Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I.Жеке мүлікті сақтандыруды теориялық негіздері
1.1 Жеке мүлікті сақтандырудың мәні мен
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Жеке мүлікті сақтандырудың
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Жеке мүлікті сақтандырудың
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 14
II. Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы
2.1 Заңды және жеке тұлғалардың жеке мүлікті сақтандырудың негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2 Жеке мүлікті сақтандыру бойынша негізгі шарттары және төлемді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
2.3Жеке мүлікті сақтандырудың экономикалық және қаржылық
арналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 35
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңінде экономикалық
көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп
келе жатқанда оның бәсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы курстық
жұмысымның да басты мақсаты жеке мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге
көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндеті тұр.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде
біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа
әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді
ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде
өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық
әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде негізінен сақтандырудың соның ішінде әрине
жеке мүлікті сақтандырудың анықтамасы, оның қалай атқарылатындығы
берілген. Сондай-ақ оның мәні, іс-әрекеті, сақтандыру сфералары жайлы сөз
болады.
Қазіргі кезде сақтандыру кейбір жағдайларда міндеттілік сипат алып
келеді. Оның мәні түсінікті де. Себебін айтатын болсам, медициналық
сақтандыруды міндетті деп тану өте дұрыс шешім. Сақтанушы қандайда бір
өмірге қауіпті жағдайға түсіп қалса оған жедел жоғары сапалы көмек
көрсетілуі керек болады. Осындай жағдайда сақтандырушы заңды тұлға
денсаулығын қайтаруға кететін шығынның бәрін өзіне алады. Бұл адам өмірінің
сақтаулығы жанды түршіктірердей.
Сондай-ақ жеке мүлікті сақтандыру да өте керекті нәрсе. Жеке мүлік
қазіргі кезде ақша сақтаудың негізгі көзі болып табылады. Кейбір ақшасы
жетерлік азаматтар мүлік алып қояды. Оның бағасы өскен сайын ақшасы өсе
бастайды. Сондықтан жеке мүлікті сақтаудың маңызы көп екенін көреміз.
Сақтандырылған мүлік өзімен бірге адамға сенімділік ұялатады. Қандай
жағдай болмасын ол мүлігінің сақтаулы күйінде қалатынына сенімді болады.
Менің міндетім осы курстық жұмысты жазу барысында жеке мүлікті
сақтандырудың мақсаты мен мәнін,қаншалықты маңызды екенін зерттеп білу.
I- Жеке мүлікті сақтандырудың теориялық негіздері
1.1Жеке мүлікті сақтандырудың мәні мен мағынасы.
Шетелдік тәжірибеде сақтандырудың екі деңгейге топтастырады:
ұзақмерзімді сақтандыру және генералды немесе жалпы сақтандыру. Бұл
топтастырудың негізінде барлық сақтандырудың түрлерін екі топқа бөліп
қарастыру жатады.
Жеке мүлікті сақтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының жеке
мүлікті сақтандыру жұмыс істеу жүйесін автоматтандыру. Ақпараттық жүйені
құрудағы мақсатым қазіргі кезде индустриялды экономикадан ақпараттық
экономикаға көшу үрдісі жүріп жатыр, біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай
ел болғандықтан тауарлы-ақшалай қатынастар едәуір дамып қалды. Бұл сала
соңғы озық технологияларды пайдаланса бұл жүйе жұмысының өнімділігі және
қауіпсіздігі артады, яғни бұл жүйені автоматтандыру қажет. Бұл жүйені
автоматтандыруда бізге бірнеше талаптарды орындау қажет.
Ақпараттық ресурстарды жиынтық мәліметтер деп атайды, белгілі бір
мекеме үшін құндылықты көрсететін және материалдық ресурстар ретінде
көрсетіледі. Оларға негізгі және көмекші мәліметтер массиві жатады, сыртқы
зердесінде кіріс құжаттары жатады.
Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ақпараттың қолдануысыз басқару процесі мүмкін болмағандықтан,
ақпараттық жүйеде ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте маңызды.
Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын
экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері
мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің
бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан,
ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару
шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.
Ақпараттық жүйені ақпараттық жабдықтау өзіне жүйеде қолданатын
экономикалық ақпараттар және құжаттар сыныптамаларын, нормативті –
анықтамалы ақпараттарды (НАА) қосады.
Ақпараттық база (АБ) – бұл ақпараттық жүйенің функционерлену кезінде
қолданылатын бір қалыпқа келтірілген ақпараттар жиынтығы. Машинадан тыс
ақпараттық база – ақпараттық жүйені жұмыс істеуде қолданатын құжаттар мен
белгілердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз адамға түсінікті
болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпараттық базасына жіктеу
мен шартты белгілеу жүйелері, нормативті – анықтамалы құжаттар, жедел
ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді
жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін
қолданылады. Ал нормативті – анықтамалы құжаттар – шартты-тұрақты ақпарат
қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын
әртүрлі тәртіптегі мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді
құрайды. Жедел ақпарат дегеніміз – ол субъектінің күйін осы уақыт сәтінде
бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат.
Машина ішіндегі ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйені жұмыс істеуде
қолданылатын, машиналық тасығыштардағы мәліметтер массивінің бірігуін
бейнелейтін ақпарат қорының бөлігі. Мұндағы машиналық тасығыш – дербес
электронды есептеуіш машинаға (ДЭЕМ) ақпаратты автоматты түрде ендіруде
пайдаланылатын материалдық объект.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі
шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз –
ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер
мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға
қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын,
байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе
қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу – ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау
шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне
ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте
қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге
сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы –
математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын,
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы
ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай
қолданудың ұйымдастыру – құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық
жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау
мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның
ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың,
жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару
ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара
қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.
Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық
қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және
сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені
қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының
барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру –
құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі
ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Техникалық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйе жұмыс істеуді қолданылатын
техникалық жабдықтар жиынтығы. Басқарудағы ақпараттық кезең жеке
операциялардың, олардың жиынтығының орындалуы арқылы жүзеге асады.
Барлық операцияларды үш сатыға топтауға болады:
1. Ақпаратты алу.
2. Ақпаратты түрлендіру.
3. Ақпаратты тұтыну.
Бірінші саты – экономикалық объектілердегі қызмет барысында туындайтын
бастапқы ақпаратты жинауды және тіркеуді орындайтын операциялар тобын
қамтиды. Бұл операцияның мақсаты мекемелердің, кәсіпорындардың, аймақтардың
және басқалардың қызметін бейнелейтін ақпарат алу.
Екінші саты – ақпаратты түрлендіру операцияларының тобы, кеңістік және
уақыт бойынша мәндердің, түрлердің, құрылымдардың өзгеруін орындайды.
Үшінші саты – операциялар тобын және олардың басқарушылық шешімдерді
қабылдау үшін, әрі басқарудың ақпараттық кезеңдерін жалғастыру үшін
ақпаратты тұтынудағы маңызын біріктіреді.
Басқарудың ақпараттық кезеңінің негізгі сатысына сәйкес келесі
техникалық жабдықтар қолданылады:
1. Ақпаратты жинау және тіркеу;
2. ақпаратты өткізу;
3. машиналық тасығыштарды дайындау;
4. ақпаратты өңдеу;
5. ұйымдастыру техникасы.
Ақпаратты жинау және тіркеу жабдығы бастапқы мәліметтерді тасығыштарға
тіркеуге арналған.
Ақпаратты өткізіп беретін жабдық мәліметтерді өңдеу орталықтарына және
оны қолдау орнына кеңістіктегі ығысу арқылы жеткізіп беруде қолданылады.
Машиналық тасығыштарды дайындау жабдығы, мәліметтерді машиналық
тасығыштарға, оның ішінде магниттік табақшаларға жазу үшін қажет. Қазіргі
кезеңдегі жабдықтардың ерекшелігі сол, мәліметтерді магниттік табақшаларға
жазу кезінде оны бақылауға, ашып жазуға, реттеуге болады.
Техникалық құралдар кешені
Техникалық құралдар Физикалық модуль Сипаттамалары
атауы
ДЭЕМ Іntel Pentіum 4 Процессор Іntel, 2.4MHz
Зерделік сақтаушы
құрылғы 1 Gb
МҚДЖ 80Gb
Монитор 17 дюймдік
Перне тақтасы 105 батырмалы
Тышқан 2 баспалы және
дөңгелекшесімен
Факс – модем Факс – модем Zyxel– 42Z
Телефон Телефон Vodafone
Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
Программалық жабдықтау деп – техникалық жабдықтау жүйесі жұмыс істеуде
жабдықтайтын ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программалардың
бірігуін ұғуға болады. Ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып
және оның нақты жұмыс істейтін пішіні болады. Программалық жабдықтау екі
бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау және арнаулы программалық
жабдықтау.
Жалпы программалық жабдықтау – бұл жабдықтаудың кең көлемдегі
қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін
есептеу кезеңінің “және – немесе” шешімін ұйымдастыруға арналған
программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық
жабдықтаудың бөлімі.
Операциялық жүйе – ол есептеу кезеңін тиімді ұйымдастырып және есептеу
жүйесінің қорларын (жедел жадылы процессорды, арналарды және т.б.) тиімді
тиеуді орындайды. Бұл жүйеге операциялық жүйелер мен жеке программалардың
(драйверлердің) мүмкіндігін кеңйтетін программалар жатады.
Есептеу кезеңін ұйымдастырудың тиімділігі ақпараттық жүйенің тәсілін,
оның генерациясының параметрлерін және оған тиімді қолданбалы программалар
пакетін (ҚПП) қосуды үйлесімді таңдаумен жүзеге асырады. Әдетте
программалық өнімді тұрғызу жабдығы бар болып отырған операциялық жүйеде
қамтылғанмен, бірақ қазіргі уақытта операциялық жүйеде қамтылмаған көптеген
осы заманғы программалау жабдықтары да бар. Бұл өнімдер ақпараттық
жүйелерді программалық жабдықтау өте қажет.
Сынаққа арналған программалар (тесттер) ДЭЕМ-нің жұмыс қабілетін
тексеріп, егер жөндеу қажет болса, оны анықтап, машинаның немесе жүйе
жұмысының ақауына ат қойып (диагноз), оны шектеп тоқтатады.
Арнаулы программалық жабдықтауға ҚПП мен бөлек функцияларды орындайтын
және ақпараттық жүйенің әр түрлі функционалды ішкі жүйесінің нақты
есептерін шешетін программалар кіреді. ҚПП – жалпы жүйелік және
функционалдық болып екі топқа бөлінеді. Мұндағы жалпы жүйелік қолданбалы
программалар пакеті кез-келген ақпараттық жүйеде қолданылуы мүмкін. Оны
қолданбалы программалар пакеті арқылы:
• Мәліметтерді басқаруда ;
• мәліметтерді орындаудың типтік орындалу ретін;
• деректі программалық әдістерін;
• дискретті программалар әдістерін;
• үздіксіз есептерді шешу әдістерін және басқаларды
орындайтын алгоритмдердің, әрі есептердің шешілу әдістерінің
ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады.
Нақты объектінің ақпараттық жүйесінің арнаулы программалық жабдықтауына
функционалды ҚПП кіреді. Функционалды ҚПП деп параметрлік икемділік бар
және басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпаратты алуға бағытталған, өзара
байланысқан программалардың бірігуі айтылады. Нақты басқару объектісінің
әрбір ақпараттық жүйесінде осы ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын,
өзінің функционалдық ҚПП –нің жиынтығы болады. Арнаулы программалық
жабдықтауға нақты ақпараттық жүйені тұрғызудағы оның қызметін жүзеге асыру
үшін құрастырылатын жеке есептердің шешілу программалары және функционалдық
ҚПП – ң бірігуі жатады.
Программалық жабдықтау
Тип Атауы Мүмкіндіктері
Жалпы программалық жабдықтау
Mіcrosoft Wіndows NT Дербес ЭЕМ үшін күшті
Workstatіon 4.0 32-битті көп есепті
MS Offіce XP сенімді серверлері ОЖ,
ЛЕЖ қолдау, құпиялылығы.
Mіcrosoft Wіndows ХР Дербес ЛЕЖ үшін күшті
professіonal 32-битті ОЖ, ЭЕМ қолдау.
Арнаулы программалық жабдықтау.
ҚПП Delphі 7 Локальді және желідегі
базалармен жұмыс
жасайтын арнайы
программалар жасау.
МББЖ Paradox 7 Локальді база Paradox 7
жұмыс жасау, кестелер
құру, жалған аттар,
драйверлер базасын
жинақтау.
Қорғау
ОЖ паролі Желіге енуді бақылайды.
МББЖ паролі МБ кестелеріне ену құқын анықтайды.
Вирусқа қарсы программа Мәліметтерге қауіп төндіретін әр түрлі вирустарға
қарсы күреседі.
Математикалық жабдықтау
Математикалық жабдықтау – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық,
үлгілері мен алгоритмдерінің жиынтығы. Жеке мүлікті сақтандыру ақпараттық
жүйесі математикалық жабдықтауы белгілі бір нақты міндеттерді тиімді шешуді
қамтамассыз ету керек және осы міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-ң
қызметін басқарып, оның ісінің дұрыстығын бақылып отыруды қамтамассыз ету
керек.
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
• Типтік және жасалатын әдістемелер, ақпаратты өңдеу алгоритмі;
• Мәліметтерді іздеу және сорттау алгоритмі, шығыс құжаттарын
қалыптастыру және тарату(экранға және баспаға).
Ақпараттық жүйені математикалық жабдықтаудың жалпы талаптарына мыналар
кіреді:
• Математикалық әдістер мен алгоритмдердің тиімдісін қолдану ;
• ҚПП–н көрсететін типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдерді
және мүмкіндіктерді максималды қолдану;
• Қолданылған математикалық әдістер техникалық және программалық
құралдардың мүмкіндігін ескеруді, шешу уақыты мен есте сақтау
көлемі бойынша төменгі мағынаға ие болуы қажет;
• Алгоритмдерді көрсетудің барлық түрі жіберіледі: формулалы,
сызба, блок-жүйе, сөзбен сипаттау және т.б.
Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап
беруі тиіс:
• ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және
септеулік процедураларын максималды пайдалану;
• ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
• өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды
пайдалану;
• есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
• қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
• программаның орындауы жолына бақылау енгізу;
Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген
нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі
қажет.
Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың
ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің
жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің
тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен
байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-
техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы.
ЖМСАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен
DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.
Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары
тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны
игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ЖМСАЖ-нің
эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:
▪ жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер
құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз
ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа
сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің
эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
▪ жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне
қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз
ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың
техникалық құралдар кешені.
Құқықтық жабдықтау – бұл, ЖМСАЖ-нің ұйымдастырылуын, оның мақсаты мен
мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық
мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін,
сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын
нормалар жиынтығы.
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында
басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің
негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік
аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер - бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды
жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге
жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек.
Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны
іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды.
Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі
бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне
функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке
жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз - жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген
дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі - жүйешелер немесе есептер
жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше – нақты функциялармен шектелген ақпараттық
жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі - бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызмет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады: техникалық қамтамасыз ету,
бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық
сызбасы.
Мәселе қойылымы. Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіндегі
негізгі мәселе Сақтандыру жұмысының атқару қызметін жақсарту, оған дер
кезінде ақпараттарды беріп отыру.
1.2 Жеке мүліті сақтандырудық функциялары.
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер,
құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын
орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде
шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық,
еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық
керекті мәліметтер көрсетілген.
Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет
етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен
қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған.
Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы
қажет. Жеке мүлікті сақтандыру барысында кіріс құжаттары мыналар:
Сақтандыруға өтініш, Мүлік куәлігі, Мүлікті иеленушінің РНН-і, Біріншілікті
төлем туралы анықтама.
Кіріс құжаттары Ақпарат түсу көзі
Аты Ұсыну
түрі
Сақтандыруға өтініш құжат Сақтандырушы
Мүлік куәлігі құжат Сақтандырушы
Мүлікті иеленушінің РНН-і құжат Сақтанушы
Біріншілікті төлем туралы анықтама құжат Сақтанушы
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа
басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде
берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған
ақпарат. Бұл жобада шығыс ақпараттары: Сақтандыру келісім-шарты,
Сақтандыруға кепілдік.
Шығыс құжаттары Ақпарат түсу көзі
Аты Ұсыну
түрі
Сақтандыру келісім-шарты құжат Сақтандырушы
Сақтандыруға кепілдік құжат Сақтандырушы
1.3 Жеке мүлікті сақтандырудың жүйесі.
Ақпараттық жүйе – бұл жүйе жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және
ақпараттарды беру, экономикалық объектіні басқаруға қажетті.
ҚР ақпараттандыру туралы заңында ақпараттық жүйенің келесідей
анықтамасы көрсетілген: ақпараттық жүйе – бұл ақпараттық технологиялардың
жиынтығы, ақпараттық желілер және құралдар олардың бағдарламалық –
техникалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық процестердің орындалуына арналған.
Концептуалды схема бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс
жасауын және оның құруын көрсетеді.
Өзара байланысқан құрылым схемалардың жиынтығын көрсетеді, бұлардың
құрамына иерархиялық және ұзындық тәуелді жүйеастылары кіреді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өнделуі
кезінде жүйенің әртүрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға
ие болады, мысалы, ақпараттық үлгілердің, блок – схемалық алгоритмдердің,
ақпараттарды өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының,
ақпараттардың көптігі және т.б.
Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені
құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспаптық
құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық жүйе астыларына кіретін
пәндік облыстар. Ал функционалдық жүйе астыларының ролінде ЛЕЖ қолданылуы
мүмкін.
Жеке мүлікті сақтандырудағы ақпараттық жүйенің концептуалдық схемасы
төмендегі суретте көрсетілген. Ол жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден
тұрады.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі программалық, техникалық және
ақпаратты жабдықтаушы түрінде көрсетілген, ал мінездемелері бөлек
кестелерде келтірілген.
Ақпараттық жұйенің функционалдық бөлімінде ақпарат қалай, мәліметтер
базасынан алынғанын, басқа қайнарлардан өңделгенін және шығу кезінде қандай
құжаттар алынғанын көрсетеді.
Осы есепте қолданылатын талдау жүйесі иерархиялық. Ал бухгалтерлік
баланстың кодтау жүйесі сериялы – реттік.
II Қазақстанда жеке мүлікті сақтандырудың қазіргі жағдайы.
2.1 Заңды және жеке тұлғалардың мүліктерін сақтандырудың негізгі
ерекешеліктері
Мүліктік сақтандыру екі түрде іске асуы мүмкін: міндетті және
ерікті. Міндетті сақтандыру ауылшаруышылық кәсіпорындар үшін қарастырылған.
Ерікті мүліктік сақтандыру шаруашылық субъектілердің, қоғамдық
ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың жауапкершіліктерін
қарастырады. Сақтандырудың мерзімі көбінесе 1 жыл. Қосымша келісім бойынша
мүлікті ұрлануынан, үшінші тұлғалардың арнайы тигізген зияндарын
сақтандырса болады. Ал бастапқы келісім шартпен әр түрлі табиғи апаттардан,
өрттен болатын зияндар сақтандырылады.
Сонымен қарастырылатын объектілерге кіретіндер:
-ғимараттар, құрылымдар, ауыл шаруашылық техника, толық аяқталмаған
құрылыс объектілерөндірмеген өнім, шикізат тауарлар және басқа да мүліктер,
сонымен қатар жылжыйтын және жылжымайтын мүліктер.
Жылжыйтын мүлікті сақтандыру біріңғай қағидалармен, бірқатар
ерекшеліктермен , өндірістік процесске қатысу ағымдағы мінездемелермен
жургізіледі.
Электрондық құрылғыларды сақтандырудын ерекшеліктері.
Электрондық құрылғыларды сақтандыру ерекшеліктері , құрылғылардын
конструкциясының күрделілігімен, эксплуатациялық алаңда құрылғылардын
концентрациясына, қоршаған ортаның факторларының әсерімен анықталады
(шаң, температура, ылғалдық).
Электрондық құрылғылардын түріне жататындар:
А) ғылым салаларында, коммерциялық орталықтарында және өндірісте
пайдаланылатын электрондық есептеу машиналар;
Б) радиоактивті, медициналық электронды және ядролық аппараттар. Бұларға
ауруханалардағы дәрігерлік және стоматологиялық бөлмелерде, медициналық
лабораторияларда қолданылатын рентген аппараттары, автоматтандырылған
стерилизаторлар және т.б. сол сияқты электоронды және ядролық аппараттар;
В) мәліметтерді тасымалдайтын және қабылдайтын аппараттар. Оларға
телетайптар, орталық телефон станциялары және байланыс құрылғылары,
бағытталатын радио байланыс құрылғылары, спутниктік байланыс станцияларда
қолданатын аппараттар, факс аппараттары, теледидар станцияларында
қолданылатын аппараттар және т.б.;
Г) Өндірісте қосымша қолданылатын теледидар құрылғылар, кино және
телестудияларда пайдаланылатын аппаратты студиялық құрылғылар,
анализаторлар, электрондық микроскоптар, уақыт өлшеуіш құрылғылар,жол
ережесін басқару құрылғылары, ойын және басқа автоматтар,
автоматтандырылған жазу машиналар, калькуляторлар, диктофондар, көшіру және
көбейткіш машиналары.
Қосымша төленетін ақымен келесі мүліктермен құрылғыларды сақтандыруға
болады:
-ЭВМ де пайдаланылатын мәліметтерді сырттай тасымалдаушы құрылғылар
(магниттік дискілер, ленталар, карталар, мәтіндерді теретін және оқитын
құрылғылар,сол сияқты т.б. құрылғылар);
- электрондық құрылғылардын істен шығуы тасымалдаушыдағы мәліметтерді
қайтару және жаңадан қамтамасыздандыру жұмыстары нәтижесінде жұмыстың
уақытша тоқталуы;
-тасымалдау жұмыстары кезіндегі қауіптелік, урылық пен ауадағы ылғалдылық
конденсаты.
Электрондық құрылғылардың сақтандырылған объектілердің құруынан немесе
зақымдануынан сақтандыру келесі мәселелер нәтижесінде іске асырылады:
-өрт, найзағай түсүінен, жарылыстан, жер сілкінісінен, қираудан және табиғи
апаттарынан, сонымен қатар түтін әсерінен, , зиянды газдан, судан және
ылғалдықтан,. Бұл жағдайлар тек атмосфералық әсерден немесе өндіріс
нәтижесінде негізделсе сақтандыру жүзеге асырылады;
-электрэнергиянын қысқа туйықталуынан, немесе басқа да себептерден;
-құрылымдық және жобалық есептердің қателік себебінен;
- өндіруші қателігінен, сонымен қатар монтаж кезінде жіберілген қателік
себебінен, материалдардан;
-қызмет персоналының қателігінен, адайсыздығынан және жауапкершіліксізден;
- тыс тұлғанын қастандығынан.
Сақтандыру жағдайларына енгізілмейтіндер:
-эксплуатациялық тозу және коррозия әсерлерінің нәтижелері;
-келісім шартта қарастырылып енгізілмеген азаматтық тәртіпсіздіктің барлық
түрлері мен әскери жағдайлар;
-сақтандырушының немесе оның жауапты қызметкерлерінің әдейі жасалған
қастандықтары;
- келісім шарт немесе заң жүзінде өндірушінің немесе жеткізушінің
қателіктері;
-газ, су немесе электрэнергиясымен қамтамасыздандыру жұмыстарының негізінді
дұрыс жургізілиеген жұмыстар;
-сақтандыру келісім шартында қарастырылмаған нақты кемшіліктер.Оларға
дақтар сияқты сыртқы жарықтар тағы да басқа эстетикалық жетіспеушіліктер.
Сақтандырылған электрондық құрылғының қуруы немесе бузулуы нәтижесіндегі
шағын соммасы жұмсалған жөндеу бағасымен істен шыққан құрылғыны ауыстыру
үшін жұмсалатын қаржымен анықталады.
Сақтандырылған объекттін толық жарамсыздығы дәлелденген болса, онда шығын
соммасы сол күндегі сондай объекттін бағасымен есептелінеді.Электрондық
құрылғылардын істен шығу нәтижесіндегі уақытша жумысты тоқтату себебінен
сақтанушыға төленетін қаржы сол уақытқа басқа құрылғыны жалға алынатын
бағасымен негізделеді. Сақтанушыға төленбейтін соммалар: құрылғылардын
қосымша бөлшектерінің бағасы; объекттін күнделікті ремонті; құрылғыларды
жетілдіру немесе сыртқы түрін өзгертуімен байланысты шығындар.
Құрылыстық және монтаждық тәуекелдіктердін ерекшеліктері
Объектілерді монтаждау және құрылыс жұмыстары кезіндегі қатерлі
жағдайлардан сақтандыру келісім –шарттары жеке және заңды тұлғалармен
жасалады. Сақтанушылар:
-объекті монтаждау жұмыстарын өзі немесе жауапты қызметкерлер жұргізген
кездегі орындаушылар немесе жеткізушілер бола алады;
- монтаждау немесе құрылыс жұмыстарын жұргізетін объектілерін сатыпалушы;
-монтаждау немесе құрылыс жұмыстарын қажыландыратын тұлға немесе инвестор;
Сақтандыру объектісіне жататындар:
-ғимараттарды және басқа бағыттағы құрылымдар;
-монтаждалатын және жаңадан іске қосылатын барлық машиналар, құрылғылар,
механизм және конструкциялар;
Құрылыс монтаждау ауданындағы аяқталмаған құрылыс және монтаждау
объектілері, негізгі құрылыс материалдары мен констукцияларды қауіпті
қатерлі жағдайлардан сақтандыруға болады:
- Машиналар, құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізетін құралдар мен
құрылғылар(стационарлы крандар,сварка аппараттары;компрессорлар және т.б.);
- Сақтанушының қорына алынған сонымен қатар меншігі болып саналатын
заттар(қосалқы материалдар мен конструкциялар,құралдар жылжымалы уйшіктер
мен вагондар және т.б.);
- Құрылыс – монтаждау жұмыстарын жүргізетін аудандағы эксплуатациядағы
өзі жылжитын машиналар (катоктар, бульдозерлер, крандар, экскаватрлар және
т.б.);
- құрылыс – монтаждық жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардын өмірі мен
денсаулығы;
- құрылыс –монтаждық жұмыстарын жүргізүшінің азаматтық жауапкершілігі.
Құрылыс –монтаждық жұмыстарын келесі қауіп қатерлерден сақтандыруға болады:
- өрт, жарылыс, найзағайдан, ушу аппараттарының құлауынан, су әсерінен
және өртті өшіру үшін пайдаланылған заттардын әсерінен;
- сел, су тасқыны, су басудан, орналасқан аймақтағы күтпеген жауын мен
қардан, көшкіннен, боранның барлық түрлерінен, жер сілкінісі,жердін
отыруынан;
- бұзып кіруден, тонаудан,урлық және басқа адамдар қастандығынан,
жауапсыздығынан, монтаждау жұмыстарында қателік жіберуінен;
- электр тоғының қысқа туйықталуынан, электр өрісінен, жоғарлаған
немесе төмендеген қосымнан, құбырлар жүйесінің үзілуінен;
- күтпеген басқа қауіп-қатерден.
Сақтандыру келісім – шартында қарастырылмай қалған , немесе көрсетілмеген
шығындар, сақтандыру жағдайларына жатпайды:
- конструкцияны жобалаған кездегі есептін қателігіне, сондай ақ
объектіде монтаждау жұмыстарын жүргізетін кездегі жіберілген қателіктер мен
материалдардын жарамсыздығын көрсететін дефектілер;
- эксплуатация кезіндегі машиналар мен құрылғылардын дұрыс есептелмеуі,
бұзылуы немесе коррозияға ушырауы мен басқа нақты себептер;
- сақұтанушының немесе оның орындбасарлары мен жауапты қызметкерлерінің
жіберген қателіктерінен немесе қастандық әрекеттірінің нәтижесінде бузылуы
немесе қирауы;
- қанағаттандырылмайтын көрсетілген қызметжетіспеушіліктен немесе
урлықтан;
- әскери немесе басқа қақтығыстар, котерілістен және мүліктін
арестінен(конфискация);
- ядролық энергия әсерінен қирау бұзылу жағдайлары;
- сақтандыру заңдерушілігінде қарастырылған жағдайлар.
Сақтандыру келісім шартында көрсетілген барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын
сақтандыру мерзімі құрылыс монтаждау ауданына жеткізілген материалдармен
монтаждау объектілердің бірінші партиясынан басталып, сол объектідегі
жұмыстардын бәрі бітіп , жаңадан іске қосылып эксплуытациялауға берілген
уақытта аяқтлады. Келісім шартта сақтандыру мерзіміне объектінің жоспар
бойынша эксплуатацияға берілу күні енгізіледі. Сақтандыру соммасы
жүргізілген құрылыс –монтаждау жұмысының толық немесе сақтанушының еркі
бойынша негізгі қордың толық немесе, бөлшетеп нормативті шығыны және
баланстағы басқа меншікті объекті шығынына тең сомма құрай алады.
Сақтандыру соммасы объектіге толық немесе объект топтары бойынша бөлек
соманы қурай алады.
Құрылыс – монтаждау жұмыстарындағы қызметкерлердінң азаматтық
жауапкершілігі , өмірі және денсаулығы бойынша сақтандыру соммасы
қызметкерлердің келісімі бойынша қурастырылады.
Шыққан қаржы көлемі құрылыс –монтаждық жұмыстарының нормативті баға мен
есептеулері бойынша сақтандыру төлем қаржысына байланысты негізделеді. Бұл
мәселе келісім-шартта көрсетілмеген жағдайда іске асырылады.
Сондай ақ шығын көлеміне демонтажбен(бузу) қайта қуруға объектілерді жөндеу
және экспертиза жұргізіп қосымша сынақтанг өткізуге жұмсалған қаржы көлемі
кіреді.
Сақтанушы арнайы мүлікті сақтандыру заңдарына суйене отырып өзінің шығынға
кеткен қаржы көлемін және сақтандырылған төлем қаржысын анықтайтын
әдістерді қарастырады.
Сақтандыру төлем қаржысы сақтандыру келісім шартында көрсетілмеген шығын
көлемі болған жағдайда, жұмысшылардын қосымша жұмыс істеу күні үшін ,
демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыстары, керекті материалдарды әуе
жолымен немесе жоғары жылдамдықпен тасымалдағаны үшін жұмсаған шығындары
үшін төленбейді.
Құрылыс монтаждау жұмыстарын қызметкерлері өздерінің өмірі
немеседенсаулығына әсер еткен қауіп қатерден сақтандыру төлем ақысын Еңбек
тұралы заңдылықтарға немесе сақтандыру ерекшеліктеріне байланысты
заңдарына сүйене отырып сақтандыру сомасын ала алады.
Жануарларды және ауылшаруашылық егіндерді сақтандыру
Ауылшаруашылық әсіресе өсімдіктерді өсіру өндіріс мемлекеттің экономикасына
үлкен әсер әкелетінімен байланысты және ауылшаруашылық өндіріс табиғи
климаттық өзгерістермен жақын байланыста болғандықтан осы объектілерді
сақтандыру міндетті болып табылады.
Сақтандырудың міндетті турі ауылшаруашылық пен айналысатын
қоғамдарға,кооперативтерге, серіктестіктерге тиеселі, ал жеке тұлғалар
(фермерлер, диқан шаруашылықтар) сақтандыруға ерікті турде қатыса алады.
Міндетті сақтандырудың мақсаты- жағымсыз табиғи апаттардың әсерінен
қиын жағдайға ұшыраған ауылшаруашылық тауарларды өндірушілерге қаржылық
көмек көрсету.
Міндетті турде сақтандыруға тиісті объектілер:
-ауылшаруашылық өнімдер, көпжылдық егістер(шабындықтар мен жайылымдардан
басқа);
- ағаштар және көпжылдық жеміс-жидек ағаштары;
- қойлар, ешкілер,шошқалар 6 айдан үлкендері,ірі малдар, жылқылар,түйелер 1
жылдан үлкендері;
-үй құстары, асылтерілі жәндіктер,6 айдан үлкендері, ара ұйяларындағы
жануялар;
- негізгі және айналымдағы қорлар.
Бірақ мүліктің барлық турлері сақтандыруға тиеселі емес, мысалы декоративті
және орманды қорғайтын ағаштар, соңғы 3-5 жыл бойы жеміс бермейтін, 70%
астам кесілген, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz