НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22

1 ЖАЛ ТҮСІНІГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... . 4
1.1 Жалға алу немесе беру түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Жал түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 10

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . 13
2.1 Негізгі құралдарды ағымдағы жал бойынша операциялардың
есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.2 Қаржылық жалдау жөніндегі операциялардың есебі ... ... ... ... ... ...
16

2.3 Жалға алынған мүліктердің және негізгі құралдардың тозуын
(амортизациясын)
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 19

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есеб басқару жүйесінде ең басты орындардың бірін
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді
қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық шаруашылық
қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген
жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айырықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Жалгерлік есеп осы стандарттың №7-ші “Жалгерлік есеп” деп аталатын
бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі. Азаматтық
Кодекстің 540-бабына сәйкес мүлікті жалдау (аренда) шарты бойынша жалға
беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға
беруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған мүлікке осы Кодексте белгіленген
жағдайлар мен тәртіп бойынша иелік етуге құқылы. Лизинг прокат шарттары да,
сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге
байланысты шарттардың өзге түрлері де мүлік жалдау шарттарына жатады.
Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне негізгі құралдарды, тауарлық
материалдар қорларын сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар
объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді. Бүгінгі күнде
еліміз нарықтық қатынасты толығымен өткен кезде жалға беруге салынған
капиталдың мөлшері өсіп, жалпы кәсіпкерліктің жалға беру және жалға алу
түрін қолдану көп кездеседі. Капиталды өсірудің бұл түрі тиімді де, аса
шығынсыз болып саналады және бұл форма барлық әлемде қолданылуда. Ірі
компаниялар ұшақ, компьютер немесе спутник жүйесін сатып алуға қаражат
қарызданбай-ақ ол заттарды жалға алып, пайдалануды өте тиімді деп санайды.
Менің, жазып отырған курстық жұмысымның мақсаты - мүлікті жалға
берудің бухгалтерлік есебі мен аудиті туралы мәліметті толық ашу. Жоғарыда
көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың түрткісі болды. Курстық жұмыста
бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты мен жүйесінің түрлері сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебі, саясаты және мүліктерді жалға
беру немесе алу есебі қарастырылады.

1 ЖАЛ ТҮСІНІГІ

1.1 ЖАЛҒА АЛУ НЕМЕСЕ БЕРУ ТҮСІНІГІ

Жалгерлік келісім шарт жасауда арқау ететін басты заң актісі болып
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады.
Әрекет етуші жалгерлік келісім-шартын қарастырмас бұрын, сол сияқты
жаңа жалгерлік келісім-шартын жасауға кіріспей тұрып, бізге қандайда болсын
жалгерлік келісім-шартын жасауда қолданылатын басты негіздерді анықтайтн ҚР
Азаматтық кодексінің 540-564 баптарын жан – жақты оқып білуіміз
қажет.Алайда ҚР Азаматтық кодексінің арнайы спецификалық күшімен жалгерлік
келісім–шартының келесі түрлері қарастырылған.
• лизинг (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-шы тараудың
2-ші тармағының 565-572 бабаптары):
- кәсіпорынды жалға алу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
29-шы тарау -3-ші тармақтың 573-580 баптары):
- ғимараттарды жалға алу (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
29-шы тарау -5-ші тармақтың 585-594 баптары):
- прокат (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 29-шы тарау -6-
шы тармақтың 595-600 баптары).
- 540-564 баптардағы жалпы негіздерді және жалгерліктің жеке түрлері
бойынша негіздерді қарастырғанда , Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің 29-шы тараудың 2-6 тармағында аталып көрсетілген арнайы нормалар
жалпы нормалар алдында бір қадамалда тұратынын есте сақтаған жөн. Жалгерлік
келісім – шарттың жазбаша, сол сияқты ауызша қалыптарда жасалу мүмкіндігін
біз білмейміз. Кез келген бухгалтер өз іс-әрекетінде сәйкесінше құжаттармен
расталмағандықтан барлығына тиянақтылық танытуы қажет. Ол жалгерлік келісім
– шарты қатынасында да дұрыс болып табылады,өйткені мұндай келісім –
шарттың ауызша нысаны, жалгерлік келісім – шарты жеке тұлғалар арасында бір
жылдан артық емес мерзімге, және де жалға беру заты көлік құралдары,
ғимараттар кәсіп орындардан басқасы болғанда қолданылады.
Жазбаша түрде жалгерлік келесі түрде жасалады.
- тараптардың бірі болып заңды тұлға табылатын келісім – шарт (жалға
беру мерзімі мен затына қарамастан бір жылдан артық мерзімге жасалынатын
келісім – шарттың заты мен тараптарына қарамастан);
-көлік құралдары, ғимараттар, кәсіпорындарды жалға берумен прокат
келісім–шарты (мерзімі және мәмленің тараптарының кім екеніне қарамастан);
- лизинг шарты. Сонымен барлық заңды тұлғалар, жалгерлік келісім –
шартын, қандай мерзімге, қандай мүлікке қатысты және қандай тараптармен
жасасатынына қарамастан, оны жазбаша түрде рәсімдеулері қажет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекісінің 394 бабына назар
аударыңыз, келісім-шарттың жазбаша нысаны сақталған деп саналады егер
келісім-шартты жасасу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодекісінің 369 бабында көзделген негіздерде жасалынған. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодекісінің 3-ші тармағында, 369-шы бабы бойынша,
егер заңдарда басқаша қарастырылмаса және офертада басқаша көрсетілмесе,
оферта алған тұлғаның бекітілген акцеп бойынша мерзімінде, келісім- шарт
талаптарын орындау (тауарларды тиеу, қызмет ұсыну, жұмыс орындауға сәйкес
соманы төлеу тағы сол сияқты) акцепт болып саналады.
Азаматтық заң нормаларына сәйкес оферта деп бір немесе бірнеше
тұлғаларға жасалынған келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол жеткілікті
оның және оны қабылдаған жағдайда акцеп ұсыныс жасаған тұлғаның пиғылдарын
білдіретін болса, өзін осыған байланысты санайды.
Егер келісім-шарттың маңызды талаптары көрсетілген немесе оны анықтау
тәртібі көрсетілген болса, ұсыныс жеткілікті түрде анықталынған . Жалға
алушы мекеме жалға беруші мекемеге 2003 жылдың қыркүйегі бойы көлік
құралдарын жалға беру келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жіберді
(келісім-шартта көлік құралдарының сипаты, мерзімі және жал ақысы мөлшері
көрсетілген). Жалға беруші мекемесі жасалған ұсынысты қабылдап және
қыркүйек бойы жалға беруші мекемесі, төлем құжатында көлік құралдарының жал
ақысы шотына деп көрсетіп, ақша соммасын аударады. Бұл жағдайда төлем
жүргізім бастаған сәттен бастап көлік құралдарын жалға алу туралы келісім-
шарт жазбаша қалыпта жасалынған. Көп жағдайда жалға алу келісім-шарты
“классикалық ” түрде жасалынады, өйткені бұл жалгер мен жалға беруші
арасындағы қатынасты реттеуші негізгі құжт.
Қандай келісім-шарт болсын мәміленің заңды сипатын көрсететін келісім-
шарт атынан тұратын преамбуладан басталады, жалгерлік шарты бойынша
серіктес болған тараптар көрсетіледі. Содан кейін шартқа қол қойылған
мерзім мен орны көрсетіледі. Преамбуладан кейін тарауларға топтастырылған
бабтарының мазмұны орын алады.
Мазмұны бойынша орналасу реті әртүрлі болуы мүмкін. Шарт баптары аса
мәнділігіне байланысты орналасулы қажет. Бұл жағдайда алдымен, тараптардың
бірі келісім-шарт талаптарын сақтамаған кезде, шарттың тоқтатылуын талап
ете алатын мән жайлардағы баптар орналасады. Екінші деңгейдегі талаптар,
яғни олар сақталмағанмен келісім-шарт тоқтатылмайтын тұстары орын алады
.Кейбір жағдайларда баптар келісім-шарт талаптарының орындалуы маңызды орын
алады.
Ғимараттарды жалға беру шартында келесі бөлімдер болуы мүмкін:
• келісім-шарт заты;
• тараптардың құқықтары мен міндеттері;
• төлем ставкалары және есептесу тәртіптері;
• келісім-шарттың әрекеттік мерзімі ;
• келісім-шартты бұзу және өзгерту тәртібі ;
• жалға алған мүлікті қайтару тәртібі;
• тараптардың жауапкершілігі (айыптық және басқа санкциялар );
• даулардың шешілу тәртібі ;
• белгісіз күштердің әсері (форс-мажор);
• қосымша талаптар.
Келісім- шарттың қорытынды бөліміндегі шарттың неше данада жасалғаны
және олардың талаптар арасында бөлінуі көрсетіледі. Ары қарай әр кезде
тараптардың банктік реквизиттері және зандық мекен жайлары көрсетіліп,
өкілетті тұлғалардың қолдары және ұйым мөрі қойылады. Аталған элементтерсіз
келісім-шарт жарамыз деп танылады .
Жалгер және жалға беруші заңды тұлғалар мен қатар жеке тұлғалар да
(жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және тіркелмеген) бола алады. Заңмен
келісім-шартқа қатысушыларға келесі басты талаптар қойылады: жеке тұлға
шартқа қатысушы әрекет қабілеттілегі болуы керек, ал заңды тұлға шартқа
қатысушысы құқық қабілеттілігі болуы керек.
Әрекет қабілеттілік – бұл азаматтың өз әрікетімен азаматтық құқықтарын
жүзеге асыра алуы, өзіне азаматтық міндеттер жасап оны орындай алуы
(азаматтық әрекет қабілеттілік). Ол толығымен кә-мемлекеттік жасқа келгенде
(он сегіз жасқа жеткенде) пайда болады және мемлекет тарапынан арнайы
санкциялануға жатпайды.
Құқық қабілеттілік – бұл азаматтың құқықтарға ие болу және азаматтық
міндеттерді орындау қабіліттілігі. Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда,
коммерциялық ұйымдар заңда және құрылтай құжаттарына шектеу қойылмаған
азаматтық құқыққа ие болып, азаматтық міндеттерін жүзіге асыра алады. Заң
актілерінде қарастырылған кейбір жағдайларда, белгілі бір қызмет түрімен
айналысатын заңды тұлғалар үшін, басқа қызмет түрімен айналысуға шекетеу
қойуы мүмкін.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оны құрғанда пайда болады , ол
таратылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның әрекет ету саласы бойынша
құқық қабілетілігі оған лицензия алған күніннен туындайды, лицензияны
қайтарып алғанда, құқықты өткенде заң актілерінде көрсетілген негіздерде
жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
Егер жалгерлік келісім-шартты құқық қабіліетілігі жоқ занды тұлғамен
(мысалы, заңды тулғаларды тіркеу тәртібі бұзылса) жасалса, онда ол жарамсыз
деп танылады.
Мүлікті жалға беру құқығы оның меншік иесінен сонымен бірге, меншік
иесі және заң өкілеттендірген тұлғаларға беріледі.
Сондықтан жалгерлік келісім-шарттын жасасқанда серіктесіңіздің құқық
немесе әрекет қабілеттілігіне ғана емес, олардың мүлікті (жалгерлік келісім-
шарт заты ретіндегі ) билік ету, иелену құқығына көз жеткізу қажет.
Әрине, шарттың жарамды немесе жарамсыз деп тануы үшін біреудің ықпалы
қажет. Бұл шарт тараптарының бірі болуы мүмкін; егер бір тараптарды
орындамаса екінші тарап сотқа өтініш жасайды. Көп жағдайда келісім-
шартыамыз деп танылуы бюджетке салықтың уақытында және толығымен төленуіне
тексерісті жүзеге асырушы салық органдары өкілдерінің бастамасы негізіңде
жүргізіледі.
Соңдықтан жалгерлік шартын жасасқанда жалға берушінің аталған мәмілені
жасауға құқылығына көз жеткізу қажет. Ол үшін келісім-шартқа қосымша
келесілерді усыну қажет.
• мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
• салық төлеуші ретінде есепте тұрғаны туралы куалік көшірмесі;
• ҚҚС төлеуші ретінде есепте тұрғаны тұралы куәлік көшірмесі;
• Меншік иесі екенін растайтын құжаттар (билік ету құқығы).
Сонымен бірге , тараптарда мүлікті жалға берушінің жалгерге
бергендігін растайтын құжаттар болуы тиіс.
Жалгерлік объектісі болып уақыт өткен сайын өзінің табиғи қасиеттерін
жоғалтпайтын, яғни эксплуатация процесінде тутындайтын мүліктер болып
табылады.
Бұл талап жалға беру мерзімі аяқталғанда мүліктің жалға берушіге
жалгерлік уақыттағы табиғи тозуын есептен алып тастағандағы алғашқы түрін
қайтару қажеттілігі түсіндіріледі.
Жалгерлік объектілері болып: жер участкілері, кәсіпорындар және
басқада мүліктік кешендері, ғимараттар, тұрғын үйлер, құрылғылар, көлік
құралдары, инвентарь, құрал, жиһаз, әртүрлі техникалар және тұтынылмайтын
заттар табылады.
Жалпы талаптарға сәйкес жалгерлік келісім-шартта жалға беру тиесті
мүліктік заттардың жекеше анықтамалары туралы деректер көрсетілуі қажет.
Жалгерлік келісім-шарт обьектісі туралы мұндай деректер болмаса, шарт
талаптарымен келісілмеген деп танылады.
Ғимараттар мен құрылғылар үшін келісім шартта олардың тұрған жері
(нақты мекен жайы) этаж бойынша жоспары, бөлме номерлері және жалға алынған
үйдің ауданы, техникалық жағдайы, жылу мен сумен қамтылуы, коммуналдық
қызмет, телефон желісі, күзетпен қамтылуы және басқа да сипаттары
көрсетілуі тиіс.
Мұндағы негізгі элемент болып техникалық төлқұжат және құқықтық
кодекстерді тіркеу парағынаың көшірмесі болып табылды.
Көлік құралдарына қатысты келісім шартта: көлік құралының атауы,
маркасы, шығарылған жылы, жекеше белгілері (кузовының номері, түсі) қажетті
техникалық сипаттамалары (жүрілген жолы, кузовының жағдайы, қозғаушының
көлемі т.с.с) тіркеу туралы куәлігі және техникалық төл құжатының басқада
деректері көрсетіледі. Құрылғыларға қатысты келісім шартта: түрі, атауы,
типі және класы, заводтың номері және басқада паспорты бойынша айырмашылық
сипаттары, қажет болған жағдайда техникалық жағдайы туралы мәліметтер
көрсетіледі.
Жалгерлік обьектісі туралы барлық мәліметтер келісім шартта, сонымен
қатар жалға беруші жалгерге мүлікті бергенде жасалынатын жеке құжаттарда
көрсетілуі керек.
Мүліктің алыс–беріс актісіне тараптар қол қояды және де мөрмен
бекітілуі қажет. Бұл жалға берушінің–мүлікті біреудегі, ал жалгердің оны
алуында өз мүмкіндіктерін орындауын растайтын негізгі құжат.
Жалға беруші үшін алыс–беріс актісі мүлікті толығымен сипаттау үшін
ғана емес, сонымен бірге техникалық жағдайын, жетіспеушіліктері мен
деффектілерін көрсету үшін де қажет, егер де олар алдын ала ескерілген
болса, онда жалгер оларды түзетуін талап етуге құқылы.
Келісім шарт бұзылғанда жал обьектісі жалға берушіге қайтарылады, мұны
да жазбаша түрде көрсету қажет, қайтару туралы акті немесе тараптар қол
қойған басқа да құжаттар.
Жалгер және жалға берушінің құқықтары мен міндеттері үлкенді–кішілі
бөлшектенуіне орай жалгерлік келісім шартта көрсетілді. Егер де келісім
шартта қандайда бір жағдайлар ескерілмеген болса, даулы жағдайлар туындаған
кезде тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заң нормаларында
көрсетілген негіздерінде анықталады. Қазақтан Республикасының Азаматтық
кодексінде қарастырылған тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттерін 1-
кестедегідей жүйелейміз:Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты, бірақ практика
жүзінде жөндеу жұмыстарының неше түрін жүргізуге болады және оларды
ағымдағы немесе күрделі деп айту өте қиынға соғады.
Жеке мүлікке қатысты жөндеу жүргізу түрлерінің бухгалтерлік есепте
шыққан шығындарды көрсету тәртібіне әсер етеді.
Ағымдағы жөндеу шығындары толық көлемде өнімнің өзіндік құнына немесе
сол мезетте жүргізілген шығындар есебіне кіреді, ал күрделі жөндеудің
шығындары алдағы уақыттың шығындарына жатқызылуы мүмкін немесе бұрын
қалыптастырылған шығындар мен төлемдердің есебінен шығарылуы мүмкін. Салық
есебінде жөндеу шығындары түрге бөлінбейді және бірыңғай тәртіппен ұстап
қалуға жатқызылады–белгіленген активтер тобының қатысты болған құны
көлемінің 15% мөлшері (салық көдексінің 113 бабы). Бірақ, жалға алынған
мүлік жөнінде мынандай сұрақ туындауы мүмкін; жөндеу шығынын ұстап қалу
жөндеу түріне байланысты ма?
Жалдау шартында жөндеу жұмыстарының қандай түрі ағымдағы қандай түрі
күрделі болатындығын анықтап алған жөн. Ғимараттың ағымдағы жөндеуіне
ғимаратты және инженерлік құрал жабдықтарды жүйелі және уақтылы жөндеу
жұмыстары және бұзылуларды жою шаралары жатады. Күрделі жөндеу барысында
ескірген тетіктер мен жабдықтарды төзімді және үнемді түріне ауыстыру
жүргізіледі және бұл жағдайда ғимаратты қазіргі заман талабына сай қайта
жобалау жүргізілуі мүмкін. Ғимараттың ағымдағы және күрделі жөндеулеріне
жатқызылатын жұмыстар тізбесі 1 және 2 кестеде көрсетілген: Жабдықтарды
және көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізгенде, әдетте мына жұмыстар
жүргізіледі:
-агрегатты толық талқылау;
-базалық және корпустық тетіктерді жөндеу;
- барлық ескірген тетіктер мен жабдықтарды жаңа және қазіргі
заманға сай жабдықтарға ауыстыру немесе қалпына келтіру;
-жөнделген агрегатты жинау, қалпына келтіру және зерттеу;
Күрделі жөндеу жұмыстарын пайдалану жағдайын жақсарту және жұмыс
жасаудың бұрынғы көрсеткіштерін жақсартады, осы жағдайда негізгі
қаражаттардың қазіргі заманға сай екендігі туралы айтуға болады.
Негізі қаражаттар есебінің әдістемелік ұсыныстарына сәйкес капитал
жұмсау үлгілерін жетілдіру қалпына келтіру шығындары және күрделі жөндеу
болуы мүмкін және бұл жағдайда күрделі салымдардың нәтижесінде негізгі
қаражат объектілерінің бастапқы құнының көбеюі объектінің жағдайы
жақсарғанда жүргізіледі; олар қызмет ету мерзімі, өндірістің қуаттылығы
т.б. Объектінің техникалық жағдайын сақтауға және демеу мақсатында
жүргізілген.
Негізгі қаражаттарды жөндеу және пайдалану шығыны бастапқы құнды
көбейтпейді, тек олардың пайда бөлу мезетіндегі ағымдық шығындар деп
танылады. Осыған орай, мысалы жеке компьютердің күрделі жөндеуі тетіктерін
жаңа және қазіргі заманға сай түріне ауыстырылыуы саналады. Компьютерді
жаңарту деп мынандай жұмыстардың орындалуы және жөндеу нәтижесінде сапасын
жетілдіру (қуаттылығын арттыру, сақтау көлемін көбейту) жүргізіледі.
Осылайша, күрделі жөндеу шығындарының дұрыс бухгалтерлік есебін анықтауды
жүргізу үшін оны жүргізу нәтижесінде қандай да бір пайдалану нормативтерін
көтеру болды ма?
Егер жөндеу жұмыстарын тараптар жүргізс азаматтың зандылық ережелері
және жалдау шарттары бекітілген, онда олар шығындар ретінде қаралады.
• біріншіден, активтердің жұмыс жағдайын көтермелеу үшін қажет. Олар
табыс алу мақсатында пайдаланылуы.
• екіншіден, жалдау процесінің ажырамас талабы тәуелді жағдайда жөндеу
шығындары шығын ретінде қаралады. Салық органдары жөндеу жұмыстарын
жүргізу фактілеріне күмәнмен қарап, оны жүргізуі шығындарынан бас
тартады. Бұл жағдайда жөндеуді жүргізудің айғағы жалға алынған негізгі
құралдардың жөнделмеуін анықтау фактісі құжаттарында және жөндеу
жұмыстарын жүргізу сметасын жасау. Мұндай құжаттар ақаулар актісі
немесе ведомость, зерттеу актісі, қызметтік хаттар болуы мүмкін.
Бұл құжаттар, қоса жөндеуге материалдарын босату құжаттары, жөндеу
жұмысының құжаттары, басқа ұйымдар арқылы орындалған жөндеулерді растау
үшін жұмыстар актісі рәсімделуі керек.
Жалға беруші жөндеу жұмыстарын жүргізсе, оларды жүргізу шартқа сәйкес
жалдаушыға жүктелсе, онда салықты тексеруге инспектор төмендегі пікірге
келуі мүмкін. Бұл шығындар жалға берушінің міндетіне кірмейді, сондықтан
олар болмайтын шығындар ретінде қаралмайды, оларсыз жалдау шарты бойынша
түсім алу мүмкін емес. Жалға беруші ешқандай негізсіз жалдаушы өтейтін
шығынды өтеуге тиісті емес. Осы жағдайға қарасақ, жалға берілген мүлікті
жөндеу шығыны түсім алу мақсатына әлі берілген шығын ретінде
қарастырылмайды. Осы жағдайға түспеу үшін, жалдау шартында жөндеу
жұмыстарын жүргізу тәрібі тараптардың қосымша келісімімен анықталуы тиіс.
Бұл жағдайда жөндеу жұмыстары құтылмастай талабы болып табылады, оның
орындалысы жалдау шартының орындалуына қажет, яғни осы шарт бойынша табыс
алу. Осылайша жөндеу шағындары табыс алу мақсатындағы шығындар ретінде
қаралады және ұстап қалуға әлі беріледі.
Көріп отырғанымыздай, шартта жалдау объектісін жөндеу шығындарын қай
тарап өтейтіні нақты көрсетілмеуі мүмкін. Яғни шартта жұмыстардың қай түрі
ағымдағы жөндеуге, қай түрі күрделі жөндеуге жатқызалатынын міндетті түрде
көрсету қажет.
Егер жеке меншіктегі негізгі қаражаттарды жөндеу шығыны (975 000
теңге) рұқсат етілген ұстап қалудың мөлшерінен артық болса, онда жалға
алынған мүліктер жөндеу шығынын ұстап қалуға түспеген болар еді.
Егер жеке меншіктегі негізгі қаражаттарды 6 топтағы жөндеу шығындары
205 000 теңгеден аз болса, онда жалға алынған мүліктерді жөндеу шығындарын
ұстап қалуға толық көлемінде түскен болар еді.
Жалға берушіге келсек, оларға ағымдағы жалға берілген жалдау
объектілері белгіленген активтер құрамында деп саналады.
Сондықтан оларды жөндеу шығындары ешқандай шектеусіз жалпы негізде
ұстап қалуға жатқызылады.
Жалға беруші жалдаушыға немесе жалдаушы жалға берушіге, жалға алу
объектілерін жөндеу шығынын өтеген жағдайда, бір тарап екінші тарапқа
жөндеу қызметін көрсетеді. Және де жөндеуді орындаушы осы жұмыстарды
өтейтін тараптың атына тиісті шот-фактурасын береді. Жалға алынған
объектілерді пайдалануға жіберілген шығындар құжатпен расталған жағдайда
ұстап қалуға жатқызылады. Бұл жағдайдан, шығындарды растайтын құжаттар
компания атына рәсімделуі қажет.

1.2 Жал түрлері

Кәсіпорындар өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі
ұралдарды басқа ұйымдардан жалға алуларына болады. Кәсіпорындар өзінің
балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланбай немесе қажет болмай тоқтатылып
тұрған негізгі құралдарын басқа ұйымдарға уақытша жалға берулеріне де
болады. Ол үшін екі кәсіпорынның, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және
жалға берушілердің арасында келісім-шарт жасалуы тиіс. Бұл келісім-шартта
жалға алынатын немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы,
техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға берілетін немесе жалға
алынатын мерзімі, жалдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған
немесе берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған
жағдайда кім жөндейтіні (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы кәсіпорынның
есебінен жүргізілетіндігі тағы да басқа мәліметтер көрсетілуі қажет. Жалға
алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алынуы
немесе берілуі мерзімінің ұзақтығына қарай үш түрге бөлінеді:
-қысқа мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
-орта мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
-ұзақ мерзімді жалдағы негізгі құралдар;
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды қысқа мерзімге жалға алу немесе
қысқа мерзімге жалға беру дсп, бір жылға дейінгі уақытқа жалға алынған
немесе жалға берілген негізгі құралдарды айтады. Халықаралық стандартта
бұны "Рейтинг" немесе "Чартер" деп те атайды. Негізгі құралдардың бір жыл
мен үш жыл мерзімі аралығында жалға алынуы немесе жалға берілуі орта
мерзімді жал түріне жатқызылады. Халықаралық стандартта жалдың бұл түрін
"Хайринг" деп атайды. Жалдың бұл түрлері бойынша негізгі құралдарды жалға
алғанда немесе бергенде жалға алушы ұйым сол негізгі құралдарды жалдық
мерзімі аяқталғаннан кейін олардың иесінс қайтарып береді. Кәсіпорындарда
орта және қысқа мерзімдерге жалға алынған негізгі құралдар "Жалға алынған
негізгі құралдар" деп аталатын баланс сыртындағы шоттың дебитінде
есептеледі. Ал бұл негізгі құралдар өз иесіне, яғни жалға берушіге
қайтарылған уақытында бұл жоғарыда аталған "Жалға алынған негізгі құралдар"
деп аталатын баланс сыртындағы шоты кредиттелінеді. Кәсіпорын қысқа
мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін төлейтін жал төлеміне "Жал
төлемі" деп аталатын шотты дебиттеп, "Басқадай кредиторлық борыштар мен
есептелген төлемдер" деп аталатын шотты кредиттейді. Ал ұйым бұл есептелген
жал төлемін төлеген жағдайда "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген
төлемдер" шотын дебиттеп, "Ақшалар" - деп аталатын бөлім шоттарының
тиістісілерін кредиттейді.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу
немесе жалға беру ұзақ мерзімді жал түріне жатады. Жалдың бұл түрі
халықаралық стандартта "Лизинг" деп те аталады. Негізгі құралдарды ұзақ
мерзімге жалға алудың немесе жалға берудің өзі ағымдағы жалгерлік және
қаржыландырылатын жал болып екіге бөлінеді. Ағымдағы деп қаржыландырылатын
жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы
жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі
түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады.Ағымдағы жалгерлікте,
активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы
жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері
амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің
бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға
алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген
негізгі құрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 12 Негізгі
құралдар бөлімшесінің тиесілі супшоттарында, яғни негізгі құралдардың
құрамында көрініс табылады.Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-
шартқа сәйкес 334Басқадашоттың дебетінде және 727, 705 (жалға субъектінің
негізгі қызметі болса ) шоттарының кредитінде көрініс табады. Жалға
берілген мүліктер жалға берушінің баланысында көрініс табатын болғандықтан,
олар бойынша есептелген тозу соммасына 845 шоты дебеттелініп, 13 бөлімше
шоттары кредиттеледі. Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының
шоттары дебеттелініп,  334 шотқа кредеттелінеді. Жал ақысы тиесілі өндіріс
шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:  937-егер де негізгі құралдар
әлеуметтік сферада пайдаланылса:  811-егер де негізгі құралдар тауарды
сатумен байланысты болса: 821- егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық
қажеттілігі үшін пайдаланылса, 687 шоттың кредитінде көрініс табады. Жалға
алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді,
сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол
үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жалға алушының жүргізген
күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт
жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп
кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 342Жалға ақысышоты дебеттеліп және
тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен
кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына (9-шібөлімдегі) немесе 8-ші
бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.Енді ағымдағы жалгерлікке байланысты
операалыр бойынша шоттар кореспонденциясын құрастырады. Ағымдығы жалдаудың
түрлері айқын ашылып жазылған:
- мүлікті жалдау;
-кәсіпорынды жалдау;
-үйлер мен ғимараттарды жалдау;
-көлік құралдарын жалдау;
-прокат;
-тұрғын үйді жалдау.
Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті
ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Жалға
алушы жалға алған мүлікке осы Кодексте белгіленген жағдайлар мен тәртіп
бойынша иелік етуге құқылы.
Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлікті ақы төлеп уақытша иелену
мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлері де мүлік жалдау
шарттарына жатады.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ

1.1 Негізгі құралдарды ағымдағы жал бойынша операцияларының
есебі

Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа
негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық
немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi
мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен
жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.
Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi
жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ
заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.
Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке
тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды
тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.
Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы
негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру
тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру
меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды.
Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар:
1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге
жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып
бөлiнедi.
Жай лизинг - жалдау шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға
берушiге қайтарылуын көздейдi.
Қаржылық (қаржыландыpылатын)) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге
несиелендірудiң нысаны.
Жалгер мүлiк құнын жалдық төлем apқылы өтейді. Қаржылық лизингтiң үш
нысаны болады:
а) "стандарт" лизинг - мұндай кезде жабдықты әзiрлеушi оны
қаржыландырушы қоғaмғa бередi. Ол өзiнiң лизингтiк фирмасы арқылы оны
тұтынушығa жалға бередi.
ә) "Лиз-бек" лизингi - мұндайда жабдық иесi оны лизингтiк фирмaға caтaды
және coнымен бiрге одан жaлға алады (жaлға берушiнiң қаржылық жaғдайын
уaқытшa жақсаpтy әдiсi);
б) "Жеткiзушiге" лизингi - мұндай кезде негiзгi құралдарды сатyшы "Лиз-
бек" лизингiндегi сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес,
басқа жалгерлер пайдаланады.
Қазақстан Республикасыньң шаруашылық практикасында жай лизинг кенiнен
таралған.
2. Орташа мерзiмдi жал (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк
құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы.
3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi
сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.

Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағaндa төмендеу.
Чартер әдетте рейстi, кезектi бiрнеше рейстi, белгiлi бiр мерзiмге (тайм-
чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл
тәртiппен (промтчартер) және тiптi кейде жедел тиеуге дайындықпен
(спорпромт) жасалуы мүмкiн.
Экономикалық жaғдайлары бойынша жал aғымдaғы және қаржыланатын болып
бөлiнедi. 17 - "Жалға беру" ХҚЕС-ына сәйкес негiзгi құралдардың aғымдағы
жалы негiзгi құралдардың жалға берушiге мiндеттi түрде қайтарылуын
көздейдi, яғни жалдау кезеңiнде жалгерге жалданған негiзгi құралдарға иелiк
ету және олардың пайдалануы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Бухгалтерлік есептегі негізгі куралдар
Қазақстан Республикасының негізгі құралдар есебі.
Жал есебінің аудиті
Жалдық шарт мерзімі
Жалға беруші жолдаушыға немесе жалдаушы жалға берушіге
Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Негізгі құралдарды жалдаудың есебі
Пәндер