Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері


Жоспар
І. КІРІСПЕ . . . 2-4
ІІ. Негізгі бөлім. Жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу жолдары
- Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің
алатын орны . . . 5-14
2. 2. Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері . . . 15-20
2. 3. Әлеуметтік белсенділікті дамыту жолдары . . . 21-29
ІІІ. Қорытынды . . . 30-31
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 32-33
Қосымшалар . . . 34
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Терең әлеуметтік бағыты бар нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатынастарға негізделіп, енді ғана Қазақстанда қалыптасып келе жатқан егемен мемлекеттің өз тұрғындарының, соның ішінде, әсіресе, ертеңгі күні тұтқа болар өскелең ұрпағының алдына қойып отырған өмір сүру, құқық, мінез-құлық, адамгершілік, тәртіп, еңбек пен меншікке қатынас бәсекелестік пен іскерлік талаптарды қазіргі заман талап етеді. Сондай-ақ, өз егемендігіне жаңа ғана ие болған жас мемлекеттің өз тұрғындарының бойына қалыптастырылғалы отырған дүниеге көзқарасы, мінез-құлық нормалары мен адамгершілік принциптері де мүлдем бөлек. Өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде, әсіресе, жалпы білім беретін мектептің орны мен ролі айрықша бөлек. Өйткені, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңі оқыту мен тәрбиелеудің осы мектептегі жылдарымен дәл келеді.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австриялық психолог 3. Фрейдтің психикалық анализ және осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық мәдениет теориясында аталып, жас өспірімдердің психикалық және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметтенді-рудің қайнар көзі ретінде қарастырылды. Сондықтан кешегі тоталитарлық жүйеде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру буржуазиялық қоғамға ғана тән құбылыс ретінде танылып, зерттеу объектісі ретінде жеке алынып, талданған жоқ. Дегенмен, жеке адамды қалыптастыру, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, оларды өмірге даярлау, болашаққа бағыт-бағдар беру, мамандықты саналы таңдау мәселелеріне арналған Е. С. Алякринскийдің, М. И. Еникеевтің, И. С. Конның, Г. М. Андрееваның, З. Фрейдтің, О. Нұсқабаеваның, З. Жаназарованың, Г. Осипованың, Н. Смелзердің еңбектерінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру қажеттілігі жанамалап болса да көтерілді.
Сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымын, ұлтаралық қатынастарды, демографиялық және миграциялық процестерді реттеу мәселелерін зерттеген М. С. Аженовтың, Н. А. Айтовтың, М. М. Сужиковтың, М. М. Тажжиннің, М. Б. Татимовтың еңбектерінде білім берудің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге тигізетін ықпалы туралы аз да болса сөз қозғалған. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі республикада жүргізіліп жатқан реформалық оң өзгерістердің қажеттілігін түсініп, жүректерімен сезінгендерімен, оның мән-мағынасына ой жүгіртпеген. Адамдардың басым бөлігі, бұқара көпшілік өз болашағына әлі сенімсіз. Ертеңгі күні не боларын білмей дал болуда.
Ал, мұның өзі бір жағынан, қоғамда орын алып отырған экономикалық тұрақсыздық пен әлеуметтік теңсіздікке қарсы бұқара халықтың басым көпшілігінің наразылығын туғызып отыр.
Екінші жағынан шаруашылықта орын алып отырған өте күрделі экономикалық дағдарыс күн көріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген, сөйтіп, жоқшылыққа ұшыраған бұқара халықтың қайсы бір топтарының, әсіресе, жастардың бойында моральдық, тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналдырып барады. Жастар арасында бұрын-соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындарымен әуестенушілік, нашақорлық, ұрлық, жасау мен ішімдікке салынушылық, т. б. кең етек алуда. Жалпы қатаң бәсекелестік пен пайдакүнемдік, арамдық пен ұятсыздық, жезөкшелік пен жалаң еліктеушілік белең алған нарықтық экономика жағдайындағы өзгермелі заманның күйбең тіршілігі күннен-күнге сұрықсызданып, ұзақ ғасырлар бойы қоғамда қалыптасқан адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын жуып-шайып барады. Ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық- парықсыздыққа, имандылық - имансыздыққа айналуда. Нәтижесінде үлкеннің алдын кесіп өтпеген ұлдарымыз, үлкен-кішіге ізетті қыздарымыз ата-әжесін беттен алып, әлпештеп өсірген әке-шешесін қарттар үйіне өткізіп немесе қаңғытып жіберуде. Әркімге жәутеңдей қарап, «апалаған» тірі жетімдеріміздің саны күннен-күнге көбейе түсуде. Жастарымыздың кейбіреулері тағдыр тәлкегіне төзе алмай, құмар ойындары мен нашақорлыққа, ұрлық пен алкоголизмге бой алдырып, халқымыздың салт-дәстүрлеріне жатпайтын, әдет-ғұрпына кереғар келеңсіздіктерді тез қабылдап, нарықтық жүгенсіздік орын алған азғантай уақыттың ішінде азғындап шыға келді. Мұндайлардың басым көпшілігі кеше ғана мектеп бітіріп, жұмыс іздеп ауылдан қалаға келген қазақ жастары екендігі баршаға аян.
Міне, сондықтан да қоғамның саяси-әлеуметтік дамуының осындай аумалы-төкпелі кезеңінде өскелең ұрпақты нарықтық экономикалық және жаңа тұрпатты қоғамдық қатыпастарға бейімдеп, әлеуметтендіру мәселелеріне айрықша назар аударылып отыр.
Зерттеу мақсаты: Әлеуметтік топ түрлерінің даму ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығын көрсету.
Зерттеу міндеттері: 1. Жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі, әлеуметтік топтар және олардың даму ерекшеліктері туралы ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
- Әлеуметтік топтың және жеке тұлғаның топтағы алатын орны.
- Әлеуметтік топтың ерекшеліктерін, тұлғааралық қатынастарды анықтау үшін тестерді, сауалнамаларды қолдану.
Зерттеу объектісі: Әлеуметтік топтың түрлері, ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Әлеуметтік топпен жеке тұлғаның әрекеттесуі, әлеуметтік топ түрлерінің қалыптасу жолдары, жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.
Ғылыми болжау: Оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлға әлеуметтік-психологиялық жағынан бейімделіп, қоғамдағы орны белгіленсе, ұжымның толық мүшесі бола алады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу (саралау) жасау, сауалнамалар.
ІІ. Негізгі бөлім Жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделу жолдары
2. 1. Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің
алатын орны
Дж. Смезлердің «Әлеуметтану» атты кітабының Әлеуметтендіру деген 4-тарауында былай делінген. «Өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің ойдағыдай жүзеге асырылуына 3 нәрсе қажет: Үміт арту; Мінез-құлықты өзгерту; Үміт етіп күтіліп отырылған нәтижеге лайықты болуыға ықыластық».
И. С. Кон болса «Әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік құрылымдағы ерекше алатын орнына байланысты деп есептейді».
Орыс ғалымы Б. С. Алякринский «қарым-қатынас және оның шешу мәселелері» атты еңбегінде «әрбір адамға өте келеңсіз жағдайға түскенде мен күшінің жойылғанын ойлама деп кеңес берер едім. Өмірде кездесетін қиын жағдайларды бастан кешіре аламыз екендігін терең түсінуіміз керек» деген пікірін айтқан.
Орыс ғалымы В. Мясищев «Қарым-қатынас адам мінезінде үлкен рөл атқарады және де өзіндік реті бойынша әрекет нәтижесіне ұласады. Әрекет барысындағы алаңдар, кйзеліс қарым-қатынасты нығайтады, бұзады немесе бір ретке келтіреді».
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастырған атақты педагог В. А. Сухомлинский «Ұжымды тәрбиелеу әдісі» еңбегінде әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңыздысы екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуымызға болады.
«Кісінің қалыптасуы оның әрекеттену және басқа адамдармен ой алмасу, сондай-ақ сана-сезімінің пісіп жетілу процестерінде өтеді», - деген пікірді ғалым Г. А. Андреева айтқан болатын.
Р. С. Немов әлеуметтендіруді «жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі белсенді түрде меңгеру үрдіс нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып, адамдар арасында өмірге қажетті білім, әдет, дағдыларды, шеберлікті меңгеріп, оны белгілі бір міндетті шешу барысында қолданылуы» деп түсіндіреді.
Белгілі психолог А. С. Выготскийдің пікірінше, адамның жеке тұлға, кісі ретінде қалыптасуы әрқайсысының біршама өзіндік дербестігі бар, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты екі жақты дамудың - табиғи өсіп-жетілуі мен әлеуметтік пісіп толысудың - өзара әрекетінің жемісі. Бірақ адамның жан-жақты жетілген жеке адам ретінде қалыптасуы тек оны әлеуметтендіру процесінде жүзеге асырылады.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактатында» қала амдарының әр түрлі топтарына жеке-жеке сипаттама беріп оларды қоғамдық психологиялық негізгі категориялары ретінде ұсынып, талдау жасаған. «Адам - қоғамның ажырамас бөлігі. Адамдар өсіп-өне келіп түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді. Осындай қоғамдардың бірі- толық, екіншісі - толымсыз қоғам деп аталады. Толық қоғамның өзі үшке бөлінеді. Олар - үлкен, орташа және кіші қоғам. Үлкен қоғам - жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы. Орта қоғамға белгілі бір халық, тайпалар бірігеді. Ал кіші қоғамға жекелеген қалалардың тұрғындары, ондағы көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді», делінген.
Ұлы ағартушы Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі мен өнер таңдау» еңбегінде «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтің мүшесі. Әр адам өз ортасына қызмет етпеу. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолынан жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек, өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Әлеумет те, мемлекет те, әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді » деген пікір айтқан.
Академик Т. Тәжібаев «жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, екі кірген ересек кісі» деген анықтама берген.
Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның кандай болуы оны құраушы субъектілердің күш-жігеріне байланысты. Соңғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялык зерттеулер тұлға бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстыңбар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайыңда, күрделі экономикалық және саяси өзгерістер адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу объектісі - тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.
Адаптация термині түрлі ғылым саласында қолданылады және соған орай оның талдауы да әр қилы.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық адаптациясы - оның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық статусқа ие болу, қандай да бір қоғамдағы ролдік функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік-психологиялық адаптация процесінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары арасында үйлесімге қол жеткізуге ұмтылады. Оның жүзеге асуына қарай тұлға бейімделуі жоғарылайды. Толық адаптация барысында; адамның психикалық іс-әрекетінің орта шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.
Әлеуметтік-психологиялық адаптацияны тұлғаның қорғаныс құралы ретінде қарастыруға болады. Оның көмегімен ішкі психикалық шиеленіс, мазасыздық, тұрақсыздық жағдайы әлсіреп, шеттетіледі.
Өткен ғасырдың соңынан бастап америка ғалымы У. Джеймс пен оның жақтастары Ч. Дарвин еңбектеріне негіздей отырып сананың адам өміріндегі рөлі мен функциисын анықтау барысында сана теориясында функционалистік бағытгы ұсынды. Олардың айтуынша сананың негізгі функциясы - адаптация, ол адамның сыртқы ортамен әрекеттестігін реттейді. Позитивистер (А. Бандура, А. Маслоу, Г. Олпорт) тұлға адаптациясының бастауын оның ортамен қайшылығынан көреді. Әлеуметтік адаптацияның бихевиористер арнайы топтық жүріс-тұрыстағы, әлеуметтік қатынастағы немесе мәдениеттегі физикалық, әлеуметтік-экономикалық немесе ұйымдасқан өзгерістер ретінде қарастырады. Р. Хэнки анықтамасында "әлеуметтік адаптация термині индивид немесе топтын ортамен еш қайшылықсыз, әлеуметтік тепе-тендік жағдайыиа қол жеткізу процесі" деп танылады.
Соңғы кездегі зерттеулерде, атап айтқанда Б. С. Братусь, Г. Е. Зелаский, С. С. Бубнева еңбектерінде тұлғалық құндылықтар адам белсенділігін реттеу кызметін атқара отырып, сананың дүниетанымдық құрылымы мен тұлғанын, мотивациялық-қажеттілік сферасының қиылысындағы күрделі иерархиялық жүйе ретінде қарастырылады (М. С. Яницкий) . Құндылық бағдар бойынша жүргізілген сұрақтамада жастар бойындағы жалпы дәстүрлі құндылықтар жүйесінде ерекшеліктердің бар екені байқалады. Нәтижелерді талдау жастар бойында мәдени-әлеуметтік тәжірибенің берілуіндегі ауытқуды, бұрынғы мәдени құндылықтардың біршама өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Тұлғаның жаңа ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің мәнді белгісінің бірі осы құндылық бағдар.
Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастырар жаңа адам келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында - ата-анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбие-
сіне, аулада - аға буын өкілдерінің, көрші-қолаңның, құрбы-құрдастарының өнегелі үлгісіне, бір сөзбен айтқанда, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның - қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның, отбасының, мектептің, ауланың, қала берді, тіпті, балалардың өз ортасында бір нәрсеге қызығушылық нәтижетінде пайда болатын ресми емес, уақытша топтардың, ересек адамдардың ықпалынсыз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауым досты-
ғына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңіруі екіталай.
Ал адамзат баласына тән адамдық қадір-қасиеттер мен тұрмыс қаракетінің тауқыметін өз бойына сіңірмейінше, жас баланың қоғамдық өмірге бейімделуі, сіңісіп кетуі қиын, оның хайуандардан, жан-жануарлардан айырмашылығы шамалы. Мысалы, кездейсоқ бір себептермен кішкентай балаларды жыртқыш аңдардың алып кетіп, ондаған жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілеріп жұртшылық жақсы біледі. Елуден астам мәлім болған мұндай жайлардың барлығында дерлік балалар адам қалпынан айырылып қалған. Олардың бойында төрт аяқтап еңбектеп жүгіріп, өзін асырап өсірген хайуандардың барлық қимылдарына еліктеудөн басқа ешбір қабілет болмаған. Кейін олардың қолға түскендерін адам бейнесі-ле келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен тік жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бөрмеген. Демек, өмірге жаңадан келген әрбір жас нәрестенің, жаңа адамның пісіп-жетіліп, аяқтануы, өсіп-өніп, ер жетіп, есеюі барысында оның бойына адамзат қауымдастығына тән сапалық белгілер мен қасиеттерді сіңдіріп, қоғамдық өмірге даярлап, қосу - оны қоршаған нақты әлеуметтік ортасының - белгілі бір мемлекеттік құрлыстың, ондағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік қарым-қатынастар мен байланыстардың көрінісі тәріздес әлеуметтік институттарының - отбасының, мектептің, көпшілік ақпарат құралдарының т. с. с. тәлім-тәрбиелік ықпалына, сондай-ақ, аға буын өкілдерінің үлгі-өнегелік тағылымына тікелей қатысты.
Бұл процесс ғылым тілінде өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесі деп аталады. Әрине, өмірге жаңадан қадам басқан жас баланы әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге даярлау оған сырттай еріксіз таңылатын тәлім-тәрбиелік іс-шаралардың жәй жиынтығы емес, керісінше, тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден пісіп-жетіліп, өсіп-өніп келе жатқан әрбір жас баланың өзіндік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайларда керекті нәтиже беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен тәсілдерді таңдай және қолдана білуін қатаң талап етеді. Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс әрі орынды пайдалана отырып, қоғамда қабылданған адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын, құндылықтар мен білімдерді ықтиаттықпен меңгеруді, өзінің іс-қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабына лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруды талап етеді. Соның арқасында оның бойында өз мінез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың сондай қылықтарымен салыстыра отырып бағалау, сөйтіп өзінің кім екендігін түсіну, қоғамнан өз орнын табуға ұмтылушылық сезімдері, бір сөзбеп айтқанда, өзін-өзі танып білу қабілеті жетіледі.
Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғаш рет субъективтік тұрғыдан біржақты Батыс Европада жарық көрген ғылыми еңбектерде, атап айтқанда, австриялық психолог 3. Фрейдтің психикалық анализі және осы ілімнің негізінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Германияда пайда болған антропологиялық, мәдениет теориясын дамытушылардың еңбектерінде аталып, жас өспірімдердің психикалық, және жыныстық тұрғыдан пісіп-жетілуі оларды әлеуметтендірудің қайнар көзі ретінде қарастырылды.
Академик И. С. Кон өзінің «Бала және қоғам» атты еңбегінде «әлеуметтендіру» ұғымына берілген анықтамаға Я. Шепаньскийдің «Социологияның қарапайым ұғымдары» атты кітабына сілтеме жасаған болса, ал профессор Г. М. Андреева «Әлеуметтік психология» деген оқулығында философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми әдебиетте «әлеуметтендіру» ұғымы туралы бір-біріне кереғар анықтамалардың беріліп жүргендігін айта келіп, олардың бірнешеуін мысалға келтірген. «Әлеуметтендіру дегеніміз индивидтің әлеуметтік ортаға өндірулі», . . . «оның әлеуметтік ықпалға бой ұсынуы», . . . «оны әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне қосу» және т. с. с. .
Кең мағынасында "әлеуметтену" (латынның sосіаlіs-қоғамдық) ұғымы адамзат қоғамы мен жеке адамның даму процесін білдіреді. Соңғы екі он жылдықта бұл ұғым біздің әлеумсттік-психологиялық, филисофиялық, социологиялық әдсбиеттсрде кеңінен қолданылып келеді.
Бұл ұғымға жске адамның қальштасу процесі, оның түрлі әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі, әлеуметтік тәжірибені қабылдауы, қоғаммен өзара қарым-қатынасы; белсенділік дәрежесінің артуы кіреді.
Кейбір авторлар "әлеуметтенуді" антрогенез заңдылығы деп қарайды, сонымен қатар табиғаттың "әлсуметгенуі" туралы да айтады. "Әлеуметтену" ұғымының ғылыми маңыздылығын теріске шығарып, "жеке адамның" қоғам дайындаған бслгілі бір әлеумсттік рольдерді қабылдауы немесе "адамдардың әлеумсттік ортаға пассивті түрде бейімделуі" деп түсіндіретін көзқарастар да бар. "Жеке адам мәнінің қоғамдық қатынастардың жиынтығынан" тұратындығы туралы айтқан Маркстің ойлары да "әлеуметтену" ұғымының мәнін түсінуге толық мүмкіндік береді.
Т. Парсонстың және 40-60 жылдардағы американдық
социологтардың теорияларыада "әлеуметтену" жеке адамның сол өмір
сүріп отырған қоғамдағы әдет-ғұрыптарды, ережелерді, құндылықтарды игеру арқылы ортаға бейімделуі, яғни әлеуметтік бейімделу процесі деп атайды. Парсонс "әлеуметтенуді" жеке адамның әлеуметтік тәжірибені жинақтауға және рольді күту жағдайы деп көрсетеді. Оның көзқарасы бойынша, жеке адам басқалармсн аралас барысында жалпы құндылықтарды өзіне қабылдайды, осының нәтижесіндс жалпылық маңызы бар ережелерге еліктеу оның қажеттілігіне айналады.
И. Кон: "Нақты жске адам әлеуметтік тәжірибені қабылдау барысында әлеуметтендіріледі"' - деп түсіндіреді. ГВ. Осипов әлеуметтенуді жеке адамнъщ әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды қабылдауы арқылы қоғамға, түрлі әлеуметтік көпшілікке (топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым) араласу процесі дей отырып, осы процесс негізінде жеке адамның әлеуметтік маңызды тұлғасы қалыптасатындығын дәлелдейді.
Әлеуметтік жеке адамның дайын әлеуметтік үлгілерді механикалық түрде игеруін ғана білдірмейді. Жеке адам әлеуметтену объектісі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық белсенділікгің субьсктісі дс бола алады. Жеке адамның әлеуметтену процесі екі сатыны қамтиды: І. әлеуметтік бейімделу 2. Интериоризация. Біріншісі, жеке адамньщ әлеумсттік институттарға, әлеуметтік ережелерге, талаптарға, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделу процесін біддірсді. Екінші саты, интериоризация - бұл әлеуметтік құндылықтар мен ережелердің жеке адамның ішкі дүниесіне ену процесі.
Сыртқы ортадағы құндылықтардың ішкі "менге" әрбір нақты жеке адамның тәжірибелері негізінде қалыптасқан ерекшеліктеріне байланысты болады.
Әлеуметтік жүйе мен жеке адамның өзара байланысы барысында белгілі бір механизмдердің көмегі арқылы, жеке адам әлеуметтік жүйе тарапынан өзгеріске ұшырайды және керісінше жеке адамның әрекеті арқылы әлеуметтік жүйе де өзгереді. Алдыңғысын, жеке адамның әлеуметтену механизмі, ал соңғысын әлеуметтік жүйенің әлеуметтену механизмі деп айтуға болады.
"Әлеуметтену" мен "жеке адамның дамуы» адамның бүкіл өмірін қамтиды деген көзқарасты жақтай отырып, бұл екі ұғымды теңдестіріп қарауға болмайтындығын ескереміз. "Әлеуметтену" ұғымы "жеке адамның дамуымен" салыстырғанда неғұрлым нақтырақ больш есептелінеді. Өйткені, әлеуметтену адамда әлеуметтік жүйенің тарихи түріне сай салалардың, қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz