Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық әрекет


Мазмұны
Кіріспе 3
І Жаңашыл мұғалімдердің жаңалықтарының сыры
1. 1 Жаңашыл педагогтардың еңбектері 6
1. 2 Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту 7
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым,
маңызды белгілері 11
2. 2 Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату 12
2. 3 Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық
әрекет 13
2. 4 Ынтымақтастық педагогикасы 14
2. 5 Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі 15
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Қосымша 1
Қосымша 2
Кіріспе
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек өз ісіне гуманистік сөзіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен кабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аңалармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастык орнатуға бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек. Жаңашыл ұстаздардың іс тәжірибесіндегі бәріне ортақ табыс кілті болған жағдайлар: мұғалім - зерттеуші, озық тәжірибені үйренуші, өз еңбегінің нәтижесіне талдау жасаушы, тәжірибесін жинақтаушы болғандығыңда.
Жаңа заманның лайықты азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеп шығаруда ұстаздардың алатын орын ерекше.
Қазіргі кездегі білім беру-оқушыға, оның өз бетімен дамуына және танып білуіне деген көзқарасты күшейтуге, оқушының қоршаған ортаға және өзіне деген назарына, оны өмірдегі өз орнын таба білуге негізделген.
Сондықтан, қоғам адамдардан, неғұрлым жаңа қабілеттіліктер мен білімдерді, біліктер мен дағдыларды, ойлаудың жаңа стилін, интеллектуалды белсенділік, бастамашылдық, тапқырлық, алғырлық, мәселені жаңа қырынан көре білу қабілеті, тапсырмаларды шешуде балама шешімдерді таба алу сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру мәселесінің өзектілігі тереңдей түседі. Әрине, белсенді субъектіні қалыптастыру психологиялық-педагогикалық ғылымдарда негізгі мәселенің бірі болғанымен, қазіргі күні әлі соңына дейін шешімі табылмаған сұрақтары да жеткілікті. Осы міндеттердің шешімін табу жолындағы басты тұлға - ҰСТАЗ болып табылады.
Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін енгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс, ал ұстаз осы құрметті де жауапты миссияны орындаушы тұлға болып табылады. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады.
Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білімі мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.
Оқушылардың білімі олардың өздерінің ізденісінің нәтижесі болуы үшін, осы ізденістерді ұйымдастыру, басқару және танымдық әрекеттерін дамыту керек. Өзіміз білетініміздей, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты жан-жақты жетілген білімді адамды тәрбиелеп шығару және мұғалімнің оқушылардың қабілеттерін түбегейлі дамытатындай, оны оқуда өзіндік жетістіктерге итермелейтіндей қолайлы жағдай тудыруы.
Соңғы жылдары оқушыларға жаңа заманғы ақпараттық білім негіздерін игерту төңірегінде, оқушылардың танымдық белсенділік әрекетін және оқыту үрдісіне өзіндік жұмыстарды жан-жақты арттыру мәселесі жөнінде озат мұғалімдер тәжірибесіне сүйене отырып, бірнеше мәні, мағынасы зор ғылыми зерттеулер пайда болды. Сабақ үстінде оқушылар мүмкіндігінше өздігінен жұмыс жүргізіп, мұғалім тек бұл жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын ала даярлап отыру керек деп есептеген озат мұғалімдер.
Психологиялық зерттеулердің қорытындылары (В. В. Давыдов, Л. И. Раев, А. В. Скрипченко және т. б. ) мен озық тәжірибелі педагогтардың көрсетулері бойынша өзіндік жұмыс, оқыту үрдісінің жүйесін, құрылымы мен функцияларын білімді меңгерудің кең мүмкіншілігін дамытады. Білім берудің негізгі бөлігі - оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болады.
Мұғалімнің оқушыларымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесін зерттей келе Б. Г. Ананьев, Б. Н. Богоявленский, М. Н. Скаткин және т. б. педагогтар мен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды. Себебі сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсендік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел - оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған жаңа оқулықтар. Себебі бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі - ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынов.
А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш мектеп», «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керектері» атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде ерекше көңіл аударарлық мәселе - бұл автордың «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру ( 1, 25) .
Бұдан А. Байтұрсыновтың 20-30-жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары В. Давыдов пен Л. Занковтың дамыта оқыту теориясының негізі болған дербестік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп, баланың жан-жақты дамуындағы мұғалім еңбегінің маңызын өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.
Мұғалімнің шәкіртке білім берудегі басты тұлға екендігі, білім беруің мәні туралы педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы тамырын тереңге жіберіп көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен-ді. Сонау қайта өрлеу дәуірінде оқушылардың өз бетінше ойлауын дамытуды ұсынып, іске асырған. Оқытуды жандандыру құралы ретінде өзіндік жұмыс туралы Ф. Бэкон, Ф. Рабле, Д. Локк, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Г. Песталоций, А. Дистерверг және т. б. педагогтар, психологтар мен философтардың еңбектерінде құнды пікірлер келтірілген [4] .
Мектепте мұғалім еңбегін тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де тиімді ұйымдастыра білген мұғалімдерге оның берерлік маңызы зор.
І Жаңашыл мұғалімдердің жаңалықтарының сыры
- Жаңашыл педагогтардың еңбектері
80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш. А. Амонашвили, В. Ф. Шаталов, С. Н. Лысенкова, И. П. Волков, Е. Н. Ильин, Т. И. Гончарова және т. б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуде және әдістемелік белсенді ізденістері педгогика ғылымын дамытуда алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л. Н. Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеме сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағаттар жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да, болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының №587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі "Қашан жеңіл оқылады” атты еңбегінде баяндалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В. П. Шаталовтың "Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В. В. Давыдов былай деп жазды: "Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В. П. Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.
В. П. Шаталовтың еңбектерімен қатар "Педагогика” баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының 2 санды мектебінің мұғалімі И. П. Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде "Шығармашылыққа үйретеміз” кітабы, Ленинград қаласының 516 санды мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е. Н. Ильиннің іс-тәжірбиесі "Қарым-қатынас өнері” еңбегінде және Ленинградтың 536 санды мектебінің тарих пәні мұғалімі П. Н. Гончарованың іс-тәжірибесі "Тарих сабағы - өмір сабағы” атты еңбегінде жинақталған.
Мәселен, жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш. А. Амоношвили алты жасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының және тексерілген. Алты жасарлармен жұмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С. Н. Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.
Москваның Реутова қаласының 2 санды мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім И. П. Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық саабқтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру оның сабақтарында балалардың нышандары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.
В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.
Ленинградтық әдебиетші Е. Н. Ильин оқушылардың рухани дамуын жетілдіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдыра білді.
Дәрігер және педагог А. А. Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты.
1. 2 Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Бұл міндеттрді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр мұғалім өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипатты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен тауып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп отыр. Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең-оқып үйрену
II кезең- меңгеру
III кезең-өмірге ендіру
IV кезең-дамыту
Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу орындарында апта айтқанда экология пәнін оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту-тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі жүйелі түрі десек, ауыз толтырып айтарлықтай «Әулие-Ата» университетінің және Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының «Жасыл ел» атты студенттік құрылыс отряды жасаған жас кезіндегі жұмысы табиғаттқа деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді дамыта түседі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилылығын, әсемділігін, әсерлігін адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т. б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту-тәрбиенің интелектуалды түрі.
Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мзмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауап кершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. Оқу -тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, т. т. Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды диференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мәселен, Л. Б. Эльконин, В. В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
- Жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту
- Теориялық білімнің жетекші ролі
- Оқу материалын жеделдете оқыту
- Оқу үрдісін оқушының сезінуі
- Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының - мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұсынып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілу тиіс. Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді. Оқытудың нәтижелі болуы оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе
туралы ұғым, маңызды белгілері
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
• өз беттерімен білім ала білуі;
• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
• оқушылардың жалпы дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz