Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе бөлім ----------------------------------- ----------------------
-------3-4
2. Негізгі бөлім
2.1. Жұмбақтардың тақырыбы, мазмұны---------------------------- --5-
6
2.2. Жұмбақтардың өзіне тән ерекшеліктері---------------------- ----
7
2.3. Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық
сипаты----------------------------------- ------------------------
-------8-12
2.4. Қазақ жұмбағының көркемдік-стильдік сипаты---------------13-20
2.5. Қазақ жұмбағының басқа жанрлармен арақатынасы----------21-22
2.6. Дәстүр жалғастығы ----------------------------------- ----------
------23-24
3. Қорытынды бөлім ----------------------------------- --------------------
-----25-26
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ----
---27

І. Кіріспе бөлім

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі заманға
дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі – жұмбақтар. Ол – барлық
елдің ауыз әдебиетіне ортақ жанр.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына
қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл коллекетивтің еңбек-кәсіп ету,
тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесінен туған.Алғашқы кезде адам баласына
дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден
жаратылғандығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол
жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс
дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар
жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды көздеген. Ол үшін өздеріне таныс
бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың
бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қандай зат екендігін, неден
шыққандығын анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осылай шыққан.
Бертін келе адам баласының ой-өрісі, дүние танымы, білім көлемі
ұлғайған кезде, жаратылыс дүниесінің және заттардың шығу сырын анықтап,
аңғарған кезде жұмбақтар алғашқы қалпынан өзгере бастайды. Бұл кезде
шығарылған жұмбақтарда адамға таныс заттардың немесе жаратылыс
құбылыстарының сыртқы белгілері алынады, соған қарап жұмбақ шығарылады.
Жұмбақ заттың өзін айтпай, оның түр-түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып
отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырын ұстайды.
Сондықтан да ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін,
сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілегн затты
табуды жұмбақ дейміз.
Жұмбақтың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардың тұрмыс-тіршілігіне,
еңбек-кәсіп ету жайларына байланысты туып, кейінен халық өмірімен біте
қайнасқан, талай ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму
процесінде жаңа мазмұн, жаңа тақырып алып отырған. Ауыз әдебиетінің басқа
тарихи дәуірлер туғызған жаңалықтарды бойына жинай келген. Қай кезде болса
да, жұмбақты еңбекші халық оралымды ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде
қолданған. Мұнымен қатар, жұмбақтың білім берерлік, білмегенді білуге
ұмтылдырарлық қасиеті барлығын халық жақсы түсінген. Сондықтан да жұмбақ
халықтың күнделікті өмірінен ерекше орын алған.
Жұмбақ айту - әр халықтың әріден келе жатқан дәстүрінің бірі.
М.Әуезов жоғарыда аталған еңбегінде, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып салтында
жұмбақтың ерекше орын алғандығын айта келіп, былай деген: Кейде, бүкіл бір
ертек жұмбақтан туады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының
жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін
жұмбақпен сынау машық болған. Бұл – тарихи шындыққа негізделген пікір.
Қазақтың көптеген ертегілеріне мазмұн болған да немесе сондағы көп
әңгімелердің түйінін шешетін де жұмбақ болған. Бұған Қарттың ұлына айтқан
өсиеті, Қарт пен тапқыр жігіт, Аяз бидің ертегілері дәлел. Сондай-ақ,
ерте заманда күйеу таңдаған қыздар: Жұмбағымды шешкен жігітке ғана тием,
- деп, жұмбақты өнер салыстыру, жігіттің ақыл-ойын сынау ретінде қолданған.
Бертін келе жұмбақ ақындар айтысынан орын алған. Айтысқа түскен ақындар бір-
бірінің ақындық өнерін байқаумен қатар, білім көлемдерін де сынасқан; ол
үшін бір-біріне жұмбақ берісіп, өнер салыстырған. Ал енді кейбір елдерде
жұмбақ үлкен әңгімелі жырлар тууына себепкер болған. Мәселен, ескі грек
жұртының Эдип патша жайындағы трагедиялы әңгімесі жұмбақтан басталып, көп
жағдайларды суреттеген.
Міне, мұның бәрі ауыз әдебиетінде жұмбақтардың мәні зор болғандығын
көрсетеді.
Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік тәрбиелік мәні бар
құралдың бірі.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жұмбақтардың тақырыбы, мазмұны.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат
жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның
өмірі, өнер-білім, техника, т.б.жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар,
мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде,
әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын
көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе. Дегенмен, кейбір тақырыптағы
жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім,
техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа
бастағанын байқаймыз. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сойлейді (хат), Өзі
жаңа, өзі тесік (елеуіш) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін
емес. өйткені ертедегі адамдарға хат, елеуіш дегендердің өзі түсініксіз
болатын. Сондықтан бұл тектес жұмбақтарды белгілі кездің шығармасы деп
қарауымыз керек.
Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін
тану әрекетіне байланысты туған деуге болады. Бұл тақырыптағы жұмбақтарға
адамдардың дүниетанудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы
ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен Көкті, от пен суды,
қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б.жұмбақ еткенде,
өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселерге салыстырады.
Қазақ жұмбақтарының күрделі бір тақырыбы – төрт түлік мал, жалпы
хайуанаттар жайына арналады. Мал өсіріп, кәсіп еткен, оның сырын жақсы
білген халық төрт түліктің өзіне тән мінезі мен қасиетін, адам баласы үшін
жасайтын қызметін, келтірер пайдасын айтып, жұмбағына қосады. Төрт түлікті
жұмбақ еткенде, әрбір малдың аты айтылмайды, тек мүшелері айтылады.
Хайуанаттар дүниесінен жұмбаққа қосылатыны: қасқыр, қоян, аю,
жолбарыс, арыстан, т.б. Бұларды жұмбақтағанда, олар сыртқы бейнесімен,
мінез-қылығымен алынады. Кейде жыртқыш аңдар жұмбақ көлеміне өздерінің адам
баласына, төрт түлікке жасайтын қастығымен енеді.
Хайуанаттермен қатар, қазақ жұмбақтарынан шыбын-шіркей, құрт-
құмырсқа, бақа-шаян, т.б. қысқасы, барлық жәндіктер дүниесі орын алады.
Бұлар өздерінің түс-түгі, сыртқы белгілерімен, әр түрлі тіршілігімен
жұмбаққа енеді.
Жұмбақтардың аса мол тақырыбы – еңбек-кәсіп құралдары және тұрмысқа
керекті жабдықтар жайына арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі
құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін қамтиды.
Қазақ жұмбақтарының тақырыбы және мазмұны жағынан әрі күрделісі, әрі
көбі: оқу-білім, өнер, техника жайын суреттеуге арналады. Бұл тақырыптағы
жұмбақтардың біразы қазақ елінің Ресей мемлекетіне қосылған кезінде туған
секілді. Ал басым көпшілігі біздің заманымызда, қазақ халқының экономикасы
мен мәдениеті өркендеген кеңестік дәуірде туғандығын байқаймыз.
Кеңестік дәуірде қазақ халқы экономикасы өркендеген, мәдениеті
гүлденген елге айналды, оқу-білім, техникаға ие болды. Ертедегі қазақтардың
түсіне енбеген, тек арманы болған мәдениет ордалары, оқу-білім беретін
орындар, техника құралдары көбейді. Қазақ жастары оқуға ұмтылды, әр түрлі
жоғары мамандықтар алды, техниканы меңгерді. Қазақ ауылының тұрмысына енген
бұл жаңалықтар халықтың ауыз әдебиетіне, соның ішінде жұмбақтарға үлкен
әсер етті; тақырыбы мен мазмұны жаңа жұмбақтар тууына себепкер болды.

2.2. Жұмбақтардың өзіне тән ерекшеліктері
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, жұмбақтардың да өзіне тән
ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жұмбақтар тапқырлыққа құрылады. Жұмбақтың
өзі де, оның шешуі де асқан тапқырлықпен құрылуға тиісті. Сонда ғана ол
жұмбақ болады.
Жұмбақтар фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Ол жұмбақ
көлеміне енетін нәрселерді алыстағы бұлдырдан емес, адамның көз алдындағы,
күн сайын көріп, біліп отырған нәрселерін жұмбақ етеді. Бұл нәрселерді
жалпылама түрінде алмай, бөлшектеп, жекелеп алады, әрбір заттың бөлек-бөлек
бөлшектеріне айрықша көңіл аударады. Мәселен, жұмбаққа сиырды енгізгенде,
оның өзін айтумен қабат, мүйізін де, емшегін де сүтін де бөлек жұмбақ
етеді.
Жұмбақтың өзіне тән ерекшелігі – жұмбаққа алынатын нәрселерді
атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде.
Кейде жұмбақ әрбір заттың неден істелгенін, тегі қандай екенін,
кейіннен, қандай күйге түскенін де сипаттайды.
Жұмбақтарда көп кездесетін ерекшеліктердің бірі – заты жақын заттарды
парлап, қосарлап айтуында. Ай мен Күн, Жер мен Көк, қыс пен жаз, күн мен
түн, қол мен аяқ, т.б.жұбымен алынып, жұмбаққа қосылады.
Жұмбақтың қайсысы болса да негізгі ойды образ, оралымды ұшқыр сөз
арқылы білдіреді. Көркемдік суреттеу құралы болып табылатын теңеу, метафора
жұмбақта көп қолданылады. Бір нәрсені екіншісіне теңеп, салыстыра отырып
образ жасайды.
Қазақтың жұмбақтары, өзінің құрылысы, сөз айшығы жағынан мақал мен
мәтелге ұқсайды және көбінесе өлең түрінде келеді. Ұйқасым, ырғақтарды
сақтап отырады. Мұнымен қатар, жұмбақтарда да дыбыс үндестігі, дыбыс
қайталаушылық, сөйтіп барып айтайын деген ойға тыңдаушының көңілін
бөлушілік көп кездеседі.

2.3. Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты

Басқа фольклорлық мұралар сияқты жұмбақтың да пайда болу, қалыптасу,
даму тарихы бар. Жұмбақтың арғы тегі көне дәуірлерден тамыр тартып, алғашқы
қауымдық кезеңдерден бастау алады. Халықпен бірге жасасып келе жатқан
жұмбақ жанры әлі де дамуын тоқтатпай, дәстүрлі сабақтастығын жалғастыру
арқылы ұдайы толығу, жетілу, шыңдалу үстінде.
Қазақ жұмбақтарының тарихын танып-білуде 13-14 ғасырлар шамасында
дүниеге келген қыпшақтардың Кодекс-Куманикус атты сөздігі құнды
жәдігерлік болып табылады. Аталмыш ескерткіште 47 жұмбақ хатқа түсірілген.
Мұның ішінде қазіргі тілімізде бар Көкше лағым көгенде семіреді, Бұты,
бұты ұзын, бұтынан да қолы ұзын деген жұмбақтарды да ұшыратамыз. Ал Ақ
үй, мама, авзу жоқ деген жұмбақ қазіргі тілімізде Ақ отау, аузы-мұрны
жоқ отау деген нұсқада сақталып отыр.
Қазақ жұмбақтарының жинала бастаған кезеңі – XIX ғасырдың аясы. Шоқан
Уәлиханов хатқа түсірген 20 шумақ өлең-жұмбақ Санкт-Петербург
мұрағаттарында сақталған. Бұл жұмбақтар алғаш рет Әлкей Марғұланның
назарына ілінген, кейін 1992 жылы Ана тілі газетінде жарияланды. Осы
мұрағатта сақталған авторы белгісіз біреудің қазақ ауыз әдебиеті туралы
зерттеуінде Шоқан жазған сын-пікірді оқи аламыз.
Ы.Алтынсарин өзі хатқа түсірген халық әдебиеті үлгілерін таза
педагогикалық мақсаттағы қызметіне байланысты пайдаланған. Ы.Алтынсариннің
өзі тұстас орыс шығыстанушылары мен саяхатшыларынан айырмашылығы сол – ол
бала кезінен қазақ ертегілері мен батырлар жырын, жұмбақтар мен мақал-
мәтелдерді тыңдап, еркін сусындап жаттап есейді, ғұмыр бойы фольклорлық
дәстүрі қаз қалпында сақталған ортадан байланысын үзбеген, кейінгі ұстаздық-
ағартушылық жұмысты өмірлік мұрат етіп, осы салада қажымай талмай еңбек
сіңірген кезінде фольклорды халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінен
туған тәрбиенің алтын құндағы, пәрменді құралы деп қарады. Педагог Қазақ
хрестоматиясына фольклор мен ауыз әдебиеті үлгілерінен тек қолына
іліккенін емес, көркемдігі жағынан айшықтыларын, жасөспірімдердің ой-
дүниесіне қозғау салатындай тартымдыларын екшеп алған. Ағартушы ғалым
жұмбақтардың бүлдіршіндерді ынтықтыратындай, ой-қиялын ұштайтындай
тәрбиелік қасиетін бағалай білген. Ы.Алтынсариннің жинаған жұмбақтар
тақырып жағынан алуан: көшпелі өмір салтына өрбіген, төрт түлік мал, киіз
үй, оның жасаулары, тағам түрлері т.б. Ең бастысы – балалардың білім, жас,
сана ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталып, іріктелініп алынған. Ағартушы өзі
жинаған 64 жұмбақты орыс тіліне аударған. Алайда, ертеректе жазылған бұл
мұралар кейінгі жұмбақ топтпмаларында қысқартылып беріліп жүр:
Дүниеде бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдайтын денесінде.
Ішінде бақша-бақша сүйегі бар,
Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.
Тұрады адам келсе, аузын ашып,
Кетпейді келген адам онан қашып,
Барады ақырын-ақырын қадам басып (Киіз үй)

Құдайдың құдіреті көп тұрар,
Бір кесенің ішінде екі түрлі сүт тұрар ( Жұмыртқа).

Жоғарыдағы жұмбақтардың асты сызылған жолдары кейінгі шыққан жұмбақ
жинақтарынан түсіп қалып жүр.
1883 жылы Түркістан оқытушылар семинариясының мұғалімі Я.Лютш
құрастырған Киргизская хрестоматия атты жинаққа Ақмешіт маңындағы
қазақтар арасынан жазылып алынған 146 жұмбақ енген.
Қазақ жұмбақтарын ұсақ-түйек демей, ерінбей-жалықпай теріп, еңбек
сіңірген ғалымның бірі – венгриялық профессор Мандоки Қоңыр Иштван.
М.Қ. Иштван архивіндегі жұмбақтардың дені – тың дүниеліктер.
Зерттеуші жұмбақтарды ұқыптылықпен латын әліпбиінің тәртібімен жүйелеген,
әрқайсысын жеке нөмірлеген, саны – 237, машинкаға бастырған.
Көрнекті ағартушы А.Байтұрсынов жұмбақты қазақ фольклорының бір жанры
ретінде қарастыра келіп: Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың
ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып таптырмайды. Ойды бүгіп, айтпай
қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша
таптырады.Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе , - деп жазады.
Айтылмаш жанр туралы қалам тербеген ғалымның бірі – Мұхтар
Әуезов.Мұхаңның жұмбақ хақындағы зерттеу мақаласы алғаш рет Әдебиет
майданы журналының 1938 жылғы 10-санында жарияланды, кейін 1940 және 1959
жылдарда жарық көрген жұмбақтар жинағы ұлы ғалымның беташар сөзімен
ашылған.Ғұлама әлгі мақаласында жұмбақтың дүниежүзі халықтарының бәрінде
бар байырғы жанр екендігін айта келіп, оның кейінгі заманда жақсы дамып,
тәрбиенің қуатты құралына айналғандығына көңіл бөледі.
Жұмбақтар хақында айтқанда ерекше бөліп көрсетуге тұрарлық еңбектер –
Машрап Әбжанов пен Жаңыл Адамбаеваның зерттеулері. М.Әбжанов Қазақ
халқының жұмбақтары атты кітабында жұмбақтың тарихи даму жолдары және
басқа жанрлармен арақатынасы, тақырыбы, мазмұны турасында сөз етеді. Ғалым
жұмбақтарды құрылысы, айтылу, жасалу жолдарына қарай мынадай топқа
бөліпқарастырады.
1. Қара сөзбен айтылатын жұмбақтар;
2. Жұмбақ ертегілер;
3. Өлеңмен айтылатын жұмбақ ертегілер;
4. Жұмбақ айтыстары;
5. Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер;
6. Диалогқа құралған сұрау, жауап түріндегі жұмбақтар;
7. Есеп жұмбақтар.
Қазақ жұмбақтары 1934 жылы баспаға әзірленгенмен сол кезде жарыққа
шықпаған. Кітапты құрастырып, алғы сөзін жазған – белгілі қаламгер Зейін
Шашкин. Оның осы машинкаланып әзір тұрған жұмысын жариялауға қуғынға түсіп,
айдалып кетуі кедергі болғандығын шамалау қиындық келтірмейді. З.Шашкин
жұмбақтарды ел аузынан жинап беруге көмектескен төрт азаматтың есімін атап,
рақметін айтады, тұрғылықты жерін көрсетеді:
1. Ахмет Мағзұм. Баянауыл ауданы;
2. Бегалыұлы Сапарғали. Қарқаралы ауданы;
3. Салықұлы Нұғматулла. Қарқаралы ауданы;
4. Сарыбайұлы Жанғали. Алматы.
Кітаптың латын әрпіндегі қолжазбасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханасының қорында тұр.
Жұмбаққа анықтама беру үшін оның қызметін саралауымыз дұрыс. Жұмбақ –
адамның ақыл-ойын, білігін сынау мақсатындағы сауал. Бұл анықтама
жеткіліксіз. Жұмбақ жай ғана сауал не сұрақ емес, өзі жасырған не
құбылыстың бір белгісін, қасиетін нұсқап, сол арқылы оны табуды тыңдаушыға
жүктейді.
Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді.
Оны қазақ дәстүрінде жұмбақтың байлауы және жұмбақтың шешуі дейді.
Шешуі болмаса - жұмбақ мағынасыз. Әрине, әдейі адамдарды адастыру үшін
ойлап табылған әзіл үлгілері де кездеседі. Сол себепті Ахмет Байтұрсынов
Әдебиет танытқыш атты кітабында:
Басқатырғыш. Басқатырғыш жұмбақ сияқты бұл да ойландыратын нәрсе,
бірақ жұмбақтай шешуі болмаған соң ойланып, босқа әурелейді. Шешуі жоқтығын
білмей, жұмбағын табамын деп ойланып, адамның басы қатады. Сондықтан
басқатырғыш деп атайды, - деп жазған.
Жұмбақ байламының қасиеттері, қимылы, жеке бөліктері басқа бір
құбылыспен салыстырыла отырып сипатталады. Логикада бұл әдісті аналогия
дейді. Аналогия – екі нәрсенің кейбір белгілерінің ұқсастығы туралы түйін
жасауға мүмкіндік беретін ой қорытындысы. Адам айналасындағы, әлемдегі
шексіз құбылыстар мен заттарды бір-бірімен салыстыру арқылы таниды,
салыстыратын нәрселердің жеке жақтары мен қасиеттерінің аралығындағы заңды
байланысты табады. Өзара әрекетке түсетін белгілердің терең, мәнді
байланыстарын анықтау таным процесінде бір нәрсенің белгісін екінші
нәрсенің бойынан аңдап, анықтауға, олардың ұқсастығын байқауға жол ашады.
Логикада ұқсастырылған нәрселер сипатына қарай қасиеттер аналогиясы және
қатынастар аналогиясы болып екіге бөлінеді.
Жұмбақ өзі тұспалдаған заттың барлық қасиетін толық қамтып, тұтас
кескіндей алмайды. Жасырушы байламның бес саусағындай білетін сан
қасиеттері мен ерекшеліктерінің ішінен өзі қажет, маңызды, мәнді дегенін
таңдап алады. Осы тұста байлам мен образдың сәйкестігі, бірін-бірі ауыстыра
алатындай үйлесімділігі, логикалық қисындығы, көркемдік сипаты ескертіледі.
Жұмбақ – таным құралы, бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап,
сан қырынан тануға болады.
Жұмбақты жасыру да шешу де адам миындағы күрделі ойлау жүйесіне
негізделеді, анализ және синтез тәсіліне арқа сүйеу арқылы жүзеге асады.
Анализ деп нәрселер мен құбылыстарды ойша мүшелеп, олардың жеке
бөлшектерін, қасиеттерін оқшаулап бөліп алуға көмектесетін логикалық
тәсілді айтамыз. Синтез – нәрселер мен құбылыстардың анализ арқылы
мүшеленген жеке бөлшектерін ойша тұтастырып, жинауға септесетін логикалық
тәсіл.
Мәтінде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана
белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі
нысана суретінің қаншалықты толық, дәл салынуында.
Жұмбақты шешу – оны жасыруға кері процесс. Бұл дегеніміз сипаттама
арқылы сыңар бейнеден байламды табу, сипаттамада байламның белгілері
айтылады, осы белгілерге қарап нысананы ойша кескіндеу, елестету, мәтінді
ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу.

2.4. Қазақ жұмбағының көркемдік-стильдік сипаты.
Фольклордың әрбір жанрының көркемдік-поэтикалық ерекшелігін жеке-жеке
зерттеу зәрі мәселе болып табылады. Жұмбақтың өзіндік белгілері бар ме,
басқа түрлерден айырым жерлері неде деген сұрауларға жауап іздеу ділгірлік.
Әрбір жанрды оқшаулайтын қыры алдымен поэтикалық амал-тәсілдерді екшеп,
талғап қолданудан байқалады. Бұл пікір әр жанр басқа жанрда кездеспейтін
тәсілдерді ғана қолданады дегенді аңғартпайды. Мәселен, қайталау, ырғақ,
айқындау, әсерлеу фольклордың көпшілік жанрларына еншілі, бірақ олардың
ешқайсысы осы компоненттерді мақсаты мен мүддесіне орайластырып, әртүрлі
дәрежеде кәдеге жаратады. Жұмбақтың поэтикалық болмысын екі бағытта
қарастырамыз:
1.Өлеңдік-ырғақтық жүйесі;
2.Образдық бейнелеу тәсілдері.
Осы екі қыры жұмбақтың төл бойында шебер жымдасып, бір жұдырықтай
жұмылып, мазмұнды көркемдік-эстетикалық тұрғыдан уытты етуде бірін-бірі
толықтырады.
Аталған жанрда белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-
ұйқастық құрылымы сан түрлі өрнектеледі. Олардың ішінде төрт аяғын тең
басқан өлең түріндегі үлгілермен қатар қарапайым қара сөзбен келетіндері аз
емес. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылым жағынан
жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айтуға бейімділігі. Жұмбақтың
синтаксисі де осымен байланысты, бөлек-салақ ештеңе байқалмайды. Ол көбіне
қысқа, жақты сөйлемдерден етек-жеңі жинақы пішіледі.
Жұмбақтардың буын саны әрқилы, төрттен он екіге дейінгі аралықта.
Бәрінде де ұйқас бар. Тармақ жолдары ұйқас арқылы бірігіп, тұтастық алған.
Жұмбақ ішінен толымды, толымсыз түрлерін кездестіреміз. Жұмбақ кейде қара
өлең ұйқасын пайдаланады, мұндай жағдайда буын саны тұрақты, біркелкі.
1.Адам жоқ, салмақ салмаған, а
Орны жоқ, кезіп бармаған, а
Тізе бүкпей әлі тұр, б
Сонда да тағы талмаған. а
2.Төрт аяқты болса да жүре алмайды, а
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды, а
Жайлаған дүниеге бір ғажайып, б
Тік көтеріп отырар адамдарды а
Мысалдардағы ұйқас өрімі: а, а, б, а буын саны алғашқысында – 8,
кейінгіге 11 буынды болып көрсетілген.
Осындай өлең өрнегіндегі көркемдігі келіскен жұмбақ мысалдарын көптеп
табуға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі
Жұмбақ жанры
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры
Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктері
Ұлы Жібек жолының тәуелсіздік жылдарында тарихнамалық тұрғыда зерттелуі
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Пәндер