Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1 Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы 4-
5
1.2 Жүннен жасалатын бұйымдардың түрлері 5-
6
ІІ. Практикалық бөлім:
2.1 Жүн өңдеу және бояу технологиясы
7-9
2.2 Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
9-19
2.3 Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің тәрбиелік мәні және әдістемесі
20-22
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Байырғы қазақ халқы ғылым мен білімге қолы жетпегендіктен, сұлулық
пен әсемдікке еліктеген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып
жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен
көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.
Хақымыздың сонау арғы кезендердегі мәдени өміріне ой жүгіртіп
көрсек,ерте заманда да он саусағынан өнері тамған ісмер,зергерлердің
мыс,қола,алтын,күміс сияқты металдардан қорытып әсем бұйымдар мен елін
қорғаған батырлар үшін қару-жарақ,сауыт-сайман,ер-тұрман соққан таңғажайып
шежіре болып шертіледі.Олардың көбінің аттары аталмай
қалғанмен,қолтанбалары түскен өшпес мәдени мұралары кейінгі ұрпақтар
өміріне үлгі,әсемдікке баулитын өнер салтанатына айналуда.Біздің ата-
бабаларымыз өздерінің қандай мол рухани қазынаға мұрагер екенін де жете
танымаған.Сол бір ойсыраған олқылықтың өтеуі халық қол-өнерін зерттеу,қалың
қауымның игілігіне айналдыру қазір ғана жзүзеге асырылып келеді.
Бүгінгі білім беру жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі
мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды.
Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан
еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге
қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің функционалдық қызметінің
басым бағыттары оқушылар ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың
бойында тұлғаралық және этникалық топаралық қатынастар мәдениетін, жеке
тұлғаның өзін-өзі айқындау жеке кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін
қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына
зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы-сапалы білім, сапалы және ұлттық
тәрбие барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой
белсенділігін дамыту.
Көкейкестілігі. Қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістергі
байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті
мәселесінің біріне айналып отыр. Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңында Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыммен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау- деп
көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту
тұжырымдамасында -орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті - жылдам
өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны азаматтыққа, елжандылыққа, өз
отанын сүюге тәрбиелеу білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге
қабілеттілігін қамтамсыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау
және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын
дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім
беру салалары арқылы іске асыру қажет... -деп анық айтылған. Тәрбиелеу,
баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы, өнімді
еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат
болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптасудың
негізгі жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске
асырылады. Олар: оқушыларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан
даярлау, олардың еңбек дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және
шығармашылық қабілетін дамыту ұлттық қолданбалы өнерге деген қызығушылығын,
сүйіспеншілігін арттыру.
Мәселе. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер
арқылы эстетикалық тәрбие беру зерттеу жұмыстарымыздың негізгі мәселесін
туғызды.Зерттеу жұмысын жасауда көптеген әдебиеттер қолданылды.
Зерттеудің мақсаты- Оқу-тәрбие процесінде оқушыларға халықтық
қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдарын меңгеруі арқылы білім,
біліктілік, дағдысын қалыптастыру негізінде ізгілік қасиеттерінің,
дүниетанымы мен ой-өрісінің өсуін, ұлттық танымның қалыптасуын шығармашылық
қабілеттерінің дамуын арттыру. Халықтық қолданбалы өнер туындыларының
ішінен жүннен жасалған бұйымдар, оның сан алуан түрлерімен, шығу тарихымен
таныстыру.
Зерттеудің объектісі- Еңбек сабағында 5-7 сынып оқушыларына жүннен
жасалған бұйымдарды тігу технологиясын үйрету. Оқушылардың бойында
шығармашылық, икемділік, бейімділік, шеберлілік қасиеттерін дамыту.
Зерттеу пәні- 5-7 сынып оқушыларына технология сабағында ұлттық және
эстетикалық тәрбие беріп отырып жүннен жасалған бұйымдарды тігу
технологиясын үйрету.
Зерттеудің ғылыми болжамы- Егер, мектептерде халықтық қолданбалы өнер
арқылы 5-7 сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мәні
ашылып, оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса;
оқушылардың технологиялық іс-әрекеттері халықтық қолданбалы өнерді-
меңгеруге бағытталса, онда оқушыларға технология сабақтарынды ұлттық тәрбие
беру тиімді болады және ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі,
біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері қалыптасады.
Практикалық маңыздылғы. Жүннен бұйымдар жасау-қазақ халқының дәстүрлі
өнерінің бірі. Ол-заман ағымына сәйкес өзгеріп, жаңарып дамуда. Жүннен
жасалған қолдорба көптеген, әр түрлі стильде орындалған түрлері өте көп.
Жүннен жасалған бұйымдар үй интерьерін сәндеуде, әр түрлі мекеме
орындарында, тіпті сыйлық ретінде де қолданады. Үй ішін әдемілегенде,
көбінесе абстрактілі, басқа тігіс түрлерімен аралас жасалынған түрі
қолданады.
.
1.1 Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы.
Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-
соңда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі
мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика
жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне
түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы- кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен
орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне
мәдениет сырттан келген мәдениет
элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде
болды. Осындай толассыз, дамудың нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуына
айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.
Революцияға дейінге қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші
елдермен, әсіресе Россиямен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени
байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың
әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің
қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының
басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан,
негізінен, халық шеберлігінің қолына қарады.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-
жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін
де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің
ішіндегі негізгі салаларының бірі.
Октябрь революциясының жеңісінен кейін әсіресе ауыл шаруашылығын
коллективтендіруге байланысты, қазақ жұртшылығы түгелге жуық қоғамдық
еңбекке белсене араласты да, қолөнер кәсібі, әсіресе, оның ер адамдар
айналысатын түрлері күрт төмендеді, тіпті, олар өндіретін бұйымдар жаңа
жағдайға байланысты өзінің қажеттілігін жойды. Өйткені, оларды күнделікті
халық тұрмысынан өндірістік товарлар оңай ығыстырды. Нәтижесінде ел
арасында ер адамдар қолөнеріне байланысты қарекеттер үй кәсібі болу мәнін
жойды деуге әбден болады. Ал, киіз басу, тоқымашылық, тігіншілік, кесте
тігу сияқты әйелдер үлесіне тиген қолөнер түрлері, керісінше жаңа жағдайға
байланысты жаңғыра даму үстінде.
Көп облыстарда үй шаруашылығындағы әйелдер қой яки түйе жүнінен иіріп, бояп
киіп үйдің ішін жабдықтауға бау, басқұр, алаша, тақыр кілем (терме алаша),
қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның онтүстік батыс аудандарында, сондай-ақ
Қызылорда облысының бәріне дерлік қазірде түкті кілем тоқу дәстүрлі кең
тараған. Басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем.т.б. бәрінің де негізгі бір-бәрі
де өрмек тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп
өрнектеу, әр түрлі айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына, тоқушының өр
қиялына, іскерлігіне байланысты, әр жерде әр түрлі.
1.2 Жүннен жасалатын бұйымдарды
Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХVIII-ХІХ
ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер
тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-
жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз,
самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған
сандыққап, асадал, аяққап, кесе қап немесе шекпен шапан сияқты киім-
кешектер о баста сөз жоқ, тұрмыстық қаеттеліктен туған. Айталық жүннен
иірілген жіп-жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу
алғыштығымен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі
жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей
дерлік жүннен жасалған ғой.
Киіз үйдің ішкі қабырғаларына жылу ұстау іргелей алаша немесе кілем тұтқан.
Ал керегенің бастары мен шаңыраққа ою-өрнектер салып, безендіріп тоқыған
түкті басқұр, желбаулар өзіндік сән берген. Жерге киіз алаша төселген.
Күнделікті тұтыну бұйымдары – аяққап, қоржын, дорба, кесеқап, тұтқыш т.б.
толып жатқан дүниелер қолдан тоқылған.
Ел ішінде әр істің қас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шебері-кілемшілер
және киіз басушылар, текметке түрлі ою ойыстыратындар өз өнерлерін ұрпақтан
– ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп өнердің осынау бір мәңгі
өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын алып келеді.
Жасыратыны не, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған қазіргідей кезеңнің
өзінде қолөнерінің туындыларына деген сұраныс аспаса азайған жоқ.
Фабрикалық кілім, алаша, синтетикалық төсеніш түрлерін кеңінен қолдана
отырып, жұрт киіз, текемет, сырмақ, алашаны да аластаған емес.
Жиектелген, көздің жауын алатын әсем де жеңіл сырмақ, оюлы текемет,
түскиіз, түті де тақыр кілемдер, сан өрнекті текеметтер мен қақпа алашалар
әлі күнге тұрмыс сәні.
Халық арасындағы кілем атаулары. Республика облыстарында кездесетін кілем
түрлері де атаулары да көп. Деректі материалдарға қарағанда олардың
атаулары әр түрлі болғанымен тоқылу технологияларының айырмашылығы жоқ.
Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, орыс, украин, молдаван,
азербайжан арасындағы қолымен өрмек тоқу өнері бір-біріне ұқсас болып
келеді.
Төменде кілемдердің халыққа кең тараған атауларын келтіріп отырмыз. Олар:
ақ кілем, Алматы кілемі, Ашхабат кілем, азербайжан кілемі, адай кілемі,
бұқар кілемі, қыпшақ кілем, самарқан кілемі, парсы кілемі, түркмен кілемі,
орыс кілемі, қызыл кілем, жолақ кілем, жасыл кілем, қара кілем, барқыт
кілем, жібек кілем, мақпал кілем, мақта кілем, құлпырма кілем, қоржын
кілем, төр кілем, қабырға кілем, намаз кілем, түкті кілем, ою кілем, тақыр
кілем, жол кілем, т.б.
2.1 Жүн өңдеу және бояу технологиясы
Қой жүннің сан түрлі сорттарымен тайталаста жылулығы жағынан тең түсетін,
мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен екшінің түбіті бүгінгі күні
тұтынушысына өз бағасын таныта түсіп отырған жоқ па?!
Алуан түрлі ою-өрнектер ойылып немесе сырылып жасалған текемет пен сырмақ,
құлпырған өрнектері көздің жауын алатын кілем, алаша, т.б. жүннен жасалатын
бұйымдардың жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұрса нұр үстіне нұр
емес пе?! Әрі әсем, әрі сапалы да мықты бұйым шығу үшін алғашқы шикізат-
жүннің сапасы ерекше орын алады.
Сапалы бұйым шығу үшін жүн өңдеуде қандай процестерге қай кезден бастап
көңіл бөлген жөн.
Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда оны міндетті түрде күңгірт бояулармен
бояуға тура келеді. Әрине бұл әр кімнің қалауына байланысты.
Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам
денсаулығына пайдалы әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны ғалымдар былай
тұжырымдайды:
Жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді;
Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің
салмағы жеңіл;
Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, сертімді жүннің күн көзіні ультракүлгін,
сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар;
Жүн бояуды жақсы алады, әрі басқа талшықтардай көп оңбайды;
Жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып
кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлысы ағаш сабы бар
қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті тарақ. Сабалған
жабағы жүнді осы тарақпен немесе қолмен іртігін әбден жаза отырып түтеді.
Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Әр бұйымның қолданылу
ерекшелігіне байланысты, мәселен, алашаға арналған жіп кілем жіьіне
қарағанда ширақ (пысықтау), ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі бос
иіріледі.
Келептеліп боялғаннан кейін бір тінімен домалаққа төгілген жіп (кілемге
арналған) сол күйінде түк шалуға пайдаланады. Алашаға иірілген екі тінді
біріктіріп ширатып, домалаққа төгеді. Мұнда-да иігірлеген жіп келептеліп,
боялады. Жалпы келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұйымға
ортақ жағдай.
Киім-кешекке арналған жүн мен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт иіруге арнайы
жеңіл ұршық керек. Өйткені иіру үстінде түбіттің жіңішке, нәзік талшықтары
ұршық ауыр болса салмақты көтере алмай үзіле беретін болады.
Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан, шудасынан арылтып, бөлек түтіп
шүйкелейді. Ал бұл мақсаттағы жін алаша жібіне қарағанда жіңішкерек әрі
бос иіріледі. Ширатылмаған жіпті екі тіндеп бос домалақтаса тоқыма киімге
салынған өрнектер сәнді көрінеді әрі жүн түбіті шығып, жылы болады.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан түйенің шудасынан алашаға арқау, күзу
жіптерін иіреді. Бұларды пысықтау иіріп, екі тіндеп ширатады. Сондай-ақ
шуда жіп иіріп, алаша енін құрастыруға, тігілген алашының басын шалуға,
текемет, сырмақ құрастыруға, жиек бастыруға пайдаланады. Кілемнің желі
жібіне де осындай жіп пайдаланады.
Қойдың күзем жүні оңтүстікте қырқүйек айында, солтүстікте сәл ертерек
суыққа ұрындырмай тұрып, қырқылады. Күзем жүн мен қозы жүні киіз басуға
пайдаланылады. Бұл жүннің талшықтары қысқа болғандықтан иіруге келмейді,
керісінше кигізге біркелкі шабақталып, тез кірігеді. Жұқа киізден арнайы
қалыппен басылып шығатын киіз қалпақ, ұйық, байпақ т.б. бұйымдар жасалады.
Халықтың күнделікті тұрмыс тәжірибесінде бояу ретінде ашудас, қына, томар
шөп пайдаланғаны белгілі. Қазіргі жеңіл өнеркәсіптің өркендеп дамыған
тұсында сан алуан химиялық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерліктің жұмысын
едәуір жеңілдетті. Осылардың ішінде жүн бояуға арналған түрлерін ғана аса
сақтықпен пайдалана білу де шеберлік.
8-10 метр суды қатты қайнатып, 1 литрге 15 грамм есебімен бөлек ыдысқа
әбден ерітілген бояуды құйып араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса
теңбілденіп, жүнге біркелкі сіңбейді. Сондықтан бояу ерітілген ыдыстың
эмаль немесе шыны (ақшыл түсті) болғаны жөн. Сонда ыдыс кенерісінен немесе
түбінен әлдеқалай ерімей қалған бояу түйіршігін оңай байқауға болады.
Қазанның қақпағын жауып бір қалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп
салып, оны ағаш қалақпен немесе ожаумен батыстырып отырған дұрыс. (жүн
салмастан бұрын 1 литр суға 1 шай қасық көлемінде сірке суы құйылады).
Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазанның түбіне жабысып қалады.
Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Ара-тұра жүнді қалақпен
аударыстырып қойған жөн.
Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан
жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы
сығылғанда, бозғылт тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған
жүн суы сорықтырылып, эмальді табаққа түсіріп алынады. Бетін қақпақпен
жауып, үстін ауыр нәрсемен бастырады да, суығанша қоя тұрады. Суғаннан
кейін жүн керілген жіпке немесе ағаш едененге жайылып көлеңке жерде
кептіріледі.
Қазанды 2-3 қайтара әбден жуып тазартады. Сонан соң ғана басқа түске
боялатын жүнді бояуға кірісуге болады.

Қандай да бір халықтың қолөнері мен мәдениетіне назар аударатын
болсақ,сол халықтың талғамына байланысты белгілі өнер саласының қарқын
дамитынын байқаймыз. Осы тұрғыдан қарастырғанда қазақ халқының ою-өрнегі -
ғасырлар бойы халықтың тұрмысымен, дәстүрімен бірге біте қайнасып келе
жатқан жәдігерлеріміздің бірі. Қазақ халқында ою-өрнек өнері ежелден-ақ
ұлттық өнердің барлық түріне арқау болып келді Ою-өрнек өнерінен халық
танымын, қазақ халқының ұлан-байтақ даласын мекендеген көшпелілердің
дәстүрі мен әдет-ғұрпын анық көруімізге болады.
Ою-өрнек өнерінің тарихи даму жолын бір жүйеге келтіру үшін
тынымсыз еңбек еткен бірқатар ғалымдар ою-өрнекті мына топтарға бөліп
жіктеді:
1.Өсімдік типтес ою-өрнектер
2.Зооморфтық ою-өрнектер
3.Космогониялық ою-өрнектер
Соның нәтижесінде бүгінгі таңда қазақ халқында 230-дай ою-өрнек
атаулары белгілі болып отыр.
Оюлардағы тілдік деректерді жан-жақты зерттеу қазақ халқы үшін
халықтың рухани мәдениетіне байланысты сан алуан мәселелерді шешуге
жәрдемдеседі. Түркі халықтарының жазу дәстүрі мен жазба тіл тарихының
қойнауына терең сұңғитын болсақ, ең біріншіден руникалық ескерткіштерді
тілге тиек етеміз. Осы деректерге сүйене отырып, ою-өрнек өнерінің қазақ
халқы мен қазақ тілі даму тарихында алатын орны айрықша екенін байқаймыз.
Менің ойымша, алфавиттік жазуды әлемдік деңгейдегі мәдениеттің керемет бір
жаңалығы дейтін болсақ, біздің ата-бабаларымыз мұра ретінде қалдырып кеткен
өрнек тілін халқымыздың жазба тілге алғаш рет аяқ басқан қадамы десек те
болады.
Егер де жазудың құрылымына көз жүгіртер болсақ, бірнеше таңбалар
құрылып, жазудың жүйесін беретінін байқаймыз. Ол таңбалар буын мен дыбысты
немесе белгілі бір сөздің мән-мағынасын білдіреді. Ал, оюлар жүйесіне зер
салсақ, дәл жазулар жүйесі тәрізді таңбалар жиынтығынан құралып, белгілі
ойды немесе нақты идеяны нұсқайды. Олар өзіндік бір мағынаға ие бола алады.
Бұл дерекке дәлел ретінде ұзақ сапарға бара жатқан баласына тұмарша,бөрі
құлақ өрнегін бейнелеген кестесін беруі арқылы тұмар сені әр кезде
пәлекеттен қорғап, жебеп жүрсін деген мағынаны білдіретін ананың ақ ниетін
келтірсекте жеткілікті.
Өнер мен жазу алғашында бір-бірінен ажырамай, синкретикалық қалыпта
қалыптасты.Суретті синкретикалық жазуды шығу тегі жағынан қарастырғанда, ол
бейнелеу өнері мен қолөнерге келіп жалғасады. Міне,осындай суретке
негізделген жазуды пиктографиялық жазу деп атайды.Ою-өрнегіндегі біршама
суреттер өздігінен бүтіндей хабар бере алады. Жеткізіп тұрған хабары
графикалық жағынан алғанда жеке сөздерге бөлшектенбейді. Пиктограмма
мазмұнды бейнеленгендіктен, олардың мазмұнын алуан түрлі тілдерде
сөйлейтін адамдар ғана түсіне алатын болған. Түркі халықтарының қолөнерінде
осыған байланысты төрт түлік малға, адамға қатысты ою-өрнектің формасы
жағынан қарастырғанда да, тіпті атаулы жағынан да ортақтығын ескеруіміз
керек. Ою-өрнектің негізін пиктограммалар құрайтыны тегін емес. Менің
ойымша, ою-өрнектің өнерін білу- елдің өрнек тілімен жазылған мәдени
шежіресін білу деген сөз. Олар белгілі бір затты анық бейнелемей, тек
тұспалдап көрсетеді.
Қазақ халқының батырлары Жоңғар шапқыншылығы кезінде тұтқынға түсіп
қалғандығын жасырын түрде ою-өрнекпен бейнелегенін сан алуан көркем
шығармалардан байқаймыз. Мысалы, бұршақ салса- тұтқынға түстім, найза
оюын оң жаққа бағыттап бейнелесе - әзірге жау адамдары тыныш, ал керісінше
солға қаратып өрнектесе – жау қайтадан аттанбақшы, су немесе ирек оюын
бейнелесе - өзеннің жағасынан өтіп бара жатырмыз деген мағыналарды
білдірген.
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыздардың бірінде Жошы ханның жалғыз
ұлының қаза болғандығы жайлы суреттеледі. Қайғылы жағдайды ханға естіртуге
ешкімнің батылы бармай, кілемге бейнеленген оюлар арқылы түсіндіреді.
Ұлынан айырылғанын хан өз ойымен тұспалдапты деп жазылған аңыз бүгінгі
таңға дейін маңыздылығын жойған емес.
Ғашығының бітпес, құс қанаты, жұлдыз оюларын өрнектеген кесте
орамалын алуы жігітке өмірдегі асқан бір бақыт болған. Себебі, бұл өрнектер
– жарық күнім аяқталғанша тек сенімен бірге боламын. Сен менің талмас
қанатымсың, жұлдызымсың деген ойды білдіретін инабатты қазақ қызының
сезімі.
Ерте заманда алыс жерге тұрмысқа шыққан қазақтың қарапайым қызы
біршама уақыт өткеннен кейін жолаушы арқылы сыңар қанат, тамшы,
бүршік ою - өрнектері өрнектелген кестелі орамалын беріп жіберсе,
жағдайым нашар,келген жерімде бағым ашылған жоқ, көзімнен жас тыйылмады
деген ойды нұсқаған. Бұл ою - өрнектердің мағынасын ата – анасы бірден
түсініп отырған.
Өнердің күші атты ертегіде ақылы асқан Дүрияның хан баласы
Ыдырысқа:
...қолыңнан ешнәрсе келмейді, қолөнер үйренбеген адам – ол бақытсыз. Адам
қолөнерді меңгергенде ғана асқар шыңға көтеріліп, ағынға қарсы жүзе
алады... - деген сөздерінен қолөнердің адам өміріндегі қаншалықты
пайдасының бар екендігі байқалады. Ертегінің жалғасында осы сөздердің мән -
мағынасы ашыла бастайды. Дүрияға үйленуді арман еткен Ыдырыс бас киім тігу
өнерін үйренеді. Кейіннен Дүрия Ыдырысқа бас киімге өрнек бейнелеуді
көрсетіп, әрбір ою белгілі бір әріпті, сөзді білдіретінін түсіндіріп, бұл
өнердің күндердің күнінде жүзеге асатынын айтады. Дүрияның айтқанындайы –
ақ, Ыдырыс бір күні ұрылардың қолына түсіп қалған кезде тақияға ою -
өрнекпен өзінің тұтқынға түскендігін бейнелеп берген.
Оюлар күн өткен сайын жаңа мазмұнға ие болуда. Бұл туралы башқұрт
этнографы Р.Кузеевтің пікіріне сүйенсек: Ою - өрнектің ұзақ даму
процесінде өрнектің көне семантикасы мен терминологиясы ұмытыла бастады.
Біртіндеп тек сурет қана емес, оның трактовкасы да жаңарады деуге болады.
Әрине, бұл пікірді барлық ою - өрнектерге ортақ деп қарастыра алмаймыз.
Себебі, ғалымның өзі де Халықтың ою - өрнегі берік қалыптасқан қасиетке
ие деген ойды қосып айтқан.
Пиктографиялық жазудың дамуы идеограммалық жазуға ұласады. Осындай
жазудың таңбаларын идеограммалар деп атайды. Идеографияның пиктографиядан
ең басты айырмашылығы таңбалардың мағынасында. Ою - өрнектердің әрбір
элементінде, құрылымында терең мағына жатыр. Егер де бұларға назар аударар
болсақ, идеографиялық жазудың биік үлгілерін тануға болады. Мұсылман
дінінде адамзат баласын бейнелеуге тыйым салынғандықтан бойындағы талантын
тежеп жүрген халық өнерді шарттылық пен сызбакескіндерге құруға талпынысын
білдіреді. Осы тұрғыдан қарастырғанда Б.Веймарн В.Чепелевтің Шығыс
мұсылмандарының өмірінде адам образы – сөз тізбектерімен, діни текспен
алмастырылды және сөз формасы өркен жайды деген пікіріне сүйене отырып, ою
- өрнектің дамуын арабтардың оюға өте ұқсас болып келетін жазуларымен
байланыстырады. Бұл идеографиялық ою - өрнектің қарқынды дамуына септігін
тигізді.
Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық - дейді халық даналығы.
Адамзат баласы көне замандардан өзінің көңілін, атап айтсақ, қуанышы мен
қайғысын ою - өрнек арқылы түсіндіріп, жеткізіп отырды. Табиғат пен
тіршілікті, дала мен тауды, тіпті адамның өзін оюға айналдырды. Сонымен,
қабырғаларға тұтылған түскиіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz