НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ЗАҢНАМАНЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқық жүйесі мен заңнама
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. 9

2 НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Нормативтік-құқықтық актілер туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны және реттейтін негізгі
заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3 Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы
түйіні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы Заңнамаларды жүйелеу. Осы берілген
жұмыстың мақсаты – заңнамаларды жүйелеудің түрлерін және жүйелеу тәсілдерін
зерттеп тану.Нормативтік-құқықтық актілер түсінігін ажырата білу.
Аталған тақырып бойынша қарастыратын негізгі сұрақтар мыналар болып
табылады:
-заңнама жүйесі мен құқық жүйесі;
-заңнаманы жүйелеудің мақсаты;
- нормативтік-құқықтық актілер түсінігі мен белгілірін ажырату және
нормативтік-құқықтық актілерді реттейтін негізгі заңдары;
- нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері.
Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті -құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
(әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша кұш ретінде
жұмыс атқарады.
Заң жүйесі дегеніміз - құқықты құрастыратын нормативтік актілердің
жиынтығы негіздері.

1 ЗАҢНАМАНЫ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ.

1.1 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі

Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге
келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын арттыру үшін, көпшілікке
түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жүйелеудің түрлері:
1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір
жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұндай жинақта əрбір акт өзінің
дербес мəнін сақтап қалады. Инкорпорацияның қағидалары: хронологиялық
оларды қабылдау уақыты бойынша, тақырыптық белгілі бір тақырып бойынша жəне
т.б.
Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақтардың үш түрін
бөліп қарастырады: ресми, официозды жəне бейресми. Ресми жинақ
құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады.
Официоздық жинақ болып құқықшығарушы органның тапсырмасы бойынша, бірақ
оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады.
Бейресми жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша,
құқық-шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары
табылады.
2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өзгертпестен бір
жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Инкорпорациядан айырмашылығы –
мұндай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік
актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша
біріктіріледі .
3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің
нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны.
Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-
қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара
келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі
қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғамдық
қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі
акт.
Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі
бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:
- егер құқық жүйесінің алғашқы элементі болып норма табылса, заңнама
жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;
- егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан
түрінде көрініс табады;
- егер құқық жүйесі объективтік түрде, қоғамдық қатынастарға сəйкес
қалыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға
тəуелді болып келеді;
- егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заңнама жүйесі туынды
сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып табылады;
- құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажы-ратылады: заңнама, бір
жағынан, нормативтіліктің барлық түрлерін қамтымайды, себебі, құқық
заңнамамамен қатар əдет нормаларынан, нормативтік шарттардан жəне заңды
прецеденттерден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың атауларынан
басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар, тараулардың бөлімдердің,
баптардың атаулары жəне т.б. 
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған
қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік
дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол
қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік кеп салалы, көп жүйелі қүбылыс. Бұл ісүрделі құқық
процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге
қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, катынасын
реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықгырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші - құқық қоғамның объективтік — диалектикалық даму процесіне
сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның
даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен
қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз
байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егер де
қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам
дағдарысқа ұшырайды.
Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-
қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы реттеп,
басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық
құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес
қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу
тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс
дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік,
рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-
экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі
төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші
сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе.Құқық теориясында қүкық жүйесі және құқықтық жүйе деген
екі дербестік ғылыми үғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық
құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей — ешқандай айырмашылығы жоқ.
Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі,
дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, үлттың
қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан күқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы өр түрлі болады. Мұны
жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы
тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға
болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз- әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне
қарай, әдет-ғүрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықгық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз - құқықтық нормалардың ішкі құрылымы және
олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз - құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге
бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі
өзекті мазмүны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту,
нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол
қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері
қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік
актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықгық норма. Бұл деңгейде
норма бір қатынастың ішкі мазмүнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің
екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір
нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше үқсас қатынастардың
толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура
келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт- бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нор-малардың және
қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық
құқықта меншік, шарггық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқықта
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының
қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім— бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы
кдтынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық
қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық
төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы - қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге,
сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық,
еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық - салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің қүрамына жеке норманы, құқықтық институтты,
бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің
негізгі салалары:
- Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және
мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік
аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
- Әкімшілік құқық - бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын
реттеп, дамытып отырады.
- Қаржы (қаражат) қүқығы - бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат
көлеміндегі қатынастарды басқарады.
- Жер қүқығы — бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экология-лық бағыттағы
қатынастарды реттеумен шүғылданады.
- Азаматгық құқық - қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды
реттеп отырады.
- Еңбек қүқығы — азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып,
реттейді.
- Жанүялық құқық - осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының
өзара қатынастарын реттейді.
- Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық
шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады.
- Қылмыстық құқық - қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу
барысындағы мәселелермен шұғылданады.
- Қылмыстық - процессуалдық құқық - милиция, прокурату-ра, сот т.б. құқық,
қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім
жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
- Еңбекпен түзеу қүқығы - қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып,
қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды
қамтиды.
- Халықаралық құқық - мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар.
Материалдық құқық - қоғамдағы кдрым-қатынастарды реттеп, жақтап,
қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық
құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.
Процессуалдық кұқық- материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда
қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдықжәне азаматтық
процессуалдық құқықгарда көрсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтар-дың,
бірлестіктердің, үжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсатта-рын қорғап, дамытып
отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке түлға
мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке түлға
құқығы қалыптасады.
Бұқаралық құқық - мемлекет бұқаралық және жеке түлға ара-сындағы
қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы - жеке адамдардың
арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп,
басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар
қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл
топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылык, қылмыстық,
процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және
заңды түлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа аза-
маттық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады.
Бұқаралық құқық - мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы — жекелік
істермен шұғылданады. Жеке түлғалар күқығы жеке меншікпен тығыз байланыста
дамиды. Жеке меншік болмаса жеке түлғалар қүқығы да болмайды. Біздің елде
Кеңестік дәуірде жеке түлғалар қүқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі
нарықтықжүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке
түлға қүқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.
Құқық жүйесі объективтік күбылыс. Ол қоғамның диалектика-лық даму
процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір
жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екіншіжағынан,
құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне
сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып
жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен,
қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-
қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты
талқыланып, бекітіледі. Қоғам-дық қатынастарды реттеп, басқару процесінде
нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп
құқық жүйесі қалыптасады.
Заң шығару жүйесініңөмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде
субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы
дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті
дағдарысқа үшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару
бағытын-дағы аппараттары шүғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалып-
тасады.
Заң жүйесі дегеніміз - қүқыкты құрастыратын (калыптастыратын)
нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері).Нормативтік актілерсіз, заңсыз
құқық болмайды. Заң жүйесі мен күқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:
- Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің
бұлтүрі құқық жүйелерімен үқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық
т.б.
- Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер.
Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі ав-торлық құқық; жер-су заңдарының
ішіндегі тау-кен, экология туралы зандар т.б.
- Кешенді зандар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заң-дар). Мысалы:
шаруашылық, транспорттық т.б. зандар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше
салаларының үқсас қатынастарын реттеп отырады.
- Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін
біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б.
құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен,
қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: аза-маттардың
теңдігін, бостандығын т.б.
Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді
субъективтік түрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып,
қалыптасу кезеңдері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға
бөлінуі.
2.Катынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалып-тасуы.
3. Объективтік түрғыдан қалыптасқан күқықтық нормаларды заң жүйесіне
айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын
жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқықжүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланы-сты болады.
Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік
актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар
болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.
Құқықжәие заң жүйелерініңдаму бағыттары- құқық пен заң-ның дамуы
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл
процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да терендеп, жақсара түседі.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:
1). Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік
түрғыдан дамытуы;
2). Құқық жүйесінің дамуы;
3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара
байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары
нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы
қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік
процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы
бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа
айналады.
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды
бірте-бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп,
құқықтың қызметі азая беруі өмірге келеді. Бүған күмән келтіруге
болмайды. Мұндай процесс мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы
мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы
объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің
кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмүнын,
сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі
міндетті түрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға
объективтік, занды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму
процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте
Парламенттен төменгі органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол
органдар өздерінің әкімшілік территориясында мәселелердің басым көпшілігін
өздері толық реттеп, басқаруға көшуі мүмкін.

1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері

Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан дакүрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне
қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы сан алуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және
занды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықган мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері
болады:
1) Ең күрделі тұрі: инкорпорация, кодификация, консолида-ция: Инкорпорация-
нормалардың мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша,
норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік
актілердің жинақга-рын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация — мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа
сілтеме жасауға болады;
- бейресми инкорпорация — жеке және занды тұлғалардьщ жа-саған жинақтары,
оған сілтеме жасауға болмайды;
- хронологиялық инкорпорация — норманың қабылданған уақыттарына сәйкес
жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - құқықгың жүйесіне немесе қатына-стардың жүйесіне
сәйкес нормаларды жинақтау; бұл маңызды жинақ деуге болады. Оның ішіндегі
еңкүрделісі - зандардың жинағы (свод законов). Басқа жинақтардан заң
жинағының ерекшеліктері:
1) Жинақ заң шығарушы органның нүсқауымен жасалып, парламентте
бекітіледі.
2) Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері болса
толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып, қоғамдағы
құқық толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, занды күші бар нормативтік актілердің
барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі занды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе — зандар жинағын жасау мемлекеттердіңкөпшілігіңце
кездеседі. Кдзіргі кезде Қазақстан Республикасы хро-нологиялық және жүйелік
жинақгар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып,
реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне
сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмүнына инкорпорация тиіспейді,
кемшіліктерін жоя алмайды.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды,
қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге
айналдыру қажет.Бұл жолды консолидация деп атайды.Консолидация өзінің
қүрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып
саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған
мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық
шығармашылықтың бір түрі деуге болады.
Консолидация процесінде нормативтік актілердің қоғамдағы қатынастарды
реттеп, басқару мазмүнына тиіспейді, тек нормалардағы қайталауды,
олқылықгы, кемшілікті түзетіп жүйеге келтіру. Консолидацияның өзіне тән
ерекшеліктері:
1) Консолидация процесін жүргізетін заң билігінің органдары. Сондықтан
консолидация заң шығармашылықгың бір түрі.
2) Консолидацияда біріктірілген нормативтік актілердің заңды күштері
жойылады. Оның орнына біріккен нормативтік актінің занды күші келеді.
Қазіргі заманда нормативтік актілерді консолидация арқылы жүйелеу
процесі мемлекеттердің көпшілігінде өте кең пайдаланады. Біздің Қазақстан
мемлекетімізде де осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Кодификация- нормалардың мазмүнының үқсастығына қарай жіктеп, ғылыми
түрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықгық нормалардың
қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте күрделі жаңа заң
шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмүны
өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойы-лып, олқылықтары
толықтырылып, жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып, бір салада біртүтас
кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар,
бөлімдер, баптар. Бірақ олардың арақатынасы түрақты, ықшамды, ғылыми
байланысты, қолдануға пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске
асыруда, дұрыс, уақытында орындауда маңызы өте зор. Сонымен
кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1)Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмүнының өзгеруі,
барлық кемшіліктерінің жойылуы, жаңарып, құқықтың салаларына сәйкес
біртүтас кодекс болып шығуы.
2) Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің қазыретіндегі
өкілеттігіндегі мәселе.
3) Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери
заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен
қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі -
 барлық нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау және оларды
пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың,
қоғамдық үйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-
15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті.
Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарын,
естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға
міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.

2. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ

2.1 Нормативтік-құқықтық актілер туралы түсінік

Қазақстан Республикасының заңнамаларын жүйелеу жайлы әңгіме
қозғалған кезде нормативтік-құқықтық актілер туралы айтып кеткен дұрыс.
Нормативті құқықтық актілер – бұл құқық нормаларынан тұратын және
нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік
органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық
құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады.
Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң
күшіндегі актілерге бөлінеді.
Заң – бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін, халықтың ерік – жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы
орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері:
1)Конституция; 
2) Конституциялық заңдар;
3) Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер – бұл заңның негізінде және солардың орындалуы
үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар
жатады:
1) Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2) Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3) Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4) Ведомствалық актілер.
Нормативті актілердің уақыт, кеңістік бойынша және адамдар арасындағы
әрекетінің шегі болады:
Құқық шығармашылық- құзырлы органдардың заң нормаларын қабылдауы, өзгертуі
және күшін жоюы бойынша арнайы қызметі.
Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Құқық шығармашылық қағидалары:
1) ғылымилық;
2) кәсіпқойлық;
3) заңдылық;
4)демократиялылық;
5)жариялылық.
Құқық шығармашылық процесс бірнеше стадиялардан тұрады:
1) Заң шығрмашылық ұйтқысы (инициативасы);
1) Заң жобасын талқылау;
3) Заңды қабылдау;
2) Заңды жариялау.
Нормативті – құқықтық актілерді жүйелеу – бұл
нормативті актілерді ретке келтіру, нақты жүйеге жинақтау. Ол
заңнамаға еркін қол жеткізуді, оларды пайдалану қолайлы болу үшін
қажет.
Жүйелеу түрлері:
1) Инкорпорация: ресми және бейресми;
2) Консолидация;
3)Кодификация.
Нормативтiк құқықтық акт дегеніміз - референдумда қабылданған не
уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық
нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе
тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Заң актiлерiмен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiәзiрлеу мен
табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың
қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау
ерекшелiктерiолардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы
органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар
туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк
құқықтық актiлермен айқындалады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгiтүрлерiне мыналар жатады:
- Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшiбар
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшiбар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық
Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Парламентiмен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
- Қазақстан Республикасының министрлерiмен өзге де орталық мемлекеттiк
органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
- орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
- орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк
құқықтық бұйрықтары;
- мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік
құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері. Нормативтiк
құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық
бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық
бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге
асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының кодекстерiмынадай:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық;
3) азаматтық iс жүргізу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық;
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық;
10) кеден;
11) көлiк;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
16) қылмыстық iс жүргiзу сияқты бiртектес қоғамдық қатынастарды реттеу
мақсатында қабылданады.
Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы: Қазақстан Республикасы
Конституциясының жоғары заң күшi бар.
Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң
арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
- Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
- Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшiбар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
- Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшiбар Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасының Парламентiмен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары;
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
- Қазақстан Республикасының министрлерiмен орталық мемлекеттiк органдардың
өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк
органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
- орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк
құқықтық бұйрықтары;
- мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік
құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Төменгiдеңгейдегiнормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары
деңгейдегiнормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне
енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық
актiлер тiкелей қолданылады. Күшiне енген нормативтiк құқықтық
актiлердiқолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы
қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе,
онда бұл норма негiзгiжәне қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес
қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi
қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар
болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары
қолданылады.Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің
нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті
өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.Бір деңгейдегі
нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде
қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр
жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын
перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi. Перспективалық жоспарларда
неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты
бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық
актiлердiәзiрлеу көзделедi.
Дайындау жоспарларында:
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн
бейнелейтiн атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк
құқықтық актiлердiдайындау жоспарларын тиiстiактiлердiқабылдауға
құзыреттiмемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған
кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми
ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделiтұлғалардың ұсыныстары
ескерiледi. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын
жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң
дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуiмүмкiн.
Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеушiуәкiлеттiорган жобаны
дайындау жөнiндегiжұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының
мiндетiн атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауға
жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң қатысуы
мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау
жөнiндегiжұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық
Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық
қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттiоргандардың
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әр түрлiбiлiм
салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық
бiрлестiктердiң өкiлдерiтартылуы мүмкiн. Бiр деңгейдегiуәкiлеттiоргандардың
заңға тәуелдiнормативтiк құқықтық актiлерiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығының қайнар көздері
Нормативтік-құқықтық актілер түсінігі,түрлері
Нормативтік актілердің күші
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Еңбек құқығының қайнар көзі
Президенттің нормативті жарлығы
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi
Пәндер