БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі –
халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі – XXI
ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл,
бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білім
жетілдірушілер , қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі
кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар
өзінің болашақ оқуы мен қызметіне қажет екенін түсінеді.
Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания,
АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады.
Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 милионнан астам адам
сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғасырдың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта
оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуда. Ағылшын тілі
біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін
тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып
табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері
адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие
болу қажеттілігін туғызып отыр. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің
басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр
болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен
білім беру - бүгінгі күннің талабы.
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта
ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-
қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып
шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-
жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының
тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі - ағылшын
тілін жетік меңгертуді талап етеді.
Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла
бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте
жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін
арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп
тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде
орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай
түседі.
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең
жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол
жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі
таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан
Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе
мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат –
білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін
жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет
екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан
өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып
табылады [1].
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп
өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына ағылшын тілін енгізу
жөніндегі тәжірибе басталды.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 165
мектептің екінші сынып оқушылары тәжірибе аясында ағылшын тілін игере
бастады. 2013 жылдық қыркүйек айынан бастап еліміздің мектептерінде ағылшын
тілін 1 сыныптан бастап оқытуды кезең-кезеңмен енгізу үдерісі басталады,
осы мақсатта Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартты
бекітіліп отыр.

Сонымен қатар, мектептерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуды
біртіндеп енгізу жұмысы басталмақ.

1 ЕРТЕ ЖАСТАН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1 6-8 жас аралығындағы балалардың психофизикалық ерекшеліктері.
6-8 жас аралығындағы баланың психофизикалық ерекшіліктері баланың
бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына
көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының
ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында
қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер
енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа
түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі
бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару-баланың
қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер
жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті
ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне,
мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп,
сөздік қорын молайтып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді.
Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі.
Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері
мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына
жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі
саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы
белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар
білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі
туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі.
Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды
жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып
оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен
оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып,
үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл
тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі
зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау,
өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану,
балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екендігін
түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді
[2].
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері
мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене
жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды
күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ,
өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына
ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз
кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез
байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына
көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе
- баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-
бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене
еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек.
Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның
әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта
өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің
еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне
даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі
дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене
тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу [3].
1.2 Бастауыш сыныптар үшін ағылшын тілін үйретуді ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің
даму жолына түсу жолында, мектептерде ағылшын тілін ерте жастан оқыту жолға
қойылды. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі –
оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларда сөздік, дыбыстық
құрылымы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, буындап, сөзі тұтас,
сөйлемді түсінікті, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, салауатты, көркем жазу
негізін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
Білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту кезеңінде баланы мектеп
қабырғасына 6 жастан қабылдаудың өзіндік жолы айқындалуда. Сондықтан
ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу дағдысымен есепке
алынады. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын
элеметтерін тиімді пайдалану болып табылады. Мектепте бастауыш сыныптарда
ағылшын тілін оқытудағы мақсаты – жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-
қатынасты игеру болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың
коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Шетел тілі пәнінің мектептегі басқа пәндерден
ерекшелігі - ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз
әрекетін мәдиниетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде
көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы
рөлімен ерекшеленеді.
Бастауыш сыныптарында ағылшын тілі бағдарламасы сөйлеу әрекетінің
барлық түрін (тыңдап-түсіну, оқу, сөйлеу мен жазу), сондай-ақ ағылшын
графикасымен танысуға, оқушының жас ерекшелігіне сай келетін мәтіндерді
жазу және қарапайым оқу әдісімен таныстыруға бағытталғын. Мәтінді
мазмұндауға, жазбаша сұрақтарға жауап беруге, жоспар құруға, белгілі бір
суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға үйрету [4].
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту-оқушылардың коммуникативті даму
біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.
Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық
бағдарлама жасады.
Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы
еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін
өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін
тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру,
таныстыру.
Міндеттері:
-оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын
сіңіру;
-жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның
басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал
ету;
- оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік
қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес
қосу;
-бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен,
тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді
тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмектеседі.
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе.
Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу
үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін
сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету [5].
1.3 Ерте жастан оқытуда ертегі, өлең және ойындарды қолдану.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім – біліктілік, танымдық,
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың
маңызы зор.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек;
2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек;
3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек;
4. Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен
қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды
болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін
зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын,
сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін,
өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға
тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың
бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз
қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ
ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн [6].
Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым-
қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының
сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика
оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы
дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс
барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта
түседі.Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап
алынуы керек.
Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін
ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні
өте зор.
Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың
сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы
ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік
алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп
тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат
бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ
болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді
мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін
жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың
бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың
өзара қарым-қатынастарды тудырады [7].

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР.
2.1 Үйретуші ойын, түсінігі, функциялары.
ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар,
пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық
негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды, олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф.
Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М.
Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, тағы басқа ғалымдар ойын теориясының
қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын
анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін
анықтаған.
Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты.
С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша ойын негізінде адамның
барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды
[8].
Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-
әрекет жүйесінің негізгі құрамдық бөлігіне кіреді. Ойын іс-
әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес.
Қоғамдағы ойын іс-әрекетінің обьективті маңыздылығын білімді,
шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді.
Бұл туралы орыс педагогы А.Макаренконың айтылған сөздері
орынды: Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы
бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан
сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында
басталады. Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі - деп
тұжырымдайды [9].
М.Жұмабаев Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе - деп атап
көрсетсе[10], ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже ойын-баланың рухани дамуының
негізі - деген[11], сонымен қатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б.
Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойын әрекетінің оқу
үрдісінде маңызды құрал болып табылатындығын атап көрсеткен.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығын қазақстандық ғалым
Н.Құлжанова да зерттеп, ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті
басты әрекет және оның жеке өмірі болып табылады деп дәлелдеген.
Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойын әрекетіндегі басты педагогикалық
мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендерге
еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі ойынды әдептілік,
тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын
әрекетінде ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті
жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады деген пікірді білдірген
[12].
Педагогикалық ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс түсінуі оқу
үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен рөлін анықтайды [13]. Ойын
элементтері мен оқытуды ұштастыру мұғалім шеберлігіне байланысты. Кез-
келген ойынның өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше
маңызды функцияларына тоқталайық:
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері;
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы;
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі;
4. Коммуникативтік ойын;
5. Ойынның диагностикалық функциясы;
6. Ойынның емдеу функциясы;
7. Ойынның түзету функциясы;
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық:
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің
бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-
құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді
игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ
астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның
әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның
толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының
көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына,
нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды
меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз
ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді
қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық
ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының
бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы
үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында
бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына
кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-өрісінің дамуы көрінеді.
4. Коммуникативтік ойын. Белгілі бір ережесі болса да ойын коммуникативті
әрекет. Ойын оқушыларды адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында
болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық
ойынға қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-
бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай ойын болуы мүмкін
емес. 
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Диагностика - диагноз қою үрдісі, білу
қабілеті. Адамның басқа іс-әрекетімен салыстарғанда ойынның немен
аяқталатынын болжауға болады. Тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-
өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа
адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу
үшін де пайдаланылады. Д.Б.Эльконин ойын тәсілдерінің емдік мағынасын
бағалай келе, былай деді: Ойын емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде
алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады. Рөлдік
ойындар баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді.
Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады [6].
7. Ойынның түзету функциясы. Ойынның әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес
басқалардың да рөлін жақсы білсе, ойын ережесімен жақсы таныс болса, онда
психологиялық түзету табиғи жағдайда жүреді. Түзету ойындарының тәртібі
нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор. Сонымен
қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай,
қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі
әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы
мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлері
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Ойын технологиясының компоненттері
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің теориялық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану
Пәндер