ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1. 1 Инвестиция экономикалық категория ретінде

1. 2 Инвестициялар құрылымы

1. 3 Инвестицялаудың әлемдік тәжірибесі

1. 4 Инвестициядағы ақша ағымын бағалау тәртібі.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЯСАТЫ

2. 1 Қазақстан Республикасында инвестициялаудың қазіргі кездегі жағдайы

2. 2 “ТеңізШеврОйл” БК ЖШС мысалы негізінде инвестициялық саясаты

2. 3 Мұнай өндірісіндегі инвестициялар көрсеткіштерінің экономикалық-статистикалық даму моделі

3 ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНА ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Қазақстан Республикасы кәсіпорындарына шетел инвестицияларын тартудың өзекті мәселелері

3. 2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарға инвестициялар тарту механизмін жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Еліміздің шаруашылық кешенінің қызмет етуі мемлекеттің экономикалық дамуының тиімділігін арттыруға, өндіріс көлемін көбейтуге мүмкіндік беретін, өндірістік, инновациялық және әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жасалуының, өткізілуінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін инвестициясыз мәнсіз болар еді. Бұлардың барлығы инвестиция нарығын қалыптастыруға және талдауға барлық деңгейде жаңа тиімді тәсілдерді құруды талап етеді.

Халықаралық экономикалық бірлестіктің дамуы үшін шетелден қосымша қаражат тартып, пайдаланудың тиімді формаларын таңдауымыз қажет. Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік инвестицияның қызмет етуін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.

Қазіргі кезде халықаралық инвестицияларды импорттау бір жағынан, республикадағы экономиканы жандандырудың ең тиімді әрі жедел жолдарының бірі, екінші жағынан, біздің мемлекетіміздің мүддесіне жиі қысым жасайтын инвесторларды тартуда белгілі бір бақылау мен шектеулерді талап ететіні өте айқын. Инвестициялық саясатта тиімді нұсқаны таңдап алу - ең көкейкесті мәселе. Мұның барлығы таңдап алынған дипломдық жұмыс тақырыбымның өзектілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - инвестициялық процестерді қаржыландыру көздерін іздеу және инвестициялық нарықтың тиімділігін арттыру мәселесін шешу. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылады: инвестициялық нарықтың дамуының теориялық аспектілерін ашу; тікелей инвестициялардың артықшылықтарын сипаттау; Қазақстан Республикасының қазіргі инвестициялық нарығын талдау; мемлекеттегі инвестициялық климат мәселелерін шешудің перспективалық жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмысымда осы міндеттерді табысты шешу үшін жекелеген инвестициялық жобалар қарастырылады.

Экономикалық өсу мен тұрақтылық мүмкіндігін анықтайтын шешуші фактор жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар халық шаруашылығының негізгі буыны - кәсіпорынның құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның азаматтық және шаруашылық айналым жүйесіндегі мәртебесін елеулі түрде өзгертті. Бұрын экономиканың барлық саласында артықшылыққа ие болған мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның (ұйымның) орнына жеке, аралас, акционерлік меншік негізіндегі миллиондаған кәсіпорындар (ұйымдар) пайда болып, қызмет етуде. Осының бәрі экономикалық өсу негізі болатын инвестициялық қызметті ұйымдастыру және басқару механизмін өзгертуге, ұйымның және барлық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әсер етті.

Барлық меншік формаларындағы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тәжірибесінде нарықтық қатынастардың дамуымен бірге қаржылық инвестициялар да кеңінен тарала бастады. Акционерлік қоғамдар көбейе түсті; мемлекет, банктер, кәсіпорындар бос ақша капиталын тарту тәсілі ретінде қарызды құнды қағаздарды жиі пайдаланады. Туынды құнды қағаздар - фьючерстік келісім-шарттар, құқықтық құжат нарығы дамуда.

Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың басты тенденцияларын есепке ала отырып, сыртқы экономикалық алмасуларға белсенді қатысуға, шет елдермен өзара пайдалы экономикалық бірлестік орнатуға бет бұруда.

Осындай қарым-қатынастың негізгі бағыттардың бірі шетелдік инвестицияны өте қайшы бағалауға қарамастан, ел экономикасына тарту болып табылады. Кейбір экономистер инвестиция экономикалық тәуелсіздіктің жойылуына әкеледі деп есептейді, кейбіреулері ұлттық экономиканы құтқарудың, оны көтерудің бірден-бір көзі - инвестиция дейді. Алғашқылары экономикалық күйреуден қашу мүмкін емес, Отанды сату болар дейді. Екіншілері олардан өндіріс факторларының, білім алмасу технологиясының, басқару тәжірибесінің халықаралық тұтастығына сүйену мүмкіндігін көреді.

Көзқарастардың қарама-қайшылығында олар бір мәселеде ортақ шешімге келеді - шетелдік инвестициялар экономиканы қайта құрудың жүруіне елеулі әсер етеді және өндірістік дамудың сыртқы факторларды тартудың теріс және жағымды салдарын объективті бағалауды, қазақстанның оның халқының мүддесіне жауап беретін, дағдарыстағы құрылыстарды жеңуді және перспективалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін инвестициялық саясат жасауды ұсынады.

I. Инвестициялар: теориялық негіздері және инвестиция тартудың әлемдік тәжірибесі

1. 1 Инвестиция экономикалық категория ретінде

Экономикалық құралдар мәнін талдауда құрал деген не және ол нарықтық қатынастарға өтудің алғышарттарын дайындауда қолданылатын “қолайлы инвестициялық климат” ретінде екендігін ескерген жөн.

Бізге белгілі болғанындай, меншік формасы өзгеру процесінде, реформа бірте-бірте жалғаса берсе, тиімді нарықтық механизмдер құру процесінде бұрынғы категориялар “көлеңкеге” кетіп, жаңа категориялар пайда болады, кейбіреулері жаңа әлеуметтік-экономикалық мәнмен толықтырылады. Жаңа категориялардың пайда болуы, экономикалық мәндерінің өзгеруі бір жағынан экономикалық теорияның дамуының нәтижесі ретінде көрінеді, ал екінші жағынан - объективті шындықтың жаңа құбылыстарын көрсетеді. Бұл экономикалық құралдардың жаңа мәнінің дамуын жалғастыруда дегенді білдіреді.

Инвестициялық климаттың экономикалық мәні ғылыми зерттеулерді қажет ететін, жаңа айрықша белгілерді объективті түрде тудыра отырып өте тез дамитын қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жиынтығын талдау арқылы көрінеді, себебі инвестициялық климат категория ретінде әртүрлі әдістемелік аспектілерде қарастырылуы мүмкін: меншік қатынастарының көп сипаттылығы тұрғысынан нарықтық қатынастар өзгерісінің элементтік мән көқарасы тұрғысынан қарастырылуы қажет. /5, 56-60/

Зерттеліп отырған құбылыстың маңызын ашу үшін оның ішкі әлемін түсіну, үнемі қайталанатын бауланыстарды айқындау, маңызды белгілері мен өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет. Бұл логикалық ойлауды пайдалану қажеттілігін білдіреді. Ғылыми абстракция әдісі дегеніміз нақты болған істі талдау, оның маңызды қасиеттерін айқындау және жанама, маңызды емес факторлардан назарын аудару. Осының негізінде логикалық ойлаудың маңызды белгілерін жинақтап, белгілі бір түсінікті қалыптастырады. Категория дегеніміз іс жүзіндегі шындық және сонымен бірге оның идеалды формаға өзгеруі болып табылады. Инвестициялық климатты талдау кезінде нақтыдан абстарктіге өрлеу зерттеліп жатқан категорияның түсінігін, терең сипатының маңызын ашуға әкеледі. /8, 136-139/

Жинақталған тәжірибе өндірістік қатынастардың, экономикалық категориялардың даму тенденцияларының ең көлемді бұрынғы теориялық тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді, соңғысы нарық өз дамуында қандай өзгергіш болса, ол да сондай. /10, 96-100/

Инвестициялық климатты және оның байланысын субъект тарапынан сипаттау бұл категорияның құрылымдық қана емес, функционалдық аспектілер туралы қорытындыларды елеулі түрде байытады. Сөз мүдделерінің өзара әрекеті мен құрылымы, оларды іске асыру механизмі туралы болып отыр.

Кәсіпкерлік жүйесіндегі субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекеті туралы идея инвестициялық климат сипаттамасының мәнін ашу үшін өте маңызды. Әртүрлі нәтижелерге қатысты белгілі болжаулар жасаған П. Хейн: “Егер адамдар қоғамда тиімділікті бағаламай, елесті, кездейсоқтықты, пайдасыз әрекеттерді басқалардан артық көрсе, экономикалық теория өзінің күні бұрын болжағыштық күшін жоғалтушы еді . . . оның дәлелдеуші күші шешім ойланып қабылданатын қоғамдық өмір салаларында жоғары” деп әділетті көрсеткен.

Субъектілердің тиімді экономикалық іс-әрекетін экономикалық келісімділік, нарықтық көбіне шешім қабылдау арқылы бірігу элемент ретінде қарастыру керек.

Объективтіге елдің географиялық жағдайы, оның сыртқы дәстүрлі әлемдік нарықтан қашықтығы, теңізге шығу жолының жоқтығы, бұл жүк тасуда көп шығындарды тудырады, қытымыр климаттық жағдайлар, шет елдермен коммуникациялық және көлік байланыс жүйесінің жеткілікті дамымауы, ақпаратпен әлсіз қамтамасыз етілуі, жеткілікті дамымаған нарықтық ойлау жатады.

Субъективті себепке, біріншіден, нарықтық қалыптасудың қызмет етуінің негізгі шарттарының бірі - оның адекватты құқықтық қамтамасыз етілуін жатқызуға болады. Республикадағы көптеген нарықтық заңдар мен нормативті актілер қабылданған, бірақ олар тек жекелеген мезеттерге, экономикалық организмнің жекелеген жақтарына қатысты, бір-біріне жиі сәйкес келе бермейді және бір-біріне қарама-қайшы, бұл қарама-қайшы ойға, нәтижеге әкеп соқтырады.

1. 2 Инвестициялар: мәні, құрылымы, жіктелуі

Инвестиция - Қазақстан экономикасы үшін жаңа түсінік. Орталықтандырылған жоспарлы шаруашылық кезеңінде “жалпы капитал” түсінігі жиі қолданылды. Ол - негізгі қорларды ұдайы өндірумен байланысты барлық шығындар, соның ішінде оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындар да бар. /12, 26-28/

Қазақстанда, басқа елдердің көбінде шаруашылық етудің нарықтық формасына көшумен бірге өте кең түсінік - инвестицияны қолдана бастады.

“Инвестиция” түсінігінің мәнін ашпас бұрын, инвестицияның қазақстанда қолданылатын бірқатар анықтамаларына тоқтала кеткен жөн:

  1. Инвестиция - пайда (табыс) алу және жағымды әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу кәсіпкерлік қызметке және қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, жабдықтар; лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгілерге берілетін лицензиялар; несиелер, кез келген мүліктер немесе мүлікке берілетін құқықтар.
  2. Инвестиция - халық шаруашылығының әртүрлі салаларының кәсіпорындарына (ел ішінде немесе шетелде) ұзақ мерзімді капитал салу.
  3. Инвестиция - пайда алу мақсатында ел ішіндегі, сондай-ақ шет елдердегі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына мемлекеттік немесе жалпы капиталды ұзақ мерзімді қаржылық салу.
  4. Инвестиция - пайда алу немесе әлеуметтік және экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында өндірістік, коммерциялық, әлеуметтік-ғылыми, мәдени және тағы да басқа салалардың әртүрлі бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға салынатын барлық ақшалай, мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың жиынтығы. / 14, 26-30/

Осылардың ішінде ең толық анықтама ресми заң актілерінде келтірілетін бірінші анықтама болып табылады.

Инвестиция нарығын және инвестициялық тауар нарығын қарастырады. Бірінші нарықта инвестицияны тұтынушының қандай да бір сұранысын қанағаттандыру және инвесторлар жағынан ұсыныстарды қолдану нәтижесінде инвестиция алмасу болады. Тұтынушылар инвестицияларды пайдаланғаннан кейін белгілі бір пайда алу мақсатында инвестициялар сатып алады. Инвестициялау - Қазақстан экономикасының нарыққа көшуінің басты тетігі, басқа тетіктер мен формалары: ақшаны, қаржыны, бағаны және басқаларын пайдалану негізі. Инвестициялар - пайдалану кезінде қандай да бір пайдалы тиімділіктің белгілі бір деңгейіне жететін және пайда алуды қамтамасыз ететін мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың көптеген түрін көрсетеді. Кейінгі жылдары ең маңызды деп әлеуметтік сипат тиімділігі танылады.

Шетелдік тәжірибедегі өндіріс тәсілдерін жетілдірудің соңғы бағыттары “жаңа технологияны игеру” деген кең түсінікке тірелді.

Инвестициялық процестер - қоғамдық өндірістің маңызды элементі. Оның ұдайы өзгерісі маңызсыз. Бұл еңбек құралдарының табиғи тозу процесінде есептен шыққандарын ауыстыру ғана емес, өндіріс қуаттылығын ең жоғарғы сапалы деңгейге дейін көтеру, тұрғындардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. /7, 13-19/

Қазақстан Республикасы құқықтық актілер шегінде (ҚР заңдары, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары) инвестициялық қызметті субъектілер мен объектілерге бөлінуі тұрғысынан қарастыру керек.

Инвестициялық қызмет субъектілері: инвесторлар, орындаушылар (мердігерлер), тапсырыс берушілер, тек инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, тауарлық-материалдық құндылықтармен, жабдықтар және жобалық құжаттармен жабдықтаушылар, қаржылық, банктік, сақтандыру және делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ел азаматтары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар, халықаралық ұйымдар.

Егер инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушы инвестор болып табылса, оның қызметке басқа қатысушылармен өзара қарым-қатынасы тиісті келісімдермен реттеледі.

Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңдарға сәйкес инвесторлар инвестициялау көлемі мен бағыттарын өздері анықтайды.

Шаруашылық етудің нарықтық жағдайында инвестиция дегеніміз - бұл келесі формаларда болуы мүмкін тауар:

- материалды-заттай: еңбек капиталы, құнды қағаздар және міндеттемелер;

- ақшалай және табиғи формада: негізгі және айналым капиталы, ғылыми-техникалық өнім, мүліктік құқықтар;

- тек ақшалай формада: ақшалар, салымдар, пайлар.

Дамыған нарықтық экономикалы елдерде инвестициялық тауар нарығын қолдану арқылы қызметтің бір саласынан екінші саласына капиталды үздіксіз құю жүзеге асырылады. Инвестициялық тауарлар:

- жылжитын және жылжымайтын мүлік түріндегі еңбек капитал элементтеріне ие;

- қаржылық активтер түріндегі қаржылық капитал элементтеріне бөлінеді.

Қаржылық активтер еңбек капиталы қозғалысының құнын ортақтандырып, капиталдың табыстылығы мол қызметке құйылуына себепкер болады.

Инвестиция айналымының ерекше формасы оларды иелену саласына капиталды құрылыс қосылған кезде байқалады. Бұл жағдайда құрылыс саласында инвестордың тапсырыс беруші роліне байланысты қаражат айналымының екі формасы болуы мүмкін:

- тапсырыс беруші (инвестор) өзіне қажетті объектілерді шаруашылық тәсілдерімен өзі айналыса алады.

- инвестор тек құрылыс өнімдеріне тек тапсырыс беруші ролінде бола алады, ал объектілердің құрылысын мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады. Қазіргі кезде қызметтің бұл формасы “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қазмет туралы” Заңмен реттеледі. Заңда инвестициялық қызмет қатысушыларының өзара қатынасы жазылған.

  • Инвестицияны есептеп, талдау жасау және оның тиімділігін арттыру үшін оны микро деңгейде ғылыми негізделіп жіктеу қажет. Инвестицияның ойлап шығарылған және ғылыми жоспарда дәлелденген жіктелуі оларды дұрыс есепке алуға ғана емес, оларды қолдану деңгейін барлық жағынан талдауға мүмкіндік береді және соның негізінде макро және микро деңгейде тиімді инвестициялық саясат жасап, іске асыруға қажетті объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бұл жіктелу нарықтық қатынастарға көшуге байланысты өзінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жоғалтпайды, бірақ олар келесідей себептерге байланысты жеткіліксіз болады:

Шетелдік әдебиеттерде келтірілген инвестицияның ғылыми және тәжірибелік түрде жіктелуі қызығушылық тудыруда және оларды отандық тәжірибеде қолдану мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен, мысалы неміс профессоры Вайнрих инвестицияны салу объектісіне қарай мына жіктеуді ұсынады:

- мүлікке инвестиция (материалдық инвестициялар) - ғимаратқа, үйлерге, жабдықтарға, материалдық қорларға инвестициялар;

- қаржылық инвестициялар (акция, облигация және өзге де құнды қағаздарды иемдену) ;

- материалдық емес инвестициялар (кадрларды дайындауға, зерттеуге және өңдеуге, жарнамаға инвестициялар) .

Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жіктелу кәсіпорындағы қоржынды инвестицияның тиімді құрылымын қалыптастыру үшін маңызды.

Инвестицияның жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесті капитал құрушы инвестиция алады. 1999 жылы инвестицияның жалпы көлеміндегі капитал құраушы - 81, 2% үлесті, ал қаржылық тек - 18, 8%-ті құрады. Капитал салымының кейбір жеке құрылымдарын толығымен қарастырайық. Оларға капитал салымы құрылымының келесі түрлері кіреді: техникалық, ұдайы өндірістік, салалық және аумақтық

Ел экономикасының жағдайын ЖІӨ, ЖҰӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет мөлшері және оның тапшылығының деңгейі, инфляция деңгейі, экспорт көлемі және оның құрылымы, басқа да сол сияқты көрсеткіштердің динамикасы анықтайды. Қазақстан Республикасы субъектілерініңі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың инвестициялауға қажетті ресурсты бөлу мүмкіндігі ЖІӨ, ЖҰӨ, Ұлттық табыс көлеміне байланысты.

Экономикалық даму қарқыны инвестиция салу қарқынына және қолда бар потенциалды қолдану тиімділігіне байланысты екені белгілі. Экономиканың өсу қарқыны салынған инвестицияның өсу қарқынынан асуына тырысу керек. /11, 69-74/

Инфляция инвестициялық қызметке өте елеулі түрде әсер етеді. Инфляция өз кезегінде, экономиканың жағдайына байланысты болады - экономика өскен кезде және тұрақтанғанда олар төмендейді. Бұл жағдайда инфляция процесімен банк несиесінің мөлшерлемесі тығыз байланысты екендігін ескеру қажет.

1. 3 Инвестицялаудың әлемдік тәжірибесі

Социалистік блок ыдырағаннан кейін жаңа тәуелсіз дамушы мемлекеттер құрылды. Бұл мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының да тұрғындары олар енді алып мемлекеттің бір бөлігі еместіктерін, ал керісінше көптеген әлеуметтік, саяси, экологиялық және экономикалық мәселелері бар елде тұратындықтарын сезінуге мәжбүр болды. Алып экономикаға қызмет ету үшін құрылған шекаралармен бұзылды және бүгінгі күні бұл мемлекеттердің әрқайсысы өз экономикаларын өздері құрып, дағдарыстан шығуы қажет. Бұл үшін капитал керек, ал ол дамушы мемлекеттерде жоқ. Бұл мәселе барлық дамушы елдерге тән, ал олардың әрқайсысы оны өздерінше шеті және соған сәйкес алға қойған мақсатқа біреулері жетіп, біреулері жетпеді. Дамушы елдердің дамыған елдермен қатынасының тарихи тәжірибесінің бар болуы жаңа тәуелсіз елдерге артықшылықтар берді: олар өткен қателіктерді қайталамайды, олар бұрын қолданған әдістер мен құралдарды қолдана алады.

Оның үстіне, дамушы елдердің жағымды тәжірибелерін көз жұмып көшіре салу жеткіліксіз, әлемдік тәжірибеге негізделген сонымен бірге ұлттық ерекшелікті де ескеретінін ойластырған саясат қажет. Бірақ бұл жағдайды жергілікті саясаткерлер ғана емес, халықаралық ұйымдар да ескермейді, ал бұл өз кезегінде елдің өзіне, сондай-ақ толығымен әлемдік бірлестікке де кері әсер етеді. Одан басқа, қарызды өте көп алып, несиелік ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ете алмаған елдер бар. /10, 36-39/

Терең қаржылық дағдарыста қалған дамушы елдер осы жағдайдан шығатын жол табуға тырысты. Бірнеше жолдар болды. Біріншіден, олар жай ғана өзінің қарыздарын жоққа шығарып, әрине бұл қоғамдастықтың санкция беруіне әперуші еді. Осы себептен ешқандай ел мұндай таңдау жасамады. Ең кең тараған шара қарыздарды төлеу шарттарын несие берушілермен екі жақты келіссөз жүргізу арқылы өзгертуге болады.

Екі жақты келіссөз арқылы шарттарды өзгерту несие беруші үшін де, қарыз алушы үшін де ең жақсы шешім болып табылады. Бірақ коммерциялық несие берушілердің көбі қарыз алушылардың халықаралық валюталық қормен (ХВҚ) келісімге отыруын және ХВҚ бағдарламасының жеке әлемдік банк қатысушысы болуын талап етті. бұл екі институттың екеуі де дамушы елдерге көмек көрсету үшін құрылған: ХВҚ қысқа мерзімді бағдарламалар, ал әлемдік банк - ұзақ мерзімді бағдарламалар арқылы.

Батыстағы шетелдік инвесторлардың қызметі негізінен барлық жергілікті ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін тағайындалған әкімшіліктік қаулылар мен ұлттық заңдар арқылы реттеледі. Ұлттық заңдар шаруашылық қызметінің көптеген аспектілері бойынша ұлттық және шетелдік компанияларға азаматтық және сауда құқығын, сонымен бірге акционерлік заңдарды қолдана отырып, оларды бір-бірінен ерекшелемейді.

Батыс елдері шетелдік инвесторларға қатысты ұлттық режим қағидасын ұстанса да, бұл оларда ұлттық кәсіпкерлермен салыстырғанда шетелдік кәсіпкерлерде ешқандай шектеу жоқ дегенді білдірмейді. Мұндай шектеулерді алып тастау және жеңілдету тенденциялары байқалғанмен, барлық батыс елдерінде шектеулер бар. /5, 20-24/

Сонымен бірге Батыста олардың территориясында тікелей инвестицияны жүзеге асыруға алдын ала рұқсат алу қажеттілігі туралы мәселеге әртүрлі қарайды. Бірқатар елдерде рұқсат алу тек кейбір жағдайларда, әсіресе шетелдік компаниялардың қатысуы шектелген салаларға инвестиция салу кезінде талап етіледі. Көптеген жағдайларда, мөлшері азғантай инвестицияларды қоспағанда, алдын ала рұқсат етуді қажет ететін елдер тобы: Австралия, Бельгия, Греция, Испания, Ирландия, Исландия, Канада, Жаңа Зелландия, Норвегия, Финляндия, Франция, Швеция. Австралияда көлемі 10 млн. австр. доллары және одан асқанына, Ирландия - 1 млн. ирл. фунттан астамдарына, Канада 5 млн. кан. долларынан кемеместеріне алдын ала рұқсат алу талап етіледі.

Көптеген дамыған елдерде шетелдік қатысушылары бар компанияларға жергілікті нарықта өздерінің бағалы қағаздарын таратуға кедергі жоқ, олар жергілікті компаниялар сияқты несие ала алады. Алайда бірқатар елдерде ТНК үшін шетелдік инвестицияны қаржыландырудың негізгі каналы болған еуро валюталық нарықтың соңғы үш жылдығында белсенді дамуының себептерінің бірі болып табылатын шектеулер бар.

1. 4 Инвестициядағы ақша ағымын бағалау тәртібі.

Экономикалық анализды есептеудің негізгілерінің бірі жобаны іске асыру үшін қажетті болашақ ақша ағымын есептеу болып табылады. Есептеулердің нақтылылығынан соңғы қорытындылар жақсы болады. Себебі, табыстан гөрі ақша кәсіпорынның орталық шешуші бөлігі болып табылады, біз табыстың көлемі арқылы емес, ақша ағымы арқылы алынуы тиіс пайданы көреміз. Кәсіпорындарда болашақта көп пайда табу мақсатында ақша құралдарын инвестициялайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Тауарөндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру
Инвестиция туралы жалпы түсінік
Инвестициялық саясаттың модельдері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
Жергілікті инвестиция есебі
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz