Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-педагогикалық факультеті

Білім беру технологиялары кафедрасы

Сырттай оқу бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және
ұйымдастыру

Орындаған: Алимжанова Г. У

Тексерген: Оразбаева Г. О.

Көкшетау 2012 ж

Жоспар

Кіріспе

1. Жаңа стандарттың Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім
жүйесіне енгізудің өзектілігі

1. Үлгі жұмыс оқу жоспары.
2. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқытуды ұйымдастыратын
базистік оқу жоспары.
3. Күн тәртібінің үлгісі.
4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық тақырыптық
жоспар үлгісі.
5. Оқу іс – әрекетін ұйымдастырған технологиялық картасы.

1. Сабақтардың педагогикалық презентациясы.
2. Пәндік – дамытушылық ортаға жағдай жасау үшін әдістемелік нұсқаулар.
3. Педагогикалық техниканың принциптері.
4. Балаға қалай дайындық жасау.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту
соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің
барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда
дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті,
ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі
әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа
тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т.б. аса маңызды құжаттардан
орын алуда. Тәрбие үрдісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген.

Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз
бетінше үздіксіз білімалуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашылық
қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды
мектеп жасына дейінгі,орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби,
қосымша білім берудің түрлі деңгейін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда

Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау және
ұйымдастыру әдістемелік нұсқауы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының талаптарына сай құрастырылған. Әдістемелік нұсқаудың мазмұны
мектепке дейінгі мекемедегі мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетіне
тұлға-бағдарлық көзқарасты анықтайды. Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі
мекеме педагогтарына, ата-аналарға, педагогикалық колледж студенттеріне
арналған.

1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа стандартты енгізу өзектілігі

Қоғамымыздағы саяси және экономикалық өзгерістер қоғам өміріндегі
барлық саланы түбегейлі өзгертті, әсіресе білім беру жүйесінің алғашқы
баспалдағы болып табылар мектепке дейінгі білім мен тәрбие беруге әсерін
тигізді.

Бүгінгі таңда болып жатқан шапшаң өзгерістер, балаларды үнемі оқып-
үйренуге ұмтылуға тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетеді.

2009-2010 оқу жылы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім
беру мекемелерінде жаңаша білім беру стандартын енгізу мәселесі жөнінде
жұмыс басталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628
бұйрығымен бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа Қазақстан
Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі — ҚР МЖМБС-2009) енгізу ҚР-ның
мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуді қамтамасыз етуге
арналған.

Мектепке дейінгі салада педагогикалық үдерісті ұйымдастыру кезеңі
келесі талаптарға көңіл аударуды талап етеді:

- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік
әдісіне;

- бес білім беру саласы (Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық,
Әлеуметтік орта) арқылы танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды біріктіру
әдісіне;

- мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейін зерттеу және бақылау
құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау технологиясына.

Жаңа стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапалы мазмұнын және

құқықтық-нормативтік базасын құруда ерекше рөл атқарады.

Нормативтік-құқытық база тізбесіне енетін:

* мектепке жасына дейінгі білім жүйесінің жарғысы;

♦ жұмыс тәртібі;

♦ мамандардың жұмыс кестесі;

♦ педагогтардың лауазымдық нұсқаулары;

♦ базистік жоспар;

♦ жоспардың циклограммасы;

♦ оқыту қызметінің технологиялық картасы;

♦ ата-аналармен атқаратын жұмыс жоспары.

Тәрбиешілер күн бойында жас тобындағы күн тәртібіне сәйкес түрлі
педагогикалық қызметті іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік
жаттығу, балалармен қарым-қатынас жасау, серуендеу, тамақтану, күндізгі
ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжетті-рөлдік,
шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ойын-сауық кештері,
қызықты қоғамдық саяхаттар, ата-аналармен жұмыс, сонымен қатар
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сабақтар).

Сабақтар 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалар топтарындағы
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемін реттейтін ҚР МЖМБС -2009
базистік оқу жоспарымен регламенттеледі.

Осы стандарт :

мектепке дейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты

қамтамасыз етуді көздейді;

балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз

етеді;

барлық деңгейдегі білім беруді жаңғыртуға сәйкес мектепке дейінгі

тәрбие мен оқыту жүйесінің мазмұнын анықтайды;

- 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен
білім берудің негізгі мазмұнын анықтайды.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты:

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық
топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді
пайдалануда;

- баланың дамуының әрбір жас кезеңіндегі әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін
жағдайларды қамтамасыз етуді;

- мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында
сабақтас байланысты реттеуді;

- отбасы әлеуметін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толыққанды дамуына
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының
психологиялық-педагогикалық негізін пайдалануды;

- мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік ортаның
бірігуін;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті
білім беруді еңгізуді болжайды.

Стандарта ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін
педагогтарға қойылатын жалпы талаптар жаңаша.

Педагог баланың өмірі мен денсаулығына, психоло-физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес өз іс-әрекеті нәтижесінің сапасына жеке жауаптылықта
болады.

Педагог:

- педагогикалық білім, талдау және зерттеу дағдысы, бала дамуының
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыра білу кіретін кәсіби
құзыреттілікті меңгеруге;

- балалардың жасына сай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен жүйке-
психикалық іс-әрекеті туралы психологиялық-педагогикалық білімі болуға;

- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін дербестендіруді қамтамасыз етуге,
тәрбиеленушілердің негізгі құзыреттілігін табысты қалыптастыруға мүмкіндік
беретін дамыту ортасын құруды қамтамасыз ету;

Әр баланың жеке білім алу бағытын әзірлей білуге тиіс:

Тағы да бір айтарлық жаңалық, мектеп жасына дейінгі жүйесіне арналған
жаңа стандарт білім беру үдерісіне отбасын тартуға бағытталған.

Білім беру үдерісінің нәтижесіне тікелей қатысты болғандықтан ата-
аналар стандарт бойынша ұсынылатын барлық жұмыстардан хабардар болуы керек.

Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде:

баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік
саулығының негіздерін қалайды және баланың жетістіктерге қажеттілігін
қалыптастырады;

ресми және бейресми ереже, ұстанымдар, нұсқаулар мен белгілер кешенін
анықтайды;

баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды:

Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы
әлеметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы,
дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас
стратегиясының орталығы болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен бірыңғай білім
беру кеңістігін қамтамасыз ету;

баланың отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдарда психикалық-физикалық
денсаулығын қамтамасыз ету;

баланың жеке дамуы үшін білім беру траекториясын құруда баланың бейімділігі
мен отбасы қажеттілігінің есепке алу;

баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету;

отбасы жағдайында жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен тәрбиелеу
мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету;

балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысу.

Бүгінгі күнде ҚР МЖМБС-2009 облыс деңгейінде мектепке дейінгі білім
саласында сапалық өзгерістер енгізіп жаңа жүйемен толықтыруына ықпал
етуде.

Облыстық білім қызметкерлерінің білімін арттыру және қайта даярлау
институтының жаңа стандарты енгізу жағдайында жетекшілік нұсқауы былай
болмақ:

- әдістемелік жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;

- білімді тереңдетуде және жаңартуда педагогтардің
қызығушылығын, қажеттілігін анықтау;

- біліктілікті арттыру курсының мазмұны мен түрлі нысандарын
қамтамсыз ету;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартының талаптарына сәйкес әдістемелік

нұсқаулар дайындау;

- педагогтарға кәсіптік қолдауды және жеке кеңес беруді
ұйымдастыру;

- озық педагогикалық тәжірибиені таратып және қолдап айқындауды
жүзеге асыру.

Болашақ ұрпағымыздың тәлімді тәрбиесінің қамы үшін мектеп жасына
дейінгі жаңа стандартың жарық көруі – баршамыздың көңілімізге қуаныш
ұялатты.

Жаңа стандартты енгізуде педагогикалық ұжым және ата-аналар
қоғамдастығының қарым-қатынастың оң жүйесіне эмоционалдық көмек беру,
барлық мектепке дейінгі балалық шақтың жайлы жағдайын жасау жұмыстарына
сәттілік тілейміз.

Жаңа стандартқа сенім танытқан әріптестеріміз мектепке дейінгі
балалық шақтың өзіндік құндылығын сақтап қалу үшін мүмкіндігін аямайды
деген үміттеміз.

Мектепке дейінгі бүлдіршіндерге арналған жаңа стандартқа бұдан
былай аяғын нық басып, тәлімгерлік тағлым беруді тыңғылықты да тұжырымды іс
тындыра берсін, демекпіз.

ҚР МЖМБС-2009-ға көшу жағдайында бірінші орынға педагогикалық
кадрлармен жұмыс жүргізу, олардың кәсіптік және құзіретті дамуына жағдай
жасау қойылады.

Мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен шағын орталық жұмысын бағыттайтын
директорлардың орынбасарларының жұмысы шапшаң және икемді сипатта болуы
тиіс. Сондықтан мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен шағын орталық жұмысын
бағыттайтын директорлардың орынбасарлары ҚР МЖМБС-2009-қа сәйкес
педагогикалық үдерісті бағдарламалық-әдістемелік жағынан сапалы қолдауды
қамтамасыз етулері қажет және педагогтарға оқу жоспары мен тақырыптық
жоспарды, күн тәртібін, жоспарлау циклограммаларын, технологиялық
карталарды құрастыруда көмек көрсетулері қажет.

Педагогикалық үдерісті әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мақсатында
мектепке дейінгі ұйымдардың, шағын орталықтардың, мектепалды даярлық
сыныптары мен топтарының педагогтарына әрбір жас кезеңнің ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті көлемін, білім беру салаларының және олардың құрамын
анықтайтын қосымшалар ұсынылады.

БОЖ негізінде педагогтар мынадай құжаттарды әзірлеулері қажет:
жұмыс оқу жоспарын (№1-қосымша), әр жас топтарында ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетті бөлу кестесі (сабақ кестесі) (№2-қосымша), күн тәртібінің үлгісі
(№3-қосымша), білім беру салалары кіріктірілген тақырыптық перспективалық
жоспар (№-4 қосымша ), оқу жоспарының, перспективалық жоспар және
циклограммалар негізінде сабақ конспектісінің орнына технологиялық
карталарды әзірлеу (№-5 қосымша).

№ 1 қосымша. 1.1. Жұмыс оқу жоспары

№ Білім беру салалары Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті (бір жылғы сабақ саны) )
1 жастан2 жастан3 жастан 4 жастан5 жастан
бастап бастап бастап бастап бастап
2 жасқа 3 жасқа 4 жасқа 5 жасқан6 жасқа
дейін дейін дейін дейін дейін
1 Денсаулық
Дене шынықтыру 72 72 72
Валеология 36
Барлығы: 72 72 108
2 Қатынас
Тіл дамыту 36 27 36
Көркем әдебиет 9 5 9
Қоршаған ортамен таныстыру 9 4
Сауат ашу және жазу негіздері 27
Қазақ тілі 18 36 36
Барлығы: 72 72 108
3 Таным
Сенсорика
Қарапайым математикалық 18 36 36
ұғымдарды қалыптасыру
Экология негіздері 18 18 18
Қоршаған ортамен таныстыру 18 36 18
Барлығы: 72 108 108
4 Шығармашылық
Сурет 36 36 36
Мүсіндеу 18 18 36
Жапсыру 18 18 36
Ән-күй 72 72 72
Барлығы: 144 144 180
5 Әлеуметтік орта
Қоршаған ортамен таныстыру 9 5 5
Экология негіздері 9 4 4
Көркем әдебиет 18 27 27
Барлығы: 36 36 36
Жалпы: 396 432 540

2. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбие мен оқытуды ұйымдастыратын
базистік оқу жоспары.

№ 2 қосымша

ІІ сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін шамалап бөлу (сабақ
кестесі)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Апта Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
күндері


Білім беру салалары
Денсаулық 2 Дене шынықтыру Дене шынықтыру
Қатынас -2 Тіл дамыту Қазақ тілі (0,5)
көркем әдебиет
(0,25),
Қоршаған ортамен
таныстыру (0,25)
Таным -2 Қарапайым математикалық Қоршаған ортамен
ұғымдарды қалыптасыруқұрастыру таныстыру экология
негіздері
Шығармашылық - 4 Ән-күй Ән-күй Жапсырумүсіндеу Сурет
Әлеуметтік орта - 1 Көркем әдебиет (0,5) қоршаған
ортамен таныстыру
(0,25экология негіздері (0,25)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 11

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы – 15-20 минут

Естиярлар тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін шамалап бөлу (сабақ
кестесі)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Апта Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
күндері


Білім беру салалары
Денсаулық 2 Дене шынықтыру Дене шынықтыру
Қатынас -2 Қазақ тілі Тіл дамыту (0,75)
көркем әдебиет
қоршаған ортаман
таныстыру (0,25)
Таным -3 Қоршаған ортаман Қарапайым Экология
таныстыру математикалық негіздері
ұғымдарды қалыптасыру құрастыру
Шығармашылық - 4 Ән-күй Жапсырумүсіндеу Ән-күй Сурет
Әлеуметтік орта - 1 Көркем әдебиет (0,75)
Қоршаған ортаман
таныстыру экология
негіздері (0,25)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 12

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы – 20 – 25 минут

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін шамалап бөлу (сабақ
кестесі)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Апта Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
күндері


Білім беру салалары
Денсаулық - 3 Валеология Дене шынықтыру Дене шынықтыру
Қатынас -3 Көркем әдебиет (0,25) Қазақ тілі Тіл дамыту
сауат ашу және жазу
негіздері (0,75)
Таным -3 Қарапайым Құрастыру Қоршаған ортаман
математикалық таныстыру
ұғымдарды қалыптасыру экология
негіздері
Шығармашылық - 5 Мүсіндеу Ән-күй Сурет Ән-күй Жапсыру
Әлеуметтік орта - 1 Көркем әдебиет (0,75)
қоршаған ортаман
таныстыру экология
негіздері (0,25)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 15

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы - 25 – 30 минут

№ 3 қосымша

3. Күн тәртібінің үлгісі

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа
шамаланған.

Тәртіп элементтері Уақыты
(сағат, минут)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 7.30 - 9.20
Таңертеңгілік қабылдау. Жаттығу.
Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық
қарым-қарым-қатынас: қызықты қысқа және ұзақ мерзімді
іс-әрекеттерін бірігіп жобалау. Ойындар,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық.
Ойнайық та, ойлайық 9.20 - 10.00
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге
жалпы ұзақтығы). Үлкендердің балалармен біріккен
іс-әрекеті.
Табиғат аясында 10.00 - 12.20
Серуенге дайындық. Серуен.
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Негізгі
жаттығулар бойынша жеке жұмыс. Серуеннен қайту.
Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Ас — адамның арқауы 12.20-13.10
Түскі ас.
Тәтті ұйқы 13.10 - 15.10
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі
ұйқы.
Ұйқымызды ашайық 15.10 - 16.00
Ояну. Шынықтыру шаралары.
Бесін ас.
Алақай! Ойын! 16.00 - 17.40
Сюжеттік - рөлдік, дамытушылық, шығармашылық және
дидактикалық ойындар. Еңбек түрлері. Ойын-сауық
кештері. Сахналау ойындары.
Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар.
Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Балалардың еркін өзіндік іс-әрекеті.
Ас дәмді болсын! Кешкі ас 17.40 - 18.00
Ертеңге дейін... 18.00 - 19.00
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың
қалаулары бойынша орталықтардағы ойындар. Үйге қайтуы.

Қосымша № 4

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективалық тақырыптық
жоспар үлгісі (ІІ сәбилер тобы)

Қыркүйек – І апта

Тақырыбы: Сәлеметсіңбе, балабақша!

Апта күндері Білім беру салалары Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тақырып
Дүйсенбі Қатынас Тіл дамыту
Тақырып: Дидактикалық ойын Не
дыбыстайды?
Шығармашылық Ән-күй
Сейсенбі Денсаулық Дене шынықтыру
Таным Қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру
Тақырып: Дидактикалық ойын Бір-көп.
Әлеуметтік тану Көркем әдебиет
Тақырып: Н.Сералиевтың Балабақшада
әңгімесін оқу
Сәрсенбі Қатынас Қазақ тілі
Тақырып: Біздің ойыншықтар (дыбыстық
мәдениет)
Шығармашылық Ән-күй
Бейсенбі Таным Қоршаған ортаман таныстыру
Тақырып: Қуыршақты серуенге киіндіреміз
Шығармашылық Жапсыру
Тақырып: Пирамида
Жұма Денсаулық Дене шынықтыру
Шығармашылық Сурет
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Оқыту жүйесі және орта білімді басқару пәнінің cтуденттерге арналған лекциялар жинағы
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Педагогтың өздік жұмысы
Қазақ облыстарының автономиясы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Пәндер