Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . .
І тарау. Ересек топтағы балаларды қоршаған ортамен таныстыру . . .
1. 1. Балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері . . .
1. 2. Қоршаған ортамен таныстыру барысында мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру . . .
ІІ тарау. Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері . . .
2. 1. Мектепке дейінгі балаларды өсімдіктермен таныстыру әдістері және түрлері . . .
2. 2. Ойын арқылы ересек топтағы балалардың өсімдіктер жайлы білімдерін қалыптастыру . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
2
4
4
7
16
16
17
25
27
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа, өсімдіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы өсімдіктер жайла негіздерін қалыптастыру.
Зерттеудің болжамы: Табиғаттың, өсімдіктердің ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Зерттеудің міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде ересек топтағы балаларға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, ерексектерге байланысты.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердіңалдында негізінен мына төмендегіміндеттер тұр. Атап айтқанда:
-педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардыңата-аналарына насихаттау;
-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңдеалған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді… Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды өсімдіктер әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз.
Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.
І тарау. Ересек топтағы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.
1. 1. Балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері.
Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу-Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады.
Баланың қоршаған шындықты тануы- табиғаттағы заттармен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойын, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.
Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда, серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.
Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады.
Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында көбірек орын алады.
Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отырулары керек және қабылдауға болмайтын объектілермен құбылыстармен таныстыруы жөн. Кейде бақылағандарды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқалардың илеуін көрді. «Олар не істеп жатыр?»-деп сұрады балалар. «Кәнеки, байқап көрелік»-деп тәрбиеші, бақылау процесінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндірді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан соң, тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.
Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады. .
Бөлмеде өсетін өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімі және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері арқылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып- күту, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы еңбекке дағдыланады.
Сәбилердің екінші тобындағы балалар ағаштың жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтардың ағаштан үзіліп түсетінін білу керек.
Екінші топтағы балаларды еңбекке баулу. Олар тәрбиешілерімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, гүлдердің жапырақтарын сүртеді. Өз участіктерін жинауға көмектеседі. Тәрбиешінің тапсыруы бойынша, балалар жапырақ түсе бастаған кезде, өздері білетін ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, өзара түсі, пішіні жағынан салыстырады. «Ағаштың жапырағына қарап ажырат» ойындарын ойнайды.
Мектепке даярлық тобы.
Табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы нақты білімді жинақтау және кеңейте түсу, жазғы құбылыстардан күзгі құбылыстардың айырмашылығын, өлі және олардың өзара байланысының бірізділігін анықтау.
Балалардың өздері білетін өсімдіктердің өзіне тән ерекшеліктерін бөліп көрсету және сипаттау, жапырақтары мен жемістеріне қарай отырғызып, ағаштарды айыра білу ептілігіне жаттығу жүргізу, еңбек дағдыларын, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылық пен тәрбиелеу жалғастырыла білуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыту іс-әрекеттері ойын, еңбек, сабақ арқылы жүзеге асырылады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі- оның қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады. Балаларды табиғатпен таныстыру кезінде ойын басты құралдарының бірі. Бақылау барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғат пен тиісті қарым-қатынас жасауға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру-оларға заттар өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың табиғатқа деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын-ала көздейді.
Әр-түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері. Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір программалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Екі жастан үш жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, тірі табиғат құбылыстарымен таныстырады, балаларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырқтардың, гүлдердің) түсін кейбір белгілерін, жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп, дұрыс атауға алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге үйретеді. Сөйтіп балалардың талдағыштығы, көру, естулері жетіле түседі. Бақылаған объектілерге деген назары мен ықыласы артады, табиғатқа деген сүйіспеншілігі қалыптасады.
Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отырған табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады. Сабақтардағы, ойындардағы заттық сезімдік іс-әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және оларды нақтылы түсініктер формасында көрсетуге қол жеткізеді.
Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйретеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.
Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтуін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығын тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктермен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Бақылау-мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процес. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі. Табиғатқа деген көзқарастары ынта-ықыластары сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді. Тәрбиешінің табиғи объектілермен табиғат құбылыстарын бақылау ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балаларды жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін.
Еңбектің маңызы. Еңбек- балалар бақшасында тәрбиелік- білімдік жұмыстың әдісі ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады. Өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды. Еңбек балалар бақшасында жер участкесіндегі және табиғат мүйісіндегі кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбек дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн.
1. 2. Қоршаған ортамен таныстыру барысында мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие - дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән ерекшелік- бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың шындығына сенетіндігінде. Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.
Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгілдернің ауысу құбылысы, құстардың үні, жануарлар дүниесінің қызығы, өсімдіктер әлемі бала сезімінде, түйсігінде әсерлі айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын білуге ынтықтырады. Балаларды көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттерінің аясында бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің мәнерлілігі, көрнекілігі әрі танымдық әсерінің күштілігі балалардың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.
Халқымыздың жалпы мәдениет деңгейін жоғары сатыға көтерудің және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бірден-бір тиімді жолы көркем өнер болып табылады.
Эстетикалықтәрбиеде көркемөнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді.
Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс- әрекеттің әр алуан түрінде көрініс табады. Бұл жұмыста төмендегідей мәселелер қарастырылады :
- тұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен, өсімдіктермен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;
- өмірдегі әсемдікті, сұлулықты қабылдау, және оны түсінуге, сезінуге, қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін жинақтаудың ұзақ жолынан өткізу;
- эмоциялық және танымдық процестерді белгілі бір шамада дамыту;
Өмір құбылыстарын көркемдік тұрғысынан қабылдау әркашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық, дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзінде сәбидің бастан кешірген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.
Көркемдік тәрбие әдістері де алуан түрлі. Олар көп жағдайда: көркем ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастыру мен іс-әрекет түрлеріие, баланың жас ерекшелігіне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейі, шеберлігі мен қабілеттілігінің атқаратын рөлі аз емес.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп отырады. Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау тәсілдерін өздері табуын ұсынады, т. б. Мысалы: Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (саз балшық, ермексаз) жеке бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс- тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекілікті жанама ықпалымен шектеледі, ол тек іс-әрекетке итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді.
Көркемдік тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас ерекшелігіне де тәуелді. Сәбилерді әсемдік әлеміне тарта отырып, тәрбиеші оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек топ балаларына үлкендердің көмегімен қоршаған дүниені белсенді «жасампаздықпен», бірақ олардың шама- шарқы жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады. Олар бақылап және бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркем өнер бұрышын безендіруге қатысып, гербарий және басқаларды жасай білулері тиіс. Сөйтіп, бақылағьштықты, дербес әрекет етуді, өз іс-ерекеттерін жоспарлауды және ойын жүзеге асыруды қалыптастыру әдістері тәжірибеде қолданылады.
Балалардың жас ерекшеліктеріне, даярлық деңгейіне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжірибе балалардың эстетикалық сезімдерінің қарым-қатынастарының, ой қорытындылауының, бағалауының тәжірибелік іс- әрекеттерінің қалыптасуына көмектесетін неғүрлым тиімді әдістерін анықтайды:
- эстетикалық қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқыкөріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі;
- қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез- құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі;
- шығармашылық және тәжірибелік іс- әрекеттерге итермелейтін проблемалық ситуациялар әдісі;
- әсемдікке ұмтылып, эмоциялық - жағымды ықылас тудыратынжәне қоршаған дүниедегі келеңсіздікке қарсы сезімін оятү әдісі.
Көркемдік тәрбие беруде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайлалану керек. Мерекелік ертеңгілікке, саяхатқа барғанда балада эмоциялық сезімге берілу пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ әңгімелесу әдісі деп те санауға болады, өйткені балалардың бақылауларының кез келгені баланың сезімі мен ойын оятарлық тәрбиешінің сол сәттегі немесе кейініректегі түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем шығармаларды таңдап, тиісті іс- әрекет пен жан толқынысын тудыра білу маңызды. Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруі қажет. Оның сөзі нақты, мәнерлі болуы тиіс. Баланың назарын түрлі пішіндегі әсемдік көріністеріне аударып, тәрбиеші нақты мысалдар арқылы «ненің жақсы, ненің жаман» екендігіне сендіреді.
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні - баланы тыңдай, көре, бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге бағыттау. Жүйелі түрде көркем іс- әрекетке жаттығу, шамасы келгеншс таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсенділігін тереңдетеді. Бұл әдіс көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі жағдайларда қолданылады. Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі. Өзгермелі жағдайларды көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкіндік береді. Мысалы: тәрбиеші балаларды суретсалуда штрихтеуге үйреткенде бірде сурет контурынан тыс кетпеуді ұсынса, енді бірде «шөп үлпілдек», өсімдік сабақтары "үшкір" болып шығатындай етіп сызуды ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz