Жастар бос уақыттарын дұрыс пайдаланып жүрме



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе. -3- 5-
І тарау. Мемілекеттік жастар саясаттарының мақсаттары
мен міндеттері және принциптері. -6-
1.1 Қ Р Жастар саясатының негізгі бағыттары. -7-
1.2. Қ Р мемілекеттік жастар саясатын қалыптастыруға
және іске асыруға жастардың қатысуы. -8-9-
1.3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер. -9-11-
ІІ тарау.Жастар бос уақыттарын дұрыс пайдаланып жүрме? -12-14-
2.1. Жастар қозғалысы. -15-18-
2.2. Жастарды азаматтық тәрбиелеудегі қазіргі кездегі
келелі мәселелері туралы. -19-23-
Қортынды. -24-26-
Пайдаланған әдебиеттер. -27-

Кіріспе.

Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше
қасиетттерге ие екені белгілі. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі олардың рухани
беймазалығы, болмасқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы
келмейтін өзімшілдігі, ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға
ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басымның қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл
деген – көк дөнен, өз ерік жігерінен қиялы ұшқыр.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік
топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі
қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды
һәм күрделі. Жетпісінші жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар
арасында өмір ді түсіну түйсігін жоғалту деп аталатын дертің тез таралуы
туралы кәдімгі дей алаңдаушылықпен дабыл қақан – ды. Бүгінгі жастарға,
олардың ата – аналарына қарағанда, әлдеқайда қиын. Батыстағы замандастарына
көбірек еліктейді, кертартпа ақпарат алғанына әуестігі басым, Батыстың
әуейлі саздарының, ужас, боевик кинофильмдерінің ықпалы зор – мұның
бәрі идеологиялық қысым, оның құдіреттілігі сол албырт та аңғал жастардың
санасын улайды. Осы арада мынадай сұрақ туады: көптеген жас Батысқа
еліктейді Батыс несімен құдіретті?
Қазіргі жас адамдар бір кездері ата – аналарын пәлендей бой алдыра
қоймаған ақшаға әуес, тіпті мол ақшаны жақсы көреді. Бұл арада сірә,
пәлендей сөлекеттік те жоқ. Әйтсе де, бір жағынан, көптеген жан сол мол
ақшаның көзін мыңдай ақы адал терден емес, көзірлі мамандыққа ие болу
арқылы табуға бейім, бұл алаңдатпай қоймайды. Тағыда еріксіз еліктеу
мәселесі алдымызды орағытады, өйткені Батыс әркімнің жеке табысы тікелей
әлеуметтік сатусына парапар, қаршадайынан осыны көріп, біліп өскен бала
өмір өзегіне айналған шындықтан аттап кете алмайды. Қалай болғанда да,
жастардың бір толқынынан екіншісінің өзгешелігі неде? Өмір тәжірбиелерінің
артықшылығы қайсы? Ең басты өзгешелігі, сөз жоқ, ұрпақ психологиясына,
қоғамның саяси - әлеуметтік, мәдени, экономикалық жүйесіне, әрине, оның әр
түрлі кезеңіндегі нақты даму артықшылықтарына тікелей байланысты. Қазіргі
жастар, сөз жоқ, қоғамдық өмірде батыл да ашық, алайда оларда тәжірбие және
сабыр жетпейді, өткеннің тәжірбиесі көп еңбектеріне отырып үйренуді қажет
етеді. Бүгінгі таңда жастарда бұған дейінгі тәжірбиені толық меңгеру үшін
уақыт бар, өткеннің сабақтарын үйрену осы заманды дұрыс түсінуге деген сөз.

Жастар үлкендердің айтқан ақылдарынан ғибрат алып қана қоймайды,
өздері де өмірдегі бар проблемаларға жауап іздеуге тырысады. Сондықтан
өмірлік, мәдени және білім деңгейі, саяси мәдениетті, әлеуметтік шындықты
түсініп, зерделенуде жаңа ұрпақты, оның кемшіліктеріне қарамастан, әрине
аға буындардың жас кезіндегі деңгейімен салыстыруға болмайды. Және бүгінгі
жастар – алтыншы ұрпақ. Тұзы жеңілдеу, өйткені рухсыз, барлық
құндылықтардан жұрдай, тек техникалық жетістіктерге ғана малданып отыр деп
текке жазғырады.Барға бөлену – ойсыздыққа, парықсыздыққа, білімсіздікке,
көргенсіздікке жетелемейді. Қайта алсаңыз ізденуге, білім іздеп, өнер қууға
мүмкіндік береді. Рас, бұған дейінгі ұрпақтардағы өмірлік, әлеуметтік
тәжірбие, ақыл – парасат бұларда жоқ шығар, бірақ бұл жастардың ешкімге
ұқсамайтын саналығын, өз ой – пікірімен жүріп – тұратындығының,
максимализмін жоққа шығаруға болмайдыжәне оны алдыңғы буынға қарсы қою
жараспайды.Олардың қарым – қатынастарындағы әлдекімдердің ізімен жүргісі
келмейтін өзімбілеміндіктеріне күдікпен қарау да ойлануды қажет етеді.
Бүгінгі таңда балалар көзді ашып – жұмғанша есейеді. Сондықтан да
оларға дер шағында нақты өмір шындығы туралы ақиқат сабағын бер, дер
шағында өз тәжірбиеңмен бөліс және олардың ойымен санасып, түйген пікіріне
құрметпен қара. Жас мемілекетімізге білімді ғана емес, білікті де азамат
ауадай қажет.
Өз өмірімнің өткенінен бас тартуға болмайды, онсыз бүгіннің, онсыз
ертеңің жоқ. Ұрпақтар арасындағы түсінбестіктің көптеген себебі сол
жылдардың әлеуметтік жағдайын терең білуден туындайды. Өмір тарихын және
осы заман ілімі мен тәжірбиесінің деңгейінде баяндалғанда, біз сол
дәуірдегі оның замандастары қандай көзбен қарады деген психологияны жиі
назардан тыс қалдырамыз.

1. Мемілекеттік жастар саясатының мақсаттары, міндеттері және
принциптері.

1. Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар саясаты жастардың
рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту
үшін әлеуметтік – экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен
кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін
ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғау;
2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады.
3. қазақсатн Республикасының мемілекеттік жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтік – демографиялық топ ретінде жастардың мүделері мен
қажеттіліктерін тану;
2) қазақстар Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының
басымдылығы;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;
8) жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
9) Мемілекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың
тікелей қатысуы принціпіне негізделеді.

1.1 Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар саясатының
негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар саясатының негізгі
бағыттары:
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы
кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4) жас отбасыларын мемілекеттік қолдау;
5) жастардың тегін орта білім алуына конституциялық құқығын іске
асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан – жақты білім беру үшін жағдай
жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерінің мүгедек және тәрбиелеуші жастарының құқықтары
мен әлеуметтік қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету;
8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдай
жасауды қамтамасыз ету;
9) жастардың бойында ұлттық мәдениетпен тілді дамыту үшін жағдай жасауды
қамтамасыз ету;
10) жастардың денсчаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір
салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтік қолдауға мұқтажжастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз
ету;
13) таланты жастарды мемілекеттік қолдау;
14) жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемілекеттік
органдардың комерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
15) жастардың жастардың ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.

1.2.Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар саясатын
қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы.
1. Жастар Қазақстан Республикасында мемілекеттік жастар саясатын
қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске
асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар
ұйымдарының аталған органдарымен өзара іс – қимыл жасауы арқылы, сондай –
ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда
қатысады.
2. Мемілекеттік жастар саясатының іске асыру жөнінде жастардың, жастар
ұйымдарының мемілекеттік огандарда өз өкілеттіктеріне сәйкес және
Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат
жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемілекеттік
органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды
енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен
консультатциялар жүргізді.
3. Мемілекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемілекеттік жастар
саясатын қалыптастыру және іске асыру асаласында консультациялар мен іс –
қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен таратуға
құқылы.
Жастар ұйымдары мемілекеттік жастар саясаты саласындағы мемілекеттік
және өңірлік бағдарламалардың іс – шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі
бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемілекеттік
органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар
саясатын іске асыру жөніндегі консультатциялық – кеңесші органдардың
құрамына кіруге құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін
консультациялық – кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
4. Жастарды мемілекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға
тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдары
мен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан
жастары форумын – Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының
уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.
Жалпы Республикалық Қазақстан жастар форумын өткізу тәртібі, өкілдік
нормалары уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы мемілекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі
консультациялық кеңесші органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары
форумы туралы ережемен белгіленеді.
5. Жалпы республикалық Қазақстан жастар форумы өз құзіоеті шегінде жастарға
үндеу қабылдай алады. Қазақстан Республикасының мемілекеттік жастар
саясатын қалыптастыру және іске асыру туралы ұсынымдар әзірелей алады.

1.3. Жастар арналған әлеуметтік қызметтер.
1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында
әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
2. Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
1) психологиялық – педагогикалық, медициналық - әлеуметтік заңды көмекті
жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне
консультациялар беру;
2) өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайлысыз жағдайларда
қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
3) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
4) мінез – құлқы девиантты кәмілетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
5) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан басталған, сондай
– ақ арнаулы тәрбиелеу мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан,
маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның имунитет тапшылығы вирусын
жұқтырған және ЖҚТБ – мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру;
7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік
даярлау, бос уақыттын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын
іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын мазмұнды өткізуін
ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастардың аула клубтарын ашу
мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдем десу болып
табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру
мемілекеттік жастар саясатыніске асыру үшін көзделген мемілекеттік жастар
саясатын іске асыруүшін көзделген мемілекеттік бюджет қаражатының, сондай –
ақ Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздердің
есебінен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтік қызметтердің жастарға арнап мемілекеттік бюджет қаражаты
есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет
көрсетулері тегін ұсынылады.
Жастарға арналған инфрақұрылым.
1. Мемілекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін құруды және оның
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Мемілекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым
объектілерінің арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді
қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене
тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай
шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемілекеттік органның немес
органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс –
шараларды көзейді.
3. мемілекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немес
оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің
жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік аталған
мақсаттарына ғана сәйкес пайдалануы мүмкін.
Егер туындаған мән – жайларға байланысты аталған мүлікті жастарға
арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы
шешімді тиісті уәкілетті мемілекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік
инфрақұрлым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала
қолдану шартымен қабылдайды.
4. Мемілекеттік органдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде
берілгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына ұйлерді, ғимараттарды және
олардың жарғылық мақсаттарын беруге құқылы.
5. Жастарға арналған мемілекеттің меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрлым
объектілерінің жұмыс істеу тәртібі, оны материалдық және қаржылай қолдау
аралары Қазақстан Республикасының заңдарымен аайқындалады.

2. Жастар бос уақыттарын дұрыс пайдаланып жүрме?

Жастарымыздың бүгінгі таңдағы өміріне қатысты ең актуалды мәселе –
бұл олардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білу мәселесі болып отыр.
Жастардың бос уақыттарын дұрыс пайдалана білуі бүгінгі күндері барынша
өзекті бола түсуде. Бос уақытты өткізуге байланысты салауатты өмір
тұтынушылығына тәрбиелеу – тұлғаны қалыптастырудың басты қағидалық
принциптерінің бірі. Бос уақыттың қаншалықты қызықты өтуі өнер үйренуге,
шығармашылық мазмұндағы ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса,
ол денені жетілдіруге ғана емес сонымен бірге руханибаюға да мұрындық
болады. Жастардың бос уақытының сипаты оның оқу мен өндірістік қызметіндегі
мүдделеріне байланысты болу керек. Егер жас адам енжар, ешқандай ақыл – ой
және дене іс – қимылын жұмсаусыз демалыс күннің негізгі уақытын теледидар
алдында өткізіп, уақытты босқа өткізугесалынса, оның еңбектегі белсенділігі
де азаяды. Жас адамның бос уақытын дұрыс пайдалана білуі өндірістік қызмет
және оқу істерімен байланысты жүргізілсе, тұлғаны сипаттайтын моральдық,
рухани және физикалық сапаның да сапалылығы арта түседі.Жастарға оқу,
махаббат, бос уақыт,т.б. мейлінше қызықты. Сондықтан жастардың уақыт
тынысын нәзік сезінуге қабілеттілігіне таң қалуға болмайды.
Сондықтан біз жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, оларды
қоғамдық істерге белсенді түрде жұмылдырудың уақыты өтіп кетті, оның орнына
жастарды пессимистік пиғылдарға, бос уақытын босқа өткізуге итермелейтін
дем алудың пассивтік формалары келді деген пікірмен келісе алмаймыз. Жастар
арасында бос уақытты қоғамдық пйдалы істерге жұмылдыратын комсомолдық
белсенді іс – шаралар тізбегі әлі де болса ұмтылы қойған жоқ.
Рас, қазіргі уақытта көптеген жас адамдар бос уақыттарының
жетіспейтіндігін тілге тиек етеді. Бұл жағдай адамның көп уақытының жұмыс
істеумен, оқумен айналысуымен түсіндіріледі. Уақыттың көп бөлігі жұмысқа
барып, келу үшін немес үй тұрмысына қажетті тауарларіздеуге жұмсалады.
Себебі урбанизацияның жедел қарқынмен өсуіне қызмет көрсету саласы үлгіре
алмай келеді. Бос уақытын тиімды пайдалану көлік, тұрмыстық қызымет көрсету
үйлерінің жетілдіруімен, үй шаруашылығын жеңілдетіп пайдалану үшін үй
тұрмысына қажетті техникаларды пайдалану мен тығыз байланысты.
Социолгтар бұл мәселелерді талдай келіп, адамның өмірі мен қызметін
дұрыс ұйымдастыруға болады деп есептейді. Ол үшін бір жағынан, олар бос
уақытты ұлғайтудың және оны рухани мазмұнымен толықтырудың әлеуметтік
аспектілерін қарастырады, екінші жағынан – бұл процестердің себептері мен
тенденцияларын анықтайды.
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру үй еңбегі саласында жұмсалатын уақытты
қысқартуға байланысты. Бұл проблема жастар үшін айрықша маңыз алады, себебі
олар бос уақыттарын өздерінің кәсіби, жалпы білімдік және мәдени деңгейін
көтеру үшін пайдалануға мүмкіндік алар еді. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыруды
жеңілдетудің бірі жалпы отбасылық бос уақытты дұрыс ұйымдастыру.
Бос уақыт проблемасының бір ерекшелігі, бос уақыт сағаттары іс
жүзінде адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталып жүзеге асырылуымен
маңызды. Бос уақытта қызметтің әлде бір түрін атқаруға құлшылық шын
мәніндегі құндылықтардың жоғарлылығына, әлеуметтік – саяси өмірдің
белсенділіген байланысты. Мұндай құндылықтар мен қарым – қатынастаржігіттер
мен қыздардың белсенділігін қалыптастырады. Егер жас адамдар әлеуметтік –
танымдық нормалардан тыс, ұжым, достар, қоғам проблемаларына теріс қатынас
шеңберінде тәрбиеленсе онда олардың бос уақыт сағаттарының белсенділігі
қоғамға қарсы әрекеттермен танылып, индивидуализмнің дамуын ынталандырады.
Мұндай адамдардың саяси мәдениеті олардың іс - әрекеттерінің бағыттылығынаң
айқын бейнесін танытпайды. Бос уақыттың мәдениетін жетілдіру процесі
халықтың өмір салтын жақсартудың құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік саяси
талдауды талап етеді, мұндай зерттеу, ол еңбекшілердің уақыт бюджетіне
ықпал жасайтын оң, сондай – ақ теріс тәртіптегі әлдебір құбылыстардың
себептері мен қозғаушы күштерін ашуға мүмкіндік береді. Бос уақытты дұрыс
ұйымдастырып, дұрыс жолға қою жастардың бойындағы рухани күштерді ашуға
мүмкіндік береді. Бос уақыт қоғамның ұлы байлығы. Жас ұрпақ үшін оның
пайдалы етіп пайдалану мүмкіндігі қоғамның өз болашағы туралы терең
қамқорлығына куә болады.
Жастар арасында бос уақытты дұрыс пайдалануды ұйымдастыру күрделі
порцес.

2. 1.Жастар қозғалысы.

ХХІ ғасыр басталды, бірақ та адамзат тарихында өте қауіпті ауру – ВИЧСПИД
– ке қарсы ем әлі табылған жоқ.
СПИД дегеніміз жүре пайда болатын иммун тапшылығы синдромы - ағза үшін
қауіпті инфекциялары адамның иммун тапшылығы вирусымен шақырылады, олар
ағзаның иммун жүйесінде маңызды роль атқаратын арнайы лифоциттар типін
зақымдап, оны жояды.
ВИЧСПИД күнен күнге өсіп, дүниежүзілік ауруға шалдыққан адамдардың
санын көбейтуде, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының және ВИЧСПИД
ЮНЕЙДС бойынша БҰҰ бағдарламасының мәліметтері бойынша:
- 2002 жылдың аяғында 42 млн. адамда ВИЧСПИД табылған.
- 2002 жылы жаңадан 5 млн. жағдай тіркелген.
- ВИЧ СПИД – ке шалдыққандардың 3 – млн – ға жуығы бала.
- СПИД – тен шамамен 25 млн. адам өлген, тек 2002 жылы 3,1 млн.
- ВИЧСПИД – тің салдарынан 14 млн. бала ата – анасының бірінен
айырылған.
Қазақстан Республикасының СПИД – пен күресу және алдын алу республикалық
орталығының 2003 жылдың 1 қазанында берген мәліметі бойынша:
- ВИЧ инфекцияланған адамдар саны – 3838 адам, оның 50% астамы 20 – 29
жас аралығындағы адамдар.
- СПИД – пен ауыратындар 140 адам.
Келешекке болжам.
2010 жылы дүние жүзі бойынша 45,5 млн. инфекциялану жағдайлары
тіркелді, оның 18,5 млн Азияда. ВИЧ СПИД – тің ерекшелігі ол тек қана
физикалыққа ғана әсер етіп қана қоймады, сонымен қатар оның әлеуметтік
жағдайы мен мүмкіндіктеріне де тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен
қатар оның әлеуметтік жағдайы мен ұят стигма еніне ие болады, яғни адамдар
аурудан шошып қашқандай, онымен ауыратын адамдардан да шошып қашады.
Стигма – ол қоғамдағы өзге адмдармен кемсітілген, яғни
дискриминацияланған адам. Ал көбіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері
Кайқауыстың зиянды әдеттерге қарсы ой-пікірлері
Instagramm - жастардың әлеуметтік желісі
Азаматтық және ұлттық қоғам
Бос уақыттың құрамдас бөліктері
Пәндер