Оқыту технологиясының тиімділігі педагогикалық технологияда


Мазмұны
І. Кіріспе бөлім . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Оқыту технологиясының тиімділігі педагогикалық технологияда . . . 5
2. 2 Білім берудегі оқыту процессі . . . 6
2. 3 Дәстүрлі оқыту . . . 9
2. 4 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы . . . 11
2. 5 Модульдік оқыту технологиясын қолданудағы ізденістер . . . 16
ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 22
Қолданылған әдебиеттер . . . 24
Қосымша
Кіріспе бөлім
Қазіргі қоғам өмірдегі күрделі өзгерістер білім жүйесін реформалауды, оның дамуына жаңа амалдар енгізуді, соның ішінде, оның әдіснамалық және тұжырымды негіздер мен педагогикалық ғылымның парадигмасын қайта қарастыруды талап етеді.
Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісінде демократияландыру мен ізгілендіру жаңартудың негізгі принцптері ретінде анықталған орта білім жүйесін дамытудың тұжырымдамасы мен стратегиясы. Заңның негіздері және орта білімнің бекітілген жалпы міндетті стандарттары бар.
Мектеп білім беру жүйесін реформалаудың аталған принцптері оқытудың әдістемелік жүйесінің ( оқыту мақсатының мазмұнының, әдәстерінің, формалары мен құралының ) біртұтас және жүйелік өзгеруін көздейді.
Орта білім стандарты мен жаңа базистік оқыту жоспарына сәйкес білім мазмұнын қалыптастыруда оқушыларға дайын білімді беріп қана қоймай білімді өздігінен игеру әдіс-жолдарының процессуалдық және дамытушылық жақтарының басымдылығына (доминантасына) көшу қарастырылған. Ішкі саралау есебінен оқулықтың, сабақтың, оқу процесінің мазмұндық сыймдылығы мен дамытушылық қабілетін арттыру көзделген.
Білім мазмұнын қалыптастырудың осындай жаңа амалы есебінен оқу процесін интенсивтендіру мен оптималдауға әкелетін оқыту мазмұны мен әдістірінің үйлесімділігі артып, оқытудың тиімділігі арттырылады.
Сондықтан, қазіргі дидактиканың көкейтесті мәселесі-мектеп пәндерін педагогика ғылымының әдіснамасы мен парадигмасының қазіргі талаптарына сай әдістемелік жаңарту.
Мектеп білім беру ісіне орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу-білім мекемелерінен нормативті құжат ретінде олардың барлық талаптарына мүлтіксіз орындалуын көздейді.
“ Білім туралы ” заңның 41 бабында педагогтың міндеттерін көрсететін норма анықталған. Заңның осы бабына сәйкес педагог қызметкерлер оқыушылардың алатын білімі мемлекеттік білім стандарты талаптарынан төмен болмауына қол жеткізуге міндетті.
Бірақ, ғылыми зерттеулер, соның ішінде біздің де тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі оқыту әдістері мұндай тәтижеге жетуге кепілдік бермейді. Сол себепті, қазіргі кезде білім жүйелерін технологизациялау педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады, демек, әдістеме оқытудың педагогикалық технологиясының деңгейіне дейін жетілдіруі керек.
Оқытудың педагогикалық технологиясы мектепте білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыруына, мұғалім мен оқушының шығармашылық жұмысына жағдай жасауға, олардың “ субъект-объект ” өзара қатынасына негіз болып табылады. Педагогикалық технологияны қолдану мектепті сапалы түрлендіруге жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болап, әрбір мектепте өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны қолдану дәстүрлі оқытуды компьютерлік “ электрон қабығын ” құрып оқыту тәрізді педагогикалық бағдарламалы құралдарды жүйелі дайындаудың басты негізі болады.
Бірақ, айта кететін жағдай, педагогикалық квалиметрия, соның ішінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалау мен бақылауға, өздігінен бақылауға оқушылардың дамуының (өзіндік дамуының) мониторингін құруға көп көңіл аударылмаған.
Оқыту технологиясының тиімділігі-педагогикалық технологияда.
Технология идеясы жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияшландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту “ технологиялық ” болу қажет. Оның мағынасы-нені үйретсе де нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я. А. Каменский “ дидактикалық машина ” деп атады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Соған байланысты, мақсат-құрал-оны қолдану ережелері- нәтиже модулі шықты. Бұның өзі-білім берудегі кез-келген технологияның өзегі.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарда техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “ білім берудегі технология ” термині пайда болды. Бұл оқу процесінде техниканы пайдаланумен бірдей.
60-шы жылдарда америкалық және Батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “ оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады ” мағынасын беретін “ педагогикалық технология ” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технолгияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компонеті болып табылады. Педегогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев т. б ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Оқыту технологиясы-оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамассыз ететін әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысымен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педогогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Бізге берілген анықтамалардан біз “ технологиясын ” - techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз - шеберлік ( өнер ) туралы ғылым екенін білеміз.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы тұлғалық бағдарлы, мақсаты технология болып табылады. Оқу процесін технолдогияландыру басқа ақыл - ой талабына ғана негңзделген роционалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланыста. Педагог рационалистердің негізгі міндеті - оқу материалын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру. Нақ осы модель төңірегінде оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мүмкін жолдары пайда болып, кейіннен оқыту технологиясы ұстанымдарына жалғасты.
Педагогикалық технологияның ерекшелігін педагогикалық жүйені жобалау тұрғысынан анықтау үшін жобалаудың білім беру аймағында оқыту жүйесі мен оның жекелеген копаненттерін жасау мен шектелмейтінін ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының ителлектуальдық даму заңдылықтарын, оқу іс әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін және педагогикалық басқарудың тәсілдерін зерттейтін құрал ретіндегі әдіснамалық қызметте атқарады. Оқыту технологиясының әдіснамалық қызметі жалпы стратегиялық үлгі - оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
Академик В. Л. Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дегеніміз оқытудың әдістемелік жүйесі: мақсат, мазмұны, әдіс - тәсіл сабақтың түрі мен құралдары және оған сәйкесті дидактикалық процестердің жиынтығы. Педагогикалық жүйе педагогикалық технологияның жасаудың негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның әдістемеден бір ерекшелігі - оқушының оқу - танымдық қызметінің құрлымы мен мазмұнын анықтайды. Технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуіне әкеледі. Педагогикалық технология - оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс - әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.
Педагогикалық технология - педагогика ғылымының оқытудың мақсатының, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процесті жобалаушы бір бөлшегі. Ол - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелерін қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдарның біртұтас қызметін бейнелейтін процесс.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдісте, мелік талаптарға сай болуы тиіс:
1. Технологиялық сызба (карт) технологиялық процесті оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі.
2. Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету процесінің ғылыми негіздемесі болу керек.
3. Педагогикалық технологияның барлық жүйелік сипаттары: процестің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығы.
4. Оқу процесін жобалау, жоспарлау мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерліуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
5. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет етеді. Сондықтан, белгілі білім стандартына сай оқыту кепілдігін беріп, нәтижесі тиімді, шығыны аз болуы керек.
6. Педагогикалық технологияны басқа білім беру мекемесінде басқа субъектілердің де қолдану мүмкіндіктері ескерілуі керек, яғни қайта қолданылатындай болуы тиіс.
Педагогикалық технология оқу процесінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді. Мақсатқа жету үшін кері байланыс болуы керке . Соған байланысты оқытуға тенхнологиялық қатынаста төмендегідей шарттарды көрсетуге болады:
а) мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеге табысқа жетуге орай айқындау;
ә) ағымдағы нәтижені бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды өзгерту;
б) нәтиженің қортынды бағасы.
Мектепте оқыту технологиясы оқыту процесіне қажетті психологиялық - педагогикалық іс - әрекеттердің жүйелі кешені - әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, іс - әрекетіне игі әсер етеді және сонымен бірге, мұғалімдердің педагогикалық іс - тәжірибесінің нәтижелігінің тиімділігін қамтамасыз ететін оқу және тәрбие процесінің құрамдас бөлігі.
Білім берудегі оқыту процесі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Конституциясын негізге ала отырып, білім беру ісін жаңартудың негізгі принциптері анықталды. Бұл принциптер: білім сапасын ізгілендіру, демократияландыру, олар білім берудің “ ізгілендіру парадигмасын ” жүзеге асыруға бағытталған.
Білім беруді демократияландыру проблемасы білім беру жүйесінің әр түрлі деңгейлерінде шешіледі. Біріншіден, демократияландыру - қазіргі білім беру ісінің дамуының жалпы стратегиясын дайындау үшін басты идея ретінде қарастырылады. Екіншіден, демократияландыру мектептің және басқа да білім мекемелерінің даму бағытын анықтайды. Үшіншіден, демократияландыру - мұғалімдер мен оқушылардың шынайы және тиімді өзара шығармашылық қарым - қатынасы орнауына жағдай жасайды.
Өктемшіл қоғамнан ерекшелігі - демократия қоғамдық өмірге еркін тәуелсіз тұлғаның қатысуын көздейді. Алайда тәуелсіздік негізінде талғау еркіндігі мен қабылданған шешім үшін жеке жауапкершілік ара қатынасы жататынын ұмытпаған жөн. Өркениетті азаматтық қоғамға тән шынайы еркіндік тұлғаның өзін - өзі анықтауға қабілеттілігін көздейді. Тәуелсіздік дегеніміз - құқтарды пайдалана білуімен қатар, міндеттерді атқару, өзіне артылған жауапкершілікті сезіну.
Республикамыздың және шет елдердің білім беру ісін реформалаудың тұжырымдамалық идеяларын, нормативті - құқтық негіздерін талдау нәтижесінде оқушыға қатысты мектептегі білім беру ісін демократияландырудың келесі көріністерін анықтауға болады:
- оқушы ( немесе ата - анасы ) мектеп типін, білім мазмұнын, оның ұйымдастырушы түр пішіндерін, профильдік білімнің бағыттарын таңдауға құқылы;
- оқушы оқу іс - әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады, яғни ол - оқу процесіне оны жоспарлауға, нәтижелерін бағалауға белсене қатысушы;
- оқушыға дамудың жеке траекториясы, қарқынды, оқыту ортасы беріледі. Шәкірт қабілеті мен бейімділігіне қарай “ білімнің тұңғиығына ” түсуге мүмкіндік алады;
- оқу процесінде оқушының белсенділігі, өз бетімен танымдық қызмет жасауы, ынталандырылады;
- оқу процесін, мектеп өмірін басқаруға оқушының қатысуы мақұлданады, ұйымдастырылады;
Қазіргі мектептегі реформалау контекстінде ізгілендіру ұғымы білім процесіне оқушының жаңа ұстанымымен, “ мұғалім - оқушы ” өзара әрекеттесуінің жаңа жүйесімен сипатталады. Мұнда басты қағида - тұлғаның өзіндік құндылығын, оның дамуға құқын мойындап, оның шығармашыл өз бетімен даму, алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
Білім беруді ізгілендіру келесі шарттармен сипатталады:
- оқыту мақсаты өз бетімен жүзеге асыратын, өзін - өзі бағдарлайтын тұлғаның өзіндік қызметі мен даму процесі ретінде жүргізіледі;
- оқыту процесі сыртқы мотивациямен оңтайлы үйлестірілген ішкі мотивацияға, тұлғаның басқалармен толыққанды қарым - қатынасқа түсу қажеттілігне негізделген;
- тұлғаның дамуы біртұтас, тән, эстетикалық даму бірлігінде, яғни, сана, сезім, рух, дене бірлігінде өтеді;
- оқыту оқушылардың өзіндік іс - әрекеті мен тәжірибесі сүйене отырып өткізіледі, оқу сипаты мен әдістері әркім үшін дара - өзгеше;
- оқыту ұлттық және жалпы адамзат құндылықтарына, оқушылардың психологиялық - физологиялық мәліметтерін толықтай ескеруге негізделген;
Оқу процесіне жаңа педагогикалық технологияны енгізу қажеттілігін негіздей отырып қазіргі дәстүрлі мектепте мұғалімнің қолы неге жетпейтінін (неге жетпей жүргенін ) анықтап көрейік:
- Жаңа тақырыпты өткеде мұғалім әрбір оқушыны тексере алмайды, оны материалды дұрыс түсінгенін үй тапсырмасын орындағанда қандай қиындықтарға кезігетінін байқауға мүмкіндік жоқ. Зерделенетін материал бойынша оқушылар білімімен ептілігінің жайы туралы толық ақпарат алмайды.
- Тіпті мұғалімнің әрбір оқушыны тексеріп шығуға мүмкіндігі бар, кері байланыс үзілмейді деп болжасақ та, сабақ кезінде мұғалім барлық оқушымен жеке жұмыс жасап, қателерін түзетуге мүмкіндік жоқ.
- Орта мектептің негізгі міндеті - оқушыларға білім беру арқылы белгілі бір даму жолына бағыттау ғана емес, сонымен қатар мектеп түлектерін мектептен кейінгі білімді өз бетімен игеруге дағдыландыру. Ал біздің оқушылар он бір жыл ішінде кітаппен өз бетімен жұмыс істей алмайды. Оның себебі тереңде жатыр: біздің білім жүйемізде мұғалім жаңа тақырыпты ( қай пәнді алсақ та ) бәрі, тіпті нашар оқитын оқушылар да түсінетіндей етіп, ежейлі - тежейлі түсіндіріп шығады. Яғни, мәтінді зерделеудің барлық қиындықтары “ алынып ”, оқушылар әрекетінің дербестігі жойылады.
- Қазіргі кезде оқушылардың шығармашылығын дамыту жөнінде оардың белгілі бір пәндерге қызығушылығын қанағаттандыру жөнінде көп айтылып жазылып жүр . Факультативтер енгізіліп жатыр, бірақ олардың тиімділігі төмен. Неліктен? Себебі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін білім негізін құрайтын бағдарламалық материал игерілгеннен кейін ғана дамытуға болады.
Дәстүрлі оқыту.
Дәстүрлі оқытуда мұғалімдердің көпшілігі репродуктивті ойлау мен репродуктивті оқыту әдісін ұстанады. Өз сабақтарында проблемалық оқытуды қолданса да, ол өте төмен деңгейде өткізіліп, қабілетті оқушылардың ғылымға, шығармашылыққа деген талпынысын қанағаттандыра алмайды. Оқыту негізінде нашар немесе орташа оқитын оқушылар жағдайына бейімделіп, қабілетті шәкірттер мүддесіне елеулі нұсқан келтіреді. Мәселенің шешімі-оқу процесіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруде жатыр.
Дәстүрлі оқытуда пән мұғалімдері еңбек тәртібі мен сабақ үлгерімін өз сабағында ғана қадағалап, оқушылардың басқа сабақтарда өзін қалай ұстайтынын, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі қандай - бұл сұрақтар төңірегінде ойланбайды. Яғни, тәрбие процесі оқыту процесінен жігі ажыратылып, бөлек қарастырылады.
Жаңа педагогикалық технология бұл екі процесті жұбын үзбей қарастырды. Дәстүрлі оқытуда педагогтардың оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктері шектелген, өйткені:
Біріншіден, мұғалім әрбір оқушыны жеке зерделенетін тақырыптар бойынша тексере алмайды.
Екіншіден, тіпті мұғалімнің әрбір оқушыны әрбір өтілген тақырып бойынша тексеріп үлгерсе де, оқушылар біліміндегі ақауларын түзеуге, жоюға уақыты жетпейді.
Үшіншіден, мұғалім барлық өзінің оқушыларын өздігінен оқулықпен жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға үйрете алмайды.
Төртіншіден, мұғалім өз сабақтарында өзінің пән бойынша оқушылардың қызығушылығын ескеріп, қабілетіне сәйкес танымдық жұмыс ұйымдастыра алмайды.
Бесіншіден, дәстүрлі оқытуда мұғалімнің тәрбиелеу мүмкіндіктері де шектеулі.
Алтыншыдан, ең басты, мұғалім оқушылардың берілген материалды түгелдей (100%) меңгеруіне кепілдік бере алмайды. Ал "Білім беру туралы" заңның 41 бабының талаптарына сәйкес мұғалім міндетті түрде оқушылардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс. Осының бәрі білім жүйесіне жаңа педагогикалық технологияларды қарқынды ендіруді қажет етеді.
Егер дәстүрлі оқытуда басты рөл мұғалімге берілсе, енді оқу процесіндегі белсенді рөл оқушыға ауысады, оны оқытпайды, ол оқиды. Білім беру ісін ізгілендіру жағайында саралап оқыту оқушының өзі таңдайтын пәндерді, оқыту формаларын кездестіреді. Оқушының өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға және таңдап алған оқу бағытында табыстарға жетуге мол мүмкіндігі бар. Мұғалімнің назары негізінен әрбір оқушының жеке - дара мүмкіндіктері мен мүдделерін анықтауға аударылады. Оқушының іс - әрекеті көптеген тұлғалық және мінез - құлықтық параметірлерімен (іс - әрекеттік сипаттама, зияттық даму, тіл мәдениеті, дербестік, бастама, жауапкершілік және т. б. ) өлшенеді. Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыны өз нәтижелерін бағалауға тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Баға жазалау құралынан табыстарды ынталандыру құралына, оқушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін құлшындыру құралына айналады.
Қазіргі білім беру мазмұнында жүргізіліп отырған критерийлерді төмендегідей критерийлермен толықтыруды ұсынамыз.
1. Оқу мазмұнын хабарлау көздерінен оқушының белсенді дүниетаным орталығына ауысу керек, яғни оқушыны ойлау іс-әрекетінің әдістерін қолдануына, қалыптастыруына ынталандыру керек.
2. Оқыту мазмұнының құрылысы Ж1(алғашқы жинақтау) - Т(талдау) - Ж2(жалпы қорытылу, жинақтау) формуласымен нықталған танымдық құрылым процесіне сәйкескелуікерек. Бұл формула әр тақырыптың, әр тараудың, курстың құрылымын сонымен бірге мектептегі білім берудің мазмұнын толықтай анықтайды.
3. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндігін ескеру. Бұл критерийсіз оқу процесін тиімді компьютерлендіру мүмкін емес.
4. Оқушылардың ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін, психикалық, физиологиялық және антрологиялық заңдылықтарын ескеру. Бұнда ұлттық бағалылық жалпы адамгершілік үйлесімді сәйкестендіру керек.
- Деңгейлік саралаудың педагогикалық технологиясы талаптарына (оқу мазмұнының күрделігіне қарай бірнеше деңгеймен ұғынуға ) сәйкес келуі.
Оқыту әдістерінің көп түрлі сипаты бар. Оларды бір не жалпы ортақ белгілеріне қарай топтап жүйелеуге болады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің ондаған түрі белгілі. Дәстүрмен оқыту түрінде білім көзінің ортақ белгісі ретінде практика, көрнекілік, сөз есептелінеді. Ал бізге танымдық іс-әрекет түрі - бұл оқушы өзіне ұсынылған үлгі бойынша жұмыс істеу арқылы жететін өз бетімен танымдық іс-әрекет деңгейі.
Білім алудың басты мақсаты - жеке бастың өздігінен дамуын қалыптастыру болғандықтан, оқушы өздігінен танымдық іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру керек. Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келе біз дамыта оқыту әдісінің төмендегідей қосымша критерийлерін анықтадық.
- Оқытушының қолданатын әдістері мен тәсілдерінің жүйелілігі таным процесінің құрылысына сәйкес келуі керек.
- Қолданылатын әдістер таным іс-әрекеттері компоненттерінің әр қайсысын дамытуға бағытталу керек. Қосымша критерийлер нәтижесінде оқытудың әдіс жүйесіндегі басты компоненттер арасындағы өзара байланыстар күшейіп, білім беру мазмұны мен оқыту әдісі бір-біріне жақындайды.
Білімді ізгілендіру жағдайында оқытудың негізгі түрі - топтық және жекелеп оқыту болып табылады. Оқытудың фронтальды түрі көбіне бағдарлауды, талқылауды және түзетуде қолданылады. Топтап оқытудың басты мақсаты - аздаған топ болып құрбылардың бірігіп жұмыс жасауға дағдылануы. Бұндай топта оқушы өзінің жеке дағдысын жоймайды. Қажет болған жағдайда, тіпті кейде оқушы арқылы оқушылар бір-бірінен көмек сұрап, жалпы тапсырманы орындайды. Бұл жағдайда әр оқушы өзіне жетістігінің дәрежесін немесе сәтсіздігіне қиналуын бағалап қана қоймайды, сонымен бірге өзінің ортақ нәтижеге қалай әсер еткенін көріп байқайды. Жекелеп оқыту түрі бөлек тапсырмаларға терең үңілуге мүмкіндік береді және оқушы өзінің және оқытушы алдындағы жұмысты орындау қорытындысының жауапкершілігін түсінеді. Бұнда ең басты оқушыға сену, өзіне жауап беру қабілетіне сүйене білу, абыройды жоғары ұстау сезіміне ынталандыру және өзін-өзі сыйлау.
Білімді ізгілендіруде оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетіне көмектесетін оқу құралы - компьютерлік техниканың үлкен маңызы бар. Оқушы компьютерді пайдалану арқылы оқу жағдайын қалыптастырады, танымдық - зерттеу қызметін жүргізеді.
Сөйтіп оқу мазмұнын жаңарту принципі оқыту әдісінің жүйесін жетілдіруді талап етеді, ол оның компоненттерінің өзара байланысын күшейтуде және лқушынің өздігінен танымдық іс-әрекетінің белсенділігіне бағытталған.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Біздің ұсынып отырған педагогикалық технология деңгейлік саралау принципіне негізделгендіктен, саралап оқыту түсінігіне тоқталып өтеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz