Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..1 - 4
1 бөлім:
1.1. Есірткі туралы мәлімет және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 - 8
1.2. Жастар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық зардаптары ... 8 – 11
1.3. ішімдік және нашақорлықтың әсерінен жасалатын
қылмыстық
әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11 – 12
2 бөлім:
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық
әсер ету
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...13
а). Алкоголизмнің этиологиялық факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ...13
– 15
ә). Нашақорлықтың қалыптасу
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 – 16
б).Нашақорлықтың алдын – алу,
емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...16 – 17
в). Алдын – алудың педагогикалық
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ...17 – 19
4 бөлім:
Жастардың жат қылықтарының профилактикасы мен күресу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...19 – 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24 - 25
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..26
Кіріспе.
Қазақстан демократиялы – құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның
қазынасы – адам және оның денсаулығы. Қазақстан – 2030 стратегиялық
бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқатын
жақсарту үлкен міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Қазақта атадан
балаға мирас болып келе жатқан аурудың алдын ал деген сөз бар. Ғасыр
індеті аталған темекі, ішімдік, нашақорлықпен күрес бүкіл әлем жұртшылығын
мазалады.
Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекеттер –
нашақорлық, темекі мен ішімдікке құмарлық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз
тұжырымдамасында: Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны
улайтындарға төзіммен қарауы тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге
ымырасыз болуға шақырамын - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа
зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтты.
Нашақорлық әбжыландай сумаңдап, аяғын шалыс басқан әрбір жастың ой -
өрісін, сана – сезімін улай бастады. Осынау улы дерт адамзат парасатының
дамуын тоқтатып қана қоймай, оны бүтіндей құлдырауға да апарып соқтыра
алады.
Нашақорлық грек сөзі, аудармасы ессіздік. Дүниежүзінде оны ақ өлім
немесе тозаққа апарар тура жол деп те атайды.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі – жарым
адамды ғана қан қақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта
шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең.
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес.
Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да , табиғат та таза, тұнық
болатын. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы
аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге
жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата – ана, құрбы – құрдас дегенді
білмейді де, сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.
Рухани дүниенің азып – тозуына есірткі елеулі әсер етіп отыр. Оны
сатушылар өз қара бастарының баюын ғана ойлайтын тоғышарлар, сатып алып,
пайдаланушылар қу нәпсіге тізгін сала алмайтындар деп батыл айтуға болады.
Бұл екі топ та адамзат баласының болашағы туралы толғанбайды. Толғану былай
тұрсын, жұмыр жердегі Адам атты ақыл иесінің біржола құрып бітуіне зор
ықпал етіп жатқанын біле ме екен олар? Нашақорлық – бүгінде қоғамдық ,
әлеуметтік дертке айналып, өрттей лаулап, әл бермей бара жатса, бұл сөз жоқ
әлгі екі топтың әрекетінен. Сонда осы екі топпен қалай, қайтып күресуіміз
қажет?
Дәмін бір рет қана көрейінші, сосын жоламаймын деген әуестіктің құлы
болады. Сөйтіп, көпшілігі сол құлдықтың шырмауынан көзі жұмғанша шыға
алмайды. Мұндай азғындаудан бір ел емес, екі ел емес, бүкіл дүниежүзінде
қанша ел болса, сонша елдің бастары қасіретте жатыр.
Есірткі баяғы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан
белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылғы Қытайда анаша пайдаланылды
деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны
туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең
алғаш рет есірткінің зиянын Шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәр
19 ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та
болды. 20 ғасыр ортасында дамыған Батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі
айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
Есірткіге қарсы күрес 20 ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы
құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының
құзырына көшті.
Нашаға әуес болып, мыңдаған адамдар соның торына түсіп, шыға
алмаушылардың саны көзге көрінбейтін жылдамдықта өсуде. Осы құбыжықтың
тырнағына іліесең, құтылу оңай емес, сондықтан оның қолына түспейтін қандай
әрекет жасау керек екенін адам баласы түсінуі ықтимал.
Соңғы кезеңде нашақорлықпен күресу барлық дүниежүзі елдерінің басты
мақсаты, нашақорлық проблемасы жердің барлық қабатын солқылдатуда.
әлеуметтік және экономикалық жоспарда, психологиялық, физиологиялық
тұрғыдан нашақорлық адамзаттың құлдырауына бейімделген. Нашақорлық
бейімділігі – жазылмайтын аурулардан да қауіпті. Мұндай нашақорлар өзін -
өзі өлтіріп қана қоймай, өзіне жанашыр жандардың да жүректерін жаралап,
қинайды. Келесі дозаны алу үшін нашаға құмар адам өтірік, алдау, ұрлауға
дейін барады. Бұл құмарын қандыру үшін нашақорлар әртүрлі заңға қайшы
келетін істерге дейін барады. Психиатр, психологтарда емделгенімен бұл наша
зардабынан құтылам деп, емделген 10 - 20 пайызы нашақорларға ем қонбай
қайтадан нашаға тартып кетеді. Статистика бойынша 25 жасқа дейінгі адамдар
90 пайызы жұмыссыз, нашақорлар екен. Осы нашақорлардың өз еркімен емделуге
келгендердің саны 10 пайыздан аспайды.
Бүгінгі күні халқымыздың тәні мен жанын улап, қанына сіңіп үлгерген
қауіпті кеселдердің бірі – маскүнемдік біздің елімізді қоса есептегенде
бүкіл әлемде көкейкесті мәселеге айналған. Ішкіштер қатары жыл санап
толығып, көбейіп, етек жайып барады.
Маскүнемдіктің не екенін білмейтін адам жоқ. Десек те, медицина
тілімен айтқанда, бұл нендей кесел? Маскүнемдік – спиртті ішімдіктерді
жүйелі түрде ішуден туындайтын ауру. Ішімдікті үнемі ішуге құмарлықтан,
психиканың, ішкі ағзалар қызметінің бұзылуынан көрініс табады. Бұл сырқат
кезінде жүрек – қан тамыры, жүйке және қан жасау жүйесі, тыныс алу, ас
қорыту ағзалары, бүйрек зақымданады. Созылмалы маскүнемдік – спиртті
ішімдіктерді ұзақ уақыт шамадан артық ішу нәтижесінде пайда болатын ауру.
Ол организмдегі тұрақты теріс өзгерістермен: жүйке жасушаларының
өзгеруімен, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуымен қатар жүреді.
Нәтижесінде зат алмасу бұзылысы салдарынан организм жүйелі түрде улана
бастайды. Созылмалы маскүнемдік түптің түбі психикалық деградацияға алып
келеді және психикалық сырқаттардан көрініс табады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне құлақ ассақ, барлық
аурулардың 9 пайызының пайда болу себебі – ішімдік. Спиртті ішімдік ішу
салдарынан түрлі қайғылы оқиғалар болады, адам өмірі қысқарып, өмір сапасы
нашарлайды.
Мамандардың айтуынша, қыз зорлау, абайсызда кісі өлтіру секілді
қылмыстардың көбі мас күйде жасалады. Осылайша адам санасын лайтын жынды су
талай адамның, көбіне жастарымыздың тағдырына балта шабуда. Ал әлі
туылмаған шарананың денсаулығына ішімдік ішетін әке мен ананың тигізетін
зардабы тіптен ғаламат. Қалай болғанда да ішімдік біреуге жақсылық әкеліпті
дегенді естігеніиіз жоқ.
Қазір көшеге шықсаң, көретінің – қолдарына бір – бір бөтелке сыра
ұстаған жастар. Сыраның құрамында алкоголь аз, оны қанша ішсең де маскүнем
болмайсың деген пікір қалыптасып кеткен. Ал шындығына келгенде, бұл да
осал жау емес. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде сыра маскүнемдігі деген жаңа
мәселе бас көтеріп отыр. Сөйтсек, сыра ішіп те ішкілікке салынып кетуіміз
оп – оңай екен.
Мамандар Сыра маскүнемдігі әсіресе балалар үшін аса қауіпті деп
санайды. Балалардың алкогольды алғаш татып көруіне себеп болатын жағдайлар
әртүрлі. Бұл не кездейсоқ болады, не ересектердің өздері тәбет ашу үшін
шарап ұрттатады, әйтпесе жәй қызығушылықтан өздігінен ішіп көреді.
өздігінен ішіп көруге әсіресе ер балалар бейімдеу. Ересектеу балалар болса
ішімдікті алғаш рет мейрамдарда, отбасы мерекесінде, қонақ келгенде ішеді.
14-15 жастағы жасөспірімдер ішімдік ішуге итермелеген себептердің ішінде
басқа балалардан қалғым келмеді, достарым көндірді, батылдық үшін,
басқалардан бөлектенбеу үшін іштім, деген сылтауларды жиі айтады.
Ішімдікке ауыз тигіздің болды – психологиялық кедергі жойылады. Бұдан
соң бала достарымен, мүмкіндік болса, жалғыз өзі де іше беруге дайын.
Жасөспірімдерді емдеу аса қиынға соғады. Сәл мүмкіндік бола қалса,
олар ішімдікке қайта салынады. Тіпті кейде есірткіге ұрынуы мүмкін.
Маскүнемдікке шалдыққан ересектермен салыстырғанда жас араққорлар қайғылы
оқиғалардан, төбелес кезінде жиі қаза табады, кейде өзіне қол салады.
Маскүнемдік туралы ғұламалар не дейді және де ертедегі спирт
ішімдігіне салынған тыйымдар дерегіне көз жіберсек: Мас болу - өз еркімен
жындану деген сөз. Аристотель. Спиртті ішімдіктер адамды айуан, аң етіп
жібереді және қатыгездендіреді, жақсы ойлардан алаңдатады, топастандырады.
Ф.М. Достоевский. Шарап адам денсаулығын бұзады, ақыл – ой қабілетін
бұзады, жанұя жағдайын және бәрінен бұрын адам жанын, тұқымын бұзады. Л.Н.
Толстой. Кедейлік және қылмыс түрлі психикалық аурулар, ұрпақтың құлдырауы
– міне осылардың барлығын алкоголь жасайды. В.М. Бехтерев. Маскүнемнен
маскүнем туады. Плутарх. Шарап маскүнемнен кек алады. Лернардо да Винчи.
Рюмка арқылы сағыныш – жеңілдікті, жүрексіз – батылдықты, шешімсіз –
сенімдікті, қайғы – қуанышты іздеп және ақырында өлім табады. Б. Джонсон.
Жыл сайын көптеген адамдар суға қарағанда, сыра мен шарапқа әлдеқайда көп
батады. М. Рубнер. Біз сәтсіздікке шыдымағанда, біз шаршағанда,
әлсірегенде, қалжыраған кезде ішімдік бізге қолын созады. Бірақ оның көмегі
жалған: оның уәде берген рухыңды көтерем деген физикалық күші бос қиял.
Джек Лондон.
Тыйымдар: Ежелгі Мысырда арақты тек құлдар ішкен. Ежелгі Римде 30
жасқа толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған. Англияда арақ
ішкендердің мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерінен жүргізген.
Үндістанда маскүнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізген. Шарапты
қолдануға Құранда да тыйым салынған. Ежелгі Римде ішкіш әйелдерді
қудалаған. Ежелгі Грецияда шарапты ішуге 30 жасқа толғандарға ғана рұқсат
берген. Спартада жастарға ішімдікті жиіркенішті қылу үшін әдейі шараптың
кесірінен шошқалық күйге түскен құлдарды көрсеткен.
Жаппай ішкілікке салыну мәселесі ішімдік ішудің алдын - алудағы қоғам
мен мемлекеттің рөлін күшейту жолымен шешіледі. Бұны әлемдік тәжірибе
көрсетіп отыр.
Есірткі туралы мәлімет және түрлері.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні
пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты болуы мүмкін. Оның
ішінде ең маңыздысы өзіңнің таныс топтарыңның арасында оларға еліктеу және
абырой алу болады. Есірткі – қоғамның жас тобының тағдыры болуы кездейсоқ
емес. Бұлар жасөспірімдер, кейде бұлардың ішінде өзін танытуға пиғылы қатты
дамыған, жалпы массадан өзін бөлуге ұмтылатын және осыған жету үшін дұрыс
жолды білмейтін балалар да бар.
Есірткіні пайдалану кезінде (әсіресе морфий және героин) эйфория, яғни
жасанды қатты жағымды сезім пайда болады. Адам елес, қиял әлеміне енеді,
яғни олар үшін ғана бәрі сұлу, әсем сияқты көрінеді. Бірнеше рет
пайдаланғаннан кейін негізгі қажеттілік – жағымды сезім алу қалыптасады.
Есірткінің зұлымдығы ол бастапқыда жүйке жұмысының жоғарғы қызметтері мен
сұлулықты, әсемдікті ойнайды. Бұл бірақ бірінші кезеңдерде
ғана.наркотикалық заттардың қатерлілігі сондай, олардың құрамы орталық
жүйке жүйесін реттейтін химиялық агенттер, яки медиаторларға, биологиялық
белсенді заттарға немесе гармондарға өте ұқсас.
Кішкентай кәсекті татып көруге немесе ине салдыруды ұсынған кезде,
онда тұрған ештеңе жоқ деп, көбісі шындығында солай деп ойлайды. Бірақ...
Қарапайым шөптесінді пайдалану жыл өткен сайын өсіп, одан зорын
тартып көруге ұмтылатындар көбеюде. Осы кезде міндетті түрде анағұрлым
күшті әсер ететін зат – кокаин, героин немесе морфийді ұсынатын мейрімді
жан табыла қалады.
әдетте адам нашақор болып екі – үш ай ішінде қалыптасады. Сондай – ақ
ол үшін күндеине салдыру міндетті емес – аптасына бір – екі рет салдырса
жетіп жатыр. Бірақ адамдар есірткінің алғашқы егіндісінен кейін – ақ соған
тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді.
Саған есірткіні достық ретінде ұсынатын секілді болып көрінеді.
Шындығында, барлығы мұндай оңай емес. Есірткіні шығарудың ондаған жылдар
бойы қалыптасқан жүйесі бар. Ірі есірткі бизнесі басында адами қалпын
жоғалтқан адамдардың арқасында өмір сүріп жатқан бір топ адам тұрады.
әрине, олар барлығына есірткі таратуға жағдайы келмейді. Сондықтан да
оларды нашақорлардың өздері таратады. Жаңа тұлға бұл ортада маймыл деп
аталады. Жыл сайын әрбір нашақор өзінің өмір сүру үрдісіне 5-17 адамды
тартады. Маймылдарға есірткіні ұсына отырып, осы барлық мәселенің шешімі
деп ұғындырады. Көптеген жасөспірімдер осы қармаққа жиі түседі. өздерін
алдағандарын олар өте кеш түсінеді.
Есірткі бизнесіне тартылған адамдар соңғы кезде ауқатты отбасылардың
балаларына көп көңіл бөлуде. Оларды өздеріне үйір етіп, инеге отырғызады.
Бұл түсінікті. Олар басқаларға қарағанда ақшаны көп төлеуге мүмкіндігі бар.
Басқалары, көп ақшалы болмағасын, алғашқыда өздерінің ата – анасын, кейін
өзгелерді тонауды бастайды, кейін олар кішкене есірткі үшін тонауға немесе
адам өлтіруге баруға дайын болады.
Қыздар жезөкшелікке салынып не болмаса қарақшылардың күңіне айналады.
Инеден секіргенше, инеге отырған оңай екені белгілі. Біреудің
көмегінсіз өздігінен есірткіні пайдалануды қойып кеткен адамдар саусақпен
санарлық қана, соның өзінде олар көп пайдаланбаған.
Есірткінің түрлері көп. Соның дені көкнәр өсімдігінен екі түрлі
әдіспен жасалады. Мұның алғашқысы көкнәрдің ұрық қауашағы пісіп, жетілмей
тұрып, әлі көк балауса шағында – ақ өткір кездікпен сызаттап жарған орнынан
аққан сұйық қоймалжың шырынның күнге кептірілуінен жасалатын апиын
сағызынан өндіріледі. Ал, екіншісі үшін шикізат ұрық піскен соңғы құрғақ
қауашақ. Бұдан апиын, морфий, кодеин, героин секілді есірткі түрлері
жасалады.
Меперидін мен методон деген түрлері лабораторияда қоспалардың
қатысуымен дүниеге келеді. Екіншісі есірткіден зардап шегушілерді емдеу
үшін емдік мақсатқа қолданылады. Героиннан сапалық құрамы жағынан әлсіз
болуы ескерілсе керек. Ауруды басып, ұйқы келтіретін дәрі-таблеткалар
құрамында оның өзіндік үлесі бар.
Героин – морфийді қолдан екінші қайтара өткізу жолымен жасалады.
Медициналық мақсатқа қолданылмайды. Сол себепті де есірткінің бұл түрі
өндіруге жатпайды, заңнан тыс. Онда есірткіге тән жағымсыз қасиеттің 90
пайызы сақталған. Мұның азғантай мөлшерін пайдаланудың өзі – ақ аса қысқа
мерзімде оған деген құмарлық деңгейіне жеткізеді. Героинді қолдану оның
ұнтақталған түрін иіскеу, ет пен тері арасына және тамырға егу арқылы
жүзеге асады. Қан тамыры арқылы бір рет егудің өзі – ақ оған тәуелді болып
қалуға жеткілікті көрінеді. Мұны зерттеген мамандардың жасаған қорытындысы
осындай.
Оған бір рет тәуелділігін мойындаушының оның тұтқынынан босап шығуы
мүмкін емес. Бойын құмарлық билеген жан елітіп рахатқа батуы үшін әр жолы
есірткі мөлшерін арттыра түсуге мәжбүр. Мұның мөлшерін шамадан тыс
қолданушының өкпесі дұрыс дем ала алмауынан жансыз денесі күндердің күнінде
ауланың бір түкпірінен, не қараңғы бөлмеден, тіпті әжетханадан табылуы да
ғажап емес. Қай жерде өкпесі қысылып, ауа жетпей, демі бітсе, сол жерде
қалады.
Гашиш – қара базарда жасырын сатылатын есірткінің бір түрі. Ол
дүниенің көп аймағында өсірілетін ұрғашы Үнді сорасының тамыры, жапырағы
және гүлінен алынады. Есірткілік әсер туғызушысы өсімдіктің құрамындағы
делта-9- тетрагидроканнабинол. Оның кепкен жапырағын орап темекі түрінде
тарту кең етек жайған. Сыра ішуші алкоголь ішімдіктеріне неғұрлым жақындай
түссе, гашиш те героин, кокаин тектес күшті есірткілерге жасыл көше
ашады. Гашиш қолданушылардың көзіне төбешіктің тау, көлшіктің көл,
керісінше де кішірейіп көрінуі мүмкін. Миға зақым келеді, сондықтан да жол
оқиғасына ұшырауы кәдік. Гашиш шегушінің сол мезетте – ақ жүрек пен тамыр
соғуы артып, жоғарылайды. Созылмала қан тамыр тұрақсыздығы (инфаркт) бар
сырқаттың тамыры бітелуінің бір себебі осыдан. Көп уақыт апиынға
салынушылардың тыныс жолы зақымдануынан жүрек, ми, бүйрек зардап шегеді.
Гашиш денсаулықты бүлдіріп қана қоймай, жүйкеге әсер етіп, ашушаң да етеді.
Медициналық мақсатқа қолданылмайтын апиынды пайдалану адамды жындандырып,
тікелей өліміне де болған.
Кокаин – Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырағынан
өндіріледі. Мөлдір тұз сияқты ақ ұнтақ. Шамамен 200 кілә жапырағынан жарты
кілә кокаин алынады. Оны пайдаланушылар ұнтақ күйінде иіскеп, елтиді немесе
суға ерітіп, қан тамырына егеді. Оның әсері іле – шала сезіледі: орталық
жүйке жүйесі арқылы жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы жоғарылайды, тыныс
таралып, ауа жетпейді. Есірткі пайдаланушы соның салдарынан өзін де, өзгені
де ұмытып, уақытша бір рахатқа батуын батады. Мөлшерден артығырақ
қолданса, сол рахат дүниесінен бақилыққа жол тартады.
Кокаинға салынушыларға ұйқысыздық, рухани жұтаңдық, өз - өзіне қол
салуы сияқты келеңсіз құбылыстар көбіне – көп тән. Есірткінің жүрек еті мен
сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне тигізер уытты әсер – ықпалы басым. Кокаин
пайдаланғандар 3-4 жыл ғана өмір сүреді. Күндердің күнінде олар жүрек
жарылысынан өліп кетуі мүмкін немесе олардың мұрны жұқарып, пергаментті
жапырақшаға ұқсайды, сөйтіп ол өлімге соқтыратын қан ағумен аяқталады.
Крэк – кокаиннің көбейтілген арзан түрі. Ұзақ уақыт зерттеген
мамандардың пайымдауынша, кокаин героиннан да зиянды болса, ал крэктің
зардабы одан үш есе екен. Иіскелмейді, темекі түрінде тартылады. Зиянының
күштілігі сондай өлтіріп те жібереді. Ұзақ уақыт оны шегушілердің арасында
рухани жұтаңдыққа ұшырап, ақыл – есінен айрылып, жынданушылар аз емес
көрінеді.
ЛСД (лисеруикасид диетиламид) – бидайға бұқтырылған саңырауқұлақтан
жасалады. Түрсіз, дәмсіз, әрі иіссіз. Мұны пайдаланушылар өз бойынан қиялға
шомып, жарқылдаған тамаша жарық сәулелер көретін қасиет барын ашқан.
Расында да бұл қоспада соншалық не құдірет бар? Мамандардың зерттеу
барысы оның микроскоппен көрінерлік өте аз мөлшерінің өзі – ақ
пайдаланушыны ғажайып ертегілер әлеміне алып кететінін көрсеткен.
Тәжірибе барысында ЛСД-нің өте аз мөлшерінің де клеткалар құрамындағы және
тұқым қуалауға байланысты микроскоппен көрінетін хромосомды өлшеусіз
бүлдіріп, зақымдайтыны дәлелденген. Оны екіқабат болашақ ана пайдаланса,
сәбидің дене мүшелері кеміс болып туылған. Мамандар тәжірибесі бұл қоспада
удың өте күштілігін көрсетеді.
Фенсиклидин – бұл да ЛСД секілді қиялға шомылдырушы есірткі түрі.
Қысқаша періште ұнтағы (ангел дуст) деп аталады. Медицинада сонау алпысыншы
жылдардың басында операцияжасағанда денені жансыздандырушы ретінде
пайдаланылған.денсаулыққа зияны бары анықталысымен іле – шала тоқтатылған.
Оның зиянды зардабы өзін сол қолдану кезінде де, одан соң көптен кейін де
байқатады.
Көпшілік арасында тек апиын, морфий, героин, кокаин секілді есірткі
түрлері ғана құмарлыққа апарып соқтырады деген пікір қалыптасқан. Шындығы
да солай. Бірақ медицинада қолданылатын кейбір дәрінің де жөнсіз жиі
пайдаланылуы да құмарлыққа салындыратынын неге ұмытуға тиіспіз? Ол біреу
ғана емес, бірнешеу. Атын атап, түсін түстелік. Біріншісі – нендей
сырқаттың да алдын – алу үшін қолдан – қолға өтетін – амфетамин! Операция
жасалатын дененің бөлігін жансыздандырып, сырқатты тыныштандыратын –
гипноседатиф дәрісі. Бұлардың түрі көп. Қоздырғыш дәрілер аурудың алдын
алуға қолданылады. Орталық жүйке жүйесіне ескерту беретін ерекшелігін
жадымызға түйелік. Оның бір тобы – амфетаминдерді спортшылардың өзіне
пайдалануын допинг дейді. Медицинада ұйқысыздыққа, қалжырау мен әлсіздікке
қарсы емдеуге қолданылыды.семіздіктен арылуға да бұл қоздырғыш дәрінің
емдік қасиеті бар. өз орнымен қолдануына тиісінше көңіл бөлінбесе, тым жиі,
әрі ұзақ уақыт пайдалану әдеттегі үйреншікті дағдыға айналып, құмарлыққа
соқтырса, қайғы – қасірет дегеніңіздің өзі де нақ сол.
Бензодиязепиндер – күндіз тыныштандырып, түнде ұйықтатушы дәрі.
Күйгелектікке, рухани тұрақсыздыққа, ем ретінде барбитураттардың (ұйқы
дәрісі) басқа да жасанды тыныштандырушы дәрі – дәрмектің де орнына
қолданылады. Дегенмен бұл да құмарлыққа бастайды.
Ұйқы дәрілері (барбитурат) – басқа да жасанды тыныштандырушы
дәрілермен салыстырғанда аты жиі естілгенімен, көрер көзге залал келтіруші
метакуалон мен мепробамат ауыздан түспей – ақ келеді. әрине, өкінішті – ақ.
Екеуінің пайдасынан зияны көп. Құмарлық туғызатыны айтпасақ та белгілі.
Аталмыш дәріден қол үзбеушілер арасында ашушаңдық, рухани тұрақсыздық,
көңіл – күйдің ауытқушылығы, қылмысқа бейімделу, өзіне қол салуға
ыңғайлану, ең әрісі өлтіруінің де байқалуы көп жәйіттен хабар берсе керек.
Жастар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық зардаптары.
Кейінгі жылдары Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде психобелсенді
заттарды қолдануға, соның ішінде алкоголь, наша мен таксикомания заттарын
пайдалануға, темекі шегуге қарсы насихат күшейіп келеді. Есірткі заттарын
қабылдау темекі тартудан басталатынын ғылыми зерттеулер мен тәжірибе
көрсетті. Осы айтылған жәйіттер балалар мен жасөспірімдердің арасында
темекі шегу мен басқа да психобелсенді заттардың қарқынды тарауына
байланысты болып отыр. Темекі шегумен қатап алкогольды, онан соң гашиш пен
апиын секілді есірткілерді қолдану, сондай – ақ желім, лак, сырлар,
сырларды ерітетін заттар, хлорофос, дихлофос, аяқкиім кремдері, бензин,
толуол, дәрілер сияқты токсикоманиялық заттар қолдану кең тарап барады.
Қозғыш, иланғыш, мінезі тұрақсыз жасөспірімдер маскүнемдік,
нашақорлық және токсикомания ауруларына тез бейімделеді. Мұндай аурулар бас
сүйек – ми зақымданғанда оңай дамиды.
Маскүнемдік кезінде болатын биохимиялық өзгерістер, ферментативтік
кемістік ұрпақтан ұрпаққа беріледі деген болжам бар. Осындай өзгерістер
нашақорлық кезінде де болады. Кез – келген психобелсенді заттарды пайдалану
ауруға әкеліп соғады. Оларды мезгіл – мезгіл пайдалану артынан аддиктивті
мінез – құлық туғызады (психикалық жағдайды өзгерту үшін шынайы
психобелсенді заттарды қолдану, психологиялық жаттығулар жасау, құмар
ойындарға қатысу). Осыған байланысты біркелкі патогенетикалық механизмі
барнаркологиялық тәуелділік қалыптасады. Маскүнемдік, нашақорлық пен
токсикоманияның клиникасында ұқсастықтар бар. Бұлардың үш кезеңі болады.
Бірінші кезеңде негізгі белгі ретінде әр адамның психикалық
тәуелділігі қалыптасады. Осыған байланысты ішімдікке деген жеңе алмайтын
құмарлық пайда болады. Алкогольды, апиынды қабылдағаннан кейін қажетсіну
мөлшері жоғарылайды. Мөлшердің өсуімен байланысты біртіндеп қорғаныс
рефлексі жойылады.
Екінші кезеңде физикалық тәуелділік дамып, абстинентті синдром
қалыптасады. Маскүнемдікте бұл бас жазу деп аталады. Организмнің
физикалық тәуелділігі дегеніміз – қалыпты жағдайда қызмет атқару үшін үнемі
ішімдікті тілеп тұру. Егер ішімдік болмаса, адам ауырып, психикалық және
соматикалық – жүйке бұзылыстары орын алады. Осы кезеңде жасөспірімдерде
ашуланшақтық пайда болып, мінез – құлқы өзгереді, ішуге және нашаға қажет
ақша табу үшін қылмыстық әрекет жасауға дейін барады.
Үшінші кезеңде ішкі мүшелер өзгеріп, ішімдік заттарға қарсы тұру
қабілеті төмендейді. Адам өзгеріп, әлеуметтік тәуелділікке тап болады.
Жасөспірімдерде барлық кезеңдер жылдам және ауыр түрде өтеді. Ересек
адамдарда екінші кезең бірнеше жылдан кейін дамыса, балалар мен
жасөспірімдерде 1-2 жылда не бірнеше айда дамиды.
Бірінші және екінші кезеңдердегі маскүнемдердің 10-15 пайызында өткір
алкогольды психоздар дамып (галлюциноз, делирий елесі, қызғану сандырағы),
естің нашарлауы, ақыл кемістігі пайда болады.
Соңғы жылдарда психиатриалық ауруханаларға алкогольды психозбен
түсетін адамдардың саны айтарлықтай артты. Қазір алкогольдың классикалық
түрі көбейді. Ми кемістігі пайда болатын Корсаков (С.С. Корсаков – Ресей
психиатры) психозымен ауыратын адамдар саны көбейді. Егер алкогольды психоз
ішімдікті ішкеннен кейін бірнеше жылдан соң дамыса, бензин, гашиш,
тұрмыстық химия заттарын, дәрілерді қолданғаннан кейінгі психоз бірден
дамиды. Анаша зиянсыз деген пікір бар. Бірақ гашиш (анаша) – қауіпті
есірткі. Оны алғашқы рет тартқанның өзінде психоз пайда болады. Гашишқа мас
болған адам қоршаған ортаны басқаша қабылдайды. Оған айналадағының бәрі
күдікті, қорқынышты боп елестейді. Қауіпті, заңға қарсы әрекеттер де
осындай күйде жасалады.
Алкогольдық ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері:
асқазан қабынады, адам тұлғалық кейіпінен айрылып, қадір – қасиетін
жоғалтады,бауыр беріштенеді, жүрек жұмысы әлсірейді, ойлаудан айрылады.
Ішімдік тек жүйке жүйесіне ғана емес, мінез – құлыққа да әсер етеді.
Ішімдік ауыз қуысында және асқазанда бірден қанға өтеді. Ішкеннен кейін 2
минут ішінде қанға өтіп, бүкіл ағзаға тарайды. Жүйке жасушасындағы майлар
тез еріп, улы заттар пайда болады. Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу
үйлесімдігі бұзылып, қозғалыс әрекеті адам еркіне бағынбайды. Арақ өмірдің
түп қайнарын улайды.
Маскүнемдік кезеңдерді физиопатология дәлелдеді.
1 - кезең. Бастапқы өзгеріс байқалмайды.
2 - кезең. Ішкі мүшелер қызметі бұзылады, психикалық өзгеріс болады.
3 -кезең. әрдайым ынтасы ауып, ішкісі келіп тұрады. Адам өмірі – 15 жылға
қысқарады. Күнделікті қылмыстың 50 пайызы ішімдікпен байланысты. Қандағы
ішімдік мөлшері 0,3 пайыз болса, адам мүлде есінен танып, не істегенін өзі
сезбейді.
Экономикалық шығын:
1. Мастықтан жұмыс өнімінің төмендеуі.
2. Арақтан пайда болған ауруларды емдеу, аурухана шығыны.
3. Жол апаттары.
Арақты үздіксіз ішілуіне байланысты аурулар:
Ауыз рагы, өңеш қабыну, өңеш рагы, тері ауруы, В витаминінің жетіспеуі,
Цернике ауруы (көз қарауытып, құлақ жақ ауырады), жындылық, қояншық ауруы,
бауыр майлану; цирроз; сандырақтау; бұлшық ет солу; қиял көру; өкпе
аурулары; талма жүйке аурулары, психологиялық қалыпсыздық.
Алкогольдың қимылдарға әсері:
а). Қандағы алкоголь 0,05 пайыз болса, зейінділік қимылға әсер етеді.
Математикалық есептерді қате шығарады. Естігені жайлы қате тұжырым жасайды.
ә). Қандағы алкоголь 0,1 пайыз болса, түзу жүре алмай, теңселеді, тіл
бұлшық еті нашарлап, түсініксіз сөйлейді. Көзі күңгірт көреді.
б). Қандағы алкоголь 0,5 пайыз болса, ми сыңарына әсер етіп, тыныс
тоқтап, жүрек соқпай, уланып өліп қалуы мүмкін.
Нашаға тәуелділік болғанда организмде қандайөзгерістер болады? Ішкі
секрет бездерінің қызметі нашарлайды, өсу, жыныстық процестері тежеледі,
жүрек – тамыр жүйесі, шеткері және орталық жүйке жүйелері, бауыр, бүйрек,
қан түзілу қызметтері бұзылады.
Осындай күйден шығуға бола ма? Шығуға болады, бірақ басқа зиянды әдеттерге
қарағанда, нашақорлықтың өзінің жабысқақ ерекшелігі бар және одан шығу
үшін өте көп күш салу керек.
Бірінші кезеңде абстиненция күйінен шығу үшін стационарда емдеген
тиімді, оны дәрігер – наркологтер наша мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы
не ауру сезіміне қарсы және ұйықтататын препараттарды қолданумен емдейді.
Осы ауыр кезең өткеннен кейін, жас адам өз ортасына, өз ұжымына
қайтып келіп, бірақ рет наша қабылдаса, бәрі қайтадан басталады. Бірақ
қайталанған сайын жағдай қиындай түседі: ауыру сезіміне қарсы жүйенің де,
сол сияқты басқалардың да мүмкіншілігі шексіз емес қой.
Нәтижесі – шамадан тыс мөлшерін қабылдағаннан тыныс орталығы тежеліп,
тыныс тоқтатылып өлімге әкеледі, өйткені әр кез мөлшерін көп, одан көп
енгізу керек. Басқа да нәтижесі болуы иүмкін – ол жиі кездесетін өзін - өзі
өлтіру, немесе мидың өте ауыр зақымдануынан адамға тән жоғарғы қызметтердің
бұзылуы, есінің кем болуы, біртіндеп әлсіреп, арықтауы. Бұл күйде адам халі
өте аянышты: қозғалмай жатады, қасықпен берсең ғана тамақ ішеді, дәретке
бара алады, басқа қызметтер қолынан келмейді. өлім, іркілулі пневмония
(өкпенің қабынуы) немесе көп жатқаннан денесінде ойық тесік пайда болып,
қанның қағындысы (сепсис) болады. Жалпы бұл күйден шығудың бір ғана жолы –
ешқандай наша қабылдамау.
Маскүнемдікті, нашақорлықты және токсикоманияны медициналық -
әлеуметтік орталықтарда, наркодиспансерлерде, психиатриялық мекемелерде
емдейді. Абстинентті синдром (бас жазу) емдеудің әсерінен жылдам жойылады.
Ал психикалық құштарлық бірнеше жылдар бойына сақталады. Сондықтан, емдеуді
тек аурудың өткір кезінде ғана емес, одан кейін де ұзақ уақыт жүргізу керек
(психотерапия).бұл екінші алдын- алу шарасы абстинентті синдромды жойғаннан
кейін де қажет болады.
Психобелсенді заттарды қабылдайтын жасөспірімдерді емдеу және оның
алдын - алу Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан арнайы кабинеттерде
жүргізіледі.
Жоғарыда айтылғанның алдын - алу үшін қоғамда алкоголь мен темекіні
насихаттауды мүлдем доғару керек.
Ішімдік және нашақорлықтың әсерінен жасалатын қылмыстық әрекеттер.
Қазіргі уақытта ішімдік ауыр проблема. Осы алкогольдық мас болу күйі
ауыр қылмыстар себептерінің бірі болып табылады. Неге олай болады? Алкоголь
ең алдымен бас миының қыртысын тежейді, мидың терең бөлімдерінен ежелгі
жануарлық инстинктерді шығаратындығын еске алса да болады. әрі қарай
ішімдік тереңдеген сайын жеке адамның әлеуметтік, психикалық және рухтық
азуына әкеледі. Ешқандай кедергісіз, тұлғада ең жаман мінездер
агрессивтілік, ашу, қатыгездік пайда болады.
Іс сотқа жеткенде, қылмыскер көбінесе: мас болдым, ештеңе есімде
қалмады, сау кезде мен бұны істемес едім дейді. Бірақ бұл оны арашалай
алмайды. Ішімдік әсерінен мас кезінде өзінің кінәлікдәрежесін көбейтеді,
өйткені ол өзін еркін осы күйге әкеледі.
өкінішке орай, қайда жақсы және ақылды жігіт кездейсоқ қылмысқа
қатысушы болып қалады. Істеген жақсы істерінің бәрі, жетістіктері бір кеште
бір рет мас болғанымен өшіріледі. Бұл сынған өмірдің апаты, бұл жақындардың
және туыстардың қайғысы, бұл әдеттегі өмірден, оқудан, жұмыстан
алаңдаушылық, бұл шәлкес көзқарастар, ақырында жұмысқа орналасу қиындықтары
мен кейбір мамандықтарға жолдың жабылуы. Не үшін? Міне бұл сұрақтарға
ерекшелікті жауап: не істерін білмегендік, батыл болу үшін, көшелік
қызық оқиғаларды іздеуден, компания үшін. Бұл керек пе?
Әсіресе алкогольды жас адамдарға, бозбалаларға қолданған қауіпті.
Адам неғұрлым жас болса, соншалықты ағзаның шарапқа және араққа тұрақтылығы
төмен, тез мас күйге келеді, өзі ұғына алмайтын әрекеттерімен көрінетін
хайуандық күйге көшеді.
Алкогольдық мас болған күінде жасалатын жиі кездесетін қылмыс – ол
тұлғаға қол сұғу. Бұл ұру да, төбелес те , ал кей – кезде өлтіру де. Таныс
емес адамдар немесе тіпті достары және потенциалды ішкіштің жақындары да
жапа шегеді. Мұның арлығы әртүрлі дәрежедегі зардабы бар сотқарлық
әрекеттер болып табылады. Мас күйінде тонау көп болады, ұрлық та сирек
емес. Қандай жағдай болса да бөтелкенің соңынан оның көлеңкесі сияқты
қылмыс та қалмайды.
Есірткіні немесе ессіздендіретін әсерлі дәрілік препараттарды
медицина мақсатынсыз қолдану заң бойынша қылмыс ретінде қаралады.
Есірткілік қатарға жататын дәрілік препараттармен махинация жасау және
оларды ұрлау, опийді, көкнәрді және сораны өсіру, тасу және есірткілік
заттарды және шикі заттарды таратудың басқа да жолдары, кәмелетке
толмағандарды есірткіге қатыстыру осының бәрі қылмыс болып есептеледі.
Әрине, егер есірткіні қолданудың заңдық жағы осымен ғана аяқталса.
Есірткіге үйрену тез – апта, ал кейде бірнеше күннің ішінде болады.
Кейбір адамдарға жақсы сезім алу үшін бір рет қолданғанның өзі жеткілікті
болады. Сосын ол тағы да қажет еткізеді. Есірткінің әрбір граммы
(милиграмм) зұлым, оның психикалық және физикалық тәуелділігі соншалықты
қатты, ал одан айрылу соншалықты ауыр және шыдамсыз, тіпті бұл күйде
нашақор адам өзінің қандай да болсын қылмыстарға дайындығымен қоғамға
қауіпті.
Мүмкін бірінші порциялар адамға әр түрлі жағымды әсерлер беріп,
айналаның барлығы қызғылт түсті, одан жылтыр сыпайылық жан – жағына төгіліп
тұрғандай көрінеді. Мұның барлығы, әрине, ақша біткенге дейін ғана. Ал бұл
күйді жалғастыру үшін ақша өте қажет. Бұдан шығудың бірден – бір көзі –
киім сату, ал бұл қайнар көз біткенде – ұрлық (мұндай күйде жұмыс істей
алмайды) басталады.
Егер маскүнемдер үшін тек жеке адамға қарсы қылмыс тән болса,
нашақорға бірінші орында – ұрлық тұрады. Нашақорлар ақша үшін ешнәрседен
қайтпайды: ол бүлдіреді, тонайды, өлтіреді.
Соңғы кезде бүкіл әлемде нашақорлар саны өсуде. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасы да үрейлі жағдайда. өсірілетін есірткелік шикізаттардың
республиканың оңтүстік жағында шығуы, сонымен қатар баяғыдан есірткінің
жеткізушісі болып табылатын Орта Азия оңтүстік елдерінің жақындығы жағдайды
қиындатады. Нашақорлық эпидемия сипатын алуда. Ол неге әкеледі?
Табиғат өз ауру өскіндерінен айрылуға қабілетті. Аурулар, өлім,
импотенция - әрбір нашақордың қаша алмайтын серігі. Бірақ, табиғат адамдар
бүлдіргенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz