Ғұндар аңызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі МКҚК
Курстық жұмыс
Композиция пәні бойынша
Тақырыбы Ғұндар аңызы
Орындаған
_______________Шаймерденова Ж.Б.
Жетекшісі _______________Мамбетова
Ұ.С.
Қорғауға рұқсат
Колледж директоры ________________ Ыдырысова Қ.Ғ.
Көкшетау 2013 ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Қолөнердің қалыптасуы.
1. Қолөнер туралы түсінік және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Кілем тоқу өнері және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 тарау. Шығармашылық жұмыстың негізі – Ғұндар аңызы
2.1 Ғұн дәуірінің
ескерткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13
2.2 Ғұндар
аңызы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Халық қолөнері халықтың материалдық және рухани мәдениетінің келбеті
болып табылады.
Қолөнер кәсібінің бірі – Клем тоқу. Клем – қолмен тоқылған суретті
кілем. Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер
шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын
бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып
құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп
тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған
түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы
сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-
бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау
қиын емес.
Мен дипломдық жұмысымның шығармашылық бөлімінде Клем тоқуды ұйғардым.
Себебі ол, біріншіден өте әдемі, нәзік болып көзге түсті. Тоқылған
клемдерді көрген кезде мен таң қалдым. Себебі мен бірінші рет қолдан
тоқылған кілем көрген болатынмын. Сол кезден бастап кілем тоқуды үйрене
бастадық. Бұл тоқу кілемім екінші болып есептеледі. Кілемімде мен ғұндар
аңызын көрсетуге тырыстым. Бұл суретті таңдау себебім менің суретімді әр
түрлі сызықтарға бөліп, әр түрлі түспен көрсетуге болады және бергі планда
қасқырды көрсетім. Мен бұл суретімде суық түстерді қолдандым және осыған
қарама-қайшы жылы түстерді де таңдап алдым.
1 тарау. Қолөнердің қалыптасуы
1.1. Қолөнер туралы түсінік және оның түрлері
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге
дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп
атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында
жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр
елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және
эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып
келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу
кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу
технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен
әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен
безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері
қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының
дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте
тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес
долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес,
жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады.
Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн.
Жіп моншақпен түстес болу қажет.
Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат
түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті
тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл
бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Бұл көне заманнан
бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде
оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды
жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал
гигиена тұрғысынан қарағанда – шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың
киіз басу өнері жойылған жоқ.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе,
қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы қарапайым өрнек
арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал
өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса
бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз
үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен
үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне
байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың
дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің
қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі
десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді,
оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық
пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы
мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың
бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын,
кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған.
Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің
сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға
пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен
суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының
ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты
екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең
сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын оралығы – Қазақстанның
оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл
аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде қырқылып алынатын қойдың
жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар
маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне
дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине,
бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды деген ұғым емес.
Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен
де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек
салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте
Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталып
отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды жарияланған еңбектер баршылық.
Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар:
масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен
кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем,
алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шеберлері
өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын

Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті кеңінен
пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де шығарып
бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу
өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті.
Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның
көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе
ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады.
Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы
Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті
кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде
бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің
жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы
жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе
бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ,
соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып,
ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.
Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің
ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады.
Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын
орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт
емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа
немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-
желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы – 600
(астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай
желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.
Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып
тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы – керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып,
былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғарылы-
төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ – белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі –
төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.
Еркек жіп – кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі
жіптері.
Ұрғашы жіп – керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.
Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен
еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.
Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу
арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны
шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін
итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай
құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу – керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып
орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау – еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас
жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу – кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп
атайды.
Жіп жалғау – керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау.
Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан
жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі
жіптерінің арасын ажырату.
Тоқпақ – керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп
өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған
құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы
бар.
Қайшы – керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін
пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен
Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы
өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен
шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып
келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға,
сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ
басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау
үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып
бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс
халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін
шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ
пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда
үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп
қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа
да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті
күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши
дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер
жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту
сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға
көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны
үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің
ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің
арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы
жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың
биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен
көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және
бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап
тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай
жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін.
Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған
соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады.
Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш
шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат
деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде
шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез
тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін
қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп
атайды.
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр
салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық
өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши,
ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында
әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан
тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш
шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын
болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің
сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен
аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің
соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде жез ши
деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса
керек).
Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі.
Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында
болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи
шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше.
Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін
композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою
(компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып
бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі
жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын Шаршы ою деп те
атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек,
үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің
бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын
күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге
түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым
ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі – кейбір геометриялық
мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан
құралған ба, деген ой келеді.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы
жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест
тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне
ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан
керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз
өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі
анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі
алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй
жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын
суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін
үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс
жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін
байқаймыз.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне
салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан
кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан
шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып
қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір
босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды – ши ұстау деп
атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді.
Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке
жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді
шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп,
тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп,
әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы
шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің
ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде
жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де
әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты
қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының
қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы
да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды
сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал
шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді
сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де
күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі
түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді,
салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастырудың
да шеберлер тізу деп атаған.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін
арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша
қалып отырған.
1.2 Кілем тоқу өнері және оның түрлері.
Кілем— әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету
үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір
немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем
бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген
жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің
ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді
көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол
кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді
үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме
алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп
тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып,
жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма
емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек
салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады. Дайындалу тәсіліне қарай
кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады.
Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді,
күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт
пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі,
түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен
тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу
арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі.
Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да,
ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан
тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен
нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал
өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін
өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.
Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең
бағалы кілемдер СССР, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния,
Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, СССР-де
қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РСФСР (Дағыстан АССР-і),
Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армення және Қазақстанда шығарылады. Әр
халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-
түсті, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да
кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады.
Түрікмен кілемдері ушан, құла кілемі, пенди, гауһар, иомуд,
бешир т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты
өрнектермен әсемделеді.
Кавказ кілемдерікуба, шируан, хила, қазақ, карабах, дербент,
микрах, ахты т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл,
сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан-
жануарлар бейнесі қолданылады.
Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан-жануарлар, мифтік құбыжықтар,
айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай-ақ лотос, таушымылдық гүлдері
өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою-өрнексіз көбінесе
сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның
түгі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды-қысқалы болып
қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра
түседі.
Түрік кілемдеріанатоль, анкара, смирна, бергамо, брусеа, ушак
т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге
түсірілген) және ою-өрнекті болып келеді.
Француз кілемдері савонарри, обюссон типіндегі кілемдерде гүл салынған
ою-өрнекті суреттер басымдау болады.
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына
қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы,
Жамбыл ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай-ақ қосалқы
белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері
түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы
түрлі ою-өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді.
Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған.
Олардың негізгі өрнектері — күмбез, ал жиектерінде текшелі өрнектері
қорған деп аталып, оны бойлай күлгін түсті су өрнегі жүргізіледі. Бұл
зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы
елестетеді. Ою-өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет , сырмақ
өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл-күмбездердің орнына түлкі
ілген бүркіт, жан-жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді.
Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек
әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ
көлемдерінің бірі қазақ деп аталады.
1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем
тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады.
Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай-ақ ұлы адамдардың, көрнекті
жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер
де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер
республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын
кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп
өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу.
Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою-өрнек пен колоритгі ұштастыра пайдаланған
өте сапалы бұйым болып саналады.

2.1 Ғұн дәуірінің ескерткіштері
Ғұндар тәңірлік дінді ұстанып,түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі
де түркі тілі болған. Шығыста Мөде шыгыс ху тайпаларын бағындырды, ал
оның құрамөна, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген
сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи)
тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және
Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн
шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына
біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып
жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары
туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және
солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь
және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген
түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны
айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып
жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей
дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ.
Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-
логиялык материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да
қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз
бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын)
юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-
Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге
ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті
бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: Аспанның
рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып,
жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты.
Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге
қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды.
Бұл кұжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. Отыз алты
мемлекет деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни
жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер
айтылған. Тарихи жазбалардың (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің толық
талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы
қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан
батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген.
Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны
талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да
тарала бастайды.
Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің
жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен
бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы
юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және
Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл
этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі
картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті
сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген
Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы
мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік
Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп
саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі
гректерше арғамақ, тұлпар дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын
әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда,
ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің
арғымақ немесе айғыр деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.[1]Ғұндар
бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси
құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы
келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында
берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады.
Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше
түрі болуы арқылы орнаған.
Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық
билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген:
Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты
тармақтар да нақ осы үш әулет11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы
ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір
қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань
шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы
туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп
атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань
аталған. Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте
шаньюймен құдандалы туыс еді. Онда бұдан әрі былай делінген: Хуянь руы
сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс
және кіші) канат болды. Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы
алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ
(Туглаг) руы болып шыгады, ол ең батыр және ұлығы болды, сондықтан
шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы,
Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы — Хуянь руы, одан
канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан. Уақыт өте келе шаньюй
руының белгісіз рудан ең ержүрек болуы негізінде ең ұлық руга айналған
эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ
болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек
(патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым
қалыптасқан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық
иеліктерінен айырылумен бірге байырғы құрамында екі топқа — Хуханьешаньюй
бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді.
Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер өз
тайпаластарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz