Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытудың әдістері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. Тұңғиық сырлы талант
1. І.Есенберлиннің өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..4
1.2 Әдебиеттегі алғашқы
адымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3
Дастандары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .10
II. Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытудың әдістері
1. Ақын романдарына шолу жасау,оларды оқушыларға жеткізудің әдіс-тәсілдері
мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .15
2.2 Романдарды оқытудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ІІІ. Қорытынды бөлім
Романдарын көркемдік тұрғыдан талдау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Ілияс Есенберлин — қазақ әдебиетінде
алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан
шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің
тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытқанда
оқушылар негізгі ойды шешу үшін ізденеді, зерттейді.Оқығанды ой жүгіртіп,
зерделеп қабылдауына негіз болады.
Оқушы романды талдаудың әдіс-тәсілдеріне жүгініп, өз ойы, болжамын,
көзқарасын айтуға машықтанады. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі
тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жоғары кластарда роман, әңгімелерді оқыту
тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар үлкен көлемді
материалды бірден қабылдай алмайды.Мәселен,романды оқуға екі немесе үш
сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман кейіпкерлерімен
, мазмұнымен слайд арқылы таныстырады. Екінші сабақта осы роман сюжеті
бойынша түсірілген кинофильм болса, соны көрсету. Ал үшінші сабақта алған
білімді бекіту мақсатында романды талдап,әдістердің көмегімен
қорытады,немесе мұғалімнің өзінің құрастыруы бойынша тест және т.б. бақылау
түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы
ретінде бір шығармашылық топ құрып, соларға осы роман үзіндісі бойынша
шағын әңгіме құрастыруға болады.Міне, осындай әдіс-тәсілдердің көмегімен
сабаққа қатысу белсенділігін жоғарылатып, оқушылардың да қызығушылығын
арттыруға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Ілияс Есенберлиннің қазақ халқының өткен тарихын
бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше
романдары оқи отырып,оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты
жазушының саяси жеңісі еді.Оның әдеби кезеңдеріне шолу жасау, тақырыптарды
оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерді меңгеру.
I.Тұңғиық сырлы талант.
1.1 І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы
Ілияс Есенберлин – қазақ аңыз-шежіресі, фольклор дәстүрі, мәдениеті мен
тұрмыс- салтының тамаша білгірі. Ол өзінің осы көлгөсір байлығын көркем
шығармаларының өн бойына шеберлікпен сіңіріп жіберген.
Әлкей Марғұлан
І.Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар
қаласында дүниеге келді.Қабілетті зерек жас 1940 жылы Қазақтың Мемлекеттік
тау- кен және металлургия институтын бітірді. Сол мамандығы бойынша
Жезқазған кенішінде құлшына қызметке кіріскенінде күркіреп Ұлы Отан соғысы
басталды. Жас азамат қолына қару алып, жаумен айқасуға аттанды.Тумысында
алғыр, мықты қайрат иесі Ілияс соғыстан оралған соң бейбіт құрылысқа мидай
араласты. 1942-1947 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде
нұсқаушы, 1947-1951 жылдары Қазақ филармониясының директоры боп істеп,
үлккн өмір мектебінен өтті, талай біліктілермен, зиялылармен сұхбаттасты,
жұмыс бабында күрделі мәдени,
қоғамдық мәнді мәселелерді шешуге атсалысты. 1953-1954 жэылдары Қазақстан
Геология министрлігінде аға инспектор қызметін атқарды,
1954-1955 жылдары Ақтөбе облысындғы Берсүгір шахта басқармасының бастығына
жоғарылатылды.
Өмірінің алғашқы сатыларында ысылғандығы, мол білім мен бай
тәжірибе жинақтауы бір жағы әдебиеттегі ілкі адымдырының сәтті басталуына
жол ашса, екінші жағы былайғы қызметіне де қаруы тимей қойған жоқ. 1955-
1957 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы,
1958-1967 жылдары Қазақфильм киностудиясының аға редакторы, сценарий
коллегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары Жазушы баспасында директор, 1971-
1975 жылдары Жазушылар одағы басқармасының екінші секретары қызметтері
жүгін еркін көтеріп, тапсырылған істі абыройлы атқарды. Ең бастысы –
дарынын ұштады, замана беталысын дұрыс аңғарып, дәуірдің қилы-қырлы
соқпақтарында өз жолын таба білді, болашағынан ұялмайтындай бағыт ұстауына
мүмкіндік ашатын өреге көтерілді.
Қазақ әдебиеті дамуының тарихында жазушы Ілияс Есенберлин төргі орындардың
бірін алады. Ол туған жеріне, өскен еліне шығармагерлік алапат еңбегімен,
талмас талантымен танылған ардақты азамат, ірі қаламгер.
Қазақ әдебиетінің көркем қазынасын байытуға қомақты үлес қосқан
жазушының әр түрлі жанрларға құлаш ұрды. Қыруар өлең, он дастан, екі
повесть, он жеті роман туғызды. Драматургия, кино, аударма саласында тер
төкті. Елінің күнделікті өмірімен тыныстаған шығармалармен қатар, ұлт
өмірінің ғасырларға кететін кең ауқымды, қарымды панорамасын жасаған
құнарлы туындылар берді. Ата-бабамыз қалай өмір сүрді? Қандай жолдан өтті?
Тарихи тағдырлары неге сүйіндірді, неден жирендірді? Қазақ жазушыларының
арасында үлкен оқырманның шақыруына үн қосқан алғашқы қаламгерлердің бірі –
Ілияс Есенберлин. Біз оны жаңа сапа белесінен көрдік те таныдық, - деп
жазды асрдар сыншы Мұхамеджан Қаратаев... - Біз оны қажырлы еңбегі үшін
сыйлаймыз.
Жазушы туындылары жұртшылық жүрегіне жол тапты. Көптеген шет
тілдеріне аударылды. Шебер жазушының шабытты еңбегі, шалқар творчествосы
шебер бағаланды. І. Есенберлин Қазақ ССР-нің Абай атындағы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атанып, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен,
көптеген медальдармен марапатталып, халқының құрметіне, зор абырой, даңққа
бөленді.1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде
инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.1942-1947 жылдар аралығында
Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,1951 жылдары Қазақ мемлекеттік
филармониясының директоры,1953-1954 жылдары ҚР Геология
министрлігінде аға инспектор, 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта
басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік
көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары "Қазақфильм"
киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-1971
жылдары "Жазушы" баспасының директоры, 1971-1975
жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет
атқарады. Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин
есімі берілген.
Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп,
өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі.
Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына
салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке
жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең
мәнді туынды болып қалғанКөшпенділер трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп
тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті
мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық
еді.
Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел
деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі Көшпенділер трилогиясы
еді.Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан
дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі
мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы
мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы,
халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық
қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік
батырлар.
Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар.
Көшпенділер трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып
тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.
Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір
сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін
мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар
жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин
осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан
мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну
жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.
Көшпенділер қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес,
әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып
бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат
екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара
жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп
берді.Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз
болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу
үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен
мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық
алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.
2. Әдебиеттегі алғашқы адымдары
Үлкен проза жанрына өткен ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бел шешіп
кіріскен І. Есенберлин әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңмен ашты. 1945 жылы
Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Тырнақалды өлең-жырын іріктеп
Адамгершілік жыры атты жинағына (1949) енгізді. Сталин культі шамырқаған
шақтағы уақыт әуенінен жас ақын қалысқае жоқ. Көп алғыс Ұлы Сталин сізге
бізден деп басталатын Қазақ қызының Отан туралы жырына қоса, Отан,
Социалистік Еңбек ері досыма, Мойынты-Шу ерлеріне, Еңбекпенен
гүлденем деген сияқты өлеңдер жазды.
Шын талант иесі өз жолын табады, жасық, жайдақ жырсымаққа байланып
қалмайды. Жас талап қанаттану кезеңінде-ақ үміт күтерлік сәулелі шумқтар
туғызуын жиілетті. Алғашқы жинақтарынан-ақ ұлт тақырыбына айрықша ден
қойғыштығы байқалып қалып жүрді. Ұмытпаңыз ер қызды, Әлия деген
өлеңдерінде күллі Шығыс әйелдерінің арасынан жалғыз өздері ғана Совет
Одағының Бтыры атанған М. Мәметова мен
Ә. Молдағұлованың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете сөйлегенде олардың қазақ
қызы екенін айрықша мақтан етті.
Бұдан басқа Ілияс – Домбыра, Күй, Қобыз күйін тыңдашы, Жаңа өлке,
Қыз арманы, Ақ қайың, Көк кептер т.б. өлеңдерінің авторы.
Марапаттары
Еңбек Қызыл ту ордені
Құрмет белгісі ордені
За боевые заслуги
За оборону Ленинграда медалі
Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының жүлдегері, 1968 жыл (Айқас романы үшін)
1.3 Дастандары.
І.Есенберлиннің төңкерісшіл Әділбек Майкөтовке арналған Большевик туралы
поэма (1957), кейін Әділбек (1977) дастаны үстем идеологияның рупоры
есебінде қабылданды. Ақынның поэзиялық лексикасына обалың... тап жауыңа
деген секілді саясат сөздері кіргізілген. Тап тартысы көркемдік тартыстың
арқауына айналған.
1959 жылы жарияланған Біржан сал трагедиясы, 1977 жылы өңделіп
өзгертілген қалпында Біржан сал атанды. Дастан өлеңмен жазылған романдай
оқылады. Қиялға негізделіп жазылған лиро-эпостық поэма С. Мұқановтың
Сұлушаш романына ұқсас – көп оқиғалы. Ақынның Қазақ қызы (1975) поэмасы
ерлі-зайыпты Алтынай-Асылбек махаббатын қиын сынға салады. Ал 1978 жылы
жазушының Көңіл-дастан поэмасы туды.
Жазушы І. Есенберлин роман жанрында да аянбай еңбек етті. Көшпенділер
трилогиясы арқылы даңқы әлемге жайылған жазушының осы заман тақырыбына
жазылған шығармалары да алуан-алуан.
Әрбір шығармасыңда күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола
қоймаған тыңға барушылық, творчестволық батылдық- жазушы І.Есенберлин
қаламына тән сипаттар. Адам мінездеріндегі қайшылық ешкімнің де туды-бітті
пешенесіне жазылған тағдыр таңбасы емес, дәуірдің, уақыттың, саяси-
әлеуметтік күрестерінің, таптық арпалыстардың санадағы көрінісі екенін
ұғындыра алғаны – автордың елеулі еңбегі.
Қандай тақырыпқа барса да, өндірістің немесе шаруашылықтың жағдайларына
дендеп кетпей, адамдар арасындағы байланыстар, ықыластар тарихын негіздеп
талдаушылық нағыз өмір романын жазуға ойысушылық І.Есенберлин
шығармаларында неғұрлым кең көрініс берген. Оның
туындыларының қызықтығы да осындай ұтымды белгілеріне қатысты. Мұндай тәсіл
автордың кез-келген шығармасына тән десек артық айтқандық емес.
Қаламгерлің көтерген мәселелерінің, таңдаған оқиғалық ситуацияларының
мәнділігінен де оқушы романдардағы адам тағдырына
селқос қарай алмайды. Көркем шығарма үшін алдымен керек қасиет – еркін,
құйылып оқылатындық – бұл кітаптардың ортақ сипаты дерлік.
Шығарманың сюжеттік желісін шымыр тарта білетіндігі, адам мінездерінің
логикасын табиғи таныта алатындығы, әлеуметтік істер мен кейіпкерлердің
жеке бастық аңсарларының тұтас бірлестікте берілетіндігі І.Еісенберлин
романдарының өзгеге ұқсамайтын даоалык келбетін құрайды. Бұл тараптан
алғанда, автор туындылары жалпы қазақ романшылық өнеріне ажарлы ағын
қосқаны кәміл.
Ірі әлеуметтік, таптық мәселелерді көтеретіндік, құбылыстарды озық
дүниетаным тұрғысынан талғайтындық, қаһармандардың қоғамдық аренадағы
істеріне, өмірдің объективтік қозғалысын көрсетуге басым мән беретіндік –
советтік прозамыздың табысы. Ұнамды деп ауызға ілінген, жамағатшылық
ілтипатына бөленген шығарманың көбінен осындай өнеге табылатын. Сонымен
бірге, прозалық мәдениеттің әлі де толық жетіліп болмағанын байқататын бір
көрініс – кейіпкерлердің жеке бастың аңсар-ықыласының кейде аз немесе
мүлде көрінбей қала беретіндігі еді. Міне, осы екі бастауды – қоғамдық
өмірдің объективтік заңдылықтары мен қаһарманның мінездік сипаттамасын, іс-
әрекетін қоса-қабат суреттеу соңғы жиырма шақты жыл ішінде негіздеп жүзеге
аса бастады. Қазіргі кезде өндіріс тақырыбына жазылған шығарманың өзінде
жалаң технологиялық процестерді ұзақ-шұбақ көрсету күрт азайды, оның
есесіне қаһарманның көңіл күйін, өзра қарым-қатынастар тарихын айту қомақты
орынға шықты.
Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған осы тенденция
І.Есенберлин романдарынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың Алыстағы
арпалыс, Маңқыстау майданы романдары осыны дәлелдейді. Бұлардың
алғашқысында үлкен өзенге бөгет салу, соңғысында қазыналы Маңқыстау
түбегінен мұнай байлығын іздеу, өндірісті жетілдіру мәселесі оқиғалық қазық
болған. Бұл шығармаларда өндірістің тікелей кәсіптік мұқтажын әңгімелеуге
жазушы бармаған, өндіріс айналасындағы түрлі қайшылықтар мен қақатығыстар
кейіпкерлердің мінездік ерекшелігімен
ұласып шыққан. Осыдан барып, суреттелетін оқиғалардың бәрі дерлік
қаһармандардың мінез-құлқын, жақсылығын немесе кемшілігін ашпай
қоймайтындай өмір мәселесіне айналып отырады. Өндірістік ситуация бір
бөлек, қаһарманның рухани әлемі және өзінше келетін үйлесімсіздік прозаның
өткен кезеңі деп есептесек керек.
І.Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық
рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекке қояды. Оның ұнамды қаһармандары
мейлі қазақ жеріндегі көне цивилизация қалдығын іздейтін археолог ( Алтын
аттар оянады ) болсын немесе алдыңғы қатарлы кенші болсын (Алтын құс) –
бәрәбір тынысы және әлемі, іс-әрекеті замана сазына үндес. Сондықтан да,
олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын.
Өмірдің жанды мәселесін, күрделі шындығын сол қалпында ойып ала білетіндігі
бұл шығармалардың шыншылдық, әсерлілік қуатын арттырады.
Бүкілхалықтық, партиялық аса ірі оқиғалардың ізін суытпай көркем
бейнелеуге ұмтылатындығы, уақыт сұрауларына елгезек әзір-жауаптығы –
жазушының өзіне тән жақсы қырларының бірі.
Қазақстан тарихындағы соңғы жиырма бес жыл ішіндегі ең көрнекті істердің
бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру эпопеясы болса, осы тақырыпқа қазақ
жазушылары арасынан үлкен прозада ( Көлеңкеңмен қорғай жүр) ат салысқан
санаулы қаламгер қатарында І.Есенберлин есімі де аталуы кездейсоқ емес.
Дегенмен, жазушының өнімді, байсалды прозасының ерекше бағалы өрнегі неде
десек, оның қаламынан туған қызғылықты, соны қаһармандары екекнін екенін
айтқан болар едік. Қазіргі дәуірдегі қазақ көркем қара сөзінде бұрын
көрінбеген алуан түрлі адам типтері мол кездеседі. Әдеби шығармалардың
тақырыптық аумағы арткандығы, тартыстардың сыры мен сипаты мейлінше жан-
жақты бола бастауы бір-бірінен дараланып тұратын кейіпкерлер қатарынан да
айрықша аңғарылады. Ал жаңаша ойлайтын қаһарман қашан да шығарманың идеялық-
көркемдік құрылысына, бейнелеу жүйесіне тиісті
өзгеріс енгізіп отыратыны табиғи нәрсе. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі осындай
сан-сала ізденістер, ілгерілеулер процесінің заңдылықтары мен шарттылықтары
І.Есенберлин творчествосына толығымен тән деп білеміз.
Жоғарыда көрнекті қазақ прозашысының шығармаларына ортақ бірсыпыра
сипаттары қысқаша сөз етілді. Ендігі жерде жазушының идеялық-көркемдік
қарымын, жеткен биігін нақтырақ елестету үшін неғұрлым сәтті саналтын
бірер романына кеңірек тоқталсам ба деп едім. І.Есенберлиннің Айқас және
Қатерлі өткел романдары оның қалам қажыры мен суреткерлік шалымының
деңгейін пайымдауға толық мүмкіндік береді.
Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар",
"Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып,
оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда
тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени
мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.Жазушы I. Есенберлин өзінің
тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды
күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі
қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын,
сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді
Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене
отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып,
көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады
және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-
хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи
оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.
"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы)
қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына
топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек,
Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар,
алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі —
Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі
қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып
ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру
мәселелері.
Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы
Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін
әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе
отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен,
кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының
қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға
және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін
патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық
қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі.
Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары
дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері
көрсетіледі.
Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген
мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға
салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа
хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр
жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді,
Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін
суреттер тарихи шындықтарға негізделген.Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің
"Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне
қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын
көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.

2.1 Ақын романдарына шолу жасау,оларды оқушыларға жеткізудің әдіс-тәсілдері
мен ерекшеліктері
І.Есенберлин көңіліндегі сөзін жағымсыз кейіпкерге айтқызатын тәсілге
жиі жүгінген. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын
құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы"
(1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.
Өзінің көкейінде жүрген түйткілді жағымсыз кейіпкеріне толық айтқызады және
қайталап айтқызып күшейтіп отырады. Содан соң ғана барып, романның ендігі
бар күші, идеялық-көркемдік қуаты қыңыр пікірді тәркілеуге, жоққа
шығаруға арналады.Роман шығармаларының өзіне тән ерекшеліктері-олардың
негізгі бір мазмұнға құрылуы,тақырыбы,көркем бейнелері,яғни көркем
компоненттерінің барлығы.Сондықтан оларды талдау барысында,ең
алдымен,әдебиетті оқыту әдістемесінен білім беріледі.
Әдебиетті оқыту әдістемесі сынып жоғарылаған сайын,оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты күрделене түседі. Романдарды
оқытуда,талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
1)Көтерген тақырыбы,проблематикасы.
2)Көркем образдары,образдар галереясы.
Романды талдау оны оқудан басталады.Көркем туындыны толық оқымай,мазмұнын
жетік меңгермей тұрып,оны талдау мүмкін емес.
Романдарды көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін
емес.Сондықтан,әсіресе,осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін,мұғалім
айрықша еңбектенеді.
Ең бастысы,қандай мәселелерге көңіл бөлу керек,талдаудың қай түрі
тиімді,қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ.
Міне,осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады.
Оқушылар романды оқи отырып,автормен кезігеді,онымен іштей сырласады,олар
авторды да,оның туындыларын да өз пікірі,эмоциясы,дүниетанымы арқылы
қабылдап,ал мұғалімнің мақсаты-сол алған,өзіндік қабылдауларды ғылыми
негізге бағыттау,дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Әр кезеңді өзіндік
ерекшеліктерімен талдау керек.Сондықтан,мұғалім бұл жұмыстарда ерекше ден
қоюы керек.Талдау жұмыстарында әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана
талданады.(сыныбы,жасынақарай) Мысалы: бастауыш буынның шығармаларында(5-
7)сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса,8-9 сыныптарда ол
терендей түседі.Оның негізінде жатқан проблематикасына көңіл бөлінеді,ал
жоғары сыныптарда әдебиетті оқыту әдістемесі пәні бойынша,басты
талаптарымен талдау,әдістемелік негізде тереңірек талдау жүзеге асуы
тиіс.Оқушылар роман мазмұнына,кейіпкерлердің образ бейнелерін
талқылап,қаһарманның жанталасқан іс-әрекетін,психологиялық күй-жағдайын
анықтайды.Мысалы,
Романның Адасқан ақын деп аталатын алғашқы бөліміндеүш ақынмен танысамыз.
Үш ақын – үш әлем.
Алғашқы беттерде көрінетін ұлтшыл ақын Ақанның салиқалы бейнесі
трагедиялық планда әдемі соғылған. Ақтаңдақтар әйгілі болғаннан кейін
байқалды, бейненің прототипі етіп Алаш қайраткері алынғандығы. Қаламгер
Ақан өмірін суреттеуге көп орын бермеген. ...Терезе алдында тұрған ақ құба,
ашаң жүзді, қошқар тұмсықты, үлкен қоңыр қой көзді, кең кеуделі ұзын бойлы
адамның жасы отыз бестер шамасында.
...Ұзын қою қара шашы желкесіне қарай дударлана құлаған. Сырт келбеті
көз тоярлық. ...Бұл қазақтың ертедегі белгілі ақыны, алғашқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz