ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫНТАЛДАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
I ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Тұтынушылық несиенің экономикалық мазмұны, сыныптамасы мен түрлері . . . 4
- Қазақстандағы тұтынушылық несиелеу қатынастарының қалыптасуы . . . 9
1. 3 Қазақстандық коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу процесін ұйымдастыруы және несиелеу ерекшеліктері . . . 11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫНТАЛДАУ
2. 1 Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларды несиелеудің қазіргі кездегі жағдайын талдау . . . 17
2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерінің мінездемесі . . . 21
2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның мысалында тұтынушылық несиелердің дамуын талдау . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
ҚОСЫМШАЛАР . . . 29
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті мәселелерінің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету табылады. «Қазақстан 2030» стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына арналған жолдауында халықтың әл-ауқатын нығайту мәселесіне жетекші орын беріліп отыр.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда несиелік қатынастардың атқаратын рөлі өте зор. Тұтынушылық несие негізгі әлеуметтік мәселелерді шешуге әсер етеді, нақтылап айтқанда индивидумдардың тұтынушылық мүмкіншіліктерін арттыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Тұтыну деңгейінің көтерілуі, өз кезегінде, келесі мәселелерді шешеді:
- Қоғамдағы тұрақтылықтың көтерілуі, себебі ондағы маржиналды элементтердің болуы азаяды;
- Мәдениет, білім алу, денсаулық сақтау деңгейінің көтерілуіне жәрдемдеседі;
- Қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік мінездегі құндылықтарды (тұрғын үй, білім алу, денсаулық сақтау қызметтері мен тұтынушылық тауарлар) алуға мүмкіндік береді.
Осыдан 6-7 жыл бұрын кез-келгеннің уысына түсе бермейтін несие бүгінде баршаға қол жетімді. Тұтынушылық несие қазіргі таңда қазақстандықтар үшін ең өзекті банктік өнім болып отыр. Бұл халықтың әл-ауқатының артуы мен ел экономикасының нарыққа бейімделе бастағандығының белгісі.
Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі жыл сайын халықтық тауарлар мен қызметтерді тұтыну көлемінің өсіп және содай-ақ, олардың баға дейгейі де жылдан жылға артуы себебінен халықтың өз қажеттіліктері, яғни ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарлар мен медициналық, білім алу қызметтерін және тағы басқа да қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін тұтынушылық несиенің өзекті болып отырғандығында.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Тұтынушылық несиенің мәні мен қажеттілігі, несиелеу әдістерін, түрлерін және проблемаларын зерттеу Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Қалқабаева Г. Н., Хамитова К. Н., Хамитов Н. Н., Қонақбаев А. Г., Матайбаева Г. сияқты экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған, алайда жалпы тұтынушылық несие нарығының қазіргі кездегі жағдайы, дағдарыстың әсері әлі толықтай зерттелмеген.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика шарттарына көшкен Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі тұтынушылық несиелеуді ұйымдастырудың теоретикалық және практикалық сұрақтарын зерттеу, атап айтқанда, халықты несиелеудің деңгейі қандай, елімізде несие алу мүмкіндігі қандай, халықтың несиелік қатынасқа қатысу деңгейінің қандай екенін анықтау.
Қойылған мақсатқа байланысты курсық жұмыстың міндеттері келесідей:
1 ҚР-да тұтынушылық несиелеудің ерекшеліктерін теоретикалық жағынан зерттеу;
2 Соңғы ресми ақпараттар негізінде Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиелеудің дамуын талдау;
3 Бір жеке банк негізінде еліміздегі тұтынушылық несиелеу процесін, тәртібін, жағдайын зерттеу;
- Жасалған зерттеулер негізінде тұтынушылық несиенің даму мәселелерін анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының банк жүйесі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы табылады.
Жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономика-математикалық әдістер, атап айтқанда, корреляциялық және дисперсиондық талдауларды қолдану болды. Сондай-ақ, қаржылық талдау әдістері, яғни көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. курстық жұмыста қарастырылатын период 2006-2008 жылдар.
Жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, мерзімді басылым, нормативті-құқықытық актілер, ресми интернет сайттары қолданылды.
I ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Тұтынушылық несиенің экономикалық мазмұны, сыныптамасы мен түрлері
Жиһазды, тұрмыстық техниканы, машинаны, тұрғын үйді сатып алу немесе үйді жөндеу жұмытарын жасау біржолғы шығындарды талап етеді, ал бұл жанұялық бюджетке салмақ түсіреді. Ал тұтыну несиесін қолдану - шығыстарды уақыт бойында тең бөлуге болады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді. Бұл арада кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызмет үшін жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтыну несиесіне жатпайды.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге несие мекемесі, сондай-ақ әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды, сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады, әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиелеуін мақұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.
Қарыз алушылардың тұтынушылық қарыздары және несиелеу объектілерінің сыныптамасы бірқатар белгілеріне байланысты жүргізіледі: қарыз алушылардың типі, қамтамасыз ету түрі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, қолданудың мақсатты бағыты, несиелеу объектілері, көлемі.
Қолдану бағыттары (несиелеу объектілері) бойынша тұтынушылық несие Қазақстанда келесідей бөлінеді:
- Күттірмейтін мұқтаждыққа;
- Құрылысқа және тұрғын үй сатып алуға;
- Жеке тұрғын үйді күрделі жөндеуге.
Ауылды жерде тұратын азаматтарға, сондай-ақ, мал мен құс ұстайтын үй алдындағы құрылысқа және жеке шаруашылықта қолданатын кіші механизация сатып алу үшін беріледі.
Бау-бақша кооперативтері мен серіктестіктеріне бақша үйлерін және бақша телімдерін жақсылап жайландыру үшін қарыздар беріледі. Банктер, сондай-ақ, автокөліктерге, ұзақ мерзімді қолданыстағы тауарларға, сиырлар мен бұзауларды да сатып алуға несие береді.
Несиелік келісімнің субъектілері бойынша тұтынушылық несиелер келесідей бөлінеді:
- Банктік тұтынушылық несиелер;
- Сауда ұйымдары ұсынатын қарыздар;
- Банктік емес типтегі несиелік ұйымдардың (ломбардтар, жалдау пунктері, несиелік кооперативтер, т. б. ) ;
- Жеке тұлғалар ұсынатын жеке меншік тұтынушылық қарыздары;
- Қарыз алушылардың өздері жұмыс істейтін ұйымдардың беретін тұтынушылық қарыздары.
Несиелеу мерзіміне қарай тұтынушылық несиелер келесідей бөлінеді:
- Қысқа мерзімді (1 күннен 1 жылға дейін) ;
- Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін) ;
- Ұзақ мерзімді (3 жылдан астам) .
Мерзім бойынша тұтынушылық несиелердің бөлінуі шартты болып табылады. Қазақстандық коммерциялық банктер қарыздарды ұсынғанда оларды, әдетте, қысқа мерзімді (1жылға дейін) және ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) деп бөледі.
Тұтынушылық несиені беру тәсіліне қарай мақсатты және мақсатты емес (күттірмейтін мұқтаждықтарға, овердрафт, т. б. ) деп бөледі.
Қамтамасыз ету бойынша қарыздарды қамтамасыз етілмеген (бланктік) және қамтамасыз етілген (кепілмен, гарантпен, сақтандырумен) деп бөледі. Банктің қамтамасыз ету талап етуінің басты себебі - қарыз алушының қарызды мерзімінде және толықтай өтеуге қалауы немесе мүмкіндігі болмаған жағдайда зиян шегу тәуекелдігі. Қамтамасыз ету қарыздың өтелуінің кепілі бола алмайды, бірақ тәуекелді азайтады.
Өтеу әдісі бойынша біржолғы және бөлініп төленетін қарыздар болып ажыратылады.
Бөлініп төленетін қарыздарға жатады: тең өтелетін қарыздар (ай сайын, тоқсан сайын және т. с. с. ) ; тең өтелмейтін қарыздар (өсіп отырады немесе кеміп отырады) - белгілі бір факторларға тәуелді, мысалы, қарызды өтеудің соңғы мерзімдері немесе несиелік келісім аяқталуы жақындағанда.
Бөлініп төленетін несиелер екі пішінде болуы мүмкін: тура және жанама. Тура банктік несие кезінде несиелік келісім банк және қарыз алушы -несиені қолданушы арасында бекітіледі. Жанама банктік несие кезінде банк пен клиента арасында делдал болуды көздейді. Бұндай делдалдар ретінде жиі жағдайларда жеке сауда-саттық кәсіпорындары болады. Бұл жағдайда несиелік келісім клиент және сауда үйі арасында бекітіледі. Жанама банктік несие пішіні шет елдерде жақсы дамыған. Мысалы, АҚШ-да автокөлік алуға берілетін несиелердің 60%-ы жанама несие болып табылады екен.
Пайызды өндіріп алу бойынша қарыздар келесідей бөлінеді:
- Ұсынылған бетте пайыз ұсталатын қарыз;
- Қарызды толық өтеу сәтінде пайыз ұсталатын қарыз;
- Несиені қолданудың барлық мерзімінде пайыздар тең үлестермен төленетін қарыз (тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет немесе арнайы бекітілген графикпен) .
Аннуитеттік төлемдермен қарыз деген ұғым бар Бұл жағдайда төлемдермен қоса, қарызды қолданған үшін пайыздар бір мерзімде төленеді.
Ақша құралдарының айналым мінезіне қарай біржолғы (разовый) және жаңғырмалы (револьверді, ролловерді) болып бөлінеді. Револьверді несиелерге несиелік карточкалар арқылы берілетін несиелерді немесе овердрафт түріндегі несиелерді жатқызуға болады.
Кезек күттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие) екінші деңгейлі банктер дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде, зейнеткерлерге де), олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы береді.
Тұтыну несиесінің келесі түрі - капиталдық шығындарға аралған несие (ұзақ мерзімді) - кезек күтткрмейтін қажеттіліктерге арналған несиеден айырмашылығы - халықтан оны қалай пайдалнатыны жөнінде есеп беруді және банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
Азаматтардың құрылыс салуына (реконструкция) және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің екі түрін ұсынады:
- Тұрғын үй құрылысына (реконструкция) яғни, құрылыс жұмыстарын тікелей қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді несие (құрылыс несиесі) ;
- Тұрғын үй сатып алуға ұзақ мерзімді несие.
Тұрғын үй проблемасын шешуде халыққа көрсетілетін қаржылық несиелік қолдау азаматтардың өз қаражатымен, сондай-ақ, құрылыс салуға немесе тұрғын үй сатып алуға демеу қаржыны өтеусіз берідің негізінде жүзеге асырылады.
Несие алу үшін қарыз алушы банкке ссуданы беру туралы өтініш, оған қоса, банкке белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген сматалық жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қабілетін анықтауға қажетті құжаттар (жұмыс орнынан берілетін анықтама), сонымен бірге, қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс.
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретінде жылжымайтын мүлік кепілзаты келісімшартының, бір немесе одан көп азаматтардың, сақтандыру компаниясының және өзге де заңды тұлғалардың кепілгерлігін (гарантия) ұсынуға болады.
Кепілге салынатын затқа мыналар жатуы мүмкін:
- Қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арнарған жер учаскесі немесе осы учаскеге өзге де мүліктік құқықтар;
- Дайын тұрғын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзе де мүлік түрлері мен кепілзат ретінде пайдалануға болатын ҚР- қолданыстағы заңына сәйкес келетін мүліктік құқық.
Негізігі қарыздың сомасы және ссуда бойынша пайыз толық өтелмейінше қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға сатуына немесе оның мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша келісімінсіз құқығы болмайды.
Банк тұрғын үй несиесін несиелеудің, атап айтқанда, мақсатты пайдаланылуы, қамтамасыз етілуі, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылылығы секілді негізгі принциптерін сақтай отырып береді. Құрылыс салу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін алынған ссуданың өз мақсатында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда банк берілген несиені мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы болады, ал қарыз алушы несиені қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған түліктен немесе кепілгерден өндіріп алады.
Тұрғын несиесінің тағы бір түрі - құрылыс несиесі - қарыз алушы ашқан несие желісінің негізінде беріледі. Әрі-беріден соң ссуда құрылыстық монтаждау жұмысының аяқталған кезеңінің құнына сәйкес бөлектеп (біртіндеп) беріледі. Банк кезеңдерді кейін инспекциялаумен құрылыс графигіне сәйкес кезең сайын аванс беру арқылы жұмысты қаржыландыра алады.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға кейі өзгеретін болса да қайта есептелмейді) .
Несиеге автокөлік, жиһаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т. с. с. ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады.
Несие алынатын тауарлардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы, сондай-ақ, оны бөлктеп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына және қарыз алушының табысына қарай анықталады.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма-қол ақшамен немесе қролма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан кәсіпорынның пайдасына несие сомасының пайызы өндіріліп алынады. Бұл пайыздың мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиесінің қолданыстағы мөлшерлемесін ескере отырып белгілейді, берілген несие сомасындағы тауардың құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады.
Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалар ссудасының маңызды көзіне оны қалыптастыратын, әрі ауыстыратын құралға несие карточкалары жатады.
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
- Несие карточкасының эмитент-банкісі;
- Несие карточкасының иесі;
- Несие карточкасын тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда ұымдары.
Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын несие карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни банк несиесінің есебінен төлеуге болады. Банк өз қызметі үшін әрбір операцияның сомасынан белгілі бір пайызды өндіріп алады. Төлем карточкасын пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын аударып отыруға міндетті.
Тұтыну несиесін тұрақты түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де кеңінен тарап отыр. «ВИЗА», «Америкэн Экспресс», «Мастер кард» секілді халықаралық қаржы ассоциациялары осы пластикалық карточканың кез-келген түрін көрсетуде.
Тұтыну несиесіне, сондай-ақ, ломбард та жатады. Ломбардтар (несиені) халыққа жеке пайдаланатын жеке үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді. Ссуданың мөлшері кепілге салынған заттың түріне, оның нарықтық құнына және ломбард белгіленген кепілдікті қамтамасыз етідің шегіне қарай анықталады. Бүгінгі таңда, әсіресе, жекеше ломбардтар кеңінен тараған. Сол себепті де ломбард несиесінің пайыздық мөлшерлемелері жоғары болып келеді. Тіпті банктік пайыздық мөлшерлемелерінен де асып түсетін кездері де болады.
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады. Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
- автомобилдік несие;
- ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұргын үйді жөндеу жүмыстарына берілетін несие;
- аса қажеттіліктерге (оку, емделу, демалу жэне т. с. с. ) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа жэне жүрілген автомо-бильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио-видео және тұрмыстык техникалар;
- компьютер жэне оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және баска да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Тұтыну несиесінің бір түріне жалақы несиесін жатқызуға болады. Жалақы несиесі - карточкамен банктен жалақы алатын клиенттерге арналған ай сайын жаңартылып отыратын қысқа мерзімді несие.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда несиелік қатынастардың атқаратын рөлі өте зор. Тұтынушылық несие негізгі әлеуметтік мәселелерді шешуге әсер етеді, нақтылап айтқанда индивидумдардың тұтынушылық мүмкіншіліктерін арттыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Тұтыну деңгейінің көтерілуі, өз кезегінде қоғамдағы тұрақтылықтың көтерілуіне, мәдениет, білім алу, денсаулық сақтау деңгейінің көтерілуіне жәрдемдеседі, қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік мінездегі құндылықтарды (тұрғын үй, білім алу, денсаулық сақтау қызметтері мен тұтынушылық тауарлар) алуға мүмкіндік береді.
1. 2 Қазақстандағы тұтынушылық несиелеу қатынастарының қалыптасуы
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғанға дейін КСРО кезінде тұтынушылық несие кең тараған болатын. Несие үшін жылдық пайыз 0, 5% болатын, ал мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін 3% төленетін. [2] Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін) экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
- Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесі.
Ұзақ уақытқа пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие жанама сипатта болады, өйткені оны банкттердің делдалдығы арқылы әр түрлі сауда ұйымдары беріп келді.
Тұрғын үй құрылысының (жеке кооперативтік) несиесінің несие мекемелері (Мемлекттік банк және құрылыс банкі) тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен, сондай-ақ, бөліп-бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беру жүзеге асырылды. Мәселен, несиелер мыналарға:
- құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
- ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге;
- мал төлдерін сатып алуға және сатуға берілді;
- 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қоданылатын, атап айтқанды, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді прмнциптерді сақтай отырып берді. Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін тұтынушылық несиелеу бірден дамып кете алмады, себебі бұл несие түрінің дамуы үшін елде саяси және экономикалық тұрақтылық, заңнамалық негіздер керек болды.
1993 жылдан бастап Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі бекітілген Мемлекеттік бағдарлама негізінде 30 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй салу және сатып алуға несиелер берген. Бұл бағдарламаға сәйкес негізігі қарызгерлер кезекте 10 немесе одан да көп жыл тұрған бюджеттік сала жұмыскерлері болып табылды.
Ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуына келетін болсақ, Қазақстан өз тәуелсіздіген алғанға дейін Кеңес Одағы құрамына кірген республикаларды жылжымайтын мүлік нарығы болған жоқ, сәйкесінше ипотекалық несиелеу жүйесі де болмады. Республикамыз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін тұрғын ұй және коммерциялық жылжымайтын мүліктің негізгі бөлігінің жекешелендіруі болып, құқықтық база құрылып, жылжымайтын мұлік нарығы дами бастады және сәйкесінше, ипотекалық несиелеу жүйесі дами бастады. 1995 жылы ҚР Президентінің Заң күші бар «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» жарғысы қабылданды. Алайда, инфляцияның жоғары қарқындарына байланысты, қаржылық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты ипотекалық несиелеу жүйесін қолдану мүмкіндігін анықтайтын заң бөлігі 1999 жылға дейін тәжірибе жүзінде қолданылмады. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесінің белсенді қалыптасу периоды басталды. 2001 жылдан бастап халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған ипотекалық несиелеу жүйесі енгізілген.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында АҚШ, Германия және Малайзия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, жасалынған тұргын үй ипотекалық несиелеу жүйесі қызмет етуде. Аталған жүйе бойынша тұрғын ипотекалық несиелерін берушілер екі деңгейден тұрады:
- бірінші деңгейде - алгашқы тұргын үй ипотекалық несиесін берушілер, соның ішінде: банктер мен банктік емес ұйымдар;
- екінші деңгейде-алғашқы тұрғын үй ипотекалық несиесін берушілерден берген несиелері бойынша талаптарын және кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын, қайта қаржыландырушы ұйымдар.
Мүндай тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесінің Қазақстандағы қызмет етуі, өзге ТМД елдерінен ерекшеліндіріп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz