Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік
негіздері
1. 1. Ұлы дидактика жайлы мағлұмат . . . 5
1. 2. Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық - педагогикалық
негіздері . . . 7
1. 3 Білім берудің басты құралы - ойын . . . 13
2. Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын.
2. 1 Дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың түрлері және оларды
пайдалану . . . 18
2. 2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық ойындарды
қолдануы . . . 20
2. 3 Математика сабақтарындағы дидактикалық ойындардың түрлері . . . 25
Қорытынды . . . 30
Қолданылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы Республикамыздың ұлттық білім жүйесінде бірқатар ауқымды, игілікті шаралар жүзеге асып келеді. Көпшілікке белгілі реформалардың алғашқы кезеңінде Егеменді еліміздің Білім жүйесінің заңдық негізі жасалып, алғашқы "Білім туралы Заң" қабылданып, халыққа қызмет етуде.
Әлемдік білім деңгейіне сай Білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келумен қатар, әлемдік Білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне бастауыш сынып көш басында өтіп те үлгерді.
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.
Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сыныптар математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылыми негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда.
Жалпы білім беретін орта мектептің математика бағдарламасында: «Оқушылардың математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады» деп көрсетілген.
Қазіргі күш ұстаздарды, ғалымдарды және жұртшылықты толғандырып отырған актуалды проблемалар көп.
Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының төмендеуі, мектептердің ауыр дағдарысқа ұшырауы және т. б.
Осыған орай шәкіртеріміздің білімге қызығушылығын арттыру, оларды саналы азамат етіп тәрбиелеу үшін біз, ұстаздар, жан - жақты өсіп жетілуіміз, көп ізденуіміз керек.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру проблемасымен көптеген ғалым психологтар, ұстаздар шұғылданған, әлі де шұғылдануда.
Бірінші тарауда дидактика туралы ұғымға тоқталып, оқыту процесінде оқыту-танымдық, іс-әрекетінің психологиялық - педагогикалық негіздерін қарастырдым.
Екінші тарауда дидактикалық ойынның оқытудың бір түрі ретіндегі атқаратын ролін, мақсаттары мен міндеттеріне тоқталдым.
Үшінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының ең негізгі іс-әрекеті - ойын оқытып үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетін таным іс-әрекетін бейімделуі, сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылуын көрсеттім.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеті -бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Математика сабағында 4 сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.
Бұл мақсатқа сүйеніп, алдыма осындай міндеттер қойдым:
1. 4 сыныптағы дидактикалық ойындардың ролін анықтау.
2. Математика сабағында дидактикалық ойындардың қарастыру әдіс-тәсілдері.
3. Математика сабағындағы қолданылатын дидактикалық ойындар.
Мақсаты: Математика сабығында дидактикалық ойындарды қолданудың ролі.
Тапсырма: Математикаға үйретудегі дидактикалық ойындардың ролін анықтау. Қазіргі сабақта дидактикалық ойындардың пайдалануын көрсету. Жаңа талаптарға сай дидактикалық ойындарға сараптама жасау.
Ғылыми болжам: Дидактикалық ойындарды қолданудың нәтижесінде оқушыларының математика сабағы бойынша үлгерімі жақсарады.
Зерттеу обьектісі: Математика сабағындағы оқу үрдісі.
Зерттеу заты: Математика сабағындағы дидактикалық ойындар.
1 Оқыту және білім берудің теориялық және әдістемелік негіздері.
- Ұлы дидактика жайлы түсінік.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйрету didaskalos - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім берумен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұның, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формасын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салган чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 - 1670) . Оның "Великая дидактика" кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1744 -1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
XIX г. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистерк (1790 - 1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсету, көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделіге көшу т. б.
К. Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н. К. Крупская, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий т. б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б. П. Есипов, М. А. Данилов, Л. В. Занков, M. Ы. Скаткин т. б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының "Дидактика" саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің-қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т. б. кезінде шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Қазақтың ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/ қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен әдістемесін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері - бұл балалардың сабаққа, ғылымға, сонымен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін ашатын жол. Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде орыс тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, есептеу үшін оқу жоопарларының, оқу пәндер бағдарламаларының авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын, мектептерде оқуды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.
Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін шындықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындау жолын қадала зерттеген педагог. Оның "Педагогика" кітабы алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында /"Түркістан баспасөз махкамасы"/ шығарылды. Мағжан осы кітабында "Дидактика" және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп қарастырған. Оның 18 жылдары Омбы қаласында курста қазақ балаларына, 1919-1921 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері окыту процесін ағартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары Рубинштейннің /1889-1960/, А. Смирновтың /1894-1975/, ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері тактикалық проблемаларды шешудің, сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен, нені оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнына, мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылыми негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқытудың, тәрбиенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте окытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және оны жүзеге асыру керек.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларың терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі.
Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады.
1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарың бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.
3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіп бағдар беру.
4. Жалпы білім беру мазмұның ізгілендіру және гуманитарландыру. Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастарды жан-жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне және кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдармалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнында оқылатын пәндердің үш негізді циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
"Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - ол пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін", деп мектеп реформасында жазылған. Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз білімінің теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуінде; үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен оқыту жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И. В. Волковтың "Творчествоға баулимыз", В. Ф. Шаталовтың "Баршаны да, әркімді оқыта білейік" еңбектерінде сабақты өткізу принциптері мен істері көрсетілген 1 . Жаңашыл әкспериментшіл мұғалімдердің лекцияларын сабақ үстінде шығармашылықпен пайдалану оқыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі.
Қазіргі кезеңде еңбек тәрбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, зертханалар оқу тәжірибе учаскелері, оқушылардың өндірістік қағидалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т. с. с.
Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне игі әсер етеді.
- Оқыту процесі. Оқытудың психологиялық - педагогикалық
негіздері.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялық процесс т. б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не?
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндетін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымдық-практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және дағдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек.
Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі /білім
беру мазмұны/.
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және
оқушылармен қарым-қатынасы /сабақ беру/.
3. Оқушылар, сынып ұжымы /оқу іс-әрекеті/.
4. Оқыту әдістері.
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық құралдары.
Оқыту нәтижелері.
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет.
Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білім шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес.
Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет.
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады.
Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Бұл оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-әрекеттерінің яғни объективтік білімді танудың ерекше формасы.
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында танылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білім мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық.
Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, оңда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы принциптері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытушының білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске алған жөн. Олар:
- білімнің толықтығы - негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің негізгі звеноларын, яғни танымдық іс-әрекетінің кезеңдерін іске асыруды қамтамасыз ету;
- білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
- білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді меңгеру үшін олардың ойын дамыту;
- білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я. А. Каменскийдің, И. Ф. Гербарттың, Н. И. Пироговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдады.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелер оқушылардың дүниетанымы мен сеніме айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді.
Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен каруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді.
Оқытудың - осындай басты міндеттерінің бірі -шәкірттердің таным-қабілетін дамьпу.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқу процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің, кезеңдері кіреді:
-таным міндеттеріне жете түсіну;
-жаңа материалды қабылдау;
-ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
-білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
-білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
-оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін
және дағдысын тексеру, бағалау.
Енді оқыту процесінің звеноларына тоқталайық. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың адам санасында бейнелеу процесі.
Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсікпен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп сипаттайды.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғыну, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Бекіту - бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.
Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өйткені оқу материалдарын еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық бітіргеннен кейін жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау оқушылардың білімін бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады.
Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шеттелуге болмайды.
Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісін даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Оқыту процесінің звеноларын таным процесінің формуласына сүйеніп, салыстыру ретінде логикалық бір ізділікпен былай жазуға болады.
Нақты аңғару - түйсік, қабылдау.
Абстракты ойлау - ұғыну, мәнін түсіну.
Практика - бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің осы компоненттерін тексеру, бағалау. Сонымен оқыту процесінің звенолары сабақ үстінде оқушылардың іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Егер олардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін.
Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелетін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері - бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі.
Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекті және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен қолданады лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді.
Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады талпындырады.
Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмытылушылығына, оның іс-әрекетінің болашаққа бағыштауына байланысты.
Бұған жататын мотивтер:
а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы;
ә) келешек мамандыққа байланысы жок белгілі іс-әрекеттеріне
қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт т. б. ) . Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыруы қажет.
Ойдың талаптандыру- мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты. іс-әрекетінің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап беруге тілек білдіреді, тырысады да тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді.
1. Танымдық мотивтер:
a) оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері;
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері.
2. Әлеуметтік мотивтер:
а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу) ;
ә) тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының алдындағы бедел т. б. ) ;
б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz