды. Моншақтан ең қарапайым бұйым – білезік алқа жасауға
болады. Мұндайды қазіргі жастардың білегінен жиі көруге болады. Ол ежелгі
халықтық дәстүрдің қазіргі жастар үлгісіне (мода) айналғандығының, жалған
тапқанының көрінісі.

1. 2. Бисер түрлері.
Дөнгелек келген бисер жиі қолданылады. Олар дөнгелек болып келетін,
моншақтардан кішірек, жіптеу тесігі жағынан жапырылған дөнгелекшілер. (1
сурет)

1 сурет. Дөңгелек бисер.
Бисердің тесігі төртбұрышты, дөнгелке болып кееледі, әр түрлі түсті,
барлық жағынан сырланған, бисер диаметрін номерлейді: мысалы бисер ұсақ
болған сайын нөмері сонша үлкен болады. 40 – ірі бисер, 110 ең ұсақ
бисер.
Шабылған бисер бұл қысқа цилиндрлік құбыршылар. шабылған бисер
кәдімгі және граненді болып келеді, граненді шыпқыш кішірек келген
кристалдар сияқты жарқырайды. Шабылған бисер нөмері дөнгелек бисердің
ннөмері сияқты анықталады. (2 сурет)

2 сурет. Шабылған бисер

Қисық шабылған бисер шыны құбыршасы тік емес, 40 – 60 граудспен
шабылған болған кезде істелінеді. (3 сурет)

3 сурет. Қисық шабылған бисер
Бисермен жұмыс өте күрделі және көп ынтаны қажет ететін өнер түрі.
Бисермен жұмыс кол мен саусақ ыңғайлығын қажет етеді. Бисермен жай ғана
нәрселерді әрлендіре безіндіруге болады. Бисер өте майды және ұсақ болып
келеді, сондықтанда оның көз ұшқырлықпен шыдамдылықты да қажет етеді.
Бисермен жұмыс кезінде түрлі – түрлі үй шаруашылығында, тұрмыста,
киім – кешек, аяқ киім, кез келген заттарды әшекейлеуге болады. Бисер әр
нәрсеге өзінше бір сән береді, тек сол нәрсеге бір ерекше қасиет береді.
Бисермен жұмыс істеу түрлері, оны өру түрлері де 4 суретте
көрсетілген.

4 сурет. Бисермен жұмыс істеу түрлері.
Бисерден жасалатын бұйым түрлеріне келесі заттар жатады:
- ұй тұрмысындағы заттар
- киім – кешек
- аяқ қиім
- бас киім
- сөмке, әр түрлі қалталар
- ұялы телефондар
- макраме
- қол орамалдары және т.б. көптеген заттар
Бисерді материалдарға, былғарыға, ағаш бұйымдарына және басқа да
матариладардың үстіріне әр түрлі тәсілдермен жаптыстырылады немесе
тігіледі. Бисер өте ұсақ болғандықтан бисермен жұмыс істеген кезде техника
қауіпсіздігін сақтаған жөн. Сонымен қатар кішкентай балаларға беру,
кішкентай балалар киімдерін әшекейлеуде бисерді қолданбаған жөн.
Бисермен жұмыс кезіндегі ерекшеліктері өте әр қилы болып келеді.

1.3. Бисермен салынатын ою - өрнектер
Бисермен салынатын ою - өрнек деп, қосарласа айтылатын сөз бар. Ол
тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыл, өрнек.
Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар
: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге
асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен (элементтен) құралады.
Сонымен, ою - өрнек дегеніміз - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен
құрылған өрнек бөлшіктері. Кейде осы сөзді жалпы ою деп атай береді. Ою
сөзін латынның орнаментум (орнамент), ал өрнексөзін орыстың узор
сөзінің баламасы ретінде қолдануға болады.
Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, тізгіннің ұшында, өзіндік тарихымен, әдет –
ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенділерімізді бүкіл әлемге өзінің
ерекшелігімен таныта білген – қолөнері.
Қолөнердің халықтың әлеуметтік, салт – тұрмысында алатын орнының
қаншалықты биік, жоғ,ары екеніне сене алсаң – оның ішінде қолөнерді
нақышына келтіретін әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол – ою -
өрнек.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік,
сан – сапасы өскелген мәдениетіне бір күнде, бірғасырда жеткен жоқ.
Қазіргі кезге дейін жеткен тас бетіндегі суреттер, тас мүсіндер, сәулет
мұралары, қол өнері туындылары тағы басқа өзіндік тұрғыдағы айрықша орын
алады.
Енді ою - өрнектің тарихына тоқталса – ою салуда, оның жиегі әртүрлі
заттарда жуан немесе тереңдетілген сызықтармен жүргізілген. Мысалы,
Грецияда заттың негізгі формасы ою - өрнекпен ерекшелік қасиетін көрсете
отырып, жалпы тұтастық заңдылықты қолданып, үлгі ретінде қалдырған. Ал
римдіктер пайдалы жағына ден қойып, көңіл бөлген. Өмірдегі сымбаттылықтан
гөрі практикалық жағына көп көңіл бөліп, комфорт пен байлықты көрсетуде
кеңінен қолданылған.
Қытайда ою - өрнек арқылы сәулет өнерін дамытуды мақста етіп қойған.
Сонымен қатар, ою - өрнектер өнеркәсіпте қолданылып, натуралистік мотивтері
нақтыланған живописьте жазылған. Қазақстан өрнегіне итән ерекшелік
көрінісін береді, ол сызықтар мен иректер және оның тегіс етіп салынып
боялуында. Дегенмен адамдардың өзін қоршаған ортаны танып, табиғат
заңдылықтарының сұлулығын симметрия, ырғақты байқап, оны ою - өрнекке
айналдырып, өзінің сана сезімнің қандай дәрежеге көтерілгенін байқайды.
Қола дәуірінде Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпалар еңбек
құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда, құю, жону
бастырып өркендеу, тегістеп жылтыратуға басқа техникалық тәсілдерді жақсы
меңгеріп, заттарға өрнек сала білді. Сол кездегі бұйымдарға бейнеленген
белгілер бастырылып түсірілген.
17-18 ғасырлардағы қазақ халқының қолөнерінде кездесетін ою-
өрнектерге өте ұқсас екендігі Ә. Марғұлан, Қ.Ақышовтың, М.Мұқановтың,
Қ.Ибраевтың тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген.
Әр халдықта, ұлтқа тән өзіндік ою - өрнек негіздері қалыптасып
дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу
жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару-жараққа, үй
жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасқан. Ою-өрнек адам баласының
ақыл-ойларының толып толқуымен ,жүрегінің үлүпілімен , өзін айнала
қошаған ортадан туған образдар. Бұл- халықтың білімінің, шеберлігінің
өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.
Ою деп, заттың бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың сыртқы
пішініне, түріне,шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп,
қарапайым симметриялы элементтерден құрылып, ырғақ, теңеу, рең арқылы
түзу жазықтықта немесе шщаршы, ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан
әшекейлі өрнекті айтады.
Ою - өрнектің қайсысын адам баласт бірінші ашып, көркем өнер
шығармасы ретінде қолданғанын дәл зерттеп ашқан ешкім жоқ. Ашып дәлелдеу де
мүмкін емес. Қайсысының бірінші, қайсыбірінің екінші, ою - өрнек бір –
біріне қалай бағынады, бұған тек арнаулы физикалық – математикалық
заңдылықтар арқылы ғана бағыт – бағдар беруге болады. Ол тек ғылыми
тұрғыдан берілетін тұжырым.
1. Көрмені тамашалау. (Оюланған көрпешелер, киімдер, ыдыс – аяқтар
т.б. заттар).
2. Ою - өрнектелген қазақтың ұлттық киім үлгілері.
3. Мектеп оқушыларын аңыз арқылы сәндік қолданбалы қолөнеріне
қызықтыру. (Ертегі Ою – хан және Жою – хан). (Технология журналы №
4 2004 жыл).
4. Қазақтың ұлттық ою - өрнектерінің түрлері.
Ою - өрнектің классификациялық негізі мәнері топқа төрт бөлінеді.
Олардың барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері жатыр. Ол –
нүкте, ол – сызық, бұлар классикалық төрт топтың негіздері.
Классикалық ою - өрнектің төрт тобына: геометриялық ою - өрнектер,
жан – жануарлар, хайуанаттар ою - өрнектері, өсімдік тектес ою - өрнектер
және космогониялық (аспан, көк әлемнің жер – дүние сырын бейнелейтін) ою -
өрнек жатады.
Дегенмен көптеген әдебиеттерде дәстүрлі түрде олар:
- өсімдік тәріздес өрнектер (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық гүл, ағаш
және басқалар)
- зооморфтық ою - өрнек (жан – жануарлардың табиғи және қиялы
бейнелері, қошқар мүйіз, төрт құлақ, қос мүйіз, түйетабан, өркеш, қаз
мойын).
- космогониялық өрнектер (дөнгелек, крест, шимай, тұйық ою, біт
пес).
- геометриялық өрнектер (үшбұрыш, тұмар, ирек, жіліншік, итқұрық,
балта).
Қазақ ою - өрнектерінің жиі қолданылатын 200-ден астам түрі бар.
Олар ай, айбалта, айбас, аймүйіз, алақан т.б. болып кете береді.
Ою - өрнектердің көп тараған түрі – зооморфты үлгі. Осылардың ішінде
кең тарағаны – қошқар мүйіз.
Сонымен, ою - өрнек дүниенің реалистік көшірмесін бейнелегенмен, көз
жауын алардай нәзік, талғампаз, пластикалық пішіндері мен бояу түсінің
айшықты үйлесімді кез келген адамның субъективті сезім толғанысына әсер
ететіні сөзсіз.
Шын мәнінде ою - өркнектер тек әдемі ғана емес, сонымен қатар терең
мәнге, танымға да ие. Халқымыз өмірден көрген – түйген ойларын әдемі
шеберлік шешіммен ұштастыра білген.
Бисермен жұмыс кезіндегі салынатын оюлар түрі сан алуан. Жалпы, қазақ
өнерінде кездесетін ою-өрнек төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топ-жан-жануарлар дүниесін білдіретін ою-өрнектер. Бұл
көбінесе киізден жасалған бұйымдарды өрнектеуге қолданылған. Тұрмыс –
тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халық арасында
қолөнер бұйымдарын көркемдеуде мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған. Олар:
қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, тармақ мүйіз, қырық
мүйіз, кілт мүйіз, арқан мүйіз, бұғы мүйіз, марал мүйіз тағы басқалар.
Бұдан да басқа жан-жануарлар әлемін білдіретін өрнектер тобынан түйе табан,
омыртқа, ит құйрық, құсқанат, жарқанат, қарға, тұяқ сияқты өрнектер кеңінен
пайдаланылады. Бұл өрнектер әр шебердің эстетикалық талғамына сай шым ши
бетінде ою-өрнектер орналастыру тәртібі бойынша кейде орталық бөлікке
немесе жиек оюларына түсіп отырған.
Қазақ халқы малды аса қастерлеп, қасиет тұтқан. Кездескен адамға мал-
жан аман ба? деп бірінші саулықты малдан бастауы тегін болмаса керек.
Демек, халық ұғымы бойынша әрбір ою-өрнек белгілі мазмұнға ие болған.
Әсіресе, киізден жасалған бұйымдарда қошқар мүйіз өрнегі байлықты
білдіретін, ал қырық мүйіз өрнегі мал басының көбеюін білдіретін белгі
ретінде кең тараған.
Екінші топ-өсімдік тәрізді өрнектермен әсемдеу. Әрине, әрбір шебер
туып-өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге
қолданған. Бірақ, ши тоқу өнерінде өсімдік тәрізді өрнек кездеспейді. Олар
тек ою арасында қосымша роль атқарады. Шым шидің теріс бетіне салынған
өсімдік тәрізді өрнектеледі. Ал гүл, жапырақ, бадам, анар, шырмауық, қияқ
тағы басқа өсімдіктер өрнегі көбінесе сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады.

Үшінші топ-геометриялық ою-өрнектер. Шым шиге түс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Ұлттық қолөнерге баулудағы халық педагогикасының мәні
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі. «Саз сырнай»
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Технология сабағында жоғары сынып оқушыларына қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуге үйрету
Бастауыш сыныбында еңбекке баулуды оқыту
Пәндер