Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Дара жарнақтылардың жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Дара жарнақтылардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...8
2 Желектілер қатарлар тобы -
Corolliflorae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1Құртқашаштар тұқымдасы -
Iridaceae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1.1Гладиолус туысы -
Gyladiolus ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..9
2.1.2Құртқашаштар туысы -
Iris ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1.3 Бәйшешек туысы–
Crocus ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..10
2.2 Лалагүлдер тұқымдасы–
Liliaceae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
0
2.2.1 Лалагүл туысы–
Lilium ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..12
2.2.2 Қызғалдақ туысы–
Tulipa ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...13
2.3 Асфоделалылар тұқымдасы–
Asphodelaceae ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..18
2.3.1 Алоэ туысы–
Aloe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .18
2.4 Жуалар тұқымдасы–
Alliaceae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .19
2.4.1Жуа туысы–
Allium ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..19
2.5 Қасқыржемдер тұқымдасы -
Asparagaceae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.5.1 Қасқыржемдер туысы–
Asparagus ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Қабыршақты гүлдер қатарлар
тобы–Glumiflorae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.1 Қияқөлеңдер тұқымдасы -
Cyperaceae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.1.1 Қиякөлең туысы -
Carex ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 22
3.2 Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – Gramineae,
Poaceae ... ... ... ... ... 23
3.3 Бамбук тәрізділер тұқымдас
тармағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.4 Қоңырбастар тұқымдастармағы
-Poaeoidae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.4.1 Бидай туысы
-Triticum ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...25
3.4.2 Карабидай туысы -
Secale ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..25
3.4.3 Арпа туысы-Hordeum
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..26
3.4.4 Сұлы туысы-
Avena ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...26
3.5 Тарылар тұқымдасы
–Panicoideae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..28
3.5.1 Тары туысы
–Panicum ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..28
3.5.2 Жүгері туысы –
Zea ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .28
3.5.3 Күріш туысы -
Oryza ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .30
3.5.4 Құмай туысы
-Sorghum ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .32
КІРІСПЕ
Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп
түрлiлiктi бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық
түрлерiн топтарға бiрiктiрдi.
Өсiмдiктердi топтарға бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын
немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы
өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалыға
қарабидай мен жұмсақ бидай бидайлар туысына біріктіріледі. Жақын туыстар
бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа
туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен астық тұқымдасын
түзедi. Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бiр класқа жатқызады. Гүлдi
өсiмдiктердi қос жарнақтылар (Magnolіopsіda) класы және дара жарнақтылар
(Lіlіopsіda) класы деп екiге бөледi.
Егер өсiмдiктiң ұрығында екi тұқым жарнағы болса, онда оны қос
жарнақтылар класына жатқызады. Мысалы, үрмебұршақтың (Phaseolus) ұрығының
екi тұқым жарнағы болады; жапырағы торлы жүйкеленедi, тамыр жүйесi - кiндiк
тамырлы. Қос жарнақтылар класына жалпақ жапырақты ағаштар мен бұталардың,
көкөнiстiк дақылдардың бәрi жатады. Сонымен бiрге бұл класқа көптеген
шөптесiн өсiмдiктер де жатады.
Егер өсiмдiктiң ұрығының тұқым жарнағы бiреу болса, онда ол дара
жарнақтылар класына жатады.Сонымен бiрге бұл кластың өкiлдерiнiң жапырағы
параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы болады. Дара
жарнақтылар класына астық тұқымдасының, лалагүлдiлердiң, т.б.
тұкымдастардың өкiлдерi жатады.
Дара жарнақтылар ішінде астық тұқымдастары ерекше орын алады. Тамаққа
пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық
шаруашылығындағы маңызы аса зор. Адамдар күнделікті пайдаланатын нанды осы
тұқымдасқа жататын бидайдан алады. Ал қатты бидайдан макарон өнімдерін
алуға болады. Сонымен қатар арпа мал азығы ретінде пайдаланылады.
Оныңдәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.
Құртқашаштар туысына жататын герман құртқашашы (Iris germaniana) парфюмерия
өнеркәсiбiнде және қақырық түсiретiн дәрi ретiнде медицинада қолданады.
Меруертгүл дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатын
глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын
глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада тұнбасын
пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісіңде иіссулар жасауға
пайдаланады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Дара жарнақты өсімдіктердің түрлері мен
олардың таралу ерекшіліктерің анықтау. Олардың өсіп-өну заңдылықтарың,
географиялық таралуын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда және жер бетінде өсетін дара
жарнақтылар түрлерінің систематикасымен танысып, анатомиялық құрылысын және
ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
1. Дара жарнақтыларға биологиялық сипаттама беру.
2. Дара жарнақтылардың практикалық маңызын зерттеу.
1 Дара жарнақтылардың жалпы сипаттамасы
Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан
жөне 63000-дай түрлерден түрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін
өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар
болып келеді. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара
жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген
қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы
бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың флоэмасында тін
паренхимасы болмайды, сондықтаңда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік
клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында
болатьн шекаралық түзу доға тәрізді болады.
Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде мамаңданған өсімдіктер
көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер
астыңда тамырсабақ, бадана, түйнектер, түйнек пиязшықтар түрінде өткізеді;
гелофиттері, батпақты жерлерде жөне ылғалы мол топырақтарда өседі;
ксерофиттері шөлді жөне шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік
циклы қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға
дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. Тамыры шашақты немесе
пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң
тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың көлденең кесiндiсiнде
өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе
доға тәрiздi жүйкеленедi. [1]
Кейбір дара жарнақтылардың сабақтарына екінші реттік қалыңдау қасиеті
тән және діңінің қалыңдауы қос жарнақтылардікі сияқты камбий арқылы емес,
сабақтың перифериялық бөлігінде жаңа меристеманың пайда болуы арқылы
жүреді. Меристема жаңа өзек сәулелеріне және негізгі паренхиманы
жетілдіреді.
Қазіргі кезде дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың арасындағы
туыстық байланыс сирек күмән келтіреді. Екі кластың шығу тегі жалпы бір
табиғи топ деп қарастырады. Бұл мынадай жағдайда байқалады: екі кластың да
гүлді өсімдіктері арасындағы шекараны табу мүмкін емес, тіпті ұрығының
дамуы арасындағы ерекшелік те біркелкі емес.
Дара жарнақтылармен қос жарнақтылардың арасындағы филогенетикалық
қатынас үш бағытта:
1. Дара жарнақтылар - қос жарнақтылардың ұрпағы.
2. Қос жарнақтылар - дара жарнақтылардың ұрпағы.
3.Дара және қос жарнақтылар - қандай да бір алғашқы жабық
тұқымдылардың бір-біріне бағынбаған эвлюциялық формаларының ұрпағы.
Осы гипотезаның үшіншісі көптеген күдік тудырады және осы бағытты
ұстағандардың дәлелді фактілері жоқ. Сондықтан да алғашқы екі мүмкіндік
қалады.
Дара жарнақтылардың ұрығының екеу екендігіне эмбриологиялық көрсетулер
дәлел болып, дәлелденген. Қос жарнақтылармен дара жарнақтылардың ұрығының
ерте даму стадиясында ұқсас болады, екі тұқым жарнақ дамығаны көрінеді. Қос
жарнақтыларда екі тұқым жарнақ та азды көпті бірдей, толық дамиды. Ал дара
жарнақтыларда олардың біреуі дұрыс дами бастайды да, өсу конусынан және
бүйірге қарай екіншісін ығыстыра түсіп, ол жарнақ дамымайды және жойылады.
Даму барысында дара жарнақтылардың ата – тегіндегі қос жарнақтың арасындағы
айырманың нәтижесінде дара жарнақты өсімдіктердің дамуына әкеліп соқты. Қос
жарнақтылардың дара жарнақтылардан шықты деген болжам эмбриологиялық дәлел
таппады.
Анатомиялық жағынан да дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан шықты
деген болжам дәлелденеді. Дара жарнақтылардың сабағында камбий сақинасы
жоқ, өзек сәулелері тұйық, көлденеңінен шашылы орналасқан. Кейбір дара
жарнақтыларда, әсіресе жастарында аздаған уақытша өмір сүретін камбий
немесе олардың ізі табылады. Бұл құбылыс дара жарнақтылардың ата-тегінде
сабағының камбийлік жуандауы болды деген сөз. Осы белгі бойынша, дара
жарнақтылар қос жарнақтылардың ұрпағы.
Дара жарнақтыларда өткізгіш шоқтары шашырай бір шеңбердің бойында,
яғни қос жарнақтыларікіндей, бұл құбылыс өте сирек байқалады. Осыған
байланысты дара жарнақтылардың жапырағының алақанының негізінің жалпақ
болуы, сабаққа осы арқылы көптеген өткізіш шоқтар саны енеді. Олар сабақтың
анатомиялық құрылысын жасайды. Жапырақ іздерінің басым болуы байқалады және
жапырақтарының алақанындағы жүйкеленуі (параллель жүйкелі, доға жүйкелі).
Дара жарнақтылардың жапырақтары мен сабақтарын байланыстыратын биологиялық
өткізгіш шоқтардың санының көп болуы оларың жоғары өнім беруімен
түсіндіріледі.[2]
Дара жарнақтылар
1. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады.
2. ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы
тамырлары пайда болады; тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы.
3. Сабағы жуаңдамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең
кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады
4. Жапырақтары жай, параллель күрделі, жүйкеленуі торлы. немесе доға
тәрізді жүйкеленгенболып келеді.
5. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
Қос жарнақтылар
1. Ұррықтың екі тұқым жарнағы болады.
2. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға
айналады; тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіңдік тамырлы.
3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуаңдайды, сабақтың көлденең
кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей
ортақ өткізгіш цилиңдрі болады.
4. Жапырақтары жай, параллель күрделі, жүйкеленуі торлы болып келеді.
5. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.[3]
1. Дара жарнақтылардың жіктелуі
Желектілер қатарлар тобы – Corolliflorae
Құртқашаштар тұқымдасы – Iridaceae
Лалагүлдер тұқымдасы – Liliaceae
Жуалар тұқымдасы – Alliaceae
Меруерт гүлділер тұқымдасы – Convallariaceae
Асфоделалылар тұқымдасы – Asphodelaceae
Гиацинттер тұқымдасы – Hyacinthaceae
Агавалар тұқымдасы – Agavaceae
Қасқыржемдер тұқымдасы – Asparogaceae
Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы – Glumiflorae
Қиякөлеңдер тұқымдасы – Cyperaceae
Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы – Gramineae, Poaceae
2 Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Гүлсерігі қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп
жағдайда олардың шірнеліктері жақсы жетілген болып келеді. Тозандануы
насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдармен де, құстармен
де тозаңданады.
2.1 Құртқашаштар тұқымдасы - Iridaceae
Құртқашаштар үлкен тұқымдас. Оған 75-80-дей туыс, 1800-дей түр
жатады. Қазақстанда 6 туысы, 35 түрi өседi. Бұл тұқымдастың өкiлдерiнiң
таралу аймағы аса кең. Олар жершарының салқын, кейбiр шөлдi және ылғалды
тропикалық ормандарынан басқа кеңiстiктердiң барлығында кездеседi. Бiрақ
құрқашаштардың түрлiк саны мен өсу жилiгi барлық жерде бiрдей емес. Олардың
аса қалың өсетiн аймағы Африканың оңтүстiгi, орталық және оңтүстiк Америка.
Құртқашаштардың көпшiлiгi шөптесiн өсiмдiктер. Әсiресе тамырсабақты,
пиязшықты, түйнектi пиязшықты формалары көп кездеседi. Тропикалық
аймақтарда бұталары да кездеседi. Жапырақтары қылыш немесе таспа тәрiздi
болып келедi. Гүлдерi iрi қосжынысты дұрыс, кейде бұрыс гүлдер болады.
Мысалы, гладиолустың гүлдерi бiржақты масақ тәрiздi гүлшоғырын түзедi.
Гүлдерi бiр түрлерiнде жалғыздан болса, екiншiлерiнде бiрнешеуден жиналып
гүлшоғырын түзедi. Гүлсерiгi қарапайым алты күлте жапырақшадан тұрады. Олар
үштен шеңбер түзiп орналасады. Сыртқы шеңбердi түзетiн желектердiң, iшкi
шеңбердiң желектерiнен айқын айырмасы болады. Аталықтары мен аналықтарының
саны үшеуден, төменгi жатынды. Жемiстi үш ұялы қауашақ.[1]
2.1.1 Гладиолус туыс — Gladiolus
Гладиолустар сән болып гүлдейтiн түйнектi пиязшықты өсiмдiктер. Күлте
жапырақшалары ашық түске (ақ, қызыл, сары) боялған болады. Дүние жүзi
бойынша 250 түрi белгiлi. Ал қазақстанда 2 түрi кезедеседi: қатпар
гладиолусы (Gladiolus imbricatum) және будан гладиолусы (Gladiolus
hibiridus). Оның бiрiншiсi сирек кезедесетiн түр ретiнде Қазақстанның
“Қызыл кiтабына” енген.
2.1.2 Құртқашаш туысы – Iris
Құртқашашүлкен туыс. Гүлдері үлкен әртүрлі түске боялған болып келеді.
Гүлсерігі дүрыс (түтікті): Аналығыньщ аузы ұзын, етженді, желек төрізді
бөліктен түрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп
жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құртқашаштар солтүстік
ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. Кавказда,
Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және ШығысЕуропада өседі.
2.1.3 Бәйшешек туысы – Crocus
Бәйшешек туысы түйнекпиязшықты өсімдік. Жасыл жапырақтары түссіз
немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шығады. Жалғыз
немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка төрізді түссіз жапырақ қынапшасынан
кетеді. Гүлдері қосжынысты, гүлсерігі воронка төрізді, біртіңдеп трубкаға
айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады, сары немесе ашық көк түсті болып
келеді. Қазақстанда 2 түрі кездеседі.
Корольков бәйшешегі (Crocus Korolkovii). Биіктігі 10-20 см-ден
аспайтын көпжылдық түйнектіпиязшықты өсімдік. Жапырағы таспа тәрізді,
ұзындығы 15 см-дей болады. Гүлі ашық сары түсті, қауашағы цилиндр пішінді
болып келеді. Батыс Тянь-Шаньның сирек кездесетін өсімдігі.[1]
2.2 Лалагүлдер тұқымдасы– Liliaceae
Лалагүлдің атауы голландия тілінен аударғанда ақ-ақ деген мағынаны
білдіреді. Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады.
Қатарлас және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті болып
келеді, барлық түрінде тамырсабақтары және пиязшығы болады. Қоңырау тәрізді
гүлдері ірі, ашық түсті, қос жынысты, актиноморфты, сирек зигоморфты.
Гүлдері бірікпеген, сирек біріккен 6 күтесі бар, тостағаншасы кейде
болмайды, шашақгүл, сыпыртқыгүл және шатырша гүл шоғырларын құрайды, кейде
бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойында орналасады.
Андроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасады, гинецейі үш аналықтан,
үш ұялы, үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы
эндоспермді.
Лалагүл өсімдіктерінің пиязшығы түрі өзгерген өркен болып саналады.
Оның түбіртегі түрі өзгерген сабақ болса, етженді қабықшалары шығу тегі
жағынан жапырақ. Түбіртектің төмеңгі жағынан жер астына тамыр шығады, ал
жоғарғы жағы дөңестеу болып келеді де одан тармақтанбайтын біржылдық
өркенін жер бетіне шығарады. Жаз бойы пиязшықтың қабықшалары қоректік
заттар жинақтайды. Гүлдеп бітіп тұқым бергеннен кейін лалагүлдің жер
үстіндегі сабақтарымен жапырақтары өледі де, пиязшығы қыста тыныштық күйге
көшеді.
Бұл тұқымдаста 470-тей түр 10 туыс бар. Негізгі өмірлік формалары
шөптесін өсімдіктер.Дүниежүзінің барлық флорасында кездеседі. Оқтын-оқтын
құрғақшылық болып тұратын субтропикалық елдерде, сонымен бірге тропикалық
емес елдердің шөлейт аймағында және шөлді облыстарға ауысатын жерлерінің
өсімдіктер қауымының қалыптасуына лалагүлділердің тигізетін әсері орасан
зор. Өмірлік формалары ағаштар (тропикалық елдерде), лианалар және жартылай
лианалар негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктер,мәңгі жасыл немесе жаздық
жасыл және өте сирек біржылдықтар. Бейімдеушілік процесінің эволюциясында
әсіресе терең өзгерістерге вегетатипті органдары ұшыраған. Олар
баданаларға, тамырсабаққа,түйнектерге филлокладииге, өнім бүрлеріне айналып
кеткен. Жапырақтары әдетте азды-көпті етженді, сырты жылтырлау, шеттері
тегіс, отырмалы болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлсерігі
қарапайым, күлтежапырақшалар түрінде берілген, актиноморфты, қосжынысты, үш
өлшемді (сиректеу екі, төрт өлшемді). Гинецейі ценокарпты, сиректеу
апокарптыға жақын, 3, сиректеу 4 жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні
жоғары. Жемісі қорапша, қауашақ немесе жидек болып келеді. Дәнінің
эндосперімі болады.[11]
2.2.1 Лалагүл туысы (лилия—Lilium).
Туыста Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-100
түрі бар. Гүл серігі воронка, қоңырау тәріздес, айқын қызыл, сары, ақ тағы
басқа түсті бірікпеген күлтежапырақтардан тұрады. Гүлдері шашақ гүл
шоғырына біріккен немесе жалғыздан дара орналасады. Жерастылық жуашығы
сыртынан шатырланып келген тығыз орналасқан қабыршық жапырақшалар мен
қоршаулы келеді. Жапырақтары ұзынша бүтін тақталы отырмалы немесе қысқа
сағақша арқылы кезектесіп немесе шоқталып орналасады. Жер бетілік сабағы
жыл сайын қурап түсіп отырады. Лалагүл туысының кең таралған түріне ақгүлді
лалагүл, бұйра лалагүл, бірағайынды лалагүл, корольдық лалагүл, ұзынгүлді
лалагүл, жолбарыс лаласы жатады. Лалагүл баданасы черепица тәрізді болып
келетін өсімдік. Гүлдері үлкен шашақты гүл шоғырына біріккен немесе
жалғыздан болып келеді. Гүл серігі қанық боялған (қызыл, сары, сирен түсті
немесе таза ақ). Ақ лалагүлдің (L. Candidium) шыққан жері, отаны Кавказ.
Гүлінің формуласы: *P3+3 A3+3 G(3).
Бірағайынды лалагүл - L.monadelphum. Гүлдерінің түсі сары болады.
Король лалагүлі - L. Regale сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрдің 2000-
дай сорты бар. Шығыс Азияда жеуге келетін баданасы үшін лалагүлді көкөніс
дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің сібірлік түрлерінде пайдаланады.
Дауыр лалагүлінің баданасынан жүрек ауруына ем болатын глюкозидтер
табылады. Бұйра лалагүл негізінен орманның ашық жерлерінде, жарық
ормандарда, субальпі белдеуіндегі шалғындарда өседі. Бұл түр табиғи
жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Бұйра лалагүл - Lilium martagonТМД елдерінің европалық бөлігінде
Кавказда, Сібірде орманды жерлерде таралған. 60-90 см ұзындықтағы
гүлсидамының жоғарғы ұшында 6-10 шақты жеке гүлдерден түзілген гүл шоғыры
орналасқан, жуашықты көп жылдық өсімдік. Гүлсидамының орта шеніндегі ланцет
тәрізді бес алты жапырақтары шоқталып, одан жоғарырақтағы ұсақ
жапырақшалары кезектесіп орналасқан. Гүл серігі айқын қара-қошқыл түсті үш-
үштен екі шеңбер түзеп бос орналасқан. Алты күлте жапырақшалардан тұрады.
Аталығы алты қоңыр қошқыл түсті тарамдалған ұзын жіпшелі келіп олардың
жоғары басында арқа жағынан бекіп, шайқалып тұратын тозаңдықтары
орналасады. Аналығы үш жеміс жапырақшаларының бірігуінен түзілген бір
аналығы едәуір үлкен ұзынша созылған түйіннен, ұзын мойыннан және шоғыр
басты аналық аузынан тұрады. Қауашағы да үлкен кері жұмыртқа формалы, алты
қырлы ішінде көптеген тұқымдары жатады. Жуашығы 5 см ұзындықта сары түсті.
Жуан етті қабыршақтардан түзіліп, оның қойын бөлігінде балапан бүршікшелер
орналасады. Осылар арқылы жақсы вегетатипті көбейіп отырады. Жуашығы жеуге
жарайды. Бұл табиғи жағдайда өсетінлалагүлдердің Қазақстанда кездесетін
жалғыз түрі болып саналады.[13]
2.2.2 Қызғалдақ туысы – Тulipa
Қызғалдақтар Евразия мен Солтүстік Африканың шөлді, жартылай шөлді
және шөлейт аймақтарында кең таралған. Жабайы түрлері Кавказда, Орта
Азияда, Қазақстанның далалық, жартылай шөлді зоналарда көптеп кездеседі.
Қызғалдақтар жалғыздықтан тік сабақты, жалпақтау немесе жіңішке айыл
тәріздес жапырақты, қоңыр қатты қабыршақ пен қоршалған жуашықты көпжылдық
өсімдіктер. Гүлдері ірі жалғыздан кейде гүл шоғына біріккен, әр түрлі айқын
түсті. Гүл серігі жалаң үш үштен қоңырау тәрізді болып орналасқан алты
бірікпеген күлте жапырақшалардан тұрады. Аталығы алты, ол да үш үштен екі
шеңбер түзеді. Аналығы бір қысқа мойынды үш жақтаулы аналық аузынан тұрады.
Гүлінің формуласы: RP3+3 A3+3 G(3)
Жемісі үш ұялы қауашақ. Сәуір мамыр айларында гүлдейді. Балапан
бүршікшелері және тұқымдары арқылы өсіріледі.
Қызғалдақтың мәдени түрлерін Голландия елінде көптеп өсіреді. Өйткені
бұл елдің климат жағдайы осы өсімдікке өте қолайлы болып табылады.
Жуашықтары, гүлдері әр түрлі 800 – тарта сорттары өсіріледі.
Альберт қызғалдағы – Tulipa alberti
Сирек кездесетін, эндемиктік түр. Сырдария Қаратауы (орталық және
солтүстік-шығыс бөлігі), Шу-Іле таулары, Бетпақдала шөлінің оңтүстігі,
Шолақ таулары мен Капшағай су қоймасы жағалауларында кездеседі. Аласа
таудың қуаң беткейлерінде, шағыл тасты және сазды далаларда өседі. Гүлінің
түсінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қызғалдақтардың көптеген басқа
түрлері сиякты әр түрлі түстері жиі шағын жерде ғана жиналады, сондықтан
гүлдеп түрған қызғалдақтар керемет әсер қалдырады. Популяцияның тығыздығы
төмен — ең қолайлы деген жердің өзінде орташа 1 шаршы метрде 16 дара оседі.
Тұқым арқылы көбейеді. Табиғи тіршілік ортасы бұзылмаған жерде —
популяцияның барлық кезеңдегі топтары кездеседі және жас шыбықтары көп. [1]
Регель қызғалдағы – Tulipa regelii
Сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, эндемиктік түр. Тек Шу- Іле
тауларында кездеседі. Бұл жерден тыс бір рет тек Кіндіктас тауынан (Қордай
асуы маңынан) табылған. Мұнда бірнеше ондаған өсімдіктен тұратын шағын
популяциясы кездескен. Шатқалдың сатыланған жерлерінде, шағыл тасы көп, күн
көзіне жақсы қыздырылатын беткейлерде және шөгінді тастарда өседі. Орта
Азия қызғалдақтарының ішіндегі ең әдемісі, ежелгі қалдық түр. Бұл
өсімдіктің сыртқы құрлысы өзгеше. Қысқа сабағы, қатпарланған жалғыз ерекше
жапырағы, өте ерте гүлдеуі және тіршілік ету кезеңінің қысқа болуы
(мамырдың соңында аяқталады), осының бәрі- түрдің шөл тауларындағы ыстық
құрғақшылық жағдайларында тіршілік етуге бейімделгенін көрсетеді. Онша биік
емес, сабағы (10 см-ге дейін) сабақты жапсыра қоршаған жапырағы эллипс
пішінді. Гүлі де жалғыз , биіктігі 2,5-3 см дейін, гүлсерігі үшкірлеу
жапырақшалы. Олардың ішкі жағы ақ, түп жағы сары дақты, сыртқы үшеуінің
артқы жағы ашық күлгін түсті. Гүлдің оңтүстік бәйшешегіне ұқсастығына
байланысты (алатау шафраны) жергілікті тұрғындар Регельқызғалдағын да
бәйшешек деп атайды. Бұл түр өте ерте, наурыздың аяғы, сәуірдің басында
гүлдейді. Жемісі мамырдың аяғында піседі. Тұқымымен көбейеді, қолда өсіру
қиын, ерекше күтімді талап етеді. Бұрыннан сақталған, сирек кездесетін түр
ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген. Саны малды шектен тыс көп жаю
әсерінен азайып отыр. Қойлар жаппай піспеген жемістерін жейді, сөйтіп
түрдің жаңаруына кесірін тигізеді (ол дерлік тек тұқым арқылы көбейеді).
Мал жайылатын жерлерде бір шаршы метрдегі орташа тығыздығы 3-6, ал тіршілік
ортасы бұзылмаған жерлерде бір шаршы метрде 14-27 өсімдікке дейін өседі.
Мәдени өсіруге төзімсіз. Табиғи популяцияларының жағдайын бақылауды және
арнайы қорғалатын жерлерді ұйымдастыруды қажет етеді. [5]
Жауқазын, бәйшешек - Tulipa biebersteiniana
Саны қысқарып бара жатқан түр. Республиканың тек солтүстік- батыс
бөлігінде - Жайық өзені аңғарынан батыс шоқыларға және солтүстік-батыс
Бетпақдалаға дейін кездеседі. Қазақстаннан тыс Украинаның оңтүстігі мен
ортаңғы бөлігінде, Қырым мен Кавказда, Ресейде таралған. Далаларда бұталр
арасында және орман шетінде өседі. Қазақстан үлгілері тек тұқым арқылы
көбейеді, сондықтан түр саны гүл шоғырына жинаудан азайып отыр. Популяцияға
негізгі зиян жер жыртудан келеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада
(ботника бағы және жеке әуесқойлар) жиі өсірледі. Оңтүстік Қазақстан
жағдайына төімсіз, тез қурап қалады. Науырзым қорығында қорғалады.
Қазақстандағы табиғи поуляциялары зерттелмеген, олар жүйелі түрде зерттеп ,
бақылап отыруды қажет етеді
Түсі- алақызыл, түбі қара немесе сары, кейде барынша күңгірт қызыл,
сары, кейде сап-сары түстер кездеседі. Кеш гүлдейді, сәуірдің аяғынан
мамырдың аяғына дейін, маусым шілдеде жеміс береді. Тұқымымен көбейеді.
Тиімді декоративті түр, мәдени түрде жақсы өседі, тұқымымен төртінші жылы
гүлдейді. Ботаникалық бақтарда танымал және Батыс Еуропаның, АҚШ және
Канаданың жеке топтамаларында белгілі. Сұрыптауда қолданылмайды, бірақ
көгалдандыруда үлкен қызығушылық тудырып отыр, әсіресе Қазақстанның
оңтүстік елді мекендерінде. Жеке түрлердің саны табиғи популяцияларда мүдем
азайды, әсіресе Алматы маңында, себебі тау беткейлерін саяжайлар салу
мақсатында жаппай игеру және тұрғындардың гүлшоқтарын жинауы осындай күйге
жеткізді. Түр қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Басқа қызғалдақтардай ерте көктемде аралар үшін бағалы азық болып табылады.
Грейг қызғалдағы – Тulipa greigii
Саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Солтүстік шөлден
(Қызылорда қаласының маңынан) Батыс Тянь-Шань, Қаратау, Қырғыз жотасынан Шу
–Іле тауларына және Іле Алатауының шығыс бөлігіне (Қордай асуына) дейін
кездеседі. Қазақстан жерінен шамалы ғана шығады, Өзбекстан мен
Қырғызстанның шекаралас аудандарында ғана таралған. Тау етегі мен тау
жазықтықтарында, шағын тасты және ұсақ топырақты беткейлерде өседі,
субальпі белдеуінің төменгі шекарасына дейін көтеріледі. Гүлінің түсінің
керемет алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Талас Алатау мен Қаратаудың
жекелеген сайларында кездескен әр түрлі формаларын кейбір авторлар жеке
түрлерге жатқызған. Тек тұқым арқылы көбейеді. Табиғатта көшеті 10-12
жылдан кейін бірінші рет гүлдейді. Әсіресе елді мекен маңындағы гүлдеп
тұрған өсімдіктерді жаппай жинау, осы маңдағы өсімдіктердің түгел
жойылуына әкеліп соқты.Грейг қызғалдағығылымға тек1868 жылы ғана белгілі
болды, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт диплоын алды. Осы
уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру
әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Қорғалатын
жерлерде (Ақсу Жабағалы және Қаратау қорықтары, Берікқара мен Қызыл тау
қорықшалары) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz