Жазаны жеке даралау мәселелері
Жоспар
Кіріспе 3
I-тарау. Жаза тағайындау институтының қалыптасуы мен
дамуының тарихи кезеңдері
1. Жаза тағайындау институтының тарихи қалыптасуы мен Егемен
Қазақстанның жаза тағайындау институтындағы жаңа белестер 5
1.2 Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары 14
II-тарау. Жазаны жеке даралау мәселелері
2.1 Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі
дәрежесін есепке алу мәселелері мен сотталушының түзелуіне және
оның отбасының тіршілік жағдайына ықпал ететін мән-жайлар 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Адам адам болғалы, өркениет әлемі өз көшін түзегелі бері қылмыс пен
жаза атты телі ұғым қаншалықты сөз болып, сынға түсіп келе жатқанына
қарамастан адамзат тарихындағы ең ұлы, ең қилы-қиямет оқиғаларға толы ғасыр
болып өткен XX-ғасырдың басында айтылған осынау пікірдің, қойылған осыну
сауалдың күні бүгінге дейін бір жақты жауабын таппай, маңызын жоймай келе
жатқандығы таңдандырмай қоймайды.
Жаза шарасын сот заң санкцияларының кең көлемде әділдік сана-
сезімінің субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осының барлығын
шешетін сана-сезім мейілінші тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып
табылады.
Бүгінде әлем бойынша, әлбетте әр елдің ұлттық, мемлекеттік, құрылымдық
ерекшеліктеріне негізделген қылмыстық құқық жүйесі берік қалыптасқан. Ғылым
қашанда тоқтап тоқырап қалмақ емес.Осы үрдісте қылмыстық құқық саласы да
үздіксіз даму, жетілу үстінде. Әсіресе, оның толғақты бір буыны-жаза, жаза
тағайындау мәселесінің, жоғарыда айтылғандай, әлі күнге нақтылы жауабын
таппай, талқыдан түспей келе жатқаны ақиқат.
Қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы тәжірибесінде бір барынша осал тұсы
бар, сол жерге барлық жаза тарттыру жүйесі мен оған басшылық жасаушы барлық
жаза тағайындауға бағытталған қатты соққы беруі мүмкін. Осы осал орынды
анықтау үшін тек бір сауалға жауап табу талап етілуі керек: жасалған әрбір
қылмыс үшін жаза шарасы қандай негізде белгіленеді?
Осынау шын мәнінде нағыз маңызды, нағыз өзекті сауалға қазіргі заманғы
қылмыстық құқық теориясында да, тәжірибесінде де тыңғылықты, байсалды жауап
күні бүгінге дейін берілмей келеді. Соған қарамастан бұл сауалдың басы
ашық: мақсаты белгісіз үкім шығарған мазасыз түнде судья ар-иманына салмақ
сала отырып, өзіне тынымсыз жауап іздейді. Бұл сауал еңсені езерлік түрме
қабырғаларында отты әріптермен жазылып тұрғандай, ол өзінің бостандыққа
шығар уақытын сағат-минутына дейін есептеп, тағатсыздана күткен бақыттсыз
тұтқынның көзін қарып жанын ауыртады. Бұл сауал тұғырында отырған тоқ
қарғаның тарғыл дауысымен, неліктен және не үшін екеніне ден қоймастан бір-
бірін аяусыз қинап азаптап жатқан адамзат баласын келеке еткендей қайта-
қайта жаңғырады.
Бұл сауалға орай қолданыстағы жазалар туралы заңнаманың кез келген
бабын, мәселен 1467-бабын алып қарайық. Бұл бап қажетті жеке қорғаныс
кезінде төнген қауіптің беті қайтқаннан кейін де кісі өлтіргені үшін себеп-
салдардың әсері бойынша және істің басқа мән-жайларына орай үш жақты жаза
қарастырады:
1) немесе 4 айдан 8 айға дейін түрмеге қамау;
2) немесе 3 күннен 7 күнге дейін қамауға алу;
3) соттың алдында тек қатаң сөгіс беру.
Енді осы бап бойынша айыпталушы және соттың үкімін тағатсыздана күтіп
отырған тұлғаны көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
Қажетті қорғаныс кезінде шамадан тыс қызу қандылық көрсеткен жаңағы
тұлға жоғарыда аталған жазалардың қайсысы қолданатынын мүлдем білмейді.
Оның қорғаушысы, тәжірибелі криминалист-ол да, сот заңда көзделген жаза
шараларының қайсына тоқтарын тап басып айта алмайды.
Ал соттың өзі ше?! Сол тұлғаға қандай жаза шарасын қолдану қажеттігін
біле ме? Себеп-салдардың әсерімен және істің мән-жайы бойынша тұлғаның
қылмысының көптеген басқа әрекеттерден айырмашылығы жоқ. Соттың ар-намысы
ол тұлғаны барынша қатаң жазалауға себеп таппай тұр, дегенмен оған
мейілінше кешіріммен қарауға да негіз жоқ.
Міне, содан келіп судьялар прокурордың өте жеңіл ойлылықтың нәтижесінде
келтірілген өлім үшін қатаң жазалау қажеттігі жөніндегі талап сөзінің
әсерімен әлгі тұлғаны, айталық бес ай түрмеде жабуға соттады делік.
Егер сіз артынан судьялардан неге дәл осы бес айға соттағаны жөнінде, 4
немесе 3 аймен шектелуге болмады ма, неліктен олар сол тұлғаға 7 немесе 5
күнге қамауға алу шарасын немесе жай сөгіс жариялау шарасын тағайындау
мүмкін емес деп есептеді-осы мәселелер жөнінде сұрасаңыз-сауалыңызға бір
жақты, тыңғылықты жауап ала алмасыңыз сөзсіз. Олар тағылған шара өздеріне
барынша әділетті болып көрінгенін айтады немесе сіздің сауалыңызға ештеңе
деп жауап беру мүмкін еместігін мойындайды.
Жаза шарасы сот заң санкциясының кең көлемінде, әділдік сана-
сезімнің субьективтік негізінде тағайындайды. Бірақ осы барлығын шешетін
сана-сезім мейілінше тұрақсыз және барынша бұлдыр өлшем болып табылады.
Заңгер-зерттеушілердің осы жаза тағайындау мәселесін басты тақырып етіп
алып, тұрақты түрде зерделеп жазып келе жатқанына біраз жылдардың жүзі
болды. Жаза тағайындау проблемасын зерттеуде көптеген қылмыстық істер
қарастырылып, ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізілген.
I тарау. Жаза тағайындау институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи
кезеңдері

Қазақстанның жаза тағайындау институтындағы жаңа белестер.
Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы – қазақтың ата жолы, қазіргі
құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет –ғұрыптары мен салт -
дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды
баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әрі еңбек-халқымыздың
рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.
Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик
С.З.Зиманов Қазақ құқығы–қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің
негізін құраған мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі және
өміршеңдігі мен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына
ілінді. Ұлы далада көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар даңқының
үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі
мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты
Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркіндік қабылетінің сақталыуымен
оқшау орналасуы мен түсіндіруге болады , -деп атап өтті.
Қазақ елінің құқық тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген
және сараптама жасаған А.Алекторов, А.Якуткевич, А Лапшин, Л. Баллюзек, Д.
Андре, Е. Бекмағанов, И. Козлов, И.Кради, Т. Күлтеев, С. Фукс, Ә. Марғұлан,
С. Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды.
Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірінде кездесіп тұратын азаматтық
және қылмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелетін. Қазақ даласында би
ешқашан сайланбалы қызметте болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара
келісімі мен шешімі бойынша елдің салт- дәстүрін, шежіреден хабары бар,
аузы дуалы, сөзі уалі, шаруасы түзу, ата тегі белгілі және елге беделді
сыйлы адамдар ғана би болған. Ел ішінде көпшілік жұртқа әділ, тура
билігімен танылған билер беделі әрқашан күшейіп, олардың орны маңыздала
түседі. Әділ билеріміз тарихына көз жүгіртер болсақ, тіліміздің ұшына ең
алдымен үш жүздің ұлы билері – Төле, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке
есімдерінің оралуы жайдан емес.
Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын саясат қылып ұстаған Тәуке ханның
қазаққа жасаған көп игілігінің бірі – ескіден келе жатқан әдет-ғұрып
нормаларын қайтадан жүйелеп, өз заманы талабына сай Жеті жарғыны
қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезінде үш бидің және басқа билердің
кеңес - ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге
әкелуге көп септігін тигізді.
Жеті жарғы - көшпелі қазақ халқының Ата заңы. Ол Қасым салған қасқа
жол, Есім салған ескі жол сияқты дала заңдарының заман талабына сай
өңделіп, дамытылып, толықтырылған билік, үкім, нұсқауларының жинағы. Күні
бүгінге дейін Жеті жарғының толық нұсқасы табылған жоқ.
Қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде
ұстаған ерінің сол сәтте екеуінде өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз
қалуға мүмкіндігі болған. Егер әйелдің ойнас жасағанына төрт адам куә болса
оның қылмысы әшкере болды деп саналған ондай жағдайда күйеуінің шешімімен
өлім жазасына кесу құқығы берілген. Өзгенің әйелін ықтиярсыз алып қашқаны
үшін өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кеседі. Егер әйел өз еркімен
қашса оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып,үстіне қыз қосып береді.
Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі
кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болып, зорлаушы қалың
малтөлеп үйленсе, онда қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де,
өлім жазасынан да босатылады. Осылайша ата – бабаларымыз қыз өссе елдің
көркі, гүл өссе жердің көркі деп әлпештеп өсірген қыз баласының арын да
қызғыштай қорғап, қызға қырық үйден тыйым деген тәрбиелік қағиданы қатты
ұстанған.
Осы жоғарыдағы мысалдардың өзі қазақтардың әдет–ғұрыптарындағы
жазалардың әр түрлілігін көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің
қылмыскердің қылмысты жасаудағы іс-әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің
деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекеттерінің себебіне және тағы басқа
назар аударып отыруы жазаның тиімділігіне кепіл болған. Билердің негізгі
мақсаты–құн даулаушы жақты да айыпкер жақты да өздерінің шешкен
шешімдерімен толық қанағаттандыру болған. Сол үшін де билер назарынан жаза
тағайындау кезінде бір нәрсе де, титімдей түйткіл сырт қалмауы
қарастырылған.
Жоғарыда қарастырылған қазақтың әдет-ғұрып заңдарының қалыптасуы,
дамуының тарихы, толғақты мәселелері төңірегінде нақтылы мысалдарға сүйене
отырып, белгілі бір дәрежеде біршама сөз еттік. Ендігі ретте содан кейін
бастау алатын, халқымыз тарихындағы ақтаңдақтармен, қилы қиямет оқиғалармен
белгілі отаршылдық саясат кезеңіндегі қылмыстық заңдардағы жаза тағайындау
проблемасына қысқаша тоқтам жасайық.
Қазақстан аумағында қолданыста болған Ресей империясының заңдары сол
кезеңдегі негізгі мемлекеттік–құқықтық институттардың саяси және
экономикалық мазмұны мен ерекшеліктерін сипаттайды.
Ресей империясы қылмыстық–құқықтық нормаларының алғашқы барынша
жүйеленген жиынтығы 1845 жылғы қылмыстық және түзеу жазалары туралы
уложение болды. Жазалар туралы уложение бойынша жаңа қонысқа аударудың
екі түрі болды: Сібірге және Закавказьеге. Қазақтар үшін Сібірге және
Ресейдің шалғай мекендеріне жер аудару жазаның ең қатаң түрі болып
саналған. Жазаның бұл түрін қолдану барысында қазақтар қарым қатынас
ортасынан, шаруашылықты жүргізудің дәстүрлі тәртібінен айырылды, ал бұл өз
кезегінде сотталушылардың жүйкесіне кері әсерін тигізді. Қазақтар жазаның
бұл түрінен қатты қорықты, сондықтан да Итжеккенге айдалу өлім жазасымен
пара-пар болды. Уложениенің 90- бабында айтылғандай, жаңа заң қаулысының
нақты негізі ретінде анықталады. 4- бап қылмыстық жазаны жеке даралау
қағидасы бөлінеді, соған сәйкес жаза шараларына мыналар ықпал етеді:
көбірек немесе азырақ қасақаналық шарасы, қылмыстың ниеті жүзеге асыру
дәрежесі, бірлесіп жасаған қылмысқа қатысу сипаты. 129, 134- баптарда
жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар атап көрсетілген.
Қылмыстық заңдардың келесі нормативтік сатысы 1903 жылғы 22 наурыздағы
II Николай патша бекіткен Қылмыстық уложение болды. 1903 жылғы Қылмыстық
уложение 1845 жылғы уложениеден өзгеше болды. Онда 687 бап болды (ал 1845,
1885 жылдардағы ондай құжатта баптардың саны 1711-ге жететін). Ол өз
мазмұнына оның алдындағы заңдардың өміршең өзгешелерін, қылмыстық құқық
саласындағы біліктілікті мамандардың озық ой- толғамдарының сарабымен
жазылған еді. Жинақта ант бергендер соты айыпкерге жаза тағайындау
барысында басшылыққа алынатын өлшемдерді айқындайтын жаза тағайындауды
рәсімдеу нормалары көрініс тапқан.
Алдын ала келісілген немесе бірлесіп жасалған қылмыстық әрекеттрердің
жазалылығы туралы нормалар барынша байыпты негізделуімен ерекшеленіп
лайықты бағасын алды. Жазаның әділдігі тұрғысынан оны жеңілдету немесе
ауыстыру туралы нормалар мен жауаптылықты күшейтетін мән-жайлар да заман
талабына мейілінше сай келді.
Ресей империясында құқықтық жүйені жетілдіру процесі Қазан төңкерісіне
байланысты тоқтап, тоқырап қалды. Жаңа үкімет патшалық Ресейдің барлық
заңдарын толығымен қолданыстан алып тастады.
Қылмыстық–құқықтық қатынастарды жекелеген актлер, деректер, қаулылармен
реттеу бұл актлерді жүйелеп, кодификациялау қажеттілігін туғызды. Мұндай
бірінші кодификацияланған акт 1919 жылғы жетекші бастамалар болды.
Оның 11, 12, және 25- баптарында жаза тағайындаудың тәртібі анықталған
болатын. 11- бапта сот жаза тағайындаған кезде басшылыққа алынатын өлшем
нақтылы берілді: Жасалған қылмысқа ықпал ету шараларын анықтаған кезде сот
қылмыскердің жеке басы және сондай-ақ оның жасаған қылмысының қоғамдық
өмір үшін қауіптілігінің дәрежесі мен сипаты (ерекшелігін) қарастырады. Бұл
мақсатта сот біріншіден, жасалған қылмыстың барлық жай жапсарын зерттеумен
ғана шектелмей,
қылмыскердің жеке басын тексереді, өйткені оның жасаған әрекеті
ниетінде сондай пиғылдар көрініс табуы және де оның өткені мен қазіргі өмір
салты негізінде оны анықтау мүмкін; екіншіден, әрекеттің өзі уақыт пен
орынның нақтылы жағдайында қоғамдық қауіптілік негіздерін қаншалықты
дәрежеде бұзатынын анықтайды.
12- бапта соттың қарауына жататын және қылмыс жасаған адамның жеке басы
сипаты мен жауаптылық дәрежесіне ықпал ететін деректердің нақты тізімі
келтірілген:
Әрбір жекелеген жағдайда жаза шарасын анықтауда мыналарды айыра білу
қажет:
а) меншік құқымен байланысты қандайда бір артықшылықтарды қалпына келтіру,
сақтау немесе иелену мақсатында қоғамның дәулетті табына жататын адамның
қылмыс жасауы немесе аштық, не мұқтаждық жағдайында кедей адамның қылмыс
жасауы;
ә) іс-әрекет қанаушы таптың билігін қалпына келтіру тұрғысында жасалды ма,
немесе іс әрекетті жасаған адамның жеке басының мүддесіне орай жасалды ма;
б) іс-әрекет келтірілетін зардапты білі отырып қасақана жасалды ма, немесе
көргенсіздігі не санасыздығы салдарынан жасады ма;
г) іс-әрекетті кінәлі қылмыскер жасады ма немесе бірінші рет жасады ма;
д) іс-әрекет адамға күш көрсету арқылы жасалды ма не ондай орын алмады ма;
е) іс-әрекет жеке адамға немесе мүлікке қарсы бағытталды ма;
ж) іс-әрекетте алдын ала ойластырылған ниет, қаталдық, залымдық қылық
немесе жауыздық ниет болды ма немесе әрекет қызбалық, жеңілтектік әлде
немқұрайдылық салдарынан орын алды ма.
Аталмыш нормативтік актының 25-бабында жазалар тізімі келтірілген.
Жетекші бастамаларда ерекше бөлім болған жоқ. Қылмыстың нақтылы
құрамының бөлім белгілері мен оларды жасағаны үшін қолданылатын
санкциялардың заңды бекітілмеуі, қасаң қылмыстық саясат осы нормативтік
актідегі барлық ұнамды, ұғынықты мәмілелердің баршасын дерлік жоққа
шығарғандай еді.
Жаза тағайындау институтын қалыптастырудағы келесі қадам 1922 жылғы
РКФСР қылмыстық кодексінің қабылдануы болды.
1922 жылығы қылмыстық кодекстің қабылдануы қылмыскердің жеке басына
қатысты мән-жайларды алға шығарған және іс-әрекеттің қоғамдық
қауіптілігінің маңызын бірінші кезекте бағаламаған. Жетекші бастамалар мен
салыстырғанда алға қарай жасалынған қарышты қадам болды.
1922 жылы КСРО құрылғаннан кейін, 1924 жылғы Конституцияға сәйкес КСРО мен
Одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негізгі бастамалары
қабылданған болатын. Бұл заңда жаза тағайыдаудың төмендегідей тәртібі
белгіленген: қылмыскердің жеке басының сипаты мен қауіптілік дәрежесін
ауырлататын және жеңілдететін жән-жайларды есепке алу.
Жаза тағайындау институты дамуының маңызды кезеңдерінің бірі 1958 жылғы
КСРО мен Одақтас респуликалардың қылмыстық заңдары негіздерінің
қабылдануы болып табылады. Осы заңның үшеуі де И.В.
Сталин қайтыс болғаннан кейін жеке басқа табыну саясаты айыпталып
өрескел заң бұзушылықтар жөнінде жария болған, жылымың деп аталған
кензеңде қабылданған еді. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолданудан бас
тарту және Кеңестік қылмыстық құқықтың Заңда ол туралы белгіленбесе онда
қылмыс жоқ қағидасына көшуі қоғамды демократияландыру бағытындағы біршама
илерінді қадам болды. КСРО конституциясына сәйкес барлық он бес Одақтас
республика өзінің ішкі қылмыстық заңдарын қабылдай бастады. Қазақстан КСРО
ның субьектісі ретінде 1960 жылғы 1-қаңтарда күшіне еңген өзінің қылмыстық
заңын 1959 жылы 22 шілдеде қабылдады. Бұл Қазақ КСР-ның өзіндік тұнғыш
Қылмыстық кодексі болды. Қылмыстық заңның 4-тарауында қылмыстық кодекстің
жаза тағайындауға қатысты алты бабы (34-39) болды.
Қылмыстық кодекстің 34-бабында жалпыодақтық заңдардың жоғарыда
келтірілген ережелерін сөзбе сөз қайталанатын жаза тағайындаудың жалпы
негізі қарастырылған. 35 және 36 баптарда жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайлар көзделген.
Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылды:
1) жасалған қылмыстың зиянды салдарын айыпкердің жоюы немесе өз еркімен
келтірлген залалдың толтыруы немесе келтірілген залалды жоюы;
2) ауыр жеке басылық немесе отбасылық мән-жайлардың тоғысуы салдарынан
қылмыс жасау;
3) күштеп немесе мәжбүрлеу салдарынан не материалдық не өзге тәуелділігі
себепті қылмыс жасау;
4) жабірленушінің құқыққа қайшы әрекетін тудырған күшті жан күйзелісі
әсерінен қылмыс жасау;
5) қажетті қорғану шегінен шыға отырып, қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан
қорғану кезінде қылмыс жасау;
6) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауы;
7) жүктілік жағдайында әйелдердің қылмыс жасауы;
8) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу.
Қылмысқық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылды:
1) Бұрын қандайда болсын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауы;
2) ұйымдасқан топтың қылмыс жасауы;
3) пайдақорлық немесе өзге де қара ниетпен қылмыс жасау;
4) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;
5) жас балаға, қарт адамға немесе дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты
қылмысты жасауы;
6) кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға азғыру немесе кәмелетке
толмағандарды қылмыс жасауға тарту;
7) аса қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;
8) қоғамдық нәубат жағдайларды пайдаланып қылмыс жасау;
9) жалпыға қауіпті әдіспен қылмыс жасау;
10) мастық күйдегі адамның қылмыс жасауы;
Сот жаза тағайындау барысында заңда көрсетілген жеңілдететін
мән-жайларды да есепке ала алатын болды. Бұрын қылмыс жасаған адамның
жасаған қылмысының сипатын қарастыру барысында сот оны ауырлататын мән-жай
ретінде танымауға құқылы болды. Сонымен қатар, мастық күйдегі адамның
қылмыс жасауын да сот қылмыстың сипатына орай, бұл мән-жайды жауаптылықты
ауырлататын деп танымауға құқылы болды.
37 және 38 баптарда бірнеше қылмыстар жасау кезінде және бірнеше үкімдер
бойынша жаза тағайындау жайында айтылады. Көбінесе, егер адам қылмыстық
заңның әртүрлі баптарымен қарастырылған немесе оданда көп қылмыстар
жасағаны үшін айыпты деп танылса және олардың ешқайсысы үшін жеке-жеке жаза
тағайындай отырып, онша қатаң емес жазаға біршама қатаң жазаны
қарастырылатын заң бабында көрсетілген шекте тағайындалған жазаларды
толығымен немесе ішінара қосу жолымен, олардың жиынтығы бойынша соңғы
жазаны анықтайды.
39 бапты қолдану үшін екі міндетті мән-жай керек болды: істің ерекше
мән-жайлары және айыпкердің жеке басы.
39- бапты қолдану үшін негіз болған жағдайда сот жазаны белгілеуде
мәселеге былайша екі жақты келді:
Біріншіден- айыпкерге жасаған қылмысы үшін заңда көзделген ең төменгі
шектен де төмен жаза тағайындау. Сөйтіп бұл вариант немесе басқа жазаның
төменгі шегі бапта тікелей көзделген жағдайда ғана тиімді болды.
Егер ерекше бөлімнің бабында төменгі мөлшер анықталмаған болса, онда
төменгі мөлшерден де жазаны төмендету алынып тасталды, сөйтіп сот баламалы
санкция болған жағдайда жазаның барынша жеңіл түрін таңдауы мүмкін болды.
Бұл ретте жазаның сол немесе басқа түрі жалпы бөлімде бекітілген төменгі
шектен жазаны төмендетуге болмайтын еді.
Екінші- соттың Ерекше бөлімнің бабында көзделген өзге, жазаның неғұрлым
жеңіл түріне ауысуы мүмкін болды. Басқаша айтқанда, мұндай жағдайда
санкцияда аталған жаза қолданылмайды, алайда тағайындалған жаза санкцияда
белгіленген жазамен салыстырғанда неғұрлым жеңіл болуы тиіс.
Мәселен, егер қылмыстық кодекстің бабы тек бас бостандығынан айыру
жазасын ғана көздеген болса, онда сот түзеу жұмыстарына ауыса алады.
Егер баптың санкциясында міндетті түрде қосымша жаза тағайындау
көзделген болса, онда 39-бапты қолдану барысында ол тағайындалмауы да
мүмкін болды. 39- бапты қолдану үшін міндетті талап оны қолдануды жан-жақты
негіздеп дәлелдеу болып табылады.
1961 жылғы жаңа Қылмыстық кодекс ширек ғасырдан астам уақыт қызмет
етті. Осы жылдар ішінде Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің
жекелеген баптары көптеген өзгерістермен толықтыруларға ұшырады, ал жаза
тағайындау мәселелерін реттейтін ережелер еш өзгерген жоқ.
Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындау жүйесін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар болып жатты, алайда өкінішке орай, мәнді өзгерістер
болмады.
Сот тәжрибесінде саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, халықаралық
шарттардың ықпалы есепке алынған болатын, сондықтан да құқық қолданушы
органдар мұндай өзгерістерді жіті бақылап, сергек сезініп отырды. КСРО-ның
Жоғарғы Соты жаза тағайындау институтын ұдайы назарда ұстады. Көптеген
қаулыларында осы институтты қолдану тұрғысында өзінен төмен тұрған соттарға
түсініктемелер беріп отырды.
Бұл уақыт аралығында 1961 жылы 4 науырыздағы Қылмыстық заңдарды
қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы, 1972 жылғы 11 шілдедегі Соттардың
бас бостандығынан айырусыз түзеу жұмыстарын қолдану тәжірибесі туралы,
1980 жылғы 29 тамыздағы Соттардың қосымша жазаларды тағайындау тәжрибесі
туралы, 1981 жылғы 31 шілдедегі Бірнеше қылмыстар жасау кезінде және
бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау тәжрибесі туралы, 1979 жылғы 29
маусымдағы КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларын орындау барысы туралы,
1991 жылғы 29 тамыздағы Соттардың жаза тағайындаудың жалпы негіздерін
қолдану тәжрибесі туралы сияқты маңызды қаулылар қабылданған болатын1.
Криминалист ғалымдардың, ғылыми зерттеу мекемелері ұйымдарының, құқық
қорғау органдары қызметкерлерінің күшімен КСРО мен Одақтас республикалардың
қылмыстық заңдарының негіздері дайындаған болатын. Оны 1991 жылғы 2 шілдеде
КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдады.
Бұл қылмыстық заң қайта құру тудырған құқықтық тұжырымдамалар көрініс
табуы себепті бұрынғы қылмыстық заңдардан барынша ерекшеленеді. Дегенмен,
бұл заңның басты кемшілігі Жалпы бөлімнің барлық мәселелерін қамтыған
бұрынғы негізі ретінде қалуы еді, яғни Негіздер негіз болады, тек КСРО
қылмыстық кодексінің қызметін орындады. Көптеген ғалымдар, соның ішінде
одақтас республикалардың өкілдері бұл жағдаймен келіспеді. Олар Жалпы
бөлімнің барлық мәселелерін Негізде реттеудің дұрыс еместігіне дәлелді
түрде қарсылық білдірді, бұл нормативтік актіде тек жалпы жағдайлар
реттелуі керек те, ал қалған барлық мәселелерді Одақтас республикалардың
құзыретіне беру керек деген ұсынысты алға тартты. Осы жолдардың авторы
Қазақ алфавитінің Ә әрпі және қайта құру жағдайындағы қылмыстық
құқықтың бірқатар проблемелары атты мақаласында Негізгі қылмыстық
саясаттың ең өзекті мәселелері анықталуы тиіс, ал қалған мәселелер одақтас
республикалардың қылмыстық заңдарында көрініс табуы керек деген көзқарасты
берік ұстанды1.
Расында, Москва сол кезде федарацияның субьектілерін қызметтің барлық
салаларында соның ішінде құқық шығарушылық саласында қатаң шектей отырып,
шынайы егемендікті тіпті де бергісі келмеді. Дегенмен, ұлы державаның
құлауына байланысты бұл мәселелер өз өзінен шешілді. Демократиялық
идеалогиямен жаңа мемлекет құру өзіндік ұлттық заңнамаларды: Конституцияны,
азаматтық, қылмыстық және де басқа да заңдарды қабылдау мәселесін алға
шығарды.
Қылмыстық құқық ең алдымен қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаудың
салдарынан пайда болатын қоғамдық қатынастарды зерттеуге бағытталатыны
мәлім. Саяси егемендік жағдайында әрі нарықтық экономикаға көшу барысында
қалыптасқан жаңа қоғамдық қатынастарды мүлде басқаша негіздегі қылмыстық
құқық аясына алу қажеттілігі туды.
Егемен Қазақстанның қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодексінің алдындағы
қылмыстық заң 1960 жылы қабылданған. Ол 30-40 жылдардағы қуғын сүргіннің
қаруы болған сталиндік заңнамаларды ауыстырған және онымен салыстырғанда,
сөз жоқ жаңашыл және демократиялық мазмұны мен айшықталды. Дегенмен, ол
әкімшілік-әміршілік жүйеде дүниеге келді, тоталитаризмнің тоқырау кезеңінің
салқыны қатты тиді. Бұрынғы қылмыстық заңнама мәжбүрлеудің, қудалаудың
құдыретіне деген сенімге, шаруашылықтың кемшіл тұстарын тиісті экономикалық
және әлеуметтік жазғыртулардың орнына қылмыстық заңның күшімен қалыпқа
келтіруге негізделді.Онда жалпы адамзаттық құндылықтар, адамның құқықтары
мен бостандықтарына деген құрмет, елдің халықаралық міндеттемелеріне деген
құрмет көрініс таппады. ҚазКСР ҚК нормаларына шектен тыс идеология,
жаптауындырық, көптеген ережелердің жолаңдығы тән болды.
Құқық қолдану тәжірибесі үнемі қылмыстық заңнамалардың тұрақсыздығын
сезініп отырды. ҚазКСР ҚК-не 500 ден астам өзгертулер мен толықтырулар
еңгізілді, оның ішінде кейбір нормалар бестен жеті рет ауыстырылды,
сонымен қатар, Кодекс өте сирек қолданылатын өлі нормаларға толы болды;
жаңа нормалар мүлдем аз енгізілді, жекелеген нормалар қайталанып, бір-
біріне қайшы келіп жатты. Жалпы алғанда, қылмыстық заңнамада қылмыстық және
қылмыстық емес құқық бұзушылықтардың ара жігі ашылмады. Жиналып келгенде,
жоғарыда айтылған мән-жайлар қылмыстық заңнаманың қажетті жүйелілігінің
бұзылуына әкеп соқты.
Заңның осындай негізсіздігі, бұлдырлығы тұрғындардың тиісті іс-
әрекеттерді қылмыстық емес деп қабылдануына ұштасып жатты. Нәтижесінде заң
шығарушының өзі құқықтық менмендіктің етек алуына жол салып берді.
Ескірген, демократиялық емес заңнамалар қазақ қоғамында өріс алған
өзгерістерге, жаңалықтарға сай тиімді жұмыс істеуге қабылетсіз болды.
Экономикадағы қатаң, орталықтандырылған жоспарлау қағидаларына негізделуі
себепті, ол өтпелі кезеңде нарықтық қатынастарға қиындықсыз көшуді де
қамтамасыз ете алмады.
Сөйтіп, 1992-96 жылдар аралығындағы Қазақстан Респуликасында Қылмыстық
кодексті оның ағымдағылары мен дайындаушыларының пікірі бойынша барлық
саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірді қайта құру мен жақсартуға
бағытталған тараулардың қатарында лайықты орын алуға тиіс болды.
Сондықтанда да ол мемлекет ұстанып отырған барлық құндылықтарды қорғаудың
маңызды құралдарының бірі бола отырып, қоғамның даму заңдылықтары мен кезек
күттірмейтін қажеттіліктерге сай келуге тиіс еді.
А.Н. Ағыбаев, А.Н. Ақпанов, З.О. Атитов, Н.М. Әбдіров, К.Ж. Балтабаев,
Ғ. Баймұрзин, К.А. Тағалиев, И.Ш. Борчашвили, Е.Ғ. Жәкітов және тағы басқа
да кµптеген криминалис ғалымдар, практик мамандар жаңа қылмыстық заңның
негізіне көптеген идеялар ұсыну арқылы егемен Қазақстанның жаңа қылмыстық
заңының қалыптасуы мен дамуына есепсіз еңбек сіңірді.
ҚР Парламентінде жаңа қылмыстық кодексті қабылдау жөнінде қортынды
жұмыстар басталды, оны дайындаушылар Қазақстан Республикасының
Конституциясында белгіленген, құқықтық мемлекетте қабылданған әлеуметтік
құндылықтардың қазіргі заманғы шындықтарымен ҚР қылмыстық заңдарын
сәйкестендіру міндеттерін алға қойды. Яғни қылмыстық жауаптылықтың бірынғай
негізін сақтай отырып, адамның әрекетінде қылмыс құрамының болуы шарт, ал
ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның қатаң түрін, өзге соттылықты
қатал қарауды қажет етпейтін адамдар үшін басқа шараларды қарастыратын
қылмыстық жауаптылықтың қатаң дифференциясын қамтамасыз ету; Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңдарын жалпыға ортақ халықаралық нормаларға
сәйкестендіру және басқа мемлекеттердің заң шығару тәжрибесінде сыннан
өткен құқықтық шешімдерді қолдану; қолданыстағы қылмыстық заңдарға тән
болып келген көз бояушылық және идеологиялық келеңсіздіктерді алып тастау.
Көпжылдық жан-жақты еңбектің лайықты баяны 1997 жылғы 16- шілдеде жаңа
қылмыстық кодекстің қабылдануы болды. Қазақстан Республикасының ҚР
қылмыстық кодексін күшіне еңгізу туралы заңы қабылданды. Онда: ҚР қылмыстық
кодексін 1998 жылғы 1-қаңтардан бастап күшіне енгізіліп, бұған осы заңмен
күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелері қосылмайды, - деп
көрсетілді.
2. Қылмыстық жаза тағайындау қағидалары.
Қағидалар мен ережелер–біркелкі емес қылмыстық-құқықтық категориялар.
Олар бірлесе отырып жаза тағайындаудың жалпы негіздерін құрайтын басты
ұғымдар болып табылады. Қағидалар аталған процестің негізінде жатқан және
оның мән- маңызын ашып көрсететін жетекші идеяларды, концецияларды
білдіреді, ал ережелер заңдағы баптың қылмыстық-құқықтық санкцияларын
жасалған қылмысқа және айыпкердің жеке басына қатысты салыстыру мен
қолданудың қажеттілігінен, тәртібі және процедурасынан құрылады.
Жаза қолданудың қағидалары мен ережелері амал тәсілдері мен қатар,
қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру механизмінде (жүйесінде) ерекше мән
маңызға ие. Бұл ретте жаза қағидалары мен жаза тағайындаудың қағидаларының
ара жігін ашып ала білген жөн, өйткені бірінші жағдайда қағидалар қылмыстық
жауаптылықтың түрінің мәнін анықтайтын ережелері қамтыса, екінші жағдайда
оны жүзеге асырудың мазмұнын, сипатын білдіреді.
Жаза тағайындау қағидаларына қылмыстық-құқықтық мағынада жалпы
құқықтықтардан (заңдылық, негізділік т.б) басқа мынадай қағидаларды
жатқызуға болады.
Барынша жауаптылық қағидасы. Ол сотталушыға заңда көзделген тәсілмен
жоғары немесе басқа түрде, екі мөлшерде жаза тағайындау мүмкін емес дегенді
білдіреді. Заңда белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау тек ҚР
қылмыстық кодексінің 55-бабында көзделген ерекше ережелер бойынша жүзеге
асырылады. Жазадан толық, ішінара немесе шартты түрде босату, жазаны
өтеусіз шартты түрде соттау арнаулы ережелердің негізінде анықталады.
Аталған қағида жалпылама болып табылады және сонымен қатар қылмыстардың
және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауға орай келеді. ҚР ҚК 58-
бабында қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас
бостандығынан айырудың ең жоғарғы мөлшері 25 жыл болып белгіленген, яғни
жекелеген қылмыс үшін тағайындалатын жазадан (20) әлдеқайда көп. ҚР ҚК 60-
бабында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ең жоғарғы мөлшері
30 жыл болып белгіленген.
Жазаның басқа түрлері бойынша олардың ең шекті мөлшері Қылмыстық
кодекстің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында белгіленген. Бұл дегеніміз
олардың жиынтығының қорытынды нәтижелерін анықтаған кезде нақ сол жаза түрі
үшін белгілеген ең жоғары мөлшерден аспауы керек дегенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz