Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру кепілдіктері



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім.

I. Қазақстан Республикасының жастарының жастарын жұмысқа орналастырып
көмек көрсету, кәсіби дайындықтарын қайта дайындау.
1.1. Кәсіби дайындықтарын қайта дайындыу
1.2 Қоғамдағы ақылы жұмыстарды ұйымдастыру .

II. Еңбекпен қамту органы және азаматтарды жұмыспен орналастыру
кепілдіктері.
2.1Халықты жұмыспен қамтудың негізгі міндеттері,жұмыссыздарды кәсіби
даярлыққа мамандығын жетілдіру.
2.2 Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік жұмыспен
қамту құқығы жұмыссыздықтан әлеуметтік қоғау.
2.3 Әлеуметтік жұмыс органдарында жастардың іс тәжірибесін қарастырып
жастар клубы бойынша жұмыстарымен танысып олардың қала бойынша бағытын
сралау

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Біздің өміріміз түбегейлі өзгеріп , Қазақстан тәуелсіздікке ие
болғанан бастап қазақ жастарының жұмыс істеуі, жұмысқа орналасуы
жақсарғандай.
Қоғамымыздағы жастарымызды және халықты әлеуметтік қорғап оларға
мемлекет тарапынан көмек көрсете білу керек. Еліміздегі әр бір азамат пен
азаматшалар жұмыс істесе олардың болашаққа деген көз қарасында ынтасы болып
қызығушылық танытады. Әрбір адам баласы өзінің болашағын армандап үлкен көз
қараспен қарайды емеспе? Сол қараушылы біздің эканомикамыз дамып,
саясатымыз өркендеп, әлеуметтік саламыз барлық қазақстандықтарға қол үшін
беріп материалдық көмек көрсетуіне өркендеуіне байланысты халқымыздың да
тұрмыс деңгейі жақсарып әр түрлі салада жұмыстар ашылып жастарымыз бостан
босқа уақыттарын өткізбеуде . Мемлекетіміз халықты жұмыс пен қамту
саласында азаматтарға: кемшітушіліктің кез келген нысанын қолға ала отырып
кәсібіне байланысты жұмысқа алуда тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етеуге
кәсіптік даярлау біліктілігін қадағалап және оны арттыруына көмектесуде
шағын бизнес немесе кәсіп орындарда оларды бақылап оларға көмек көрсете
білу керек Әсіресе жаңа бітіріп шыққан жас мамандарға көп тәжірибелерден
өтіп , білім қажет.
Елбасымыз айтқандай Кімде кім жұмыс істегісі келсе ,ол адамға жұмыс бар.
Екі қолға бір жұмыс ал жасқау адамдарға қайдан жұмыс болсын .Жастарымызды
еңбекпен қамтып , оларды жұмысқа орналастыру мемлекетіміздің міндеті. Ал
өзі еріншектерді жұмыссыздар деп өздеріне қатыссыз себептерімен жалақы
(еңбек табысын) алмайтын, жұмыс іздеуші адам ретінде еңбекпен қамтудың
мемлекеттік қызметінде тіркелген, еңбек етуге қабілетті және оған дайын,
бірақ жұмыспен қамту қызметі лайықты жұмыс ұсынбаған (Халықты еңбекпен
қамту туралы Заңның 5-бабы) азаматтар танылады. Сөйтіп, жұмыссыз деп кез
келген азаматтар емес, еңбекпен қамтудың мемлекеттік қызметінде тіркелген
және еңбекке қабілетті азаматтар ғана танылады. Ол адамдар мемлекеттік
қызмет органдары лайықты жұмыс жөнінде ұсыныс жасағанша, жұмыссыз болып
санала береді. Азаматтарға лайықты жұмыстар қызметкердің денсаулығы, жасы,
еңбек стажы, бұрыңғы мамандағыдағы тәжірибесі және жаңа жұмыс орнына жету
мүмкіншілігі ескерілген, оның тиісті кәсіптік дайындығына лайықты жұмыстар
болып келеді. Тұрмыстық жағдайлары қызметкердің бұрыңғы жұмысы кезіңдегі
жағдайлардаң төмен деңгейдегі, ауданнан ұсынылған жұмыс лайықты жұмысқа
жатпайды. Сондай-ақ ол қызметкердің тұрғылықты жерінен алыс орналасса,
қоғамдық көліктер кезінде (1,5 сағатқа дейін) жеткізбесе де оны лайықты
жұмыс деп санауға жатқызуғада болады. Қазіргі кезде жастарды Жұмысқа
орналастыру адамдың мамандығына, қабілетіне, кәсіптік дайындығына,
біліміне және мамандығының қоғамдық қажеттілігіне сәйкес жұмысқа жолдау
және орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеті және
қоғамдық ұжымдар жүргізетін шаралар жүесі.
Азаматтардың жұмысқа орналасу мәселесі мейлінше күрделі болып келеді.
Сондықтан ол бірінші кезекте мемлекеттің өзіне жіктеледі.
Халықты еңбекпен қамту туралы Заңға сәйкес азаматтардың кәсіптік
бағдары жөнінде, кәсіптік дайындық және қайта дайындық жөнінде, бос жұмыс
орындары туралы ақпараттар мен тегі қызмет көрсетуге мемлекет кепілдік
береді. Сондай-ақ мемлекет лайықты жұмысты тандауға және жұмысқа
орналастыруға тікелей жәрдем беруге; мемлекеттік оқу орның бітірушілерге
кем дегенде үш жыл ішінде лайықты жұмыс ұсынуға; жұмысқа қабылдауға
қабылдауда және жұмыстан негізгі босатқанда қорғауға, жұмыстың сақтауына
ықпал жасауға; әлеуметтік қорғауды қажет ететін және жұмыс табуда
қиыншылыққа ұшыраған адамдарға жұмыс тауып беруге (7-бап) мемлекет кепілдік
бере алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың жұмысқа деген сұранысың
Еңбекпен қамтуды республикалық және аймақтық бағдармаларын жасап, өмірге
еңгізу жолымен шешеді бағдармаларды жұмыс күштерін жұмыс орындарын құру мен
байланыстыра отырып, халықтық дайындығын, біліктілігін көтерумен қайта
дайындау, кәсіптік бағдарламаны жетілдіру мәселері көзделеді.
Жұмыссыздықтан сақтандыру және халықты оның салдарларынан
әлеуметтікқорғауды қамтамасыз ету мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің
ұйымдық құрылымдарын жетілдіру бойынша шаралар, оның материалдық, кадрлық,
ақпараттық, статистикалық, қаржылық және ғылыми-әдістемелік базаларын және
т.б. жетілдіру шаралары қамтылады.

І-тарау.Қазақстан Республикасының жастарды жұмысқа орналастырып көмек
көрсету, кәсіби дайындықтарын қайта дайында.
І.1. Кәсіби дайындық, қайта дайындау және біліктілік көтеру.
Жұмысқа орналастырумен мемлекеттік органдар – Еңбек және әлеуметтік
қорғау министірлігі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілер
және қоғамдық ұйымдар кәсіподақтар айналасуы тиіс.
Меншік және шаруашылық нысаны қарамастан, заңды тұлғаларға – жұмыс
берушілерге еңбекпен қамтудың мемелекеттік саясатын жүргізу жүктелген.
Олар: шарттардың (контрактілердің, кезіңдердің ) талптарының қатаң
сақталуының; кәсіп орындардағы азаматтардың кәсіптік дайындығын және қайта
дайындығын біліктілігін көтерудің жағдайларын жасау; еңбекпен қамтуға ықпал
тигізетін мемлекеттік қорға дер кезінде қаржы аударып тұру; еңбекпен қамту
қызметіне үш кімнің ішінде бос жұмыс және лауазымдық орындар туралы толық
көлемде мәлімет беру және т.б.
Адамдарды еңбекпен қамту бағдарламасын , саясатын, тиісті заңдар және
басқада нормативтік актілерді талқылауға кәсіп одақтар да қатысады. Олар
мемлекеттік басқару органдармен, шаруашылық органдармен бірігіп еңбекпен
қамтуды, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар
талқылай отырып жүзеге асырады. Қазіргі таңда Көкшетау қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдамалар бөлімінде.
2007 жылы халықты жұмыспен қамту бөлімі 1800 адамның жұмысқа
орналасуларына көмек көрсетті, ал қоғамдық ақылы жұмыстарға 682 адам
жіберді, кәсіби даярлау және қайта дайындықтан 101 адам өтті, нысаналы
топтар үшін 109 әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, жастардың іс-
тәжірибесінен өту арқылы 212 адам мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс
тәжірибесін алды, 275 адам белсенді және сауатты жұмыс іздеуге, жұмыс
берушілермен іскери қарым-қатынас жасауға, өзін-өзі жағымды ұсына білуге
машықтанды. Тоқсан сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, соның ішінде
Жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі және Мүгедектерге
арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі деген сияқты жәрменкелер
өткізіліп жүзеге асырылыпты.
Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін
сақтау үшін халықты жұмыспен қамту бөлімі 2008-2011 жылдар аралығында жұмыс
күшіне сұраныс пен ұсынысқа мониторинг және Көкшетау қаласының ЖОО
мамандарды дайындау мерзімі мен бейімі, көлеміне, білім беру қызметінің
нарығына болжауын жасады.
Жергілікті атқарушы органдар мен халықты жұмыспен қамтуға өкілетті
органдардың, кәсіподақтар кеңесінің өкілдері, білім беру ұйымдарының, жұмыс
берушілердің қарым-қатынас жасауы мақсатында әлеуметтік және еңбек
қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық комиссия
туралы Ережеге сәйкес, әлеуметтік әріптестік шеңберінде кадр дайындау және
кәсіби білім беру мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының
жетекшісі анықталып, іс-шаралар жоспары келісіліпті Көлемі және
қаржыландыру көзіжағынан бағдарламаны қаржыландыру 35136,7 мың теңге
көлемінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған
екен.Көшетау қаласында жұмысқа орналасуға көмек көрсету.

Жыл басынан бері Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі ММ 2447 адам жұмыс сұрап келді, оның ішінде 1985 адам
(81 %) жұмыссыз ретінде есепке алынды. Жұмыссыз деп танылғандардың арасында
әйелдер 67 %-ды (1338), 24 жасқа дейінгі жастар 38 %-ды (748) құрады.
Экономикалық белсенді халықтың (78360) ішінде есептегі жұмыссыздар
деңгейі 0,6 % болды. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің көмек көрсетуімен
жоспар бойынша 1800 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде халықтың
нысаналы тобынан- 880 адам (жоспар- 655 адам).
Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуларына белсенді көмек көрсетудің бір
элементі - өкілетті органда бос жұмыс орнының бар екендігі туралы
ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары, қабырға стенділері, ақпараттық
парақтар түрінде азаматтарға тарату болып табылады.

Ай сайын деректер базасына 45 кәсіпорыннан 150-200 бос жұмыс орны бар
екендігі туралы мәлімет келіп түседі.Жыл басынан бері төрт рет бос жұмыс
орындарының жәрмеңкесі өткізілді, оған 535 адам және 75 жұмыс беруші
қатысты. Тұрақты жұмысқа орналасќандардыњ саны- 129 адам.
2007 жылдың соңында жұмыссыз ретінде 449 адам есепте тұр, оның ішінде
368 әйел адам (82 %), 25 жасқа дейінгі жастар 158 адам (35 %).
Жұмыссыздарды кәсіби дайындау, біліктілігін көтеру, қайта дайындау
жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шаралары болып табылады және еңбек
нарығында бәсекеге қабілеттіліктерін көтеруге бағытталады. Еңбек нарығында
қалыптасқан жағдай есепке алынып, жұмыссыздарға кәсіби оқу, қайта дайындау
және біліктіліктерін көтеру курстарында ақысыз оқу мүмкіндіктері ұсынылады.
2007 жылдың басынан бері кәсіби дайындықтан өтуге 101 адам жіберілді.
Оның ішінде: жалғызбасты аналар- 6 адам, көп балалы -2 адам, мүгедек-2
адам, аз қамсыздандырылған-13 адам, 24 жасқа дейінгі жастар-18 адам, бас
бостандығынан айыру орындарынан шыққан-1 адам. Оқыту келесі ұйымдарда:
Көкшетау медициналық колледжі, Жылжымайтын мүлік проблемаларын зерттеу
бойынша орталық ЖШС, Көкше ОӘО, КЛ-11, политехникалық колледжде
медициналық бике, каток машинисі, автогрейдер машинисі, аспаз-кондитер,
әрлеу-құрылыс жұмыстарыны шебері, электромантер, газэлектрдәнекерлеуші,
автокран машинисі, эксковатор машинисі, жылжымайтын және жылжитын мүлікті
бағалаушы, жүк арту машинасының машинисі, лифтер және т.б.
Бағдарламаны қаржыландыру 2660,9 мың теңге көлемінде, қалалық бюджет
есебінен жүзеге асырылды.

І.2. Қоғамдық ақылы жұмыстарды ұйымдастыру.
Қоғамдық жұмыстар- атќарушы органдар ұйымдастыратын , қызметкерлердің
алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы
бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін
уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметінің
түрлері.
2007 жылы халықты жұмыспен қамту бөлімі қаладағы 18 жұмыс берушімен
қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға шарт жасады. Оған мына жұмыс түрлері
бойынша: тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын тазалауға
көмек көрсетуге, балалар бақшаларының, мектептердің, ауруханалардың
ғимараттарын жөндеу, тазалау және қызмет көрсетуге, мұрағат анықтамалары
мен құжаттарын өңдеуге 682 адам жіберілді.
Бағдарламаны қаржыландыру 22445,7 мың теңге көлемінде, қалалық бюджет
есебінен жүзеге асырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындары
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің халықтың нысаналы топтарының
арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жазбаша келісімі
бойынша ұсынылады, қалалық бюджет қаражаты (АЕА 50 %) және жұмыс берушінің
қаражатының есебінен 6 айдан аспайтын мерзімге төленеді.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдардың
жүргізген ұйымдастыру шараларының нәтижесінде 109 адамға қаланың 12
кәсіпорнында әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды. Олар: жүргізуші,
аспазшы, бақылаушы, ас үй жұмысшысы, электрик, слесарь-сантехник,
дәнекерлеуші, техник-өлшеуші, от жағушы, моншашы, балмұздақ сатушы және
т.б. мамандықтары бойынша Васильковка КБК АҚ, ШЖҚ Тазалық МКК, ШЖҚ
Авариялық-құтқару қызметі МКК, Автомобилист ПИК, Көкшетау ЖПБ ААҚ,
А.Б. Асенов ЖК, Н.М. Бектемісов ЖК, Береке 2006 ЖШС, Қалалық сүт
зауыты ЖШС, ШЖҚ Көкшетау су арнасы МКК, Тұлпар АКК ЖШС, Көкшетау
Бизнес Консалтинг ЖШС.
Бағдарламаны қаржыландыру 1427,7 мың теңге көлемінде, қалалық бюджет
есебінен жүзеге асырылды.
Жастардың іс-тәжірибесі
Жастардың іс-тәжірибесі кәсіби оқу орындарын бітірушілер үшін
мамандықтары бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасуларына
кµмек кµрсету жєне ењбек нарыѓындаа бәсекеге қабілеттіліктерін көтеру үшін
ұйымдастырылады. Еңбек ақы қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жастардың іс тәжірибесін өткізу үшін қаладағы 36 кәсіпорын мен ұйымдармен
шарт жасалды. Олар: заңгер, қаржыгер, экономист, бухгалтер, салық ісінің
маманы, эколог, хатшы, оператор мамандықтары бойынша әділет департаменті,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті,
статистика департаменті, соттар әкімшілігі, ауыл шаруашылық департаменті,
Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі ММ, Құрылыс бөлімі ММ, ҚР
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік басқармасы ММ, Көкше
мәдениет үйі МКҚК, Қалалық сүт комбинаты ЖШС, БТӘЖЗҚ АҚ, және т.б.
2007 жылдың басынан бері Жастардың іс-тәжірибесіне 212 адам қатысты,
оның ішінде 67 адам тәжірибеден өткен жерлерінде тұрақты жұмысқа қалды.
Жұмыс берушілер жас кадрлардың дайындығына риза, ал жас кадрлар бастапқы
кәсіби тәжірибе алу, өздерінің жеке және іскери сапасын көрсетулеріне
мүмкіндік бергендіктері үшін өз кезектерінде алғысын білдіреді.Тәжірибеден
өткен кезде оқу бітірушілер мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды иелену үшін
конкурстарға қатысады. Тәжірибеден өткеннен кейін оған қатысушыларға пікір
немесе ұсыныс хат беріледі. Жақсы еңбек тәжірибесін алғаннан кейін
көпшілігі өз беттерімен жұмыс іздейді және олардың барлығына дерлігі
жұмысқа орналасады.
Бағдарламаны қаржыландыру 8005,4 мың теңге көлемінде, қалалық бюджет
есебінен жүзеге асырылды.
Жұмыс Іздеу Клубы
Жыл басынан бері Жұмыс Іздеу Клубына жұмыс іздеген 275 адам келіп,
қазіргі еңбек нарығында өздерін ұсыну машығын алу, бүгінгі әлеуметтік-
экономикалық жағдайға бейімделіп, жұмыс іздеуге әдістемелік негізде Клуб
жетекшісінің және оған қатысушылардың психологиялық қолдаумен жоспарлы
түрде айналысу мүмкіндігіне ие болып, 257 адам тұрақты жұмыс тауып алды.

Жұмыс Іздеу Клубы бос жұмыс орындары туралы ақпарат жинау, халық пен
жұмыс берушіге еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпарат беру, буклеттер,
жаднамалар, плакаттар және бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау
арқылы белсенді жұмыс жүргізеді. Жұмыс Іздеу Клубы бос жұмыс орындарының,
қаладағы кәсіпорындар мен жұмыс іздеген азаматтардың деректер базасын
электронды түрде құрады.
ҚАЖ КБ түзеу мекемелерімен жұмыс
2007 жылы халықты жұмыспен қамту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ЕЦ-
16623, 2425 мекемелерінде осы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп,
жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 10 іс-шара: әңгімелесулер, тренингтік
сабақтар, жұмыс берушілермен кездесулер өткізілді.

Ай сайын аталған мекемелерге факсограмма арқылы бос жұмыс орындары
туралы, бас еркінен айыру орындарынан босатылғандарды оқыту және қайта
оқытуды ұйымдастыру мақсатында еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтар
мен кәсіптердің тізбесі ұсынылды.
Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жаднамалар, материалдар, бос жұмыс
орындарының жәрмеңкесін өткізу кестесі ұсынылды.
2007 жылы Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі ММ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 8
адам жұмыс сұрап келді. Оның ішінде: 3 адам жұмысқа орналастырылды,
қоғамдық жұмыстарға 1 адам, кәсіби дайындықтан өтуге 1 адам жіберілді. 1
адамға материалдық көмек көрсетілді, 2 адам емдеу курсын алуда.
2008 жылѓы іс-шаралар жоспары
Көкшетау қаласының халќын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша
2008 жылы 800 адамды тұраќты жұмысќа ортналастыру қажет
Қоѓамдыќ ақылы жұмыстарѓа қаладағы әлеуметтік экономикалық
қажеттілігін еспке ала отырып – 450 адам жіберіу қажет- 28258,0мыњ.тењге
сомасына.
Бәсекеге қабілеттіліктерін көтеру және еңбек нарыѓындаѓы сұранысќа
сәйкес кәсіби оќыту жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.
2008 жылы 2609,0мыњ.тењге сомасына 100 адам.
Нысанды топтардыњ жұмыссыздары үшін 2008 жылы 1252,0мың.тењге
сомасына -80 адамға әлеуметтік жұмыс орынын ќөру ќажет.
Жастардың іс-тәжірбесі шењберінде жастарды уаќытша жұмысќа
орналастыруѓа 2008 жылѓа 9419,0мыњ.тењге сомасына 150 адамныњ жұмысќа
орналасуына көмек көрсетілу керек.
Тоќсан бос жұмыс орындарыныњ жєрмеңкесі 2008 жылы 645,0мың.теңге
сомасына өткізу

ІІ-.Еңбекпен қамту ұғымы және азаматтарды жұмысқа орналастыру кепілдіктері
Еңбекпен қамту дегеніміз – азаматтардың өздерінің жеке және қоғамдық
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты, оларға жалақы немесе еңбек
табысын әкелетін Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін
әрекеті. Жұмыс істеушілер санатына республиканың заңдарына қайшы келмейтін
жумыстардын әр түрін атқаратын азаматтар жатады. Атап айтқанда, олар: кәсіп
орындарда, меншіктің барлық түрлері мен нысандарындағы мекемелерінде және
ұйымдарда жалдану бойынша қызмет жасайтындар; кәсіпкерлер кооператив
мүшелері, жеке еңбек қызметімен айналысатын адамдар; шаруа қожалықтарын
және өндіріске қатысатын олардың отбасы мүшелері жұмыспен қамтамасыз
етушілер; қоғамдық және діни ұйымдардағы сабақтар; қарулы күштердегі әскери
қызметкерлер, мектептердің, училищелердің және басқа оқу орындардың
шәкірттері жатады.
Кез келген бос, кез келген жұмыс істемейтін адам жұмыссыз деп таныла
бермейді. Ауру да, зейнеткерде жұмыс істемеу мүмукін. Жұмыс істегісі
келмейтін, жұмысқа орналасуға әрекет жасағысы келмейтін адамдарда көп.
әлбетте, бұл адамдардың барлығыда жұмыссыз деп танылмайды. Демек мұндай
адамдардың жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқығы болмайды.
Жұмыссыздар деп өздеріне қатыссыз себептерімен жалақы (еңбек табысын)
алмайтын, жұмыс іздеуші адам ретінде еңбекпен қамтудың мемлекеттік
қызметінде тіркелген, еңбек етуге қабілетті және оған дайын, бірақ жұмыспен
қамту қызметі лайықты жұмыс ұсынбаған (Халықты еңбекпен қамту туралы
Заңның 5-бабы) азаматтар танылады. Сөйтіп, жұмыссыз деп кез келген
азаматтар емес, еңбекпен қамтудың мемлекеттік қызметінде тіркелген және
еңбекке қабілетті азаматтар ғана танылады. Ол адамдар мемлекеттік қызмет
органдары лайықты жұмыс жөнінде ұсыныс жасағанша, жұмыссыз болып санала
береді.
Лайықты жұмыс дегеніміз қызметкердің денсаулығы, жасы, еңбек стажы,
бұрыңғы мамандағыдағы тәжірибесі және жаңа жұмыс орнына жету мүмкіншілігі
ескерілген, оның тиісті кәсіптік дайындығына лайықты жұмыс. Тұрмыстық
жағдайлры қызметкердің бұрыңғы жұмысы кезіңдегі жағдайлардаң төмен
деңгейдегі ауданнан ұсынылған жұмыс лайықты жұмысқа жатпайды. Сондай-ақ ол
қызметкердің тұрғылықты жерінен алыс орналыса, қоғамдық көліктер кезінде
(1,5 сағатқа дейін) жеткізбесе де лайықты жұмыс деп саналмайды.
Жұмысқа орналастыру дегеніміз- адамды мамандығына, қабілетіне,
кәсіптік дайындығына, біліміне және мамандығының қоғамдық қажеттілігіне
сәйкес жұмысқа жолдау және орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасының
мемлекеті және қоғамдық ұжымдар жүргізетін шаралар жүесі.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі мейлінше күрделі болған.
Сондықтан ол бірінші кезекте мемлекеттің өзіне жіктеледі.
хлықты еңбекпен қамту туралы Заңға сәйкес азаматтардың кәсіптік
бағдары жөнінде, кәсіптік дайындық және қайта дайындық жөнінде, бос жұмыс
орындары туралы ақпараттар мен тегі қызмет көрсетуге мемлекет кепілдік
береді. Сондай-ақ мемлекет лайықты жұмысты тандауға және жұмысқа
орналастыруға тікелей жәрдем беруге; мемлекеттік оқу орның бітірушілерге
кем дегенде үш жыл ішінде лайықты жұмыс ұсынуға; жұмысқа қабылдауға
қабылдауда және жұмыстан негізгі босатқанда қоғауға, жұмыстың сақтауына
ықпал жасауға; әлеуметтік қорғауды қажет ететін және жұмыс табуда
қиыншылыққа ұшыраған адамдарға жұмыс тауып беруге (7-бап) мемлекет кепілдік
береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың жұмысқа деген сұранысың
Еңбекпен қамтуды республикалық және аймақтық бағдармаларын жасап, өмірге
еңгізу жолымен шешеді бағдармаларды жұмыс күштерін жұмыс орындарын құру мен
байланыстыра отырып, халықтық дайындығын, біліктілігін көтерумен қайта
дайындау, кәсіптік бағдарламаны жетілдіру мәселері көзделеді.
Жұмыссыздықтан сақтандыру және халықты оның салдарларынан
әлеуметтікқорғауды қамтамасыз ету мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің
ұйымдық құрылымдарын жетілдіру бойынша шаралар, оның материалдық, кадрлық,
ақпараттық, статистикалық, қаржылық және ғылыми-әдістемелік базаларын және
т.б. жетілдіру шаралары қамтылады.
Жұмысқа орналастырумен мемлекеттік органдар – Еңбек және әлеуметтік
қорғау министірлігі, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілер
және қоғамдық ұйымдар кәсіподақтар айналасуы тиіс.
Меншік және шаруашылық нысаны қарамастан, заңды тұлғаларға – жұиыс
берушілерге еңбекпен қкмтудың мемелекеттік саясатын жүргізу жүктелген.
Олар: шарттардың (контрактілердің, кезіңдердің ) талпртарының қатаң
сақталуының; кәсіп орындардағы азаматтардың кәсіптік дайындығын және қайта
дайындығын біліктілігін көтерудің жағдайларын жасау; еңбекпен қамтуға ықпал
тигізетін мемлекеттік қорға дер кезінде қаржы аударып тұру; еңбекпен қамту
қызметіне үш кіннің ішіінде бос жұмыс және лауазымдық орындар туралы толық
көлемде мәлімет беру және т.б.
Еңбекпен қамту бағдарламасын , саясатын, тиісті заңдар және басқада
нормативтік актілерді талқылауға кәсіп одақтар да қатысады. Олар
мемлекеттік басқару органдармен, шаруашылық органдармен бірігіп еңбекпен
қамтуды, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар
талқылайды.

2.1. Халықты жұмыспен қамтудың негізгі міндеттері
1. Негізгі міндеттері болып табылады:
- азаматтардың жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмыссыздарды кәсіби
оқыту және әлеуметтік қолдау;
- еңбек рыногының жағдайын талдау және болжау, осы негізде халықты
жұмыспен қамтудың болашақтағы және ағымды бағдарламаларына ұсыныстар
әзірлеу. Еңбек нарығы бойынша мәліметтер базасын құру;
- азаматтарды жұмысқа орналастыру мерзімін қысқартуға бағытталған
жұмыстың жаңа нысандарымен әдістерін енгізу;
- бағдарламалармен қызметтерге ұсыныстар енгізу, жұмыс іздеген және
жұмыссыз азаматтармен қарым-қатынасты жақсарту үшін
автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу.
Жұмыспен қамтылған халыққа:
- жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес
жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де
ақы төленетін жұмысы қызметі, кірісі бар;
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
- өз бетінше жұмыспен айналысатын;
- қосалқы кәсіпшілікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетін;
- жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-
ақ өндірістік кооперативтердің артельдердің мүшелері;
- ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі
әскерлерінде, Республикалық Ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери
құралымдарда қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады.
Кімдер жұмыссыз деп есептелінеді?
Жұмыссыздар – жұмысы, табысы кірісі жоқ, лайықты жұмыс іздеп

және оған кірісіп кетуге әзір, еңбекке жарамды жастағы азаматтар.

Лайықты жұмыс дегеніміз не?
Тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби даярлығына, еңбек стажына
және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, соңғы жұмыс
орнының жағдайларына ( ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда),
денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сәйкес
келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі. Көліктің қолайлылығын тиісті
атқарушы орган айқындайды. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі
(мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған
адамдар үшін- алдын-ала кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай
жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де
ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерілетін басқа ақы
төленетін жұмысты ( уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс
деп есептеуге болады.
Қандай жағдайда жұмыссыздар кәсіби даярлыққа мамандығын жетілдіруге және
қайта даярлыққа жіберіледі?
- жұмыссыздар кәсіби даярлыққа, мамандығын жетілдіруге және қайта
даярлыққа жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жіберіледі және оған
қоса:
а) мамандығы жоқ, бірақ белгілі бір мамандықты иемденіп, сол бойынша
жұмыс істегісі келетін жұмыссыздарды дайындау (алғашқы кәсіби білімі
бар).
б) кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғарғы разряд алу үшін техникалық прогрессті
және өндірістік сұраныс технологиясын игеріп және зерделеу мақсатында
жұмыссыздар мамандығын жетілдіруге (қосымша білім беру) жіберіледі.
в) егер жұмыссыздарға мамандығына байланысты лайықты жұмыс ұсынуға
мүмкіндік болмаса, олар белгілі бір кәсіппен айналысу қабілетінен айрылса,
басқа мамандық алуы үшін оларды қайта даярлықтан (қайта оқытудан)
өткізеді.
г) Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына сәйкес нысаналы
топтарға жататын жұмыссыздардың кәсіби даярлықтан, мамандығын жетілдіру
мен қайта даярлаудан басым тәртіппен өту құқығына ие болады.
Оқуды өз бетінше дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту
орталығының есебінен шығарылады, ал қайтадан тіркелген күннен бастап бір
жыл өткеннен кейін ғана оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Жұмыс берушілердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Енбек құқығы субъектілері
ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Еңбек құқығы қатынастарының субъектілері: түсінігі, топтары
Еңбек қызметі және еңбектік қатынас
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Еңбек құқығының субъектілері
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Пәндер