Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Дәнді бұршақ дақылдары
2.2 Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері.
2.3 Май бұршақ
2.4 Дәнді бұршақты дақылар және оларды өсірудің интенсивтік технологиясы
жалпы сипаттама
2.5 Ас бұршақ халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі,
сорттары
ІІІ. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Ауыспалы егістер жәніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға
негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта
кезектестіріп ор-наластыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен
бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп
атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 —
сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай, 4 — арпа. Да-қылдар мен сүрі
жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта
кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта үзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал
шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атай-ды. Ауыспалы егістерде,
кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа
дақылмен ауыстырады. Мүндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды.
Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта
биологиясы және өсіру технологиясы үқсас бірнеше дақылды орналастырады.
Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.
Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы
егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің
толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы
әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы
деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір
дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық
шөптер, жүгері өсіріледі.
Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді
атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі
дақыл үшін алғы дақыл болып табылады.
Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың
кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның
икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы үзақ және биологиясы
үқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістіңикемділігі жоғары.
Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық,
экономикалық себептерге байланысты.
Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда
арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің
азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру,
биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды.
Мөселен, күнбағысты түрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сүңғыладан күшті
зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына
шалдығады.
Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер)
өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан,
еңбекті, техни-каны, жүмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын
азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен
сапасына алғы даңыл үлкен әсер етеді. Қазақстанның қүрғаңшылық жағдайында,
ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол то-пырақта ылғалдың,
өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың
фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз
етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш
гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең тараған.
Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы
дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік
береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа
тыңайтқыштар енгізіледі.
Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке
себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады.
Көп жылдық шөлтер топырақты органикалық заттар-мен байытады, оның
құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген
патогенді микроағзаларды қүртады. СолтүстікҚазақстанның қүрғақшылық
жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөп-терді, ал оның ішінде
құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп
қырты-сындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танап-қа қарағанда
гектарына 2,3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда
гектарына 0,7 ц жо-ғары.
Қарақұмық тамырының жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін
ңосылыстардан қоректік заттарды пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін
даңылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесі қүрылысындағы
айырмашылықтары топырақ ылғалдығын пайдаланғанда байңалады. Қуатты тамыр
жүйесі бар өсімдіктер — жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңыш-ңа ылғалды
төменгі терең ңабаттардан пайдаланады, ал көптеген басқа есімдіктер ылғалды
топырақтың беткі қабаттарынан жұмсайды.
Әр түрлі өсімдіктер қүрғақ заттардың қалыптасуына судың мөлшерін
әрқалай жүмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көп жылдың шөптер тары мен арпа
сияқты өсімдіктерге ңарағанда суды көбірек жұмсайды және то-пырақты
күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі даңылдарды
алмастырғанда қоректік зат-тарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға
мүмкіншілік туады.
Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, өсіресе
оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.
Бір жылдың отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама есіру
топырақтың тым борпылдақ болуына, қара шіріктің азаюына, соңынан топырақ
құрылымының нашарлауына ұрындырады.
Құрғақ дала жене дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының
қауіптілігі байқалады. Бұл аймақта кеп жылдың шөптер және басқа дақылдар
қалың қыртысты (шымды) ңүрады, топырақ құрылымын жақсар-тады, суға тезімді
агрегаттардың санын өебейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Дөнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады.
Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін кептеген отамалы дақылдар үшін
жаңсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар
алғы дақылға жатқызады және оларды ауыс-палы егістің соңынан орналастырады.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мен А.И.Бараев
атындағы Қазақ АІНҒЗИ деректері бой-ынша сүлының жазғы егісін сүрі танапты
эрозиядан қорғауға және топырақтың санитарлық жағдайын жақ-сарту үшін
пайдалануға болады. Сұлының жасыл балау-сасының енімділігі гектарына 50-75
ц жетеді.
Ауыспалы егістердің кестесін құру қағидаттары (принциптері). Ауыспалы
егісте дақылдардың алмасу тәртібін және алғы егістерін ендірістік
тәжірибелері мен аймақтың ғылыми мекемелерінің үсыныстарын пайдаланып
анықтайды. Бүған қойылатын негізгі талап -әрбір дақылға мүмкіндігінше
оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту.
Ауыспалы егістің кестесін құрастырғанда топырақ-тың қүнарлылық
қорларын есімдіктердің тиімді пайдалануын ескеру керек. Сол үшін мынадай
үстанымдарды сақтау керек:
1. Негізгі дақылдарға ауданның үлкен белігін бөлген жөн.
2. Топырақтың құнарлылығына, танаптардың тазалығына және басқа
тіршілік жағдайларына жоғары талап қоятын ең құнды дақылдарды жақсы алғы
дақылдардан кейін орналастыру дүрыс.
3. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау қажет.
4.Дәнді бұршақ дақылдарын қайталап өсіруге болмайды.
5 Дәнді бұршақ дақылдарын пардан кейін орналастыруға болмайды.Бұл
жағдайда олардың құнды алғы егіс болған артықшылығы басқа дақылдармен
пайдаланылмайды.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Дәнді бұршақ дақылдар
Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ,
бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да,
бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да
жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе
артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин,
триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен
жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне
қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В,
С, т.б.) де шоғырланған.
Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге
мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы
жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабаны мен мекені
де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді бұршақ дақылдарының
тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың
көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің
нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор :
тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің
арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады.
Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы
дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық
ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір
тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ
тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын
бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді:
біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал
басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т.б.) жапырылғыш, тұның өзі егін
жинауда үлкен қолайсыздық тудырады. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа
бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ,
ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ)
және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс
пішінді, бестік түрде болады. Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді
бұршаққап. Бұршақ дақылдарының кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.)
жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін
төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.
Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа
бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т.б.) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме
бұршақ, т.б.) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа
төзімділеу (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ,
ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады. Бұл
дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май
бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ
аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп
ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік
және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады.
Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәндібұршақ дақылдарының ішінде
бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғаттық, т.б. орналасқан.
Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып
табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен
24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай
мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары
жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі
тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады,
консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал
азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.)
өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы
алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4
мыңга) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.
Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді,
барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік
мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары
күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды
бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.

2.2 Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш
өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті
егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8
тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу
кезеңдеріне барынша оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С
дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену мен дәннің толысу
кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен
бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін шығындайтын ылғал мөлшері бойынша
асбұршақ ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты
тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына байланысты, ол
көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б.
қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары
талабы бүршіктену-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі
топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады.
Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті 300-600 аралығында. Гүлдену
кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл
ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді.
Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б.
топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр,
сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда
да ол нашар өседі.
Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан
кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады.
Асбұршақ бір танапта қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен
зиянкестерден үлкен зардап шегеді. Топырақты негізгі өңдеу
жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады. Себу
алдындағы топырақ өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған
фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды
аудандарда және суармалы жағдайда өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен
өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында
түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын
күшейтеді. Ауруларға қарсы нитрагинмен дәрілейді.Асбұршақты жаппай
қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млнга өнгіш
тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-
9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі (себуден
3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ
жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және
тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен
тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы
линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге
қарсы метафоспен өңдейді.
Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ тұқымының орташа ылғал-
дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі
бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге
шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.
2.3 Май бұршақ
Бұршақ тұқымдас дақылдардын арасында иайбұршақ айтарлықтай белок
мөшерімен (36 – 48%), амин қышқылдарымен жоғары дәрежеде
тереңдестірілгендігімен, сонымен қатаржан-жақты пайдаланатын дақыл ретінде
ерекшеленеді. Оның тұқымындағы майдың мөлшері шамамен 20 – 26%, одан ұн мен
май өндіреді. Майбұршақтың ірі бұршағы жануарлар үшін жоғары белокты тамаша
жемазық табылады, жүгерімен араластырса жақсы сүрленеді. 100 кг көк
балаусасында гүлденумен бұршақтың дәндену кезеңінде 21 – 22,5 азықтық өлшем
және 3 килограмға дейін сіңімді протеин болады немесе 1 азықтық өлшемге 150
– 300 г протеин келеді. 100 кг пішенінде 47 – 54 азықтық өлшем және 12 – 15
кг сіңімді протеин болады. Жемазақтық майбұршақтың жекелеген сорттарын
жоғары белокты пішен, витаминді шөп ұнын өндіру үшін өсіреді.
Майбұршақ (Glycine hispida) – тек тұрақты, жапырылмайтың бұтақты,
сабағының биіктігі 0,5 – 0,8 кейде 1,5 – 2 м болатын бір жылдық өсімдік.
Жапырақтары күрделі, негізінен түкті үштік, кейде 4 – 5 жапырақшасымен,
гүлдері ұсақ бес күлте жапырақты, көпгүлді шоқгүлі жапырақтардың қуысына
орналасқан. Бұршақтары түзу, орақ сияқты имек, жалпы немесе дөңес, түкті,
жиі түрде 2 – 3 тұқымды болып келеді. бір өсімдікте 10-нан 4000-ға дейін
бұршақ қалыптасуы мүмкін. әртүрлі сорттарының 1000 тұқымының массасы 40-тан
500 г дейін өзгереді. Қазақстанда өсірілетін сорттарының 100 тұқымы – 145 –
210 г.
Биологиялық ерекшеліктері. Майбұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымының
өнуіне қажетті минималды температура + 6 – 8°, себу-көктеу, өсіп -өну
кезеңдеріндегі қолайлы температура + 18 - 22°. Көктеу кезеңінде өсімдіктер
қысқа уақытта – 2 – 3° бозқырауды көтереді. Көп тараған сорттарының өсіп-
өну кезеңінің ұзақтығы 100-ден – 160 күнге дейін, ал қалыпты өсіп, дамуы
мен пісуінің сорттары байланысты белсенді ауа температурасының жиынтығы
1700-ден 3200°-қа дейін. Майбұршақ гүлдену – бұршақтарының пісуі
кезеңдеріндң жоғары жылылықты талап, етеді, бұл кезеңде қажет жылудың 65 –
70% жұмсалады. Ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымының бөртуі мен қалыпты өсуінің
өзіне тұқым массасының 130 – 160% су қажет. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне
қарай транспирациялық коэффициенті 390-нан 700 дейін өзгереді. өсімдіктің
өсіп дамуына қолайлы жағдайлар топырақ ылғалдылығы ТДЫ (толық далалық
ылғалсиымдылық) 80% шамасында қалыптасады.
Өсімдіктердің жылу мен ылғалға қажетсінуін талдай келіп мынадай
қорытынды жасауға болады: майбұршақты тұқымға Қазақстан көлемінде үсіксіз
кезеңі ұзаққа созылатын аудандарда және ылғалы мол немесе суармалы
аудандарға өсіруге болады. Мұндай жағдай тек қана Қазақстанда оңтүстік
облыстарына тән, ал көк балаусаға жүгерімен араластырып солтүстік
аудандарда да өсіруге болады.
Майбұршақ қысқа күннің өсімдігі, бірақ солтүстікке қарай жылжыған
сайын көпшілік сорттардың өсіп-өнуі кезеңі ұзарады, алайда ерте пісетін
сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді. Майбұршақ тұқымы мен балаусасының
жоғары өнімі механикалық құрамы әртүрлі қоңыр топырақтарда алынады. Топырақ
ерітіндісінің реакциясы PH- 5 – 8 аралығында болуы керек, алайда ең қолайлы
PH - 6,0 – 7,0. Жоспарланған өнімге топырақтағы қоректік заттарды ескере
отырып есептелген тыңайтқыш нормасын еңгізу-майбұршақтан жоғары өнім алудың
кепілі. өсу факторларына байланысты Солтүстік Қазақстан аймағында
аудандастырылған сорттары әзірше жоқ. Майбұршақ оңтүстік облыстарда тұқымға
өсіріледі.
Агротехника ерекшеліктері. Майбұршақ ауыспалы егісте ең жақсы алғы
дақылдардан кейін көпжылдық шөптердің қыртысы, тыңайтылған парға егілген
күздік дақылдар, аударылғанқыртысқа орналастырылған жүгері, суармалы
жерлердежүгері, техникалық және көкөніс дақылдары, күріш, күздік бидайдан
кейін орналастырылады. Майбұршақтың өзі жаздық дәнді дақыл, қант қызылшасы
үшін жақсы алғы дақыл. Бір орынға қатарына екі жыл орналастыруға болмайды,
майбұршаққа қаныққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерделеу
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Бұршақты көкөністер
Асбұршақтың тұқым шаруашылығы
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері
Асбұршақ
Дәнді бұршақ дақылдары
Пәндер