Жергілікті жердегі диалект сөздер



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті жердегі диалект сөздер

МАЗМҰНЫ

АҢДАТПА
3
КІРІСПЕ
7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕР

1 АЙЫРТАУ, ЗЕРЕНДІ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫ ТІЛІНДЕГІ
ДИАЛЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР 9
1.1 Айыртау, Зеренді өңірі туралы жалпы мәлімет
10
1.2 Айыртау, Зеренді аудандары қазақтары тіліне
диалектологиялық зерттеу жүргізудің теориялық негіздері 11
1.3 Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары тіліндегі фонетикалық
ерекшеліктер 14
1.4 Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары тіліндегі грамматикалық
ерекшеліктер
15
1.5 Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары тіліндегі лексикалық
ерекшеліктер 16

ҚОРЫТЫНДЫ
21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
22

ҚОСЫМШАЛАР
23

ПІКІР
                                                                              
                                  2 9

АҢДАТПА

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Бұрынғы Көкшетау облысы қазақтарының тілі – қазақ халқының әдеби
тіліне өте жақын деп есептеледі. Дегенмен ондағы кейбір диалектілік
қолданыстық ерекшеліктерді қарастыру – жұмыстың басты мақсаты болып
табылады.

Міндеттері:

Ғылыми жұмыстың мақсатын іске асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:

1. Қазақстанның солтүстік өңірі, оның ішінде бұрынғы Көкшетау
облысының Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары туралы мәліметтерді қарастыру;

2. Аталған өңірдегі қазақтардың тілдік ерекшеліктеріне сипаттама
жасау;

3. Диалкетілік ерекшеліктерді танытатын сөздерді фонтетикалық,
грамматикалық категориялар бойынша жіктеу;

4. Жинақталған материалдар бойынша жұмысты аяқтау, қорытынды жасау.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, талдау, қорыту, баяндау,
сипаттау және басқа да әдістер қажетіне қарай қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Қазақ диалектологиясы туралы мектепте қарастырылып мағлұмат беріледі
және онда солтүстік-шығыс диалектісі бар екендігі ғана үстірт айтылғаны
болмаса, нақты зерттеулер аз кездеседі. Көбінесе оңтүстік немесе батыс
қазақтары тіліндегі ерекшеліктер мысал ретінде алынғанын көруге болады.
Сондықтан да, ғылыми зерттеу жұмысымызда бұрынғы Көкшетау облысының,
қазіргі Солтүстік Қазақстанның Айыртау, Ақмола облысының Зеренді
аудандарының бірнеше ауылдарында диалектологиялық зерттеу, жинақтау
жасауымыз – аз да болса, ғылыми жаңалық болып табылады.

Зерттеу пәні:

Қазақ тілі пәнінен мектеп қабырғасында меңгерген білімнің негізін
құрайтын, қазақ тіл білімі ғылымының теориялық ұстанымдары зерттеудің пәні
болып табылады.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы:

Зерттеу жұмысы нәтижесінде жинақталған мағлұматтарды жергілікті өлке
тануда, тіл білімі ғылымы бойынша ізденістер жасауда қолдануға болады.

Зерттеу гипотезасы:

Зерттеу жұмысы бойынша жинақталған мәліметтер ары қарай кеңейте
зерттеуді қажет етеді. Солтүстік өңір қазақтарының тілінде аз да болса
диалектілік ерекшеліктер кездеседі. Бұл – ежелгі рулық-тайпалық құрылымға
байланысты болса керек. Болашақта осы бағытта көптеген жұмыстар жасалуы
керек.

Зерттеудің нәтижесі:

Айыртау, Зеренді өңірі қазақтарының тіліндегі диалектілік ерекшеліктер
біршама жинақталып, ғылыми жүйеге түсірілді. Фонетикалық және сөйленістік
ерекшеліктерге сипаттама жасалды. Болашақ зерттеу жұмысына бағыт-бағдар
жасалды.

ABSTRACT

Aim of work of research :

To the language literary people of Kazakh the Former language of Kazakhs of
area of Кokshetau - the very lateral counted talks. However then some
dialectal to examine the use of feature is is a primary objective of work.

Duties:

scientific aim of work such are marked obligated, to carry out,:

1. Side of clothing of north of Kazakhstan, more Divide, including areas of
Коkshetau former to examine taking about Kazakhs of side of clothing of
Зеренды;

2. To the language features of Kazakhs aboard a clothing, that named, to do
description;

3. Dialectal features to classify words that show itself, according to
phonetic, grammatical categories;

4. That was added up, according to materials to end work, final dowry.

research methods:

during research to summarize, compare, discuss, work out the total, give a
report, characterize and it is necessary methods and fitting other was
used.

Scientific news of work of research :

Examined about dialectology of Kazakhs at school, taking is given and if I
am not that a dialect of north-east is only екендігі is not then
superficial talked, exactly to investigate meets small. Features on a south
or language of Kazakhs of west, more Often only on time of example were
taken, it is possible to look. therefore and, scientific I investigate work
former Кокчетав area, nowaday north of Kazakhstan of Аiyrtau, Аkmola area
Zerenda district a few an aul is dialectology I investigate, add up a dowry
- small and

article of research :

Basis of knowledge, that mastered the article of language of Kazak on the
wall of school, the article of research was made, Kazakh theoretical credos
of science of linguistics is.

Importance of experience of research :

Knows information that was added up as a result of work of research, local
edge, it is possible on to do searches according to science of linguistics
to apply.

Assumption of research :

Needs extending looking the conscience of information, that added up to
investigate according to work, investigate. A north meets dialectal
features it is not enough to be in language of Kazakhs of region. It is тег
of ancient exit connection, being needs to the structure. It is necessary
to be done works that increased in the future on this direction.

Research result:

Dialectal features in language of Kazakhs of side of clothing of Zerendy,
Аiyrtau some added up, went down on the scientific system. Phonetic and the
colloquial was done description to the features. To work of research of the
future direction of achieved .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақ тілі пәні бойынша біз мектеп
қабырғасында тіл ғылымының көптеген салалары бойынша белгілі дәрежеде
біршама мағлұмат аламыз. Соның ішінде қазақ тіліндегі диалектілер мен
олардың әр аймақтардағы көрініс табуы туралы түсінік орта буын сыныптарынан
бері оқытылып келеді. Сондықтан да диалектілер, олардың тіліміздегі
қолданысы туралы біздің қатарластарымыз, мектеп оқушылары жалпы түсінікке
ие. Дегенмен, мектеп оқулықтарында берілетін мысалдардың барлығы белгілі
бір аймақтың қолданысына қатысты берілгендіктен, неліктен жергілікті
өңірдегі дилектілік ерекшеліктерді зерттемеске деген ой туындады және осы
мақсатты жүзеге асыру үшін бұрынғы Көкшетау облысының екі ауданы алынды.
Облыс орталығына жақын орналасқан ауылдардың тұрғындары біртекті байырғы
тұрғындарды құрай алмайтындықтан, Көкшетау қаласы маңындағы елді-мекендерде
мұндай зерттеу жүргізу мүмкін болмады. Біздің ғылыми жұмысымыздың тақырыбы
Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары тіліндегі диалектілік ерекшелік деп
аталады және жергілікті өңірді айқынырақ танып білу тұрғысында аталған
тақырып өзкеті деп білеміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жалпы қазақ тілінің таралу аумағындағы
құрамбас бөлік болып табылатын бұрынғы Көкшетау облысы қазақтарының
тіліндегі өзге өңірлерге қарағанда байқалатын фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық өзгешеліктерді қарастыру, зерттеу, осы арқылы өзіндік ой
қорыту – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсатын іске асыру
үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
- Айыртау, Зеренді өңірі туралы жалпы қысқаша мәлімет беру;
- зерттеу нысаны Айыртау, Зеренді аудандары қазақтары тіліне
диалектологиялық зерттеу жүргізудің теориялық негіздерін айқындау;
- аталған өңір қазақтары тіліндегі фонетикалық, грамматикалық және
лексикалық ерекшеліктерін саралап көрсету;
- аталған мақсат пен белгіленген міндеттер бойынша ізденіс жасау
арқылы белгілі бір қорытынды шығару нәтижесінде ғылыми жұмысты аяқтап шығу.

Зерттеу нысаны: Қазақ тіл білімі ғылымының диалектология саласы ғылыми
зерттеу жұмысының нысаны болып табылады.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу жұмысында сұхбаттасу, тыңдау, түртіп алу,
таспаға жазып алу, материалдарды сұрыптау, салыстыру, талдау, зерттеу, ой
қорыту, ғылыми сипаттау т.б. әдістер тиісінше қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Айыртау, Зеренді өңірі қазақтарының
тілдік қолданыс ерекшеліктері туралы бұрын-соңды ғылыми жоба ретінде
қарастырылмағандығын көреміз. Сондықтан да, ғылыми зерттеу жұмысымызда
жинақта да, өзіндік ғылыми жаңалыққа ие болып табылады.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы: Зерттеу жұмысы нәтижесінде
жинақталған мағлұматтарды жергілікті өңірді танып білу мақсатындағы ғылыми
жұмыстар жүргізуде қолдануға болады.

Зерттеу гипотезасы: Айыртау, Зеренді өңірі қазақтарының тіліндегі
диалектілік ерекшеліктер болашақта барынша жинақталып, ғылыми бірізді
жүйеге түсіріледі. Фонетикалық және сөйленістік ерекшеліктерге сипаттама
жасалады. Бұл жұмыс болашақ ірі зерттеу жұмысына бағыт-бағдар болып
табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, аңдатпадан
(абстрактіден) негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары тіліндегі диалектілік ерекшеліктер
1.1 Айыртау, Зеренді өңірі туралы жалпы мәлімет

Біз ғылыми жұмысымыздың нысаны ретінде алған Айыртау, Зеренді өңірлері
– табиғаты әсем Көкшетау өлкесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сарыарқа
қыратының солтүстігінде орналасқан Сандықтау, Жалғызтау, Жыланды, Имантау,
Сырымбет, Желтау, Қасқатау, Тұяқтау т.б. таулар жүйесінің көбі негізінен
аталған аудандардың аумағына кіреді.
Біз диалектологиялық зерттеу барысында аталған аудандардың
тұрғындарымен тікелей тілдік қарым-қатынастық байланысқа шыққандықтан,
аудандар мен олардың құрылуының қысқаша тарихы, тұрғындардың ұлттық құрамы,
қазақы шежіре бойынша рулық бөлінуі туралы да қарастырған болатынбыз.
Айыртау ауданы 1928 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау облысы
таратылған кезде Солтүстік Қазақстан облысына қараған. Қазіргі Айыртау
ауданы бұрынғы Арықбалық және Айыртау аудандарының қосылуы нәтижесінде 9620
шаршы шақырым аумаққа ие. 2010 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық дерек
бойынша ауданда 47764 тұрғын өмір сүрген. Оның 38,9 пайызын немесе 18596-
сын қазақтар құраған[1]. Орталығы – Саумалкөл кенті.
Айыртау – ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын, әнші серілер Орынбай
Бертағыұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, ҚР Елтаңбасының
авторы Шота Уәлиханов сияқты күллі қазақ халқына танымал тұлғалар дүниеге
келген қасиетті өлке.
Зеренді ауданы – Айыртау ауданының оңтүстігі мен шығысын алып жатыр.
1935 жылы құрылған аудан 1997 жылы Зеренді және Көкшетау аудандарының
қосылуы арқылы ірілендірілген. 2010 жылғы есеп бойынша ауданда 41312 тұрғын
болса, оның 61,1 пайызын немесе 25255-ін қазақтар құраған[1]. Зеренді
ауданы жерінде Науан хазірет Таласұлы, белгілі жазушы Жанайдар Мусин, қоғам
қайраткері Баян Жанғалов, Ақан серінің Балқадиша әніне арқау болған
Балқадиша сұлу қатарлы белгілі тұлғалар өмірге келген.
Қатарлас жатқан екі ауданның жері де табиғаты көрікті, таулы-қыратты,
өзенді-көлді, орман-тоғайлы, топырағы құнарлы болып келеді. Тарихи деректер
бойынша ХҮІІІ ғасырдан бастап бұл өңірлерге Орта жүз рулары мекендей
бастаған екен. Екі ауданның да жерінде негізінен Орта жүз Арғын тайпасының
қарауыл руы көбірек қоныстанған. Қарауыл руынан кейін атығай руына жататын
қазақтар жиі кездеседі. Сонымен бірге Бәсентин, Керей және Уақ, Төре т.б.
тайпаларына жататын қазақтар да кездеседі. Айыртау, Зеренді аудандарында
Қарауыл руының Шұңғырша, Жаулыбай, Қантай, Көлдей, Көшей, Қылды, Қанай т.б.
аталатын кіші рулары көптеп қоныстанған[2].
Жері құнарлы, егін салуға қолайлы болғандықтан, бұл өңірлерге ХІХ
ғасырдың басынан бастап, Ішкі Ресейден, Украинадан қоныс аударған орыс,
украин шаруалары мен казактар көптеп қоныстанған және бұл үрдіс өткен
ғасырдың 60-жылдарына дейін жалғасқан [3]. Сол себепті жергілікті
қазақтардың тілдік, мәдени қарым-қатынасында орыс тілі мен мәдениетінің
ықпалы бар деп есептеледі. Қазақтар ежелде шағын қыстақтарда біртұтас өмір
сүрсе, кеңес үкіметі тұсында өзге ұлт өкілдерімен аралас қоныстана
бастаған. Аталған аудандар жерінде тілдік ортасы, қазақы салт-дәстүрлері
таза сақталған көптеген қазақ ауылдары бар екенін көреміз. Олардың
қатарында Өскен (Үкілі Ыбырай), Биіктесін, Дөңгілағаш, Дәуқара, Ақан,
Қарасай-Ағынтай, Жұмысшы, Қантай-Бірлестік, Жаңауыл, Жолдыбай, Жылымды,
Үлгілі, Қарабұлақ, Кеңащы, Әлжан және т.б атауға болады және біздің ғылыми
зерттеу жұмысымыздың нысанасы да осындай елді мекендер болды.
Зерттеу барысында келесі тұрғындармен әңгіме-сұхбаттар жүргізіліп,
диалектілік ерекешіліктер жазып алынды:
1. ФИО... (46 жаста, Айыртау ауданы, Қарасай-Ағынтай батыр аулынан)
2. Мейрамов Абай (49 жаста, Зеренді ауданы, Жылымды аулынан);
3. ... . (71 жаста, Айыртау ауданы, Қарасай-Ағынтай аулынан);
4. ... . (74 жаста, Зеренді ауданы, Жаңауыл аулынан);
5. Әбілғазин Серікбай (49 жаста, Зеренді ауданы, Жаңауыл аулынан);
6. Нұрмағамбетов Исабек (60 жаста, Зерендіден);
7. ... .. (63 жаста, Айыртау ауданы, Әлжан аулынан);
8. ... .. (72 жаста, Айыртау ауданы, Әлжан аулынан);
9. Ибраева Бахыт (54 жаста, Зеренді ауданы, Үлгілі аулынан)
10. Ибраев Орал (47 жаста, Зеренді ауданы, Үлгілі аулынан)

1.2 Айыртау, Зеренді аудандары қазақтары тіліне диалектологиялық
зерттеу жүргізудің теориялық негіздері

Диалектологиялық зерттеу жүргізу үшін диалект туралы, диалектілерді
зерттейтін диалектология ғылымы туралы мағлұматтарды қысқаша қарастыру жөн
деп білеміз.
Диалектология – тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде дамып отыр.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің диалектілік ерекшелігі туралы
алғашқы мәліметтер Х ғасырда жазылған Махмұд Қашғаридың Түркі тілінің
сөздігінде кездеседі.
Қазақ тіліндегі диалектілерді қазақ диалектологиясы ғылымы зерттейді.
Диалектология – грек тілінен енген сөз, диалектос – сөз, сөйлеу, логос
– ілім деген мағынаны білдіреді. Диалектология пәнінің негізгі мақсат-
міндеті – жалпыхалықтық түсінікті тілден өзгеше белгілі бір аймақты,
территорияны қамтитын тілдік ерекшеліктер. Осы тілдік ерекшеліктер
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық болып 3-ке бөлінеді[4].
Диалект – жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақта ғана
жұмсалатын тілдік ерекшеліктердің жиынтығын қамтиды. Ол жалпыхалықтық
тілдің бір бөлігі ретінде қолданылады. Шығысында Қытай Халық
Республикасының Шыңжан Ұйғыр автономиялы ауданынан бастап, батысында Ресей
Федерациясының Вологоград облысына дейін, оңтүстігінде Өзбекстан
Республикасының Науаи облысынан Ресей Федерациясының Қорған, Түмен
облыстарына дейін 7 мемлекеттің аумағында тұтаса мекендеп жатқан 16 миллион
қазақтар тілінің өзімен көршілес немесе аралас өмір сүретін халықтар
тілінің ықпалына қарай диалектілік ерекшелігі бар екендігі белгілі. Мысалы,
Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан қазақтарына өзбек тілінің ықпалы сезіледі.
Жамбыл, Алматы облысы қазақтары тіліне қырғыз тілінің біршама әсері бар деп
есептеледі[5].
Біз зерттеу нысаны ретінде алып отырған солтүстік қазақтары тілі орта
ғасырдағы қыпшақ тілінің қазіргі заманғы нұсқасы болып табылады және аз да
болса әдеби татар тілінің ықпалы барлығын зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен
екен. Себебі, татар, башқұрт халықтары қазақ даласының солтүстігінде
ежелден бері көрші тұрып, қарым-қатынаста болды. ХҮІІІ ғасырдың ортасына
дейін қазіргі Көкшетау, Қызылжар өңірлерінде башқұрт рулары қазақтармен
қатар мекендеген. Сонымен бірге, ХІХ ғасырдан бастап татар саудагерлері мен
молдалары әрбір қазақ ауылында болып, араластық күшейе түскен. Қазақ
тіліндегі алғашқы әдеби кітаптар да Қазан және Уфа қалаларында жарық көрді.
Татар, башқұрт тіліне лайықталған баспа тілі қазақ кітаптарына үлкен әсер
еткен. Және бір ескерерлігі – солтүстік өңір қазақтарының оқыған
зиялыларының бірсыпырасы татар қыздарына үйленген. Атап айтқанда, Мағжан
Жұмабаев, Науан хазірет т.б. Міне, осындай көптеген байланыстардың
арқасында солтүстіктегі туыстас халықтардың тілдік ерекшелігі солтүстік
қазақтарына әсер еткен. Мысалы: рахмет-рәхмат, бес-беш, тілмәш-толмач, ғафу
етіңіз-кешірерсіз, есіміңіз кім?-атыңыз кім т.б.
Ал говор (сөйленіс) шағын аймақты ғана қамтитын жергілікті тіл
ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді
қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей ғана жерді қамтуы
мүмкін. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің таралуына орай кейде говорлардың
өзі подговорларға бөлінеді. Негізгі диалектілік ерекшеліктері біркелкі
болып келетін говорлардың тобы наречие деп те айтыла береді.
Біз зерттеу жұмысын жүргізу барысында бұл құбылысқа айқын көз
жеткіздік. Мысалы, ХХ ғасырдың соңына дейін Көкшетау облысының құрамында
болған Қызылту, қазіргі Уәлихан ауданы мен Айыртау, Зеренді өңірі қазақтары
тілі арасында біршама сөйленістік өзгешеліктер бар. Мысалы: жәшлә – оттық
(алғашқысы Қызылту сөйленісінде, соңғы сыңары Айыртау-Зеренді
сөйленісінде); қызыл жел – ыстық жел, мосыла – иінағаш, бірбеткей – ат қора
т.б.
Біз зерттеу барысында диалект сөз деп тану үшін қандай шарт болу
керек екендігіне де назар аудардық. Осыған байланысты мына жағдайға көз
жеткізілді:
1. Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір говорға, диалектіге тән
сөз болу керек. Әдеби тілде немесе өзге де диалектілік баламасы болу керек.
Мысалы, Зеренді өңірінде жиі айтылатын дәкөй сөзінің үлкен деген әдеби
баламасына қоса, Қазақстанның әр жерінде қолданылатын дәу, әйдік және нән
т.б. баламалары бар.

2. Диалектизмнің өзінің таралу шегі, аймағы болу керек. Серіңке сөзі
біз зерттеу нысаны ретінде алып отырған аудандар мен оларға көрші өңірлерге
ғана тән. Бұл мағынаны беретін сөзді Қазақстанның өзге аймақтарында чырпы,
кеуірт, күкірт, оттық т.б. түрлі атаулармен айтатындығын білеміз.

Диалектілердің пайда болу, қалыптасу тарихы халық, ұлт тарихымен, оның
этнографиясымен (әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі т.б.), географиялық орналасуымен,
шаруашылық-кәсібімен тығыз байланысты болатындығын білеміз. Өйткені
жергілікті ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ұштасып жатады. Мысалы,
біз қарастырған өңірде тайтұяқ сөзінің халықтық тілдегі мағынасынан (тай
тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрал деген мағынасы тағы
бар. Бұл атау жергілікті халықтың ежелде тайдың немесе аттың тұяғынан мұз
оятын құрал жасау әдетінен туған болса керек.

Қазақ тілін зерттеуші диалектологтер диалектілердің шығу жолдарын үш
түрлі жағдаймен байланыстырады:

1. Тарихи жағдайларға байланысты

2. Белгілі бір кәсіптік сөздерге байланысты, яғни белгілі бір
кәсіптің, шаруашылықтың түрімен байланысты

3. Көршілес тілдердің әсерімен байланысты

Өзімізге таныс мектеп оқулықтарындағы жаттығуларда солтүстік өңір
қазақтары тіліндегі дилектілік ерекшеліктер мен қолданыстарға мысалдар аса
көп келтіріле бермеген. Бұған қазіргі аталған аймақ тілі қазақ әдеби
тілінің диалектілік негізі болды деген ғылыми тұжырым себеп болса керек
[6].
Ресейлік профессор Н.А.Баскаков былай деп атап көрсеткен екен:
Солтүстік-шығыс диалект қазіргі қазақ тілінің негізі болды. Абай Құнанбаев
(1845-1904), Ыбырай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Диалектология ғылымының зерттелуі
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Диалект сөздер
Әдеби қазақ тілі
Тахауи Ахтановтың Шырағың сөнбесін шығармасы тіліндегі диалектілік сөздердің қолданысы
Диалектілік лексика
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Қазақ диалектологиясының зерттелуі
Пәндер