Жезөкшелікпен айналысуға тарту



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
2. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ АР – НАМЫСЫ МЕН АДАМГЕРШІЛІГІ НЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

2.1 Адамның ар-намысы туралы жалпы мағлұмат
2.2 Адам және адамгершілік

3.1 Жезөкшелікпен айналысуға тарту
3.2 Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау
және жеңгетайлық
3.3 Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар
ұйымдастыру немесе ұстау
3.4 Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
3.5 Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз
тарату жабу
3.6 Қорлау, жала жабу.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Қылмыстың қолы қиянат, түбі тұңғиық, құрдым. Бірақ, қалай десек те осы
жолға түсіп кетіп жатқан жұмыр басты пенделердің саны көбеймесе, азаяқ
емес. Олардың ішінде ақыл айтар жастағы азаматты да, жасарын жасаған кәріні
де, тіпті үрімдей жастар мен қыз-келіншектерді де көресің. Әрқайсысының
адамға, қоғамға көрсеткен қиянаты әр түрлі. Бірі оған байқаусызда барса, ал
енді бірі теріс жолды өмірінің мәніне айналдырып алғандар.
Ойлап отырсаң саналы адам ғұмыр бойы алға талпынумен, ұмтылумен өмір
кешеді. Алға қойған мақсаттарының сарқылмағаны-өмірінің таусылмағаны. Сол
мақсаттарға жету адам үшін үлкен сын, абыройлы міндет. Мақсатқа жету үшін
адамдарға денсаулық, қажырлылық пен талпыныс қажет. Татулық пен бірлік,
мейірбандық пен достық, адамгершілігі мол орта адамның жанын рахатқа
бөлеп, көңілін шалқытып, жүрекке жылы нұр құяды.
Әр нәрсе алға қойылған мақсатымен жүзеге асырылады. Сол себепті осы
курстық жобаның да мақсаты бар. Ол адамдардың ары мен адамгершілігіне қарсы
қылмыстарды түсіндіру, оларды ашу және де зерттеумен негізделеді.
Көңіл.Осы бір құдыретті сөзге біз күнделікті күйбең тіршілікте жөнді
мән беріп, оның адам өмірінде қаншалықты қымбат екенін кейде түсіне де
білмейміз. Кейде пендешіктің жетегінде кетіп, қызбалыққа салынып, біреудің
жүрегін жаралаймыз-ау, ренжітіп аламыз-ау деп ойламай ауызымызға не келсе
соны айтып қаламыз. Абайсызда айтылған қатты сөз, ойланбай істелген іс
жақын адам-кісінің жоғары бағалайтын құндылықтардың бірі саналады. Қазақ
халқының Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы деген мақалы да
арды аса қастерлеуінің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген
қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясы адамның ары мен абыройына қол сұғуға жол бермейді. Мысал.
Егер біреу адамның ары мен абыройына кір келтіретін

3
мағлұмат таратқан адам қылмыстық және материалдық жағынан жауапқа

тартылады. Жәбір шеккен адам өзі туралы айтылған мағлұматты, жалған деп
тапса, онда ол сот арқылы өзінің мәртебесін қалпына келтіріп, кінәлі жақтан
өзіне келтірілген зиянды материалдық түрде өндіріп алуға құқылы.
Заң бойынша біреуді қорлау-қылмыс болып табылады. Тіл тигізу жалпы
азаматтық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау болып
табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге,
оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
Мысал. Біреудің сыртынан мәлімет жинау үшін, оның өзінің келісімі
керек, оның үстіне, мұндай мәліметті сақтаудың және пайдаланудың реттілігін
білу қажет. Тек қылмысты болып, жауапқа тартылған жағдайда азаматтың
келісімінсіз ол туралы мәліметті тек құқық қорғау органдары қызметкерлері-
полиция, прокуратура, сот органдары жинауы мүмкін. Егер азамат заң бойынша
жауаптылыққа тартылмаған болса, жоғарыда көрсетілген орган адамдардың да
оның сыртынан мәлімет жинауға құқығы жоқ. Заң жеке адамның өміріне ешкімнің
араласпауын қамтамасыз етеді. Бұл қағиданы бұзған адам жауаптылыққа
тартылады. Қолындағы билігін пайдаланып, үйге басып кіру, прокурордың
мақұлдауынсыз үйге заңсыз тінту жасау жайлары да заңсыздық деп
есептелінеді. Тұрғын үйге полиция қызметкерлері қылмыс жасадыдеген
күдікті адамның ізіне түскенде және қоғамдық тәртіпке, адамның
қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайда ғана кіре алады.
Осы курстық жобаның маңыздылығы адамға ар мен адамгершіліктің
мағынасын ұғындыру. Өйткені әрбір адам оны түсіне білмейді. Мен бұл курстық
жобаны жазған кезде нормативтік құқықтық актілерді, оқулықтарды және де
бірнеше журналдарды қолдандым.

4
2.1 Адамның ар-намысы туралы жалпы мағлұмат
Жала жабу, қорлау-жеке адамға қарсы қылмыстарға жатады. Жала жабу және
қорлау адамның қадыр-қасиеті мен ар-намысына қарсы қылмыстар, яғни жеке
адам өміріндегі маңызды орын алатын фактор болып табылады.
Әрбір адамның ар-намысы Конституциямен қорғалған. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 17-бабына сәйкес, адамның қадір-қасиетіне
қол сұғылмайды және ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға,
басқадай қатыгездік немесе адамдық қадыр-қасиетін қорлайтындай жәбір
көрсетуге не жазалауға болмайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Конституциясының 18-бабының 1-тармақшасына сәйкес, әркімнің жеке өміріне
қол сұғылмайды, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен қадір-
қасиетінің қорғалуына құқығы бар.
Қылмыстық Кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадыр-
қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған
мәліметтер тарату деп көрсетілген.
Жоғарыда айтылып кеткендей, Конституция адамның өнегелі сапасы-оның
ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абыройды
алшақтатып достықтың арасына сызат түсіріп, ағайынды ажыратып жекжаттардың
ара қатынасын бұзып, көңілдерін суытып жатады.
Кейбір ұжымдарда өзі жүрген ортаға дау жанжалдардың зәрін шашып,
“алдына келгенді тістеп, артынан келгенін теуіп” жүретін шайпау мінезді
жандар кездесіп жатады. Ондай ұжымда ауыз бірлік жоғалып, алақөздік орын
алады. Шынында, пейіл кең болса ағайын да, абысын да, көңілді жақсы ортада
табылады.
Тек, әр адам пенделікке жол бермей, адамгершіліктін жолынан таймай,
қатар қызметтес жүрген жандарға, көршілерімен таныстарына өзінің туған
бауырындай ақ көңілмен, ақ пейілмен, шын жүрегімен, өздерінен үлкендерге

5
құрметпен, кішілерге ізетпен қарап, сыйлап тұрса қандай ғанибет.
Адамның іс - әрекетінде, оның мінез - құлқында әдептілікке жатпайтын,
инабаттылықпен сайыспайтын әдеттер жиі кездеседі. Олар кісінің абыройына
нұқсан келтіріп, жаман атын шығарады да адам деген ардақты атқа кір
келтіреді. Сондықтан, ондай келеңсіздіктер хақында дана халық “ауру қалса
да әдет қалмайды” десе, Әл-Фараби “ауру, жаман мінез-құлық рухани кесел”
деп көрсетеді. Ал, орыстың ХIX ғасырында өмір сүрген атақты педагогы К.Д.
Ушинскийдің әдепті адамның тұрмыс тіршілігінде атқаратын рөлі жайындағы
пікірі қызық- ақ. Ол “жақсы әдет-өсімге берген ақша, адам өмір бойы сол
борышының өсімімен пайдалану жаман әдет-борыш, өмір бойы сол борыштың
өсімімен жапа шегеді” деп, өте дәл де әсерлі түрде бейнелеп айтып берген.
Барлық халықтарда да ар-ұждан кісінің жоғары мәртебесі саналады. Оны
орыс халқының “Ар ақылды туғызады, арсыздық барыңнан айырады” немесе
“Басымды алсаң ал, бірақ арымды алма” деген мақалдары дәлелдесе керек.
Қазақ халқында да: “Арым үшін жан пида” деген мақал бар. Адамгершілікке
негізделген қоғамда намыс пен ар заң жүзінде қорғалады.

2.2 Адам және адамгершілік
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір
дәуірдің өзіндік қайшылықтармен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да
адамгершіліктің мәнін абстракциялы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен,
биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар:
жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік,
адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары (2 қосымша).
Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын
жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік

6
негізгі формалары- үміт, дүниесінің сенім және махаббат үнемі даму үстінде
болды.
Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның
мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. Мысалы, көне грек дәуіріндегі
адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, экономикалық
процеске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші болды.
Құлдарды ешкім ойшыл, жазушы, тарихшы тағы басқалары адам деп есептемеді.
Сөйтіп, ол қоғамда қалыптасқан адамгершілік категориялардың құлдарға
ешқандай қатысы жоқ болып шықты.
Одан кейінгі орта ғасырлық дәуірде де адамгершілік проблемалары дін
жолымен шешіліп, құдай туралы идеологияның қолында болып, адамдарды
бағындырудың құралына айналды. Ал капиталистік қоғам барлық қатынастарды
заттық қатынастар арқылы шешпекші болғандықтан, адамның өзі мен күші
сатылатын тауарға айналғандықтан, адамзат қалыптастырған адамгершілік
категориялар қайшылыққа ұшырады, қанаушы таптың қолындағы рухани құралдарға
айналды.
Қоғамдық қатынастар әр дәуірде әр түрде болды. Дегенмен қоғамдық
қатынастың қайсы кезеңінде де адамдардың қарым- қатынасының негізінде туған
адамгершілік принциптері сақталды және ол қоғам өмірімен байланысты болды.
Мейлі ол құл, шаруа, жұмысшы болсын, үстем тап тарапынан оларға қандай
көзқарас қалыптастырсын, олардың арасында адамгершілік қасиеттері
қалыптасты.
Имангерлік және адамгершілік өзара тікелей байланысты. Имангерлік- жеке
адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста
бола алатын қабілеті. Имангерлік-адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі,
олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс-әрекеті. Сонымен қатар
өзінің мәні жағынан жеке даралық пен рулық тектің, адам мен адамзаттың
арасындағы

7
ізгілік ережелерінің жиынтығы.
Осы жиынтық (имангерлік) арқылы әр адам өзінің адамдық қасиеттерін
қалыптастырып, дамыта алады.
Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен келіп шыққан әдет-
ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес келеді. Ал имангерлік
болса, шындыққа қарама-қарсы, теріс қарым-қатынаста пайда болады және
субъективті түрдегі міндеттенушіліктен туындайды. Сондықтан да
адамгершілікті қоғамдық имангерлік деп қарауға да болады. Өйткені ол
қоғамдық ортаның (отбасы, мемлекет) негізінде туындайды.
Адамгершілік қасиеттері отбасында, ортада, балалар бақшасында,
мектепте, адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен қатысуы
нәтижесінде, қоғамдық тәжірибемен байланысты қалыптасып, дамиды. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген мақал бар. Тәлім-тәрбие
болмаған жерде адамгершілік қалыптаспайды.
Адамгершілікті, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыратын
қатынастар көп. Олар: көршілермен, дос-жарандармен, қызметтестермен қарым-
қатынас, өзара сыйласу, қонақжайлық, жолдастық, достық, қыз бен жігіт
арасындағы қатынас т.б.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің
бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты
ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. “Өзің үшін еңбек қылсаң,-
дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық-қарыз
іс, дұшпаныңа әділ бол.” Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің
жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам ардақты. Біздің өткен тарихымыз-
біздің арымыз. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза.
Біздің күнделікті өмірімізде осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай,
өзін қоршаған ортаға таратушы, осы сапалармен жас ұрпақты тәрбиелеуші

8
азаматтар аз емес. Адамгершілігі мол адам-басқаларға үлгі-өнеге.
Батырлық, ерлік көрсету дегеніміз-адамның жан дүниесінің ерекше
қасиеті. Ержүрек адамды бүкіл халық мақтаныш етеді. Бауыржан Момышұлы,
Қабанбай, Наурызбай, Абылай т.б. біздің халқымыздың мақтанышы. Олардың
әрқайсысы біздің елімізге абырой әкелді.
Ерлік-адамның еркін қасиеті, соның нәтижесінде адамдар ауыр, қауіпті
жағдайдың өзінде де тамаша істер істейді. Ерлік тек батырлық үшін ғана
емес, өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажетті касиет.
Адам өмірінде рухани жеңіліске, күйреуге ұшырайтын да кез болады. Ол-
адам үшін сын. Оларды жеңе білу де-оның ерлігі. Олай болса, ерліктен артық
адамгершілік іс жоқ. Батырлар бейнесі адамзат үшін ұлылыққа және
адамгершілікке деген биік сенімді орнықтырады.
Ерлік, батырлық туралы әлем халықтарының бәрінде де мақал-мәтелдер,
ертегілер, әңгімелер көп таралған. Қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты
ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болуы керек. Ол кез келгеннің қолынан
келе бермейтін, ақылды, парасатты адамның қасиеті.
Адамның асыл қасиеттерінің бірі-әділдік, турашылдық, шыншылдық.
Әділдік, шын мәнісінде адамның іс әрекетінің нормасы болуы керек. Бұл-
өмірдің қажеттілігі. Бұл қасиеттер-әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің
шарты.
Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірден қымбат
асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. “Өтіріктің балын жалап
тірі жүргенше-деген Б. Момышұлы,-шындықтың уын ішіп өлген артық”.
Адамда асыл қасиеттермен қатар, жағымсыз қасиеттер де болады. Олар:
жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, пайдакүнемдік, қорқақтық,
менмендік, мақтаншақтық, қулық, екіжүзділік, жарамсаттық, қатыгездік, ашу,
ызақорлық, басараздық, т.б.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде халықтың

9
денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге
беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты
қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің
құқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтың өмірін,
денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды,
адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы
көрсетілген принциптерді қатаң сақтау әркімнің қасиетті борышы. Есірткі
заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру,
адамгершілікке жат іс-әрекеттермен шұғылдану сияқты қылмыстың етек алуы
алаңдатушылық туғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және
адамгершілігіне қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық Кодекстің
оныншы тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы
жауаптылық белгіленген.
Тікелей объектілеріне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа бөлінеді: 1) халықтың денсаулығына және 2)
адамгершілікке қарсы қылмыстар. Адамгершілікке қарсы қылмыстарға 270-276
баптар жатады.

10
3.1 Жезөкшелікпен айналысуға тарту
1. Күш қолдану немесе күш қолданбақшы болып қорқыту, тәуелді жағдайын
пайдалану, бопсалау, мүлкін жою және бүлдіру арқылы не алдау жолымен
жезөкшелікпен айналысуға тарту.
2. Ұйымдасқан топ, сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, не
притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны, не жеңгетайлық жасағаны үшін
бұрын сотталған адам жасаса дәл сол әрекет болады.
1. Бұл қылмыстан тарайтын қоғамдық қауіптіліқ қоғамның адамгершілік
бастауларының құлдырауына әкеп соғады. Жезөкшелік-ер адамның жыныстық
қатынасқа қажеттілігін әйелдің ақы үшін қанағаттандыруы. Бітімінен
адамгершілікке жат қылық бола тұра, жезөкшелік әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы себептер мен жағдайларға байланысты, қылмыстық тұрғыдан
жазаланбайтын іс, мұның өзі де әйелді онымен айналысуға итермелейді.
2. Қылмыстың объектісі-қоғамдық адамгершілік негіздері.
3. Жасы 18-ге толған әйел жынысты тұлға жәбірленуші болып табылады.
Қылмыстың объективті жағы-жәбірленушіні күш қолдану немесе қолданумен
қорқыту, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін бүлдіру немесе жою
арқылы не алдау жолымен жезөкшелікпен айналысуға тартудан тұрады. Тарту бір
нәрсеге түрткі болуды білдіреді. Күш қолдану деп-соққы келтіруді, денені
ауыртуды, денсаулыққа орташа ауырлықтағы дәрежеге дейін зиян келтіруді,
яғни адам организміне күшпен жасалатын әсер туралы айтылады (3 қосымша).
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру-ҚК-ң 107- бабымен қоса жиынтық бойынша
жауаптылық көздейді. Жүйкеге күш қолдану әртүрлі қорқытуға, соның ішінде,
осы қылмыстың құрамымен қамтылатын өлтіру туралы қорқытумен байланысты.
Өз мүдделеріне қысым жасаушылыққа жол бермеудің шарты ретінде басқа
тұлғалардың ықпалымен әйелді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін кез

11
келген жағдайы, яғни қаражат, қызмет тәуелдігі тәуелді жағдай деп аталады.
Бопсалау, жезөкшелікпен айналысуға тартудың тәсілі ретінде,
масқаралаушы сипаттағы мәліметтерді әйел үшін қадірлі үшінші тұлғаға
жеткізу туралы қорқытудан тұрады. Сірә, бұған өзінің моральдық,
адамгершілік нормалары бойынша масқаралаушы болып табылғанымен,
жәбірленушінің өз құпиясында сақтағысы келетін мәліметтерді (жеке басқа
қатысты мәселелер, бала сұрап алу құпиясы т.б.) жариялаумен қорқытуды да
жатқызу керек шығар. Бопсалау, жариялаушы мәліметтерінің шындық немесе
жалған болуына қарамастан, жезөкшелікке тартудың тәсілі ретінде орын алды.
Қорқытуды іске асыру аталған қылмыстың құрамына енбейді, сондықтан жала
жабушы жалған мәліметтер жариялаған жағдайда бұл әрекет ҚК-ң 129-бабының
жиынтығы бойынша бағалану тиіс.
Әйелдің киімін, үйінің мүлкін, автомашинасын, т.б. пайдаға аспайтындай
істен шығару оның мүлкін жою немесе бүлдіруді білдіреді.
Бұл қылмысты жасаудың тәсілі есептелетін алдау- әйелдің үшінші
тұлғалармен ашыналық байланысқа баруының шын мақсаттарын жасырудан
құралады.
Қылмысқа тарту басталған сәттен бұл қылмыс аяқталған болып есептелінеді.
Сөйте тұра, біржолғы ақылы ашыналық байланысқа көндіру бұл қылмыстың
құрамына кірмейді.
Бұл қылмысты жасау тәсілдері әйелдің өзіне ғана катысты болуымен қатар,
өмірі, абырой, денсаулығы, намысы,жеке мүлкі жәбірленуші үшін қадірлі болып
табылатын оның жақындарына да қатысты орын алуы мүмкін .
Қазіргі кезде жезөкшелік кен таралып, притондар мен кездесу үйлері
жезөкшелерге тапсырыс қабылдайтын құрылымдар жүйесінен тұратын ұйымдасқан
топ сипатталып отырғанын атап өту керек.
1. Қылмыстың субьективті жағы-тікелей ниет түріндегі кінәнің болуымен

12
сипатталады.
Себептердің бағалау үшін маңызы жоқ, бірақ, әдетте, ол-пайдакүнемдік
болып табылады.
6. Қылмыстың субъектісі ретінде әйел не еркек жынысты, 16 жасқа толған
кез келген тұлға танылады.
ҚК 270 бабының екінші бөлімі дәл осы әрекеттерді ұйымдасқан топтың, сол
сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны, не притондар ұйымдастырғаны үшін
немесе жеңгетайлық жасағандығы үшін бұрын сотталған адамның жасағаны үшін
жауаптылық көздейді.

3.2 Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау
және жеңгетайлық
1. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау,
сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық.
2. Ұйымдасқан топ, сол сияқты притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны,
не жеңгетайлық жасағаны не жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін
бұрын сотталған адам жасаған дәл сол әрекеттер.
8. Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі-оның қоғамнық адамгершілікті
өрескел түрде бұзатынында. Қоғамның әлеуметттік-экономикалық өмірінің
келеңсіз жақтары жезөкшелікпен айналысатын әйелдер санының өсуіне
тікелей әсер етуде. Жезөкшелікпен айналысу үшін қызмет ететін
притондар, мұнымен қатар, басқа да қоғамға қарсы әрекеттермен
айналысудың, мысалы есірткі заттарды дәрігерлік емес жолмен тұтынудың
орындары да болып табылады.
9. ҚК-ң 271-бабында көзделген қылмыстың объективті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жезөкшелікпен айналысудың себептері және онымен күресу жолдары
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар
Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқықбұзушылық іске тарту
Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі
Адам саудасы қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, Қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету
Пәндер