Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

1 Инвестициялар: теориялық негіздері және инвестиция тартудың әлемдік
тәжірибесі
1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде
5
1.2 Инвестициялар құрылымы
6
1.3 Инвестициялаудың әлемдік тәжірибесі
9

2 Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы компанияларды инвестициялаудың қазіргі
кездегі жағдайы
11

2.2 СНПС-Ақтөбемұнайгаз ЖШС мысалы негізінде инвестициялық
тартымдылығын талдау
15

2.3 Компанияларға тартылатын инвестициялар көрсеткіштерінің экономикалық-
статистикалық даму моделі
22

3 Қазақстан компанияларына инвестицияларды тарту жолдары. Рейтингілік
бағалауды анықтау.
3.1 Компанияларға шетел инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері
24

3.2 Қазақстан Республикасындағы компанияларға инвестициялық тартымдылығын
рейтингілік бағалау
26

Қорытынды
33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
35

Кіріспе

Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық
дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік
беретін, өндірістік, инновациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен
жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін
инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын
қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды
талап етеді.
Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша
қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан
Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен
қамтамасыз етуіміз керек.
Қазіргі кезде халықаралық инвестицияларды импорттау бір жағынан,
республикадағы экономиканы жандандырудың ең тиімді әрі жедел жолдарының
бірі, екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің мүддесіне жиі қысым жасайтын
инвесторларды тартуда белгілі бір бақылау мен шектеулерді талап ететіні өте
айқын. Инвестициялық саясатта тиімді нұсқаны таңдап алу – ең көкейкесті
мәселе. Мұның барлығы таңдап алынған дипломдық жұмыс тақырыбымның
өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – инвестициялық процестерді қаржыландыру
көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін
шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық
нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей инвестициялардың
артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық
нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің
перспективалық жолдарын ұсыну.
Курстық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген
инвестициялық жобалар қарастырылады.
Экономикалық өсу мен тұрақтылық мүмкіндігін анықтайтын шешуші фактор
жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда жүзеге
асырылып жатқан экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі буыны
– кәсіпорынның құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын,
оның азаматтық және шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін елеулі түрде
өзгертті. Бұрын экономиканың барлық саласында артықшылыққа ие болған
мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның (ұйымның) орнына жеке,
аралас, акционерлік меншік негізіндегі миллиондаған кәсіпорындар (ұйымдар)
пайда болып, қызмет етуде. Осының бәрі экономикалық өсу негізі болатын
инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару механизмін өзгертуге,
ұйымның және барлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер
етті.
Барлық меншік формаларындағы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
тәжірибесінде нарықтық қатынастардың дамуымен бірге қаржылық инвестициялар
да кеңінен тарала бастады. Акционерлік қоғамдар көбейе түсті; мемлекет,
банктер, кәсіпорындар бос ақша капиталын тарту тәсілі ретінде қарызды құнды
қағаздарды жиі пайдаланады. Туынды құнды қағаздар – фьючерстік келісім-
шарттар, құқықтық құжат нарығы дамуда.
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың басты тенденцияларын есепке ала
отырып, сыртқы экономикалық алмасуларға белсенді қатысуға, шет елдермен
өзара пайдалы экономикалық бірлестік орнатуға бет бұруда.
Осындай қарым-қатынастың негізгі бағыттардың бірі шетелдік
инвестицияны өте қайшы бағалауға қарамастан, ел экономикасына тарту болып
табылады. Кейбір экономистер инвестиция экономикалық тәуелсіздіктің
жойылуына әкеледі деп есептейді, кейбіреулері ұлттық экономиканы
құтқарудың, оны көтерудің бірден-бір көзі – инвестиция дейді. Алғашқылары
экономикалық күйреуден қашу мүмкін емес, Отанды сату болар дейді.
Екіншілері олардан өндіріс факторларының, білім алмасу технологиясының,
басқару тәжірибесінің халықаралық тұтастығына сүйену мүмкіндігін көреді.
Көзқарастардың қарама-қайшылығында олар бір мәселеде ортақ шешімге
келеді – шетелдік инвестициялар экономиканы қайта құрудың жүруіне елеулі
әсер етеді және өндірістік дамудың сыртқы факторларды тартудың теріс және
жағымды салдарын объективті бағалауды, қазақстанның оның халқының мүддесіне
жауап беретін, дағдарыстағы құрылыстарды жеңуді және перспективалы
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін инвестициялық саясат жасауды ұсынады.

1 Инвестициялар: теориялық негіздері және инвестиция тартудың әлемдік
тәжірибесі

1.1 Инвестиция экономикалық категория ретінде

Экономикалық құралдар мәнін талдауда құрал деген не және ол нарықтық
қатынастарға өтудің алғышарттарын дайындауда қолданылатын “қолайлы
инвестициялық климат” ретінде екендігін ескерген жөн.
Бізге белгілі болғанындай, меншік формасы өзгеру процесінде, реформа
бірте-бірте жалғаса берсе, тиімді нарықтық механизмдер құру процесінде
бұрынғы категориялар “көлеңкеге” кетіп, жаңа категориялар пайда болады,
кейбіреулері жаңа әлеуметтік-экономикалық мәнмен толықтырылады. Жаңа
категориялардың пайда болуы, экономикалық мәндерінің өзгеруі бір жағынан
экономикалық теорияның дамуының нәтижесі ретінде көрінеді, ал екінші
жағынан – объективті шындықтың жаңа құбылыстарын көрсетеді. Бұл
экономикалық құралдардың жаңа мәнінің дамуын жалғастыруда дегенді
білдіреді.
Инвестициялық климаттың экономикалық мәні ғылыми зерттеулерді қажет
ететін, жаңа айрықша белгілерді объективті түрде тудыра отырып өте тез
дамитын қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жиынтығын талдау арқылы
көрінеді, себебі инвестициялық климат категория ретінде әртүрлі әдістемелік
аспектілерде қарастырылуы мүмкін: меншік қатынастарының көп сипаттылығы
тұрғысынан нарықтық қатынастар өзгерісінің элементтік мән көқарасы
тұрғысынан қарастырылуы қажет.[5,56-60 бет]
Зерттеліп отырған құбылыстың маңызын ашу үшін оның ішкі әлемін
түсіну, үнемі қайталанатын бауланыстарды айқындау, маңызды белгілері мен
өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет. Бұл логикалық ойлауды пайдалану
қажеттілігін білдіреді. Ғылыми абстракция әдісі дегеніміз нақты болған істі
талдау, оның маңызды қасиеттерін айқындау және жанама, маңызды емес
факторлардан назарын аудару. Осының негізінде логикалық ойлаудың маңызды
белгілерін жинақтап, белгілі бір түсінікті қалыптастырады. Категория
дегеніміз іс жүзіндегі шындық және сонымен бірге оның идеалды формаға
өзгеруі болып табылады. Инвестициялық климатты талдау кезінде нақтыдан
абстарктіге өрлеу зерттеліп жатқан категорияның түсінігін, терең сипатының
маңызын ашуға әкеледі.[8,136-139 бет]
Жинақталған тәжірибе өндірістік қатынастардың, экономикалық
категориялардың даму тенденцияларының ең көлемді бұрынғы теориялық тұрғыдан
талдауға мүмкіндік береді, соңғысы нарық өз дамуында қандай өзгергіш болса,
ол да сондай.[10,96-100 бет]
Инвестициялық климатты және оның байланысын субъект тарапынан
сипаттау бұл категорияның құрылымдық қана емес, функционалдық аспектілер
туралы қорытындыларды елеулі түрде байытады. Сөз мүдделерінің өзара әрекеті
мен құрылымы, оларды іске асыру механизмі туралы болып отыр.
Кәсіпкерлік жүйесіндегі субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекеті
туралы идея инвестициялық климат сипаттамасының мәнін ашу үшін өте маңызды.
Әртүрлі нәтижелерге қатысты белгілі болжаулар жасаған П.Хейн: “Егер адамдар
қоғамда тиімділікті бағаламай, елесті, кездейсоқтықты, пайдасыз әрекеттерді
басқалардан артық көрсе, экономикалық теория өзінің күні бұрын болжағыштық
күшін жоғалтушы еді... оның дәлелдеуші күші шешім ойланып қабылданатын
қоғамдық өмір салаларында жоғары” деп әділетті көрсеткен.
Субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекетін экономикалық
келісімділік, нарықтық көбіне шешім қабылдау арқылы бірігу элемент ретінде
қарастыру керек.
Объективтіге елдің географиялық жағдайы, оның сыртқы дәстүрлі әлемдік
нарықтан қашықтығы, теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл жүк тасуда көп
шығындарды тудырады, қытымыр климаттық жағдайлар, шет елдермен
коммуникациялық және көлік байланыс жүйесінің жеткілікті дамымауы,
ақпаратпен әлсіз қамтамасыз етілуі, жеткілікті дамымаған нарықтық ойлау
жатады.
Субъективті себепке, біріншіден, нарықтық қалыптасудың қызмет етуінің
негізгі шарттарының бірі – оның адекватты құқықтық қамтамасыз етілуін
жатқызуға болады. Республикадағы көптеген нарықтық заңдар мен нормативті
актілер қабылданған, бірақ олар тек жекелеген мезеттерге, экономикалық
организмнің жекелеген жақтарына қатысты, бір-біріне жиі сәйкес келе
бермейді және бір-біріне қарама-қайшы, бұл қарама-қайшы ойға, нәтижеге әкеп
соқтырады.

1.2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі

Инвестиция – Қазақстан экономикасы үшін жаңа түсінік.
Орталықтандырылған жоспарлы шаруашылық кезеңінде “жалпы капитал” түсінігі
жиі қолданылды. Ол – негізгі қорларды ұдайы өндірумен байланысты барлық
шығындар, соның ішінде оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындар да
бар.[12,26-28 бет]
Қазақстанда, басқа елдердің көбінде шаруашылық етудің нарықтық
формасына көшумен бірге өте кең түсінік – инвестицияны қолдана бастады.
“Инвестиция” түсінігінің мәнін ашпас бұрын, инвестицияның қазақстанда
қолданылатын бірқатар анықтамаларына тоқтала кеткен жөн:
1.Инвестиция – пайда (табыс) алу және жағымды әлеуметтік тиімділікке
қол жеткізу кәсіпкерлік қызметке және қызметтің басқа түрлеріне салынатын
ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа да
құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, жабдықтар; лицензиялар, оның
ішінде тауарлық белгілерге берілетін лицензиялар; несиелер, кез келген
мүліктер немесе мүлікке берілетін құқықтар.
2.Инвестиция – халық шаруашылығының әртүрлі салаларының
кәсіпорындарына (ел ішінде немесе шетелде) ұзақ мерзімді капитал салу.
3.Инвестиция – пайда алу мақсатында ел ішіндегі, сондай-ақ шет
елдердегі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына мемлекеттік немесе жалпы
капиталды ұзақ мерзімді қаржылық салу.
4.Инвестиция – пайда алу немесе әлеуметтік және экономикалық
тиімділікке қол жеткізу мақсатында өндірістік, коммерциялық, әлеуметтік-
ғылыми, мәдени және тағы да басқа салалардың әртүрлі бағдарламалары мен
жобаларын іске асыруға салынатын барлық ақшалай, мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтардың жиынтығы.[14,26-30 бет]
Осылардың ішінде ең толық анықтама ресми заң актілерінде келтірілетін
бірінші анықтама болып табылады.
Инвестиция нарығын және инвестициялық тауар нарығын қарастырады.
Бірінші нарықта инвестицияны тұтынушының қандай да бір сұранысын
қанағаттандыру және инвесторлар жағынан ұсыныстарды қолдану нәтижесінде
инвестиция алмасу болады. Тұтынушылар инвестицияларды пайдаланғаннан кейін
белгілі бір пайда алу мақсатында инвестициялар сатып алады. Инвестициялау –
Қазақстан экономикасының нарыққа көшуінің басты тетігі, басқа тетіктер мен
формалары: ақшаны, қаржыны, бағаны және басқаларын пайдалану негізі.
Инвестициялар – пайдалану кезінде қандай да бір пайдалы тиімділіктің
белгілі бір деңгейіне жететін және пайда алуды қамтамасыз ететін мүліктік
және интеллектуалды құндылықтардың көптеген түрін көрсетеді. Кейінгі
жылдары ең маңызды деп әлеуметтік сипат тиімділігі танылады.
Шетелдік тәжірибедегі өндіріс тәсілдерін жетілдірудің соңғы бағыттары
“жаңа технологияны игеру” деген кең түсінікке тірелді.
Инвестициялық процестер – қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Оның
ұдайы өзгерісі маңызсыз. Бұл еңбек құралдарының табиғи тозу процесінде
есептен шыққандарын ауыстыру ғана емес, өндіріс қуаттылығын ең жоғарғы
сапалы деңгейге дейін көтеру, тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз
ету.[7,13-19 бет]
Қазақстан Республикасы құқықтық актілер шегінде (ҚР заңдары, ҚР
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары) инвестициялық қызметті
субъектілер мен объектілерге бөлінуі тұрғысынан қарастыру керек.
Инвестициялық қызмет субъектілері: инвесторлар, орындаушылар
(мердігерлер), тапсырыс берушілер, тек инвестициялық қызмет объектілерін
пайдаланушылар, тауарлық-материалдық құндылықтармен, жабдықтар және жобалық
құжаттармен жабдықтаушылар, қаржылық, банктік, сақтандыру және делдалдық
қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ел азаматтары, шетелдік заңды және
жеке тұлғалар, халықаралық ұйымдар.
Егер инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушы инвестор болып
табылса, оның қызметке басқа қатысушылармен өзара қарым-қатынасы тиісті
келісімдермен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңдарға сәйкес инвесторлар
инвестициялау көлемі мен бағыттарын өздері анықтайды.
Шаруашылық етудің нарықтық жағдайында инвестиция дегеніміз – бұл
келесі формаларда болуы мүмкін тауар:
- материалды-заттай: еңбек капиталы, құнды қағаздар және
міндеттемелер;
- ақшалай және табиғи формада: негізгі және айналым капиталы, ғылыми-
техникалық өнім, мүліктік құқықтар;
- тек ақшалай формада: ақшалар, салымдар, пайлар.
Дамыған нарықтық экономикалы елдерде инвестициялық тауар нарығын
қолдану арқылы қызметтің бір саласынан екінші саласына капиталды үздіксіз
құю жүзеге асырылады. Инвестициялық тауарлар:
- жылжитын және жылжымайтын мүлік түріндегі еңбек капитал
элементтеріне ие;
- қаржылық активтер түріндегі қаржылық капитал элементтеріне
бөлінеді.
Қаржылық активтер еңбек капиталы қозғалысының құнын ортақтандырып,
капиталдың табыстылығы мол қызметке құйылуына себепкер болады.
Инвестиция айналымының ерекше формасы оларды иелену саласына
капиталды құрылыс қосылған кезде байқалады. Бұл жағдайда құрылыс саласында
инвестордың тапсырыс беруші роліне байланысты қаражат айналымының екі
формасы болуы мүмкін:
- тапсырыс беруші (инвестор) өзіне қажетті объектілерді шаруашылық
тәсілдерімен өзі айналыса алады.
- инвестор тек құрылыс өнімдеріне тек тапсырыс беруші ролінде бола
алады, ал объектілердің құрылысын мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады.
Қазіргі кезде қызметтің бұл формасы “Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қазмет туралы” Заңмен реттеледі. Заңда инвестициялық қызмет
қатысушыларының өзара қатынасы жазылған.
- Инвестицияны есептеп, талдау жасау және оның тиімділігін арттыру
үшін оны микро деңгейде ғылыми негізделіп жіктеу қажет.
Инвестицияның ойлап шығарылған және ғылыми жоспарда дәлелденген
жіктелуі оларды дұрыс есепке алуға ғана емес, оларды қолдану
деңгейін барлық жағынан талдауға мүмкіндік береді және соның
негізінде макро және микро деңгейде тиімді инвестициялық саясат
жасап, іске асыруға қажетті объективті ақпарат алуға мүмкіндік
береді.
Бұл жіктелу нарықтық қатынастарға көшуге байланысты өзінің ғылыми-
тәжірибелік мәнін жоғалтпайды, бірақ олар келесідей себептерге байланысты
жеткіліксіз болады:
Шетелдік әдебиеттерде келтірілген инвестицияның ғылыми және
тәжірибелік түрде жіктелуі қызығушылық тудыруда және оларды отандық
тәжірибеде қолдану мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен, мысалы неміс профессоры Вайнрих инвестицияны салу
объектісіне қарай мына жіктеуді ұсынады:
- мүлікке инвестиция (материалдық инвестициялар) – ғимаратқа, үйлерге,
жабдықтарға, материалдық қорларға инвестициялар;
- қаржылық инвестициялар (акция, облигация және өзге де құнды
қағаздарды иемдену);
- материалдық емес инвестициялар (кадрларды дайындауға, зерттеуге және
өңдеуге, жарнамаға инвестициялар).
Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жіктелу кәсіпорындағы қоржынды
инвестицияның тиімді құрылымын қалыптастыру үшін маңызды.
Инвестицияның жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесті капитал құрушы
инвестиция алады. 1999 жылы инвестицияның жалпы көлеміндегі капитал құраушы
– 81,2% үлесті, ал қаржылық тек – 18,8%-ті құрады. Капитал салымының кейбір
жеке құрылымдарын толығымен қарастырайық. Оларға капитал салымы құрылымының
келесі түрлері кіреді: техникалық, ұдайы өндірістік, салалық және аумақтық
Ел экономикасының жағдайын ЖІӨ, ЖҰӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет
мөлшері және оның тапшылығының деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі
және оның құрылымы, басқа да сол сияқты көрсеткіштердің динамикасы
анықтайды. Қазақстан Республикасы субъектілерініңі мемлекеттік және
коммерциялық ұйымдардың инвестициялауға қажетті ресурсты бөлу мүмкіндігі
ЖІӨ, ЖҰӨ, Ұлттық табыс көлеміне байланысты.
Экономикалық даму қарқыны инвестиция салу қарқынына және қолда бар
потенциалды қолдану тиімділігіне байланысты екені белгілі. Экономиканың өсу
қарқыны салынған инвестицияның өсу қарқынынан асуына тырысу керек.[11,69-74
бет]
Инфляция инвестициялық қызметке өте елеулі түрде әсер етеді. Инфляция
өз кезегінде, экономиканың жағдайына байланысты болады – экономика өскен
кезде және тұрақтанғанда олар төмендейді. Бұл жағдайда инфляция процесімен
банк несиесінің мөлшерлемесі тығыз байланысты екендігін ескеру қажет.

1.3 Инвестициялаудың әлемдік тәжірибесі

Социалистік блок ыдырағаннан кейін жаңа тәуелсіз дамушы мемлекеттер
құрылды. Бұл мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының да
тұрғындары олар енді алып мемлекеттің бір бөлігі еместіктерін, ал керісінше
көптеген әлеуметтік, саяси, экологиялық және экономикалық мәселелері бар
елде тұратындықтарын сезінуге мәжбүр болды. Алып экономикаға қызмет ету
үшін құрылған шекаралармен бұзылды және бүгінгі күні бұл мемлекеттердің
әрқайсысы өз экономикаларын өздері құрып, дағдарыстан шығуы қажет. Бұл үшін
капитал керек, ал ол дамушы мемлекеттерде жоқ. Бұл мәселе барлық дамушы
елдерге тән, ал олардың әрқайсысы оны өздерінше шеті және соған сәйкес алға
қойған мақсатқа біреулері жетіп, біреулері жетпеді. Дамушы елдердің дамыған
елдермен қатынасының тарихи тәжірибесінің бар болуы жаңа тәуелсіз елдерге
артықшылықтар берді: олар өткен қателіктерді қайталамайды, олар бұрын
қолданған әдістер мен құралдарды қолдана алады.
Оның үстіне, дамушы елдердің жағымды тәжірибелерін көз жұмып көшіре
салу жеткіліксіз, әлемдік тәжірибеге негізделген сонымен бірге ұлттық
ерекшелікті де ескеретінін ойластырған саясат қажет. Бірақ бұл жағдайды
жергілікті саясаткерлер ғана емес, халықаралық ұйымдар да ескермейді, ал
бұл өз кезегінде елдің өзіне, сондай-ақ толығымен әлемдік бірлестікке де
кері әсер етеді. Одан басқа, қарызды өте көп алып, несиелік ресурстарды
тиімді қолдануды қамтамасыз ете алмаған елдер бар.[10,36-39 бет]
Терең қаржылық дағдарыста қалған дамушы елдер осы жағдайдан шығатын
жол табуға тырысты. Бірнеше жолдар болды. Біріншіден, олар жай ғана өзінің
қарыздарын жоққа шығарып, әрине бұл қоғамдастықтың санкция беруіне әперуші
еді. Осы себептен ешқандай ел мұндай таңдау жасамады. Ең кең тараған шара
қарыздарды төлеу шарттарын несие берушілермен екі жақты келіссөз жүргізу
арқылы өзгертуге болады.
Екі жақты келіссөз арқылы шарттарды өзгерту несие беруші үшін де,
қарыз алушы үшін де ең жақсы шешім болып табылады. Бірақ коммерциялық несие
берушілердің көбі қарыз алушылардың халықаралық валюталық қормен (ХВҚ)
келісімге отыруын және ХВҚ бағдарламасының жеке әлемдік банк қатысушысы
болуын талап етті. бұл екі институттың екеуі де дамушы елдерге көмек
көрсету үшін құрылған: ХВҚ қысқа мерзімді бағдарламалар, ал әлемдік банк –
ұзақ мерзімді бағдарламалар арқылы.
Батыстағы шетелдік инвесторлардың қызметі негізінен барлық жергілікті
ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін тағайындалған әкімшіліктік қаулылар
мен ұлттық заңдар арқылы реттеледі. Ұлттық заңдар шаруашылық қызметінің
көптеген аспектілері бойынша ұлттық және шетелдік компанияларға азаматтық
және сауда құқығын, сонымен бірге акционерлік заңдарды қолдана отырып,
оларды бір-бірінен ерекшелемейді.
Батыс елдері шетелдік инвесторларға қатысты ұлттық режим қағидасын
ұстанса да, бұл оларда ұлттық кәсіпкерлермен салыстырғанда шетелдік
кәсіпкерлерде ешқандай шектеу жоқ дегенді білдірмейді. Мұндай шектеулерді
алып тастау және жеңілдету тенденциялары байқалғанмен, барлық батыс
елдерінде шектеулер бар.[5,20-24 бет]
Сонымен бірге Батыста олардың территориясында тікелей инвестицияны
жүзеге асыруға алдын ала рұқсат алу қажеттілігі туралы мәселеге әртүрлі
қарайды. Бірқатар елдерде рұқсат алу тек кейбір жағдайларда, әсіресе
шетелдік компаниялардың қатысуы шектелген салаларға инвестиция салу кезінде
талап етіледі. Көптеген жағдайларда, мөлшері азғантай инвестицияларды
қоспағанда, алдын ала рұқсат етуді қажет ететін елдер тобы: Австралия,
Бельгия, Греция, Испания, Ирландия, Исландия, Канада, Жаңа Зелландия,
Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция. Австралияда көлемі 10 млн.
австр.доллары және одан асқанына, Ирландия – 1 млн. ирл.фунттан
астамдарына, Канада 5 млн. кан.долларынан кемеместеріне алдын ала рұқсат
алу талап етіледі.
Көптеген дамыған елдерде шетелдік қатысушылары бар компанияларға
жергілікті нарықта өздерінің бағалы қағаздарын таратуға кедергі жоқ, олар
жергілікті компаниялар сияқты несие ала алады. Алайда бірқатар елдерде ТНК
үшін шетелдік инвестицияны қаржыландырудың негізгі каналы болған еуро
валюталық нарықтың соңғы үш жылдығында белсенді дамуының себептерінің бірі
болып табылатын шектеулер бар.
2 Компаниялардың инвестициялық тартымдылығын талдау

1. Қазақстан Республикасындағы компанияларды
инвестициялаудың қазіргі кездегі жағдайы.

Жеке инвестициялар негізінен қолда бар ресурстар (ұлттық жинақ
ақшалар, шетелдік валюта, мемлекеттік табыстар және басқару тәжірибесі)
және тиісті өсу мен даму қарқынына жету үшін қажетті ресурстар көлемі
арасындағы алшақтығын жою құралы ретінде қарастырылады. “Жинақ ақшалары
деңгейі мен инвестиция деңгейі арасындағы алшақтықты” талдаудың қарапайым
мысалы ретінде Харрод-Домардың базалық өсу моделін аламыз. Бұл модель
ұлттық жинақ ақшаларының деңгейі s және өнім шығарудың өсу қарқыны g
арасындағы тікелеу байланысты g = sk теңдеуі арқылы белгілейді, мұндағы k
- өнімнің капитал сыйымдылығы коэффициенті. Егер ұлттық өнімнің тиісті өсу
қарқыны g жылына 7% деңгейінде берілсе, онда жинақ ақшаларының деңгейі 21%-
ті құрауы қажет, себебі s = gk. Егер ұлттық жинақ ақшаларының нақты деңгейі
ЖІӨ-нің 16%-не ғана тең болса, онда бұл жағдайда 5% мөлшерде “жинақ
ақшаларының тапшылығы” жөнінде айтуға болады.

Шетелдік капитал тартудан ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын
қалыптастыру сияқты оң тиімділікті де байқауға болады. Егер инвестор
жұмысқа қабылдаған адамдардың осыған дейін жұмысы болмаса, онда ол
әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлемдер тұрғысынан мемлекет үшін
үнемділік тудырады. Шетелдік капитал мен инвестициялар әлеуметтік қажеттер
шығындарын азайтады. Қосымша жұмыс орындарын қалыптастыру жұмыссыздық
деңгейін төмендетіп, нәтижесінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлемдерін
үнемдеуге септігін тигізеді. Шетелдік компаниялар денсаулық сақтауды қоса
алғанда, әлеуметтік қажеттер шығындарын өз мойындарына жиі алады.[7,29-31
бет]
2002 жылы шілдеде Алматыда болып өткен “Қазақстанның инвестициялық
мүмкіндіктері” конференциясында инвестиция тартуға мына факторлардың
кедергі болатындығы жөнінде атап өтілген: кеден саясаты, мемлекеттік
институттардың қызметі, салық саясаты. Егер бірінші мен соңғы факторлар
мемлекет мүддесімен тікелей байланысты болса және олар бойынша үрдістер
инвесторлардың пікірлерімен әрқашан сәйкес келуі міндетті емес болса, онда
екіншісін жою (мемлекеттік шенеуніктердің біліксіздігі және
пайдакүнемділігі, нарықтық қатынастардың жеткілікті түрде дамымауы)
мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі болып табылады. [5,19-25 бет]
Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды белсенді түрде тарту екі
деңгейлі негізде экспорттық несиелер түрінде 1992 жылы басталған. ХВҚ-мен
несиелік келісім жасау республиканың сыртқы қаржыландыру көздеріне жол
ашты, және халықаралық қаржылық ұйымдар дамуға ресми көмек көрсету желілері
бойынша несиелік ресурстар берді, ал шетелдік жеке несие берушілерден
алынған займдар кәсіпорындар мен фирмаларға арналды.
Олар несие беруші елдер банктерінен, халықаралық қаржылық ұйымдардан
және басқа қаржыландыру көздерінен несиелік ресурстардың, жеңілдікті
займдардың келіп түсуі үшін материалдық негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитетінің экс-төрағасы О.Жандосовтың пікірінше, көптеген шетелдік
компаниялар Қазақстандағы олардың инвестициялық белсенділігіне әсер ететін
негізгі стратегиялық факторлары ретінде мыналарды бөліп қарастыруға болады:

- бай табиғи ресурстарға қол жеткізу;
- қазақстандық нарықтың зор мүмкіндіктері;
- инвестициялық жобалардың пайдалылығы және өтелімдігі;
- аймақта орын алуда бәсекелестерден озуға талпыну;
- Қазақстанның тиімді стратегиялық жағдайы;
- әлемдік деңгеймен салыстырғандағы еңбекақының төмен шығындары және
шикізат сатып алу;
- Қазақстанның көмір сутегі шикізатының ірі жабдықтаушысы ретіндегі
ролінің артуы;
- Қазақстанның Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия арасын көліктік-
транзиттік, коммуникациялық және жалпы мәдени байланыстырушы буын
ретіндегі геосаяси кеңістікті жағдайы.
Салықтар мен инвестициялар бойынша халықаралық орталығы қазақтандық
нарықтың тартымдылығы туралы батыстың жетекші инвесторлары арасында
сауалнама жүргізген. Оның нәтижелері бойынша, батыс инвесторларын
қызықтыратындар: бай шикізат ресурстарына қол жеткізу (бұл фактіні 45%
сауалнама жүргізілгендер байқаған); зор нарықтық потенциал және қолайлы
іскерлік климат (41%); еңбек ресурстарының молшылығы; стратегиялық
орналасу; аса жоғары пайда коэффициенті.[10,36-40бет]
Саясатта, бәрімізге мәлім, қателік құны ең жоғары болып табылады. Кең
таралған және ресми көзқарас тұрғысынан қарағанда, барлық инвестициялардың
92%-і шетелдіктер үлесіне тиесілі – бұдан шығатыны Қазақстанның
инвестициялық климаты өте қолайлы болып отыр.
Салыстырмалы түрде, “азиялық жолбарыстарының” өзінің дамуы кезінде ЖІӨ-
ге қатысты 25% жинақ ақшаларының нормасы болған, ал Қытайда – 30%.
Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруда салықтық режим шешуші роль
атқарады. Шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда бірқатар маңызды
жеңілдіктер қарастырылған, атап айтқанда, шығындарды ауыстыру мерзімі 7
жылға дейін ұзартылған, салықтық саясаттың жиі өзгеруіне қарамастан, олар
инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап 10 жыл ішінде заңдардағы
өзгерістерден кепілдендірілген.
Әлемнің 40-тан аса елдері Қазақстанға өз инвестицияларын құюда.
Инвестиция салымшылары тек дамыған елдер ғана емес, сонымен бірге жаңа
индустриялды елдер, яғни Оңтүстік Корея, Сингапур, Румыния, Словакия
сияқты дамушы елдер.
Шетел инвесторлары үшін ең көп қызықтыратын салалар болып шикізатқа
бағытталған және салалардағы тез сатып алынатын жобалар, халықтардың
сұранысына ие болатын өнімдер болып табылады.(Қосымша С) Жалпы алғанда 1998-
2008ж.ж. кен өндіру өнеркәсібіне 17 млрд.долл.салынған. Тікелей шетел
инвестицияларының жалпы көлеміне 57,6 пайызын құрады. Негізгі бөлігі
(89,8%) өңделмеген мұнай мен табиғи газды өңдеуге салынған.
1 кесте.
Негізгі капиталға инвестициялар
млрд.тенге

Қазақстан 2005 2006 2007 2008 2009
Республикасының
аймақтары
Ақмола 1 1 3 12 12
Ақтөбе 16 21 41 62 62
Алматы 9 9 10 17 26
Атырау 46 68 119 232 244
Шығыс Қазақстан 16 21 38 39 35
Қарағанды 2 2 3 5 10
Қостанай 18 59 131 167 194
Қызылорда 21 23 33 55 62
Маңғыстау 14 7 10 17 20
Солтүстік Қазақстан 7 14 10 16 30
Павлодар 16 11 37 57 48
Оңтүстік Қазақстан 15 18 25 27 22
Батыс Қазақстан 6 4 7 6 8
Жамбыл 7 4 16 26 22
Астана қаласы 39 43 59 90 110
Алматы қаласы 22 28 54 115 131

2 кесте.

Негізгі капиталға инвестициялар млрд.тенге

Экономика салалары 2005 2006 2007 2008 2009
Жалпы өнеркәсіп 156 216 386 551 579
Тау-кен өнеркәсібі 93 155 297 418 452
Өңдеу өнеркәсібі 43 42 72 105 101
Электр энергиясын, газ20 19 17 28 26
және суды өндіру және
бөлу
Көлік және байланыс 26 26 57 105 104
Құрылыс 16 13 21 41 43
Экономиканың басқа 54 76 124 234 316
салалары

3кесте.
Меншік формалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар млрд.тенге

Меншік формасы 2005 2006 2007 2008 2009
Мемлекеттік 66 61 67 137 173
Жеке 157 238 348 500 537
кәсіпорындар меншігі36 37 103 146 165
Мемлекеттің 25 24 65 92 88
қатысуымен (шетелдің
қатысуынсыз)
кәсіпорындар меншігі
Шетелдің қатысуымен 96 177 180 262 284
ортақ кәсіпорындар
меншігі

2006 жыл бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция 1193,1
млрд.теңгені құраған, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке артық.
Инвестициялардың өсімі республиканың 13 аймағында байқалады. Инвестициялық
қызметте аса қолайлы жағдай Жамбыл (1,8 есе), Қызылорда, Алматы, Солтүстік
Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында (1,3-1,6 есе),
Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында (10-17%) байқалған.
Инвестициялар көлемінің азаюы 2006 жылмен салыстырғанда Павлодар,
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Тұрғын үй құрылысына
тартылған инвестициялар көлемінің өсуі байқалған.
2005 жылы тұрғын үй құрылысына 22,44 млрд. теңге инвестиция
бағытталған, бұл 2001 жылға қарағанда 47%-ке артық және 1218 мың шаршы метр
аумағындағы тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2001 жылға қарағанда 8,6%
артық. 2003 жылы тұрғын үй құрылысына 27,17 млрд.теңге бағытталған, бұл
2001 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Пайдалануға 1493,1 мың шаршы метр
тұрғын үй берілген, бұл 2002 жылы 122,6%-ті құрайды
Тұрғын үйді енгізудің жалпы көлемінің құрылымында басты орынды
мемлекеттік емес ұйымдардың қаражаттары алып отыр. Атап айтсақ, 2003 жылы
олар 92%-ті құраса, оның ішінде халық қаражаты - 73% болған.
2004 жылы 11 аймақта салынған тұрғын үй көлемдері 2003 жылғы деңгейден
асып кеткен. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Маңғыстау облдысында
жүргізілуде, онда тұрғын үйлер енгізу көлемі 2003 жылмен салыстырғанда 2,4
есе өскен.13,13-18
2003 жылдың 28 мамырынан бастап Standard & Poor халықаралық рейтингтік
агенттігі Қазақстан міндеттемелері бойынша “ВВ” дан “ВВ+” ға дейінгі
шетелдік валютада ұзақ мерзімді несиелік рейтингтердің және
“ВВ+ОңтайлыВ”дан “ВВВ-ТұрақтыА-3”ке дейінгі ұлттық валютада
міндеттемелері бойынша несиелік рейтингтердің өскендігі жөнінде жариялаған.
Рейтингтердің өсуі қазақстан экономикасының ықтимал мүмкіндіктерін тұрақты
нығайтуды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борышты
төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін үкіметтің салмақты саясатын
бейнелейді.
Қазақстанның несие қабілеттіліг оның сырқты өтімділігіне де
негізделеді. Ағымдағы операциялардың саны бойынша тапшылық өткен жылғы ЖІӨ-
нің 2,5%-мен салыстырғанда 2004 жылы 0,3%-ке бағаланып отыр; әсіресе
мұнайгаз секторында импорттың баяу өсуі мен экспорттың күшеюіне байланысты
оның әрі қарай кемуі болжанып отыр. S&P жыл сайын ЖІӨ-нің 6-7% мөлшерінде
тікелей шетелдік инвестициялар ағымы есебінен тапшылықты қаржыландыру
жалғасып отырғандығын да айқын көрсеткен.
Кері сәттер ішінен агенттік әлсіз институционалдық және құқықтық
жүйелер қатарында басқарудың жоғары орталықтандырылған және тұнық емес
жүйелерін бөліп қарастырған. Бұл факторлар Қазақстанның несие
қабілеттілігіне керіс әсерін тигізіп отыр және ұқсас несиелік рейтингтері
бар елдерге қарағанда мемлекеттік саясаттың өте төмен бағыныштылық
механизмін жасауға негізделген. Бұл әлсіз экономикалық құрылыммен және
төмен деңгейлі табыспен сәйкес келіп отыр.

2.2 СНПС-Ақтөбемұнайгаз ЖШС мысалы негізінде инвестициялық
тартымдылығын талдау

Қазақстан Республикасы дамуының салалық бағытталуы 2004 – 2008 жж.
басындағы кезеңде айқын көрінген болатын. Осы жылдары ғылыми әдебиеттер мен
бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе саяси элита өкілдері тарапынан,
Қазақстан әлемдегі жетекші мұнайлы мемлекет болады, себебі оның қарамағында
ірі барланған және әлі де болжанып отырған мұнай қорларының барлығы туралы
жиі айтылып келді. Басқа елдер мұнай дайындау мен әзірлеуде өзінің шарықтау
шегіне жетіп отырғанда, кейбірі тіпті оған жетіп те қойған немесе жол
жолдан өту кезеңінде, ал Қазақстан болса енді ғана қарқын алып келе
жатқанын ескеретін болсақ, Қазақстан басшылығының оптимизмі толықтай
негізделген деп айтуымызға болады.
Шынында да, мұнай – республиканың басты табиғи байлығы. Оның құрлықта
барланған қорлары 2,1 құраса, ал газ конденсатымен – 13,6 млрд. тонна болып
отыр. Қазақстанның қарамағында сондай-ақ 7,6 трлн.м3 табиғи газ бар. Осы
көрсеткіштер бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші орынды және әлемде
25 орынды алып отыр.
Қазақстан бұл үрдістерде маңызды орын алуды көздейді және
мұнайды “қазақстан кереметімен” байланыстырады. Ресми деректер бойынша,
2004 жылға жылына 100 млн. тонна мұнай өндіру қарастырылған болатын, ал 10-
15 жылдан кейін 170 млн. тоннадан астам өндіру болжанып отыр.
Республиканың мұнай саласын дамыту әлемдегі мұнай конъюктурасы мен
сұранысына тікелей байланысты, себебі Қазақстанның өзіндік қажеттіліктері
өндірілетін оттегі-сутегі шикізатының жартысын да құрап отырған жоқ.
Республика тарапынан мүлдем басқарылмай отырған осы жағдайларда өндірілетін
шикізатты оның қайта өңдеу және келешекте өткізілу орындарына тасымалдау
зор мәнге ие. Мұнда сол мұнайдың өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен оның
сапасын нарықтық бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған жүйесі көкейкесті
болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, республиканың мұнай саласы нақты шығындар
саласында, және сапасы да бәсекеге қабілетсіз, себебі құрамында парафині
көп мұнайды тасымалдау техникалық қана емес, пайдалану мәселелерін де
туғызады да, соған байланысты туындаған шығындар өсіміне кері әсерін
тигізеді, бұл үлкен ара қашықтықтар жағдайында пайдадан гөрі таусылмайтын
мәселелерге әкеп соқтырады.[6,16-19 бет]

4 кесте.

2004-2008жж. Қазақстан Республикасының негізгі капиталына тартылған
инвестицияларға түрлі көрсеткіштердің әсері

Көрсеткіш Әсер ету
коэффициенттері
Атырау облысы бойынша мұнай 0,8991
өндіру
ФОБ экспорты 0,7605
ФОБ импорты 0,7516
Республика бойынша мұнай өндіру 0,0983

4 кестеден көріп отырғанымыздай, республика экономикасындағы
инвестициялық белсенділікке аса ықпал жасап отырған Атырау облысы бойынша
мұнай өндіру көрсеткіші, одан кейін түрлі өнімдердің экспорты мен импорты
және республика бойынша мұнай өндіру шамалы әсер етіп отыр.
ЖШС-де өңделмеген мұнайды өткізу көлемі 2004 жылы 8.271 мың метрикалық
тоннаны құраған, бұл 2003 жылдағы ұқсас көрсеткіштен 117 т. артқан. Өндіріс
көлемін арттыру өткізу көлемін көбейтуге бағытталған зауытты қайта жаңарту
есебінен жүзеге асты. 2004 жылы өңделмеген мұнайды өткізуден түскен табыс
749.227 мың АҚШ долларын құраған, бұл 2003 жылғы рекордтық көрсеткішпен
салыстырғанда 17%-ке кем. 2004 жылы “Теңізшевройл” ЖШС-нің барлық өткізу
нарықтарындағы өткізуден түскен табыс өңделмеген мұнай бағасының әлемдік
дағдарысқа ұшырауын бейнелеу арқылы, біршама төмендеген.[13,19-20 бет]
Тасымалдау шығындары 6 кестеде көрсетілгендей 2006 жылы 388.597 мың
АҚШ долларын құраған (2003 жылы: 295.045 мың АҚШ доллары).
Теміржол көлігі арқылы өткізу көлемінің едәуір өсуі 2007 жылы
шығындардың өсуіне әкеп соқтырды.
Таяу шетелдердің құбыр жолдары арқылы тасымалдауға тарифтердің азаюы,
соңғы жылмен салыстырғанда, коммерциялық жағдайларға негізделді, себебі
2004 жылы Украина аумағы бойынша тасымалдау тарифтері тапсырыс берушілермен
төленген болатын. 2003 жылы бұл тариф “Теңізшевройл” ЖШС төленді. 2004
жылы Баку-Батуми коридоры бойынша тарифтердің өсуі, негізінен, тарифтердегі
өзгерістермен емес, операциялық қызметтегі өзгерістермен түсіндірілді.

5 кесте.
Өңделмеген мұнайды өткізуден түскен табыс

Орташа Жиынтығы Орташа Жиынтығы
Экспорттық Метрикалықөткізуден өткізуден Метрикалықөткізуден өткізуден
коридор тонналар түскен түскен пайдатонналар түскен түскен пайда
түсім АҚШ АҚШ долл.т түсім АҚШ АҚШ долл.т
долл.т долл.т
Мұнай құбыры
Таяу шетел
1.497.142 62.70 93.869.389 1.555.181 89.56 139.282.189
Мұнай құбыры
Алыс шетел
1.452.216 78.54 114.051.085 1 778.076 121.12 215.364.051
БакуБатуми 1.516.916 94.40 158.452.993 725.784 139.52 101.264.379
Финляндия
ТЖ 478.970 93,30 44.688.807 978.619 139.50 136.512.726
Украина – ТЖ
3.145.553 101,62 319.639.631 1.833.175 150.24 275.416.752
Басқалары 180.512 102.63 18.525.345 204.700 153.28 31.376.328
Жиынтығы 8,271,309 90,58 749,227,250 7,075,535 127,09 889,216,425

2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін СНПС-Ақтөбемұнайгаз ЖШС 85.478 мың
АҚШ доллары мөлшерінде салық салынатын шығындарын тіркеген (2003 жылы:
21.387 мың АҚШ доллары).
Алдағы кезеңге жатқызылатын салық шығындары мен оларды өтеудің
жиынтық тізімдемесі 2007 жылғы 31 желтоқсанда мынадай болып келеді, оны
анық 7-кестеден көруге болады.

6 кесте.
Сату кезіндегі тасымал.

Экспорттық Метрикалық АҚШ Барлық Метрикалық АҚШ Барлық
коридор тонналар долл.т шығындар тонналар долл.т шығындар
АҚШ долл. АҚШ долл.
Мұнай 1.497.142 10.50 15.714.98 1.555.181 13.84 21.519.30
құбыры 1
Таяу шетел
Мұнай 1.452.216 20.67 30.013.8321.778.076 19.43 34.554.42
құбыры 1
Алыс шетел
БакуБатуми1.516.916 73.31 111.206.22725.784 54,59 39.617.33
2 7
Финляндия 478.970 53.27 25.516.526978.619 61.57 60.252.78
ТЖ 5
Украина – 3.145.553 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Мұнай газ өндіру саласындағы инвестициялық саясат
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару
Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
Mobil Realty компаниясының маркетингтік ортасы
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Пәндер