Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-тарау. БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ПАРИЖ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ5
1. 1 Антанта мен Германия арасындағы қатынас. 1918 жылғы Компьен бітімі5
1. 2 В. Вильсонның «14 пункті» және Версаль келісімі9
2-тарау. ВАШИНГТОН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ25
2. 1 Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты25
2. 2 Вашингтон конференциясындағы қарусыздану мәселесі және Төрт, Бес, Тоғыз держава келісімі28
2. 3 Версаль-Вашингтон жүйесінің мәні мен қайшылығы32
ҚОРЫТЫНДЫ35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37
Кіріспе
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң соғысушы елдердің бір жағының жеңілуіне байланысты ғана емес, Орталық Европа мемлекеттерінің кейбіреулерінің Қазан революциясы тәжірибесімен соғыстан революция жолымен шығу қаупі төнгендіктен, бейбітшілік проблемасы ең негізгі мәселеге айналды. Бүкілресейлік Кеңестердің II съезінде қабылданған «Бітім туралы декрет» кейбір елдерде революцияға шақыру үндеуі ретінде қабылданды. Революция қаупінен сескенген соғысушы елдер бітім жасауға асықты. Осындай әлем картасын кесіп-пішудің негізінде Версаль-Вашингтон жүйесі дүниеге келді.
Версаль-Вашингтон жүйесі басты жеңуші мемлекеттер - АҚШ, Англия, Франция және Жапония арасында жасалған капиталистік әлемнің жүйесі. 1914-1918 ж. ж. бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған осы жүйе әлемді қайта құруды бекітіп, отар елдер мен ықпал ету аумағын жеңуші мемлекеттер арасында жаңадан бөліске салуға шақырды.
Бұл тақырыптың өзектілігі де осында жатыр, яғни Версаль-Вашингтон жүйесі соғыстан кейінгі бейбіт қайта құру, соғыстан бейбітшіліке өту процесін аяқтап, халықаралық қатынастар саласында және экономикада салыстырмалы уақытша тұрақтылыққа алғышарттар дайындады. Версаль-Вашингтон жүйесі жеңушілер мен жеңілушілерді татуластыра да алмады, жеңуші державалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюға да күші болмады, ол сипаты жағынан да ұзақ бейбітшілікке кепілдік бермеді. Бірақ осы жүйенің негізінде дүние жүзінің көптеген бөліктерінің картасы пішіліп, сол кезеңде сызылған мемлекеттердің шекара сызықтары бүгінгі таңда да көп өзгерістерге ұшырамады. Яғни бірқатар мемлекеттердің шекарасын анықтап, территориясын бекітуде елеулі орынға ие болды.
Курстық жұмыстың мақсаты Париж конференциясынан бастау алған кейіннен Версаль-Вашингтон жүйесі аталған тақырыпты жан-жақты зерттеп, оның халықаралық қарым-қатынастарды қайта құрудағы маңыздылығын аша түсу болып табылады.
Бұл тақырыпқа қалам тартқан тұлғалар көп-ақ, бірақ біз өзіміз қол жеткізген деректерге тоқталуды жөн көрдік. Әрине қазіргі таңда бұл кезең кеңестік идеология сарқыншақтарынан арылып қайтадан бағалануды талап ететіні сөзсіз.
Сонымен тарихнаманың басы ретінде ағылшын жазушысы Г. Никольсон «Как делался мир в 1919 году» атты бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтату жөнінде өткен халықаралық конференцияға арналған еңбегін атауымыз жөн1. Бұл - Париж конференциясы туралы естеліктер, ойлар, алған әсердің ерекше жиынтығы. Автор өз кітабының мақсаты мен маңызын былай анықтайды: «Мен қандай болмасын халықаралық конгресте тек тірі адамдар ғана келісімдердің сипаты мен мақсаттарын өздері анықтайтынына сенемін. Бұл жазуларымның мақсаты уақыт өтіп ұмытылып кетпей тұрғанда тірі куәгердің алған сезімін жеткізу болып табылады»2. Никольсон шығармасы екі үлкен бөлімнен тұрады: «Қазір ол қалай көрінеді» және «Сол кезде ол қалай көрінген». Ол өз мақсаты «тарихи оқиғаларды баяндау емес», тек Париж бен Версальдың «атмосферасын жасау» деп таныды. Сол күндері Парижде буржуазиялық Еуропа мен Американың саяси қайраткерлері жиналған еді: Вильсон мен Ллойд-Джордж, Клемансо мен Венизелос, Бальфур мен полковник Хауз, Орландо мен Падеревский, Пашич пен Братиану . . . Никольсон кітабында, дәлірек айтқанда, күнделігінде Париж сахнасымен жылжыған түгел саяси фигуралар галлереясы көз алдымызға келеді.
Ал И. Ф. Ивашинның «Создание Версальской системы» еңбегінде осы жүйенің құрылуы баяндалып, Кеңестік Ресей ерекше дәріптеледі: «Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзін шарпымады. Ол капиталистік дүниедегі қатынастарды реттеді. Жер бетінің алтыдан бір бөлігін құраған Кеңестік Ресей капиталистік қоршауда әрекет етіп, дамыды, бірақ ол Версаль-вашингтон жүйесіне бағынбай, өз бетінше дамыды»3. Міне, көріп отырғанымыздай, автор АҚШ, Англия, Франция империалистерін демократиялық қозғалыстарды тұншықтырушы ретінде көрсетсе, Кеңестік Ресейді дүние жүзіндегі жұмысшы табының жол сілтеуші шамшырағы ретінде көрсеткен.
Бірнеше келісімнің негізінде құрылған Версаль-Вашингтон жүйесі жаңа империалистік қарама-қайшылықтарының алдын алу әрекеті болғанмен, ол іс жүзінде қатты шиеленіске әкелген еді. Оны араға көп уақыт салмай алдымен Европаны, артынша бүкіл әлемді қайтадан шарпыған Екінші дүниежүзілік соғыстың болуынан анық байқаймыз.
Осындай мәселелерді қозғайтын бұл жұмыс құрылымы кіріспе, екі тараудан және қорытынды бөлімдерден тұрады.
1-тарау. БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ПАРИЖ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
1. 1 Антанта мен Германия арасындағы қатынас. 1918 жылғы Компьен бітімі
1918 жылдың басында герман әскерлері Бельгия, Люксембургтың территорияларын және Францияның солтүстік аудандарындағы маңызды бөліктерін иемденді. Империалистік Австрия-Венгрия және герман әскерлерінің қатерлі шабуылдары нәтижесінде (18 ақпанда кеңестік Ресейге жасалған) Шығыс Еуропада олар басып алған территория үш есеге дерлік ұлғайды. Германияның қолдауына сүйенген түрік империалистері Ардаган, Каре, және Батули аудандарын басып алды. АҚШ, Англия және Франция өкіметтерінің Кеңестік Ресейге қатысты бәсекелестік саясатын пайдаланып, империалистері оған тонаушылық мақсатын көздеген Брест бітімін ұсынды. Герман оккупанттарының қарамағында Прибалтика, Белоруссия, Украина, Қырым, Донбасс, Закавказье болды. Германия өз әскерлерін Финляндияға енгізіп, оны фин реакциясының ықпалымен антисоветтік плацдармға айналдырды. Брест бітімін қатал түрде бұзған Германия РСФСР-re қарсы жорық дайындады (батыстан, солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен) . Әскери жетістіктерге мәз болған герман империалистері өз әскерінің «жеңілмейтіндігі» туралы жар салды және жаңа жаулап алушылық әрекеттердің жоспарларын жасау үстінде еді.
Бірақ кайзерлік Германия құлдырауға жақындаған болатын. «Германияның жеткен жетістіктері ұлғая бастаған сайын, оның тығырыққа тірелгендігі айқындала түсті»4.
Сонымен бipге гepман блогындағы мемлекеттердің өз ішінде әлсіреген әрі аштыққа ұшыраған халықтың ұзаққа созылған соғысқа қарсы, осы мемлекеттердің империалистік басшылығына қарсы наразылығы күшейе бастады. Бұл жерде Қазан революциясының да әсері болмай қойған жоқ.
Осындай жағдайлардың нәтижесінде герман әскерлерінің арасында бейбітшілікке ұмтылыс байқалды, олар өздерінің бұрынғы әскери қабілеттігілігінен айрыла бастады. Бұл 1918 жылдың бірінші жартысында герман командованиесімен ұйымдастырылған төрт әскери операцияның барысы мен нәтижесінде көрініс тапты.
Герман басшылығы тез арада жеңіске жету үшін барлық күшін біріктірді. Ол өзіне Франция мен Англия әскерін қиратып, тас-талқан етуді мақсат етіп қойды, ал егер мұны іске асыру мүмкіндік болмаса, осы мемлекеттердің өкіметімен Германия үшін тиімді империалистік бітім жасасуға мәжбүрлемек болды. 1918 жылы 21 наурыз күні немістер Батыс майданда шабуыл бастады. 50-60 километрге алға жылжып, Амьен ауданында біраз жетістіктерге жетті. 1918 жылы сәуір айында немістер екінші рет басқыншылық жасады. Бірақ бұл жолы да көптеген шығынға ұшыраған неміс әскерінің әрекеті тоқтатылды. 27 мамырда немістер Парижге үшінші басқыншылық әрекет бастады. Олар Марнаға қарай жылжып, Парижден 70 километр қашықтықта болды. Реймс ауданындағы үшінші басып алу әрекеті де жетістікке жетпеді, себебі Германияның күші соңғы шегінде тұрған болатын.
Осының арасында Еуропа континентіне американ әскерлері келе бастады. 1917 жылдың сәуіріне дейін формальды түрде «бейтарап» саясатын ұстанған АҚШ империалистер Антанта мемлекеттеріне әскери тауарлар әкелу нәтижесінде байыды. Барынша қаруланған АҚШ соғыстың соңғы кезінде қосылып, бітімді өз пайдасына қарай жасау мақсатында екі жақтың соғыстан әбден әлсіреуін күтті. Осы мақсаттарын жүзеге асыратын сәт туды деп шешті олар.
Батысында Антанта мемлекеттерімен соғысқан Германия сол уақытта Кеңестік Ресейге қарсы интервенциялық саясат жүргізіп, оны тұншықтыру үшін қолынан келген барлық әрекеттерді жасады. Германия Батыста басып алу кампанияларын жүргізген уақытта да Шығыстағы күшін әлсіретпеді. 1918 жылдың казан айынан ақпан айына дейін герман әскери басшылығы Шығыста 1, 5 миллионнан 900 мың адамға дейін қысқарды, яғни 87-ден 53 дивизияға дейін жетті. Бұл Германияның Батыс фронтында әрбір солдат қажет болған уақыты еді.
1918 жылдың ортасында ағылшын-француздар және Еуропаға келген американ әскерлері үшін Германияға қарсы іс-әрекеттерді жандандыруға қолайлы жағдай туды. Жаз айларында бүкіл фронтта басталған басқыншылық саясаты оларға жеміс әкелді. 1918 жылы 8 тамызда Анкр мен Авр арасындағы ауданда одақтастар фронтты бұзып өтіп, 16 неміс дивизиясын қатардан шығарды. Людендорфтың мойындауы бойынша, бұл күн герман әскері үшін «қаралы күн» болды.
1918 жылы 14 тамызда Гинденбург не болса да, бітімге келуді талап етті. Ол әскерді, әсіресе, командалық құрамын құлдыраудан сақтау қажет екендігін айтты. Бітім жасауды талап етудегі мақсаты - Германия территориясында әскери қимылдарды болдырмау, оның әскери-өндірістік аппаратын сақтап қалу. Германияның одақтастары да сұрапыл соғыстан шаршап, әлсіреген болатын. Австро-Венгрия империясы терең дағдарысты басынан кешірді, жұмысшы табының басшылығымен революциялық қимылдар жасалды. Ұзаққа созылған империалистік соғыс пен Қазан революциясының тигізген үлкен әсері бұл қозғалысты күшейте түсті, Чехия мен Венгрияда да халық көтерілістері етек алды. Австро-Венгрия империясы құлау шегіне жетсе, неміс және венгер помещиктері мен капиталистерінің қанауында болған халықтар мемлекеттік тәуелсіздікті талап ете бастады.
Германияның одақтасы ретінде болған Болгария мен Түркия да өте қиын жағдайда болды.
Германия өз одақтастарынан көмек ала алмады. 1918 жылы 29 қыркүйекте Спада да болған екінші кеңесте Людендорф «демократиялық» қайта құрулардың көрінісін жасау үшін бітімге келді және «реформалар» өткізуді талап етті. 1918 жылы 3 қазанда Макс Баденскийдің басшылығымен кабинет құрылды. Оның құрамына герман империализмінің сенімді шабармандары социал-демократтар да кірді.
Қазанның 4-нен 5-не қараған түні Макс Баденский Вильсонға келісімге келу туралы ұсыныс жасады. Вильсон Германияға жауап беруге асықпады, 3 аптаға жуық созды. Германия нотасына жауабын кешіктірудегі мақсаты - соғыстың созылуын болжап, АҚШ империалистерінің одан әрі байи түсуін қамтамасыз ету. Неміс әскерлерінің фронтына қосымша соққы беру нәтижесінде Германия өкіметі АҚШ үшін пайдалы бітімнің шарттарына келіседі деп ойлады.
Бұл уақытта герман өкіметі Вильсон жауабын күту үстінде еді. 1918 жылы қазан айы мен қарашаның басында кайзерлік Германия жаңа шығындарға тап болды. Ағылшын-француз әскерлері Сирия мен Палестинада, операцияларын бастаған еді. 1918 жылы 30 қарашада Мудроста келісімге қол қойылып, Түркия капитуляция жасады. Осы уақыттан бастап Франция мен Англия бұрын Түрік империясының құрамына кірген маңызды территорияларды иемденді. Австро-Венгрияның қиын жағдайын пайдаланған итальян әскері басып алушылық әрекеттерін жүргізді. 1918 жылы 3 қарашада Австро-Венгрия капитуляция жасады.
Осылайша Германия Англия, Франция, АҚШ және тағы басқа мемлекеттердің алдында жалғыз өзі бетпе-бет қалды.
Германияның бейбітшілік сұрауы Антанта билеушілері арасында үлкен келіспеушілікке алып келді. 23 қазанда В. Вильсон Германияға келісім берді. Англия мен Франция өкіметтері Вильсонның өз бетінше шешім қабылдауына наразы болды. Бұл екі мемлекет халықаралық қатынас саласындағы соғыстан кейінгі режимді қайта құруда басты ролді ұсынғысы келмеді, өз империалистік мүдделерін жерге тастамайтын ниет білдірді. Олардың талабымен 23 қазан күні Парижде халықаралық кеңес ашылып, онда кескілескен дипломатиялық пікірталастан кейін Германиямен келіссөз жүргізу үшін уақытша шарттар белгіленді. 1918 жылы қарашада одақтас мемлекеттердің басшылары Германиямен келіссөз жүргізуге келісетіндігі жөнінде салтанатты түрде жариялады. Германиядағы революциялық қозғалыстардың күшеюіне байланысты жауапты ары қарай созу АҚШ, Англия және Францияның империалистері үшін қауіпті болды.
Германияда бұл уақытта революциялық дағдарыс басталып, 4 қарашада Кильде көтеріліс болды. Көтерілістер толқыны Германияның басқа аудандарын да шарпыды. 8-9 қарашада Берлинде Революциялық қозғалыс туып, император Вильгельм II Германиядан қашып кетті. Басталған буржуазиялық революция социалистік революцияға айналып кетуші еді, бірақ ол жүзеге аспады, себебі капитализмге алып келе алатын герман пролетариаты арасында әскери коммунистік партия болмады. Ал социал-демократиялық және тәуелсіз партиялардың кесемдері жұмысшыларды опасыздықпен сатып кетті. Өкімет басшылығына Макс Баденскийдің орнына герман пролетариатын сатқан Эберт отырды.
Осындай жағдайлар негізінде бейбітшілік туралы шарттарды келісу үшін орталық католиктік партияның лидері Эрцбергер басқарған делегация құрылды. 8 қараша күні герман делегациясы Компьен орманында Одақ әскерінің бас қолбасшысы Фоштың салон-вагонында болды.
Келіссөздер кезінде герман делегациясы «большевиктік қауіп» шуын табанды пайдаланды. Эрцбергер революцияның таралу жылдамдық қаупін Германияда ғана емес, Антанта мемлекеттерінде де қанат жаю мүмкіндігін айтты. Оның айтуы бойынша революцияны басу үшін қару-жарақтың барлығын герман өкіметінің қолында қалдыру керек еді.
1918 жылы 1 қарашада Компьен бітімі деген атпен белгілі келіссөз жасалды. Компьен бітімі 36 күнге бекітіліп, ол әскери қимылдар тоқтатылып, француздарға, Бельгия мен Люксембургтың, сонымен бірге Рейнның оң жақ жағалауы мен оған қарайтын жерлер 15 күн ішінде босатылуын білдірді. Одақтастарға 15 вагон, 5000 паровоз, 5000 жүк машинасы, 5000 зеңбірек берілу мәселесі қаралды. Герман су асты флотының одақтастық немесе бейтарап порттарын қарусыздандыру шешілуі тиіс болды. Германия өз әскерлерін Австро-Венгрия, Румыния және Түркиядан алып кетуге міндетті еді.
Кеңестік Ресей терииториясындағы оккупант ретіндегі герман әскерінің мәселесі мүлде басқаша шешілді. Бейбітшілік келісіміне қарағанда, Германия әскерін тек ағылшын-американ-француз басшылары ғана талап еткенде алып кетеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, аталған блок империалситерінінң талабымен герман әскерлері Кеңестік республикамен күресу үшін басшабар рөлін атқарды. Герман буржуазиясына революцияны басуға көмектесу үшін ағылшын-американ-француз блогының басшылары олардың қолында қажет қару-жарақты қалдырды. Келіссөз шарты бойынша герман әскері сәтті эвакуация жасауға мүмкіндік алды. Бейтарап зонаға (Рейннің оң жақ жағалауына) өту үшін герман әскері қосымша тағы бір апта алды. Неміс әскерлерінің іс-қимылын бақылаған Антанта блогының басшыларының нұсқауымен әрекет еткен Фош былай деді: «Олар жақсы соғысты, оларға сөз қалдырайық». Фоштың бұлай айтқан себебі империалистік басшылар герман қарулы күшін Кеңестік Ресей мен Германиядағы революцияға қарсы пайдаланғысы келді. Компьен келісіміне қол қойған күні Ллойд Джордж пен Черчилль Германияны Кеңестік мемлекетке қарсы қолдану жоспарын талдай бастады.
Сөйтіп Германия капитуляция жасады. Герман империалистерінің әлемдік билікті аңсаған авантюралық сандырақ жоспары күйреуге ұшырады. Герман империализімінің күйреуін В. И. Ленин мына сөзінде ашық сипаттады: «Басында ол адам нанғысыз болып Eypoпaның төрттен үш бөлігіне ісініп семірді, ал одан кейін нақ сол жерде жарылып, артынан сасық иіс қана қалдырды»5.
1. 2 В. Вильсонның «14 пункті» және Версаль келісімі
Бітімге қол қойғаннан кейін соғысқа қатысқан мемлекеттердің өкіметтері «бейбіт» конференцияға аласұра дайындалды. Осы мемлекеттердің астанасында дайындық дипломатиялық жұмыстар жүргізіліп, министрлер кеңес өткізді, баяндамалар мен анықтамалар құрылып, эксперттер мен кеңесшілердің үлкен аппараттары ұйымдастырылды. Жеңіске жеткен державалардың мүдделеріне сәйкес кіші мемлекеттерді қолдану үшін өз айналасында блок құруға талпынды. Олар жаулап алынған иеліктерді бөлісуге, ал жеңілген мемлекеттердің империалистері өз мүдделерін қорғауға дайындық жүргізді. Жаңа соғыстың болу қаупінен сақтандыратын келісімнің құрылымы туралы империалистік мемлекеттер басшыларының ешқайсысы ойламады. Егер бұл мәселе туралы айтылса, тек халықты алдау үшін ғана айтылған еді деуге келеді. Мәселе халық армандаған бейбітшілік туралы емес, «ықпал ету сферасын» бөлу туралы болды. Дайындалу үстіндегі келісімдер мен мәселелер қайта бөлінетін иеліктерді легализациялау және қалыптасқан күштер арақатынасын баяндау керек болды. Халыққа қарсы, антидемократиялық сипаттағы бейбіт келісім дайындала бастады.
АҚШ, Англия, Франция империалистері демократиялық және революциялық қозғалыстарды басатын қанқұмар жендеттердің рөлін атқарды.
Америка империалистері соғыс нәтижесінде миллиондаған адамдардың өлімі мен көз жасы арқылы байи түсті. АҚШ империалистері Германияны қауіпті бәсекелес ретінде тауып, оның күшейіп кетуінен қауіптенді. Олжаны бөлісуде үлкен бөлігіне дәмеленген және халықарлық билікте өз ықпалын күшейтуге ұмтылған АҚШ соғысқа араласты. Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталған кезде АҚШ империалистерінің мақсаты Англия мен Францияның күшейіп кетуіне жол бермеу болатын. АҚШ империалистерінің дүние жүзінде үстемдік етуге талпынуы В. Вильсонның «14 пунктінде» жарқын көрініс тапты. Ол конгресске жолдау хат негізінде 1918 жылғы 8 қаңтарда басылып шықты. Американ халқымен дүниедегі басқа халықтарды да aлдап-арбауға талпынған Вильсон американ экспансиясының жоспарын «демократия» және «гуманизм» туралы екі жүзді фразеологизммен бүркемелемекші еді. Бірінші пункте құпия келісімдерге қарсы күресу деп, жасырын түрде Вильсон АҚШ-тың қатысуынсыз жасалған империалистік державалардың келісіміне қарсы шықты, себебі олар американ экспансиясын жүргізуге кедергі келтірген болатын. Екінші пунктте «теңіз еркіндігі» ұранын бүркемеленген американ империализмі теңіздегі ағылшын үстемдігіне қарсы шықты және болашақта осы үстемдікті жойып, өз үстемдігін орнататын талабы көрсетілді. Үшінші пункте AҚШ империалисттерінің «ашық есік» және «тең мүмкіндік» қағидасын жүзеге асыру ниетін ерекше атады. Осы пунктке қарағанда, соғыстан әлсіреген басқа державалар дүние жүзілік рынокта байи түскен АҚШ-пен бәсекелесуге мүмкіндігі жоқ, нәтижесінде АҚШ үстемдікке ие болады. Төртінші пункте ұлттық қарулы күштерді соңғы минимумға дейін идеясымен американ империалистері өз қарсыластарын қарусыздандыруға ұмтылды. Бесінші пункте «барлық отарлар мәселесін шешуді» сылтау етe отырып, АҚШ шешуші рөлді және отарларды бөлуде үлкен бөлікті талап етті. Халықаралық жұмыста үстемдікке ұмтылуын көрсетпеу үшін АҚШ империалистері Еуропадағы «тепе-теңдік» туралы жария етті.
В. Вильсонның тоғызыншы, он бірінші және он үшінші пунктінде кіші ұлттарды «қорғау» ұранымен американ империалистері оларды өздеріне бағындырмақ болды.
Америка Құрама Штаттары өзіне бағындыру мақсатымен басқа мемлекеттерге негізгі әсер ететін тетігі қарыз болған.
Вильсон он төртінші пунктінде халықаралық ұйым құру жоспарын мақсаты - бүкiл дүние жүзіне өз ықпалын тарату үшін осы ұйымды құрал ретінде пайдалану. Шын мәнінде Ұлттар лигасы дүниежүзілік монопольды фирмаға «Янки және К 0 » айналу керек болған. Американ империалистері Ұлттар лигасын пайдаланып халықаралық реакция күшін Кеңестік Ресейге және халықаралық революциялық, қозғалысқа қарсы мобилизациялауды көздеді. Бүкіл Еуропа В. Вильсон кейпінде құтқарушыны көріп, адам таңқаларлық кездесулер ұйымдастырды.
Оны Парижде Ұлт қаһарманы аталған Фоштан да үлкен құрметпен қарсы алды, «Вильсон, алған бетіңнен қайтпа!» - деген ұранға лейбористік газеттің бір беті арналды.
Вильсон АҚШ-ң мықты позициясын үлкен табандылықпен және өнермен пайдаланып, Клемансо мен Ллойд Джордж тарапынан тәжірибелі дипломаттар қарсылығын көргенмен, конференцияда бірнеше жетістіктерге жетті. «Президент Вильсонның мінезі мен саясатын түсіну мүмкін емес, - деп жазды Никольсон. - Ол Лансингпен (АҚШ-ң сыртқы істер министрі) қарым-қатынаста ұстаным танытты, себебі үндеместен құдаймен араласқанды жөн көрді. Ол Құрама Штаттарының сенатына суықтықпен қарады, себебі өзін «Мюрат» вилласына (Париждегі Вильсон резиденциясы) сенат өкілі ретінде емес, Ұлы Үнсіз Халықтың өкілі ретінде құдай жіберді деп сенді . . . Вильсон Ұлттар лигасының жарғысын адамзат қайғы-қасіретінің емі деп санады»6.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz