Отбасы-тәрбие ұясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тәрбие-адам
өмірінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..7
2. Отбасы-тәрбие
ұясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .9
3. Мектептегі тәрбие
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
4. Қоғамдық тәрбие немесе әлеуметтік
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 24
Қосымша

Кіріспе
Даму-жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер
және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың
адамгершілік, іуестік, белсенділік және батылдылық сияқты
қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені оның өсіп
жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тірбие әсер етеді. Баланың
дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондығңтан оның мінезінде әр түрлі ереекшеліктер мен
қасиеттер пайда болады.
Баланың дамуы өте нәзік, күрделі диалектикалық проңесс
деп қарастырылады. Даму процестерінің қозғаушы күштерңі-ішкі
қайшылық күресі. Даму процестері сапа өзгерістеріне ауысып
отырады. Мысалы баланың даму процесінде мынадай заңдылықтарды
байқауға болады: алғашқы кезеңде бала тіліні дамуы, оның
түсіне білуіне жіне сөйлей білуіне, сөздік қорына байланысты.
Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қоймайды, ол жетіле
түседі. Сексеннен астам сөзді игергеннен кейін баланың айналадағы
адамдармен қарым-қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен
сөздеріне түсіне бастайды. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты
психикалық процестерде бірте-бірте өзгерістер пайда болады.
Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеніне көшеді.
Даму-әр уақытта бірыңғай тұтас процесс. Оның кейбір
ерекшкліктерін атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен
мүшелердің өсіп жетілуіне байланысты. Ал, әр түрлі мүшелер
(бастың көлемі, көкірек шеңбері, қол-аяө және т.б.) бірқалыпты
өсіп жетілмейді. Өйткені организмнің өсу қарқыны тұрақты емес.
Сондықтан өсудің тездеу кезеңдері баяулау кезеңдерінен кейін немесе
керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс мүшелерінің
жетілуі кезеңінде күшейеді, соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының
үлкен жарты шарлары қабығының талдау және синтездеу
қызметінің жетілуіне байланысты . Ми қабығының талдау және
синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен ойлаудың т.б.
негізгі механизмі болады Осы нерв процестері арқылы бала өзінің
мінез-қылқы мен қылығын табиғи және әлеуеттік ортамен
сәйкемтендіру жолдарын іздестіреді.
Бала организмі нерв жүйесінің даму негізінде, оның
психикалық қызметінің дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің
негізгі механизмі мидың үлкен жарты шарлар қабғының әрекеті
болады. Психиканың айналадаы обьективтік шындықтың біздің нерв
жүйемізде бейнеленуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады.
Мұндай іс-әрекеті өзінің мақсатары, мотивтері және орындалу
тәсілдерімен сипатталады. Жетекші іс-әрекеті-өсуші индивидтің
мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық
процестарін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеті.
Таным іс-ірекеттерінің процесінде жаңа мотивтер туады.
, баланың түсінігімен ұғымы, білімі мен тәжірибиесі артады,
ойлау операциясы да жетіле түседі. Оқу мен тірбие процесінде
бала ойлау операциясы арқылы обьективтік шындықтың
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының бай
тәжірибиесін ұйреніп, игеруге талаптанады. Әрине, бала өз
бетңнше жаңалық ашпайды, ол мұғаімнің, тәрбиешісінің кқмегімен
белгілі, зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және
басөа да әдебиеттрден қабылдап, меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың
дүниеге көзқарасы ұалыптаса бастайды, нақты ойлаудан абстракты
ойлауға көшеді.
Таным психикалық процестерінің дамуымен бірге баланың
психикалық қасиеттеріде қалыптаса бастайды. Іс-әрекеті процесінде әр
түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда шешімділік, өзін
ұстай білу, батылдық, табандылық төзімділік сияқты ерік қасиеттері
пайда болады. Ал ерік дегеніміз-адамның белгілі бір мақсатқа
ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді.
Оларды жоғары идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп,
жан-жақты жетілдіреді, осының нәтижесінде балаларға Отанға
сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып, еңбек ету, ұжымдық сияқты
болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер долып
отырады. Баланың организмі бүкіл өмірде әр түрлі дене және
психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп
жетілуі, аұыл-ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады.
Осындай өзгерістердің барлғы табиғи және әлеуметтік ортаның ,
тәрбиемен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты.
Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер
етеді. Өйткені. Баланың сыртқы әсерді қабылдауы , оның ішкі
сезіміне, санасына байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде
баланың санасында ішкі қайшылықтар туады. Бұл дамудың
қозғаушы күші.
И.П.Павловтың ілімі бойынша, даму-ішкі нерв жүйесі
қызметінің және сытртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы
шындықтың адамға ықпал етуі.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым
қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық- ұрпақтың ата-анаен биологиялық
үқсастығын елестетуі. Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне
қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп
таңданады. Әрине, бұл кей-здейсоқ нәрсе емес. Өйткені,
баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет
келбеті ен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым
қуалау арқылы берілетін биологиалық ұқсастықты еске түсіреді.
Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін ,
алғашқы биологилық өажеттерін, ал кейде дауыс тембрі
мзыкаға, биге, математикалық қабілеттілігі сияқты өте нәзік
ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік
ерешеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кздесетін
жағдай.
Адамда туа бітетін қасиеттер ( шартсыз
рефлекстердің фондысы- денені тік ұстап жүру, тілдің дамуы,
ойлануға, еңбек етуге қабілеттілік, музыкаға бейімділік, тағы
басқа іс-әрекеттері) нышан түрінде болады. Организмнің
анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, демек қабілеттің
дамуына қажетті табиғи мүмкіншіктерді нышан дейміз. Нышан
өздігінен дамымайды, оны қозғау және дамыту тәрбиеге,
әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен
қалыптасуыын тұқым қуалаушылыққа байланысты, ал адамның
жоғары қабілттерін және талантын таңдаулылардың жоғары
нәсілдік үлесі деп қарастырады.
Адамның дамуы күрделі процесс. Адамның дамуына
табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта -
бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал
жасауы. Табиғат жағдайларына байланысты олардың мінез-
қылықтарында да ерекшкліктер байқалады. Әрине, бұл жағдайлар
халықтардың адамгершілік қасиеттеріне, эстетиқалық талғамдарына
зиянды әсерін тигізбейді.
Әлеуметтік орта жеке адамның мінез-қылқының
дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар,
олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға балсенді әсер
ететін, өз өмірігдегі жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік
ортадағы қайраткер деп қарастырады. Қоғамдағы адамның дамуы
табиғи, әлеуметтік орта мен адамның күрделі және өзара
әрекеттесуінің әсерәнен адам өзінің іс-әрекеттері арқылы жұмыс
жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.
Адамды дамып , жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді-
нышанды табиғат береді. Бірақ,нышан өздігінен дамымайды, оның
дамуна себепші болатын факторлардың бірі- әлеуиеттік орта,
Егер бала әлеуметтік ортадан тыс болса, онда оның даму
дәрежесі жануарлардан жоғары ьолмайды.
Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын
мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ, ортаны шешуші және
алдын-ала анықтаушы фактор деп қаратырмайды.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі-
тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне ,
дайындығы мен даму дәрежесіне лайықты іске асырылады. Тәрбие
арқылы адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін, тәрбиеші
тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді,
оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және
ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да тәрбиенің ортадан
айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жаұсарту және
оның таным қәбілетін дамыту мәселелерін педагогика таптық
қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды құрғанда ғана іске
асыруға болады деп қарастырады.
Тәрбие процесінде бала қзінің дамуына қажетті
жағдайларды пайдалануы тиіс. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие
арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп ұйымдастырады,
оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады,
айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбие жұмыстарының дара жолдарын табудың
нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңиді, эстетикалық сезімі мен
талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Тәрбие-адам өмірінде.
Тәрбие-қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды
мақсатты, жүйелі қалыптастыру принціпі болып табылады. Тәрбие
процесі нәтижесінде аға ұрпақтың тәжірибесі оқушыларға беріліп,
меңгеріледі, оладың сана-сезімі қалыптасып, жағыды мінез-құлық
нормалары мен сезімдері дамып жетіледі.
Тәрбие педагогикалық процесте қте маңызды, әрі
күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін негізгі фактордың
бірі. Трбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамай және оған
ежелден –ақ тән қүбылыс, демек, тәрбие жастарды дайындауда
тұрмысқа бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының
барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік
қызмет пен оның сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес,
қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз жетіліп дамуда
болды. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және
адамгершілік тәжірибиені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен
араласа жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға
дейін де, тайпалық қауым кезінде де күнделікті іс-әрекеттің
қарапайымдылығынан болған еді. Сондықтанда бұл дәуірде тәрбие
адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмады, яғни арнайы
тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған
адамдардың қажеттілігі әлі туындамаған кез еді. Құлиеленушілік
қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт өткен сайын тәрбие
саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен
малшаруашылығы, қол өнер бірте-бірте дамып күрделенді және де
трбие процесінің ерекшелігінің бірі- оның болашаққа ұмтылған
іс-әрекет болатындығы.
Тәрбие процесі дегеніміз жеке адамды қалыптастыру
мен дамытуға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты
және бір –бірімен тығыз байланысты қызметі.
Тәрбие процесін басқару функциясын мұғалім-тәрбиелеуші
атқарады. Тәрбие процесінде әлеуметтік, психологиялық және
педагогикалық факторлардың бірлігі аңғарылады. Тәрбие процесінің
түпкі мақсаты негізінен қоғамдық талаптармен, міндеттермен
және жеке адамның тарихи нақтылы қоғамдағы орнымен
анықталады. Тәрбие процесінің әлеуметтік маңызы оның
жасөспірімдерді мораль, еңбек, ғылым, көркемөнер саласында
қоғамдық игіліктерді меңгеруіне байланысты. Бірақ, тәрбие
процесінің ең негізгі қарастырылатыны –жеке адам, әсіресе
даму , кемелдену үстіндегі жекеадам. Сондықтан да тәрбие
процесін іске асыру жеке адамның дамуының заңдылықтырын
білмейінше, олардың жас және дара ерекшкліктерін жан-жақта
түсінбейінше мүмкін емес.
Тәрбие процесі өте қиын да, күрделі процесс. Оның
қиындығы балаға әсер ететін әр түрлі жағдайдың ұштасуы.
Біріншіден, баланың өмір сүретін әлеуметтік ортаның (қаланың,
селоның) олар көп қолданылатын көпшілік информацияның жан-жақты
әсері, екіншіден, күнбе-күн балаға тікелей әсер ететін-
микроорта. Бұл жерде отбасыны ерекшк бөліп алыпғ, қарастырған
жөн. Баланың отбасыдағы жағдайы , олардың өзін қоршаған таныс
адамдармен қарым-қатынасы , жолдастарының ықпалы –осының бәрі
балаға ерекшк әсер етеді.

2. Отбасы-тәрбие ұясы.
Бала тәрбиесенің негізі - отбасында. Отбасындағы
әлеуметтік топ- баланың өмір мектебі , ал ата-ана- баланың
өміплік ұстазы және тәрбиешісі.
Белгілі чех педагогі Ян Амос Каменский(1597-1670)
бала туғаннан бастап, алты жасқа дейін тәлім-тәрбиені “аналар
мектебінде” лады деген болатын.
Мектеп жасына дейінгі мезгіл- баланың адамдар
арасындағы қарым-қатынасты танып білетін кезі. 5-6 жаста
бала өте сезімтал келеді. Үйдегі жайсыздықтар: әке мен
шешенің нашар қарым-қатынасы баланың бойында теріс мінездерді
қалыптастырады. 5-7 жаста бала өте басқа адамдардың, көркем
шығармадағы кейіпкерлердің, құрдастарының қимыл-әрекетіне баға
беруге даярлана бастайды. Бұл- жасылық пен жамандықты,
достыұты, жәрдем беруді, т.б. мәселлерді байқаған кезі.
Жанындағылармен қарым-қатынаста әдеп ережелерін сақтап, өзіне
ұнаған балаға ойыншығын беріп, онымен ойнап, жәрдемдеседі.
Ал кітап оқып бергенді әбден жақсы көреді. “Бұл не” ,
“Ол не” деген сұрақтарын беруден жалықпайды. Ата-ана осының
бәріне шыдап, бәрңне толық жауап беруге тырысуы керек.
Мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті-ойын.
Ойын арқылы үлкендер мен балалар қарым-қатынасы орнайды,
балалар адамдар арасындағы жағдайды түсінеді, әдеп ережелерін
ұғалды, қоғамдық ортада және үйде өзін қалай ұстауды
үйрене бастайды.
Демек, қарым-қатынас мідениетін қалаптастыру
қоғамның талабына сай әрбір жас ұрпақтың білім, тәрбие
және әлеуметтік деңгейін көтеріп, мінез -құлқын өзгертуге
арналған іс-әрекет десек жаңылыспаймыз.
Отбасы тәрбиесі- көздеоген нәтижеге жету маөсатында
ата- аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалытын ықпал
рпроцестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп
тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы
проблемалар жлпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан
адамныңтән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар
мәні мен мағынасының тереңдігіне тәелді келеді. Бала ұшін
отбасы бір жағынан- тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан-
тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын
ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек,
отбасы- бұл мектеп те, аұпарат көзіде , қоғамдық ұйымдар да,
еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер
кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп
отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы
ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік
тәрбиесінің өнімі де жоғоры. Аса бір кездейсоқ болмаса, әр
уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя
қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адамда да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның
нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын
мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік
шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениттегі елдер ұстанған
бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас,
халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық
принціптеріне тайқу , шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік,
іштей тәртәптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-
зайыптылар арасында жоғары белең алған ажыраслар-бәрі де
отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, “Азамат
қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе”- деп ұлы ғұлама М.Әуезов
бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі
қалыптасады, бүкіл өмірге жетер еңбектің және бағыт- бағдар
түзеледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп
жатқан көптеген проблемалар , есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды
жинақтаумен кесідей қорытындылар жасауға болады:
-отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де
күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ
ешұашан өз маңызын жоймайды;
-қандайда бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа
қасиеттер тек отбасыда ғана өрісін алады;
-отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектің тәрбиесіне болған мүмкіндікерді
мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі
отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
-салт-дәстүр жалғастығын ұамтамасыз ететін отбасы;
-отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және
мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана
білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
-отбасының кәсіп таңдауда да тигізер ықпалы орасан.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның
тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қәзіргі заман
педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін.
Бұл орайда педагогика қандай да толсын жаңалық
ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық
қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі обьективті
шындық. Бірімізде осы заңдылықтардың қарсауындамыз. Барша
үмітімізді мұғалімге артамыз , тәрбиелік жақсылықтарымызды оның
жанпидалығынан күтеміз. Ең бастысы , жалпы адамға, оның
табиғатына берілген қайырымдылыө пен мейірімге болған
сенімнен ажырап қалмау-әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы
болғаны жөн.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де
соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлігіне қарамастан,
жанұядағы ересектер мен балалар арасындағы кезігетін
қатынастардың жалпыламай моделін ажырата тану мүмкінділігі
баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай
бағытта, қай дәрежеде өсіртеуімен балалар тәрбиесіне болған
келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1.Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2.Қайырымқор, мейірімді отбасы.
3.Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4.Алауыз, жауласқан отбасы.
5.Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6.Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған
отбасы.
7.Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасы тәрбиесінің промлемалары педагогикалыұ
әдебиеттерде , А.С. Макоренканың , Н.К. Крупскаяның,
В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең
түрде баяндалған.
Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып
отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, отбасылық
тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі-үлкен адамдардың
педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздағынан болады.
Отбасы тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан тәжірибиесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу
қажет. Отбасы қатысы бар адамдардың әлеуметтік орны біздің
халықта өте терең жетілген. Мысалы , ата мен әже, әке
мен шеше, аға мен апа, іні-қарындас, немере. Шөпшек, жиен,
жиеншар мен құдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен
қайынсіңді, жезде , бажа, т.б. Жеті ата мен одан тарайтын
шаңырақтар, ру, жүз, т.с.с.
Адамдардың ара-қатынасын балгілейтін ұғымдар
сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан
дүниесінен орын алатын рухани байлықты байқауға болады.
Адамның өмір салтын құрайтын іс-әрекет пен қарым-қатынас
тұрғысынан қарасақ, біздің халықта бұл мәдениет әр адамның
әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан. Қарым-қатынастық, іс-
әрекеттік байлығы адам тұлғасының орынды сапалық
қасиеттерін қайнар көзі болып табылады. Отбасыда, мектепте
бұл қатынастар тәрбиенің пәрменді құралына айналуы қажет.
Біздің халқымыздың отбасы жағдайында жас
ұрпақ тәрбиесіндегі жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің
төңірегінде шоғырланған. Себебі, отбасыда әке мен шеше
негізгі еңбек иелері, отбасы қажеттілігін қамтамасыз
етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибиесі өз
дәрежесінде даналық ақыл-ойдың, орынды дүниетанымыны,
талғамның, денсаулық бағбанының, орынды тәртіп пен мінез-
құлықтың мектебі болып табылады.
Қорыта айтқанда, күнделікті ертемен маңдайынан
ата иіскемеген әже бауырының жылылығын сезбей өскен
бөбектің рухани жан дүниесіне нұқсан келе береді.
Өскелең жас ұрпақ қазақ шаңырағының берік
болғандығын өмірінің арқауы еткені, аға ұрпақ дәстүрінен
аттамағаны жөн.

2.3 Мектептегі тәрбие жұмыстары.

Мектеп-өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші
буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі зор.
Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.
Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше
автономиялық мекеме болған емес.Сондықтан оның іс-әрекеті
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты.
Міне, мектептің лкен тәрбиелік функцисы осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық
күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады.Ол ішкі
тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге
мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының
мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді, Осы тұрғыдан мектеп
балаларымен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның
дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын
үйлестеріп, біріктірудің орталығы.
Мектеп оқушыларын саналы тәртіпке тәрбиелеу-
жалпы білім беретін мектептің күнделікті міндеттеріні бірі.
Мұнысыз оқу-тәрбие жұмысында табысқа жетуі қамтамасыз ету,
дербас жұмыс істейтін мықты ұжым құру,
оқушыларды адамгершілік қасиетімен байыту, еңбекке
сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауға, барлық күшті
жұмсай отырып, еңбек ете білуге тәрбиелеу мүмкін
емес, Оқушылардың саналы тәртібі- мемлекеттік мекеме ретінде
мектеп жұмысының мінсіздігінің және жалпыға бірдей
орта білім беру жөніндегі зор да күрделі міндеті ойдағыдай
орындаудың аса маңызды шартты.
Соңғы жылдары мектеп оқушыларынң саналы
тәртібін тәрбиелеуге тиісті бірқатар маңызды шаралар
жүзеге асытылды. Көптеген мектептерде ережелерде көрсетілген
моральдық талаптарды түсіндіру ісі әрбір оқушының өз
үжымымен жалпы қоғам алдындағы міндеттерін абыроймен
орындауға баулумен шебер ұштастырылады. Оқушылардың оқудағы,
қоғамдық пайдалы еңбектегі табыстарды және қоғамдық өмірге
белсенді қатысқаны үшін алтын медальдармен, мақтау
қағаздарымен марапаттау жөнінде белгіленген тәртіп те аналы
тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жақсартуға
көмектеседі.
Мектеп оқушыларын саналы тәртіп пен
мәдениетті мінез-құлыққа тәрбиелеу ісінде оларға мектеп пен
отбасында қойылатын талаптардың бірлігі маңызды роль
атқарады. Мектептің міндеті-бұл бірлікті күнделікті орнатып
отыру; ата-аналардың педагогикалық білім алуына көмектесу, оларды
тәрбие жұмысының міндеттерінен хабардар ету, бірлесіп үш-
жігер жұмсай отырып, әрбір оқушы үшін нақтылы режим
ұйымдастыру.
Саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды шарты
мен құралы-педагогтар мен тәрбиеленушілердің арасында өзара
дұрыс қарым-қатынас орнауы. Бұл қарым-қатынастардың
нормасын А.С.Макаренко: тәрбиеленушілерге жоғары моральдық
тұрғыдан талаптар қою мен жолдастық құрметті ұштастыру
деп белгілеп берген еді. Сонымен қатар Макаренко талап
қоюшылықты құрметтеуге қарама-қарсы қоюдан әрдайым
сақтандырып отырды. Құрметтейтін адамыңнан еш нәрсе талап
етуге болмайды деді ол. Біздің балаларға қоятын
талаптарымыз оларға сенімімізді, оларға шығармащылық күші
мен мүмкіндіктеріне сенімімізді бейнелейді. Педагогтың шынайы
талап қойғыштығы мен талғампаздығы қарым-қатынастағы
қаталдықпен, дөрекілікпен, мектеп оқушысының жеке басының
қадір-қасиетін кемсітетін педагогикаға қайшы аралар
қолданумен үш қайнаса сорпасы қосылмайтындығын атап
көрсету керек. Мұғалім мадақтау және жазалау щараларын
дұрыс та шебер пайдалану арқлы да саналы тәртіпке
тәрбиелеу ісінде табысқа жетеді.
Тәжірибелі мұғалімдер эмоциялық өріске
әсер етуге ұмтылады, айнала қоршаған дүниеге,
адамдарға, олардың іс-әрекеттеріне деген эмоциялық – бағалау
қарым-қатынасын қалыптастырады. Психологтардың
зертеулері білімнің егер ол эмоциялық көңіл –
күйлерімен қатар жүретін, сезім серпінін туғызатын
жағдайда, әрекетке басшылық жасауға айналатынын көрсетіп
отыр.
Білім, әрине , адамды өзінен өзі тәрбиелі,
адамгершілігін жоғары ете алмайды. Кейде ол біле тұра
жөнсіз қылықтар жасауы мүмкін. Сондықтан оқушыларды
көпшілік ішінде тәртіпті болуға үйретудің маңызы зор.
Мінез-құлықтық дағдыларды мен әдеттерді
қалыпқа түсіруге оқыту әдістері айтарлықтай әсер етеді.
Мектеп білімге деген ынтаны, талапкершілікті, білуге
құмарлықты, белснділік пен инициатаваны дамытуға ұмтылды.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ол оқытудың жан-
жақты дамуға септігін тигізетін белсенді әдістер мен
тәсілдерін қолданадыі Музейлерге, көрмелерге, заводтар мен
фабрикаларға, т.б. экскурсиялар жасаудың тәрбиелік ролі
ерекше зор. Жеке адамның қалыптасуына, сондай-ақ
мұғалімнің жарқын да тартымды әңгімелері , лабораторияларда
өздігімен айналысу, мектеп алаңында бірлесіп атқарған жүмыс
себепкер болады. Осының бәрі инициативаны, белсенділікті,
дербестікті , табандылықты, тәртіптілікті , қиыншылықты жеіе
білуді дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие отбасы өзегі
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Жас отбасы
Қазіргі қоғамның демографиялық жағдайы
Бала құқығы жайлы
Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Бала тәрбиесінің негізі - отбасында
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Пәндер