Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары


Мазмұны
Кіріспе . . . 4.
I. Негізгі бөлім
1. 1 Қазақ халқының қолөнері . . . 9
1. 2. Жүн және одан жасалатын заттар. Сырмақ жасау. Сырмақты оюлау . . . 10
1. 3. Өрмек. Алаша тоқу, тақыр кілем, кілем өнері, арқан есу, бау, құр бау, терме бау . . . . . . 13
II. Ою- өрнек
2. 1. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. . . . 21
2. 2. Оңтүстік өңірдегі кілем қол-өнерінің ерекшеліктері мен дамуы . . . 27
Қорытынды . . . 38
Әдебиеттер тізімі . . . 40
Қосымша . . . 41.
Кіріспе.
Ерте заманнан бері қазақ тұрмысында мықтап орын алған, бүгінгі күнде де маңызын жоймаған, өте тығыз тоқылатын, өте төзімді, ұзақ уақыт сақталатын бағалы үй бұйымдарының бірі - кілем деп аталатыны белгілі. Ертеде кілемді жерге төсеумен бірге туырлық пен үзіктің орнына да жапқан, әрі сән үшін, әрі жылылық үшін керегенің ішінен де тұтылған. Халық арасындағы «Үй жасауы - кілем» деген сөздің өзі-ақ оның қазақ тұрмысында қаншалықты орын алғанын көрсетеді. Кілемді алтын, күміс бұйымдармен бірге байлықтың, баршылықтың белгісі деп санаған. Кілем қыз жасауының елеулі құрамына кірген; сыйлы қонақтарға арнап кілем төсеу, кілем төсеп қарсы алу, көшіп-қонғанда салтанаттыққа түйеге кілем жабу сияқты дәстүрлермен бірге оны құн төлеуге, сый-сияпат жасауға да пайдаланған. Кілем тоқу - қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Оларды кілемші деп арнайы бөліп атайды.
Қазақ арасына кілем тоқудың кең тарағанын және әр жерде әртүрлі мәнермен тоқылатынын төмендегі атаулардан байқауға болады. Масаты кілем, тақыр кілем, арабы кілем, алаша кілем, тұс кілем, хан кілемі, шешенгүл кілем, шатыргүл кілем, самаурынгүл кілем, т. б.
Қазақ жерінің әртүрлі өңірінде түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес ши деп аталатын өсімдіктен тоқылған бұйым да ши деп айтылады. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға, түрікмендерге, қарақалпақтарға, т. б. халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына, киізді ылғалдан сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған. Шидің түрлеріне байланысты мынадай атаулар кездеседі: ақ ши - қабығынан аршылған ақ шидің жүн оралмай, ою-өрнексіз тоқылған түрі, шым ши шидің түрлі түсті жүн орау арқылы өрнектеп тоқылған түрі (жергілікті тілде шымырау ши), орама ши // ораулы ши - өнебойына тұтастай емес, әр жерінен аралатып жүн оралған ши, шидек - құрт жаятын кішкене ши, терме ши - шым ши, өреше - киіз үйдегі ас-су тұратын жерді қоршап қойған ши, дүзтеру ши - қошқар мүйіз өрнегімен жүн орап тоқылған ши, т. б.
«Әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық негіздері» деп аталатын екінші тарауда тіл біліміндегі заттар мен құбылыстарға ат қою мәселелері, әйел қолөнері материалдары негізінде анықталған уәжділік түрлері баяндалады.
Ономасиология мәселелері қолөнерінің жекелеген салаларын қазақ тіл білімінде лингвистикалық тұрғыдан қарастырған зертеушілер - Р. Н. Шойбеков, М. Ш. Өмірбекова, Ә. Б. Алмауытова, А. Оқа, Т. Б. Жаубасова-ның, т. б. еңбектерінде тиісінше сөз болады.
Әйел қолөнеріне байланысты атаулар аса күрделі тілдік таңба болғандықтан, оларды лингвистикалық тұрғыдан ғана қарастыру жеткіліксіз; өйткені қолөнер лексикасының мазмұны сан алуан сыртқы факторлармен байланысты болып келеді де, адам санасында халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі, шаруашылық түрлері, материалдық және рухани мәдениеті жөнінде ақпараттар жинақталған тілдік және экстралингвистикалық білімдер жүйесін құрайды. Олай болса, әйел қолөнеріне байланысты атаулардың ономасиологиялық жүйесін, уәжді белгілерін айқындаудың мәні ерекше.
Уәждеметану саласындағы атауға негіз болатын өзекті ұғым-түсініктің бірі - уәж (мотив) термині. Уәж (мотив) адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру үшін, іс-әрекетке негізделген саналық тұрғыдан саралау, анықтау. Уәж себептің негізінде пайда болып, оның тепе-тең бейнесін белгілейді.
Зерттеуші Н. Уәлиұлы мотивті «уәж», мотивированность дегенді «уәжділік» деп қолданады [9] . Басқаша айтқанда, уәжділік - заттың белгісінің оның атауынан, яғни тілде көрініс табуы. Уәждеме - тектес уәждер тобын білдіретін термин.
Әйел қолөнеріне байланысты атаулар өзара сабақтасып жатқан «таңбалаушы - таңбаланушы - таңба» үштігінің нәтижесінде пайда болған. Тілдік ұжым өзінің танымы тұрғысынан таңбаланушы нысанның өзіндік белгі-қасиетіне, ерекшелігіне сай атау береді. Номинациялық акт барысында пайда болған атаудың өзі оны қойған қоғамдық ортаның, тілдік ұжымның өмір тәжірибесінен алынады. Олай болса тілдік таңбалар тілдік ортаның дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігінің тілдегі бейнесі болып табылады. Таңбаны бергенде адамдар таңбаланушыны, яғни нысанды басқа нысаннан ажыратып тұратын белгісін (уәжін) негізге алып таңбалайды. Мұндай белгілер түрліше болуы мүмкін: түсі, көлемі, формасы, қызметі, материалы, екінші бір нысанға қатысы, т. б. Тіл білімінде бұл белгілер, ерекшеліктер уәждер деп аталады. Таңба мен таңбаланушы арасындағы осы уәждердің төркіні тілдік емес, басқаша айтқанда, экстралингвистикалық негіздерге барып саяды. Кез келген атау ерекше мәнге ие, ол белгілі бір уәжге негізделген. Осы уәждер атау беруші адамдардың тұрмыс-тіршілігінің, қоғамдық-әлеуметтік өмірінің көрінісі деп танылады.
Уәждік белгілеріне қарай ат қою тек қолөнер бұйымдарына ғана байланысты емес, ол қоғамның жалпы зат пен құбылысқа ат беру уәжділігімен сипатталады.
Әйел қолөнері материалдары негізінде біздің зерттеуімізде мынадай уәжділік түрлері анықталып отыр: материал, пішін, көлем, түр-түс, қызметі (қолданылуы), жасалу технологиясы, әлеуметтік, гендерлік сипаты, топоним (шықкан жері), әдет-ғұрып, т. б.
2. 1. Заттардың атқаратын қызметіне байланысты қалыптасқан атаулар. Әйел қолынан шыққан әрбір бұйым белгілі бір мақсатпен жасалып, күнделікті тұрмыста бір немесе бірнеше қызмет атқарады. Айталық, киіз аталатын бұйым киіз үйдің төбесін жабуға, жерге төсеуге, киім тігуге, қабырғаға ілуге, кейбір салт-дәстүрді атқаруға қолданылады. Сол сияқты жүннен есіп жасаған жуанды-жіңішкелі жіп, арқандар киіз үй жабынын бекітуге, көші-қон кезінде заттарды буып-түюге, мал байлауға немесе оны жетекке алып жүруге, ат, түйе жабдықтарын (шылбыр, бұйда, тұсау, өре, т. б. ) жасауға т. б. пайдаланады. Сондықтан затты белгілі бір мақсатпен дайындау және ол бұйымның қолданылу ерекшеліктері сол заттың тұрмыстағы ролін, атқаратын қызметін анықтайды. Мұндай экстралингвистикалық (тілден тыс) факторлар тілде өз ізін қалдырады. Басқаша айтқанда, заттардың қолданылу орны мен ерекшелігінен мәлімет беретін мұндай атаулар уәжі қызметіне байланысты этнографизмдерге жатады.
Киіз үйдің сүйегін (ағаш бөлшектерін - кереге, уық, шаңырақ) жасау ер азаматтардың міндеті болса, оның жүннен, теріден жасалған жабдықтарын дайындау әйелдердің міндеті болған. Киіз үй жабдықтарының көпшілігі дерлік киізден жасалатыны баршамызға белгілі. Қазақ киіз үінің сыртына тұтылатын, ағаш қаңқасының сыртынан жабылатын, ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын киіз жалпы атаумен жабу киізі деп аталады. Киіз үйдің жабу киізі алты қанат үй көлемінде сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп дайындайды.
Таулы жерлерде көктемнің, күздің түнгі салқындарында яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келген жағдайда үй ортасына отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылынып әрі тамақтану үшін от басына төсеніш қажет болған. Бұл киіз отқа ең жақын төселетіндіктен от киіз деп аталған. От киіздің өзіндік шығу, даму тарихына көз жіберсек, адам мен табиғаттың қарым-қатынасы, адамның табиғатты игеріп, өзіне қолайлы жағдай жасауы, осы процестердің нәтижесінде қолөнер бұйымдарының үнемі жетіліп, дами келе жаңа түрлерінің пайда болуын көреміз.
Қазақтың жерлеу салтында мәйітті үйден арулап орап алып шығуға арналған киізді иман киіз деп атайды. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар» дейтін халқымыз «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар арасында иман киізін арнайы жасатып, теңінде сақтайтын әдет болған.
Жай күндері шиыршықтап орап, алып қоятын, сыйлы қонақтар келгенде, солардың астына төселетін, арнайы жасалған сәнді сырмақ - төр сырмақ деп аталады. Төр сырмақ төрге төселетін болғандықтан өте әсем етіп жасалады, қонақ көрпенің астынан салынады. Ескерте кететін бір жайт: жоғарыда келтірілген от киіз бен төр сырмақ этнографизмдерінің қалыптасуына олардың қолданылатын орны, яғни уәжі кеңістікке байланысты екендігі де дау туғызбайды. Жалпы, атаудың қойылуына негіз болған белгілер бір емес, бірнешеу бола беруі де мүмкін. Ол жөнінде ғылыми еңбектерде айтылып та жүр. Дегенмен, біз бұл бұйымдардың тұрмыста атқаратын қызметін басым санап, «қызметіне байланысты атаулар» тобына енгізіп отырмыз. Қысқасы, бұларды екі уәжді (екі белгісі бар) атаулар деп санаймыз; нақты айтсақ: оның біріншісі - атауға негіз болған себеп - оның қолданылатын орны, екіншісі - атқаратын қызметі, қолданылу себебі.
Қазақ сырмақтары көлемі жағынан негізінен 4 түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең үлкені - көш сырмақ, екіншісі - төсеніш сырмақ, үшіншісі - төр сырмақ, төртінші түрі төсек сырмақ деп аталады. Көші-қон кезінде түйеге артқан жүктің үстіне сәндік үшін жабылатын сырмақты көш сырмақ дейді. Көш сырмақтар көлемі 3-4 метрдей көлемде көштің сәнін арттыру мақсатымен арнайы жасалып, әдемілігі жағынан кілемнен кем түспеген. Оны күнделікті төсеніш ретінде пайдаланбаған, тек қажетті жағдайда ғана төрге «бір салар» бұйым ретінде қолданған.
Төсек сырмақ. Сәнді етіп жасалған бұл сырмақ төсек үстіне салынады. Кей жерлерде бұл төсек алды сырмағы аталады деп көрсетіледі [6, 58 б] . Бірақ этнографиялық, мәдениеттану саласындағы еңбектерге зер салып қарасақ, екеуінің қызметі екі басқа екендігі байқалады. Дәлірек айтқанда, төсек сырмақ адамның жататын, тынығатын төсекағаштың (кереует) үстіне салынса, төсек алды сырмақ жертөсектің орнына (жерге салатын төсектің орны) немесе төсекағаштың алдына төселеді.
Жасау сырмақ. Қазақ дәстүрінде ұзатылатын қызға жасау дайындағанда, қыз жасауына енетін дүние-мүліктерді жұптап емес, тақ сандарды білдіретін өлшемдермен жасаған. Мысалы, әрбір жасау түрін 3, 5, 7, 9, 15 тіпті 41-ге дейін жасағандығы туралы деректерді оқимыз [7, 132 б] .
Әдетте, ауқатты отбасылар жасау түрін жетіден жоғары етіп жасаған. Яғни, жасауға дайындалған көрпелер жетеу болса, сырмақ та, жағалы киім де жетіден болған. «Қызға алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деп санған халқымыз жасау сырмақты ерте бастан дайындап, теңге буып сақтаған. Мұндай жасау сырмақтарының құрамына келін болып түскен елдегі үлкен шаңырақтың отына салуға, абысын-ажын, қайын-қайнағалардың сыйлыларына арналған киіт сырмақ, отау үйіне арналған отау сырмақтар енеді. Бұрынғы қазақ тұрмысында мал шаруашылығындағы жұмыстарға, көшіп-қонуға ең қажетті бұйымдардың бірі арқан-жіп болған. Күнделікті тұрмыста арқан-жіпті киіз басуға, киіз үйді бекітуге, т. б. жиі қолданған. Арқан деп көбінесе шетпұшпақ өлі жүндер мен жабағы жүн, түйе жүні, ешкі жүні, жылқы қылынан есіп жасалатын ұзын, жуан, ең мықты жіпті айтады. Әйел қолөнерінің арқасында дайындалып, түрлі қызмет атқаратын арқан, желі, ноқта, т. б. және әртүрлі баулар мен жіптер есіп жасалатын жіп түріне, ал басқұр, жел бау, нар ноқта, тең таңғыш, құр жіп, т. б. аталатын заттар тоқып және өріп жасалатын жіп тобына жатады. Арқандар сонымен бірге қайыс таспалардан өріліп те жасалатын болған. Арқанның шаруашылықта, күнделікті тұрмыста атқаратын сан түрлі қызметіне орай қалыптасқан бірсыпыра атаулар бар. Ол атаулардың бойында дәстүрлі қазақ мәдениетін танытатын ақпарат сақталған. Қосақ арқан. Ертеректе қазақ аулы қойды қосақтап сауатын болған, сондықтан ол арқанның ішіндегі ең ұзыны болып табылады. Тілімізде қосақ арқан аталатын бұйым қосақ тұлғасында да қолданыла береді. Соған орай бұл заттың түрлері қой қосақ, салма қосақ, шалма қосақ, керме қосақ, т. б. деп жіктеледі.
Керме арқан - той-томалақ, мереке, ас беру сияқты ұлы жиындарда ауыл сыртына жуан, мықты аштардан баған орнатып, сол ағаштың екі ортасына қатты тартылып керілген ұзын да мықты арқан.
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ халқы озінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс- аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.
Осы бөлімде:
- ою-өрнектердің түрлері, олардың түстері мен бояулары
- жүн және одан ұқсатылатын заттар
- өрмек
- кестешілік пен көркем тігіс өнері
- зергерлік өнері
- сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар
- ағаш шеберлерінің жасаған әдемі заттары
- мал мен аң терілерін ұқсату
- былғары ұқсату
- ши орау өнері т. б.
Жүн және одан жасалатын заттар. Сырмақ жасау. Сырмақты оюлау.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу, құр, кілем, қоржын сияқтыларды тоқиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан, өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шу есуге өте қолайлы. Түйе жүні көрпеге салуға, шапанға тартуға өте жақсы, жеңіл, әрі жылы болады, қылшық шықпайды. «Шуда» деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көп ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Шуда жіп «шертер», «керуіш» деп аталатын.
Қойдың жүнін «жабағы», «күзем жүні», «қозы жүні», «өлі жүн» және «шет-пұшпақ» деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, сырмақ, қалпақ, кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді «өлі жүн» деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді «шет-пұшпақ жүн» деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе арқан-жіп есуге жұмсалады.
Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.
Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған.
Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқьіған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны «өте асығыс» деген белгіні білдірген. Осыдан келіп хан мен хандар арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны «үкілі почта» деп атаған.
Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдіктің белгісі деп саналған. Сонымен бірге үкіні қасиетті деп те білген. Мысалы, ерте кезде бақсы, молдалар, хан тұқымдары, атақты батыр, ақын, салдар үкі тағып жүрген. Ұзатылар қызға, қайнына баратын күйеуге, алғаш отау болғанда шымылдыңңа үкі қадау ғұрпының бір жоралғысы осыдан қалса керек. Осыдан келіп жүнделетін бір үкі бір аттың құнымен бағаланған. Үкіні ұлпа және қара қасқа үкі деп екі түрге ажыратады. Үкінің балақ жүнін -ұлпа, ал бауыр жүнін- қара қасқа үкі деген. Қара қасқа үкіні көбінесе ерлер қадаған. Сәукеле, тақия, бөрік сияқты қыз-келіншектер дүниесіне кебінесе ұлпа (балақ жүн) үкісі қадалған. Ақ үкінің жүнін түрлі түсті етіп бояп та пайдаланған. Мұндайда бояуға қазының майын қосқан. Үкіні аулап ұстап, балақ жүні мен бауыр төсінің жүнін алып, өзін жемге тойғызып қоя беретін. Мұны «үкі жүндеу» деп атайды. Үкі жүндеген ауылдан олжа алу салты да болған.
Жүн сабау, киіз басу, текемет басу, сырмақ жасау жұмыстары жастардың бас қосып ойын-сауықпен көңілді отетін. Жұмыстары болған сон жиналып тамақ ішеді, ойын кешін өткізеді.
Сырмақ жасау
Әдетте сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегіс жиектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz